Гарднереллалар. Экологиясы. Адам үшін патогенділігі және науқас ағзасына орналасуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплинасы: Микробиология және иммунология
Тобы: 202 А
Тақырыбы: Гарднереллалар. Экологиясы. Адам үшін патогенділігі және науқас ағзасына орналасуы

Орындаған: Базарбаева А.А.
Тексерген:Мусабаева С.Ж.

Ақтөбе 2018

Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
:: Гарднереллалар туралы жалпы түсінік
:: Морфологиясы
:: Дақылдық қасиеті
:: Ферменттік белсенділігі
:: Антигендік қасиеті
:: Резистенттілігі
:: Эпидемиологиясы
:: Патогенезі
:: Клиникалық көріністері
:: Микробиологиялық диагноз қою

III. Қорытынды. Емдеу және алдын алуы
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Гарднерелла (Gardnerella vaginalis) - жыныстық жолмен берілетін өте көп кездесетін инфекция. Гарднереллез таралуы шағыммен келетін науқастарда 44-57%-ға, ал популяцияда 6-7%-ға жетеді. Көбінесе әйелдерде гарднерелла ағзада жағымсыз иіс (балық иісіне ұқсас), су тәрізді гомогенді көп мөлшерде бөлінді пайда болуымен сипатталады. Ал ер адамдарда гарднереллез простатиттің белгілеріне ұқсайды: ауырсыну, артқы ішекте, ұмада жағымсыздық және қышыну, несеп шығару кезінде бөлінді пайда болуы. Гинеколог, венеролог, уролог және отбасылық дәрігерлердің анықсыздығы гарднереллардың патогенділігі туралы гарднерелланы жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекция деп қарастырмайды. Нәтижесінде, кейбір жағдайлар тіпті емделмейді, кейде әйелдерге жергілікті емді жазып береді және серіктесін емдемейді. Нәтижесінде, инфекция бірнеше уақыттан кейін қайтадан жаңартылады. Бұл көбіне некесіз қатынастарда көптеп кездеседі.

Гарднереллалар вагиноз ауруының қоздырғышы, Гарднереллез тудыратын антропонозды оппортунистік инфекция, басқа облигатты анаэробтармен ассоциация
түрінде қынаптың қабынуына әкеледі, нәтижесінде бұл ағзада жағымсыз иіс (балық иісіне ұқсас), су тәрізді гомогенді көп мөлшерде бөлінді пайда болады.

Морфологиясы. Ұсақ таяқшалар немесе коккобациллалар, жиі шоғырланған, орналасады. Нейссер әдісімен анықталатын метахромазиялық дәндер көрінеді. Жағындыда жұптасып, қатарласып
орналасады, сондықтан корине-бактерияларға ұқсас келеді. Грам әдісімен бояғанда құбылмалы болып келеді, 8-12 сағаттық дақылы - грам теріс, қолайлы қоректік ортада өскендері грам оң болып боялады. Жасуша қабырғасы грам оң бактериялардың құрылымына ұқсас: оның құрамында треонин, триптофан, лизин, глютамин және аспарагин қышқылдары орналасқан. Дегенмен, арабиноза (коринебактерияларға тән), тейхой диаминпимелин қышқылы жоқ. Грам теріс бактерияларға тән майлы қышқылдар анықталмайды. Капсуласы, талшықтары жоқ, спора түзбейді.

Дақылды өсіру. Факултативті анаэробтар, капнофилдер, қоректік орталарға талғамды. Қарапайым қоректік орталарда өспейді, қанды агарда әлсіз төмен деңгейде өседі. Құрамында гемин және НАД бар күрделі қоректік орталарда өседі. Өсу факторларын қажет етеді: биотин, фолий қышқылы, ниацин, рибофлавин, пуриндер мен пиримидиндер және ыдыратытын көмірсулар мен пептондар. Гемолитикалық қасиеттері құбылмалы. Дақылдану үшін КАС-1 (казеин, ашытқы, сарысу) қолданады. Тығыз қоректік ортада 1-2 тәулікте ұсақ, домалақ дөңес, гомогенді, тегіс, түссіз колониялар түзеді. Сұйық қоректік ортаны лайландырады және тұнба береді. Қолайлы температурасы 35-37◦С, дегенменен, 25-42◦С дейін өсуі мүмкін.
Ферменттік белсенділігі. Хемоорганотрофтар. Метаболизмі ашыту типіне жатады, нәтижесінде сірке қышқылы пайда болады. Ферменттік белсенділігі төмен: каталаза және оксидазаны түзбейді. Крахмал, мальтозаны ыдыратады.
Антигендік құрылымы. Преципитация А реакциясымен гарднереллалардың 7 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зоонозды аурулар: бруцеллез, күйдіргі, оба, туляремия. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы. Анаэробты инфекция қоздырғыштары: сіреспе, газды гангрена, ботулизм. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы
Клебсиеллалар патогенділігі. Этиологиялық, патогендік ролі. Экологиясы. Ауруханаішілік инфекция дамуындағы ролі. Лабораториялық анықтауы. Алдын алу және емдеу
Қоршаған ортаның негізгі факторлары
Туберкулез. Алапес. Дифтерия, көкжөтел. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы. Спирохеталар, микоплазма, хламидия, риккетсия. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы
Бруцелла
Микроэкологияның негіздері.Микробтық паразиттің эволюциясы және патогендік микроорганизмдердің дамуы
Оба тектес қоздырғышы
Бруцеллез кең таралған инфекция
Құрғақ Bifidobacterium bifidum-ның қайта жандандырту жұмыстарын жүргізу арқылы жаңа Bifidobacterium bifidum дақылдық өнім алу
Бактериофагтар
Пәндер