Сұраныс қисығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе
1-тарау. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы
1.1 Сұранысқа бағалық емес факторлардың ықпал жасауы
1.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы
1.3 Ұсынысқа ықпал етуші факторлар
1.4 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттері
2-тарау. Икемділік ұғымы. Сұраныс мен ұсыныс икемділігі
2.1 Тұтынушылық мінез-құлық теориясының негіздері. Тұтынушылық таңдау
2.2 Сұраныс пен ұсыныстың Қазақстандағы экономикалық процестерге әсері
2.3 Қазақ өнімінің шет елге ұсынысы
Қорытынды

Кіріспе

Рыноктық экономика - бұл сұраныс пен ұсыныстың үздіксіз арақатынасы. Мұндай қарым-қатынасты қарапайым моделінің тууы, экономикалық ғылым тарихында үлкен маңызды дәуір болып саналады. Сол мезеттен бері екі ғасырдан астам уақыт өтсе де, рыноктық экономикамен теориялық танысу осыдан басталады. Өйткені осы модель арқылы барлық экономикалық процестер ашылып көрсетіледі.
Расында-ақ кез келген сатып алу-сату актісіне екі феномен қатысады - "сұраныс" және "ұсыныс", олардың шамасының үлкендігі рыноктағы мәмілесінің көлемі мен баға деңгейі арқылы анықталады. Ал рыноктық экономика бағалардың динамикасы мен мәмілелердің көлемі болып табылатындықтан, тек сұраныс шамасы (тұтынушының табысына әсер ете отырып) мен ұсыныс шамасын (өндірушінің пайдасына әсер ете отырып) реттеу арқылы оларды өзгертуге болады. Бұл макро және микроэкономика үшін әділді болып саналады.
Жоғарыда айтылғанмен рыноктық теорияның сұраныс пен ұсыныс анализіне көңіл бөлінетіні түсіндіріледі. Мұндай анализ макро мен микро экономиканы байланыстыратын жіп болып табылады.
Экономикалық ғылымда сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынасты бөлшектеп қарастырғандай басқа сұрақ талданбаған шығар.
Неге бір ғасыр уақыт бойы политикалық экономиканың ядросын құрайтын, негізінде бағалар қаланатын сұраныс пен ұсыныс моделін атақты бір автор былай деп түсіндірді: мұндай ұзақ өмір сүрудің себебі модельдің нақты шындықты көрсетуінде емес, анық және бірмәнді тұжырымға әкелуіне. Мұндай тұжырымдарды әртүрлі экономикалық проблемалардың анализіне қолдануға болады. Берілген модель жалпы шындық суретінен алыс, бірақ ол қарапайым формада кейбір шаруашылықта істеп тұрған күштерді суреттейді және шынайы өмірдің маңызды аспектілерін көрсетеді.
Біздің елімізде рынок енді дамып келе жатқандықтан, сұраныс пен ұсынысты зерттеу, Қазақстанның рыноктық экономикасының даму жолдарын оқуда өте маңызды болып табылады. Сонымен бірге сұраныс пен ұсыныс зерттеулерінің нәтижесін практикада пайдалана білу де өте маңызды. Қазіргі кезде сұраныс пен ұсыныс туралы мағлұматсыз практикада бірде - бір фирма өмір сүре алмайды. Міне, сондықтан мен осы проблеманы тереңдеп оқығым келді.
1-тарау. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы

Микроэкономикадағы негізгі мәселе - әртүрлі рыноктардағы тауарлардың бағасының құрылуына әсер ететін факторларды талдау. Альфред Маршаллдың концепциясы бойынша баға құрылудағы негізгі факторлар болып сұраныс, ұсыныс және оларға әсер ететін өндірістік шығындар, ресурстардың сиректігі, тауардың пайдалылығы, фирманың өндірістік мүмкіндіктері, уақыт интервалы және т.б. аталады. Микроэкономика сұраныс пен ұсынысты зерттеуден басталады.
Сұраныс төлем қабілеті бар қажеттілікті көрсетеді.
Сұраныс - бұл рыноктық баға құрылу процесіне әсер ететін жақтарының бірі.
Сұраныс деп белгілі бір уақыт аралығында тиімді бағаға сатылып алынуы тиіс тауардың мөлшері де аталады. Сонымен, сатып алушының ақша қаражатымен қамтамасыз етілген қажеттілік сұраныс немесе төлем қабілеттілік деп аталады.
Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, олардың негізгісі болып баға аталады. Баға мен сұраныс шамасының арасында кері байланыс бар: бағаның көтерілуі сұранысты түсіреді және керісінше. Яғни неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым сұраныс төмен және керісінше, неғұрлым баға төмен болса, соғұрлым сұраныс жоғары. Бұл сұраныс заңы деп аталады.1
Баға мен сұраным көлемінің арасындағы байланысты график түрінде көрсетейік. Егер абцисса рынокта сатып алынған тауарлар саны, ал ординатада баға қозғалысын белгілесек, онда мынадай нәтиже болады.
Д қисығы экономикалық әдебиеттерде сұраным қисығы деп аталынады. Бұған бағаны түсірсек, онда баға өзгергенде сұраным көлемінің қалай өзгергенін көруге болады. Егер Р1 бағада сұраным көлемі Q1 болса, баға Р2 дейін төмендегенде сұраным көлемі Q2 дейін өседі және сол сияқты. Пайда болған қисық сұранымның біртіндеп азаю немесе кему заңын бейнелеп көрсетеді, (1 сызба) ал ол заңды былай деп тұжырымдауға болады, егер қайсыбір тауардың бағасы өссе (ал басқа шарттары тұрақты болса), онда осы тауардың аз санына сұраным болады. Бұл тәуелдікті басқаша да тұжырымдауға болады, егер рынокқа қайсыбір тауардың үлкен тобы түссе, онда тең шарттық жағдайда, ол онша жоғары емес бағамен өткізуі тиіс.2
Сұраным қисығының конфигурациясын және тұтынушының мінез - құлқын экономикалық теориядағы әйгілі 2 тиімділікпен немесе әсер мен түсіндіруге болады: табыс әсері және орнын басу әсері.3
Табыс әсері тұтынушының шынайы табысы мен сұранымының тауардың бағасы өзгергенде қалай өзгеретінін көрсетеді. Мысалы, алманың бағасы 3 есе арзандаса, (300 ден 100 теңге 1 кг үшін) сіз өзіңіздің тұрақты 3000 теңге табысыңызға 10 кг емес, 30 кг алма ала аласыз. Ал егер сіз алманың көлемін бұрынғы қалыпта сақтағыңыз келсе, яғни10 кг, онда қалған ақшаға ет, конфет және т. б. Сатып алуға болады. Бағаның төмендеуі сізді байытты және сұраным көлемін ұлғайтты.
Орынын басу әсері тауарға қатысты баға мен тұтынушының сұраным көлемінің арасындағы байланысты көрсетеді. Алманың бағасының төмендеуі басқа тауардың мысалы, алмұрттың бағасы төмендегенде арзандайды. Тұтынушы алмұрттың орнына 10 кг алма емес, 15 немесе 20 кг сатып ала алады (2 сызба).
Қарапайым тауар сатып алынғанда табыс әсері мен орнын басу әсері бір бағытта қозғалады, олар төменгегенде үлкен сұраным көлемін көрсетеді. Бірақ тұтыну сапасы жоғары емес төмен сапалы тауарлар бар (маргарин, шылым және т. б.). Осындай тауарларға баға төмендегенде бір жағынан сұраным өседі, екінші жағынан тұтынушы аз болса да байиды. Ал бай адам өзінің тұтынуынан төмен сапалы тауарларды алып тастайды. Егер төмен сапалы тауарлар тұтынушының шығындарында көп орын алмаса онда орнын басу әсері табыс әсерінен озып, тұтынушы шылымның көп көлемін сатып алады. Экономикалық теорияда мұндай жағдай да бар, яғни бағаның төмендеуі сұранымның төмендеуіне, ал бағаның көтерілуі сұранымның көтерілуіне әкеледі. Бұл жағдайды Гриффен нәтижесі деп атайды.
Cұранымның біртіндеп кему заңының барлық тауарға қатысы бар. Оның себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен бұрын сатып алушылардың табыстарының шектеулігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай адамдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуі тауарды сатып алуға, біріншіден, рынокқа жаңа сатып алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның төмендеуі тұтынушыны қосымша тауар сатып алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту керек, осы тұтынушының сұранымының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан әрі төмендеуінде төмен деңгейдегі адамдардың өз қажеттерін өтей бастауы себепті рыноктағы сатып алу сомасы ұлғая береді.1
Сұраным қисығы бойымен қозғалыс, баға өзгерісіне тәуелді тауардың сатып алынған мөлшері өзгерістерін көрсетеді. Бұл "сұраным көлемінің өзгеруі" деп аталады.
"Сұраным қисығы бойымен қозғалу" мен "сұраным қисығының қозғалуын" айыра білу керек.
"Сұраным қисығының қозғалысы" сұранымның бағалық емес факторлардың әсеріне өзгерген кезде айқындалады. Егер, мысалы, тұтынушылар әр бір баға бойынша осы тауардың көп мөлшерін сатып алғылары келсе, онда сұраным қисығы оңға "Д1"-деп "Д2"-ге ауысады. Тауарды аз қалау сұранымды азайтады және сұраным қисығын солға "Д1"-ден "Д3"-ке қозғалтады. Бұдан шығатын қорытынды сұраным қисығы бойымен қозғалыс пен сұраным көлемінің өзгерісі тауардың бағасы әсерінен болады және "сұраным қисығының қозғалысы мен сұранымның өзгеруі" бағалық емес факторлардың әсерінен болады.

Сұранысқа бағалық емес факторлардың ықпал жасауы

Сұраным заңына байланысты сұранымға ықпал жасаушы басты фактор - баға. Сонымен бірге бағалық емес факторлар да бар. Олар:
тұтынушылар таңдауы (талғамы);
сатып алушылар саны;
сатып алушылар табысы;
балама тауарлардың бағалары;
қолайлы жағдайды күту;
рыноктың көлемі;
тауарлардың жеңілтіктері;
халықтың өсімі жатады.
Тұтынушылар әр қашанда тауарды арзан сатып алғысы, ал өндіруші қымбат сатқысы келеді. Өндіруші тұтынушыға шекті максималды бағаны ұсынады.
Тұтынушылар таңдауы өте субъективті және оларды ескеру қиын, бірақ даму бағыттарын анықтауға болады. Бір тауарға тұтынушылар ұнатуы жағымды өзгерсе, ол сұранымды көбейтеді және сұраным қисығын оңға жылжытады. Керісінше жағдай сұранымды азайтады, қисықты солға жылжытады.
Сатып алушылар санының көбеюі сұранымды көбейтеді (мысалы, өмірдің ұзақтығының дәрі-дәрмекке сұранымды көбейтеді). Керісінше жағдай дәрі-дәрмекке сұранымды азайтады.
Табыс мөлшері әсері күрделі құбылыс. Көптеген тауарларға қатысты жағдайы табыстың көбеюі сапалы тауарларға сұранымның өсуіне әкеледі. Сұранымы табыстың өзгеруіне тікелей байланыста өзгеретін тауарлар жоғарғы категориялы тауарлар деп аталады. Сұранымы табыстың түсуі кезінде өсетін тауарлар төменгі категориялы тауар деп аталады (мысалы, сары майдың орнына маргарин). Табыс өсуінің белгілі шектерінде сұраным өзгермейтін жағдайлар көп кездеседі.
Балама тауарлардың бағалары. Тауарлар әдетте 2 топты құрайды: алмастырушы (субститут) және толықтырушы (комплементарлы). Олар сұранымға әсер етеді. Толықтырушы тауарларда бір тауардың бағасының төмендеуі екінші тауардың сұранымының көтерулуіне әкеледі. Бұл тауарларға сұраным бір уақытта ұсынылады. Мысалы, фотоаппаратты сатып алу, пленканы сатып алуды тудырады. Егер фотоаппараттың бағасы өссе, пленкаға сұраным түседі. Екі өнім өзара алмастырылса, онда олардың біреуінің бағасы мен екіншісінің сұранымының арасында тура байланыс болады. Мысалы, кофенің бағасының өсуі, шәйге сұранымды өсіреді.
Болашақтағы бағаға қатысты тұтынушының күтуі, оның болуы және табыс өзгерістері мүмкін болатын сұранымды өзгерте алады.
Егер бағаның немесе табыстың өсуі күтілсе, онда тұтынушылар тауарды мол сатып алады да күнделікті шығындарды көбейтеді. Керісінше, баға мен табыстың түсуінің күтілуі тауарға күнделікті сұранымның азаюына әкеліп соғады.1

1-сурет.
Сұраныс көлемін сұраныстың өзінен ажырата білудің маңызы зор. Баға төмендегенде сұраныс көлемі өседі, ал сұраныстың өзі сол тауарға қажеттіліктің көрініс ретінде өзгермейді. Егер, әрбір бағада (жоғары, төмен) сатып алушылар осы тауарды көп сатып алатын болса, сұраныстың ұлғаюы туралы айтуға болады. Мысалы: жаздың ыстық күндерінде сусындар мен балмұздаққа сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда d1, қисығымен қозғалмайсыз, өйткені қисық қозғалып жаңа қалыпта болады d2 (1-сурет).
Одан басқа атап өтетін нәрсе, сұраныс көлеміне бағадан басқа табыстар деңгейі, рынок мөлшері, басқа тауарлардың бағасы мен пайдалылығы өз әсерін тигізеді. Мысалы: сатып алушылардың орта табыстары өссе, онда басқа тең жағдайларда сұраныс қисығы d1 оңға жоғары ойысады (1-сурет) бағаның сол деңгейіне Р1 сұраныстың өскен деңгейі сәйкес келеді.

1.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы

Ұсыным - бұл өндірушілердің сату үшін рынокта ұсынатын тауарларының мөлшері. Ұсынымның көлемі тауардың бағасы мен басқа факторларға тәуелді. Ұсыным шәкілі ұсыным тауарларының көлемі мен оның бағасының арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Өндіріс ресурстары мен технологиялардың бағалары ұсыным шәкілінде тұрақты болып қалады, яғни өзгермейді.2
Баға неғұрлым жоғары болса, өндірушілер рынокқа өнімнің көлемін соғұрлым көп әкелгісі келеді және керісінше (3 сызба).
Баға мен ұсынылып отырған өнімнің мөлшерінің арасындағы тура тәуелділік ұсыным заңы деп аталады. Бұл тәуелділік графикалық түрде ұсыным қисығы S түрінде бейнеленеді, бұл жерде S(supply) - ұсыным, P(prіce) - баға, Q(quantіty) - мөлшер, сан.
Сұраным қисығына қарағанда ұсыным қисығы солдан жоғарылап оңға көтеріледі. Ұсыным көлемінің өзгеруі графикте SS ұсыным қисығының бойымен қозғалу ретінде көрсетіледі. Ұсыным көлемі тек тауардың бағасы өзгергенде ғана өзгереді. Ұсыным қисығының бойымен қозғалу мен ұсыным қисығының өзінің қозғалысын айыра білу керек.
Ұсыным қисығы егер осы тауарға шығындар тұрақты кезінде рынокта көп өнім ұсынылса, SS-тен S1S2-ге оңға қарай жылжыды. Тауардың ұсынымының азаюы ұсыным қисығын солға SS-тен S1S3- ке қозғалтады.
Ұсыным қисығының қозғалысы ұсынымның өзі бағалық емес факторлардың әсерінен өзгерген кезде болады. Бұл кезде ұсынымның өзгерісі туралы айтады.
Ұсыным қисығы бойымен қозғалу мен ұсыным көлемінің өзгеруі тауардың бағасының әсерінен болады.
Ұсыным қисығының өзінің қозғалысы мен ұсынымның өзгеруі бағалық емес факторлардың әсерінен болады.

1.3 Ұсынысқа ықпал етуші факторлар

Ұсынысқа ықпал етуші факторларға
баға
өндіруге кеткен шығындар
технология
өндірістің монополияда алатын орны
басқа тауарлардың бағасы
ресурстар бағасы
салықтар мен озотациялар жатады.1
Ұсынымға ықпал етуші факторларға сонымен бірге сатушылардың саны, табиғат - климаттық жағдайлар жатады.
Ұсыным оның өзгерісін анықтайтын барлық факторлардың функциясы болып табылады:
S=f (P,Pr,K,T,N,B)
Мұндағы Рr-ресурстардың бағасы, К-қолданатын технологияның мінезі, Т-салықтар мен субсидиялар, N-cатушылар саны, В-басқа факторлар.21
Ұсыныс детерминантаторы: ұсыныс қисығы сызығының өзгеруін тудыратын факторлар.
Ресурстар бағасы. Олардың түсуі өндіріс шығындарын азайтады және ұсынысты көбейтеді, яғни ұсыныс қисығын оңға жылжытады ресурстардың бағасының өсуі керісінінше әсер етеді.
Минералдық тыңайтқыштарға бағаның төмендеуі бидайдың ұсынымын көбейтеді: жаңбырлатқыш қондырғыларға бағаның өсуі жүгеріні ұсынуды азайтады.
Технология. Оның жетілуі ресурстарға бағаны түсіреді. Жүгері зиянкестеріне қарсы тиімді инсектицидты жасау оның ұсынымын көбейтеді.
Салықтар мен дотациялар. Салықтың көтерілуі өндіріс шығындарын көбейтеді және ұсынымын азайтады, қисық солға жылжиды. Мысалы, шылымда акциз салығын көбейту олардың ұсынуды кемітеді.
Басқа тауарлардың бағасы. Олар ұсыныс қисығын қалай болса да жылжыта
алады. Мәселен, фирма егерде футбол доптарына баға өссе, баскетбол доптарының өндірісін азайта алады. Қой немесе шошқа етіне бағаның төмендеуі сиыр етін көбейтеді.
Бағаның өзгеруін күту. Болашақта мұнайға бағаның төмендеуінің күтілуі, мұнай компанияларынның ағымдағы ұсынысын көбейтеді.1
Ұсыным көлемі тауардың бағасы өзгергенде ғана өзгереді және ұсыным басқа фактолар өзгергенде өзгереді. Мысалы, жаңа технология пайдаланылды делік. Ол бұрынғы шығындарды өзгертпей көбірек өнім өндіреді, салық көбейеді, пайдалану да көбейеді.2
Шығындар екі үлкен категорияларға бөлінеді: тұрақты және өзгермелі. Тұрақты шығындар дегеніміз өндірілген өнімдердің саны қандай болса да өзгермейтін шығындар. Оған үй-жайды жалдаудың төлемі, саймандарға жұмсалған шығындар, басқару және әкімшілік қызметкерлерінің ақысы кіреді. Егер абцисса өсіне өнім көлемін Q, ал ординат өсіне C шығындарын салсақ, онда тұрақты шығындар FC абцисса параллель тік сызық болып көрінеді.
Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Олар жұмыс күші және шикізаттар сатып алуға жұмсалған шығындарға байланысты. Өзгермелі шығындардың өсуі біркелкі емес (VC), нөлден бастап өндіріс өскен сайын олар алдымен өте тез өседі, содан соң өндіріс көлемі ұлғайған сайын жаппай өндірісте үнемдеу факторы білінеді де, өзгермелі шығындардың өсуі өнімнің ұлғаюына қарағанда баяулай түседі. Ал, өнімділіктің азаю заңының әрекеті басталғанда өзгермелі шығындар қайтадан өндірістің өсуін басып озады.
Жалпы барлық шығындар (ТС) өндірістің әрбір нақты деңгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығын көрсетеді: VC пен FC жинақталуы VC сызығының OF деңгейіне жоғары көтеріледі.1
Барынша арзан әдіспен өнім өндіруге байланысты қосымша шығындарды шекті шығындар дейміз. Шекті шығындар- n, бірліктік өндірістің шығындары мен n-1 бірліктік өндірістің шығындарының айырмашылығы ретінде табылады:
МС = ТСn-ТСn-1

2-сурет.
Ұсынысқа әсер ететін басты фактор - өндіріс шығындары. ондықтан, егер техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану нәтижесінде немесе алуан шаруашылығына қатысты болса, қолайлы ауа райы жағдайында өндіріс шығындарын азайту ұсыныс қисығы оңға төмен ауысады (2-сурет).
Ұсыныстың көлемі тұрақты Р1 бағадан Q1 ден Q2 дейін өседі. Қаралған қисықтар, (өздерін ғана алсақ) баға өзгергенде сатып алу және сатумен не болатынын көрсетеді.

1.4 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттері

Егер мемлекет рыноктық механизмге араласпаса, яғни бағаны қадағаламаса, бәсекелік рынокта сұраным мен ұсынымның арасында тепе-теңдік орнайды және тауардың рыноктық бағасы мен оның жалпы көлемі белгіленеді.
Ұсыным көлемі сұраным көлеміне сәйкес келгенде тепе-тең баға пайда болады.
Сұранымның артуы тепе-тең баға мен тауардың тепе-тең мөлшерін өсіреді.
Сұранымның кемуі тепе-тең баға мен тауардың тепе-тең мөлшерін кемітеді.
Тауарға ұсынымның өсуі тепе-тең бағаның азаюына және тауардың тепе-тең мөлшерінің көбеюіне әкеледі.
Ұсынымның кемуі тепе-тең бағаның өсуіне және тауардың тепе-тең мөлшерінің азаюына әкеледі.
Сөйтіп, рынокта сұраным мен ұсыным барлық кезде тепе-теңдікте бола алмайды, бірақ рынок тепе-теңдікке ұмтылады.1
Cонымен, тепе-теңдік баға-бұл баға мен тауардың мөлшерінің өзгерістері теңелген жағдайдағы сатып алу мөлшері мен сату мөлшері үйлесетін баға.
Егер, баға тепе-теңдіктен жоғары болса, онда ұсыным сұранымнан асып кетеді де, нәтижесінде тұтынушыда артықшылық болады немесе керісінше - мұқтаждық туады.
Жоғары баға өндірушілерді көп өнім өндіруге итермелейді. Мұндай бағада сатып алушылар саны азаяды. Өндірілген өнімнің аз бөлігі ғана сатылуы мүмкін. Ал қалған бөлік молшылық болып қалады. Молшылық - ұсынымның сұранымнан асып кетуі. Молшылық бағаның төмендеуіне әкеледі. Бағаның одан әрі төмендеуі өндірістің қысқаруына, сұраныстың көбеюіне әкеліп, сұраным мен ұсыным теңеседі. Баға одан әрі төмендегенде сұраным ұсынымнан асып кетеді. Бұл дефицит деп аталады.2
Тепе-теңдік баға көптеген факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін, олардың ең маңыздысы - салық салу мен бағаны бақылау. Бұл мемлекет араласуымен іске асырылады.
Салық салу салдары тұтынушыларға да, өндірушілерге де теріс әсер етуі мүмкін, себебі, салықтың өсуінен баға өседі, яғни тұтынушы сұранымы азаяды, соның нәтижесінде өндіріс қысқарады.
Бұл кезде рыноктық тепе-теңдік нүктесі өте жоғары деңгейге жылжиды.
Рыноктық баға құруға мемлекеттің араласуы да сұраным мен ұсынымның тепе-теңдігін бұзады. Ол әлеуметтік маңызы бар тауарларға рыноктық тепе-теңдіктен төмен деңгейде баға белгілеуде мәжбүр ету арқылы көрсетіледі.

2-тарау. Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі

Бір фактордың екінші факторға әсерінің нәтижесінде сұраным сезімталдығын анықтау үшін икемділік деген түсінік пайдаланылады.
Барлық факторлардың арасындағы ең қызықтысы баға немесе табыстың өзгерісіне сұранымның сезімталдығы және қиылысушы (жанама) икемділік болып табылады.
Сұранымның баға бойынша икемділігі баға 1% өзгергендегі сұранымның қанша процентке өзгергенін көрсетеді. Мысалы, бағаның 10% өскендегі автомобильдердің сату көлемнің өзгерісін анықтау керек.
Сұранымның табыс бойынша икемділігі тұтынушылардың табысы 1% -ға өзгергенде, сұранымның қанша процентке өзгергендігін көрсетеді. Мысалы, жергілікті халықтың табысы 12%-ке өзгеріп, яғни өскен кезіндегі автомобильге сұраным қалай өзгеретінін анықтау керек.
Сұранымның қиылысқан икемділігі А өнімнің сұранымының Б өнімінің бағасының өзгеруіне қаншалықты сезімтал екенін білдіреді.
Икемділіктің өлшем бірлігі болып икемділік коэффиценті табылады. Сұранымның баға бойынша икемділігі былай анықталады:

Мұндағы, -баға бойынша икемділік коэффициенті;
Q-тауар саны;
Р-тауардың рыноктық бағасы.
Тауардың бағасының өзгерісіне тұтынушылар реакциясы күшті, әлсіз және нейтралды болуы мүмкін. Олардың әрқайсысына сай сұранымдар бар: икемді, икемсіз, бірлік икемді, кәміл икемсіз, кәміл икемді.
- Икемді сұраным: егер бағаның азғана түсуі кезінде сату көлемінің елеулі өсуі. Икемді сұраным кезінде, бағаның 1%-ға түсуі сату көлемін 1%-дан көп мөлшерге көбейтсе, икемділік коэффициенті 1-ден көп болады.
- Икемсіз сұраным: егер бағаның елеулі түсуі кезінде сату көлемі азғана өзгерсе сұранымның икемсіздік коэффициенті 1-ден кіші болады.
- Сұраным бірлігі икемді: егер баға 1%-ға өзгергенде сату көлемі 1%-ға өзгереді. Бұл кезде икемділік коэффициенті 1-ге тең болады.
- Бағаға тәуелді болмағанда сұраным мөлшері өзгермейді. Бұл кәміл икемсіз сұраным деп аталады.
- Бағаның белгілі бір деңгейінен түссе, тауардың өткізу процесіне шек жоқтығын кәміл икемді дейміз.
Сұраным икемділігінің бағаға байланысты коэффициенті (Еd) сұранымның өзгеруінің осы өзгерісті шақырған бағаға өзгерісіне қатынасын көрсетеді.
Ұсыным көлемінің бағаның өсуіне байланысты өзгеруінің дәрежесі ұсынымның икемділігімен сипатталады. Ол ұсынымның икемділік коэффициенті көмегімен (Еs) өлшенеді.
Егер бағаның өзгерісі ұсынымды өзгертпесе, ұсыным икемсіз.
Ұсыным абсолютті икемді, егер тауардың бағасының (Р) азғана төмендеуі ұсынымды (Q) нөлге дейін қысқартады және керісінше баға өсуі ұсынымды арттырады.
Фирмалар ұсыным икемділігін 3 кезеңге бөліп қарастырады: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.
Қысқа мерзімді кезеңде фирманың ұсынымды өзгертуге уақыты жоқ. Бұл қысқа мерзімді кезеңде ұсынымның абсолютті икемсіз екенін білдіреді.
Орта мерзімді кезеңде фирма резервтерін пайдаланады және өндірісті көбейтеді. Ұсыным икемділігі оң, яғни нөлден үлкен болады.
Ұзақ мерзімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы
Жалпы макроэкономикалық теңдестік
Өндірістің тиімділік әдістемесінің негіздері. Ұсыныс пен сұраныс
Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұраныстың баға емес факторларының әсерінен өзгеруі
Ұсыныс қисығы
Жалпы макроэкономика
Жиынтық сұраныс қисығы
Микроэкономика пәні,әдістемесі
Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. «IS-LM»үлгісі (Дәріс материалы)
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері
Пәндер