Бұлтты есептеулердің моделі мен қасиеттері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. Бұлттық есептеулер және даму тарихы . . . 4
1. 1 Бұлттық технологиялардың түрлері . . . 5
1. 2 Бұлтты қызметтің модельдері . . . 6
2. Бұлттық технологиялардың құрал-жабдықтары . . . 7
2. 1 Пайдаланудың тиімді жақтары . . . 7
Қорытынды . . . 8
Қолданылған әдебиеттер . . . 9
КІРІСПЕ
Соңғы кезде үрдіс алып отырған жаңа технологиялардың бірі - Бұлттық технология . Ағылшынша “ Cloud technology ” немесе “ Cloud computing ” (Cloud - бұлт; technology - технология; computing - есептеулер) “бұлт/бұлттық есептеулер” немесе “бұлт/бұлттық технология, қызметтер” деп те атайды. Бұлттық есептеулерді қарапайым сөзбен былай түсіндіруге болады: тұтынушы өз компьютерінде белгілі бір бағдарламаны іске қосқанда негізгі есептеулер мен ондағы дереккөздер интернеттегі шалғай серверлерде орындалып, сол жерде сақталады да, ал жұмыс нәтижесі жаңағы тұтынушының компьютерінде стандартты веб-браузердің терезесіне шығарылып көрсетіледі. Сloud computing-ді жүзеге асыратын серверлерді «есептегіш бұлттар» деп атайды. Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі бағдарламалармен жұмыс істеудегі басты айырмашылығы - тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне интернет-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арқылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, ал бірақ сол дереккөздер орналасқан операциялық жүйеге, бағдарламалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды. Бұлтты технология деген қызмет көрсететін әртүрлі ұғымдардан тұратын үлкен бір тұжырымдама. Бұлтты технология тұтынушыға ғаламтор арқылы онлайнжағдайында деректерді өңдеуге мүмкіндік береді. Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі программалармен жұмыс істеуден басты айырмашылығы- тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне ғаламтор-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арқылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, бірақ сол дереккөздер орналасқан амалдық жүйеге, программалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды.
- Бұлттық есептеулер және даму тарихы
Бұлттық есептеу (ағыл. cloud computing) қажетті конфигурацияланған есептегіш ресурстарға(мысалы, мәлімет өткізетін желілерге, серверлерге, ақпарат сақтау құрылғыларына т. б., барлығына бірдей немесе бөлек-бөлек) қай жерде болмасын, әрі ыңғайлы қол жеткізуді (access) қамтамасыз ету моделі. Бұлттық есептеу технологиясы бойынша қажетті IT ресурстарды төменгі эксплуатациялық шығындармен қолдануға мүмкіндік береді. Бұлттық технология тұтынушылары өздерінің ақпараттық инфрақұрылына жұмсайтын шығындарын азайта отырып, есептегіш қажеттіліктерінің өзгеруіне иілімді есептеу (elastic computing) арқасында шапшаң жауап бере алады.
« Бұлтты есептеу » анықтамасы 1960 жылы Джон Маккартидің қай уақытта болмасын компьютерлік есептеулер «жалпыхалықтық пайдалану» арқылы жүзеге асырылатын болады деген тұжырымынан кейін пайда бола бастады. Бұлтты есептеулер идеологиясы байланыс каналының дамуы мен бизнесте, өз ақпараттық жүйелерінің горизонтальды масштабталуы болған жеке қолданушыларда қолданылуы геометриялық прогрессия бойынша өсуі арқасында 2007 жылы атақтылығы арта түсті. Кейін «бұлтты есептеу» анықтамасын әр түрлі компаниялар қолдана бастады, мысалы Google. Ерекше мысал ретінде браузер арқылы офистік документтермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Google Docs қызметін атап өтуге болады. Бұлтты есептеулер (ағылшынша. cloud computing ) - компьютер ресурстары және қуаты интернет-сервис сияқты қолданушыға жеткiзiлiп берiлетiн мәлiметтердi өңдеу болып табылады. Бұлтты сервис ерекше қолданушы-серверлiк технология - желідегі серверлердің тобын, соның ішінде процессорлық уақытты, жедел жадыны, диск сияқты кеңiстiкті, торлық арналарды, мамандандырылған контроллерлерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді клиенттің қолдануы болып табылады, яғни қолданушы үшiн барлық топ бiртұтас виртуалды сервер сияқты көрiнедi және де қолданушы тұтынылатын ресурстардың көлемін өз қажеттiлiгiне қарай өзгерте алады. Сондай-ақ, төлемақы арқылы белгілі бір өзгертулермен сервер қуатын жоғарлатып немесе төмендете алады.
Бұлтты есептеулер (дүние жүзілік нарықта)
IDC (International Data Corporation) ұйымының зерттеуі бойынша батыс европаның көптеген мемлекеттері, яғни 1/3 бұлтты есептеулерге шығынды 25 пайызға ұлғайтпақшы. IDC сарапшыларының айтуы бойынша Батыс Еуропада cloud computing қолданылуы төмен, алайда 2014 жылға дейін бұл көрсеткіш 300 пайызға көтеріледі.
Бұлтты есептеулердің маңызы және болашақта көп қолданылатыны жайлы көптеген компания сарапшылары қарастырған. Мысалға келтіретін болсақ: Parallels ұйымы, Gartner, Edge Strategies, Microsoft, Forrester Research, Cisco, IHS iSuppli және тағы басқа да үлкен компаниялар.
Дүние жүзілік нарықта бұлтты технологиялар нарығында көсбасшы компаниялар АҚШта: IBM, Microsoft, Google, HP, AT&T.
Францияда: Atos, Cap Gemini, Steria, Orange SFR.
2011 жылдың ақпан айында Forrester Research аналитикалы серіктестігі 2020 жылға дейінгі бұлтты есептеулердің нарықта дамуы жайлы тұжырымын айтты. Есеп берудегі мәліметтер бойынша 2020 жылда бұлтты нарық көлемі $160 млрд. болады.
Ciscoның тұжырымы бойынша (Cisco Global Cloud Index (2010 - 2015ж. ) 2015 жылға «бұлтты» трафик көлемі 12 есеге өседі, 130 эксабайттан 1, 6 зеттабайтқа дейін, ал оның орташа жылдық өсуі 66 пайыз болып отырады деді.
Бір зеттабайт ол бір секстиллион байтқа немесе бір триллион гигабайтқа тең. Яғни 1, 6 зеттабайт ол:
- 22 триллион сағат ағымдағы музыка;
- 5 триллион сағат іскерлік веб-камерамен веб-конференциялар;
- 1, 6 триллион сағат жоғары рұқсатты онлайн видеоағындар (HD) .
«Бұлтты» трафик Деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) үштен бірін құрайтын болады. Дүние жүзілік «бұлтты» трафиг дүние жүзілік ДӨО трафигімен салыстырғанда екі есе тез өседі.
Бұлтты есептеулердің моделі мен қасиеттері
Негізгі қасиеттері:
NIST (National Institute of Standards and Technology) өз құжатында «The NIST Definition of Cloud Computing» бұлттардың келесідей сипаттамаларын анықтайды:
- провайдердің көмегінсіз өз-өзіне қызмет ете алу мүмкіндігі;
- желіге кең жиекті қол жетімділіктің болуы;
- жеке аудандарда өздерінің тиімді таратуына қордың жинақылығы;
- жылдам масштабталуы - қорлар үнемі қолданылуына байланысты жоғары жылдамдықта пайда болып және босап отыруы мүмкін; Бұлттық технологиялардың түрлері
Жеке бұлттар (private cloud) - жеке кәсіпорындарының өзіне ғана, сондағы жеке тұлғалар мен олардың тұтынушыларының жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Жеке бұлттар сол кәсіпорынның өздеріндегі серверлерде орналатылуы мүмкін. Немесе сыртқы тұлғаларда - ірі провайдерлердің сервер орталықтарында (Data-center) орналасып, VPN-каналы арқылы қолжетімді болуы мүмкін.
Ортақ бұлттар (public cloud) - көпшілікке арналған, олардың интернетте еркін жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Интернет желісіндегі Google, Yahoo т. с. с электрондық пошта жүйелері, Facebook, Twitter сияқты әлеуметтік желілерді Ортақ бұлттардың мысалы ретінде қарауға болады.
Қоғамдық бұлттар (community cloud) - ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған инфраструктура.
Аралас бұлттар (hybrid cloud) - екі немесе одан көп бұлт түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас комбинациясын атауға болады. Бұлт түрінің осы моделін географиялық түрде әр жерде орналасқан филиалдары бар, немесе көптеген бағдарламалық жүйелері бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін.
Басқарушы қызмет - бұлтты басқару жүйесі қызметтің өлшенетін параметрлеріне байланысты (сақтау қызмет өлшемі, өткізу сызығының кеңдігі, мезеттегі қолданушылар саны және т. б. ) автоматты түрде бақыланып және де қорларды өңдеу жақсарып отырады.
Талап бойынша өзін-өзі күту (On-demand self-service) . Қолданушыда талабы бойынша бір бағытта әр қызмет жабдықтаушысының қызметкеріне қатынаспай ақ керек есептеу қорларына қол жету мүмкіндігі бар.
Кең желілік қол жетімділік (Broad network access) . Берілген есептеу қорлары желі арқылы әр түрлі платформаларға, жіңішке және жуан клиенттерге стандартты механизмдер арқылы қол жетімді (ұялы телефондарға, планшеттер, ноутбуктер, жұмыс станцияларына және т. б) .
Шапшаң икемділік (Rapid elasticity) . Қорлар икемді айқындалуы және де босауы мүмкін, бұл процесстер талап өлшемі бойынша тез масштабталуы керек кездерде автоматты түрде орындалады. Қолданушыға қорларды көрсету мүмкіншілігі шексіз ретінде көрінеді, яғни олар өз қорларын кез-келген санда және көлемде, кез-келген уақытта бере алады.
Өлшенетін қызмет (Measured service) . Бұлтты жүйелер автоматты түрде өлшеу құрылғылары арқылы басқарып және тиімді қылып отырады. Қорлардың қолдануын қарап, байқап, басқарып отыруға болады. Ол жабдықтаушы мен сервисті қолданушыға айқындылық береді.
Қорлардың пулға бірігуі (Resorce pooling) . Провайдердің есептеу қорлары көпжалға беру (multi-tenant) моделі бойынша көптеген қолданушыларға қызмет көрсету үшін пулдарға бірігеді. Пулдар қоланушылар талаптарына сай динамикалы түрде сайлана және кері сайлана алатын физикалық және виртуалды қорларды өзіне қосады. Қолданушыға қордың дәл қай жерде екенін білуі міндетті емес, алайда қорлардың орнын абстракциясы жоғарырақ деңгейде көрсетуге болады (мысалы, мемлекет, аумақ немесе деректерді өңдеу орталығы) . Бұндай қорларға мысал ретінде сақтау жүйелерін, есептеу қуатын, жады, желінің өткізгіштік қабілетін алуға болады.
- Бұлтты қызметтің модельдері
Бағдарламалық қамтамасыз ету қызмет ретінде (SaaS - Software as a Services) . Бұлтты құрылымда жұмыс істейтін провайдер қолданбаларын қолдануда қолданушыға мүмкіндік беру. Қолданбаларға веб-браузер (мысалы, веб-пошта) немесе бағдарламалар интерфейсі секілді әр түрлі клиенттік құрылғылар арқылы қатынауға болады. Қолданушы бұлттың негізгі инфрақұрылымын басқармайды, сонымен қатар желі, сервер, операциялы жүйелер, сақтау жүйелері және қолданбаның кей баптауларын санамағанда қолданушы өз жеке қолданбаны баптау функциясын орындай алмайды.
Платформа қызмет ретінде (PaaS - Platform as a Service) ) . Тұтынушыға бағдарламалау тілдері, кітапхана, провайдер қызметінің құралдары мен қызметтері арқылы жүзеге асқан тұтынушылардың қолданбаларын бұлтты инфрақұрылымда ұңғылауға мүмкіншілік. Сонымен қатар тұтынушы бұлттың негізгі инфрақұрылымын және де желі, сервер, операционды жүйелер және деректерді сақтау жүйелерін басқармайды, бірақ ұңғыланған қолданбаларды және хостинг ортасының конфигурациясының кей параметрлерін өзгерте, басқара алады.
Инфрақұрылым қызмет ретінді (IaaS - Infrastructure-as-a-Service) . Қолданушыға өңдеу, сақтау жүйесін, желілер және тағы басқа қолданбалар мен операциялық жүйелерді өзіне қоса алатын тізбекті бағдарламалық қамтамасыз етуге ұңғылау және қосу іргелі есептеу қорларына қол жете алатындай мүмкіндік беру. Тұтынушы сонымен қатар бұлттың негіздік инфрақұрылымын басқармайды, бірақ операциялық жүйелерді, сақтау жүйелерін, ұңғыланған қолданбаларды, желілік компоненттерді шектеулі басқара алады (мысалы, желілік экрандармен хост) .
Ұңғылаудың қалыптары
Жеке бұлт (Private cloud) . Біртұтас ұйыммен бапталған бірнеше қолданушымен жұмыс істей алатын (айталық, бизнес-бірлік) эксклюзивтік қолдануға арналған бұлтты инфрақұрылым. Мынадай бұлт меншікте, басқармада және ұйымының өзінің қызмет көрсетуінде бола алады.
Одақтың бұлты және коммуналды бұлт (Community cloud) . Ортақ мәселелері бар ұйым тұтынушыларының нақты одағымен арнайы эксклюзивтік қолдануға арналған бұлтты инфрақұрылым (мысалы, миссия, қауіпсіздіктің, саясаттың талаптары) . Бұлт меншікте, басқармада және бір немесе бірнеше одақтарда, үшінші жақта ұйымның аумағындағыдай орналаса алады.
Жұрттық (немесе жалпы) бұлт (Public cloud) . Үлкен, кең әлеуметпен ашық қолдану үшін бапталған бұлтты инфрақұрылым. Ол меншікте, басқармада және іскерлік, ғылыми және кез-келген комбинациялы басқарушы ұйымдарда бола алады. Бұлт бұлтты провайдердің аумағында өмір сүреді.
Гибридті бұлт (Hybrid cloud) . Бірегей нысандары бар, алайда бір-бірімен стандартталған немесе жеке технологияларымен байланысқан компонеттер арасында деректерді және қолданбаларды жіберу функциясына ие (мысалы, бұлттар арасында жүктің балансы үшін) екі немесе бірнеше әртүрлі инфрақұрылымды бұлттардан тұратын (жеке, қоғамдық немесе мемлекеттік) бұлтты инфрақұрылым.
- Бұлттық технологиялардың құрал-жабдықтары
Қазіргі кезде бұлттық сервистердің қажеттілігі әртүрлі есептерді, мәселелерді шешуде күн санап артуда. Ғылыми-техникалық басылымдарда «бұлттық қосымшалар», «бұлттық сервистер», «бұлттар» терминдері қолданысқа кеңінен енген. Алайда, ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде бұл терминдер әлі де болса сирек кездеседі. «Бұлттық қосымшалар, сервистер, технологиялар» терминдеріне жан-жақты талдау жасау нәтижесінде оқу ұйымдарында қолдану үшін келесі анықтаманы алдық. «Бұлттық технологиялар» негізіне «бұлттық қызметтер» - функциясы жатады, бұл функция қолданушыларға бұлттық технологияларды жеткізушілерден келген. Бұл анықтамаға «бұлттық қосымшалар», «бұлттық қызметтер» және «бұлттық мәліметтерді сақтау орындары» да енеді. «Бұлттық қызметтер» - бұл функционалды-аяқталған қызметтер жиыны, бұлттық технологияларды жеткізушілерден алады, жеке өз интерфейсі бар және қолданушылардың тоқтаусыз жұмыс жасау барысында өз ортасын әрі қарай дамытуға мүмкіндігі бар. «Бұлттық қосымшалар» - бұл аяқталған бағдарлама, бұлттық қызметтерді жеткізушілердің серверлерінде іске қосылады, өзінің бағдарламалық ортасында орындалады және қолданушыға қол жетімді. Осы функцияларды атқаратын бұлттық сервистерге мысал келтірейік.
Файлдарды сақтау және синхрондау. Бұл қызмет - Box. net. Бұлттық файлдық сақтау орны - дегеніміз интернет желісі арқылы қол жетімді және нақты бір жабдыққа жатпайтын, бұлттық қызмет көрсететін жеткізушінің жабдығында орналасқан ақпаратты сақтау орны. Word, excel, power point, музыкалық және видео файлдарды сақтауға мүмкіндік береді, оқушылар мен әріптестерге қол жетімді. Сонымен қатар файлдарды кросс-платформалық синхрондау мүмкіндігі бар.
Осы санаттағы келесі қызмет - dropbox. com. Бұл файлдық сақтау орны, интернет желісі қосылған барлық жабдықтарда сіздің құжаттарды сақтау және синхрондау мүмкіндігін туғызады. Отандық Яндекс компаниясының қызметі Box. net. және dropbox. com қызметтерінің функцияларын атқара алады. Ерекшелігі тек бөлінетін сақтау орнында - 10 гигабайт.
Қойындылар сақтау қызметі - Diigo. com. Бұл ресурс қойындыларды сақтауға, топтастыруға, ашуға және ескертпелер қосуға, комментарий жазуға және топ ұйымдастыруға көмектеседі, қойындыларға топтық, ұжымдық қол жетімділік және бәрі бірдей түзетулер енгізуге мүмкіндік, кез келген құрылғыдан және браузерден жұмысын ұйымдастыруға болады.
Microsoft office стандартты жинағына енетін - OneNote бағадарламасын атап өту маңызды. Бұл қосымша ескертпелермен кез келген мобильді құрылғыда жұмыс жасауға, сонан соң «бұлтқа» енгізуге және кез-келген жай компьютерде қарауға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz