АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Калимуллина Милана Мәлікқызы

АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ

( КУРСТЫҚ ЖУМЫС)

5В011300 - БИОЛОГИЯ

Ғылыми жетекші: биология ғылымдарының

кандитаты, доцент

Бимағамбетова Г. А.

Орал, 2018ж
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МАҢЫЗЫ

1. 1 Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы

оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру . . . 5

1. 2 Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар - білім кеңістігінде . . . 8

2. АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ

2. 1 Биология сабағында ақпараттық жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру . . . 11

2. 2 Мұғалімнің ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру . . . 15

2. 3 Биология сабақтарында презентацияны қолдану арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру . . . 16

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30


КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. «Адамзат үшін ХХІ ғасыр - жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында». (Н. Ә. Назарбаев)

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білу. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру. Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Инновациялық технология нәтижелері:

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.

3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.

4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Биология - бұл қызықты да, маңызды пәндердің бірі. Биологияны оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстарымен дамуын оқытады. Биология пәнінің мазмұны және оның өзіндік ерекшеліктері, оқыту әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды. Биологиядан сабақ беру барысында тірі ағзалардың нақты фактілерін, табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын тірі табиғаттың даму эволюциясының заңдылықтарын оқып білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық материялистік көзқарастарын қалыптастырады. Биологиялық білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табиғатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын қоғамдық және жеке еңбектің гигиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды өмірге бейімдеп, политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады. Атақты педагог К. Д. Ушинский айтқандай « Оқушылардың ақыл -ойын логикасын дамыту үшін жаратылыстану тарихын оқыту тиімді -деп есептейміз. » Себебі тірі табиғаттың объектілерін бір-бірімен салыстыру, анықтау эксперименттер қою, оқушылардың ойлау қабілетін дамуын қамтамасыз етеді.

Осындай аса қажетті технологиялардың бірі - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады.

Зерттеу мақсаты: Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану ерекшелерін, тиімділігін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

- Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру ерекшеліктері туралы түсінік беру;

- Биология сабақтарында АКТ қолдану арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру әдістері туралы түсінік беру.

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1. БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МАҢЫЗЫ

1. 1 Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету және оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды дамыта оқыту, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлатуды көздейді.

Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру мұғалімнің басты міңдеті. Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін[1] .

Жалпы білім беретін мектептегі биология пәнінің бастауыш білім беру сатысындағы дүниетану пәні негізінде құралады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам қоғам, адам табиғат арасындағы қарым қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады және олардың өзара байланысты екендігін ұғынады. Биология, химия, география пәндерінің бастама негіздері қаланып, соның ішінде қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады.

Биология - бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта буында өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамыта отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашады. Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз[2] .

Биология пәнін оқытуда қазіргі кезде қойылатын талаптары мынандай:

• Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану;

• Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану;

• Негізгі білімділік ұғымдарды терең меңгерту;

• Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

• Топтық негізде іздене білу дағдыларын қалыптастыру;

• Тақырыптық зерттеу жүргізу;

• Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз ойын қорытуға дағдыландыру;

• Оқушының өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру, дамыту;

• Шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы қабілеттерін арттыру;

• Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.

• Тәжірибе жүзінде білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру;

• Жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыландыру;

• Жаңа технологияларды сабақта пайдалану;

• Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.

• Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сыни тұрғыдан ойлау модулі.

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда биология пәні бойынша, «құстардың құрылысы мен ерекшеліктері», «қан айналым жүйесі», «тіршіліктің пайда болуы» атты тақырыптардағы сабақтарда жаңа технологиялардың тиімді әдістерін қолдануға болады. Сонымен қатар сабақтарда «кубизм», «топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», «венн диаграммасы» стратегияларын жиі пайдалануға болады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады.

Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсірерде де қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап, сөйлейтін оқушы да топ мүшелерімен бөліскен ойларын жинақтап сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте түседі. Ортамен қарым қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, айта білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа оқушылардың пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі қажеттігін жазады.

Эссе - өз ойын еркін білдіру, ішкі жан дүниесін ұғу, күнделікті өмірде туындайтын ойларды айту мақсатында қолдануға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде оқушыларға «Дәрумендердің маңызы», «Өсімдіктердің адам өміріне пайдасы», «гүлді өсімдіктер» тақырыптарында үйге эссе жазып келуге тапсырма беруге болады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде мұғалім мына нәтижеге жетеді.

• жүйелі тапсырма беруге ұмтылады

• оқушыны басқа жақтарынан таниды

• өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды

• өзі білмейтін ақпараттарға тап болады

• оқушының жұмысын бағалайды

Осы міңдеттерді орындауды ұстаз өзінің тақырыбы мен сабақ үрдісінде стратегияларды ұтымды пайдаланып, оқушылар арасында жеке, топтық іс әрекеттерді ұйымдастырады.

Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.

Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

• тіл байлығы жетіледі;

• еркін ойлауға мүмкіндік береді және өз ойын еркін жеткізе алады;

• оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;

• жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

• өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады, жан-жақты ізденеді;

• ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

• ақыл-ойын дамытады;

• шығармашылық белсенділігі артады;

• ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. « Қазіргі заманда жастарға жаңа технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет » деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор[3] .

1. 2 Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар - білім кеңістігінде

Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі - ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл кезең, компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар мұғалім қызметінің барлық саласына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі кезде білім кеңістігін заманға сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес.
Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. Бұл ғалымдар мен педагогтардың, психологтар мен әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық - коммуникативтік технологиялар саласы мамандарының күш - жігерін жан - жақты жұмылдыру

уақытының келгені көрсетеді. Олай болса:

1. Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар дегеніміз не?

2. АКТ - ның мүмкіндіктері қандай?

3. Білім беруді ақпараттандыру үрдісі қалай жүзеге асуда? - деген

сауалдар әрқайсысымызды, ұстаздар қауымын толғандырмай қоймайды.

Ендеше бірінші сауалға: ақпараттық - ақпарат, жаңалық, коммуникативтік байланыс, қатынас деген ұғымды білдірсе, технология - іскерлік, шеберлік ұғымдарын береді.

Бір сөзбен «Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар (АКТ) - жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік - жігерлерін, яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. Ғалымдардың

пікірінше АКТ - ны екі бөлікте сипаттайды:

1) Компьютерлік бағдарламалар;

2) Желілік қызмет.

Әр бөліктің атқаратын қызметтері төменде көрсетілген.

Жалпы білім берудің мақсаты - терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болса, ақпараттандыру жолының басты мақсаты - оқыту үрдісін ақпараттандыру,
- электрондық оқулықтардың құрылымын жасақтау,

- педагогтардың ақпараттық құзіреттілік біліктілігін арттыру,

- техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру,

- әлемдік білім беру кеңістігіне ену болып отыр.

Бірақ бұл мақсатқа жетудің ең басты міндеті - білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;

- педагог мамандарды ақпараттық - коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасау.
- ақпараттық - коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқыту үрдісіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс - тәжірибесін тарату.
Бұл тақырыптың бүгінгі таңдағы өзектілігі: білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыруы, қазіргі заман талабына сай ақпараттандыру қоғамының жаңа талаптарын орындауы, оқыту үрдісінде ақпараттық технологиялардың қолданылу аясының кеңеюі, оқуға деген қызығушылық қарқынының азаюынан туындап отыр. Осы маңыздылықты басшылыққа ала отырып, АКТ - ның көмегімен сабақты қалай өткізуге және не істеуге болады деген сұраққа, былай жауап беруге болады.

• Илюстративті көрнекіліктер мен плакаттар дайындау,

• Ақпараттық видеороликтерді құру және көрсету,

• Сабақты бекіту, білімді тексеру және түсіндіру,

• Рефераттар, баяндамалар дайындау және презентациялар құру,

• Кез - келген сабақтың түрін және семинар, ғылыми конференциялар өткізу,

• Зертханалық жұмысқа дайындық немесе виртуалды зертханалық жұмыс жасау,

• Сабаққа дайындалуға қажетті ақпараттарды интернет беттерінен іздеу.
• Қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалану.

АКТ келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашуына тигізер пайдасы аса мол. Мектептегі оқытуу пәндерінің ішіндегі күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі - физика. Ол оқушылардың интеллектуалдық, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға толығымен ықпал жасайды. Коммуникативтік технологиялардың әр түрлі тәсілдерін қолдануда физика және информатика пәнін оқытудың тығыз байланысты бірнеше ерекшеліктерін атап өтейік:

1. Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар үш бағытта қарастырылады: оқыту объектісі, оқыту құралы және болашақ кәсіптік - педагогикалық әркетінің құралы

2. АКТ - ды оқыту үрдісінде қолдану оқу әрекетіндегі әрбір оқушының түрлі мақсаттарын, мотивтерін, қызығушылығын іске асыруға көмектеседі;
3. АКТ - лар оқу әрекетіндегі оқушылардың өзіндік іске асыруын, өзіндік ұйымдастыру қабілетін, белсенділік, шығармашылық үшін жаңа мүмкіндіктер

беретін өнімді ақпараттық оқыту өрісін құруға көмектеседі;

4. АКТ - лар информатиканың жобалау әдісін оқытудағы педагогикалық технологиялардың бірі ретінде қолдануға көмектеседі.

Алайда мұндай ерекшеліктермен қатар АКТ - мен жұмыс істеу барысында кездесетін кемшіліктерді де атап өткен жөн. Оқушылардың компьютермен жұмыс істеуде уақытын шектемеуі, дәлірек айтқанда қауіпсіздік техникалық ережелерді сақтау керек. Сонымен бірге көп жағдайда компьютерлік желі сервистеріндегі адам тәртібінің ережелері сақтала бермейді, яғни желілік этикет ережесін сақтау керек. Осындай кемшіліктердің алдын алып, оқушылар ауқымды желіде өздеріне қажет ақпараттарды алып, өз білімдерін толықтырып, ауқымды желі мүмкіндіктерін тиімді пайдалануларына болады.

Төмендегідей электрондық кестелер мен тірек сызбаларды пайдаланумен бірге ақпараттық видеороликтерді мультимедиялық бағдарламаның көмегімен құрып көрсетуге болады. Білімді бақылау мен талдау әдістерінің бірі - тест тапсырмаларын құрастырып оқушылар әр тарауды пысықтағанда және білімді бекітуде қолданамын.

Оқушылардың жеке және топтық жұмыстануымен бірге, сонымен қатар экранға немесе интерактивті тақтаға мультимедиалық проектор көмегімен проекцияланатын көрнекі - демонстрациялық қосымшаларды пайдаланып өткізілетін сабақ формалары қолданылады. Сынып ішіндегі жергілікті желіні пайдалану арқылы, оқушылар бір - бірінің жұмыстарын сараптап, тапсырманы орындап болған оқушының дайын қорытынды жұмысын тақта арқылы көрсетуге болады. Сонымен бірге топтық және жеке жұмыс үлгілерін сәйкестендіріп, алдын - ала дайындап қоюға да болады.

Қашықтықтан оқытудың тиімділігі мектептегі мүмкіндігі шектеулі балалар үшін маңызы өте зор. Біздің мектептің үйден оқитын оқушылары толығымен компьютерленіп, жоғары жолақты интернет желісіне қосылған. Сол оқушылардың сынып оқушыларымен еркін сөйлесуіне жағдай жасалып, веб камерасы арқылы сабақты түсіндіріп, сынып оқушыларының түсіндірген сабақтарына бірге атсалысып отырады. Сонымен бірге электронды пошта арқылы берілген тапсырмаларды орындап, мұғалімге жібереді. Оқушының жұмысы тексеріліп, қосымша тапсырмалар алуына еркін жол ашылды.
«Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деп Ж. Аймауытов айтқандай әр сабақты жаңаша түрде өтуге ұмтылу қажеттігі туындайды. АКТ - ны әр мұғалім өз сабақтарына пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамытуға болады. Мұғалім мен оқушылардың шығармашылық ізденісіне мол мүмкіндік ашып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу біздің басты міндетіміз[4] .

Оқушыға биология пәнін оқытуда қазіргі заман талаптары мынандай:

  • Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану;
  • Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану;
  • Негізгі білімділік ұғымдарды терең меңгерту;
  • Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
  • Топтық негізде іздене білу дағдыларын қалыптастыру;
  • Тақырыптық зерттеу жүргізу;
  • Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз ойын қорытуға дағдыландыру;
  • Оқушының өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру, дамыту;
  • Шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы қабілеттерін арттыру.
  • Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
  • Тәжірибе жүзінде білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру;
  • Жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыландыру;
  • Жаңа технологияларды сабақта пайдалану[5] ;

2. АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ

2. 1 Биология сабағында ақпараттық жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру

Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді.

Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап айтсақ модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек - сызба технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы және т. б.

Деңгейлеп оқыту технологиясына ерекше көңіл бөлу қажет.

Өйткені бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған.

Жаңа педагогикалық технологияда көрініс тапқан.

Яғни олар:

1. Оқушының дайындық деңгейін бақылай алу;

2. Оқу материалын сұрыптап ұсына алу;

3. Оқу әрекетін ұйымдастыра алу;

4. Диалог жүргізе алу;

5. Сабақ барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу;

6. Мақсаттың нәтижеге ұласуын жоспарлау, жүзеге асыра алу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушы белсенділігін арттыру негізіндегі педагогикалық технологиялар
Технологияның артықшылықтары
«Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері»
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Қашықтан оқытудың құралдары мен формалары
Жоспарлап оқыту технологиясы
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеттері
Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Модульдік оқыту технологиясы арқылы сабақ өткізу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz