Ауруды балау
Жоспар:
1.Өлексені сою барысындағы хаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2-7
2.Анықталатын ауруды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-9
2.1.аурудың қысқаша анықтамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8- 9
2.2.этиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.3.патогенезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.4.клиникалық-анатомиялық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-13
2.5.патологиялық-анатомиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-14
2.6.гистологиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.7.диагноз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.8.дифференциальды диагноз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
3.Фотосуреттер ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16-19
4.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
І бөлім
Сойылған мал өлексесіне жасалған хаттама
Мал иесі: Айтказин Ахмет
Мекен-жайы: Үшбиік, Мүсілімшқ.
Эпизоотологиялық дерек: Мүсілім
шаруа қожалығы бруцеллез, сальмонеллез ауруларынан таза емес.
Малдың тұқымы: Ақбас
Малдың түрі: ірі қара
Малдың түсі: қара көк
Жынысы: еркек
Жасы: 4 айлық
Өлген күні: 11.03.2014
Сойылған жері: Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Аграрлық факультетінің "Ветеринариялық санитария"кафедрасының прозекториясы.
Өлексе сойылған күн: 13.04.2014
Өлексені сойған: малдәрігер - Дербышев Камиль Юрьевич
Қатысқандар:шаруашылық бухгалтері - Сарқынбаева Н., меңгерушісі - Тоқтамысов С.
Мал қашан ауырған:10.03.2014 ж алғашқы клиникалық белгілер көріне Малда әлсіздік, тәбетінің мүлдем нашарлағаны және қан аралас тышқақтағаны байқалған. Денесі дірілдеп, мазасы қашып, жүні ұйпаланған, дене температурасы көтерілген. Өлер алдында бұзау жатып қалған және орынан тұрған жоқ. Тамыры жиілеп, минутына 110 -150 рет соққан. Ентігіп, бүйірімен дем алып, тынысы жиілеп, минутына 60 - 90 - ға жеткен. Көздің конъюнкивасы қызарып, домбығып жас аққан. Танауынан кілегейлі сұйық ақты.
Қандай ем қолданылды: Ең алдымен бұзауды жеке ғимаратқа қамап қойып, сульфаниламидті препараттар мен антибиотиктер берілді.
Малдың тірі кезінде қойылған диагноз: Сальмонеллездің жіті түрі.
Өлексенің жалпы сипаттамасы:
1. Іші кеуіп кеткен, өлекседе сіресу белгісі артқы аяқтарынан әлсін білінеді, шіри бастаған.
2. Дене қалпы дұрыс, басы артқа қарай шалқайған.
3. Қоңдылығы - ортадан төмен.
4. Көз алмасы солғын, шүңірейіп кеткен.
5. Терісі бүтін, жүні ұйпаланған, тері астындағы клетчаткадағы май аз, іш жағы көкшіл тартқан.
6. Көзге көрінетін кілегей қабықтары көгерген.
7. Сүйектері мен буындары өзгеріссіз.
8. Беткі лимфа түйіндері солған.
9. Артқы жыныс мүшелері ашық, іскен, қанды нәжіспен бұлғанған.
Мүшелер мен қуыстарды зерттеу
10. Ауыз қуысы: кілегей қабықтары ісіп-кебінген, көгеріңкі және құрғақ, нүктелі қан құйылулар көрінеді.
11. Тіл: аздап ұлғайған, зақымдалған, эрозия, кілегей қабықтары көгеріңкі.Тілді кескенде бүртіктері жақсы көрінеді, бұлшықетінің суреттері жақсы байқалады, кескенде шеттері бірігеді.
12. Жұтқыншақ: кілегей қабықтары бозғылт, көгеріңкі, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
13. Өңеш: кілегей кабықтары қатпарланған, домбыққан, көгеріңкі, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
14. Танау қуысы: кілегей қабықтары қызарған, көгеріңкі, құрғақ, домбыққан,ісікше (кішкене ісік) байқалады.
15. Көмей мен кеңірдек: кілегейлі қабығы қызарып, қанталаған, кілегей қабықтарында нүктелі қан құйылулар кездеседі.
16. Көкірек қуысы: мүшелердің орналасуы анатомиялық жағынан дұрыс, сұйықтық жоқ, сір қабықтары құрғақ.
17. Өкпесі бронхылары,бездері - бетінен және кескенде ақшыл - боз түсті. Суға салса тастай батады. Өкпе капиллярлары кеңейген, қанға толған,қабырғаларының өткізгіштік қасиеті артқан. Кескенде суреті жақсы көрінеді.Кескенде шеттері бірікпейді. Бронхтары кілегейі іріңді қабынған. Ұлпасында сары сулы сұйықтық байқалғады. Зақымдалған бөлшектер сұрғылт түсті, қатайып, нығыздалған.
18. Жүрегі мен қан тамырлары - болбырлау, көмескіленген, нүктелі қан құйылған,жүрек тамырларының ішіне қошқыл-қызыл түсті қан ұйыған ,жүрек дорбасында трансудат жиналған, жүрек бетінің және дорбаның ішкі беті көмескіленген, қызарған, жүрек қуысы ұлғайған.
19. Құрсақ қуысы, жамбас қуысы: Ішіндегі заттары дұрыс орналасқан. Ішперде жұмсақ, жылтыр емес. құрсақ қабырғасы - тегіс, бүтін, жылтыр емес, бозарған. Шажырқай тамырлары жақсы көрінеді, қан құйылған ошақтар кездеседі, ал кей жерлерде сарысу жинақталған.
20. Көкет: жұмсақ, жылтыр, тегіс.
21. Мес қарын, жалбыршақ қарын, тақиялы қарын: кілегейлі қабаты қызарған, ісінген, оларда жолақ, дақ, нүкте тәрізді қанталаулар, бірен-саран ойдымдар байқалады. Жағымсыз иісі бар. Ішінде қан араласқан сарысулы сұйықтық жинақталған.
22. Аш ішек және оның бөліктері:
Он екі елі ішек - кілегейлі қабығы дақты - жолақты қызарған, ісінген, әдеттегі жылтырлығынан айырылған, көмескіленген, созылмалы лайсаң, серозды-кілегейлі,кейде кілегейлі - іріңді,сирегірек қан араласқан, құрамында ақшыл-сұр ірмектер бар шөгіндімен бүркелген. Кілегейлі қабатында қанталаулар мен ойдымдар кездеседі. Орнынан мол мөлшерде сыдырылып түскен жамылғы эпителий торшалары ішектің ішіндегісіне қайнатқан күріш маңызын сипатын береді.
Ащы ішек- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, жылтырлығынан айырылған, эпителий қабаты зақымдалған,нүктелі қан құйылулар кездеседі.
Мықын ішек- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
23. Тоқ ішек және оның бөліктері:
Бүйен- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
Жиек ішек- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
Тік ішек- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
24. Бауыр, бездері - түсі өзгерген, көлемі ұлғайған, консистенциясы жұмсарған, көптеген көмескі сары түйіндер кездеседі. құрғақтау, жылтырлығы жойылған, яғни шырынды емес. Кескенде қан ағады. Кескенде суреті анық көрінеді, шеттері бірікпейді, өт іркілетін қалта бірнеше есеге дейін ұлғайған және сұйық өт жиналған. Өт қабының қабырғасы қалыңдаған, жуандаған. Өт жолдарының өткізушілік қабілеті төмендеген. Портальды лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз консистенциялы. Кескенде суреті анық көрінеді. Кескенде шеттері бірікпейді.
25. Ұйқы безі: өзгерістер жоқ, бозғылт қызыл түсті.
26. Талақ: едәуір ұлғайған, қошқыл қызыл түсті, фолликулдері байқалмайды, кілегейлі қабықтары көгеріңкі. Кескенде суреті анық көрінеді. Кескенде шеттері бірікпейді.
27. Бүйректер: ұлғайған, көнсистенциясы босаңсыған, кесіп қарағанда көмескіленіп қалады, қан іркілген, домбыққан. Беткі бөлігі қошқыл қызыл түсті. Бүйрек астаушасының (бүйрек қуысының) кілегей қабықтары қызғылтым түсті, нүктелі қан құйылулар көрінеді. Бүйректі кескенде суреті анық көрінеді. Кескенде шеттері біріккен. Милы қабат пен қыртысты қабаттың шекарасы айқын. Несеп жолында ерекше өзгерістер жоқ, кілегей қабықтары ашық қызыл түсті, нүктелі қан құйылулар көрінеді.
28. Қуық, несеп шығару түтігі: қуық зәрге толған,кілегейлі қабықтары жылтыр емес, жұмсақ, нүктелі қан құйылулар кездеседі. Несеп шығару түтігінің кілегейлі қабығы жұмсақ, нүктелі қан құйылулар көрінеді.
29. Жыныс мүшелері: аталық ұрық безінде (ен) айтарлықтай өзгеріс жоқ.
30. Эндокриндік бездер: сол жақ қалқанша безі оң жақ қалқанша безіне қарағанда 1-2 есеге дейін ұлғайған.консистенциясы тығыздау.
31. Шажырқай бездері: қанмен кернелген, тығыз, ұлғайған,домбыққан, сұрғылт қызыл түсті.Кескенде шеттері бірікпейді.
32. Ми тамырлары мен жұлыны:қан кернелген және домбыққан. Бас миының жұмсақ қабығы домбыққан және қан құйылған.зақымданған ганглиозды торшалар төңірегінде гли торшалары көбейіп шоғырланған. Үлкен жартышарлардағы ми қабатының аздап тегістелгені байқалады, мидың ұлпасы болбыр, ми заттары домбыққан, болбырлау.
33. Көкбауыры - тығыздалған, қан құйылулар байқалады.
34. Бездер - сыртынан қалыпты көрінгенімен, кескенде жылтыр, майдалығы, шырындылығы кеткен, қанталаған.
Патологиялық-анатомиялық диагноз
1. Жіті катаралды гастроэнтерит
2. Шажырақай безінің гиперплазиясы
3. Геморрагиялық диатез.
4. Бүйрек пен миокардтың түйіршікті және майлы дистрофиясы.
5. Бауыр некрозы мен паратиф түйіндері.
6. Катаралды-фибринозды плевропневмония, бронхтар мен аралық сөл бездерінің гиперплазиясы.
Қосымша лабораториялық зерттеу
Гистологиялық зерттеу. Зертханаға бауыр, талақ, сөл бездері жіберілді. Бауырдың кесіндісінен препарат дайындап, гематоксилин - эозинмен бояуымен бояп, микроскоп арқылы қарадық. Бауыр ұлпасында некрозды ошақтар байқалады. Олар әр жерінде орналасқан. Торшалардың біразы ыдырап өліеттенген, бауырда екі түрлі түйіндер пайда болады. Біреулері уыт әсерінен өліеттенген гепатоциттер. Бұл бактерия уытымен бауыр торшаларының және тамыр эндотелиінің зілді уыттанып, құрғақ некрозға айналу нәтижесінде пайда болған ошақтар. Бұлардың төңірегінде реакция байқалмайды, бола қалған күнде ол ретикулоэндотели торшаларының шамалы ғана көбеюімен тынады. Түйіндердің екінші түрі ауруға тән гранулеммалар. Оларды паратиф түйіндері деп атайды. Гранулемалар ретикулоэндотели торшаларының көбеюі нәтижесінде бауыр бөлшектерінің ішінде пайда болады. Мұндағы торшалардың фагоцитоздық қабілеті бар, ядролары бозғылт, ірі келеді. Паратиф түйіндері бауырдан басқа талақта, бүйректе, сөл бездерінде, жілік кемігінде кездеседі. Бауырда (басқа ағзаларда сиректеу) ошақты эндофлебит дамиды (венаның ішкі қабының қабынуы), бұл қылауға тән өзгеріс емес, олар эпитолид және тромбоциттерден құралған, фибрин араласқан. Гистологиялық зерттеу кезінде бүкіл талақ ұлпасында немесе ошақтанған ірі торшалардың шамадан тыс көбейгендігін көруге болады.
Бактериологиялық зерттеу. Ол үшін зертханаға сойылмаған өлексе немесе ішкі үлпершек мүшелер (бауыр өтімен, көк бауыр, бүйрек, шажырақай сөл түйіндері, жілік сүйектері), іш тастаған кезде тастанды төл, малдың тірі кезінде нәжіс, қан, іш тастаған малдың жатырынан аққан бөлінді жіберіледі. Бактериялардың түрін анықтау үшін қоректік ортаға себінді жасап, олардың қасиетері арқылы қандай типке, түрге жататының анықтайды.
Химиялық-токсикологиялық зерттеу: жүргізілген жоқ.
Қорытынды: Бұзаудың қорғаныс қабілеттілігі нашарлап, септицимиядан өлген.
ІІ бөлім
Анықталған ауруды талдау.
Сальмонеллез -- жұқпалы ішек ауруы. Аурудың қоздырғышы -- сальмонелла туысына жататын таяқшалы бактериялар. Бұл бактерияларды алғаш рет 1885 ж. Америка ғалымдары Дж.Смит пен Д.Е. Сальмон обамен ауырған шошқа өлексесінен микробты бөліп алып, оны Bact. Suipestifer деп атады. Одан кейін бактерияны бұзаудан (Гертнер, 1888; Томассен, 1897), тышқаннан (Леффлер, 1890), егеуқұйрықтан (Даниш, 1893; В.Н. Исаченко, 1897), биенің түсік тастаған төлінен (Смит, 1897), балапан мен тауықтан (Реттчер, 1900) бөліп алды. КСРО - да сальмонеллезді бұзаудан - 1926 ж. А.В. Синев и С.К. Беззубец, қойдан - П.В. Тавельский, шошқадан - Н.А. Михин (1934), Р.А. Цион (1936) және П.Н. Андреев (1937) анықтаған. 1934 жылы халықаралық микробиологтар қоғамы бұл топтағы микробтарды сальмонелла деп, ал олар қоздыратын ауруды сальмонеллез деп атауды ұсынды. Аурудың ескі атауы - паратиф, қазақша байырғы аты - қылау. Қазіргі кезде 2500-ден астам сальмонелла бактериясы бар. Сальмонеллалар сыртқы ортада қолайлы жағдай туса, көбейе береді. Олар суда 5, ет-шұжық, сары майда 4 айға, сүтте 20 күнге, ірімшікте 1 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Малға беретін жемдерде 10 ай, топырақта 18 айға дейін сақталады. Сальмонеллар -- негізінен көптеген жабайы және үй жануарларының ішек жолының қалыпты микрофлорасы. Адамдарға Сальмонеллез әр түрлі үй жануарлары мен құстардан жұғады. Ауру, әсіресе, нәрестелер мен қарт адамдарда ауыр өтеді. Ауруды лаб-да арнайы бактериол. (қан, нәжіс, құсық қалдығы, т.б. алынады) және серол. әдіспен (Видаль реакциясы, т.б.) анықтайды.
Біздің облыста жыл сайын 150-ден 200-ге дейін оқиғалар тіркеледі. Сальмонеллез жұқпасын қоршаған ортада өмірге бейімділіктері жоғары бактериялар қоздырады:
- тезек пен саңғырықтарда, нәжістерде сальмонеллалар 4 жылға дейін сақталуы мүмкін;
- ашық су қоймаларында және ауыз суда олар 11-ден 120 күнге дейін өмірге бейімділік қабілеттерін сақтайды;
- ет және шұжық өнімдерінде 60-130 күн;
- тоңазытқыштағы сүтте 20 күнге дейін;
- сарымайда 120 күнге дейін;
- жұмыртқа және сырда 13 айға дейін.
Инфекцияның негізгі көзі - ауыл шаруашылық жануарлары мен құстар, сальмонеллезбен ауру адамдар және бактерия таратушылар болып табылады.
Инфекцияны тасымалдайтын негізгі факторларға әртүрлі тағам өнімдері (мал, құс еттері, балық, устрица, теңіз шаяны, жұмыртқа және жұмыртқа ұнтағы, сүт және сүт тағамдары), көкөністер мен жемістер, кремді өнімдер жатады. Су ауруды жиі тасымалдаушы факторлардың бірі болуы мүмкін.
Аурудың клиникасы: инкубациялық мерзімі - қоздырғыштың адам ағзасына түскен уақыттан бастап клиникалық көрсеткіштерге дейінгі аралық бірнеше сағаттан 3 күнге дейін жетуі мүмкін. Ауру негізінде жіті басталады, бастапқы кезеңде улану (интоксикация): әлсіздік, бас ауруы, 39°С-қа дейін дене қызуы көтеріліп, тоңып қалтырау сияқты белгілер болады. Тәуліктен кейін аурудың қозу уақыты басталады, осы кезеңде тәбет төмендеп, лоқсу, құсу, нәжісі сұйықтанып, патологиялық қосындалармен бірге жасыл түсті болуын байқауға болады
Этиологиясы.
Сальмонеллез (қылау) - Enterobacteiaceae тұқымдастарының ішінде Salmonella микробтары тудыратын, жіті немесе созылмалы өтетін жұқпалы ауру. Негізгі клиникалық - анатомиялық белгісі - септицемия.
Қылаумен барлық төлдер ауырады. Қылаудан бұзаулар мен торайлар өлімі көп. Ересек малдарда ауру сирек кездеседі. Бұзау 10 күндігінен 2 айлығына дейінгі аралықта, кейде одан да кейін, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz