ШАРТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ШАРТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ ЖШС-і
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ШАРТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ШАРТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
ПӘНІ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ
Орындаған: Ж.Қ. Егізбаева
Ғылыми жетекшісі: Л.Ө.Дүйсалиева
Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г.С.Исатаева
қолы
________________________2018ж.
Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і
Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Азаматтық құқық пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)

тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________
Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Дүйсалиева Л.Ө.
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-4
І ТАРАУ. ШАРТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Шарт туралы жалпы түсінік 5-9
1.2 Шартты жасасу, оны өзгерту және бұзу 9-18
ІІ ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Сақтау шарты 19-24
2.2 Рента шарты 24-25
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Азаматтық-құқықтық шарт әрекетінің аясы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі құқықта әртүрлі салалардағы шарттар мәселесі көтеріле бастады.
Мәселе былай қойылып отыр, шарт ұғымы азаматтық құқық шеңберінен шығып отыр, өйткені азаматтық-құқықтық шарттан басқа еңбек шарты, отбасы құқығының шарттары, жер қатынастарының шарттары, қаржы шарттары және т.б. кездеседі, бірақ біздің ойымызша мәселені басқаша қоюға тура келеді. Кез келген жеке құқықтық саланың бәрінде де шарт жасалса ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылады. Шарт - бұл тараптардың (жақтардың) келісімі. Кез келген келісім тараптардың тең болуын алға тартады, өйткені теңсіздік орын алған жерде бұл келісім емес, билік пен бағыныштылық орын алады. Теңдік қатынастар - бұл азаматтық-құқықтық қатынастар. Азаматық-құқықтық шарттар азаматтық құқықтық қатынастарда ерекше мәнге ие болады. Себебі, азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтық мәртебесі олардың өзара теңдігіне негізделеді десек, шарттар осы теңдікті жүзеге асыру барысындағы басты құрал деуге де болар еді. Шарттар түрлі азаматтық құқықтық қатынастардың тууына негіз болып табылады. Қазіргі нарықтық заманда тұлғалардың құқықтары мен міндеттері осы шарт негізінде пайда болады. Сондықтан да азаматтық-құқықтық шартқа байланысты оның түрлерін, ұғымын, шарттардың мазмұнын, қорытынды тәртібін, өзгертулер мен бұзу сияқты сұрақтарды ашып қараудың маңызы өте зор.
Курстық жұмыстың өзектілігі: сол бүгінгі таңда нарықтық экономика жолына көшуге байланысты шарттар қоғамымыздағы ауыстырылмас байланыс құралына айналды. Себебі, елімізде шағын, орта және үлкен кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы осы саладағы субъектілер арасында тығыз байланыс орнатуға мәжбүрлейді. Олардың құқықтық жағдайын белгілеуде шарттардың алатын орны да зор. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан, шарт - азаматтық-құқықтыққатынастарды тудыратын заңдық факт болып табылады. Жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып, мен өзімнің курстық жұмысымды жазуда алдыма мынадай мақсаттарды қойдым:
- Азаматтық құқықтағы шарттар институтының ерекшелігіне тоқталу;
- Азаматтық-құқықтық шарттарды топтастыру негіздерін қарастыру;
- Азаматтық құқықтағы шарттардың жекелеген түрлеріне жалпылама сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- шарттардың түрлерін жіктеу;
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.
І ТАРАУ. ШАРТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Шарт туралы жалпы түсінік
Шарттың ұғымына анықтама беретін болсақ азаматтық заңдарда белгіленгендей екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міңдеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Шарт термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туыңдайтын заңдық факты; сол шарттық міңдеттеменің өзі; шарттық міндеттемені ресімдеген құжат. Шарт - көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді. Шартты рим құқығы әр түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады. Рим құқығында шарттың көне түрі - стипуляция ұғымы қолданылған. Стипуляция - азаматтардың міндеттерін бекітетін, салтанатты сөздерді жариялап айту нысанында жасалатын формальды және абстрактілі ауызша контракт (келісім). Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде тәртіптелген. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне түсіндірмеде құқық саласында шарт терминін бірнеше мағынада қолданылатынын көрсетеді, яғни, біріншіден, міндеттемелер туындайтын құқықтық факт ретінде; екіншіден, міндеттеменің өзі ретінде; немесе шарттық міндеттемелер көзделген құжат ретінде көрінеді.
Азаматтық-құқықтық шарттар азаматтық құқықтық қатынастарда ерекше мәнге ие болады дер едім. Себебі, азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтық мәртебесі олардың өзара теңдігіне негізделеді десек, шарттар осы теңдікті жүзеге асыру барысындағы басты құрал деуге де болар еді. Шарт - құқықтық қатынастың туыңдауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады. Жалпы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне жүгінсек, 148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" ұғымын "бір жақты және өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, азаматтық кодекстің 148-бабының 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет болып табылады. Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуіңде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде - сол құқыққа икемделген міңдет (борышкер) болады. Шарт дегеніміз - азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Соңдықтан да шарт тиісті шарттық міндет-темелік құқық қатынастары туындауына негіз болатын заңды факті болып табылады. Шарт ретінде тараптардың құкықтары мен міндеттері жазылып тиісінше ресімделген құжатты да түсінуге болады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт, заңнамамен қатар, азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеудің маңызды құралдарының бірі болып табылады. [І: 2; 33-34бб.]
Шартты жасасу оның қатысушылары арасында заңды байланысты бекітуге әкеп соғады. Жалпы жүріс-тұрыс ережелерін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануы олар бағытталған субъектілердің арасында өз-өзінен өзара қарым-қатынастарды тудырмайды. Ал нақты тұлғалардың арасында шарт жасасу олардың арасында нақты қарым- қатынастың пайда болуына әкеп соғады. Ол субъектілердің арасында өзара әрекеттерді тудырып қана қоймайды, сонымен бірге шарттық қатынастарға қатысушылар жүзеге асыратын барлық әрекеттердің тәртібі мен кезектілігінің талаптарын айқындайды. Осылайша, шарт реттеуші функцияны атқарады - тұлғалардың туындаған байланыс шеңберіндегі әрекеттерінің құқықтық режимін қарастырады. "Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін" деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде кездеспейді. Азаматтық-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік құқық қатынас- тарымен байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міңдеттемелік құқық катынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мәселелер бойынша мұндай құқықтық қатынастарға заңның ұқсастығы бойынша міндеттемелер туралы ережелер қолданылады (5-баптың 1-бабы). Шарт еркіндігі. Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. Азаматтық Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағаңда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді. Шарт еркіндігі туралы норма Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 8-бабының азаматтар мен занды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережесіне негізделген. [ІІ: 1; 45-46бб.]
Шарт еркіндігі Азаматтық Кодексте бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіңдігіне құқығымен үйлестікте болады. Сатып алу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендіру туралы жарлықтың 14-бабының 6-тармағында және Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 23-бабында бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасасуға міндетті. Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 306-бабының 1-тармағына сәйкес, кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі. Шарт еркіндігі азаматтық құқық субъектілерінің келесі мәселелерді шешудегі еркіндігінен көрінеді:
1) шартты жасасу не жасаспау;
2) шарт бойынша серіктесті таңдау;
3) шарттың түрін таңдау;
4) шартқа қандай да бір ережелерді енгізу.
Шарт еркіндігі принципі сондай-ақ мынаны білдіреді: тараптар кез- келген шартты - заңда немесе өзге де құқықтық актілерде көзделген және көзделмеген, бірақ азаматтық заңнаманың жалпы қағидалары мен бастамаларына қайшы келмейтін шартты жасасуға құқылы. Сонымен қатар тараптар заңда немесе өзге де құқықтық актілерде көзделген түрлі шарттардың элементтері бар (аралас шарт) шартты да жасаса алады. Егер тараптардың келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарында тиісті бөліктерінде элементтері болатын шарттың ережелері қолданылады. Осылайша, шарт еркіндігі тараптардың шарт талаптарын айқындаған кездегі еркіндігін көздейді. Заңдарда немесе өзге құқықтық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт талаптары тараптардың еркімен айқындалады. Шарт талаптары диспозитивтік қарастыратын жағдайларда, тараптар өздерінің келісімдерінде оны қолдануды алып тастай алады немесе онда қарастырылғаннан басқалай ережені белгілей алады. Тараптар занда көзделмеген шарттарды да жасаса алады. Бұл ереже туындайтын жалпы ережеде "азаматтық құқықтар мен міндеттер заңнамада көзделген негіздерден, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңнамада көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәні азаматтық құқықтар мен тудырады" делінген. Бұл ереже азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді. Бұл қазіргі Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңі үшін аса маңызды, себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз. Негізінде азаматтық құқықтың принципі болып табылатын шарт еркіндігі өзінің негізгі қызметін сақтап қала бермек. Өйткені бұл (шарт еркіндігі) әрбір азаматтың өзіне тиесілі сбьективтік құқығы болып табылады. [ІІ; 2; 76-77бб.]
1.2 Шартты жасасу, оны өзгерту және бұзу
Шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс және ол үсынысты басқа тараптың қабыл алуы. Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.
Азаматтық Кодекстің 395-бабына сәйкес офертада біршама нышандар болуға тиіс. Біріншіден, ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден, мүмкіндігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға, үшіншіден, белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс. Егер ұсыныс жалпыламай жасалса (мысалы, азамат Караванда пианиносын сатамын деп хабарландыру береді), ол оферта емес, тек оферта жасауға шақыру. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады. Ал, түскен ұсынысты қабылдау-қабылдамау сатушының өзіне байланысты. [ІІ: 3; 40-41бб.]
Шарт жасасу қандай да бір тараптың міндеті емес, офертаны олардың кез келгені жібере алады. Азаматтық Кодекстің 395-бабы оференттің байланыстылығы ұғымын енгізді. Бұл шарт әлі болмаса да, белгілі бір міндеттемелердің туындағанын білдіреді. Ол адресат офертаны алған кезден акцеп немесе акцеп үшін белгіленген мерзім өткен кезге дейін туындайды. Оферент байланыстылығы ұғымынан офертаның кайтарып алынбайтындығы ұғымы туындайды. Оферент офертамен байланыста болатын мерзім өткенше ол офертаны қайтарып ала алмайды және оның ережелерін өзгерте алмайды. Бұл ережені бұзу екінші тараптың офертаны қайтарып алудан көрген шығынын өтеу міндетінің туындауына әкеп соғады.
Сонымен қатар, офертаның қайтарып алынбайтындығы туралы ереже диспозитивтік болып табылады. Егер ондай мүмкіндік офертаның өзінде айтылса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан ондай мүмкіндік туындаса офертаны қайтарып алуға болады (395-батың 3-тармағы). Азаматтық Кодекстің 395-бабының 4-тармағында оферта емес, тек офертаға шақыру болып табылатын жарнама мен жария оферта арасындағы айырмашылық көрсетілген. Жалпыламай жасалған ұсыныс пен барлығына және әркімге арнап жасалған ұсынысты айыра білу керек. [ІІ: 4; 37-38-бб.]
Жария офертаны өзінің қызметінің сипаты жағынан мүмкіндігінше көп адамға ұсыныс жасауға міндетті адамдар мен ұйымдар жасайды. Мысалы, витринаға немесе сатып алушылар өзіне өзі қызмет көрсететін залға бағасы көрсетілген тауарлар қойып қойған дүкен оферент болып саналады. Сол тауарды сатып алуға ұсыныс жасаған кез келген адам акцептант болып табылады. Сондықтан, тауар тұрған кезде дүкен өз офертасымен байланысты болады және тауарды сатудан бас тарта алмайды. Тауар жаймада жоқ болса, сатушы оны витринадан алып сатуға міндетті. Ұсынысты жария оферта деп тану үшін мынадай белгілер болуға тиіс:
1) одан тұлғаның шарттық қатынастарға баруға ерікті екендігі сезілуі тиіс;
2) ол шарттың барлық елеулі ережелерін қамтуы тиіс;
3) тұлғаның шарттық қатынастарға еркімен баруы бұл ұсынысқа үн қатқандардың барлығына қатысты болады. Сонымен, егер дүкен қандай да бір тауардың бар екендігі жайында жарнама берсе - ол офертаға шақыру; егер дүкен тауарын витринаға қойса - ол жария оферта.
Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады (Азаматтық Кодекстің 396-бабының 1-тармағы). Акцептанттың өзінің офертамен толық және сөзсіз келісетіндігін білдірген жауабы ғана акцепт деп саналады. Мысалы, акцептант өзіне жолданған жобаға сөзсіз және өзгертусіз қол қояды. Шарт ережелерінен бас тарту немесе өз ережелерін ұсыну, ережелерді өзгерту немесе оларға толықтыру енгізу, келісімнің анықталмағандығы акцепт болып табылмайды, одан шарт тумайды және ол не шарт жасасудан бас тарту немесе жаңа оферта ұсынғаңдық болады.
Бұрынғы заңнамада үндемейтін акцепт арқылы шарт жасасуға жол берілген еді, яғни, егер белгілі бір мерзім өткенше басқа тарап шарт жасасудан бас тартатынын хабарламаса, шарт жасалды деп саналатын. 396-баптың 2-тармағы кері жүреді: үндемей қою акцепт емес. Бірақ бұл норма диспозитивтік болып табылады. Мысалы, банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша есеп-қисап операцияларын электрондық хабарламалар түрінде жүргізуді белгілейтін банкаралық келісімдерде егер ондай хабарлама келіп түскеннен кейін белгілі бір мерзім өткенше корреспондент ол хабарламаға келіспейтінін білдірмесе, ұсыныс қабылданған болып саналады делінген. [ІІ: 5; 61-62бб.]
Шарт жасасу тәртібі (Азаматтық Кодекстің 397-бабы). Шарт жасау ұсынысы сол жерде бар контрагентке тез жауап беруге болатын жағдайларда; ол жерде жоқ контрагентке жауап алу үшін қалайда уақыт қажет болатын жағдайда жасалады. Мерзімі көрсетілген ұсыныс ауызша да, жазбаша да жасалуы мүмкін. Жауап күтетін мерзімін ұсынушының өзі анықтағандықтан (пианино сатып алыңыз, жауабын 2 апта күтемін), ол сол мерзіммен байланып қалады, және өз ұсынысынан бас тарта немесе оның мазмұнын өзгерте алмайды. Мерзім өткенге дейін ұсынысынан бас тартса оферентке екінші тарапқа келген шығынды өтеу түрінде теріс салдар келеді.
Жазбаша офертада акцепт үшін мерзім көрсетілмесе шарт жасалған болып саналады, егер акцепті оферта жолдаған адам заңнамада белгіленген мерзім аяқталғанша, егер ондай мерзім белгіленбеген болса - ол үшін жеткілікті уақыт ішінде алған болса. Ал оферта акцепт үшін мерзім көрсетілмей ауызша жасалса, басқа тарап өзінің акцепті жайында тез мәлімдеген жағдайда шарт жасалған болып саналады (397-баптың 2-тармағы). Оферта үшін тағайындалған мерзім (немесе ұсынысқа жауап алу үшін қажетті уақыт) өткен жағдайда офертаның күші жойылады оферент өз ұсынысы бойынша міндеттемеден босанады. Сондықтан ұсыныс алған адам тағайындалған мерзім өткеннен кейін ұсынысты қабылдауға шешім етсе, ол енді акцептант емес, жаңа оферент болады. Жаңа құқықтық қатынастар туындайды, оған шарт жасасудың жоғарыда қарастырылған барлық ережелері таралады. Азаматтық Кодекстің 397-бабының 3-тармағында жауаптың кешігуі акцептанттың кінәсінен емес, уақтылы жіберілген жауапты дер кезінде жеткізбеген байланыс бөлімінің кінәсінен болған жағдай баяндалады. Бұл ретте оференттің де, акцептанттың да кінәсі жоқ, сондықтан заң екі тараптың да мүдделерін қорғайтын шаралар қарастырған.
Шарт жасасатын жер. Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерінде немесе оферта жіберген заңды тұлғаның орналасқан жерінде жасалған болып танылы (Азаматтық Кодекстің 398-бабы). Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы экономикалық шарттр жасасқанда маңызы зор. Мұндай жағдайларда заң, әдетте, егер келісімде басқадай көрсетілмесе, мәміле формасының ол жасалған жердің құқығына бағынатындығын, ал тараптардың құқықтары мен мiндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы бойынша анықталатындығын белгілейді.
Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жерідеп танылады (Азаматтық Кодекстің 16-бабы). Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылады (Азаматтық Кодекстің 39-бабы).
Азаматтық заңнаманың негізгі принципі шарт бостандығы болғанмен, Азаматтық Кодексте және басқа заң актілерінде тікелей көзделсе ғана шартты міндетті түрде жасасу мүмкіндігі Азаматтық Кодексте қарастырылған. Азаматтық Кодекстің 399-бабына сәйкес, міндетті түрде шарт жасасудың екі нұсқасы бар: шарт жасасу акцептант үшін міндетті болғанда (1-және 2-тармақтар); шарт жасасу оферент үшін міндетті болғанда (3-тармақ). [ІІ: 6; 57-58бб.]
Бірінші нүсқада шарт жасасу міндетті болып табылатын тарап екінші тараптан оферта алғаннан кейін, сол алған күннен бастап отыз күн ішінде екінші тарапқа акцеп туралы, не одан бас тарту туралы, немесе офертаның өзге жағдайлардағы (шарт жобасына пікір қайшылығы хаттамасы) акцепті жайында (шарт жобасы) хабар жіберуге тиіс. Оферта жіберген тарап, бұл жағдайда, шарт жасасқанда туындаған пікір қайшылығын ондай хабар алғаннан кейін отыз күн ішінде немесе акцент мерзімі өткеннен кейін сот қарауына беруге құқылы.
Екінші нұсқада, егер шарт жасасу міндетті болып табылатын тарап жолдаған шарт жобасына отыз күндік мерзім ішінде оған деген қайшы пікірлер хаттамасы алынса, онда бұл тарап пікір қайшылығы хаттамасын алғаннан бастап отыз күн ішінде басқа тарапқа шартты оның редакциясында қабылдағаны туралы не пікір қайшылығы хаттамасын қабылдамағаны жайында хабар береді. Пікір қайшылығы хаттамасы қабылданбаса не оны қараудың нәтижесі жайында хабар алынбаса, пікір қайшылығы хаттамасын жолдаған тарап шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылығын соттың қарауына жіберуге құқылы. Акцепттің пікір қайшылығы хаттамасын жасауы немесе пікір қайшылығын сот қарауына беруі үшін Азаматтық Кодекстің 399-бабында белгіленген мерзімдер бірдей (отыз күн). Бұл мерзімнен шатасуға жол бермейді. Сонымен қатар бұл жоғарыда аталған барлық әрекеттерді жасау үшін ақылға қонымды мерзім.
Бұл мерзімдер императивтік емес. Шарттардың кейбір түрлері үшін заңнамада, ал кейбір жағдайларда - тараптардың келісімімен өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін. Шарт жасасуға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап оны мәжбүр ету туралы және оған шығындарды төлеттіру туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы (Азаматтық Кодекстің 399-бабының 4-тармағы). Бірақ, кейбір жағдайларда бұл ережеден ауытқу бар. Ресейдікіне қарағанда Қазақстанның Азаматтық кодексінде алдын ала шарт жасасқан тарапты негізгі шартты жасасуға мәжбүрлеу көзделмеген. Екінші тарап тек шығынның өтелуін ғана талап ете алады (390-бап). Шығындарды өтеу, Азаматтық Кодекстің 9-бабының 4-тармағының және 350-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.
Жалпы ереже бойынша шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылықтарын тараптардың өздері шешеді, оларды соттың қарауына бермейді. Егер ол қайшылықтарды тараптардың өздері шеше алмаса шарт жасалмаған болып саналады, тараптар арасындағы қатынас тоқтайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 400-бабына сәйкес шартка дейінгі дауларды сотта қарауға болатын тек екі жағдай бар: шарт жасасудан бас тартушы тарап үшін шарт жасасу міндетті болғанда (Азаматтық Кодекстің 399-бабының 2,3-тармақтары); пікір қайшылығын сот (мемлекеттік немесе төрелік) қарауына беру жөнінде тараптардың келісімі болса. Мұндай келісім пророгациялық немесе төрелік деп аталады.
Пікір қайшылығы сотта қаралғанда, шарттың тараптар келісе алмаған ережелерін сот анықтайды. Ол шешімге тараптар бағынуға тиіс. Шарт алдындағы даулар бойынша сот шешімдері мәжбүрлеп орындату жөнінде ешқандай әрекеттерді керек етпейді, онда тек құқық құрушы маңыз бар.
Шартты өзгерту - оның мазмұнын құрайтын бір немесе бірнеше ережелердің өзгеруі. Шартты бұзу дегеніміз толықтай немесе ішінара орындалмаған шартты Азаматтық Кодекстің 367-бабында көзделмеген (міндеттемелердің тоқтауы) негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтату. Азаматтық Кодекстің 401-бабында шартты өзгертудің және бұзудың үш нұсқасы көзделген: тараптардың келісуі бойынша; соттың шешімі бойынша; шартты толықтай немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартудың нәтижесінде.
Тараптардың келісуі шартты өзгертудің және бұзудың шарт бостандығы принципінен туындайтын қалыпты және ең қолайлы тәсілі болып табылады. Шартты өзгертудің және бұзудың барлық қалған тәсілдері (сот тәртібінде, орындаудан біржақты бас тарту) Азаматтық Кодексте, басқа заң актілерінде және шартта көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
Сот шешімі бойынша шартты бұзу тараптардың біреуінің талабы бойынша жүргізіледі. Азаматтық Кодекстің 401-бабының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz