Саяси режимдердің ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

2009 Саяси режимдердің ерекшеліктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

60 бет

Мазмұны

Кіріспе…… . . . . . .
6
Кіріспе…… . . . . . .: 1 Саяси режим түсінігінің шығу тарихы мен жалпы сипаттамасы . . .
6: 8
Кіріспе…… . . . . . .:
6: 1. 1 Саяси режим түсінігінің негізгі зерттеу тұрғылары. . ………. . . .
8
Кіріспе…… . . . . . .:
6: 1. 2 Саяси режимнің мемлекет нысаны ретіндегі қазіргі заманғы көзқарас . . .
14
Кіріспе…… . . . . . .:
6: 1. 3 Саяси режимнің негізгі белгілері . . .
17
Кіріспе…… . . . . . .: 2 Саяси режимнің құрылымы . . . .
6: 20
Кіріспе…… . . . . . .:
6: 2. 1 Саяси режимнің қызмет ету ортасы . . .
20
Кіріспе…… . . . . . .:
6: 2. 2 Қазіргі заманның саяси режимдерінің типологиясы . . .
22
Кіріспе…… . . . . . .:
6: 2. 3 Саяси режим динамикасы мемлекет нысанының элементі ретінде . . .
30
Кіріспе…… . . . . . .: 3 Саяси режимдердің ерекшеліктері . . . . .
6: 36
Кіріспе…… . . . . . .:
6: 3. 1 Либералдық және демократиялық режимдерді ұйымдастырудағы жалпы және ерекше көрінісі . . .
36
Кіріспе…… . . . . . .:
6: 3. 2 Тоталитарлық және авторитарлық режимдердің негізгі белгілері мен ерекшеліктері…… . . .
48
Кіріспе…… . . . . . .: Қорытынды . . .
6: 55
Кіріспе…… . . . . . .: Пайдаланылған дерек көздер тізімі . . .
6: 58
Кіріспе…… . . . . . .: Қосымшалар. .
6: 60

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі уақыт Қазақстан Республикасы үшін ұлттық мемлекетіміздің қалыптасу кезеңі болып табылады. Мемлекеттің нысаны мемлекет және құқық теориясының өзекті мәселелерінің бірі. Осыған орай, дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі мемлекеттің тәжірибелік қажеттіліктерімен айқындалады, өйткені мемлекеттің нысаны оның мазмұны мен функцияларына өз әсерін тигізетіндігі баршамызға мәлім.

Аталмыш тақырып соңғы онжылдықтар ішінде Денисов А. И., Петров В. С., Лазарев В. В., Алексеев С. С., Липень С. В. секілді көптеген ресейдің белді ғалымдарымен көтерілді. Олардың әрқайсысы «саяси режимді» түрлі мемлекеттік құрылымдағы көптеген мемлекеттердің мысалында тарихи аспектіде қарастырған. Кез келген мемлекеттің саяси жүйесінің сипаттамасы мемлекеттегі саяси режимімен айқындалады.

Дипломдық жұмыстың объектісі - саяси режим терминің, оның тарихи және құқықтық табиғатын зерттеген көптеген ғалымдардың еңбектері.

«Саяси режим» термині 1960-1970 жж. пайда болды. Дәл сол кезде заңи әдебиетте бұл терминнің қолданыла бастағанын байқаймыз, (мысалы Денисов) және оның түсінігі де зерттеле бастады, (мысалы Петров), бірақ аталмыш авторлардың «саяси режим» бойынша көзқарастары екі түрлі болып келді.

Денисов А. И. саяси режимді мемлекеттің нысанына жатқызбайды. Ол туралы ол былай дейді: «Мемлекеттік құрылымның билік ету нысанынан саяси режим айырықша болып келеді. Саяси режим термині мемлекет және құқық теориясында мемлекеттің кез келген таптық құбылысты білдіреді, сондай-ақ бұл мағынада ол таптық билікті жүзеге асырудың белгілі бір әдісінің диктатура терминіне сәйкес болып келеді [1] .

Сонымен қатар, однан кейін В. С. Петровтың еңбегі жарық көрді, онда ол «саяси режим» терминін мемлекет нысанының үштігіне енгізеді. Яғни, ол: «Мемлекет нысаны деп біз мемлекет ішіндегі саяси биліктің, ұйымдастыруын айтамыз. Бұл ретте ол мына үш элементтен тұрады: билік ету нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны және саяси режим. Саяси режим - ол демократияның сипаттамасы мен қалпында, сондай-ақ қоғамдағы саяси бостандық түрінде білдірілетін мемлекетті ұйымдастырудың нақты көрінісі болып табылады» [2] .

Осылайша, бүгінгі таңда да бұл көзқарастарды ұстанатын ғалымдар жетерлік, олар екі тұрғыдан тұрады: біріншілері - саяси режимді мемлекеттің нысанына жатқызады (В. С. Петровтың көзқарасы), екіншілері - саяси режимді мемлекеттің мазмұнымен байланыстырады (А. И. Денисовтың көзқарасы) .

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәнін саяси режим түсінігінің негізгі зерттеу тұрғылары құрайды.

Біздің ойымызша саяси режим мемлекет нысанының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Саяси режим - қоғамның функционалдық жағын білдіреді, яғни ол белгілі бір аумақта билікті жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерінің жиынтығы болып табылады.

Қазіргі заманда бір-бірінен онша айырмашылығы жоқ саяси режимнің шамамен 140-160 түрі бар. Осы жұмыста біз саяси режимдердің негізгілерін қарастыра отырып олардың ерекшеліктерін айқындауға тырысамыз, ал сол негізгі түрлерінен туындайтын көптеген режимдерге де тоқталып өтеміз.

Зерттеудің мақсаты - саяси режим түсінігін ашу, олардың маңыздылығы мен ерекшеліктерін зерттеу және салыстыру. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар өзара байланысты міндеттерді шешуге тура келеді:

- саяси режим түсінігінің шығу тарихын зерттеу және оған жалпы сипаттама беру;

- саяси режимнің құрылымын қарастыру, оның ішінде оның қызмет ету ортасына, классификациясы мен динамикасына тоқталып кету;

- саяси режимдердің ерекшеліктерін либералдық және демократиялық режимдер мен тоталитарлық және авторитарлық режимдерді салыстырып зерттеу арқылы айқындау.

Қазіргі таңдағы Қазақстанда жүріп жатқан саяси процестерді анығырақ қарайтын болсақ, біздің еліміз бір саяси режимнен екінші режимге көшуді бастан кешіруде, атап айтқанда «тоталитаризмнен» «демократияға» ауысуда.

Алдымен саяси режимнің анықтамасынан бастайын. Әрбір мемлекеттің өзінің саяси режимі болады. Саяси режим дегеніміз мемлекеттің саяси билігін қоғамда жүргізудің әдістер, тәсілдер, нысандар жиынтығын, саяси еркіндік дәрежесін, адамның қоғамдағы құқықтық жағдайын және елдегі саяси жүйенің белгілі типін атайды. Режим - жоғары таптың экономикалық және саяси билігін жүзеге асыру құралдары мен әдістерінің жиынтығы.

Саяси режимдерді саралаудың көпке танымал, кеңінен тараған түрі оларды тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп саралау. Саяси режимдер типологиясы:

- демократиялық саяси режим;

- либералдық саяси режим;

- авторитарлық саяси режим;

- тоталитарлық саяси режим.

Зерттеудің методологиялық негізін жалпы ғылыми әдістер, оның ішінде тарихи және қисынды зерттеу тәсілдерімен қатар, арнай және жеке құқықтық әдістер құрайды. Бұл әдістер отандық, ресейлік және шетел ғалымдарының еңбектерін зерттеуде, сондай-ақ саясаттану мен конституциялық құқық бойынша оқулықтар мен мерзімді басылымдардағы материалдарды талдауда өз көріністерін тапты.

Дипломдық жұмыстың құрылымы аталған міндеттерге сүйенеді, яғни: кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты, зерттеу объектісі, пәні және методологиялық негізі көрсетілген. Бірінші тарауда саяси режим түсінігінің шығу тарихы мен жалпы сипаттамасы қарастырылған. Екінші тарау саяси режимнің құрылымын зерттеуге арналған. Үшінші тарауда саяси режимдердің ерекшеліктері айқындалады. Сонымен қатар, осы дипломдық жұмыстың құрылымына библиография мен қосымшалар кіреді.

1 Саяси режим түсінігінің шығу тарихы мен жалпы сипаттамасы.

1. 1 Саяси режим түсінігінің негізгі зерттеу тұрғылары

Саяси режим түсінігінің шығу тарихы мен жалпы сипаттамасын қарастыратын болсақ, онда тарихқа жүгінуге тура келеді. Мәселен, ежелгі замандағы ойшылдардың ешқайсысы «саяси режим» секілді түсінікті қолданбағаны баршамызға мәлім.

Зерттеушілердің пайымдауынша «саяси режим» түсінігі тым кеш пайда болды десек те болады. Бұның пайда болуы айтарлықтай деңгейде саяси оймен дәйектелініп, қазіргі таңда қолданылып жүрген маңызды саяси идеялар талдауларының көбісі өз бастауын антикалық дәуірлен алады.

Осылай, Ежелгі Грециядан мұра ретінде қалған көбінесе бір-бірінен ерекшеленетін позициялар және әр түрлі қолданылған дәлелдер ерекше ықылас ұсынады. Олар, саяси режимдердің қызметінде бізді қызықтаратын барлық мәселелерге толығымен өз үлесін қосты - олардың әрекет жасау ерекшелігін талдауда, қалыптандыру тәсілдерінде және трансформацияның қозғалысында.

Мысалы үшін, Платон (б. з. д. 427-347жж. ) өзінің саяси көзқарастарында элитаризмді мұра еткен, бұл тұрғы жалпы ежелгі грек философиясының және аздап эллинизм кезеңінің гүлденген кезеңінде барлық ойшылдарға тән болған екен, аталмыш және өзге де тұрғыларында өзінің ұстазы Сократ идеяларының ізбасары болғаны анық. Ол аристократияны, теократияны, олигархияны, демократияны және тиранияны ерекшелей отырып, сонымен қатар, оны адамдардың жан дүниесінің бес түрлі құрылымымен байланыстыра мемлекет құрылымының түрлері туралы қызықты байқауларын қалдырды. Алайда, оның басты үлесі бұл емес [3] .

Бастыстың пессимисті бола тұра саяси нысандардың эволюциясында біршама дегардация көріністерге ұшырауын қарастыра отырып, Платон өзінің «Мемлекетінде», сондай-ақ «Заңдарында» шын мәнінде легисттік жобалардың жалғасы деп, және тоталитарлық билік тұжырымдамасының жан жақты негіздей отырып «ізгі мемлекет» бейнесін құрастырды.

Аристотельдің (б. з. д. 384-322 жж. ) саясатқа деген көзқарастары айтарлықтай өзгеше болды. Антиканың бұл алыбы, энциклопедиялық танымдармен бірдей және бізге өз шығармаларында өз дәуірінің интеллектуалды және адамгершілік байлықтарын жеткізген адам.

Е. Вятраның нақты бақылауы бойынша оның саяси болмыстарға талдауы «басқа ежелгі философтардың, атап айтқанда Платоннан» айтарлықтай ерекшеленеді, өйткені «ол тарихта бірінші рет эмпириялық тәсіл-бақылау және индукцияны қолданды [4] .

Аристотель құрастырған саяси нысандардың типологиясы мен режимдері өте қызықтырады (А қосымшасын қараңыз) .

Ғалым онда билік етудің барлық нысаны, кез-келген қанша болса да тұрақты режим екі әр-түрлі қалыпта бола алады.

Біріншіден, режим (өзіне тән құрылымдық сипаттамаларға қарасатан) жағдайға теп-тең бола алады және қоғамның кең қабаттарының мүдделеріне толығымен әрекет ете алады.

Екіншіден, билік ететін элита демократия жағдайында да өздерінің пайдакүнемдік мүдделерін қорғай алады және өмірге негізуге талпына алады.

Эллиндік ойшыл билік етудің негізге үш нысанын ерекшелейді:

- мнархия;

- аристократия;

-полития.

Ол оларды «дұрыс», яғни негізінде қоғам мүддесін қорғаушы ретінде қарастырған. Алайда, бұл нысандармен қатар, «дұрыс емес» нысандар бар, олардың пайда болуы дұрыстың туындауымен байланыстыү осылай Аристотель монархия тиранияны туындатады, аристократия - олигархияа, ал полития - демократияғы (немесе охлократияға, бұны кейін Полибий нақтылады) .

Жаңа уақыт дәуірінде ғалымдар негізінде мемлекет туралы өздерінің ойларымен толықтыра отырып Платон және Аристотель берген түсініктерді дәлелдейді. Осылай, Макиавелли саяси режимнің билік ету нысанының жаңа типологиясын құрмай, Полибийдің пікіріне ерді. Полибий болса, ол Аристотель мен Платонның көзқарастарымен ортақ болған.

Алайда, ол біріншіден, ол абсолюттыққа мемлекет болу шарттарына жаңа пікір енгізді, ежелгілердің типологиясы әбден жаңа жағдайда саяси күресті талдау кезінде толығымен жұмысқа қабілетті екенін көрсетті, екіншіден, билік етуджің бір нысанынан екінші нысанына ауысуйына қатысты бірқатар маңы, ды ескертулер жасады. Ол бірінші рет тирания орнатылуының әлеуметтік түбірін ашты және оның келуі ұлттық бытыраңқылыққа, басқыншылардан мемлекеттің әлсіреуіне дайындайтынын көрсетті, Макиавелли оларды «тәртіпсіздік» және «азғындық» деп атайды.

Сөйтіп, флорентиялық ойшыл әр түрлі саяси жүйелердің әлеуметтік негізін айтарлықтай толық талдайды, ол тек еуропалық мысалдарға ғана емес, шығыс ақиқөатына да жүгінеді.

«Саяси режимдер» теориясының дауына Шарль Луи Монтескье (1689-1755) де біршама үлесін қосты, ол бірақ дәстүр бойынша саяси билік етудің «таза түрін» қарастырды, оларға тарихи-географиялық өлшем тұрғысында жақындады және саяси мекемелер мен қоғамдағы заңдар жай «қоғамдық келісімнің» нәтижесі немесе дана билік етуші жолдауы емес екенін нақты негіздегенін байқауға болады [5] .

Бұл заңдар әр нақты қоғамда әр түрлі және толығымен оның ерекшеліктерін - климатпен, «адмагершілікпен», аумақтың үлкендігімен, тарих жағдайымен анықталады. Сондықтан Монтескье саяси режимнің қызмет ету ортасы туралы сұрақтар қарастырады - геграфиялық, психологиялық, әлеуметтік. Жаңа уақытта көптеген зерттеушілер саяси режимдердің жалпы болмысын қарастырмай оның нақты түрлеріне назар аударған.

Осылай фрнацуз ойшылы А. де Токвиль (1805-1859) және оның идеяларын қуушы ағылшын Джон Стюарт Милль (1806-1873) дамым келе жақтан белсенді демократия терорисының өкілдері болды. Негізінде, батыстың демократиялық теориясын Макиавелли, Гоббс, Локк, Монтесье, Джеймс Милль, Бентам, Рессо, Волстоункрафт, Дж. Ст. Милль, Токвиль және т. б. ойшылдар дамытты. Кейін, саяи режимге қөзқарасты «өзгеруге» марксизмн теориясының өкілдері кірісті. Олардың иделарын большевизмнің теоретиктері мен тәжірибешілері (В. Ленин, Л. Троцкий, Н. Бухарин. И. Сталин және басқалары) айналысты, олардың жұмыстары саяси режимнің зерттеушісіне коммунисттік режимнің қызмет етуінің білімпаздарының материалдары ретінде үлкен қызығушылық тудырды. Біршама кейінірек саяси режимге бірінші қазіргі таңғы анықтамаларды француз политолог М. Дюверже берді. Саяси режимді «дауыс беру арқылы бір немес бірнеше шешім қабылдау типтері, бір немесе бірнеше қысым құрылмы бар партиялар жүйесінің білгілі бір үйлесімі» деп түсінді [6] .

Француз политологы Ж. -Л. Кермонн М. Дюверженің формуласын «саяси режим» түсінігіне легитимдік принципін, институттардың құрылмын, партиялық жүйелерді, мемлекет нысан мен рөлін қоса отырып, нақтылады. Саяси реижимнің осы түсінігі көп кақытқа дейін бекітілді және еуропалық ғылымда жалпы танылды.

Саяси режимдерді зерттеуде саяси режим түсінігі бойынша батыс саяси ғылымы айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Кеңестің қоғамтануы - саяси жүйе түсінігін басшылыққа ала отырып, бұл түсініктен мүлдем алшақтап кетті. Саяси режим мемлекеттік құрылғы нысаны және басқару нысаны ретінде санаттармен тығыз байланыста болатын мемлекет және құқық туралы ғылымда теоретикалық санат ретінде орынға ие болуда.

Мысалы, 1985 жылдан кейін КСРО және басқа да социалисттік елдерде тоталитаризм құлай бастағаннан кейін бұл мәселе саяси тәжірибеде басты мәселелердің бірі бола бастады. Ғылыми әдебиетте саяси режимді анықтаудың көптеген түрлері бар. Мемлекеттік-құқықтық ғылымда: «Саяси режим - мемлекеттік билікті жүзеге асыруда құралдар мен әдістердің жиынтығы», деп көрсетілген.

Саяси ғылымда саяси режим тәртібі «саяси жүйе» санатымен тығыз байланысты және саяси ғылымда бұл түсініктер айтарлықтай екі бағытта болатындығына қарамастан саяси жүйенің жүзеге асырылуы мен даму ерекшеліктерімен байланысты болғандықтан қарастырылады.

Кейбір жағдайларда оларды синоним ретінде де қарастырады. Тіпті кейбір жағдайларда саяси режимді бір бірінен бөлмейді. Кейбір жағдайларда саяси жүйе мен саяси саяси режимді бір бірінен айтарлықтай алыстатады.

Саяси режимге әмбебап түсіндірме беру айтарлықтай қиын. Аталғандарды политолог Ж. Л. Кермонның түсіндіруінше «Саяси режимнің астарында белгіленген мерзім аралығында аталған елдің саяси билігін қалыптастыруға ықпал жасайтын идеологиялық, институциалдық және социалдық тәртіптегі элементтердің жиынтығы бар» [7] .

Ғылыми әдебиетте көп таралған болып табылады, осыған сәйкес саяси режим саяси жүйенің функциналдық компонентін танытады.

Мұндай жағдайда саяси режим саяси қатынастарды дамытуға бағытталған әдістер мен тәсілдерді енгізеді.

Қазіргі қоғамда - бұл конституциялық - құқықтық принціптер мен құрылымдар, институционалды және саяси нормалардың басты құндылықтары, ол саяси жүйенің жұмысын реттейді, нақтырақ айтсақ, саяси режим - ол қоғамдағы саяси жүйенің негізгші элементтерінің байланысы және іс жүзінде әрекет жасау тәсілі болып табылады.

Саяси жүйе мен саяси режимнің мұндай қатынастары ноталық қатар мен мозайканы еске түсіреді, яғни не бәрі жеті нотадан немесе бірегей кішкентай кесінділерден қандай да бір әуенді немесе кез келген оюды жасауға болады. Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері өзара байланысты болғандықтан, олар қандай да бір саяси режимнің типін, сондай-ақ саяси жүйенің де типін айқындайды. Саяси режим түсінігі биліктің негізгі жүйесі туралы ұсынысты қалыптастырудың бастысы болып табылады.

«Тоталитаризм» терминін журналисттер 1920- жылдың басында 30-жылдардың аяғында қолданысқа енгізіп және айтарлықтай әрқашан оның түсінігінде ресей немесе герман тәжірибесінің сілтемесін меңзеу түсінігі болатын. Бұл тәжірибе Кеңес Одағында да назардан тысқалмады, оған куә шығып жатқан энциклопедиялардағы «тоталитаризм» терминін енгізу болды (алайда идеологиялық себептер бойынша терминнің мағынасы айтарлықтай бұрмаланған болса да) . Түсініктеме ретінде энциклопедияға еніп, тоталитаризм түсінігінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтайтындардан мысал келтірейік.

Неміс энциклопедиялық сөздігі ұлтшыл Германия, фашисттік Италия және коммунисттік Ресей тәжірибесін басшылыққа ала отырып, былай деп жазған: «Тоталитаризм дегеніміз орталықтандырылуға, унификацияға және барлық саяси, қоғамдық және рухани өмірді бір жақты реттейттеуге әкелетін қарқынды даму». Кеңестік ірі энциклопедиясында: «Тоталитарлық мемлекет - айтарлықтай реакциялы империалисттік бағыттағы террористтігі ашық буржуаздық мемлекеттің түрлері. Гитлерлік Германия және фашисттік Италия тоталитарлы мемлекеттер болған» [8] .

Ағылшын Британияда «Тоталитарлық мемлекет - Германиядағы ұлтшыл үкіметіне, Италиядағы фашисттікке және ресейдегі коммунистікке қатысты қолданылатын ұғым, онда толығымен орталықтандырылған бақылау орын алған». Тоталитарлық мемлекеттерде саяси партиялар жойылған немесе «үйлестірілген», бір партя құрамындағы және класс арасындағы шиеленісулер бірікке мемлекет шегінде жасырылады.

Бұл ретте, біздің ойымызша тоталитаризм басқа да саяси құрылымдардан масштабтылығымен, , унификациясымен және бір жақты регламентімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет.

Басқа сөзбен айтқанда оның табиғатын түсіну үшін тоталитаризмнің шығуын зерделеу керек. Авторитаризм және демократиядан тоталитаризмнің ерекшелігі ол сайлау (демократия) немесе саяси кризис және кейін туындайтын шиеленіс (авторитаризм) негізінде туындамай, әлеуметтік, экономикалық және политологиялыұ кризисті толығымен қамту нәтижесінде туындайды.

Қоғамдық кризисті жалпы қамтудың нәтижесінде тұрғындар саяси экстремисттік бағыттың аясында жаппай жұмылдырылып, кейін қоғамда орын алған қарама-қайшылықтың жиынтығынан жедел және радикалды шешуге жинақтайды. Мұндай мобилизация соңында билікке революция күштерінің келуінде шешуші мәселенің бірі болады (Ресей, Иран) .

Қандай жағдай болса да тоталитарлық режим олар үшін келесі жалпы сипаттарға ие болады:

1. адам тұрмысы тарапына ауадай қажеттердік бәрін қамтитын ашық түрдегі идеологиялық доктринаның болуы, ол қоғам мүшелерінде туындайтын барлық әлеуеттік сұрақтарға жауап беруге және аталған қоғамда тұратындарды шамамаен қолдауға ұмтылатын болады. Бұл идеология қоғамды ахуалды жетілдіру үшін қандай да бір бағытқа бұрады («коммунизм», «нәсіл тазалығы», «қоғам», «ислам мемлекеті») .

Нақтырақ айтақанда ол қалыптасқан қоғамды тікелей қабылдамауға негізделген және жаңа қоғамды қалыптастыру үшін әлемді жаулап алуға ұмтылатын хилиастикалық бағытты ұстанады. «Жау тұрпаты» тоталитарлық идеологияның маңызды компоненті болып, қоға ішіндегі зиян келтірушілер мен диверсанттар, сондай-ақ ішкі қоғамның жауласуы тарапындағы үрей алдында қоғамды біріктіруге жол беретін тәртіп.

2. Бір ғана жаппай пария, оны бір адам басқарады, ол харизматикалық тұрғыдан жетекші және тұрғындардың шағын бөлігін өзіне қаратады (10 пайызға дейін), партияда ойы нақты және тұрақты, идеологияға берілген және оны кеңінен тарату үшін ықпал жасайды; иерархия, олигархия принціпі арқылы ұйымдастырылған партия, бюрократтық мемлекеттік ұйымның тарапынан құрылған немесе толығымен бір бағытта болады.

3. Партияға қолдау көрсететін және онымен жауласу барысында бақылауды жүзеге асыратын полицейлік лаңкестік жүйесі. Мұндай жүйе режимнің «жауларына» қарсы ғана бағытталып қоймай, тұрғындардың еркімен сайланатын клссқа да қарсы болуы мүмкін, сонымен қатар жасырын полицияның терроры жүйелі түрде қазіргі заманғы ғылымды қолданады, әсіресе психологияда.

4. Технологиялық шартты және айтарлықтай бәрін қамтаған бақылау партиясы және жаппай коммуникациылық, ақпараттық-баспасөз, радио, киноның сол бағытта болуы.

5. барлық қаруланған күштерге аналогиялық, технологиялық шартты және айтарлықтай толық бақылау жасау.

6. барлық экономикаға орталықтандырылған бақылау жасау және бұрынғы бағынысты құрам арқылы бюрократтық үйлестіру арқылы басшылық жасау; мұндай бақылау әсіресе қоғамдық ұйымдар мен топтардығ басым бөлігінде орын алып жатады [9] .

Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады.

Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:

- билікте қандай саяси күштер болады және олар қандай механизммен билікті жүзеге асырады;

- саяси билік қалай шынайы таратылады және оның жүзеге асуын кім бақылайды;

- қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда кепілдіктер беріледі;

- қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;

- саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай әдістер, тәсілдер және құралдар қажет т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси режимдердің жіктелуі жайында
«ХХ ғасырдағы тоталитарлы саяси режимдер»
Саяси режимнің негізгі типтері және оларды жіктеу принциптері
Төтенше жағдай режимінің құқықтық негіздері
Тоталитарлы саяси режим
Әкімшілік - құқықтық режимнің түрлері
1929 – 1933 жж дүниежүзілік экономикалық дағдарыс туралы ақпарат
Саяси режимдердің жіктелуі
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz