Трансмисивті инфекция қоздырғыштары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Факультет: Жалпы медицина
Дисциплина: Микробиология және иммунология
Курс: 2
Тақырыбы: Трансмисивті инфекция қоздырғыштары
Орындау әдісі: реферат

Орындаған: Базарбаева А.А.
Тобы: 202 А
Тексерген: Мусабаева С.Ж.

Ақтөбе қаласы, 2018
Жоспар
1 Кіріспе
2 негізгі бөлім
А)Анықтамасы
Ә) патогенезі
Б) клиникалық көріністері
Г) емдеу
Ғ) алдын алу
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жұқпалы аурулар -- зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз -- ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.
:: Табиғатта кездесетін жұқпалы инфекциялық аурулардың басым түрі жануарлар арқылы адамдарға тарайды. Жұқпалы аурулар -- зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек инфекция деп те атайды. Олар: ішектің; жоғарғы тыныс жолдарының; қанның; сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді. Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі.
:: Трансмиссивті инфекциялар әсіресе көктем, жаз мезгілінде көп таралады. Бұл ауруларды таратушы буынаяқтылардың зиянды және пайдалы түрлері бар.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Трансмисивті ауру қоздырғыштары

Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo - жұқтыру):

тірі организмдерге ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактерия, риккетсия, вирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел;
осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы.
Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін "миазмалар" себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л.Пастер, неміс микробиологы Р.Кох (1843 - 1910), орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845 - 1916), Н.Ф. Гамалея (1859 - 1949), т.б. еңбектерінің маңызы зор болды.

Жұқпалы ауруларды кейде тек инфекция деп те атайды. Олар:

Ішек аурулары;
Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;
Қан немесе трансмиссивті аурулар ;
Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек аурулары (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады.

Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді.

Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді.

Сыртқы қабықтардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Безгекпен ауыратындар
Коринебактериялар, микобактериялар, алапес (лепра) қоздырғыштар
Эпидемиологиялық процестің үш тізбегі
МИКОЗДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Инфекия туралы ілім
Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы туралы ақпарат
Ет микробиологиясы
Микроб әсерінен болатын тағамдық токсикоздар мен токсиконды инфекциялар
Токсоплазмоздардың анықтамасы
Эшерихиялар, сальмонеллалар, шигеллалар, тырысқақ, кампилобактер
Пәндер