Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен ролі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен ролі

60 бет

Мазмұны

Кіріспе . . .
6
Кіріспе . . .: 1 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі . . .
6: 8
Кіріспе . . .: 1. 1 Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі . . .
6: 8
Кіріспе . . .: 1. 2 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері . . .
6: 12
Кіріспе . . .: 2. Қазақстан Ресупбликасының құқықтық нормасы . . .
6: 18
Кіріспе . . .: 3 Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде . . .
6: 27
Кіріспе . . .: 3. 1 Әлеуметтік нормалардың түсінігі, мазмұны . . .
6: 27
Кіріспе . . .: 3. 2 Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет - ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері . . .
6: 46
Кіріспе . . .: 3. 3 Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі . . .
6: 53
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
6: 58
Кіріспе . . .: Пайдаланылған дерек көздер тізімі . . .
6: 60

Кіріспе

Ғылыми жұмыстың маңыздылығы. Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп−басқарып отырады. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Құқықтың түсінігіне және мазмұнына келетін болсақ, оның сан қырлы түсінігі, санқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны санқырлы бағытта дамып, байып отырады. Ғалымдар құқықты зерттегенде бір−екі қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды. Мысалы, Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттік деді, орта ғасырдың ғалымдары құқық діни норма, Ж. Ж. Руссо құқық қоғамдық билік деп түсіндірді. Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық» деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысал, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Екіншіден, «құқық» деген - құқық нормаларының жүйеге келтірген жиынтығы.

Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек қателеспейміз. Құқықтың негізгі үш тірегі бар: имандылық, қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайы және мемлекет. Құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады.

Зерттеудің объектісі мен пәні Өркенитте адамдардың күнделікті өмірінде және қызметтерінде қолданылатын көптеген әр түрлі нормалар мен құқықтар пайда бола бастады. Соның ішінде; моральдық, құқықтық, саяси, эстетикалық, корпоративтік, адамгершілік, діни, дәстүрлі, әдет-ғұрып. Норма-бұл белгілі әлеуметтік қоғамның қатысушыларының іс-әрекеттерінің үлгісі. Бұларсыз еш мемлекет те қоғамда болмайды. Заңгерлер көбінесе құқықтық нормаларды зерттейді. Барлық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, олар үнемі басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып отырады.

Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың ең күрделісі, ең көлемдісі, ең маңыздысы. Құқық адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Құқықтық норма-қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясаттың іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.

Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді біріктіреді

Дипломдық жұмыстың мақсаты Әлеуметтік нормалардың мәнін ғылыми жолмен түсіну үшін, ең алдымен, оларды қоғамның тарихи дамуының жемісі деп ұғыну керек. Марксизм ілімі адамдардың іс-әрекеті мен әлеуметтік нормалардың арасындағы байланыстың өте күрделі диалектикалық сырын ашып, қоғам дамуының негізі экономикалық өмірге тәуелді екендігін ғылыми дәйектілікпен дәлелдеп берді. Әр түрлі қоғамдық экономикалық формациялардың өздеріне тән әреуметтік нормалары қалыптасады да, олардың құрамы мен элементтерінің арақатынастарында ерекшеліктер болады. Бір қоғамдық - экономикалық формацияның қалыптасуына сәйкес әлеуметтік нормалардың кейбір компоненттерінің өзгеріп отыруына қарамастан, тарих сахнасына шыққан жаңа ұрпақтар оны дайын күйінде қабылдап, болашақ іс-әрекетінің қажетті құралы ретінде пайдаланады. Әрбір қоғамдағы әлеуметтік әртүрлі саланы қамтып, олардың жиынтығы сол қоғамдағы әлеуметтік нормалардың тұтас жүйесін құрайды.

Қоғамдағы индивидтердің , адамдардың мінез-құлықтары арнайы нормалар шеңберімен шектелген. Қоғамда қабылданған тәртіп пен өмірдің қатынастары адамды бір қалыпта, тәртіп, талаптар көлемінде, өзінің мінез-құлқын қалыптастыруды талап етеді. Әр индивид, қоғамның мүшесі қоғам қабылдаған нормаларға өзінің қимыл әрекетін бейімдейді. Керісінше, қоғамның санасына, оның тыныс-тіршілігіне жат талаптар мен ережелерді индивид қоғамның мүшесі ретінде қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін

Зерттеудің әдістері қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы және арнайы танымдық әдістер жүйесі: диалектикалық, салыстырмалы, функционалды талдау, жүйелеу, синтездеу, статистикалық т. б. әдістер басшылыққа алынды.

Ғылыми зерттеудің құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған дерек көздер тізімінен тұрады.

1 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі

1. 1 Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі

Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп−басқарып отырады. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Құқықтың түсінігіне және мазмұнына келетін болсақ, оның сан қырлы түсінігі, санқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны санқырлы бағытта дамып, байып отырады. Ғалымдар құқықты зерттегенде бір−екі қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды. Мысалы, Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттік деді, орта ғасырдың ғалымдары құқық діни норма, Ж. Ж. Руссо құқық қоғамдық билік деп түсіндірді

Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек қателеспейміз. Құқықтың негізгі үш тірегі бар: имандылық, қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайы және мемлекет. Құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады.

Құқық адамадардың өмірі мен тығыз байланыста дамиды:олардың бостандығын қалыптастырады, мінез- құлқына, іс- әрекетіне, тәртібіне, сана сезіміне жан- жақты әсер етеді, мүдде -мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады.

Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал, құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал. Құқық -қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, мазмұны, маңызы мен нысаны, сайып келгенде қоғамның мәдени-рухани сипатына байланысты. К. Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде; «Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары болмақ емес»-деді.

Қоғамның объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі-қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді-заңды көзқарас деп атайды. Екіншісі-бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды. Нигилизм қоғамда қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық прогрестік жолмен дамып, XIX- XX ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп, қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді [1] .

Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық» деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысал, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Екіншіден, «құқық» деген - құқық нормаларының жүйеге келтірген жиынтығы. Мысалы, Қазақстанда мемлекеттік құқығы туралы Конституцияның 4-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілері» болып табылады. Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Мысалы, конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, қылмыстық құқық . Төртіншіден, «құқық» термині субъективтік құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Мысалы, құқық жүйелері мен құқықтық қатынастар.

Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек қателеспейміз. Құқықтың негізгі үш тірегі бар: мандылық, оғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекет. ұқық имандылықтан нәр алады, еғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, оғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады.

Құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.

Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:

  • қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
  • қарым-қатынастарды реттеп -басқару;
  • қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси әлеуметтік, мәдениеттік бағытын дамытып, нығайту; мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, арақатынасын реттеп басқарып отыру;
  • халықаралық қатынастарды реттеп басқару.

Құқықтың екі түрлі ғылыми түсінігі болады :1) құқықтың объективтік түсінігі объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; 2) құқықтың субъективтік түсінігі объективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап, бекіту [2] .

Құқықтың негізгі қағидалары:

1. Қоғамдағы әртүрлі мүдде-мақсаттарды нормативтік жүйемен реттеп-басқару;

2. Адамдардың, ұйымдардың ара қатынасындағы келіспеушілікті шешудің, реттеудің негізгі түрлерін белгілеп отыру;

3. Мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен нормативтік актілернің орындалуын бақылап отыру.

Құқықтың мазмұны дегеніміз-қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып

отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.

Құқық-үстем таптың және қоғамның заңға айналдырылған мүддесі. Бұл

мүддені заңға айналдырушы және орындаушы мемлекеттік аппарат.

Сонымен. құқық дегеніміз адам мен қоғамның объективтік құрылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда формалды түрде анықталған, мемлекеттік күшімен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы. Қоғамның өмірінде белсенді жұмыс атқаратын құқықтың функциялары. Оның бағыттары толып жатыр. Ең күрделі бағыты мемлекетпен бірлесіп жұмыс жасау. Өйткені мемлекеттің жұмысының мазмұны, бағыты нормативтік актілерде көрсетіліп, анықталып отырады. Құқықтың негізгі функцияларының түрлері:

1. Қоғамның әр саласына сәйкес құқықтың экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, тәрбиелік, экологиялық, қаржылық функциялары болады.

2. Мемлекеттік биліктің үш түріне сәйкес құқықтың да үш функциясы болады:з аң шығарушы, заңды орындау, заңды қорғау.

Құқықтың бұл екі топтағы функциялары мемлекеттің функцияларымен сәйкес келеді. Сонымен бірге құқықтың өзіне тән екі міндеттері болады:қоғамдағы қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, орындалуын тездету және қатынастардың байланысын бақылап, қорғап отыру. Міне осы міндеттерге сәйкес құқықтың өзіне тән екі функциясы болады: реттеу және қорғау.

Құқықтың реттеу функциясы-нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Бұл функция екі әдіс-тәсілмен орындалады:1) құқықтық нормада қатынастың орындалу жолдарын, бағытын көрсету; 2) нормативтік актіде субъектілерге толық бостандық беру, дұрыс орындалу бағытын көрсету.

Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Бұл функцияның әдіс-тәсілдері;

-қоғамдағы қатынастардың дұрыс орындалуын бақылау;

-құқықты нормада тыйым салудың себептерін көрсету;

-жауапкершіліктің түрін көрсету;

-жасаған қателіктері үшін субъектілерді жауапқа тарту.

Сонымен құқықтың функциясы дегеніміз - адамдардың іс-әрекетіне, мінезіне, тәртібіне нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері, сол арқылы қатынастардың дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету.

Құқықтың әлеуметтік құндылығы:

1. Құқық адамдардың іс-әрекетінің, жұмысының нақты келісімді, тұрақты, жақсы орындалуын қамтамасыз етеді. Құқық қоғамдық тәртіпті дамытып, нығайтып, қоғамдық мүдде-мақсаттың жақсы орындалуына мүмкіншілік жасайды.

2. Құқық адамдардың өзара қатынасын дұрыс реттеп, дұрыс басқарып олардың мінезінің, тәртібінің, сана-сезімінің, іс-әрекетінің жақсаруына мүмкіншілік жасап, сол арқылы қоғамның дамуын жақсартып отырады.

3. Құқықтың құндылығы адамдардың бостандығын, теңдігін қалыптастырып, қорғауында. Құқық пен бостандық бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық бостандықтың, теңдіктің шеңберін, шекарасын үнемі анықтап, бақылап отырады.

4. Құқық қоғамдағы әділеттікті жақтап, бақылап отырады.

5. Құқық қоғамдағы барлық прогрестік дамудың негізгі құралы. азаматтық қоғамды, демократиялық мемлекетті құрудың бірден-бір даңғыл жолы.

6. Құқық халықаралық прогрестік қатынастың, байланыстың қайнар-көзі бұлағы. Дүниежүзілік экологияны жақсартудың құралы.

Құқықтың өзіне тән мынандай нышандары бар:

1. Құқық мемлекетпен норма ретінде бекітіледі және өзгертіледі. Парламент-заң, президент-жарлық, үкімет - қаулы мен өкімдер, салалы министрліктер-ережелермен бұйрықтар, жергілікті органдар - шешімдер шығарады. Олар нормативтік қасиетке ие.

2. Құқық қоғамдық қатынастарға түскен барлық субъектілерге бірдей қолданылады. Құқық атақ, лауазым, шеніне қарамай бәріне бірдей, тең қолданылады, оны орындау, сақтау бәріне міндетті.

3. Құқық қоғамдық қатынастарды ретейтін және ең кең қолданатын нормалардың жиынтығы. Әдет-ғұрып, діни, дәстүр сияқты нормаларға қарағанда реттеу функциясы өте кең, мемлекеттегі субъектілердің бәріне қатысы бар.

4. Құқық формальды - айқын болып сипатталады, яғни мемлекет тарапынан мойындалып, нормативтік - құқықтық кесім, сот прецеденті және бекітілген әдет-ғұрып формалары арқылы қоғамдық қатынастарды реттейді.

5. Құқық бүкіл халықтың, ұлттардың, партиялардың, әлеуметтік топтардың және жеке адамдардың еріктерін білдіреді.

6. Құқық өзінің ішкі құрылымымен, жеке салалар мен институттарға бөліну арқылы бір-бірімен үйлесімді мағынадағы жүйені құрайды.

7. Мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басқару, билік жүргізу барысында құқықтық қатынастарға түскен субъектілер құқық нормалары бекіткен мінез-құлықтарды өз еріктерімен орындамаған жағдайда күш қолдану арқылы іс жүзіне асырады.

Сонымен, құқық қоғамда зор қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық салаларына, жеке адамның өміріне өзіне тән әдістерімен дұрыс жағымды әсер етеді. Құқықтың саяси қызметі мемлекет органдарының қалыптасу, қызмет істеу, саяси партиялардың, бірлестіктердің, ұжымдардың ұйымдастырылуына жол ашудан, азаматтардың құқықтарын пайдалануына мүмкіндік туғызудан байқалады. Құқық қоғамдағы барлық кәсіпорындардың жұмысын тікелей реттеп, жөнге салып отырады. Демек, құқық саяси, экономикалық әлеуметтік, мәдени тәрбие құбылыстың барлық салаларын реттеп, жөнге салып отыратын құрал болып есептеледі. Құқық мемлекетті, қоғамды, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау қызметінде жүзеге асырады. Осыларға қоса құқық заңды бұзудың, алдын-алу қызметінде атқарады [3] .

1. 2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері

Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың ең күрделісі, ең көлемдісі, ең маңыздысы. Құқық адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Құқықтық норма-қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясаттың іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс -әрекетін арнайы ережелермен реттейді.

Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді біріктіреді. Қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын тағы басқа демократиялық іс-әрекеттерді.

Құқықтық норманың құндылығы:

  • құқықтық нормалар қоғамды реттеп-басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс беріп отырады;
  • құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады;
  • құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;
  • құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы.

Құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтық бір кпеткасы, қоғадық қатынастарының жақсы дамуының, үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп-басқарып отырады.

Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады:

бірінші - адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау - жоспарлауы (ішкі бостандық) ;

екінші - өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық) [4] .

Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.

Құқықтық норманың негізгі сипаттары:

  1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды реттеп-басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әлеуметтікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени тағы басқа даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конститутцияда және заңдарда көрсетілген.
  2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-тәсілдерін алдын-ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының «үлгісін» жасайды. Міне осы «үлгілерді» зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
  3. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процестітипизациядеп аталады. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
  4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады.

Сонымен құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын,

маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп-басқаруын толық түсінуге болады.

Құқықтық нормалардың белгілері:

  1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
  2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.
  3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
  4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
  5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.

Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау
ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
Құқықтың негізгі қағидалары
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны
Мемлекеттің құрылым нысаны
Басқарудың әкімшілік құқықтық нысандары және әдістері
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz