Адамтану баспалдақтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Адамтану баспалдақтары
Жоспары:
1.1§ Адамтану қазақи үлгілер
1.2§.Балатану баспалдақтары
1.3§Тектану амалы
Түйін сөз
1.1§ Адамтану қазақи үлгілер
Қазақ адамтанушылары - қауым ортасында сыншы (сынақшы дейді кей аймақтарда) деген атпен белгілі.Қазақ қауымында адам сыншысы, ат сыншысы, құс сыншысы, түс сыншысы (түс жорығыштар),жұлдыздамашы, жауырыншы, құмалақшы, санақшы, бақсы-балгер,тәуіп-көріпкел, көзбайлаушы,емші-домшы,сәуегей, әулие сияқты ерекше дарынды адамдар аз да болса бар еді. Адамтану қазақ білімін өмірге келтіріп, өсіріп дамытқан осылар еді. Олар қордалана келе қомақты білім қорына айналған. Алайда бұл білім қоры сараланып, жіктеліп, реттеліп, жүйеленіп, қажетті адамдарға ұсынылудың орнына, өгейленіп, шеттетіліп, менсінілмей қамқорсыздың күнін кешуде
Қазақ атамыз, адамтанудың жолын, оны игерудің бағыт-бағдарын, амал -тәсілін әжептәуір айқын көрсеткен. Ерлерін бесіктен танитын қазақ атамыз: болар бала боғынан белгілі дей отырып, бұқа болар бұзау, биттейінен белгілі, батыр болар бала, титтейінен белгілі, бөрі аулайтын жігіт, бөрігінен белгілі, жау алатын жігіт, серігінен белгілі, нақтылы ден қойып, мұқият зерделесең, ерді кебенек ішінен тани аласың деп ұқтырған. Арғымақ аттың құйрығы, әрі жібек, әрі қыл, ер жігіттің белгісі әрі мырза, әрі құл, Арғымақ аттың белгісі аз оттар да, көп жусар, асыл ердің белгісі, аз сөйлер де көп тыңдар,Ат ерінді келер, ер мұрынды келер деп адамтанудың ерекшелігін адамның сырт белгісімен ұштастыра көрсетсе,Атты тісіне қарап таны, жігітті ісіне қарап таны, Жігітті бір де майданда таны, бір де бейғамда таны, деп адамды әрекет іс-қимыл үстінде толық тануға мүмкіндік бар екенін ескертеді. Атам қазақ, Жау жеңетін жігітті жарағынан таниды, дау жеңетін жігітті талабынан таниды деген қағиданы басшылық етіп, адамды бала кезінен танып білуді ұсынған. Болар бала бесігінде бұлқынады,Бесіктегі баланы бек боларын мен білем, Адам танымаған мұраттан қалар, сөз танымаған ғибраттан қалар, адам тануды тек нобаймен ғана емес дәлдікпен, белгіліәдіспен анықтауды ұсынады.Қызды әдебіне қарап, ұлды әдетіне қарап таны десе, еліктегіш еркекті сөйлеуінен байқарсың, еліктегіш әйелді көйлегінен байқарсың, жүзден жүйрік шықпай ма? Шіркін, айыра білер жан болса, келешегін бажалай алып,талантын тани біліп, жетелесе, бағыт-бағдар берсе, өспейтін жас,дамымайтын өнер, бейімділік болмас. Әйелді табағынан байқа,баланы талабынан байқа, адамның мінезін сөйлегенде тани алмасаң билегенде танисың, адамның арманына қарап, ниетін ұғуға, ниетіне қарап, қасиетін ұғуға болады, мейірім жан жомарттығы, мейірімі бардың, қайырымы бар, өзгеден айырымы бар,зейіні бардың, бәріне бейімі бар екенін анық аңғартқан. Адамтану тек аңғарпаздық, зерделей білер қарапайым сезгіштік пен танымпаздықты талап етеді. Кісі болар баланың кісесінен белгілі, адамға деген жарқын қатынас, дүниеге деген ұқыптылық, жинақылық, бала мінезіндегі биязылық нышандары оның келешекте қандай адам болатынына жоба болары айдан анық. Саусағы ұзын биші болар, құлағы үлкен күйші болар. Атам қазақ адамның бет-әлпеті, сөз ләмінің өзі, егер оқи алсаң-нағыз кітап демеді ме?! Қазақ адамтанушылары, адамды жан-жақты қарап, оның жан-дүниесіне терең үңіліп, тек өзін ғана емес, оның туған -туыстарын да мұқият қадағалап барып қорытынды жасайтын еді. Жігіттің жігіт болмағы нағашынан, тегіне тартпас ұл болмас, болаттың сынығы да болат, анасына қарап қызын ал. Себебі, дүниенің құлпы да адам, кілті де адам екені белгілі. Кісі болар баланың, кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың, кісіменен несі бар. Адам болар баланың етек- жеңі кең болар,адам болатын бала алысқа қарайды. Қатарынан озатын ұл биікте жүреді, ез атанып тозатын ұл иықта жүреді.Міне, мұның бәрі адамтанудың қарапайым ережелері. Қазақ адамтану үрдісінде адамның жас ерекшелігіне сай танып білу өте орынды айтылған: Болар адам, он бесінде бас болар, болмас адам, отыз бесінде жас болар, адам болар жігіттің ақылы артық болар, ісінде тәртіп болар, алпыстағы шалағай алты жастағы баладай,, адам болатын жігіт әуелі өз нәпсісін билейді, сонан соң ауылын билейді. Отызда орда бұзбаған, қырқында қыр аса алмайды. Қабағынан жай біліп, жанарынан сырын ұқсаң,көзге ұрып тұратын белгілер мен сындарды, сезіліп тұратын сырларды ұға білсең, оқи білсең адамдарды аңдамай танисың.. Қазақ адамтанушылары адамдардың алақан, табан, бет-бедерлерін, құлақ күн қағар, саусақ тұяқтарының тамырлары мен олардың өң-түсі, дене пішімі, ауқаттану амалы, жатыс-тұрыс парқы, қас, кірпік, ерін, шаш, сұрқы, туған ай-күні, амал-жұлдыз сәйкестігі, шыққан тегі, кіндік шешесі, сәттіліктері мен киеліктері, ұстанған наным-сенімдерін толығымен қарастырып барып, қортынды жасайтын еді. Олардан басқа құмалақ тарту, жауырын жағу,омыртқа оқу, жұлдыздама ашу, асық иіру, түс жору, тұз шашу, жан - жануар қылықтарын ырымдау арқылы жорамал жасау әдістерін де пайдаланған. Бала сынау әулет мектебінің ежелгі дәстүрі.Бала Абайдың ұғымтал,зеректігіне қатты риза боп, шын сүйген Барлас бір оңашада жәй ғана тақпақтап:Шырағым ,ержетерсің. Ер жетсең,сірә, не етерсің? Алысқа щырқап кетерсің, Шындасаң,шыңға жетерсің,-деп еді. Барлас ақын бала Абайдың бойындағы мол дарын- қасиетті сол кезде-ақ байқаған болатын.(М.Әуезов) Кеменгер ақын,адамтанушы Абай, бала Мұқтарды ең алғаш көргенде болашақта үлкен ғұлама адам болатынын кескін келбетіне,түр-сипаты мен болмысына қарап,кісілік-адамдық сипаттама берген. Ақын қолын созып,өзіне шақырды;-Бері кел,қарағым!-Бара ғой, қысылма, Мұқтаржан. Абай атаң ғой,-деді Әуез қарт. Мұқтар жүрексіне басып, Абайға жақындап, тізесін бүкті. Ақын оның басынан сипап:-Жанарыңда ой нұры тұнып тұр екен. Еліңнің үмітін ақтармысың!.. Бақытың ашылсын, балам,-деді.Қариялар үнсіз тына қалды. Олар Абайдың адам қасиетін жаңылмай танитынын, артық сөз айтпайтынын білетін.(Мұқабадағы сурет,үзінді оқулықтан алынды) Баланың түрлі қимыл-әректіне қарап,оның кісілік-адамдық сипаттамаларын болжап айтатын әдістер де бар. Ер бала көзін ашып ұйықтаса, онда ер жеткенде бақытты, жары сұлу болады. Егер бала үнемі жастық үстіне ұйықтайтын болса, кейін ел басқаратын көсем болады; ал көрпені тұмшалап алып жататын болса, мінезі жайдары,ақкөңіл азамат болады; етбетінен жататын болса, қызғаншақ, кейде ойшыл болады. Аяқ-қолын созып төрт тағандап бей жай ұйықтайтын болса, өскен кезде кеменгер әрі батыр болады. Қазақ адамтанушылары туралы жазба деректер, жұрт жадында сақталған аңыз - әңгімелер тым мол-ақ. Адамтанудан бастап,адамның ұлттық санасы мен сапасын жетілдіре түсетін қорғап отыруды көздейтін бұл дәстүр ғасырлар бойы халықтың ұлттық ой-өрісін дамытып, адамның ұлттық тегін сақтайтын құндылықтарды қалыптастырып, ұрпақтың қасиетін қорғап отырған.Жеке адамның тектілігі тілді, дінді таза ұстау, атадан балаға, бабадан ұрпаққа берілетін асыл мұра ділді қорғау.Қазақтың тілді қадірлеп, тіл арқылы жанды тәрбиелеп, ойды, білімді дамыту өнерінің бойында да тектілік аз емес. Қазақ ұғымында ойлы адам ғана тілді қорғай алады, себебі, ой білім мен қабілеттің бірлігінен туатын дүние.Тектілікдұрыс білімнен, дұрыс ойдың, дұрыс ойдан дұрыс идеяның қалыптасуына ықпал ететін қасиет.Сонау ұлттың қалыптасу тарихынан бастап, оның дүниетанымы, мәдениетін, тарихы мен тарихи санасын, құндылықтарынсақтайтын қасиет тектілік.Адамның бойындағы қорғану күші, өшпейтін, өзгермейтін, жоғалып кетпейтін мінез, ол қанша данышпан, ғалым, ойшыл, батыр болса да ұлтты сақтап дамытып отыратын негіз.Мадан деген хан, Жер бетіндегі ең Жаман (болашақ Аяз би) адамның сыншылық қасиетіне тәнті болып, оған менің өзімді сынашы, мен неше атамнан бері хан екенмін?-дейді. Жаман: - Жақсы! - деп, тақта отырған ханның алды-артына шығып, алдына келіп, ханның бетіне тіке қарап тұрып: - Тақсыр ханым! Ақыл-ойың ешкімнен кем емес, бірақ хандық қара басыңда, қарадан туып хан болғансыз, атаңда хандық жоқ,- дейді. Жаман сөзін бітірмей, хан сөзін бөліп: - Жоқ, қате айтасың! Мен жеті атамнан бері ханмын. Өзімді қойғанда да, алты атамды қайда жібересің? - деп зекіреді. Жаман саспайды. - Жоқ, тақсыр! Сіздің қара басыңыздан басқа тегіңіздехандық жоқ. Сіз нағыз наубайдың баласысыз, - дейді. Хан не дерінбілмей, халыққа қарап, анасын алдырып, шындықты айтуын сұрайды.Анасы болған жайдың ақиқа-тын айтып, оның шын мәнінде ханның ұлы емес екенін, өзіне дейінгі он тоғыз әйелді әкесі Зәрлі ханның кілең қыз туғаны үшін жарып өлтіргендігін, құрсағына көтергені қыз екенін тәуіптер арқылы білгесін, шыбын жанын сақтау мақсатында өзімен бір мезгілде ұл көтерген сарайдағы наубайшының әйелімен жасырын келісіп, кейін күні жеткесін нәрестелерді алмастырып, содан бері екеуінің бұл жөнінде ешкімге тіс жарма-ғандарын тәптіштейді. Хан: -Апырмай, менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдіңіз? - дейді. Сонда Жаман: - Мен Жаман-жақсы болсам да, үйіңізге келген қонақ едім. Хандардың ішер асы - жал мен жая аузыңызға түспей, нан, көже түсіп, мені келісімен аспазға жібердіңіз. Салтыңызға тарттыңыз. Сіздің шонжарлы, атаулы хан емес екеніңізді содан байқадым, - дейді. Адамды тану үшін оның жас ерекшелігі мен жеке бас ерекшелігін білудің маңызын осы мысалдан-ақ аңғарамыз . ХІХ ғасырдың орта кезінде Абыз бидің батасын алмақ.болып үш жігіт ел сыйлаған шешен қарияға келеді.Серікбай мен Жаманқұлдың сөзін тыңдап,оларға өзінше баға берген би бір кезде үшінші жігітке келіп қарап: Шын асылдың көзінде жасыл от болады деуші еді. Қарағым-ай, ныспыңды айтшы?-депті.Сонда әлгі жігіт:Әкемнің ныспы Жаманбала өз есімім Кәріпжан,-дей бергенде,Абыз би бармағын тістеп,тіксініп қалыпты. -Тек! Ат-аспаннан,нұр-пейіштен деуші еді.Ой,пәлі-ай,бекер болған екен,бекер болған екен,- деп басын шайқап былай деген екен. Арысын жауға бермес,Намысын дауда жібермес,Елдің ері кісі танысам сен боларсың,Бірақ,қарағым,түбі бір нәрседен кем боларсың! Шынында,Кәріпжан-айтулы би,шешен адам болған екен. Мұнда,қойылған-ат,көз жанарын көріп қана сынай білген Абыз бидің талантына таң қалмасқа бола ма? Кәріпжан қартайған кезінде, Жаманға бұйырған көп жақсы аттың бірін маған неғып қимады екен,-деп налыған деседі жұрт.Өйткені қара қылды қақ жарған әділ би өз кіндігінен перзент көрмепті.Арнайы сынап танудың да амалдары бар болған ...Бір де Сырым бала сол өңірге батырлық, билік атағы жайылған Малайсарыға сәлем бере барады.-Уа, қай баласың? -Даттың баласымын.-Қой жая алмайтын жаманнан қолақпандай ұл туды деп еді, сірә, сол боларсың?-Болсақ болармыз. Бірақ бір құшақ отыннан бір оқтаулық мүсін шығады деуші еді. Әкем жаман болса, сондай-ақ болар. Өзіңді қазыналы қарт екен десем, қазымыр қарт па едің?- Бала, әкең нашар болғанмен шешең пысық еді. Күндіз келген жиырма адамды, түнде келген жиырма адамды ренжітпей атқарушы еді, шешеңе тартқан боларсың.-Шешем пысық болса, оның несін айып көрдіңіз? Әкем би болмаса да, би түсетін үй болыпты. Шешем күндіз келген жиырма кісіні, түнде келген жиырма кісіні ренжітпей аттандырса-қырық адам екен, қырықтың бірі қыдыр деген, онда қыдыр дарыған болар. Шал үш түрлі деуші еді: қазымыр шал, қадырсыз шал, қыдырымпаз шал . Өзіңіз соның қайсысыз? -Балам, сынайын деп айтқан бір-екі ауыз сөзімді көңіліңе алма? Жаманнан жақсы туады-адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады-бір елтіріге алғысыз. Сен де маған шалдың үш түрін айтып қарсы сын қойдың ғой. Кісінің қадірін өзінен сүрамас болар . Қадірсіз десең -халқымнан сұра, қыдырым-паз десең-көршімнен сұра , қазымыр десең-кемпірім өліп, келінге қараған жетім шалмын, келінімнен сұра . Енді келген жұмысыңды айт? Сырымның көңілі жадырап сонда былай депті: -- Ауылыңның алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, аулыңда ақылды қарт болса, жазылып қалған хатпен тең деуші еді. Сәлем беріп, бата алғалы келдім.-Жарайды, балам! Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар . Ақыл қуып сөз бастайын деген екенсің, атқа мініп, ел бастайын деген бала екенсің. Ақыл жастан, асыл тастан шығады деген алдыңнан жарылқасын! Шиеленген түйінді, шиыршық-талған қиынды шешіп, елдің ісін тындыратын, жаудың белін сындыратын әділ би, айтулы кісі бол, аумин! -- депті Малайсары қария. Адам танып,түсіну,оның сырлы сезімін аңғарып білу қанша қиын болғанымен амалын тапсаң,айласы да жоқ емес, тәсілі де тым көп екен.Нағыз адамтанушылар, сөз,іс-қимылды былай қойып ымнан да талай дүниенітүсіне білген. Ым білмеген,дым білмейдідеген қағида осыданқалса керек-ті. Мысалы: Шоң мен Ақтайлақ би ыммен сөйлесіп,бір-бірін сынай отырып,жағдай соңында,өзара толық түсініскен екен.Уақ елінің мықтылары Сүйіндіктен барымтамен жүз жылқы алдырыпты.Осы себепті екі елдің арасында дау туып,ақыры сөйлесе келгенде екі жақтың басты адамдары келеді.Бірақ бұл келісімге келгенде Шоң би жоқ екен. Екі жақтың шешіміне келіспеген Шоң өзі барады.Ақтайлақ бидің үйіне келіп түседі.Ақтайлақ кедей екен, амандықтан кейін: Көрші ауылға барып келемін деп кетерде әйеліне: Едігенің Шоңы келді.Бұрыңғының соңы келді. Қазаныңа ас сал.Аз болса,көбейт,көп болса азайт,-дейді.Көрші ауылдағы сауда-герлердің жаңа киіз үйін ас-ауқатымен ала келіп Шоңды екі күн құрметпен күтеді. Бұл уақытта екі жақтың арасында сөз болмайды.Үшінші күні Шоң қайтатын болады.Ақтайлақ құрметтеп шығарып салады.Біраз жерге дейін еріп барып Ақтайлақ тоқтап:
-Шоң.Шоң!-деп дауыстайды.Шоң жалт қарайды.Ақтайлақ қолын көпке бір сілтейді, көкке бір сілтейді де, ерінің қасын ұрады.Екі би түсінісіп,дау осы ишаратпен бітеді.Жанындағылар емерурінді түсінбей сұрағанда,Шоң былай деп шешіп берген екен дейді.-Ақтайлақ бидің жұмбақтап әйеліне айтқан сөздері: Бір біткен билікті бұзып,өзің келдің, енді өзің айт шешімін. Қазанға ас сал,аз болса көбейт,көп болса азайт-дегені-бұрынғы кесімді кеміт дегені.Ал ат үстінде тұрып,қолымен ымдағаны-менің тұрмысымды көкте құдай білсін,жерде екеміз-ақ білейік, кедейлігімді ешкімге айтпа дегені,-депті. Ал анау арғын, найман болып тұрғанда Нұредин деген адам немересінің әрекетін бажайлап қарап отырып, бір оңашада келініне: Қарағым, мына бала біздің тұқымнан емес қой, құлынында үйірін тапса, құнанында көндігіп кетер.Басың аман болса, тағы ұрпақ көрерсің иесінетапсыр! деген екен дейтін аңыз бар.Керей руынан шыққан, адам сынайтын тамаша дарынымен барша қазаққа мәлім болған Дүйсенбі сыншы туралы бір әңгімеден үзінді келтірейік. (Ел аузынан, А. 1989, 353-б.) Дүйсенбіге бірде Омар деген кісі он екі жасарбаласы -Сағындықты сынатуға әкеліпті. Алдымен қозысын сойып, қымызын құйып, замандасын күтімге алады. Екеуі әуелі бала сынау жайында емес, өткен -кеткен оқиғалар жайында маслихаттасып отырады.. Аракідік Дүйсенбі баланың отырыс - тұрысын, барлық қимылын, әңгімеге құлақ қойысын, қадағалаудан жазбайды. Өйткені, бұл баланы сынатуға әкелгенін біледі, Әңгіме арасында: -Омеке, мынау балаңыз қулық биенің құлыны сияқты, құс болса ұябасар дейтіндей қағылез де шымыр, тынымсыз ба қалай, - деп бір қалады. Қозының еті желініп аттанар шақ болады.-Айран сұрай келіп, шелегіңді жасырма деген ғой, Дүйсеке, аузың дуалы, көзің қырағы пір едің. Бұл баламды сізге сынатқалы келіп едім, - дейді Омар. -Менің көріпкелім жоқ, бақсы емес екенімді өзің білесің. Омар көргенімді айтсам, көңілің қалса қайтемін. Балаң үшін менен жақсы сөз естігелі келгеніңді жасыра аласың ба? - Жасыра алмаймын, Дүйсеке,бірақ көргеніңізді айтпасаңыз мен де сізді қайтып көреймін,-деп жаратылысынан жалған намысты білмейтін Омар морт кетеді.- Айтайын, батыр, айт-айын, - деп Дүйсенбі кеңк - кеңк күліп алды да, балаға сұстана қар-ап көп отырды. -Тұмсығы тоқпақтай, құлағы жарғақтай, ерні қаймақтай екен өзінің. Бұл сылдыр көмей, жез таңдай, сиыр жорға, қу таяқ деген жігіт.Лақты ешкілік дауды атқа сатып алып, өмірі өзіне де, өзгеге де тыныштық бермей өтетін, елді ұйытушы емес,ірітуші адам болады,-деп баға береді Омар ренжімейді. Рахмет айтады. Аттанып кетеді. Сағындықты кейін көзбен көріп,үзенгілес болған адамдар оның тап осындай адам болып өткенін айтадыБір жолы қырғыз Қызылым қарт,Жиреншеге кездесіп қалып: -Шешен Сізден сұрайын деген бір жоғым бар еді.Он бес лақ,жиырома бес серке,отыз бес орақ,қырық бес қылыш,елу бес егеу,алпыс бес арқан,жетпіс бес шідер жоғалт-тым.Осыған құлағдар болыңызшы,-дейді.-Жарайды-,дейді Жирен-ше шешен.-Жоғыңыздың жөнін айтып берейін, өзіңіз тауып алыңыз. -Онбес жас -құйын қуған желменен тең Жиырма бес дауыл ұрған перімен тең,Отыз бес ағып жатқан селменен теңҚырық бес аю аспас белменен тең,Жетпіс бесте көңілін жерменен тең Сексенде селкі-лдеген шал боларсың,Тоқсанда толық миың орта түсер Жүзде дүниеден күдеріңді үз,Өлмесең де өліден кем боларсың,-дейді.-Әттеген-ай.Өзім жиырма бестегі жігіттей едім,көңілімнің жердей болғанын қарашы,бекер-ақ сұраған екенмін,-деп Қызылым қарт жантая кеткен екен.Қазақ адамтанушылары өз елінің аумағынан асып,олардың білгіштігіне толық сенген көршілес жұрттың хан-қағаны,елбасы-билеушілері жанына қазақ адамтану-шыларын ұстаған деген аңыздар да бар. Мысалы,Қытайдың Еженханы, Жонғардың қонтайшылары, Шыңғысханның өзі адамтанушы бақсы, көріпкерлерді кеңесші еткен көрінеді. Қазақ адамтанушыларының талантын жоғары бағалаған, көршілес халықтардың елбасылары ерте заманнан, оларды жанына алып, ақылшы, кеңесші, хатшы болдырған.Бәрімізге белгілі, жоңғар қоңтайшысының адамтанушысы, бала Қазыбекті жатқан жатысынан, сыртқы тұлғасынан жазбай таниды....Ертеңіне ханерте тұрып, өзінің бір данышпан сыншы қариясы бар екен,сол сыншысын шақыртып алып: - Мынау қазақ елшілері келіп жатыр, осының сөзіне есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен сен барып осыларды,сынап келші,-дейді. Қария: Жарайды,-деп қолына таяғын алып,көпшілікке келіп әрқайсысымен екі-үш ауыз сөзге келіп, бұлардың ішінен ештеңе таба алмағандай болады. Алыстан келген ел ғой, аттоны қандай, сайлы ма екен,-деп аттың ішін аралайды. Аттың ішіне барса, Қазыбек аттың ішінде шалқа-сынан түсіп ұйықтап жатыр екен. Екі қолы екі жақта,екі аяғы екі жақта,ауызынан жалын шығып жатыр. Қария баланы ары-бері айналып тұрып қалады.Осыны ханға айтып барады:-Мен мынау көпшіліктің ішінен сен шошитындай адам таба алмадым,бірақ мен басқа бір нәрседен шошып келдім,-депті Хан:Неден шошыдың? - дейді-Жылқының ішінде бір бала жатыр, екі аяғы екі жақта, екі қолы екі жақта, құлаш ұрып жатыр екен. Ауызынан жалыны атқылап тұр екен. Ауызым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін,төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын,халықты қара шыбындай ауызыма үймелетемін, деп тұр екен,-дейді (Б.Адамбаев)Қазақты осығұрдай дөп басып, дәл танитын, ол кім еді? Қазыбектің терең мағыналы, жоғары рухты, өткір сөзін (қазақ тілінде сөйлегені, тілмаш болмағаны) қонтайшы қалай түсініп, бойы балқып, жүрегі жыли қалды екен?!Қазақтың мысы басты дейтін шығарсыз. Шындығында, сыншы- ақсақал қазақ екен.
1.2§. Балатану баспалдақтары
Қазақ халқы-өте балажан халық. Артымда қарайып ұрпағым қалсын, шаңырағымда шырақ жансын, ошақтың оты сөнбесін деп ұрпақ жалғастығына зор мән берген, баланың азамат болуы жолында күш-қайратын аямаған. Ұлдың ұяты - әкеге, қыздың ұяты-шешеге деп ұл-қыздар-ының өнегелі де ұятты,тәрбиелі де текті болуына ерекше назар аударып, әрбір ата - ана бұл жауапкершілікті өздерінің абыройлы міндеті,ұрпақ алдындағы қасиетті борышы санаған. Қашаннан қазақ ұрпақты Тәңірден, Алладан,Жарату шыдан жалынып, тілеп, қалап -сұрап алатын. Балалы болу үшін, мойнына бұршақ салып тілеуден бастап,күндіз-түні иман-ынындай үйіріп,қадам сайын жалбарынумен қатар, сәл кешіге бастаса болды,баз кешіп, әулиелі орын мекендерге,жатып-түнеп,сыйыну мен табынудан жалыққан емес. Қазақтың осы бір ақжарқын, асыл,риясыз пиғылына Жаратушы да нұрын төгіп, шапағатына бөлеп,алдына отыздан, артына оннан ұрпақ сыйлаған ғой!Ормандай отыз ұлды,еліктің лағындай ерке жиырма қызды мәпелеп өсірген қазақ мол-ақ еді.Кәзір де бар екен.(2010 жылдың жағдайымен)Қарағанды облысының, Теміртау қаласының Ақтау кентінде 10 ұлы,екі қызы бар.бес отбасы,сегіз қызы төрт ұлы бар бес отбасы тұрады екен. Бұдан артық байлық,бұдан артық бақыт бола ма?Қазақтың Қарашаңырағына ие болған, Қазақ хандығының бас ұстазы Абылайдың отыз ұлы,қырық қызы болғаны тарихи шындық!! Міне осы Жаратушыдан жалынып сұрап алған ұл-қызын адам қатарына қосу үшін оның даму,өсу,жетілу кезеңдерін мұқият қадағалап,терең зерделеуді өмір тақауырылаған.Осы негізде адамтану қазақ ілімінің ішінде,сәбитану,тектану,жас кезеңдерін сипаттау жағынан жинақтаған білім қорында бүгінгі ғылыми аталатын психологиядан артық болмаса кем түспейтін қағидалар мен пайымдаулар баршылық.Мысалға Абай атамыздың адамтану ілімінің бір-екілі тұжырымын келтірейік,Абай адамтану тағлымы, біріншіден, тән, жан, сезім, тектілік үйлесімділігінде,екіншіден, шындық пен адамгершіліктен үйрене білуде және осы құнды мұраны әр дәуірде жетілдіретін, әрбір адамға жеткізетін өтімді іс-әрекетте, үшіншіден, халықты алауыздықтан, алалаудан, ал адамды шектеуден сақтауда-дейді. Оның жетілу жолдары: көп нәрсені есітіп білу, көкейтесті мәселені көңілде түюге дайындық және соны үйрете алу, үлкен үміт , есеппен адамдық құндылықты, халықтық мұраны бағалай білу, оларды жөн-жобасымен қолдандыратын бағыт пен дәстүрден ауытқымау; шығармашылық ізденіс пен істің қайтарымында адам үдесі мен халық үмітін ақтау.Адамтану-есі барлық жанға олжа, басқа сая, ер қорғаны,сонымен қатар теңсіздіктің тетігі мен түбірін табу. Одан ары бар, ұяты бар, ақылы бар демекші, әркімнің өзі іздеген құндылық табылар. Өйткені адам дүниені тегіс көрмекке,тегіс тексермекке лайық, өзін ақыл-парасат, иман-ғибадат арқылы тануды және солардың пайдасын көрерлік сәт мүмкіндікті іздестіреді.(27-28-сөз) Ең бастысы,баланың жан азығына зәру екенін еш уақытта ұмытуға болмайды.Абай атамыздың жетінші қара сөзінде Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады.Біріншісі-ішсем,жесем,ұйықтас ам деп туады.Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды,hәм өзі өспейді,қуат таппайды.Екіншісі-білсем екен деп ұмтылып,одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, жыласа да тұра жүгіріп,ол немене ?,бұл немене? деп,ол неге үйтеді? бұл неге бүйтеді ? деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары,білсем екен,көрсем екен,үйренсем екен.деген үлкен пәлсопалық ой жатыр. Яғни,балаға туғаннан тән азығы - тамақ қандай қажет болса,жан азығы - жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет.Ал оның қажетін қанағаттандырмай, түпкі мақсат ешқашан орындалмайтыны белгілі жәйт. Мұны адам тәрбиелеп жетілдіруші барша жан есте сақтауы ләзім. Адамның жас ерекшелігі туралы айтылған пікірлерде Шәкерімнің: балалық шақ, ересектік,қарттық деген топтауы ауыз әдебиет үлгілерімен сабақтас болса бала жасын тікелей топтаған Ә.Дибаев ақсақал болды.(А.Диваев. Игры киргизских детей1905)Ол ,қазақ балалар ойынын зерттей келіп жасөспірімдерді сол кездегі ғұрып бойынша :1-7 жасқа дейін- сәби,7-15 жасқа дейін-бозбала, 15-30 жасқа дейін жігіт-деп топтап,қазақ ойындарын: сәбилер ойыны;бозбалалар ойыны:жігіттер ойыны деп бөлді. Қауым арасында бала жасын былай атап,төмендегіше топтайды.Бір жас аумағында-шарана,щақалақ,нәресте атаулары қолданылады.Бір мен екі аумағында ,қыз баланы бөпе, ұл баланы бөбек дейді.Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен қатар бірден үш жас арасында өбектеген,еркелеткен атаулар өте көп.Мысалы,тәттім,томпағым, торғайым, балапаным,қозым,гүлім,айым,күнім,жа рығым,жұлдызым қатарлы қазақ ананың санына сай бүлдіршіндерді еркелетіп атайтын өз есімдері бар болған.Осы шақтағы сәбилер табиғаты осылай аймалап, өбектеп, еркелетіп қолпаштап,қолтығынан демеп, көкке көтеріп талпындырып отырғанды қалайды. Еңбектеуге таяғанда қолды-аяққа тоқтамай талпынып,ұшып кете жаздай-ды.Мұны қазақтар қанатты шақ дейді.Осы жағдайды білмейтін талайлар нәрестенің қанатты шағында талай нәрестені ұшырып құлатып та алған. Үштен бес жас аралығында балдырған, балауса атанады. 6-7-8 жас бала,балақай, 3-12 жас арасы ойын баласы,7-13 жас жасөспірім,13-15жас арасы ересек бала,жас жеткіншек,15-19 арасы бозбала,бойжеткен 20-30 арасы жігіт,қыз аталады. Қазақ қызы,қазақ жігіті деген атаулар өте ұлағатты атаулар.Қыз айттырылғаннан кейін қалыңдық аталуымен қатар, құдалық рәсім жасалып,қалыңдықты болғандар күйеу атағын алып,жас жігіт, күлше қыз атауы олардың абырой атағын, айбарымен намаысын ала келеді.Қазақ қызы,қазақ жігіті деген атаулар-үлкен жауапкершілікпен, борышпен,ар-ұятпен, міндетпен астарласып тұратын-дықтан оның бет-беделін,намысын сақтау үлкен ерлік пен ыждақатты тілейді.Бұл атаулар қазақ үшін аруақты да,ардақты рәміз саналады.Алпысқа келген сарыкідір әйелді де ұлықтағысы келсе:Әй,біздің қыз!-деп шақ-ырады,абыройын арттырғысы келсе де:Әй,біздің қыз-деп қаратады.Ал, ерлерді алпыстан асса да, отағасы,елағасы,жігіт ағасы-деп құрмет көрсетеді.Бала дамуы дегеніміз оның бойында,ойында,қимыл - қозғалысын-дағы өзгерісті, жаңалықты айтады.Айталық. нәрестенің, кіндігі түсуі,ана үнін ажыратуы, әке-шешесін тануы,күліп-жымиуы,аунай алуы, талпынуы,құйрығын басуы,еңбектеуі,қаз тұруы-қадам басуы, сөйлеуге икемделуі (гуілдеу, ызылдау сияқты сәбиге тән ерекше үн- дыбыс шығару), сөйлеуі, аяқ-қолын ербеңдету алақан ұруға икемделуі т.б. Міне осы қатарлы бала дамуын ерекше бақылаған ұлтымы,оның даму кезеңдерін мұқият қадағалап,әр кезеңіне айрықша мән беріп,ерекше таным-дық-тәрбиелік іс-әрекеттер ұйымдастырып,тамаша сабақтар өткізген.Бүгінгі педагогика мен психологияда айтылатын даму кезеңдерін,қазақ жұрты тым ерте танып білген,осы кезеңдердің әрбіріне ат беріп,атап өтіп отырған.Осы кезеңдерде жасалатын бағым- күтім,көрсе-тетін үлгі-өнеге,игерілетін машық дағдылар мұқият дара-ланып,өте орынды тәсілмен жүзеге асырылған. Мысалы кіндігі түсе бесікке салынып,мойны беки қырқынаншығарылып, құйрығын басса, құйрық басар жасап, еңбектеуге айналғанда,бауыр аяқ жасап, қадам басарда тұсауын қиған. Бесікке саларда бөлеу әнін орындайды. Бесік жыры үнемі айтылады. Сылап сипауды әнмен өңдеп орындайды.Алғаш тілі сөйлеуге келе тілашар жасайды. Неге? Қазақ ата-аналар,бала дамуының әр кезең ерекшеліктерін өте жетік білген.Сонда,нені білген?Балалар әлемді сезім арқылы таниды: есту, сипап сезу, иіс сезу және көру. Әрбір сезу тәжірибесі мидың миллиардтаған жасаушалары арасында байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді, сөйтіп балаға бұл дүниені үйренуге көмектеседі. Мысалы, ата-ана баласымен оны қолына алғанда,бесікке бөлегенде,сылап сипағанда,өс-өстегенде сөйлеседі, баланың естуінің дамуына осылай ән айтып, көмек-теседі.Қайталау байланысты нығайтады, осылайша бала ата- анасының дауысын тануға үйренеді.Бұлай үйрету өмір бойына жалғасады.Алайда қабілеттіліктерді, әсіресе, көру, есту, сөйлеуді дамытуда ерекше кезеңдер болады.Ми мақта секілді тез сіңіруге, жаңа ақпараттарды қабылдауға қабілетті болатын кезең бар. Мәселен, кішкентай балалар өзінің ана тілін оңай және жылдам үйренетінін еске түсіріңіз. Дүниеге келу мен бес жас аралығындағы кезең баланың дамуындағы барлық салада ерекше қабілеттілік кезең болып табылады . Бұл туралы адамтану қазақ ілімінде мынандай ерекше қағида бар. Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай қара,онбес жасқа дейін қосшыңдай сана,онбес жастан асқан соң досыңдай бағала деген хас қағида бар.(Дәл осыгндай ұстаным, жапондарда,корейлерде,саян түріктерінде де кезігеді) Баланы асырап күтудің ең ауыр кезеңі бес жасқа дейінгі мерзім.Бала беске толысымен қазақтар атқа мінгізіп, сүндетке отырғызып, еңбекке араластырады. Бес жасқа дейінгі баланың өсіп жетілуіне, денінің сау, денесінің ширақ, ақыл-ойының ұшқыр болуына ата-анасы,ағайын-туысы үнемі мүмкіндік жасап, қадағалап мұқият бақылайды.Басқаша айтқанда, патшасындай қарайды. Солай етуге ата - анасы ғана емес,тайпалы ел, ауыл - аймағы міндетті болған Осы жастағы оң тәжірибе өмір бойына дені сау дамудың негізін салады.Екінші жағынан, нашар тамақтану, күйзелістер, негативті тәжірибе және оң эмоциялардың (ынталандыру) жетіспеушілігі осы жылдары баланың дамуына елеулі әсер етеді. Баланың дамуындағы ауыспалы сатыны-жас шамасының кезеңдері деп жүрміз. Оның бастыларын: отыру, еңбектеу, тұру, жүру және алғашқы сөйлеуі қатарлы даму сатыларын жоғарыда тізбектедік. Осы кезеңдеріндегі нәресте,сәби бүлдіршіндердің ерекшелігін атап өтейік.Мұны білген ата-ана, тәрбиелеуші қауым,тәрбиелеу ісін басқара алады,бақылай алады. Баланың дамуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Әсіресе ата-ананың бала күтімі,тәрбиесі туралы нақты білімі өте маңызды.Мысалы, егер ата-аналар балаға өз бетімен тамақ ішіп көруге мүмкіндік берілмесе, олардың өзмәселелерін өз бетімен шешу қабілеттілігі балаларда қалыпты жағдайдан кешірек дамуы мүмкін.Негізгі кезеңдерге жету жолында бірнеше қадамдар бар. Әрбір жаңа дағды қалыптасқан дағдыға негізделеді. Мысалы, бала еңбектеу үшін,әуелі бауырын көтеру керек,бауырын көтеру үшін жастық не көпшікке етбетінен жатып, талпынып,тырбанып жаттығу жасау қажет.Құйрығын басып отыру үшін,әуелі жатқан жерінен аунай алуы,одан соң жан-жаққа бұрылып қарау,кеудесін бұру,онан соң басын көтере алуы тиіс.Мұның бәрі ересектер көмегімен сол қозғалысты жасай алатын шағында жаттығып дағдылану нәтижесінде орындалады.Жүру үшін әуелі тұру дағдысын игереді,ол үшін сүйеніп (жүкке,қабырғаға, төсекке, орындыққа, керегеге т.б.) тартып,итеріп бойын билеп үйренеді. Ал,оларды жасамаса, дамудың ол кезеңі кешігеді. Мысалы,бөлеу әнін,бесік жырын,өс-өстеу,сылау ән-өлеңдерін естімей өскен нәрестенің, айнала-сындағы туыстарының,ата- анасының үнін ажырату қабылеті кешігеді. Неге?(Тіптен басқа тілде сөйлейтін жұрт ортасында өмірге келген қазақ баласының тілі 6 айдан 1 жылға кешігіп шығатыны анықталған.Ал,басқа ұлт тілінде ,тілге келген сәбилердің сөйлеу кезеңі 6-8 айға ұзаратынын нақтылы зерттеу көрсетіп отыр.)Неге екендігі, сәбидің физиологиялық-психологиялық табиғатында жатыр.Ол былай дей-ді:.Мені 6 айға дейін жиі еміз.Маған басқа тамақ керек емес. Жиі құшақта. Менімен сөйлес,ән,тақпақ,әңгіме айтып бер.Маймен ,тұзбен және басқа жақпалармен уқала,сылап-сипа.Сылдырмақтарым,қыз ық-ойыншықтарым көз алдымда ілулі тұрсын 1 айда мен... Анашымның омырауын еме аламын Бетіме тиген қол бағытына басымды бұрамын,жылау,бас бұру,қабағын түю,мұрнын тыжырайту.. сияқты көңіл-күй сезімді бет әлпетіммен көрсете аламын. Дыбыс ажырата аламын, маған әуен ұнайды әсіресе анамның даусын жақсы көремін. Заттар жақында болса көремін. Мені қолыңа жиі алшы, емізші.(Анасы осыларды қанында жоқ тілде жасаса кешікпейтін шара жоқ қой) Маған таза қауіп- қатерсіз аузыма сала алатын ойыншықтар бер. Жан-жағыма қарай алатындай мені ақырын көтер.Менімен көп сөйлес, оқып бер маған. Екпектетіп жатқызып алдыма қолым жетерлік жерге, ұстай алатындай доп сияқты ойыншық қой. Менімен тығылмаш ойна, маған ұнайды. 6 айда мен ...Екбетімнен жатып басымды және кеудемді көтере аламын Көзбен адамдарды қадағалай алам Заттарға қарай созыла аламын.Заттарды ұс-тап,сілкілеймін. Екі жаққа аунай аламын.Біреу тіресе отыра аламын. Қол және ауыз арқылы заттарды зерттей аламын.Мен күле алам, шыңғырам, гүілдейтін дыбыстар шығара алам.Атымды атағанда қараймын. Айнадағы өз бейнеме күлем.Мені емізуді тоқтатпа, бірақ маған күніне ұнтақталған,жұмсақ қосымша ас ұсынуға болады.Жегім келмесе қысама. ... Маған итеретін, тартатын,айналдыратын зат бер. Сынбайтын ыдыстар ойнауыма дәл келеді.Маған заттарды көрсетіп, атын айтып үйрет. Менімен әртүрлі ойындар ойна.Өлең айт, кітап оқы. Ойнап отырсам, келіп қосыл маған. Маған суды, құмды немесе ұсақ ойыншықты ыдысқа жинап кейін қайта төккен ұнайды. Барлық ыдыс жарайды тек қауіпсіз болса болғаны. Менің таза және қауіпсіз жерде болғанымды қадағала, себебі мен қозғала бастағаннан бастап бәріне қызығып әр жерге өрмелеп шығамын. Қол жуып үйрет. Және барлық екпелерімді уақытында қабылдауымды қадағала, ұмытпа. Мені отбасы мүшелеріне қолға алуына рұқсат бер, құшақта мені.12 айда мен... Өзім отыра аламын Еңбектей аламын Ұстанып тұрып 1-2 қадам жасай аламын Дыбыс немесе сөздерді қайталауға тырысамын Алақанымды шапа-лақтап ойнағанды ұнатамын Қиын емес тапсырмаларды орындаймын Өзіме назар аудару үшін әртүрлі дыбыстарды шығарып және ымдарды көрсетемін. Маған көп көңіл бөлгенді қалаймын. Еденнен екі саусақпен затты ала аламын, алып қайта құлатқан ұнайды маған Маған рұқсат берсе өзім жегенді ұнатамын.Аузыма салу арқылы заттарды білемін, зерт-теймін.2 жастан 5 жасқа дейінгі баланың дамуы Жүру және сөйлей алу қабілеті. Екі жасар баланың танымында үлкен мүмкіндіктер бар.Олар ешқашан тыным таппайды, энергияға толы, кез келген нәрсеге құмарлық танытады. Олар ересектерге әлі тәуелді болса да, барлығын өздері жасағысы келеді, жасай алмаса, көңілдері жабырқаңқы болады.Бұл ашу (ыза) тудыруы мүмкін. Ересектердің алдында өз құқықтарын қорғауға талпынған кезде көптеген анайы сөздер қолдануы мүмкін.Дербестілік барлық балалар үшін маңызды,берілетін дербестіліктің деңгейі мәдени дәстүр-лер-+ге немесе өзге қалыпқа байланысты болуы мүмкін. Үш, төрт және бес жасар балалардың дүниеге келген сәттен бастап дамыған кейбір дағдылары болады.Егер оларға өмірінің бірінші жылында тиісті күтім, қамқорлық, ынта-ландыру және қолдау берілген жағдайда, әртүрлі салада танымның даму-ына көмектесетін тілдік, ойлау дағдылары белсенді дам-иды.Балалармен сөйлесе отырып, олардың миына терезе арқылы қарағандай боласыз. Сіз олардың қоршаған әлем құбылыстарын түсінуге және ұғынуға талпынғанын сұрақ-тары бойынша көре аласыз; мәселен, неліктен ағаштан жапырақтар түседі? Неліктен құстарда қауырсын бар? Нелік-тен су лай болады? Түнде күн не істейді? Неге? Неліктен? Қалай? Қарапайым, шынайы жауап беруге ұмтылыңыз. Бұл оларға үйренуге, әлемді тануға мүмкіндік береді.Осы шақ оларға гигиена дағдыларына үйретуге ең қолайлы кез, себебі балалар қол жуу әдеті не үшін қажет екендігін түсінеді. Осы жылдары балалар өзінің эмоцияларын бақылауға тез үйренеді.Балаларда әлеуметтік дағдылар қалыптасады, оларға басқа балалармен ойнаған ұнайды. Ойын іс-әрекетін ынталандыру-прогрессивті дамуының ең жақсы жолы, өйткені дамудың барлық саласын өзгер-туге көмектеседі. Баланың бой жүйесін босататын, жан қуаттарын (ойлауын, қабылдауын, елестетуін, есін, зейінін) өрбітетін ойын. Баланың алғашқы жылдары тез өтеді. Соңдықтан оны құшақтап, аймалаңыз, күлдіріп қуантыңыз, желпіндіріп сергітіңіз, онымен бірге ойна-ныз. Бұл оның ақыл-ойыныңдамуына үлкен көмек. Жеңіл тақпақтарды жаттату керек, есте сақтау қабілетін дамыту үшін мұның да пайдасы бар. Еркін жүріп, жүгір-емін, өрмелеп шыға аламын, тебе аламын және де секіре аламын Қаншада екенімді және есімімді айта аламын Түстерді ажырата аламын Мағынасын түсінбесем де есептік сандарды пайдаланамын Мен көп сұрақ қоямын Жеңіл өлендерді айтамын Ойнағанда ойдан шығарған заттарды елестетіп ойнаймын.Саусақ ойындарын толық үйрет.Өзім тамақ іше аламын Өзгелерге бауырмалығымды көрсетемін Қолымды, тісімді жуамын, әрине үлкен адамның көмегіменМені тыңда және сұрақтарыма жауап бер. Әлдебір затты зерттеп білуге көп уақыт бер. Сандар жайлы мәлімет беретін және оларды үйрететін ойыншықтар бер.Ертегі оқы, өлең айт. Маған бояған ұнайды, сондықтан маған түрлі түсті қарындаштар бер. Басқа балалармен ойнатудың амалын жаса, есік алдындағы көрші балалармен немесе бала-бақша балаларымен ойнат. Мен 5 жасымда... Өз қозғалысымды үйлестіре аламын Сөздік қорым мол, еркін сөйлей аламын Бөтен адамдардың өзі мені түсіне алады Басқа балалар мен еркін ойнап достасамын Жеңіл тапсырмаларды соңына дейін жасаймын Көп сұрақ қоямын10-ға дейінсанай аламын. Сүретті кітаптарды тамашалап, қысқа әңгіме де айта аламын! Алғаш босанған тұмса жас анаға бала қалауын,олардың шама-шарқы жететін осы әрекеттерді оған сай жасалатын амал-айланы кім? қашан? үйретіп,ұқтыруға тиісті екенін белгілеген, оның жүзеге асу дәрежесіне үнемі бақылау қоятын әулеттік мектеп жүйесі қазақта тым ертеден қалыптасқан.Дәлірек айтқанда, отау көтеріп,еншісін бөліп,жеке шыға салысымен,жас отауға әке-шеше мектебі деп аталатын әулеттік мектеп құрылатын.Осы мектепке;ата-ене,абысын - ажын,жезде-жеңге, көрші-қолаң да ұстаздық ететін.Ауылдас қалыңдықтар мен жас күйеу балалар да, күлше қыздар да осында топтасып өмірлік сабақ алатын.Жас отау иелері әке,ана аталысымен бұл мектептің бас ұстазы болып, кіндікшеше тағайындалатын.Бұл мектеп осы отаудың іргесі -берік,көпбасты болып өсіп өркендеуіне тікелей жауапты болатын.Жас сәбидің нағашылары оның даму,жетілу кезеңіне,осы шақтық уақытында дәл келіп,сәби қалай өсіп, баулынып, тәрбиеленіп,биязы әдеп,көркем мінезді игеріп жатқанын бақылайтын Қайын жұртың сыншыл дегеннің бір пұшпағы осында жатыр. Қазақ:Әке- балаға,үлкен кішіге сыншы- дейді.Бір көйлекті бұрын тоздырған кім де кім өзінен кішіге үлгі-өнеге көрсетіп, ақыл кеңес беруге міндетті.Көпті көріп,үлкен тәжірибе жинаған қариялар батасын беріп,өсиет өнеге қалдырады. Ата жолы-асыл жол деген қазақтар,ата-баба өсиеті бойынша тіршілік жасап тірлік етеді.Ата-баба өсиетін бұлжытпай орындауға ант беріп, серт қылады.Оны Темірқазық етіп,бағдар болдырады.Осының бәрін,өз қолымен істеп,басынан өткерген Қорқыт бабамыз былай дейді;Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.Самай шашы ағарған баба көрікті.Ақ сүтіне тойғыза-тойғыза емізген ана көрікті.Қарашаңырақ қасына тігілген отау көрікті. Өнегелі бала көріктіҚазақ ана осы көркінен бүгін де айрыла қойған жоқ. Тәубәшылық қой,бұл да болса!Мысалы, балалар бөлмесінің маңдайшасына;Бала-өмірдің хош иісі,Аллаһтың аманаты деген пайғампар(с.ғ.с.) өсиетін, жазып іліп қойған қазақ ананы өз көзіммен көрдім.Мүндай дана аналар кәзір де бар,бұрын да болған.Осылардың қамқорлығында,аялы алақанында, бақылауында, басшылығында өскен барлық ұрпақ-өнегелі, көргенді,текті болуы сенімді шындық.Амал нешік,барлық жерде күллі қазақ тұрмысында әулеттік тәрбие дәстүрі тегіс жалғасып,Тәрбие деген Тәңіріңіз басымызға бақ болып қонып тұрған жоқ. Керісінше кемістігіміз көлем алып,қанат жайып ушығып барады. Ал,бір кездегі бізде болған,әулет дәстүрі жаңа заманға сай түрленіп, басқа елдерден көрініс беріп жүр.Нәресте перзентханадан шығысымен, босанған ана қолына, баланың даму,жетілу кезеңдері сараланып,осы шақтарда жасалатын бағым-күтім,әдіс-амалдарын тәптіштеп жазылған қойын,қалта дәптерлері табыс етіледі(шілдехана,бесік той,қырқынан шығару т.б жоқ демесең,тамаша кеңестер жинағы) екен. Ал,АҚШ,Франция т.б. көптеген елдерде жас ана мектебі жұмыс істеп, алыстан оқыту ұйымдастырылып, онлайн форум, конференциялар өткізілуде.Сәбилердің қабылдауға тиіс екпелерінің уақыты,орнын,аналардың ұяшық-тарына біздегі ауа райын хабарлағандай түсіп тұрады. Ал,тәрбие,жаттықтыру, баулу, сауықтыру амалдары аптаның, айдың әр мезгіліне сай музыкамен әрлеп планшеттерде сайрап көрсетіліп тұр.Тіпті сәбилердің аттары аталып,олардың жеке басына арналған кеңестер де арасында айтылып жатыр.Сонда,соншама көп сәбилерді бақылап,басқарып отыратын, сәбидің әрбірімен жеке жұмыстауға шамасы жететін әлеуетті,күшті орталаықтар бар деген сөз!!Иә,солай екен.Бізде де солай болуға тиісті және сондай жүйе бар екен.Тек,онысы толық істей алмай тұр.Енді,балажасының қазақи жіктелуін Я.А .Коменскийдің жіктеуімен сәйкестіріп көрелік.Коменский, адамның табиғатын ескере отырып, балаларды әрқайсысы 6 жастан 4 жас кезеңіне бөліп қарастырды.1)балалық шақ-туғаннан бастап 6 жасқа дейін; 2)жеткіншек шақ-6 жастан 12 жасқа дейін; 3)жастық шақ-12 жастан 18 жасқа дейін; 4) ересектік шақ -18 жастан 24 жасқа дейін. Ол әр жас кезеңіне сипаттама береді. Балалық шақ. Баланың дене жағынан тез қарқынмен өсуімен және сезім органдар-ының дамуымен сипатталады; жеткіншек шақ- есі мен қиял-ының, оның орындаушы органдары- тілі мен қолы дамиды; жастық шақ кезінде көрсетілген сапалар-дың дамуымен қатар өте жоғары деңгейде ойлаудеңгейі дамиды және ересектік шақта-ерік-қайраты мен қабілеттілігі жан-жақты дами түседі. Әрбір осы жас кезеңдерге сәйкес Коменский білім берудің сатысын ұсынады.1) 6 жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектепті ұсынады.Ана басшылығымен мектепке дейінгі тәрбие іске асырылады.2) Жеткіншектер(6 жастан 12 жасқа дейін) үшін әрбір қауымда, жергілікті жерлерде алты-жылдық ана тілі мектебін ұсынады.3) Жастық шақ кезеңіндегілер (12 жастан 18 жасқа дейін) әрбір қалада латын мектебі немесе гимназия ұсынады 4) Ересектер үшін (18 ден 24 жасқа дейін) әрбір мемлекетте немесе облыстарда-академия ұсын-ады.Сонымен, Коменский балаларды жас кезеңдерге бөлуге бірыңғай мектептің демократиялық қағидасын ұсынған болатын. Әрбір білім беру сатысы үшін Коменский оқытудың мазмұнын жан-жақты талдады. Аналық мектеп-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сатысы, онда негізгі тәрбиеші ана болып табылады. Аналық мектепте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамтану қазақ іліміне кіріспе
Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары
Адамтану қазақ ілімі
Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу (Ж.Нәжімеденов өлеңдерінің тілі негізінде)
КЕМЕЛ КІСІ ІЛІМІ
Қазіргі психология және оның адамтану ғылымдары жүйесінде алатын орны
ПТР маркерлер
Даналық
Педагогика әдіснамасының бір аспектісі ретіндегі - ғылыми-зерттеу әдістері
Педагогикалық шеберлік жэне оның әлеуметтік маңызы
Пәндер