Мемлекеттің құқықтық табиғаты


Мемлекеттің құқықтық табиғаты
60 бет
Мазмұны
Кіріспе
Адамдар біздің қоғамымыздың түпкілікті өркендеуін құқықтық мемлекетпен, адам құқықтарымен, әділ соттылықпен, құқықпен байланыстырады. Бірақ мемлекет қалай пайда болды? Осы қоғамдық құбылыс, қазіргі таңдағы өркениеті қоғамдағы алмастырылмайтын осы реттегіш қалай пайда болды, оның мәні неде? Бұл сұрақ көпшілікке қызық, оның ішінде өзінің болашақтағы немесе қазіргі кәсібін заңгер деп таңдағандарға аса маңызды болып табылады.
Бастапқы айта кететін жайт мемлекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді: мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет. Әрине, соншама ауқымды тақырыпты бірден түпкілікті саралау қиынға соғады. Алайда берілген жұмысымда аталған сұрақтардың барлығын да құрастырғым келеді.
Осы жұмыстың тақырыбы мемлекеттің мәні, нысандары және типтері болғандықтан, оны мемлекеттің қалыптасуы деп жалпылау батылдығын мен өзіме осы кіріспеде алайын.
Мемлекеттің қалыптасуы туралы сұрақ аса күрделі және осы орайда заңгерлер ортақ пікірге келген жоқ. Осы сұрақ бойынша, әр түрлі жағдайларға және факторларға негізделген концепциялар мен көзқарастардың алуан түрі әрекет етеді және әрекет еткен. Әр түрлі жағдайларға мыналарды жатқызуға болады: нақты тарихи кезең, нақты құқықтық ілімнің туған жеріндегі, яғни мемлекеттегі тарихи құқықтық ахуал. Ал, субъективті белгілерге ілімнің негізін қалаушы заңгер - теоретиктің жеке ойы мен қандай да бір әлеуметтік топқа жатуын келтіруге болады. Берілген жұмыста түрлі кұқықтық мектептердің мемлекеттің қалыптасу тарихы туралы ілімдерді баяндау қателік болар. Ғылыми емес концепцияларды (мысалы, мемлекеттің құдайлық пайда болуы тәрізді) бірден ысырып тастап, табиғи құқық мектебі (алғашқыда осы мектептің өкілі болған кейін бөлшектеніп, бірақ кейін өз орнына концепция болған мектеп оқуына түзетулер енгізіп, бөлектенген Рудольф Нерингтің ілімімен бірге), экономикалық материализм ілімі тәрізді классикалық құқықтық мектептердің көзқарастарын келтіргім келеді. Классикалық құқықтың мектептердің концепцияларына сүйене отырып, олардан әлде бір нәрсені ұғып, ал кейбір жерлерімен келіспей бір мемлекеттің мәні, нысандары және типтері туралы сұрақтарды қарастырамыз.
Мемлекет мәні, нысандары және типтері мәселесін талқылағанда бірқатар әдеттегі қайнар көздер зерттелді. Олардың негіздері болып мемлекет теориясы туралы еңбектер табылады. Олардан қандай да бір құқық мектептерінің көзқарастары, яғни теоретикалық материалдар алынды. Сөйте түра, қазіргі таңдағы заңгерлердің де («мемлекет теориясының» авторы С. С. Алексеев тәрізді. ), төңкеріске дейінгілердің де (ең алдымен Г. Р. Шерменевич, мемлекеттің жалпы теориясы) кітаптары алынды. Мемлекет және құқықтың тарихы туралы еңбектер (З. М. Черниловскийдің «Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы» немесе О. А. Жидковтың редакторлығындағы «Шетел мемлекеттерінін мемлекет және құқық тарихы» сияқты) мемлекет мәнін тарихи күқықтық тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді және фактілі оқиғалардың кезектілігі мен мәселені түпкілікті ұсынуға көмектеседі; мемлекет тарихы бойынша кітаптарды зерттемей, оның мәні мен пайда болуының заңды ескерткіштері (ежелгі құқықтық нормалар - Ману Заңы, XII таблица заңдары тәрізді ежелгі құқықтық нормалар мен Орыс Шындығы мен Слитік Шындық сияқты аталмыш варварлық шындықтар кіретін орта ғасырдың заңды ескерткіштері) туралы жалпы көріністі алу да қиынға соғады, ал онсыз берілген жұмысты толық қанды жазу мүмкін емес.
Өкінішке орай, берілген әдебиттердің аса шектеулі көлемі осы жаңа және актуалды сұрақты терең саралауға, оның барлық мүмкін аспектілерін қарастыруға мүмкіндік бермейді. Алайда менің ойымша бүл тақырыптың негізгі аспектілерін қарастырып, оны мейлінше толық ашуға бөгет жасамайды.
1 Мемлекеттік құқықтық табиғаты
1. 1 Мемлекет генезисі: Негізгі концепциялар
Мемлекет пен құқықтың танымын мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтан бастау қажет - адамзат қоғамының тарихында бұл әлеуметтік институт әрдайым болды ма, әлде ол қоғамның дамуының анықталған деңгейінде пайда болды ма? Тарихи логикалық қағидасын жүзеге асыратын осы әдістемелік көзқарас қана, мемлекеттің пайда болуының себептері мен нысандарын, оның сипаттық мүмкіндік белгілерін, қоғам өмірінің алдыңғы ұйымдастырушы нысандарынан айырмашылығын білуге мүмкіндік береді.
Осы себептен алғашқы қауымдық қоғамның жақтарының мінездемесінен бастауға, тікелей осы қоғамды зерттейтін археология мен этнографияның мағлұматтарын пайдалануға тура келеді.
Қазіргі таңда археология мен этнографияның жетістіктерінің арқасында алғашқы қауымдық қоғам туралы, оның дамуының сатылары туралы білім едәуір байыды. Егер 19 ғасырда және 20 ғасырдың басында қоғамдық даму туралы тарихи білім шамамен 3 мың жыл кезеңін қамтыса, қазір 21 ғасырда көптеген аймақтардың тарихы 10-12 мың жылға жетеді, адамзат өміріндегі осындай тарихи шекара туралы едәуір шынайы білім бар.
Сонымен қатар, 19 ғасыр мен 20 ғасырдың басы үшін тарихқа деген евроцентристік көзқарас яғни, Европа мен оған жақын кейбір аймақтардың тарихи білімдері қолданылып, кейін осы білімдер барлық қалған әлемге жасанды түрде таратылу тән болса, онда 20 және 21 ғасырларда ғылыми таным орбитасына жер шарының барлық аймақтарының тарихы үйлестірілді. Осылайша, мемлекет және құқық теориясы қоғамның барлық планетаның мемлекеттік құқықтың даму тарихының логикалық жалпылауы болып шынайы табылады.
Алғашқы қауымдық қоғамның бүл жаңаша түсінуінде ең алдымен осы қоғамның дамуы мен алғашқы қауымдық тарихтың кезеңдігін сипаттайтын білімдерді ажырату қажет. Басқаша айтқанда, бүл қоғамның өзі ешқашан баптық болған жоқ, ол дамыды және түрлі деңгейлерден өтті. Бұндай кезеңдіктің бірнеше түрі ажыратылады - жалпы тарихтың археологиялық, антропологиялық. Мемлекет пен құқық теориясы үшін археологияның жаңа мағлұматтарын негізге алатын және алғашқы қауымдық қоғамның дамуының ең негізгі шегі ретінде «неолиттік төңкерісті» ажырататын кезеңділік айрықша әдістемелік құндылыққа ие.
Неолитте иемденушіден өндіруші шаруашылықта өту кезінде қалыптасқан адамзат өмірінің барлық салаларындағы қағиданың сапалы төңкерісті сипаттай отырып, бұл түсінікті тарихи ғылымға 20 ғасырдың ортасында ағылшын археологы Г. Сайлд енгізді.
Алғашқы қауымдық қоғам өмірінің барлық материалдық негізін, оның әлеуметтік және рухани құрылымын өзгерткен бұндай көшу, бірнеше мыңжылдықтарға созылып кеткенімен, әділетті түрде төңкеріс деп аталады.
Бүл кезеңділік қай алғашқы қауымдық қоғам туралы, ол қандай уақыт шегінде өмір сүргендігі туралы, қоғамның әлеуметтік және рухани құрылымы қандай болғандығы туралы, адамзат қандай өмір сүрудің нысандарын пайдаланғандығы туралы нақты белгілеуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен қоғам теориясы үшін иемденуші экономикасы бар қоғамда және өндіруші экономикасы бар қоғамда қандай әлеуметтік - жүйелер мен билікті ұйымдастырудың қандай нысандары қызмет еткендігін нақты анықтауға мүмкіндік туды.
«Неолиттік төңкерістің» әлеуметтік экономикалық экологиялық мәні мынада болады - өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамзат дайын жануарлық және өсімдік нысандарын иемденумен тағам өндіруге бағытталған шынайы еңбектік қызметке; жаңа жануарлық өсімдік нысандарын тауып, олармен табиғи қарапайым нысандарды алмастыруға көшті. Бұл көшу жер шарындағы ғана емес, сонымен қатар ең алдымен керамикалық бұйымдарды дайындау, металлургия, металл өңдеу тәрізді өзге де өндірістік қызметпен ұштасты.
4-3 мыңжылдықтарға қарай өндірістік экономика адамзаттың өмір сүруінің 2-ші негізгі әдісі болып табылады.
Өндірістік экономикаға көшудің негізіне азаматтық өмір сүруіне қауіп төндірген дағдарыстық құбылыстар жатыр.
Барлық өзінің әлеуметтік және шаруашылық ұйымдастыруының қайта құруымен жауап беріп адамзат глобалді экономикалық дағдарыстан шыға алды. Бұл қайта құруға биліктік қатынастардың жаңа құрылуы да кіреді, яғни, мемлекеттік бірлестіктер мен ертетаптық қана мемлекеттер.
«Неолиттік төңкерістің» нәтижесі болып жер шарының кейбір аймақтарында ерте жер өңдеуші қоғамдардың пайда болуы табылады. Әлеуметтік экономикалық дамудың келесі сатысында ерте жер өңдеуші қоғамдардың өркендеуі орын алды. Олардың негізіне алғашқы өркениеттер болып табылады ертетаптық қоғамдардың қалыптасуы болды [1] .
Осылайша «неолиттік төңкерістің» - адамзаттың өндіруші экономикаға көшуі - алғашқы қоғамдық қауымды объективті түрде өзінің ішкі дамуының әсерінен финалды шекке, яғни, қоғамның әлеуметтік қабаттануына, таптардың пайда болуына, мемлекеттің туындауына жетті.
Әдетте, ежелгі мемлекеттік құрылымдар заң түрде ерте жер өңдеуші қоғамның әлеуметтік негізінде пайда болды, ертетаптық мемлекеттер ретінде сипатталады.
Бастапқыда олар қала мемлекеттер ретінде пайда болды. Еркін одақтастар - жер өңдеушілер тұратын ауыл, енді рулық емес, көршілік одақты ұсынады. Ол алғашқыда ауылдар тобынан шаруашылық діни орталыққа бөлініп шығып, әлеуметтік шаруашылық діни қала орталыққа айналады. Қала мемлекеттік әлеуметтік дифференциацияны, мүліктік қабаттануды нақты біледі. Бұнда ең бірінші бөлінісі территориялық болып бекітіледі, құмырашылар, мысшылар т. б. қолөнершілер кварталдары пайда болды, беделділер бөліне бастады, басқарудың бастапқы аппараты - өндірісті ұйымдастырудың, есеппен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруы, қоғамдық қорлардан алынатын төлемдер тағы басқаларымен айналысатын тұлғалар қалыптасты.
Қала мемлекетте әкімшілік идеологиялық басшылыктың 3 басқару орталығы ұйымдастырылады: қалалық одақ, сарай, храм.
Қала басқа шектесетін ауылдарға қатысты мемлекеттік басқару қызметін атқара бастады. Бұл қызметтер алуан түрлі қауымдық, жер өңдеу жериеленуді басқару, қоғамдық ритуалды дәстүрлерді орындау.
Осылайша, мемлекеттік адамзат өндіруші экономикаға көшетін неолиттік төңкеріс нәтижесі, яғни қоғамдық өмір сүруінің материалдық жағдайларының өзгеруі осы өмірдің жаңа ұйымдастырушысы еңбек нысандарының қалыптасуы үрдісінде Отивті түрде қоғамдық өмірінің жаңа ұйымдастырушысы нысаны болып пайда болды.
1. 2 Мемлекеттің пайда болу теориялары
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Мемлекет мәңгілік табиғатқа ие емес, ол алғашқы қауымдық құрылыста болған жоқ, тек осы қоғамның дамуының финалды негізінде адамзаттың өндірістік және өмір сүруінің жаңа ұйымдық - еңбектік үлгісімен байланысты себептерде пайда болған.
Мемлекеттік билік оның шығу тегі теориялық зерттеудің маңызды объектісі. Ерекше айта кететін жайт, қазіргі кездегі мемлекет теориясында билік арасындағы, олардың ұйымдастырылуы және экономикалық иемдену және экономикалық өндіруші қоғамында, топқа дейінгі және топтық қоғамда жүзеге асырушы үшін арасында ерекшеліктерді жүргізу керек.
Батыстағы отандық мемлекет пен құқық теориясына эквивалентті қоғамдық ғылымдардың кейбір шеңберінде, бірақ мұндай ерекшеліктер әрқашан ескерілмейді, алғашқы қоғамдық қоғаммен ерте таптық қоғам билігі арасындағы шекара өшіріліп қалады. Былайша билік ерте таптық қоғамда мемлекеттік болады, қанаушылық қатынасын бекітуі мүмкін, озушылықтың артықшылығын бекітіп, қамтамасыз етіледі, оның көмегімен негізгі өндірісітк салаларға белгілі бір топтың меншігі бөлінеді және осы тап билік етушіге айналысатыны толық анықталмайды.
Осылайша, тапқа дейінгі эголитарлық қоғамға қарағанда (эголите - теңдік) таптық қоғамда билік саяси болады. Бұл топқа дейінгі және таптық қоғамдағы биліктердің қағидалы ерекшеліктеріне негізделеді[2] .
Мысалы, бүкіл жерде тікелей өндірушілердің еңбегіне басқарушы бойынша еңбекті ауыстыру болады және осы ауыстырудың басшылық ету бойынша еңбекке сыйақының ұйымдастырушылық үлгісі туралы ғана әңгіме болуы мүмкін.
Осылайша мемлекеттік билік әр түрлі жолдармен тарихи дамиды: әскери-иерархиялық құрылым арқылы, қоғамдық лауазымдардың династиялық монополизация (аристократиялық жол) және экономикалық билік етуші таптың артықшылығын, жағдайын бекіту жолы (плутократиялық жол) . Енді, мемлекеттің пайда болуымен тағы бір маңызды қоғамдық дамудың ерекшелігі бар. Бұнда әңгіме қоғамдық дамудың бірдей еместігі туралы, яғни адамзаттың белгілі бір тарихи кезеңдерді отрядтармен өтуі туралы. Бұл процеске объективті ғана сәйкес, субъективті факторлардың да әсер етуі туралы, бұл ең бір фундаментальді заңдылықтардың бірі. Осы заңдылық мемлекеттің пайда болуының әр түрлілігіне әкеп соқтырады.
Бұл заңдылық топтық қоғам мен алғашқы қауымдық арасында жүрген қадамдар арасындағы байланыстың пайда болуына көмектеседі. Оларға сауда, әскери, мәдени, технологиялық байланыс жатады. Осында мемлекеттік байланыс та жатады.
Бірақ олар тек қоғаммен бейімделген жағдайда, қоғам мемлекетпен белгілі бір байланысқа түсуге дайын кезде және оларға белгілі бір әлеуметтік күштер қызығушылық білдірген кезде ғана өз ролдерін ойнай алады.
Бұндай кезде қазіргі кездегі мемлекет теориясында бірінші, екінші, үшінші мемлекеттердің концепциясы пайда болады. Бұның өз мәні бірінші мемлекет қоғамдық өндірістік, әсіресе жер өңдеу шаруашылығының тез өсуіне жағдай жасаған жерлерде дамиды.
Бұндай зонада топтық құрылымдардың және мемлекеттік құрылымдардың орталығы құрылады. Келе-келе олар өздерінің қанаушылығын және оның қамтамасыз ету үлгісі жүзеге асырды. Бұндай қорғалған қоғамда 2 мемлекет пайда болады.
Өзінің еңбектерінің негізіне америкалық этнограф, археолог және алғашқы қауым қоғамның тарихшысы Д. Г. Морганның «Древнее общество» деген 1877 жылы жарық көрген кітабындағы еңбектерін қойды. Энгельстің негізгі еңбегі тек қана Морганның және т. б. алғашқы қауымдық қоғам этнографтарының көзқарастарын жүйелеу ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің пайда болуына деген материалдық топтық бекіту болады. Ол алғашқы қауымдық қоғамның өмірінің материалдық шарттағы ролін анықтады: еңбек етудің үлгісін, шаруашылықты енгізу, еңбек бөлінісі меншіктік мемлекеттің пайда болуы мен дамуына Морганның зерттеген солтүстік америка үнділерінің рулық байланысы туралы ғылымын, білімін пайдаланып, гректік, римдік және германдық тарихтың экологиялық процесін түсіндірді. Осылайша, қазір Энгельстің еңбектерінің шыққанына 100 жыл болса да мемлекеттің пайда болуын зерттеймін дегендерге онымен танысу өте пайдалы [3] .
Сонымен қатар осы еңбектегі кемшіліктерді және қателіктерді де білу керек. Олардың бір бөлігі Энгельс сүйенген Морганның қателіктерінен шықты.
Энгельс өте тұрпайы, жүйеленген алғашқы қауымдық қоғамды «шешімді қарауға» яғни, бастысы: «садақ пен оқ жабайылылық үшін, темір қылыш варварлық үшін, оқты қару өркениет үшін» деп айналдырды. Бірақ бұл жерде қарудың сәйкес өндіруші күштерді догматикалық түрде асырып жіберген. Бұл күштер адамзаттың тарихындағы ең ірі неолитикалық революцияға әкелген. Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Ол осы құбылыстардың пайда болуын олар түрлінше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі топқа қанаушы және қаналушы топтарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі топ нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым - мемлекет пайда болады. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей (туғызу үшін туғызған) топты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жағдай туғызу үшін құрылған. Сондықтан қандайда мемлекет болсын тек қанауды мақсат тұтып бай үстем таптың игілігін көздеп, мүддесін қорғайды. Социалистік мемлекет те таптық мемлекет. Бірақ ол сан жағынан қоғамның басым көпшілігін құрайтын еңбекші топтың мүддесін қорғайды.
Марксистік теорияда мемлекеттің пайда болу таптық теория тұрғысынан түсіндіріліп, рулық қауым ыдырау жеке меншік пайда болуын қоғам 2 топқа қанаушы және қаналушы топтарға бөлінген соң олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар орын алады. Сол екі топ күресте бірін-бірі жойып жібермеу үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым мемлекет пайда болды. Мемлекет кедей тапты байлардың еркіне көндіріп оны қанауға, езуге, оларға жағдай туғызу үшін құрылған. Сондықтан қандай да мемлекет болсын тек қанауды мақсат тұтып, бай үстем таптың мүддесін қорғайды дейді.
Бұл теория процесті материалистік тұрғыдан дұрыс түсіндіргенмен, кұқық және мемлекет байланысындағы экономикалық құрылысқа, таптық құрылымдарға, күштеу және зорлауға өте үлкен маңыз береді. Дәл осы теорияда құқық өзінің аппаратынсыз (құқық нормаларын жүзеге асыруға күштеп көндіретін) өз мәнін жоғалтады, - деп айтылған. Осының әсерінен құқықтың реттеуші жүйедегі құны жойылып, репрессивтік зорлық функциясы жоғары қойылды.
Маркстік теорияның тұжырымдалуынша (түсіндіруінше) құқықтық нормалардың таптық сипаты ескі рулық әдет-ғұрыпты ығыстырып шығарғанымен негізгі мәнін сақтап қалды. Жеке меншіктің пайда болуымен, топтардың құрылуы қоғамдық теңсіздікті алып келді. Ал, қоғамның топқа бөлінуі мен меншіктің пайда болуына орай орындалуы мемлекеттің зорлау күшімен қамтамасыз етілген жүріс-тұрыс тәртібі пайда болды. Мұның барлығы әрине шындық қатарынан орын алады және белгілі бір халық пен мемлекеттер тарихынан көп мысалдар келтіруге болады.
Бірақта бұл процестерді қомақты етіп көрсету, құқықтың пайда болуы заңдылығының жалпы әлеуметтік түсінігін және шындықты бұрмалау болып табылады.
Бірақта осы негізде кұқықтың пайда болуы маркстік теорияның жетістіктерін жоққа шығаруға тағы да болмайды. Тарихи принципті құқықтың әлеуметтік институт ретінде пайда болуының, таптық құрылымдарымен құқықтың байланысы және тағы басқа да жағдайлар маркстік бағытта да үлкен теоретико-құқықтық, ойлардың қозғалысы ретінде қарастырылады. Құқықтың пайда болуының жекеленген мәселелерді басқа да теорияларда (психологияның, паретивтік, нормативтік, әлеуметтік және т. б. ) қарастарылады.
Күш көрсету теориясы идеялық қайнаркөздері құл иеленушілік кезеңнің өрінде пайда болды. Оның өкілдері мемлекет күш көрсету және басып алушылық нәтижесінде пайда болды деп ойлаған. Күш көрсету теориясының ғылымдык негіздері ХІХ-ХХғғ. болды. Оның мәні жеке меншіктің таптардың мемлекеттердің пайда болуы ішкі және сыртқы күш көрсетудің нәтижесі ретінде, яғни тікелей саяси әсер ету жолымен байланысты. Мемлекет қанаушылықтың органы болды тек әлі де жеңушімен жеңіп алушылар арасындағы заңдық ерекшелік кетпеген елдер бар [4]
Сонымен қатар, мемлекет пен құқықтың шығуын зорлық-зомбылықпен байланыстырады. Күшті тайпалар әлсіз тайпаларды жаулап алып бағындырып, олардың қарсылығын басып тұру үшін мемлекет және оған тән басқару, күш қолданатын органдарды құрады дейді. Күш көрсету тероиясының сипатты ерекшеліктері Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский еңбектерінде көрінеді.
Дюринг ойы бойынша қоғамдық дамудың негізі - саяси актілер нәтижесі. Мемлекеттің пайда болуының бірінші факторын тікелей саяси күштерден іздеу керек. Дюрингтің ойы бойынша қоғам кем дегенде 2 адамнан құрылу керек. 2 адамдық ерік бір немесе бірімен тең және олардың бірі де екіншісіне талап қоя алмайды. Істің мұндай жағдайында, яғни қоғамның тең тұлғалардан тұрғанда теңсіздік пен құлдық мүмкін емес. Мемлекеттің шығу тегін түсіндіру үшін Дюринг үшінші адамды әкеледі, өйткені онсыз көпшілік дауыспен шешім қабылдана алмайды, ал ондай шешімсіз, яғни көпшіліктің азшылыққа билік етуінсіз мемлекет пайда болмайды. Оның ойы мен меншік, таптар мен мемлекет қоғамның бір бөлігінің екіншісінің үстімен күш көрсету нәтижесінде пайда болады [5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz