Керамзитті өндіру әдістері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

1. Керамзит. Керамзитті өндіру технологиясы

2. Керамзитті өндіру әдістері

3. Керамзит құмы

Керамзит - ұсақ түйіршікті, кеуек құрылымды, жасанды жеңіл бетон толтырғыш. Түйіршік өлшемдері 5 - 40 мм болып келеді. Оңай балқитын көпірмелі саз балшықты айналмалы пеште (1100 - 1200С) күйдіру арқылы алынады. Керамзит жеңіл бетонды құралымдар мен бұйымдар, жылу оқшаулағыш толтырма, ыстыққа төзімді бетондар және майламалар дайындауға пайдаланылады. Қазақстанда жергілікті саз жыныстарынан керамзит алу жөніндегі жүйелі зерттеулер 1956 жылдан қолға алынды. 30-дан астам кен орындарының шикізаты зерттелді. 1963 ж. Алматыда керамзит өндіретін тұңғыш цех салынды. Кейінірек Шымкент, Рудный, Астана, Атбасарда, сондай-ақ, республиканың басқа да қалаларында керамзит өндіретін заводтар мен цехтар салынды және оларда орташа тығыздығы 400 - 700 кг/м3 болатын керамзит шығарылды. Керамзит -бетонды қабырғалық панельдер (бетонының беріктігі 5 - 10 МПа және орташа тығыздығы 850 - 1400 кг/м3) темір-бетон бұйымдары зауыттары мен комбинаттарында шығарады.

Керамзитті материалдарды негізінен керамзитті қиыршық және құм түрінде өндіреді. Оның түйірлері негізінен дөңгелек пішінді. Құрылымы кеуекті, ұялы. Дәндерінің сыртқы бетінде қатты қабығы болады. Керамзитті қиыршықтың түсі негізінен қою қоңыр түсті, сындырғанда қара түсті.

Керамзитті өндіру технологиясы төмендегідей негізгі кезеңдерден тұрады:

- карьерде шикізатты өндіру және оны қоймаға тасымалдау;

алғашқы шикізатты өндеу және біртекті керамикалық массадан қабылданған өлшемдегі шикізаттық дәндерді алу;

- құрамына күйдіру, кептіру және дайын өнімді салқындатуды қамтитын шикізаттық дәндерді теориялық өңдеу;

- сараптау, ал қажет болған жағдайда біржақты ұсақтау немесе дайын өнімді тығыздығы бойынша жіктеу;

- толтырғышты тиеу және қоймаға орналастыру;

Сазды жыныс кенорындарда жұмыстар ашық әдіспен жүргізіледі. Жұмсақ сазды жыныстарды маусымды жұмыс істейтін карьерлерде өндіреді.

Керамзитті өндіру әдісін алғашқы шикізаттық материалдардың қасиеттері негізінде таңдалады, ал толтырғыштардың сапасы дайындалған шикізаттық дәндердің ісінуіне ең қолайлы жағдай жасайтын теориялық өндеудің режиміне тәуелді болады.

Керамзитті өндірудің негізгі төрт әдісі бар:

  • құрғақ әдіс;
  • пластикалық әдіс;
  • ұнтақ әдіс;
  • шликерлі (ылғалды)

Керамзитті өндірудің құрғақ әдісі негізінен тас тәрізді сазды шикізатты пайдалану кезінде қолданылады (тығыз құрғақ сазды жыныстар, сазды сланцтар) . Шикізат алдын ала ұнтақталып, айналмалы пешке жіберіледі. Бірақ шикізатты пешке жіберуден алдын електен өткізу қажет. Бұл әдіс, бастапқы алынған жыныс біртекті, зиянды қоспалары жоқ, және ісіну коэффициенті жоғары болған жағдайда ғана өзін-өзі ақтайды. Шикізаттық материалдың ылғалдылығы 9% аспауы тиіс.

Пластикалық әдіс. Бұл әдісте керамзит пластикалы сазды массадан қалыптасады. Бұл әдісті, суда жібитін көпсіген және тығыз құрылысты саздар үшін қолданған тиімді. Шикізаттағы тас тәрізді қоспалардың үлесі 10% аспауы тиіс, ал мәрмәр қоспалардың мөлшері 1мм жоғары болмауы тиіс.

Көпсіген сазды шикізат қыш өндірісіндегідей алдын ала саз араластырғыштарда өңделеді. Содан соң таспалы престерде пластикалы сазды массадан цилиндр тәрізді етіп шикізаттық дәндер қалыптастырылып, келесі тасымалдау кезінде немесе арнайы өндеу арқылы дөңгелектенеді. Шикізаттық дәндердің сапасы негізінен дайын өнімнің сапасын анықтап береді. Сондықтан сазды шикізатты тиянақты өңдеу және біркелкі өлшемдегі тығыз дәндерді қалыптастыру қажет. Дәндердің өлшемдері керамзитті қиыршықтың қажет болған ірілігі мен осы шикізаттың ісіну коэффициенті негізінде қабылданады.

Өңдейтін қондырғыларды саздың физика-механикалық қасиеттері, атап айтқанда оның ылғалдылығы мен дисперстілігіне сәйкес таңдайды. Өңдеуге қажетті энергия шығыны шикізаттың дисперстілігі жоғары, ал ылғалдылығы төмен болған сайын арта түседі. Негізінен саздың пішін беру ылғалдылығы 18-28% аралығында болуы тиіс.

Керамзитті пластикалық әдіспен өндіру, құрғақ әдіске қарағанда әрі күрделі және энергия шығыны жоғары, біршама капиталдық шығындарды талап етеді.

Ұнтақты - пластикалық әдіс. Бұл әдістің пластикалық әдістен негізгі айырмашылығы, ең алдымен сазды шикізатты ұнтақтап, кейіннен ұнтақты сумен араластыру арқылы пластикалық масса алады да, сол массадан дәндер қалыптастырады. Шикізатты ұнтақтау қосымша шығынды талап етеді. Ал, егер шикізаттың ылғалдылығы жоғары болса, оны ұнтақтаудан алдын құрғату қажет болады. Бірақ кей жағдайда, мысалы егер шикізат құрамы бойынша біртекті болмаса, онда оларды ұнтақ түрінде араластыру мен гомогендеу және шикізаттың құрамына әр түрлі қоспаларды ұнтақ күйінде араластыру оңай болғандықтан бұл әдісті қолдану мақсатқа сай келеді. Егер осылайша шикізатты тиянақты өңдеу, оның ісіну қабілетін арттырса, онда керамзиттің жоғары шығымдылығы мен сапасының жоғары болуы кеткен шығынды ақтайды.

Ылғалды ( шликерлі әдіс) - алдын ала сазды арнайы үлкен ыдыстарда сумен жібітумен ерекшеленеді. Алынған лайдын, шликердің ылғалдылығы 50%. Шликер арнайы насостар арқылы бассейнге және одан әрі айналмалы пешке беріледі. Бұл әдіс негізінен шикізаттың карьерлік ылғалдылығы жоғары болған жағдайда қолданылады.

Керамзит құмы. Керамзитбетонды бұйымдарды дайындау үшін тек қана керамзитті шағал ғана қажет емес, сонымен қатар майда кеуек толтырғыш- керамзитті құм да қажет.

Керамзитті құм айналмалы пеште кәдімгі технология бойынша (керамзитті шағалды өндіру кезіндегі) өндіру тиімді емес. Құмның бірқатар фракциялық қосылмалары термоөңдеу процессі кезінде бөліктердің бұзылуының есебінен болады, бірақ та ол салыстырмалы ауыр, өйткені сазды шикізаттың майда бөліктері іс жүзінде ісінбейді (саз пиропластикалық күйге өтемін дегенше газ түзетін резервтер таусылып қалады) . Оның үстіне жоғары температурадағы зонада майда түйірлер ірі түйірлерге қарағанда жылдамырақ қызып, балқып шағал түйірлеріне жабысып қалуы мүмкін.

Көптеген кәсіпорындарда керамзитті құмды білікті ұсақтағышта керамзитті шағалды ұсақтау кезінде алады. Ұсақталған керамзитті құмның өзіндік құны, оны ұсақтауға кететін қосымша шығындарға байланысты қымбат қана емес, сонымен қатар, ең бастысы, құмның шығуы ұсақталған шағалдың көлемінен әрқашан төмен.

Құмның шығу коэффициенті-0, 4 . . . 0, 7, яғни орташа 1м 3 шағалдан шамамен 0, 5м 3 жақын керамзитті құм шығады. Осылайша үйме тығыздығы 2 есеге ұлғаяды.

Қазіргі кезде керамзитті құмды алудың қайнаған қабатты күйдіру технологиясын тиімді деп есептейді.

Вертикалды пешке 3 немесе 5мм іріліктегі сазды бөліктерді салады. Сазды крошка (бөліктер) пластикалық әдіспен арнайы дайындаған кептірілген сазды ұсақтап, сосын түйір болғанша кептірілген) . Пеш - 2 зонадан тұрады: күйдіру және қыздыру, бұлар біртұтас қалқамен бөлінген. Пештің астында орналасқан тор (кеуек) арқылы қысыммен ауа және газ түріндегі отын береді. Белгілі жылдамдықта берілген газды сазды қабыршақ қабаты борпылдап, босап, псевдо-сұйық күйге өтеді, ал жоғарылаған сияқты ол қайнаған сияқты болады. Саз бөліктері күйдіріліп, шамамен 1, 5мин ішінде ісінеді. Күйдіру зонасына жіберілуден алдын сазды крошка термодайыындау зонасының қайнау қабатында 300 0 С-қа дейін қыздырылады, ал дайын құм күйдіруден кейін мұздатқыш қондырғыдағы қайнау қабатында суытылады. Құмның майда фракцияларындағы бөліктері шығып кетіп жатқан газбенен күйдіру зонасынан қапталған (футеровочный) циклонға түсіп, сонда тұнады, шөгеді, ал тазартылған газ пештің алдын ала қыздыру зонасына бағытталады. СМС -139. қайнау қабатты пешінің өнімділігі -6, 7м 3 /с, пайдалану коэффициенті - К п -0, 85. алынған керамзитті құмның үйме тығыздығы - 500-700кг/м 3 . Керамзитті құмның түйіршіктік құрамына табиғи құмға қойылатын талаптар қойылады, бірақ ірі фракциялары көп болуы керек.

Керамзитбетонды дайындауда көбінесе майда толтырғыш ретінде ісінген перлит, сонымен қатар табиғи құм пайдаланады.

Өндірістің технологиялық схемасы. Көп кәсіпорындар керамзитті пластикалық әдіспен сазды шикізатты өңдеуде және күйдіру пешімен (агрегат) ерекшеленетін технологиялық схеманы пайдаланып өндіреді.

Өндірудің құрғақ әдісін , негізінен, керамзиттің бір түрі шунгизитті алу үшін пайдаланады. Мысалы, қуаттылығы 200 мың. м 3 / ж. болатын керамзит шағал өндіретін цехтың сипаттайық. Цех үш бөлімшеден тұрады: дайындау- қалыптау, пешті және дайын бұйымдар қоймасынан тұрады. Шикізат өндіріске жақын орналасқан карьер не конустан автосамосвалмен, сыйымдылығы 3500м 3 болатын қоймаға жеткізіледі. Көпірлі грейферлі кранмен қойма ауданына біркелкі етіп жайып өндіріске жіберіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КЕРАМЗИТТІ ҚИЫРШЫҚ ТАСТЫ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛІСІН ЖАСАУ
Құрылыс материалдардың өнім сапасын басқару
Құрылыс жұмыстарына арналған цемент
Жоба тақырыбы Керамзит өндіру зауытының масса дайындау цехын жобалау
Керамзит өндірісінің шикізаты - сазды жыныстар, негізінен шөгінді жыныстар
Жеңіл бетондар
Жылу оқшаулағыш материал - керамзит өндірісінің технологиясы
Зауыттың жұмыс режимі және өнімділігі
Шатырға материал жеткізу
Жылқы фермаларының негізгі кұрамдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz