Бүйректің инкреторлық қызметтері ренин-ангиотензиндік жүйе, эритропоэтин және т. б. Жасанды бүйрек
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Қалыпты Физиология
Кафедра: Физиология кафедрасы
Курс:ІІ
Тақырыбы: Бүйректің инкреторлық қызметтері; ренин-ангиотензиндік жүйе, эритропоэтин және т.б. Жасанды бүйрек.
Орындаған:Базарбаева А.А.
Тобы:202А
Тексерген: Батырова Т.Ж.
Ақтөбе 2018 жыл.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Бүйректің жүйелік артериялық қысымды реттеудегі ролі. Ренин-ангиотензиндік жүйе.
2. Бүйректің гемостаз-фибринолиз жүйесін реттеудегі ролі.
3. Эритропоэздің бүйрекпен реттелу механизмі.
4. Кальций алмасуының бүйректік эндокриндік бақылауы.
5. Бүйректің метаболикалық қызметтері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүйрек -- адам мен омыртқалы жануарларм организмінде несеп түзетін және оны шығаратын жұп орган. Ересек адамда әрбір бүйректің салмағы 120 -- 200 г-дай, ұзындығы 10 -- 12 см, ені 5 -- 6 см, қалыңд. 3 -- 4 см-дей болады. Бүйрек іш қуысында, омыртқа бағанасының екі жағында -- соңғы кеуде омыртқасы және жоғ. бел омыртқа тұсында орналасады. Бүйректің ішкі жиегінде бүйрек қақпасы бар, сол арқылы бүйрекке артерия мен жүйке талшықтары өтеді. Қақпа бүйректің ішіне тереңдеп еніп, көлемді қуыс -- бүйрек қойнауына айналады. Онда кіші, үлкен бүйрек тостағаншалары және бүйрек түбегі, қан тамырлары, жүйке талшықтары орналасады. Бүйректі майлы шандыр қабаты жауып жатады. Бүйрек беткейі қыртыс заттан, терең қабаттары -- милы заттан тұрады. Қыртыс зат тұтас болып келеді, ал милы зат пирамида тәрізді 10 -- 15 үшбұрышты денелерден құралған. Бүйректің анатомиялық құрылым бірлігі нефрон деп аталады. Олардың саны 1 млн-дай. Нефрон әр түрлі бүйрек өзекшелерінен түзіледі. Нефрон өзекшелерінің екі бүйректегі жалпы ұзындығы 100 км шамасында болады. Нефрон арқылы зат алмасу процесінде пайда болатын организмге қажетсіз және зиянды заттар сыртқа шығарылады. Пирамиданың бүйрек қойнауына ашылатын ұшы бүйрек бүртігін құрайды. Осы бүртіктегі түтіктер арқылы несеп бүйрек қойнауындағы 8 -- 9 кіші бүйрек тостағаншаларына құйылады. Екі-үш кіші бүйрек тостағаншалары өзара қосылып, үлкен бүйрек тостағаншаларын түзеді. Олар өзара бірігіп, бүйрек түбегін құрайды. Осы бүйрек түбегі біртіндеп жіңішкеріп, бүйрек қақпасы тұсында несепағарға жалғасып, қуыққа жиналған несеп сыртқа шығарылады. Бүйрек түбегінің қабырғасы суды, тұзды, көмірсулар өткізеді де, қандағы ақуызды өткізбейді. Несепке белоктың араласуы бүйректің ауруға шалдыққаны. Организмдегі барлық қан бүйрек арқылы сүзіліп, тазарады.
Негізгі бөлім:
Бүйректің жүйелік артериялық қысымды реттеудегі ролі. Ренин-ангиотензиндік жүйе.
oo Бүйректің қызметтері
Бүйрек ағзада сыртқа шығару, гомеостазды, артериялық қысымды ұстап тұру, биологиялық-активті заттардың түзілу, улы заттарды залалсыздандыру, заттардың метаболизміне қатысу қызметтер атқарады.
oo Бүйректің сыртқа бөліп шығару қызметі
Бүйректің сыртқа бөліп шығару қызметіне олардың қаннан метаболизмнің соңғы өнімдерінің, тұздар, дәрілер, бояулар, улы заттарды сыртқа шығаруы жатады. Бүйрек арқылы метаболизмнің келесі соңғы өнімдері бөлініп шығады: креатинин, мочевина, несеп қышқылы, гиппур қышқылы, индикан және басқа эфиркүкірт және эфирглюкурон қышқылдары, аммоний тұздары, альдегидтер, гидроксиқышқылдар, путресцин, кадаверин және басқалары. Бүйректің бұл қызметі зәр түзу және оның концентрлеуге немесе сұйылтуға қабілеттілігіне байланысты.
oo Реттеуші-гомеостатикалық қызметі
Бүйрек ағзадағы иондардың концентрациясын, судың мөлшерін, қышқыл-сілтілі тепетеңдіктің , осмостық қысымның, артериалдық қысымның, әртүрлі заттардың деңгейін реттеуге қатысады. Мысалы, бүйрек глюкозаның, креатинин, мочевина және басқа метаболиттердің деңгейін реттеп отырады.Бүйректе барлық заттардың аралық алмасуының реакциялары интенсивті өтеді. Бүйректе улы заттар, мысалы, глицинмен конъюгирлену жолымен залалсызданады.
oo Бүйректің эндокриндік қызметі
Бүйректің эндокриндік қызметі- оларда Д3 витаминінің алмасу-активті түрлері, эритропоэтин, ренин және басқа биологиялық активті заттар түзіледі. Эритропоэтин сүйек кемігінде эритроциттердің түзілуін стимулдейді, сондықтан бұл қосылыстың синтетикалық аналогы медицинада анемияны емдеуге қолданылады.
Артериялық қан қысымы жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Егер адамның дені сау болса, қалыпты артериялық қысыммен қан тамырларында қанның дұрыс айналымы орын алады. Артериялық қысымның физиологиялық нормадан ауытқуы адамға біраз қиындықтар тудырады. Мұндай сырқат дұрыс өмір сүруге кедергі келтіреді және науқастың іс-қимыл әрекеттерін шектейді.
Төменгі артериялық қан қысымы (АҚ)
Төменгі артериялық қан қысымы тұқым қуалайды немесе жүре пайда болуы мүмкін. Мұндай диагнозды АҚ-ы 10065 мм.сын.бағ. аспайтын науқастарға қояды. Көрсетілген белгіден төмен болатын кез келген мән, адам ағзасы үшін қауіпті, себебі перифериялық жүйелерде қан айналымын нашарлатады. Науқастың ағзасында жағымсыз өзгерістер орын алады, соның нәтижесінде ішкі органдар мен ұлпаларға оттегі жетіспейді. Төменгі қан қысымы немесе гипотония жүрек бұлшықетінің жеткіліксіз қысқаруына, бүйректің және қантамыр жүйелерінің ауруларына әкеледі.
Даму себептері
Гипотония туа біткен және сыртқы факторлар әсерінен жүре пайда болған деп бөлінеді. Вегето-қантамырлық дистония, церебралды атеросклероз, жүрек айдайтын жалпы қан мөлшерінің төмендеуі, сусыздану, жүрек жұмысының ауытқуы, эндокринді ауытқулар, қалқанша безі бөлетін гормондардың төмендеуі және басқа да көптеген себептер кезінде қысым көрсеткіші шекті мәннен төмендеп кетеді.
Ағза айтарлықтай қатты жарақат алғанда қысым күрт төмендеп кетуі немесе салдарынан қан аздықтың пайда болуы мүмкін. Мұндай ауру түріне онкологиялық науқастар көп шалдығады, олар үшін гипотония ағзада болып жатқан өзгерістерді толықтыратын жағымсыз жағдай болып табылады.
Кең таралған белгілері
Гипотония өздігінен туындауы немесе басқа соматикалық аурудың зардабынан болуы мүмкін. Мұндай жағдайдың ең көп таралған белгісі ол қысымның 10065 мм.сын.бағ. жетпеуі және ұзақ уақыт бойы сақталуы. Тері қабаты бозарып, суланып және суық болып кетеді. Эпидермисте ақ дермографизм іздері байқалады, себебі гипотониямен ауыратын адамдарда парасимпатикалық жүйке жүйесі басым болады. Оттегі жетіспеушілігінің асқынған түрі көздің астында байқалатын көкшіл көлеңкелер мен қоңыр дақтардың пайда болуына әкеледі. Гипотонияның асқынған түрі бозғылт тері қабаттарына мұрын-ерін қатпарларына және саусақ бөліктеріне көкшіл түс береді.
Кей кездері науқастар беттері мен аяқтарының іскенін, сонымен қатар шаштары түскіш және тырнақтары сынғыш болғанын байқайды. Ауруларда ІҚЖ жұмыстарының бұзылуы қалыпты болып саналады, бұлардың түрлі формалары болуы мүмкін. Ауыру сезімдері ІҚЖ-ның түрлі бөліктерінде пайда болады және кей кездері қыжыл орын алады. Асқазан сөлінің қышқылдығы төмендеп, науқас тамақ немесе ауа кекіруі мүмкін.
Ауру орталық жүйке жүйесінің жұмысына да әртүрлі әсер етуі мүмкін. Аурудың асқынған түрінде науқас оқыс талып қалу, көздің қарауытуы, жүрек соғысының жиілеуі және қорқу сезімдері сияқты жағдайлардан зардап шегеді. Кейде есте сақтау төмендеп, ұйқыбастық пен тез шаршау байқалады.
Гипотонияның себептері
Науқастың еркек немесе әйел адам болуына байланысты гипотония дамуының түрлі себептері болуы мүмкін. Нәзік жандылар үшін монодиета сақтау, жиі ашығу, тек вегетариандық тағам түрлерін тұтыну аса қауіпті болып келеді. Ет тағамдарын жеуден бас тартқан кезде минструалдық цикл уақытында дамитын төменгі қысым қан аздықтың салдары да болуы мүмкін.
Артериялық қысымның төмендеуі жүкті әйелдер үшін қалыпты жағдай, себебі жүктіліктің бас кезінде прогестерон мөлшерінің бөлінуі өте жоғары болады. Соңғы триместрде гипотонияның туындауына судың көп болуы, темір тапшылығынан болатын қан аздық, егіздерді немесе үшемдерді көтеру себеп болады.
Мамандар артерия лық қысымның күрт ауытқып кетуін ең күрделі жағдай ретінде санайды. Қан қысымы деңгейінің жиі ауытқуы қантамырлар жұмысына жағымсыз әсер етеді, себебі оларға көп күш түсіреді. Мұндай жағдайда инфаркт немесе инсульт болуы мүмкін, өйткені гипотония ағзада пайда болған ұйыған қандардың жарылуына әкеледі.
Жоғарғы артериялық қан қысымы (АҚ)
Жоғарғы артериялық қысымның да екі түрі болады - асқынған және созылмалы. Асқынған түрін гипертониялық күрт асқыну деп те атайды. Ол алкоголь ішетін, қатты күйзеліске түскен немесе эмоционалдық ауытқулар орын алған науқастарда болады. Аурудың созылмалы түрін қантамырларда болатын өзгерістермен: қантамырлар қабырғаларының қалыңдап қатаюымен байланыстырады. Гипертония жүрек қызметінің туа біткен ақауы кезінде басымдық танытады. Кофе немесе қою шай ішу, шоколад мөлшерін шамадан тыс жеу, темекі көп шегілген бөлмеде ұзақ отыру АҚ-ның жоғарылауына әкеледі. АҚ-ның жоғарылауына: қызылмия тамырынан және өсімдік нейроынталандырғыштарынан дайындалған дәрілерді қабылдау, баспалдақпен көтерілу, жоғарғы физикалық күш түсуі де себеп болады.
Гипертонияның алдын алу
Тұқым қуалаушылық бейімдігі бар, дұрыс тамақтанбайтын, шамадан тыс дене салмағынан зардап шегетін, көп физикалық күш түсіретін адамдар тәуекел тобына кіреді. Күніне 5-6 сағат бойы ағзасында өзгерістер орын алып жатқанын сезінген науқастардың сақ болуы шарт. Гипертония да гипотония секілді маманның көмегімен емделуі тиіс және науқас өз бетінше ем қабылдамағаны дұрыс.
Су-тұз алмасуы. Бүйректер және зәр биохимиясы.
Патология кезінде біршама жиі бұзылатын зат алмасуының бірі су-тұз алмасуы болып табылады. Ол су мен минералдық заттардың ағзаның сыртқы ортадан ішкі ортасына және керісінше үнемі, тұрақты түрде, алмасып отыруымен байланысты.
Ересек адамның ағзасындағы судың үлесіне дене массасының 23 бөлігі (58-67%) келеді. олардың жартысына жуық көлемі бұлшықеттерде жинақталған. Суға қажеттілік (адам тәулік сайын 2,5-3 л сұйық қабылдайды) оның сусын түрінде (700-1700 мл), тағам құрамындағы су түрінде (800-1000 мл) және ағзада зат алмасуы кезінде түзілетін эндогендік су 200-300 мл (100 г май, белок, көмірсу ыдырауға түскенде сәйкес түрде 107, 41, 55 г су бөлінеді) есебінен толықтырылады. Эндогендік сулар салыстырмалы түрде көп мөлшерде майлардың тотығуы процессінің активтелуі кезінде синтезделеді. Бұл ұзаққа созылған стресс жағдайлары, симпатикалық-адреналдық жүйенің қоздырылуы, семіздіктен арылу кезінде қолданатын диетотерапия тәріздес әртүрлі жағдайларда байқалады.
Тұрақты өтетін судың міндетті түрде ағзадан шығарылуы есебінен ағза ішіндегі судың көлемі өзгеріссіз сақталады. Мұндай шығарылу жолдары бөлінеді: реналдық (1,5 л), экстрареналдық (асқазан-ішек трактісі арқылы шығарылу) (50-300 мл), тыныс алу және тері арқылы (850-1200 мл). Міндетті түрде ағзадан тәулік бойы судың шығарылуы барлығы 2,5-3 л болады. Бұл көп жағдайда ағзадан шығарылатын шлактардың мөлшеріне тәуелді болады.
Судың қызметі. Судың тіршілік процессіне қатысуы біршама әртүрлі. Су көптеген қосылыстар үшін еріткіш болады; кейбір физика-химиялық және биохимиялық айналулардың тікелей компоненті болады; эндо- және экзогендік заттардың тасымалдаушысы болады. Мұнан басқа, ол, байламдар, бұлшықеттердің, буын шеміршектерінің үйкелістерін бәсеңдетіп (сол арқылы олардың қозғалуын жеңілдетіп) механикалық қызметті атқарады. Су ағзаның термореттелуі процесіне қатысады. Су, оған тәуелді, плазманың осмостық қысымының шамасын (изоосмияны) және сұйықтың көлемін (изоволемияны), қышқылдық-сілтілік қалыптың реттелуі механизмдері қызметін, температураның тұрақтылығын қамтамассыз ететін (изотермияны) процесстердің өтуіне қатысып гомеостаздың ұсталуына да қатысады.
Адам ағзасында су келесі негізгі үш физика-химиялық қалыпта болады: 1) бос, немесе, мобилденген су (ол судың жасуша ішілік бөлігін, қанның, лимфаның құрамындағы суды, интерстициалдық суды құрайды); 2) гидрофилдік коллоидтармен байланысқан су; 3) белоктар, майлар, көмірсулар молекулалары құрылымына кіретін конституциалдық суға бөлінеді.
Массасы 70 кг ересек адамның ағзасында бос судың және гидрофилдік коллоидтармен байланысқан көлемі дене массасының 60%-ын немесе 42 л құрайды. Бұл сұйықты құрайтындар: жасуша ішілік су (оның үлесіне дене массасының 28 л, немесе 40% келеді) бұл жасуша ішілік секторды құрайды және жасуша сыртылық су (оның үлесіне дене массасының 14 л, немесе 20% келеді) жасуша сыртылық секторды құрайды. Соңғысының құрамына тамыр ішілік (интраваскулярлық) сұйық кіреді. Бұл тамыр ішілік сектор плазмадан (2,8 л) түзіледі, оның үлесіне дене массасының 4-5%-ы кіреді, және лимфадан түзіледі.
Интерстициалдық судың құрамына жасушаралық су жасушаралыққа ұйымдасқан сұйық (дене массасының 15-16%-н немесе 10,5 л құрайтын), немесе байламдардың, сіңірлердің, фасциялардың, шеміршектердің және т.б. құрамына кіретін сулар жатқызылады. Мұнан басқа, жасуша сыртылық секторға кейбір қуыстарда болатын сулар (іш және плевралдық қуыстағы, перикардтағы, буындардағы, ми қарыншаларындағы, көз камерасындағы және т.б.), сонымен бірге асқазан-ішек трактісіндегі сулар да кіреді. Бұл қуыстардағы сұйықтар метаболиттік процестерге активті түрде қатыспайды.
Су адам ағзасында оның әртүрлі бөліктерінде тұрып қалмайды, керісінше, әр секторлар арасында және сыртқы ортамен үздіксіз алмасуда болады. Судың ағзадағы қозғалысы негізінен асқорыту сөлдерінің бөлінуімен байланысты атқарылады. Мысалы, сілекей, ұйқы безінің сөлі арқылы ішекке тәулігіне 8 л су бөлінеді, бірақ бұл су асқорыту трактісінде қайта сіңірілетін болғандықтан практика жүзінде жоғалтылмайды.
Адам ұлпасының минералдық заттары. Ағза сұйықтарының электролиттік құрамы. Ағза сұйығының көлемін, электролиттік құрамын, рН-н реттеу механизмдері.
Тіршілік үшін қажетті элементтер макроэлементтерге (олардың тәуліктік қажеттілігі 100 мг) және микроэлементтерге (олардың тәуліктік қажеттілігі 100 мг) бөлінеді. Макроэлементтерге натрий (Na), калий (К), кальций (Са), магний (Мg), хлор (СІ), фосфор (Р), күкірт (S), йод (І) жатқызылады. Тіршілік үшін маңызды микроэлементтерге, өте аз мөлшерде болатындарға темір (Ғе), мырыш (Zn), марганец (Мn), мыс (Сu), кобальт (Со), хром (Сr), селен (Sе) және молибден (Мо) жатқызылады. Фтор (F) бұл топқа жатқызылмайды, бірақ ол сүйек пен тіс ұлпасын сау қалпында сақтау үшін қажет. Микроэлементтер ванадий, никель, қалайы, бор және кремнийдің тіршілік үшін маңыздылығы әлі де ашық қалуда. Бұл элементтерді шартты түрде эссенциальды деп атау қабылданған.
Ересек адамдардың ағзасында (65 кг массаға есептелген) минералдық заттардың орташа мөлшері кесте-1-де келтірілген. Ересек адамға қажетті тәуліктік орташа қажетті мөлшері 4 бағанада берілген.Балаларға, әйелдерге жүктілік және бала емізу кездерінде, сонымен бірге науқастарға микроэелементтердің қажеттілігі жоғары болады.
Көптеген элементтерді ағза қор ретінде жинауы мүмкін болғандықтан олардың қалыпты мөлшерден ауытқулары уақыт аралығында бірден байқалмайды. Кальций апатит формасында сүйек ұлпасында, йод қалқанша безінің тиреоглобулині құрамында, темір -- ферритин және гемосидерин құрамында сүйек майында, көкбауырда, бауырда кездеседі. Көптеген микроэлементтердің сақталатын орны бауыр болып табылады.
Минералдық заттардың алмасуы гормондар арқылы бақыланады. Бұл, мысалы, Н2О, Ca2+, PO43- қабылдануына, Fe2+, I- байланысуына, H2O, Na+, Ca2+, PO43- экскрециясына байланысты болады.
Тағамнан абсорбтелінген минералдық заттардың мөлшері ағзаның метаболиттік қажеттілігіне және кейбір жағдайларда тағамдық өнімдердің құрамына да тәуелді. Тағам құрамының мысалы ретінде кальцийді қарастыруға болады. Ca2+ ионының сіңірілуін сүт және лимон қышқылдары қабілеттендіреді, ал фосфат-ион, оксалат-ион және фитин қышқылдары кальцийдің сіңірілуін комплекстер мен нашар еритін тұздарды (фитин) түзілдіріп тежейді.
Минералдық заттардың жетіспеушілігі -- сирек емес құбылыс. Ол әртүрлі себептерден дамиды, мысалы, біртекті тағаммен қоректенгенде, сіңірудің бұзылуында, әртүрлі аурулар кезінде. Кальцийдің жетіспеушілігі жүктілік кезінде, сонымен бірге рахит немесе остеопороз кезінде байқалады. Хлор жетіспеушілігі үздіксіз күшті құсу кезінде Сl- иондарын жоғалтқанда болады.
Тағам құрамында йодтың жетіспеушілігінен Орталық Европаның және Азияның көптеген аймақтарында йод жетіспеушілік құбылысы және зоб ауруы кең таралған. Магний жетіспеушілгі диареяда немесе біртекті тағаммен қоректенгенде, алкоголизм кезінде дамуы мүмкін. Ағзада микроэлементтердің жетіспеушілігі қан жасаудың бұзылуы немесе анемия арқылы байқалады.
Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша барлық макроэлементтерге жуығы ағзада құрылымдық компоненттер және электролиттер ретінде қызмет атқарады. Сигналдық қызметті йод (йодтирониндер құрамында) және кальций атқарады. Көптеген микроэлементтер белоктардың немесе ферменттердің кофакторы болып табылады. Мөлшерлік қатынастары бойынша ағзада темірқұрамды белоктар (гемоглобин, миоглобин және цитохром) басым болады, сонымен бірге 300-ден астам мырыш құрамды белок кездеседі.
Минералдық заттардың құрамы , қажеттілігі және қызметі
Элементтер
мөлшері,г
шығу көзі
тәуліктік қажеттілігі, г
қызметі
Су
35000 - 40000
Сусындар, тағам құрамындағы су, тотығу процестері (300 г)
1200 - 900
Еріткіш, жасушаның құрам бөлігі, диэлектрик, хладоагент, тасымалдаушы, реагент
Макроэлементтер (тәуліктік қажеттілігі 100 мг)
Nа К Са Мg СІ Р S
Ас тұзы Көк-өніс, жеміс, дақылдар Сүт, сүт өнімдері Жас көк-өністер Ас тұзы Ет, сүт, дәндер, көк-өніс S-құрамды аминоқышқылдар (Цис, Мет.)
1,1 - 3,3 1,9 - 5,6 0,8 0,35 1,7 - 5,1 0,8 0,2
Осмореттелу, мембраналық потенциал, минералдық заттардың алмасуы Мембраналық потенциал, минералдық заттардың алмасуы Сүйек ұлпасын қалыптастыру, қанның ұюы, сигналдық заттар Сүйек ұлпасын қалыптастыру, ферменттердің кофакторы Минералдық заттардың алмасуы Сүйек ұлпасын қалыптастыру, энергия алмасуы, нуклеин қышқылдары алмасуы Липидтер, көмірсулар алмасуы, конъюгаттар түзілуі
Микроэлементтер (тәуліктік қажеттілік 100 мг )
Ғе Zn Мn Сu Со Сr Мо Se І Ғ
4 -5 2 -3 0,02 0,1 - 0,2 0,01 0,01 0,02 0,03
Ет, бауыр, жұмыртқа, көк-өніс, картоп, дәндер Ет, бауыр, дәндер Көптеген тағамдық өнімдер Ет, көк-өніс, жеміс, балық Балық Дәндер, жаңғақ, бұршақтар Ет, көк-өніс Теңіз балығы, йодталған тұз, су Ауыз су, шай, сүт
2 -5 2-3 іздері ғана 0,05 - 0,2 0,15 - 0,5 0,05 - 0,2 0,15 0,0015 - 0,004
Гемоглобин, миоглобин, цитохромдар, Ғе S-орталық Цинк-құрамды ферменттер Ферменттер Оксидазалар В12 витамині Анықталмаған Оксиредуктазалар Селенқұрамды ферменттер Тироксин Сүйек, тіс эмалі
Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.
Тұз-су гомеостазының негізгі параметрлеріне осмос қысымы, ортаның рН-ы және жасуша ішілік және жасуша сыртылық сұйықтардың мөлшері жатқызлады. (Сур.2.). Бұл параметрлердің өзгерісі артериялық қысымның өзгеруіне, ацидозға немесе алкалозға, дегидратацияға және ісіктерге әкеле алады. Су-тұз балансының реттелуіне қатысатын негізгі гормондарға АДГ (антидиуреттік гормон, вазопрессин), альдостерон және жүрекшенің натрий-уретикалық факторы (НУФ) жатқызылады.
АДГ немесе вазопрессин -- пептид, құрамында 1 дисульфидтік көпірше байланысымен жалғасқан 9 аминоқышқыл болады. Ол гипоталамуста прогормон түрінде синтезделеді, сонан кейін гипофиздің артқы бөлігіне жүйке ұлпасының соңдары арқылы тасымалданады. Олардан сәйкес стимул әсері кезінде қан айналысына секретеледі. Аксон бойымен тасымалдануды арнайы тасымалдаушы белок -- нейрофизин атқарады.
АДГ секрециясын дамытатын стимул қызметін натрий ионы концентрациясының жоғарылауы және жасушадан тыс сұйықтың осмостық қысымының жоғарлауы атқарады.
АДГ үшін аса маңызды нысана-жасушалар -- бұлар бүйректің дистальдық және жинақтаушы түтікшелерінің жасушалары болып табылады. Бұл түтікшелердің жасушалары суды салыстырмалы түрде өткізбейді және АДГ болмаған кезде зәр концентрацияланбайды, сондықтан көп мөлшерде бөлінуі мүмкін, тәулігіне 20 л астам (қалыпты мөлшері 1-1,5 л).
АДГ әсер ететін рецептордың екі түрі болады -- V1 және V2. V2 -рецепторы тек бүйректің эпителиалдық жасушаларының беткейінде ғана анықталған (сурет4). АДГ-ның V2 рецептормен байланысуы аденилатциклазалық жүйені қосарландырады және ол протеинкиназа А-ның (ПКА) активтенуін стимулдейді. Протеинкиназа А (ПКА) белоктарды фосфорландырады. Бұл белоктар мембраналық белок - аквапорин-2-нің генінің экспресиясын стимулдейді. Аквапорин-2 апикалдық мембранаға ауысып, оған орналасып су каналдарын түзеді. Олар жасуша мембранасының су үшін селективті өткізгіштігін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде судың бүйрек каналшаларынан реабсорциясы жүреді және су интерстициалдық кеңістікке өтеді.
V1-рецептор жазық бұлшықет мембраналарында шоғырланған. Vi-дің АДГ мен байланысуы фосфолипаза С-ның активтенуіне әкеледі. Фосфолипаза С фо-сфатидилинозитол-4,5-бифосфатты гидролиздеп инозитол-3-фосфаттың (ИФ-3) түзілуіне әкеледі. ИФ-3 эндоплазмалық ретикулумнан Са2+-ң босатылуын жүргізеді. Гормонның Vi рецептор арқылы әсерінің нәтижесі тамырлардың жазық бұлшықеттік қабатын жиырылдыру болып табылады.
Гипофиздің артқы бөлігі дисфункциясынан болатын АДГ жетіспеушілігінде, сонымен бірге гормондық сигналдың берілу жүйесіндегі бұзылуда қантсыз диабеттің дамуы мүмкін. Қантсыз диабеттің негізгі белгісі -- полиурия, немесе, тығыздығы төмен зәрдің көп мөлшерде бөлінуі.
Альдостерон -- біршама активті минералокортикостероид. Ол бүйрекүстілердің қыртысты қабығында холестериннен синтезделеді.
Шумақтық аймақтағы жасушалардағы альдостеронның синтезі мен секрециясын ангиотензин II , АКТГ, простагландин Е стимулдейді. Сонымен қатар бұл процестер К[+] концентрациясы жоғарлағанда жөне Nа[+] концентрациясы төмен болғанда да активтенеді.
Гормон нысана-жасушалардың ішіне өтеді және ядрода немесе цитозолда орналасқан спецификалық рецептормен әсерлеседі.
Бүйрек каналшалары жасушаларында альдостерон белоктар синтезін стимулдейді, олар әртүрлі қызметтерді атқарады. Бұл белоктардың қызметі: а). бүйректік дистальдық каналшалардың жасушасының мембранасындағы натрий каналдарының активтілігін жоғарлатады, сол арқылы натрий ионының зәрден жасушаға тасымалдануын қабілеттендіреді; б). ҮКҚЦ ферменттері болып табылады, сондықтан Кребс циклінің АТФ молекуласын түзуі қабілетін жоғарлатады, ол иондардың активті тасымалдануы үшін қажет. в). ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz