Патанатомиялық өзгерістер
Кіріспе.
Мал өлекселерін патолого-анатомиялық сойып қарау клиникалық
диагноздың дәлдігін тексеру мақсатымен, сол сияқты малдың қай аурудан
өлгенін анықтау үшін жүргізіледі.Топалаңнан, қараталақтан, жамандаттан
өлген малдардың өлексесін союға рұқсат етілмейді. Егер мал жұқпалы аурудан
өлді деген күдік туса, инструкцияға байланысты өлексені терісімен бірге
құртады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының
негізгі басымдықтарының бірі – агроөнеркәсіп кешенін дамытып, мемлекет
алдында тұрған жетекші дамыған, көшбастар 50 мемлекеттер санатына кіру
мақсатына қол жеткізу үшін ел экономикасын әлемдік стандарттарға сай
өркендетіп, ауыл шаруашылығы салаларының бәсекелестікке жарамдылығын
арттыру керек екенін ерекше атап отыр. Осы орайда, еліміздің азық-түлік
қауіпсіздігіне ықпал ететін оңтайлы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік
өндірісті қалыптастыру ісі біліктілігі жоғары, тиімділігі мол инновациялық
технологияға негізделуі тиіс.
Қазіргі таңда агроөнеркәсіптік кешеннің даму мәселесі экономикалық
саясаттың айырықша көрінісі ретінде өткір қойылды. Сонымен қатар, елімізде
оның әрі қарай бәсекеге қабілеттілігін нығайту мақсатында арнайы шаралар
қабылданып жүзеге асырылуда.
Республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығы саласына 90 млрд теңгеден
артық қаржы қарастырылды. Оның ішінде 41,3 млрд теңге өндірісті
субсидиялаудағы үлесі, ол алдыңғы жылғы деңгеймен салыстырғанда 3 %-ға
жоғары. Бұдан басқа, инвестициялық жобаларды іске асыруға ҚазАгро
холдингіне Ұлттық қордан 120 млрд теңге бөлінді. Оның 70 млрд теңгесі
уақытша бос қаражаттар, ол маусымдық егу және жинау жұмыстарын
несиелендіруге бөлінген
Хаттама № 355
Өлексені сою барысында жазылған патологиялық-анатомиялық хаттама.
Мал иесі: Бабарханова Маржан
Мекен-жайы: Семей қаласы, Абай көшесі 97
Мал түрі: Тауық
Тұқымы: “Голландтық”
Түсі: қызыл ала
Жынысы: тауық
Жасы: 9 айлық
Ерекше белгісі: жоқ
Жеке номері: 355
Өлген күні: 20.11.2015ж
Сойылған күн: 21.11.15 жыл Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік
университетінің прозикториясында әкелінді.
Союшы: Жұмабеков Е
Союға қатысқандар:Микробиолог және патолог-анатом Тоқтаров Н, Нұрмұқаш А,
Советов Ж
Өлім қай жерде болған: Семей қаласы, Абай көшесі 97
Қысқа анамнез: Ешқандай ем қолданбаған, тауық иесінің қорасында
өлген.
Құс қашан ауырған: 8.11.15 күні аурудың алғашқы клиникалық белгілері
көріне бастады. Құс бірнеше күн селқостанған. Қанатын салбыратып отыра
берген. Қауырсындары үрпиіп кеткен. Шөлдеу белгілері байқалған. Тұмсығынан
көпіршіген сілекей аққан. Қан аралас іші өткен. Кенеттен құрысып 2015
жылдың қараша айының 20 күні өлген.
1.2.Сипаттау бөлімі.
Сыртқы көрінісі:
Өлексенің жалпы сипаттамасы: Тауық өлексесі сол жағымен жатыр, қауырсыны
үрпиіп қампиған, арып жүдеген.
Өлексе белгілері: Өлексе температурасы қоршаған орта температурасынан
төмен. Кеудесі мен құрсағының қанат жабындысы ашық сары, ал арқа және қанат
қауырсындары қоңыр түсті.
Дене құрылысы: Өлексе құрысқан. Денесі титықтап, қатты арықтаған.
Қондылығы: Ортадан төмен.
Көзге көрінетін кілегей қабықтары мен көздің жағдайы: Көзге көрінетін
кілегей қабықтары қанталаған.Ол жалпақ қанталау, көбінесе дөңгелек пішінді,
көлемі әркелкі, ілкіде қара-қызыл түсті көкшіл реңікті.Оларды кесіп
көргенде қан ұйындысы, өрме үзіктері байқалады. Уақыт өте келе эритроциттер
ыдырап, гемоглобиннен пигменттер (гемосидерин, гемотоидин, өт пигменттері)
түзіледі, осыған байланысты қанталау түсі қоңыр, жасыл –сарғыш тартады.Сол
себепті, айдары мен сырғасы көгерген. Көзі көз маңы қантамырларының
өткізгіштігінің артуы салдарынан қанталаған , ісінген және қабынуға тән
ауытқулар байқалады.
Қауырсыны:Қауырсындары үрпиген, денені толық жауып жатыр. Клоака маңындағы
қауырсындары нәжіспен кірленіп, жабысқан.
Мұрын қуысы: шелдерден көпіршікті сарытүсті сұйықтық созылып ақты, себебі
мүрын қуысындағы микро қан айналым тамырларының кенересінде мукоидоз,
артынша фибриноидоз дамып қан тамыр сыртына шыққан.
Терісі:. Тері, терінің астыңғы қабаттарында, яғни тері асты шелінде
вазоматориялық бұзылыстарға, шағынайналымдық арнадағы өзгерістерге,
өрмедегі гипоксияға, қанның ұю қабілетінің төмендеуіне байланысты
туындайтын қанталауларды байқаймыз.
Бұлшық еттері: Бұлшық еттері босаңсыған, ісінбеген, ылғалды, тек күңгірт
тартқан. Қанталаулары жоқ .
Сүйектері мен буындары: Қанат және аяқ буындары қабынып ісінген және
сірескен. Ісінген жерді тілгенде ірікті іріңді зат ақты. Осы қабынған буын
айналасындағы сүйектер мен буындарға ірің таралған.
Ішкі қуыстар мен мүшелерді зерттеу:
Ауыз қуысы: кілегей қабықтары геморрагиялық диатезге ұшыраған. Тілі қатты
ісінген, көгеріңкі реңді және тығыз келеді. Тілді тілгенде шырынды, күйген
кірпіш тәрізді.
Көкірек қуысы: көкірек қуысындағы ағзалардың кілегей және сірі қабықтары
қызарған және жаппай геморрагиялық диатез кездесті. Өкпе плеврасында
серозды - фибринді сұйықтық жиналған. Көкірек қуысы қабығына фибрин жабысып
қалыңдаған.
Көмей, кеңірдек , бронхылар: Тіліп қарағанда тіліктен ақшыл, сарғыш түсті
серозды сұйықтық ақты. Бронхы қуыстарына фибрин шөгуінен қабырғалары
қалыңдап, тығыздалған.
Өкпе: қанға толы, домбыққан. Крупозды қабыну беті өліге ұшыраған кілегейлі
немесе ылғалды қабықта фибриногенді экссудаттың шөгуімен сипатталады. Өкпе
қызарған. Бронхылар және бронхы маңындағы кешендерде үлкен көлемде қызғылт
сұйықтық анықталды. Өкпе плеврасында жалқақты қанталаулар көрінді.
Құрсақ қуысы: Сыртқы көрінісі домбыққан, оны ашып қарағанда ішінде фибринді
сары жалқақ табылды. Құрсақ мүшелері қалыпты орналасқан, тек қабыну
есебіне сәл ығысқан. Ішкі қабына фибрин талшықтары шөккен.
Көк еті: Көк еті зерттелмеді.
Құрсақ көк шандыры мен шарбысы: Құрсақ көк шандыры мен шарбысы
қарастырылмады.
Өңеш пен жұтқыншақ: Өңеш пен жұтқыншақтың кілегей қабықтары қабынған,
қызғылт, кілегей жапқан. Бұл мүшелерді тілгенде , сарғыш серозды сұйықтық
ақты.
Қарын: Құстың бөденесі қабылдаған азығына толы, консистенциясы сұйық, сулы.
Ісінген. Безді қарынның кілегей қабығында қатты қызару мен қанталау
көрінеді. Сонымен қатар сірі қабығында геморрагиялық диатез байқалады.
Ішек: Кілегей және сірі қабықтары қабынған, ісінген және қою қызыл
қанталауларға толы. Ерекше он екі елі ішекте сары-сұр оңай ажыратылатын
қабыршақтар табылды.
Бауыр:Қанға толы, қошқыл түсті. Бауыр қыртысында өлі еттенген ұсақ нүктелі
ошақтар көрінді.баурды тіліп ашып қарағанда паренхимасында майлануға ұқсас
түзілістер табылды. Тығыз консистенциялы.
Бүйрек: Бүйректері ісінген. Дистрофиялық өзгерістер анықталды және некрозды
өзгерістер табылды. Борпылдақ консистенциялы және қызарған.
Несеп шығару түтігі: Көлемі ұлғайған. Несеп шығару түтігінде қан аралас
сұйықтық табылды. Кілегей қабығы азғантай қанталаулы.
Жыныс мүшелері: Жыныс мүшелеріндегі өзгерістер ішек-қарныдағы өзгерістерге
ұқсас. Жыныс бездерінің көлемі едәуір ұлғайған және тығыз консистенциялы.
Сірі қабық : ағзаның барлық мүшелеріндегі сірі қабықтары қабынып,
геморрагиялық диатезге ұшыраған.
Жүрек қабы: жүрек қабының көлемі ұлғайған , сұйықтыққа толы. Құрамында
үлпекті заттар бар бұлыңғыр сұйықтық анықталды. Жүрек қабының ішкі жағы
беріштеніп, бұдырлығы көрінеді.
Жүрек. Жүрек қабы сұйықтыққа толы, сол себепті жүрек көлемі ұлғайған.
Перикард, эпикард шашырыңқы қанталауларға ие. Бұлшық етінде бұлшық ет
талшықтарының бөліктері құрамында бар бұлынғыр ісінулер кездесті.
Эндокрдта қан ұйыған, қабырғасы кедір –бұдыр. Қарыншалар қабырғаларының ара
қатынасы қалыптыдан ауытқыған.
Қан тамырлары: қан тамырлары кеңейген, қанға толы. Бұл әсіресе вена қан
тамырларында айқын көрінді.
Талақ: сәл ұлғайған, қою шие тәрізді түске өзгерген. Былқылдақ және
геморрагиялық диатезбен жабылған.
Сөл бездері. Сөл бездері ісінген, қара-қошқыл түске өзгерген және
геморрагиялық диатез байқалады.
Нерв жүйелері: Нерв жүйелері мен стволдары- зерттелген жоқ.
Клоака: Клоакасының кілегей қабығы жолақты нүктелі қанталаған.
Ерекше қосындылар: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz