Құқықтық мемлекеттегі негізгі заңның ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Құқықтық мемлекеттегі негізгі заңның ерекшеліктері

Мазмұны

56 бет

Кіріспе . . . 6

1 "Құқықтық мемлекет" және "Негізгі заң" ұғымдарына жалпы құқықтық сипаттама . . . 9

1. 1 Құқықтық мемлекет түсінігінің негізі . . . 9

1. 2 Негізгі заң түсінігіне жалпы сипаттама . . . 18

2 Конституция - құқықтық мемлекеттегі негізгі заң ретінде . . . 21

2. 1 Шет елдердің конституцияларына құқықтық талдау . . . 21

2. 2 Құқықтық мемлекет құру жолындағы елдердің Конституциясында белгіленген кейбір ерекшеліктері . . . 30

3 Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің негізгі заңы ретінде . . . 41

Қорытынды . . . 56

Пайдаланған дерек көздер тізімі . . . 60

Кіріспе

Конституция, Ата заң - мемлекеттің Негізгі Заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің негізгі заңы аса жоғары мәнге ие болғандықтан, дипломдық жұмыстың таңдалған тақырыбы бүгінгі таңда өзекті мәселе екендігін айқын көрсетіп отыр.

Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ.

Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады [1] .

Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде «Конституция» деген сөз «саяси құрылыс» ұғымын білдіретін. ХҮІІ ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі. Ұлы француз төңкерісі қарсаңында «Конституция» сөзі «Мемлекеттің жай-күйі» ұғымын танытты. Конституция сөзі латынның constitutio - бекіту, орнату деген мағынаны білдірді. Рим империясы заңдарында императорлардың құқық көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.

Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.

Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік ерекшеліктері болады [2] .

Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:

1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын кұруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.

2) Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі - өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі - өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек.

Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нытайтуға болады.

3) Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі - өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет.

4) Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі - гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.

5) Құқықтық мемлекеттің саяси негізі - халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп басқару.

Әлемдік стандарт жолына Қазақстан да бет бұрып, нарықтық экономиканы дамытты. Кеңестік жүйенің жақсылығы да аз болған жоқ: 20-60 жж. Экономиканың, мәдениеттің, қорғаныстың жетістіктері дүние жүзіне белгілі болды. Бірақ Кеңес Одағының жетістіктерінен гөрі кемшіліктері басым болды. Сондықтан Одақ ыдырады . . .

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен [3] .

Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.

КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.

Проблеманың ғылыми өндеу дәрежесі. Конституцияны зерттеуінің кейбір қырлары жекелеген оқулықтарда, түсініктемелерде, ғылыми мақалаларда және басқа да арнайы әдебиеттерде жарық көрді.

Жұмыстың мақсаты . Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты - құқықтық мемлекеттегі Негізгі Заңның ерекшеліктерін жан жақты қарастырып, зерттеу болып отыр. Осы аталған мақсатқа жету үшін алға келесі міндеттер қойылып отыр:

  • "Құқықтық мемлекет" және "Негізгі Заң" ұғымдарына жалпы құқықтық сипаттама беру;
  • Конституцияны - құқықтық мемлекеттегі негізгі заң ретінде алып қарастыру, әр елдердің конституциясының ерекшеліктеріне тоқталып өту;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясын - құқықтық мемлекет құрудың кепілі ретінде зерттеу.

Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі. Осы жұмыста жалпы ғылыми әдістер, сондай-ақ диалектикалық, қисындық, тарихи, салыстырмалы-құқықтық әдістер қолданылды. Оларды қолдану конституциияны анағұрлым жалпы даму заңдылығын зерттеуге мүмкіндік береді.

Зерттеудің нормативтік-теориялық базасын мыналар қүрайды: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Шет елдердің конституциялары ж. т. б.

Зерттеу обьектісі болып құқықтық мемлекеттегі Негізгі Заңы - Конституция қарастырылып отыр.

Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
Бірінші тарауында "Құқықтық мемлекет" және "Негізгі Заң" ұғымдарына жалпы құқықтық сипаттама беріліп отыр. .

Екінші тарауында Конституцияны - құқықтық мемлекеттегі негізгі заң ретінде алып қарастырылып, әр елдердің конституциясының ерекшеліктеріне тоқталып жан жақты талдау жасалынды.

Үшінші тарауында Қазақстан Республикасының Конституциясы - құқықтық мемлекет құрудың кепілі ретіндегі басты міәселелері көтерілген.

1 "Құқықтық мемлекет" және "негізгі заң" ұғымдарына жалпы құқықтық сипаттама

1. 1 Құқықтық мемлекет түсінігінің негізі

Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі көзқарастар антикалық заманда қалыптасып, мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т. б. қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық мемлекетте биліктің бір адамның, органның немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің барлық институттарының өкілді болуын, лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді. Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы, негізгі міндеті - адам құқықтарын қорғау болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, өзара тәуелділігі мемлекет заңдарында көрсетілген құқықтар мен міндеттер арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адам құқықтарымен тығыз байланыста қарастырылады және адамның жеке, азаматтық, саяси және экономикалық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын білдіреді [4] .

Құқықтык мемлекет дегеніміз - жеке адам және коғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға,

Құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді.

Құқықтық мемлекеттің негізі:

- Құқықтық мәдениет;

- Азаматтық қоғам;

- Заңдылық және құқықтық тәртіп;

Құқықтық мемлекеттің белгі-нышандары:

1. Заңның үстемдік етуі.

2. Мемлекеттік биліктің бөлінуі.

3. Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.

4. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.

5. Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы.

6. Азаматтық қоғамның қалыптасуы.

7. Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құкықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келуі.

Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.

Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік ерекшеліктері болады.

Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:

1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын кұруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.

2) Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі - өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі - өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек.

Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нытайтуға болады.

3) Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі - өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет.

4) Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі - гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.

5) Құқықтық мемлекеттің саяси негізі - халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп басқару.

Міне қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.

Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:
- мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы;

- қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;

- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;

- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау;

- қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;

- қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар "заңның құлы" болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай өсиет сөз бар:

Заң - мемлекеттің ақылы.

Сот - мемлекеттің жүрегі.

Мәдениет - мемлекеттің тәртібі.

Міне осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалылтасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде мемлекет орнайды.
Адам қоғамының барлық дәуірінде құқықтық мемлекет кұру мәселесі толастап көрген емес. Әсіресе елді басқаруда абсолютизм, деспотизм, тоталитаризм орнаған кезде құқықтық мемлекет орнату - деген дауыс, талап күшейіп отырды. Бұл тұрғыдан өте күшті концепция феодализмге қарсы, буржуазияның күресі кезінде қалыптасты. Күрестің саяси ұрандары: «Бостандық!» «Тендік!» «Әділеттік!» халыққа едәуір жақсылықтар әкелді.
Бірақ көп елде реакцияшыл буржуазияның кертартпа саясаты демократиялық реформаны толық аяқтауға мүмкшшілік бермеді [5] .

Ірі буржуазия саяси билікке қолы жеткеннен кейін құқықтық мемлекет орнату бағытынан алшақтай бастады. Бұл елдерде буржуазияның үстемдігін қорғайтын мемлекет пен құқық орнап көп уақыт өмір сүрді.
XX ғ. қоғамды басқару тәжірибесін шынықтырып капиталистік елдер жаңа экономикалық саясатқа көшіп халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, бостандықтың шеңберін кеңітіп, демократиялық мемлекетті дамытуда. Бұл саясаттың мазмұны:

1) Қазіргі заманда халықтың рухани сана-сезімі қоғамдық басқаруға, қоғамдық меншік орнатуға жетілген жоқ. Сондықтан меншіктің түрлерін шектемей нарықтық экономикаға толық бостандық беру. Осы жерде «Өзімдікі дегенде өгіздей күшім бар . . . » деген мақал дұрыс келеді.

2) Нарықтық экономика арқылы халықтың еңбекке деген ынтасын көтеріп, шаруашылықтың, өндірістің барлық саласында бизнесмендердің бәсекесін дамыту.

3) Халыққа өздерінің әлеуметтік экономикалық мүддесін-мақсатын орындаудағы іс-әрекетіне толық бостандық беріп, мемлекет тек көмек көрсетуге тиіс. Мемлекет нарықтық экономика туралы заңды, құжаттарды дер кезінде қабылдап олардың орындалуын қатаң түрде бақылап отыруы керек. Әсіресе жеке меншікті қорғауды, адамдардың бостандығын сақтауды бірінші бағытқа алу керек.

Осы жаңа экономикалық саясат капталистік елдердің соңғы 40-50 жыл ішінде экономикасын дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып демократиялық қоғам құруына мүмкіншілік беріп отыр.
Қазіргі заманда дүние жүзінің барлық мемлекеттері капитализмнің жаңа экономикалық саясатын қабылдап нарықтық экономиканы дамытып жатыр. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы кеңестік республикадар да осы жолға бет бұрып отыр.

Әлемдік стандарт жолына Қазақстан да бет бұрып, нарықтық экономиканы дамытты. Кеңестік жүйенің жақсылығы да аз болған жоқ: 20-60 жж. Экономиканың, мәдениеттің, қорғаныстың жетістіктері дүние жүзіне белгілі болды. Бірақ Кеңес Одағының жетістіктерінен гөрі кемшіліктері басым болды. Сондықтан Одақ ыдырады . . .

Енді капиталистік елдердің XX ғ. 30-50 жж. либералдық-демократияға бет бұрып, дамуының себептеріне қысқаша түсінік берейік.
Бірінші себебі - капиталистік елдер 1929-1938 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан Кеңес Одағының бір орталықтан жоспарлау тәжірибесінің жақсы жағын пайдаланып экономиканың жақсы дамуына мүмкіншілік жасады. Жеке меншіктегі шаруашылықтарға мемлекет тиіспеді. Міне осы тәсілді капиталистік мемлекеттер үздіксіз пайдаланып келеді.

Екінші себебі - Ресейде, Қытайда тағы басқа Европа - Азия елдерінде социалистік мемлекеттер орнап, қалың бұқараның мүдде-мақсатын орындаймыз-қорғаймыз деген желдірме «ұрандарынан» ірі буржуазия сескеніп халықтың, саяси-әлеуметтік жағдайына көңіл бөлуге мәжбүр болды. Бұл саясатты дұрыс, жақсы дамытуға ғылыми-техникалық революция экономикалық жағдай жасады.

Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:

- мемлекеттік биліктің үш саласының жұмысын жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік актілердің сапасын көтеру;

- нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани сана-сезімін, мәдениетін жақсартып, көтеру;

- қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы реттеу-басқару бағытындағы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;

- бостандықты, теңдікті, әділеттікті, демократияны дамыту;

- заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттары демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру (1-бөлім) [6] .

Демократиялық мемлекет - Қазақстанды алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді, мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі - «Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық» (1-6. 2-т. ) .

Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстау мемлекеттен бөлістігін білдіреді және бұл Қазақстандағы ислам мен православиелік тағы басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Наным немесе атеизм мәселесі-әркімнің жеке басының шаруасы. Елдегі дін ұстау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық сананың түсінігі
Құқықтық сана түсінігі
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет туралы
Қазақстан Республикасынның қылмыстық саясаттың түсінігі және сипаттамасы
Республикасының құқықтық мемлекет ретіндегі қызметінің басты принципі
Мемлекет формасы
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
Конституциялық құрылыс түсінігі ретінде мемлекет тірегін, оның конституциялық мемлекет сипатын қамтамасыз ететін негізгі қағидаларын танимыз
Құқықтың типологиясы
ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ СИМВОЛДАР ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz