Қазақстан – халықаралық құқықтың объектісі ретінде: маңызы, мақсаты және міндеттері


Қазақстан - халықаралық құқықтың объектісі ретінде: маңызы, мақсаты және міндеттері
70 бет
Мазмұны:
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Өзара әрекеттесу, өзара ықпал, сонымен бiрге қазiргi ғаламдану процестерінiң қарқынды ықпалы жағдайында Қазақстан - халықаралық құқықтың өкiлеттiктерi шеңберiнiң шектелуi маңызды практикалық және теориялық мәні бар көп жоспарлы ғылыми проблема ретінде қалып отыр. А. К. Гульдің пікірінше, халықаралық және мемлекетішілік құқықтың арақатынасы құқық нормаларының екі жүйесінің өзара байланысын, өзара тәуелділігін, өзара әсерін, сонымен бiрге «белгілі бір мемлекеттің ішкі құқығы нормаларының қазіргі заманғы жалпы демократиялық халықаралық құқық нормаларына сәйкестiгін немесе айырмашылығын» білдіреді.
Қоғам мен құқықтың диалектикалық дамуына тән, халықаралық және ұлттық құқықтың нормаларының арақатынасындағы маңыздылығын анықтау туралы мақсат қоямыз.
Зерттеу жұмысындағы алға қойылған мақсаттар тұрғысынан алсақ, міндеттер үш негізгі мағынаға ие:
- басты, маңызды, негізгі бағыт (құқықтың дамуы, мемлекеттің саясаты, экономиканың қалыптасуы және т. б. ) ;
- белгілі бір норманың, құқықтық институттың, саланың, құқықтық жүйенің пайда болу уақытына қарай алғашқылығы;
- құқықтық нормалардың иерархиясында олардың алатын орны, бір құқықтық норманың екіншісінен жоғарылығын анықтау, халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларының, халықаралық шарттардың ұлттық нормативтік құқықтық актілер иерархиясында алатын орны.
Осылайша, Қазақстан Республикасы жүздеген халықаралық ұйымдар және көптеген конвенциялардың мүшесі және қатысушысы болып табылады және 64 бірлестіктің алдында қаржы мiндеттемелерi бар. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша сарапшылық кеңес оларды басым және басым емес деп бөлдi. Жарналар да деңгейіне қарай төленеді. Жарна ең алдымен БҰҰ, ЕҚЫҰ, ДДҰ, ХЕҰ, ЭЫҰ (экономикалық ынтымақтастық ұйымы), Азық-түлiк және ауылшаруашылық ұйымына, ЮНЕСКО-ға төленеді. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның бұл ұйымдарға мүшелiгi егемендiк пен мемлекеттiң тәуелсiздiгiн күшейтуге мүмкiндiк туғызады және әлеуметтiк-экономикалық реформалардың жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды деп санайды.
Кез келген елдiң дамуының басым бағыттарын саясаткерлер дамудың барлық кезеңдерінде ішкі мемлекеттік даму мен халықаралық жағдайдың объективтік күйі мен мақсаттарын ескере отырып анықтайды. Осылай, жас посткеңестік мемлекеттер тәуелсiздiктiң алғашқы он жылдығында бұрын жоғалтқан мемлекеттiктi қалпына келтiру, егемендiктi күшейтуi мәселелерiне көңіл аударды. Мұны Испан Корольдігінің Қазақстан мен Қырғызстандағы Төтенше және өкiлеттi Елшiсi Франсико П. де ля Парте нақты байқады: «Қазақстан - жас демократияның типтiк мысалы және осы жағдайда ел басшылары мемлекеттің өмір сүруі, аумақтық тұтастыққа, саяси құрылымдардың негізгі шеңберіне кепілдік беру, егемендiкті нығайту сияқты өз мемлекетi үшін басым бағыттарды анықтауы керек» [1] .
Қазақстан Республикасының Президентi Н. А. Назарбаев жаңа мыңжылдықтың басында бiздiң елдің жаңа басымдықтарын ұсынды: «Жаһандану заманының онжылдығы күн тәртібіне жаңа типтегі жаңа мәселелерді қойды. Біз ұлттық тәуелсіздігімізді нығайтумен қатар жалпы әлемдік жүйенің өзара тәуелділігін күшейтуге ат салысуымыз қажет. Біз өзіміздің ұлттық экономикамыздың дамуына жағдай жасауымыз керек және бұл бізге көрші елдердің өркендеуіне бөгет болмауы тиіс, керісінше біз бір-бірімізге көмектесуіміз қажет. Біз өзіміздің қалыптасқан саяси институттарымызды нығайтып қана қоймай аумақтық ынтымақтастықты да бірге дамытуымыз керек. Біз Орта Азия, Кавказ және Ресей Федерациясын қамтитын ортақ экономикалық кеңістікке ие бола отырып аумақтық интеграцияны дамытқымыз келеді».
Өз зерттеуімізде біз «мемлекетішілік құқық», «ішкі құқық» терминдерін емес, «ұлттық құқық» терминін қолданамыз. Мұны атақты өзбек ғалымы А. Х. Саидов дәл тұжырымдаған: «Құқық - бұл жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениет құбылысы, белгілі бір өркениеттің көрінісі. Құқық жалпы, ерекше, біртұтас бірлік элементтерді құрайды және бұл арада әрі абстрактілі, әрі нақты ұлттық табиғатқа ие» [2] . Бұл ежелгі римнің «халықтар, ұлттар құқығы» және «халықтар, ұлттар арасындағы құқық» деген мағыналарды беретін res gens және res inter gens терминдерінен де көрінеді.
Халықаралық құқықтың элементтері өте ерте замандарда қалыптаса бастады. Бірақ көбінесе ол жеңуші халықтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін қалыптасқан болатын. Бұл қасиет Еуропа елдеріне де тән болды және ХVI-XVII ғасырларда осы ортада қазіргі халықаралық құқық туындады.
Өзінің қалыптасып дамуының алғашқы сатыларында-ақ мемлекетішілік құқық халықаралық құқыққа әсер ете алды және керісінше халықаралық құқық та мемлекетішілік құқыққа әсер етті, халықаралық құқықтың бір түрі ретінде аймақтық құқық, сонымен бірге, дамыған мемлекеттердің құқықтары көрші елдердің құқығының пайда болуына, қалыптасып дамуына әсер етті. Мысалы, еуропа (әсіресе, неміс) құқығы Ресей құқығының қалыптасуына, ал орыс құқығы өз кезегінде ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның еуропаланған құқығың пайда болуына әсер етті. Бұл үрдіс осы күнге дейін жалғасуда, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев айтқандай, француз заңнамасы, соның ішінде Франция Конституциясы 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын дайындауға әсер етті.
Қазақстандық заңнама мемлекет ішіндегі қатынастарды реттейді, сондықтан ол мемлекетішілік құқық, ал халықаралық құқық нормалары мемлекеттік егемендіктің иесі ретінде мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттейді деген пікір кең тараған болатын.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, халықаралық қатынастардың күрделі жүйесіндегі тәртіпті сақтайтын қажетті құрал ретінде халықаралық құқық әлемнің құндылықтар жүйесінде алғашқы орынға жылжығанын айтуға болады. Ол әлемдік қауымдастықтың мүдделерін ескере отырып, жаһандық дамудың маңызды факторы бола алады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
- Біріншісі, бейбітшілік жолмен мемлекетаралық қарым-қатынасты ұлғайтып, экономикалық, техникалық және әлеуметтік прогреске ұмтылу.
- Екіншісі, оның альтернативті жолы дүниежүзіндегі ғылыми-техникалық прогреске ұмтылмай, басқа мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтып, жеке саясат құру.
Қазақстанның дүниежүзіне егеменді мемлекет ретінде танылуына, оның 1992 жылы 2 наурызында БҰҰ кіруі нақты себеп болды.
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде өркендеп жетілуіне кепіл болатын бірден-бір халықаралық ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымы екені ешқандай күмән тудырмайды. Сондықтан да, БҰҰ әр түрлі саласындағы қызметтерінің қыр-сырын талдап, оның мақсат-маңызын анықтау, оларды мемлекетіміздің мүддесі, игі істері үшін қолдану өзекті мәселе деп түсініп осы тақырыпта дипломдық жұмыс жазуды ұйғардым.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздер тізімінен тұрады.
Зерттеудің әдістері қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы және арнайы танымдық әдістер жүйесі: диалектикалық, функционалды талдау, жүйелеу, синтездеу және т. б. әдістер басшылыққа алынды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы Қазақстандағы заң жоғары оқу орындарындағы юриспруденция мамандығы бойынша мамандарды дайындауды қамтамасыз ететін оқу пәні ретінде, дәрістер жүргізуде, семинар сабақтарын өткізуде қолданылуға ұсынылады.
1 Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстанмен ынтымақтастығы және оларды дамыту мәселелері
1. 1 Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымға кіруі және әлемдік қауымдастыққа енуі
Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ құрамына кірді. Бұл тарихи жағдай Қазақстанның дүние жүзіне егеменді мемлекет ретінде танылуына нақты себеп болды. Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасын БҰҰ құрамына қабылдауға ұсынған Бас Ассамблеяның қарарын дауыс берусіз-ақ мақұлдады. Қазақстанмен бірге БҰҰ-на Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мүше болды. Қазақстандық делегация БҰҰ-ны қайта құру жөнінде, дау-жанжалдардан кейінгі кезең проблемалары жөнінде, бітімгершілік күштерінің қорын құру туралы бағдарламалық ұсыныстар жасады. БҰҰ Қазақстандағы қызметіне 1993 ж. кірісті. Өз агенттіктерінің офистерін құрды. Мысалы, атап айтқанда, БҰҰ-ның даму бағдарламасы - БҰҰ ДБ; Бүкіләлемдік денсаулық сақгау Ұйымы - БДСҰ; білім, ғылым және мәдениет жөніндегі БҰҰ бағдарламасы - БҒМБ БҰҰ-ның босқындар мәселесі жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасы - БЖКБ; өндірістік даму жөнінде - ӨДҮ; халықаралық еңбек Ұйымы - ХЕҰ; және т. б. Қазақстан БҰҰ-ның БДҰ, АЭХА, ИКАО, ХДҚБ, ХВК, сияқты мамандандырылған мекемелерінің мүшесі болып табылады.
Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді. 1991 жылы Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы және 1992 жылы Лиссабонда ядролық қару жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу жөнінде міндеттеме алуы Қазақстанға үлкен бедел сыйлады және БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары мінберінен халықаралық қауіпсіздік саласындағы жеке бастамаларын көтеруге моральдық құқық берді.
Әлемдік қоғамдастықтағы өзгерістерді және әлемдегі БҰҰ-ның жаңа рөлін назарға ала отырып, Н. Назарбаев былай деп мәлімдеді: «Болып жатқан Бас Ассамблея сессиясында қазірдің өзінде әлемнің тұтастығы үшін жаңа күн тәртібін белгілеуді талап ететін жаңа өмір болмысын түсіну байқалады. Бұл орайда ықтимал шиеленіс ошақтарының отқа айналуын болдырмауға бағытталған саяси, әлеуметтік-экономикалық шаралар жүйесі ретінде тікелей жария дипломатияны қолдаймын. Мұндай дипломатияда көзге анық байқалатын, сондай-ақ пайда болуының өзі жан-жақты болжаудық талдауды талап ететін проблемалар қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудың шарты ретінде маңызды орын алады» [3] .
Осы форумда Н. Назарбаев екі маңызды ұсыныс жасады, екі ұсыныс та әлемдік қоғамдастыққа біздің еліміздің сыртқы саяси бағытының жасампаздық сипатын паш етті. Біріншіден, қазақстандық басшы барлық үкіметтерге ізгі ниет білдіру тәртібімен «бір плюс бір» формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастауды ұсынды. Бұл формула төмендегіні білдіреді, әрбір мемлекет оған қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын өзінің ақша аударуын сол баяғы бір пайызға ұлғайтады. Осындай жолмен 10 жылдан кейін осы бітімгершілік сомасы он есе өседі.
Екіншіден, Қазақстан басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы бастама көтерді. Азия құрлығының орасан зор кеңістігінде қауіпсіздік құрылымын құруға бағытталған осы ұсыныс біздің еліміздің басшысын халықаралық сахнада кеңінен танымал етіп, Қазақстанның сыртқы саясатының арқауына айналды.
Н. Назарбаев өзінің сөзінде сондай-ақ экология және қоршаған ортаны қорғау сияқты өмірлік маңызды мәселелерге де тоқталды. Бұл ұғымдар Қазақстан үшін кемінде екі сөзден - Арал мен Семей сөздерінен мен мұндалап тұрады. Кенезесі кеуіп бара жатқан Арал теңізі - шұғыл және ауқымды халықаралық көмекті талап ететін экологиялық апат аймағы. 150 млн. тонна тұзды шаңды аспанға ұшырып, Арал өңірінің шөлге айналуы экологияның күрт нашарлауына, 3 млн. тұрғын халқы бар аймақтың экономикасы мен денсаулығы үшін теріс салдарлардың ұлғаюына әкеліп соғады. Егер бұл бүгін он мыңдаған адамдардың қайғысы болса, онда ертең БҰҰ шұғыл түрде араласпаса, миллиондаған адамдардың қайғысына айналуы мүмкін.
Біздің екінші бір экологиялық жан айқайымыз - деп мәлімдеді Н. Назарбаев, - бұл біздің халқымыздың еркінен тыс Қазақстан жеріне салынған, әлемдегі екі полигонның біреуі - Семей ядролық полигоны. Жарты миллионнан астам адам зардап шеккен, ауадағы, жер үстіндегі және жер астындағы ядролық заряд жарылыстарының жиынтық қуаты - Хиросима мен Нагасаки қайғысының себепшісі болған құрылғылардың қуатынан жүздеген есе асып түседі. Қазақстанның шешімімен осы ажал көзіне құм құйылды, жаңа туған балаларды сауықтыру үшін орасан зор қаражат қажет. Осыны негізге алатын болсақ, деп атап көрсетті Н. Назарбаев, - Қазақстандықтар белсенді халықаралық көмекке зәру.
БҰҰ-да қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту саласындағы Қазақстан басшылығының белсенді рөлі, осы саладағы жасалған барлық халықаралық келісімдерге біздің мемлекетіміздің адалдығы жоғары бағаланды.
Ядролық қаруды сынауды толық тоқтату жөніндегі Қазақстанның табанды позициясы және іс-жүзіндегі қадамдары әлемдік қоғамдастықтың үлкен құрметіне бөленді. Қазақстанның СНВ-1 шартына және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуын БҰҰ Бас Ассамблеясының 49-сессиясында, сондай-ақ Ядролық қаруды таратпау туралы іс-қимылды ұзарту жөнінде БҰҰ конференциясында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары өздерінің сөздерінде құттықтады. БҰҰ Бас Ассамблеясы қарусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы өзі қабылдайтын барлық қарарларында жоғарыда аталған фактіні қанағаттандықпен атап өтіп жүр.
2001 жылғы 29-30 тамызда Алматыда өткен «XXI ғасыр: ядролық қарудан азат әлем жолында» атты халықаралық конференцияда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары В. Петровский: «Халықаралық қоғамдастық үшін Қазақстан жауапты саяси ерік-жігермен, салмақты сөзбен және нақты істермен адамзат өзі өзін жоятын құралдардан ғаламшарды қалай азат етуге болатындығының жарқын мысалын көрсетті», - деп мәлімдеді.
1996 жылғы 30 қыркүйекте Сыртқы істер министрі Қазақстан атынан Ядролық сынаққа жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қол қойды. 160 мемлекет осы шарттың қатысушылары болып табылады. Осы тарихи шарттың жасалуына Қазақстан да лайықты үлесін қосты, осы мәселедегі біздің республикамыздың принципті ұстанымы және нақты қадамдары кеңінен мәлім және қолдау тауып жүр. Аталған Шартқа қол қойып, біздің еліміз ғаламдық мониторингтік жүйені құруға елеулі үлес қосты. Сейсмикалық оқиғаларды қадағалау мақсатында жабдықтарды калибрлік өлшеу үшін бірегей инфрақұрылым - Семей полигоны пайдаланылды. Бұл қазақстандық мамандардың осы саладағы халықаралық жұмысқа толық деңгейде қатысуына мүмкіндік береді.
Біздің еліміз Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға зор маңыз береді және осы географиялық аумақта ядролық қарудан азат аймақ құру жөнінде бастаманы іске асыруға мүдделі. Қазақстан осындай аймақ кұруға қатысты келіссөздер процесіне сындарлы түрде қатысып жүр. БҰҰ-ның жәрдем көрсетуімен қазірдің өзінде болашақ шарттың мәтінін келісу жөнінде бес Орталық Азия елдерінің сарапшылар тобы елеулі жұмыс жүргізді. Орталық Азияда осындай аймақтың болуы ядролық қаруды таратпау және ғаламдық қауіпсіздік режимін нығайтады.
Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға зор маңыз бере отырып, БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін белсенді түрде қолдайды. Ұйымға мүше мемлекеттердің БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерін кеңейту және нығайту қажеттілігі туралы пікірлерін бөлісе отырып, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан 1995 жылы желтоқсанда БҰҰ аясында Орталық Азия бірлескен бітімгершілік батальонын құру туралы келісімге қол қойды. Үш Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары БҰҰ Бас хатшысына жазған өздерінің өтінішінде бірлескен батальонның БҰҰ-ның болашақтағы бітімгершілік операцияларына қатысу мүмкіндігі туралы мәселені қарауды ұсынды.
Орталық Азияның бітімгершілік батальонының құрылуы БҰҰ-дан қолдау тапты және Бас хатшы мұны халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі аймақ мемлекеттерінің үлесі ретінде бағалады. 1996 жылдың басында Қазақстан бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысу мүмкіндігімен БҰҰ-ның резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51-ші мемлекет болды. Бүгінгі күні ұйымға мүше 65 мемлекеттер резервтік келісімдерге қатысады және олар БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары үшін ресурстар ұсынуға өздерінің дайын екендіктерін білдірді.
БҰҰ-ға мүше бола отырып, Қазақстан көптеген саяси проблемалардың, бірінші кезекте Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін қозғайтын проблемалардың шешімін іздестіруге тартылды. Ауғаныстандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты 1996 жылғы қазанда Алматыда Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның саяси басшыларының кездесуі өтті, олар аталған мәселе бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады. Саммитте қабылданған шешімге сәйкес біздің еліміз аталған мемлекеттермен бірге Ауғаныстандағы жағдай туралы мәселе бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы мәжілісін өткізуге бастамашы болды. Оның қортындысы бойынша БҰҰ ҚК 1076 белгілі қарары қабылданды, қарардың тең авторлары Алматы кездесуіне қатысушы мемлекеттер және АҚШ-ты, Германияны, Италияны, Чилиді және Корея Республикасын қоса алғанда, бірқатар басқа да мемлекеттер болды.
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан басшыларының және Ресей Президентінің арнайы өкілінің тағы бір кездесуі 2000 жылғы тамызда өтті. Онда ауған жанжалының Орталық Азияға таралуына және аймақ елдерінің аумағына қарулы бандалық құрылымдардың енуіне байланысты қалыптасқан жағдай қаралды. Кездесуге қатысушылар Орталық Азияның қауіпсіздік саласындағы жағдайын нашарлататын ауған проблемасын шешу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауға шақырып ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдарға арналған үндеу қабылдады.
Ауған мәселесін реттеу ісінде тиімді нәтижелердің болмай отырғандығына алаңдаушылық білдірген Президент Н. Назарбаев 2000 жылғы қыркүйекте өткен БҰҰ мыңжылдығының саммиті кезінде ауған мәселесін тұрақтандыру жөніндегі нақты іс-шараларды әзірлеу үшін Ауғанстан мен Орталық Азиядағы жағдайды қарауға арналған Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысын шақыруды сұрады. Мұндай отырыс халықаралық қоғамдастықтың бірқатар кең ауқымды саяси, экономикалық және гуманитарлық шараларын қабылдауының басы болар еді, мүдделі елдердің ауған проблемасына жаңаша көзқараспен қарауына, халықаралық қоғамдастықтың тарапынан қолға алынбай отырғын кейбір істерді көрсетуге, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды реттеу процесін бейбіт жолға шығару үшін қосымша мүмкіндіктерді анықтаған болар еді.
Қазақстан Ауғанстанның соғыс қиратқан экономикасын қалпына келтіруде әлемдік қоғамдастық тарапынан кең ауқымды көмек көрсету мүмкіндігіне қатысты ауған халқында сенім қалыптасуы керек деп есептейді. Қаруды жеткізуге тыйым салу немесе есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ара-тұра болатын іс-қимыл сияқты жекелеген шаралар ұзақ мерзімді тиімділік бермейді. Мұндай шаралар Ауғанстанда экономикалық оңалтудың жалпы жоспарының бөлігі болуы тиіс. Жалпы жоспар тікетіресіп жатқан ауған топтарының арасындағы атысты шұғыл тоқтаумен қатар, халықаралық экономикалық көмекті тартумен қатар эмиграцияға кеткен экономикалық, саяси және интеллектуалдық ел элитасының әлеуетін мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтіруді пайдалануды қамтиды. Мұның өзі білімге, денсаулық сақтауға және тарихи сондай-ақ мәдени мұраны қалпына келтіруге байланысты проблемаларды дербес түрде шешуге мүмкіндік береді.
Болашақта Қазақстан өзінің төңірегіне ауған халқын нақты шоғырландыра алатын, Ауғаныстанды мекендейтін барлық ұлттардың құқығы мен бостандығын сақтауды қамтамасыз ететін, елдің ішкі проблемаларын жауапкершілікпен шешетін және бейбіт сыртқы саясат жүргізетін Ауғаныстан үкіметін ресми тануға дайын.
Кейінірек Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты Қазақстанның тұжырымдық көзқарасы 2001 жылғы сәуірдегі Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясының 55-сессиясында ресми құжат таратылды.
Әлемнің саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның, Ислам Конференциясы Ұйымының, Парламентаралық Одақпен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ-мен ынтымақтастығын нығайтута бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz