Вирусты инфекциялардың ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

logo-zkgmu.png

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина: Микробиология және иммунология

Курс: 2

Тақырыбы: Инфекция формалары және олардың сипаттамалары. Инфекцияның негізгі көздері, тасымалдану жолдары.

Орындаған: Базарбаеа А. А.

Тексерген: Мусабаева С. Ж,

Тобы: 202 «А»

Ақтөбе 2018 жыл

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  • Инфекция формалары, оларға сипаттама
  • Инфекция көздері
  • Инфекцияның тасымалдану жолдары

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Инфекция (іnfectio-жұғу, жұқтыру) - сыртқы және әлеуметтік ортаның тиісті жағдайында патологиялық, қорғаныс бейімделу және компенсаторлық реакциялардың дамуын қамтитын қоздырғыш пен макроорганизм арасындағы күрделі кешенді комплекс.

Инфекциялык үрдіс - организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және физиологиялық қызметін бұзатын патогенді микробтар макроорганизмге енгенде пайда болатын және дамитын физиологиялық және патологиялық, адаптациялық және репарациялық реакциялардың жиынтық көрінісі.
Қарапайымдар қоздырған осындай процесті - инвазия дейді.

Инфекция пайда болып дамуы үшін 3 фактор керек:

  • Патогенді микроорганизм;
  • Макро- және микроорганизмнің өзара әсерлесуі болатын қоршаған орта;
  • Қабылдаушы макроорганизм;
  • Жұқпалы аурулардың соматикалық аурулардан ерекшелігі;
  • қоздырғыштың болуы;
  • жұқпалылығы;
  • аурудың кезеңдері мен өтуі (4 кезеңі болады) ;
  • арнайы иммунитет пайда болуы.

Инфекция туралы ілім - бұл макроорганизмдерде тіршілік етуге және оған патогенді әсер етуге мүмкіндік беретін микробтардың қасиеті туралы, және де микроорганизмнің ауру тудырушылық әсеріне қарсы тұратын макроорганизмнің қорғаныс-бейімделу реакциялары туралы ілім.

"Инфекция" (лат. іnficіо - жұқтыру, зиянды нәрсені енгіземін) немесе оның синонимі "инфекциялық процесс" термині қоршаған ортаның тиісті жағдайында қабылдаушы макроорганизммен оған, көбейген патогенді немесе шартты-патогенді микроорганизмнің өзара әсері нәтижесінде пайда болатын және макроорганизмнің ішкі ортасының тұрақтылығын(гомеостазын) сақтауға бағытталған физиологиялық қалпына келу - бейімделу реакцияларының жиынтығын білдіреді.

Инфекция формалары, оларға сипаттама

Инфекцияның келесі формалары ажыратылады:

А. Қоздырғыш табиғатына байланысты

1. Бактериальды инфекциялар - қоздырғышы бактерия болып табылады.

2. Вирустық инфекциялардың қоздырғышы вирустар болып табылады.

3. Саңырауқұлақты инфекциялар(микоздар) -қоздырғыштары микроскопиялық саңырауқұлақтар болып табылады.

1-копия-3.jpg

4. Протозойлық инфекциялар (инвазилар) - қоздырғышы қарапайымдылар

Б. Инфекцияның шығу тегі мен таралуына байланысты.

1. Қоздырғышы организмге сыртқы ортадан кірген микроорганизмдер болып табылатын экзогенді инфекциялар

2. Эндогенді инфекцилар қоздырғышы болып адам денесі микрофлорасының өкілдері табылады.

В. Қоздырғыштың ағзадағы локализациясына байланысты.

1. Ошақты немесе жергілікті инфекциялар -егер микроб макроорганизм бойымен инфекциялар қақпасынан таралмаса.

2. Егер микроб жиі гематогенді жолме инфекция қақпасынан макроорганизм денесіне тараса- генерализацияланған немесе жалпы деп аталады.

Г. Қоздырғыштар түрінің санына байланысты.

1. Микроорганизмнің тек бір түрі моноинфекцияның қоздырғышы болып табылады.

2. Аралас инфекция ( микстинфекция ) екі немесе одан да көп микроорганизмдерді микробтық ассоциациясы қоздырғышы болып табылады.

174695_photo.jpeg

Д. Сол қоздырғыш әсерінен қайта ауырған кезде

1. Егер бір ауру жазылмайынша басқа микробты жұқтырса, ол инфекция- екіншілік деп аталады(яғни тағы да бір инфекцияның қосылуы) .

2. Егер ауру жазылмайынша сол микробты тағы да жұқтырса - суперинфекция.

3. Аурудан айыққаннан кейін сол микробты тағы жұқтырса- реинфекция.

4. Егер аурудың клиникалық көріністері микробты жұқтырмаса да көрініс тапса, бұл жағдай- инфекция рецидиві деп аталады.

Е. Қоздырғыштың микроорганизммен әрекеттесу ұзақтығына байланысты.

1. Асқынған инфекция кезінде ұзақтық үлкен емес.

2. Қоздырғыштың микроорганизммен ұзақ уақыт әрекеттесуі созылмалы инефекция деп аталады(және, сәйкесінше, ұзаққа созылатын патологиялық процесс) .

Ж. Клиникалық көріністеріне байланысты.

1. Манифестті инфекция.

2. Өшкен инфекция(стертая) .

3. Егер клиникалық симптоматика сол ауру түріне сәйкес болмаса - атипті инфекция.

4. Клиникалық симптоматика көрңнбегенде- жасырын (немесе инапарантты ) инфекция.

З. Таралуы мен қамтыған аймағына қарай.

1. Тек бір аймаққа тән- эндемия.

2. Бір-бірімен байланысы жоқ әр түрлі жағдайда тіркелген бір инфекция- спорадикалық инфекция.

3. Эпидемия (грек. epіdemіa), і н д е т - жұқпалы аурудың қалың көпшілік арасына (белгілі бір жерге, елге) жаппай таралуы.

4. Егерде індет толық бір континетті, бірнеше мемлекетті немесе адам популяциясына таралса- пандемия.

Инфекция көздері (источники) :

  • Ауру адам немесе жануарлар

Берілу факторлары:
Тағамдар, топырақ, ауа, су, шаң, нәжіс, тұрмыстық заттар, жеміс-жидек, көкөніс, жәндіктер, медициналық саймандар т. б.
mikroorganizmy-popavshie-organizm.jpg

Вирусты инфекциялардың ерекшеліктері:
Вирустар облигатты паразиттер және олардың НҚ-ы инфекциялық процесс қоздыра алады. Вирустардың меншікті зат алмасу қабілеттілігі жоқ болғандықтан оларға (вируленттілік) терминін қолдану дұрыс емес, оның орнына «инфекциондық» немесе «инфекциоздық» терминдерін қолданған жөн.
Вирустардың спецификалығы және органотроптылығы бар (құтыру вирусы- жүйке жасушаларында, қызылша вирусы тыныс алу органдарында, гепатит вирустары - бауыр гепатоциттарында) .
Көптеген вирустардың РНК және ДНК жасуша хромосомасына тіркеліп интегративті инфекция (вирогения) қоздыра алады (гепатит В, аденовирус, герпес, ЖИТС) . Вирогения кезінде вирустардың репродукциялану, құрастырылу және шығу стадиялары болмайды. Мутациялық жағдайда - шексіз бөліне бастайды.
Барлық жағдайда вирусемия болады (нейрогенді вирусты инфекцияларда болмайды) .
Көбінесе вирустар иммундық жүйені зақымдайды да, иммунды тапшылық пайда болады (грипп, қызылша, ЖИТС, ұшық вирустары) .
Ядроішілік немесе цитоплазмаішілік қосындылар түзуді (шешек, құтыру, ұшық, қызылша т. б. ), олардың диагностикалық маңызы бар.

Вирусты инфекциялардың түрлері:
өнімді (продуктивная) инфекция- жедел түрде өтеді, жасушада вирустар репродукцияланып жасушаның лизистенуіне әсер етеді, ол- ошақты және генерализацияланған түрде болады.
персистенциялану латентті (симптомсыз) және баяу инфекция (вирус бөлінбейді), созылмалы (организмнен вирус бөлініп отырады) түрде болады.
абортивті инфекция- вирустың репродукциялануы тоқтайды.
онкогенді вирусты инфекция- жасуша вирустың әсерінен өзгеріске ұшырап қатерлі ісікке айналады.

Инфекциялық процестің негізінде паразитизм феномені жатыр, өйткені паразит деп аталатын біреуі, ие деп аталатын екіншісін қоректік көзі және тұрақты немесе уақытша мекендейтін орны ретінде пайдаланады.
Адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің инфекциялық және инвазиялық ауруларының қоздырғыштары паразиттерге жатады, яғни олар тірі жүйе ортасында паразиттік тіршілік етуге қабілетті.
«Паразитизм" термині - бұп ерекше түсінік және паразит популяциясы гетерогенді. Микроб популяциясының паразитизмдік дәрежесі ең алдымен мекендейтін ортамен байланысты, сондықтан популяциялық-экологиялық тұрғыдан паразитизмді үш категорияға бөледі: облигаттылар, факультативтілер және кездейсоқтылар.

Жұғу жолдары:

  • Трансплацентарлы (вертикальды) -қызамық;
  • Контактылы (жанасу) - тікелей жанасу - жыныстық жолмен жанама жол - тұрмыстық заттар арқылы;
  • Трансмиссивті - жәндіктер шаққанда (безгек) ;
  • Фекальды-оральды (алиментарлы, тағамдық) - ауыз арқылы жұғу (іш сүзегі, гепатит А, полиомиелит) ;
  • Ауалы-тамшылы (респираторлы) - тыныс алу жолдары арқылы жұғу (қызылша, тұмау) ;
  • Парэнтеральды (ятрогенді) - әр түрлі инъекциялар кезінде жұғу (гепатит В, ЖИТС) ;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирусқа қары заттар
Ішектік инфекциялар жалпы түсінік, нозология, этиологиясы мен эпидемиологиясының жалпы ерекшеліктері
Инфекция немесе инфекциялық процесс туралы
Жатырішілік инфекция. Инфекциялық процесстердің жас ерекшеліктері
Вирусология вирустардың жіктелу принциптері. Вирустарлың көбеюінің биогенетикаоық ерекшеліктері және көбейу сатылары
Жатырішілік инфекциялар. Инфекциялық процесстердің жас ерекшеліктері. Әр түрлі жастағы балалардың инфекциядағы патогенетикалық ерекшеліктері
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері
Жедел респираторлы аурулар
Жылқы африкалық обасының қоздырушысы
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфеция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz