Құс өлер алдындағы клиникалық белгілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың жоспары.

I. Өлексені сою барысында жазылатын хаттама:
1. Хаттама.
А) тіркеу
Б) қысқаша анамнез
2. Сипаттау бөлімі.
А) өлексенің сыртқы көріністері
Б) өлексенің ішкі көріністері
3. Қорытынды бөлім.
А) паталогиялық анатомиялық диагноз
Б) лабораториялық зерттеулер нәтижесі
В) өлім себебі туралы қорытынды
II. Анықталған ауруды талдау:
1. Аурудың қысқаша анықтамасы және таралуы
2. Этиологиясы
3. Патогенезі
4. Патологияляқ анатомиялық өзгерістер
5. Гистологиялық зерттеулер
6. Бактериологиялық зерттеу
7. Диагноз
8. Диференциальды диагноз
9. Алдын алу шаралары
10. Қолданылған әдебиеттер тізімі
11. Қосымша мәліметтер

1.1 Хаттама
Тіркеу
Өлексе жайлы мәліметтер: жұмыртқалайтын тауық
Түсі: ақ
Жасы: 1 жаста
Құс иесі: Жакупжанов. К.
Құстың өлген уақыты: 10.11.2015. сағат 8.00
Өлексенің зертханаға әкелінген уақыты: 10.11.2015. сағат 11.20
Өлексенің сойылған уақыты: 10.11.2015. сағат 11.40
Өлексе сойылған жер: Аудандық мал дәрігерлік зертхана.
Өлексені союшы: Тоқтаров Н.Р.
Құс өлер алдындағы клиникалық белгілері:
Қысқаша анамнез:
Құста 1 апта бұрын ауру белгілері пайда бола бастаған. Құстың тәбеті төмендеген. Азыққа бет бұрмаған. Құс жемнен бас тартқан, тұмсығынан ақпа аққан, тыныс алуы қиындаған, қырылдаған дыбыс естілген. Басының терісі көгерген. Дененің қызуы 43 С° дейін көтеріліп кеткен. Суды жиі ішеді, басын төмен салбыратып бір орында тұра береді. Тыныс алуы жиі және қиындаған, денесі салданып құс қиналып өлген.. Ешқандай ем қолданылмаған. Құс мөлшермен 10.11.2015 жылы өлген.

I.2Сипаттау бөлімі
Өлексенің сыртқы көріністері:
Құс өлексесі сол жағымен жатыр. Қанаттары албырап - жалбыраған, айдары мен сырғасы көгерген( цианоз). Бастың терісінде, айдарында, көздің кілегей қабығында, көздің айналасында нүкте тәріздес дақтар бар. Құс әлсіз. Жалпы құс жағдайының төмендегені байқалады.
Ауыз қуысынның кілегей қабығында нүктелік қанталау байқалады. Жабысқақ кілегей немесе азықпен ластанған сұйықтық болады.
Ауыз бен танау қуыстарының ішінде созылмалы кілегей табылады, олардың кілегейлі қабықтары қалыңдағын, қызарған, қанталаған.
Көзінің кілегей қабықтары көгерген, көп ұсақ қанталаулар байқалады.
Теріде, шырышты және сірі қабықтарда, ми қабықтарында әрдайым қан құйылу ошақтары табылады

Өлексенің ішкі көріністері:
Бұлшық ет ұлпасында сусыздануы байқалады, жаппай қанталау байқалады.
Асқазанның бұлшық ет ұлпасында көбінесе ақшыл - сұр некроз ошақтары табылады, бұлшық ет ағаруына ұқсас өзгерістер болады.
Еттіқарын мен безді қарынның аралығында жолақты қанталау.
Ішкі ағзалардың сірі қабықтарында нүктелі және дақты қанталаулар,
Ішек - қарында ойық жаралар, едәуір болбыр сарғыштау немесе сарғыш - жасыл түсті жұқа қабықпен қапталған, жіті катаральды - геморрагиялық қабыну байқалады ( Қанталау). Ішекте қанталаудан басқа, кілегейлі лейкоцит инфильтрациясы, эпителий торшасының қабыршақтануы және оларда өліеттену (некроз) көрінеді.
Көкірек қуысында ішекте, эпикардта, қарын бұлшық етінде үлкендігі түйреуіш инесіндей нүктелік қанталаулар байқалады.
Құрсақ қуысында фибрин араласқан сұйық байқалады.
Өңеш пен ішекте қанталаулар сирек кездеседі. Өңеште және ішектің алдыңғы жағында жіті катаральды - геморрагиялық қабыну байқалады.
Талағы ( көк бауыр) үлкейген, болбыр, көп қырынды береді "сепсистік көкбауыр"
Бүйректерде қан іркілген, қошқыл қызыл түсті.
Несеп жолында көптеген несеп қышқыл тұздары табылған.
Өкпеде веналық гиперемия, домбыққан, серо - фибринозды пневмония ( өкпенің қабынуы) болады.
Бауыр босаңқы, сұры- сарғыштау. Бауырда майдың азғындауы көрінеді.
Жүрегі мен жүрек қабында фибрин араласқан сұйық кездеседі.
Мида дистрофиялық және өліеттену өзгерістері пролиферативті реакцияларға қарағанда басымырақ, некроз ошақтары мидың көптеген бөліктерінде табылады, глия торшалары және тамырлардың адвентициясы пролиферация жағдайында.

I.3. Қорытынды бөлім:
Патологиялық анатомиялық диагноз:
* Бүткіл ағзаларда геморрагиялық диатез .
* Паренхималық ағзаларда дистрофия.
* Мида некрозды дистрофия.

Лабораториялық зерттеулер нәтижесі:
Лабораториялық зерттеу арқылы ауру қоздырушысын бөліп алып, оның зардаптылығын және гемагглютинациялаушы қасиеті анықталды. Бактерологиялық зерттеу нәтижесі: Pestis gallinarum қоздырушысы анықталды. Биосынама нәтижелерінен құс обасы екені анықталды.


Өлім себебі туралы қорытынды:
Жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілеріне, паталого-анатомиялық өзгерістеріне және лабораториялық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, өлім себебі құс обасы деп нақтылы диагноз қойылды.

II. Анықталған ауруды талдау.
1.Аурудың анықтамасы.

Құстардың обасы (Pestis gallinarum) - тауық тұқымдас және су құстарының жіті жұқпалы індеті, олардың өлім 50%- дан 100% - ға дейін.
Ең алғаш құстар обасы 1878ж. Италияда Перрончито анықтап, бұл індетті "тауықтардың эксудативті тифі" деп атаған. Кейіннен оба Австралия, Швейцарияда, Чехияда, Румынияда табылған. Қоздырушының құрамында РНҚ бар, миксовирустар тобына жатады. Обаның европалық, классикалық және азиялық оба түрлері кездеседі.. Дені сау құсқа ас қорытқыш тракт, жараланған тері арқылы жұғады.
Экономикалық шығын. Обада шығындар өте үлкен болуы мүмкін. АҚШ - та 1924 - 1925 жж оба инфекциясынан бір миллион долларға дейін шығын кеткен.
Вирус тауықтың эмбрионында немесе ұлпа өсінділерінде өсіп - өнеді. Жұқтырылған эмбрион, вируленттілігінің санына байланысты 18- 48 сағатта немесе 3 күннен кейін, кейде 5 күннен кейін өледі. Ауру қатты өткен жағдайда мал қалыпты күйінде ( 1- 3 күн) сақталады, ал ұзақ жүргенде (7-10күн) мал азып кетеді.
Төзімділігі. Тікелей күн сәулесінде екі күн ішінде тіршілігін жояды. Кептірілген вирус өте төзімді келеді. Кептірілген қанда бөлме температурасында 3 айға дейін сақталады. Шіріген өлекседе 10шақты күн сақталады, ал қатырылған өлекседе 300 күннен көп сақталады. Вирус аз төзімді, егер 70°С ыстықта қайнатса 2 минут ішінде өліп кетеді.

2.Этиологиясы.
Гигиеналық талаптарды дұрыс орындамау, антисанитарлық жағдайдың талапқа сай болмауы. Тар, нашар желдетілген немесе мүлде желдетілмеген құс қоралары, олардың жеткілікті мөлшерде жарықтандырылмауы, құс қораларының құс саңғырығымен ластануы - осылардың бәрі құс организмінің ауруға қарсы тұру қаблеттілігін төмендетеді, ауруды қабылдауын жоғарылатады. Ауруды таратуына жағдай туғызады. Жеткіліксіз азықтандыру, азықта витаминдердің жетпеуі, минералды заттардың азық құрамында болмауы және құстардың күтімінің нашарлығы да үлкен роль атқарады. Әсіресе тауықтардың зерігуі жайылымға шықпауы аурудың таралуына бірден - бір әсер ететін жағдай. Тауықтар арасында, басқа құстарға қарағанда, оба вирусының тұрақтылығы байқалады. Обаның таралуы шаруашылықтағы ауру құстардың сыртқы ортаға бөліп шығарған заттармен ластануы салдарынан болады. Құстардың бір астаудан су ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара туберкулезі кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау
Ағзаның жағдайы
Қарасанмен ауырған мал еті
Ет және ет өнімдерін сараптау
Қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Өлім. Өлімнен кейінгі өзгерістер
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Ауруды балау
Токсоплазмозбен ауырған мысықтарына диагностика жасау, емдеу, тиімді алдын алу
Бромды метил
Пәндер