Жануарларды тасымалдау ерекшеліктері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І БӨЛІМ. ЖАНУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ
1. 1. Жануарларды тасымалдау ерекшеліктері
1. 2. Малды автокөлікпен тасымалдау
1. 3. Малды теміржолмен тасымалдау
1. 4. Малды су қатынасы арқылы тасымалдау
1. 5 Малды айдау арқылы жеткізу
1. 6 Тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Tасымалдау - кез-келген тасымалдау құралдарын (авто, темiр жол, айдау, су) пайдалану арқылы бiр пункттен екiншiсiне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң орнын ауыстырумен байланысты рәсiмдер кешенi.
Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары (мал айдау трассалары) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келiсiм бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарымен анықтайды.
Тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар беру қағидаларына сәйкес берiлген ветеринариялық құжаттармен қоса жүредi.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi ветеринариялық құжаттарсыз тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берiлмейдi.
I БӨЛІМ. ЖАНУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ
1. 1. Жануарларды тасымалдау ерекшеліктері
Жануарларды (құстарды, терісі бағалы аңдарды, хайуанаттар паркінің жануарларын, балықтар мен араларды қоса алғанда) тасымалдау мамандандырылған автокөлік құралдарымен, ал олар болмаған немесе жетіспеген кезде арнайы жабдықталған ернеулі автокөлік құралдармен жүзеге асырылады.
Жануарлар мен құстарды өзі аударғыш шанақтары бар автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Автокөлік құралдарын жабдықтауға ірі қара малды және жылқыларды тасымалдау үшін ернеулерді шанақтың еденінен - 2 м дейін және қойларды, ешкілерді және шошқаларды тасымалдау үшін 1, 5 м дейін биіктікті өсіру және көлденең және тігінен қырлы жуан ағаштарды орнатуды қамтиды.
Жануарларды тасымалдау үшін қажетті жабдық пен құрал-жабдықтарды жүк жөнелтуші береді және автокөлік құралына орнатады.
Автокөлік құралының шанағында алып жүрушінің болуы қажет кезде, жүк жөнелтуші жануарлардан қоршалған арнайы орын (ірі жануарларды тасымалдау кезінде - шанақтың алдыңғы жағында) жабдықтайды.
Жануарларды қолайсыз ауа-райы жағдайларында (қатты ыстық, күзгі және қысқы мезгіл) тасымалдау кезінде, оларды қорғау үшін жүк жөнелтушінің талап етуі бойынша автокөлік құралының шанағы жабық болуы тиіс жағдайларда, кенепті - тасымалдаушы, ал басқа қажетті материалдарды жүк жөнелтуші береді.
Автокөлік құралы шанағының едені жарамды болуы тиіс, шанақта жануарларды жарақаттауы мүмкін бұрандардың, шегелердің және басқа заттардың шығып тұрған ұштары болмауы тиіс.
Малды тасымалдау кезінде шанақтың еденіне сабаннан, қалыңдығы жануарлардың зәрін сіңіріп алуды қамтамасыз ететін төсеме салынады. Жол үстінде шанақтан төсемені лақтыруға рұқсат етілмейді.
Ұсақ жануарлар мен құстарды тасымалдау өткізбейтін түбі бар торлармен жүргізіледі. Жүк жөнелтуші торларды автокөлік құралдарының шанағында, ауаның әрбір торда еркін айналуын қамтамасыз ететіндей етіп орналастырады. Ұсақ жануарлар мен құстар бар торлар тиелгеннен кейін жүк жөнелтуші оны мықтап бекітеді.
Терісі бағалы аңдар, олардың түріне байланысты тасымалдауға металл торлы есігі бар металл немесе берік ағаш торлармен беріледі. Торлардың есіктерінде өз бетімен ашылу мүмкіндігін болдырмайтын берік тиектері болады және құлыптармен жабылады.
Автокөлік құралдарының қозғалысы оқыс жұлқусыз әрі аялдаусыз, жолдардың дөңес жерлері алдында қозғалыс жылдамдығы азайтылып, тасымалдау барысында жануарлардың орнықтылығын қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүзеге асырылады.
Қозғалыстың әрбір сағатынан кейін автокөлік құралдарын 15-20 минутқа аялдатқан дұрыс.
Жолда жануарлар қысқы кезеңде кемінде бір рет, жазғы кезеңде кемінде екі рет суарылады.
Егер жануарларды автомобиль көлігімен тасымалдау ұзақтығы 12 сағаттан аз болса, онда бұл жағдайда, жолда қоректендіру жүргізілмеуі мүмкін.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушы жолда жануарлардың аурудан, оларды автокөлік құралдарында дұрыс орналастырмаудан және бекітуден, сондай-ақ ауа температурасының жеке жануарлар мен құстарды тасымалдау шарттарына сәйкес келмеуі салдарынан болған шетінеуге байланысты шығыстарды өтемейді.
Жануарларды тиеуге таза және дезинфекция жасалған автокөлік құралдары беріледі. Жануарларды тасымалдауға арналған автокөлік құралдарының жарамдылығын және санитарлық өңдеудің сапасын мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдары бақылайды. Барлық жануарларды тиеу алдында және тиеу кезінде, олар өздеріне тиесілі шаруашылықтың (базаның, ұйымның) ветеринарлық дәрігері және мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың ветеринарлық инспекторы тексереді.
Жүк жөнелтуші түрі, жынысы және жасы бойынша біртекті жануарлар мен құстардың бір автокөлік құралға тиелуін жүргізеді. Бір автокөлік құралына түрі, жынысы және жасы әртүрлі жануарларды бөлек тиеу мүмкін емес кезде, оларды бір-бірінен сенімді қоршаулармен бөлу шартымен тасымалдауға рұқсат етіледі.
Жүк жөнелтуші тиеу кезінде ірі жануарларды (жылқыларды, сиырларды, өгіздерді және басқаларды) автокөлік құралдарында басымен кабинаға қарай орналастырады және берік байлайды.
Ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің және басқа ұсақ жануарлардың төлін байлаусыз, бірақ барлық жануарлар автокөлік құралының шанағында жата алатындай етіп тасымалдауға рұқсат етіледі. Ауру жануарлар тасымалданбайды. Жылқылар тағасыз тасымалданады.
1. 2 Малды автокөлікпен тасымалдау
Бұл өте тиімді және экономикалық жағынанда арзандау тәсіл болып табылады, әсіресе жол қашықтығы 300 шақырым болатын шамаларда. Малды тасу үшін көбіне жүкті автокөліктерді қолданады. Оған салмағы 60-105 кг шошқаның 23-32 бас, салмағы 106-200 кг-14-22 бас ірі қара мал және жылқыдан 4-5 бас сыйады. Бұдан басқа, әдейі шығарылған мал таситын автокөлік бар, олар ірі қара малдың 10-15 басын жайғастыруға есептелген. Шанағында әдейі жасалған табиғаттық сорғыш желдеткіші, екі есік, сатыланған мал жүргізгішпен, жарық шамы және қи жинағыш, биіктігі 1 м көлденең бөлгіш бар.
Малды тасуға химиялық заттарды, улы және өте жаман иісті заттарды тасыған машиналарды қолдануға болмайды. Шанаққа малдың бір түрін, бір жынысты және бірдей жастағыларын артады. Мұндай жағдай болмайтын болса, онда малдарды бірімен-бірін көлденең тақтаймен бөледі. Бір шанақта сиыр мен өгізді, ересек мал мен жас малды артуға да болады. Жылқыны да ірі қара мал сияқты тасиды, дегенмен жылқының тағасын алып тастау керек.
Шошқаларды машинаға артқанда, олар жата алатындай жағдайды еске алынады. Мегежін мен кестірілген қабанды және ересек шошқа мен жақсы дамыған жас шошқаны бірге қосып тасуға болады. Бекондық бағыттағы шошқа тұқымын тасығанда өте сақтық жөн, өйткені терісіне жара салмау керек. Осы себептен Данияда арту-түсіру тиегіпіі бар әдейі автокөлік жасалған және олар үшін жүген істелген, ондағы мақсат бірін-біріне тістетпеу, жараландырмау.
Қой мен ешкіні жүк автокөлікпен жеке, ия болмаса тіркеме тіркеп тасиды. Шанаққа артқанда, қой-ешкі жата алатындай жағдай жасау керек. Егерде малды автоколона түрде тасыса, онда 2-3 жүк машинаға бір жолсерік тағайындалады. Асфальт жолмен жүргенде машинаның жылдамдығы 60 км. Ұсақ тас төселген жолмен 45 және топырақ жолмен 25-30 км/сағ, болу керек. Малдарды жақын жерден тасығанда, яғни жолсапары 6 сағаттан кем болса, оларды азықтандырмайды және суармайды. Ал жол сапары 6 сағаттан асатын болса, оларды дем алдырып, азықтандырады, суарады.
1. 3 Малды теміржолмен тасымалдау
Малды тасу үшін жасалған вагондардың ішінде су беретін науа, үлкен-ірі малдарды байлайтын шынжыр т. б. саймандар болады. Вагондар бір ярусты (ірі қара мал және жылқы) екі және үш ярусты (ұсақ мал және құстар) болады. Вагондарға малды артар алдында, оңдап тазалайды және ыстық (60-70 градус) сумен жуады. Стансаға әкелінген малдарды темір жол қызметкерлерінің малдәрігері тағыда қарайды. Ол малға берілген құжаттармен танысады, малдәрігерлік куәлікте көрсетілген мал басын әкелінген малдың санымен салыстырады. Мал басы қабысса және ауру мал байқалмаса, өлген мал болмаса, барлық малды түсіретін орынға жібереді.
Малды түсіріп-артатын жерге, оларды күннің жарығында, артуға 2 сағат қалғанда әкелінеді. Малдарды қоршауға жайғастырып дем алдырады, 2 сағаттан кейін мал дәрігері қарайды. Ауру, ауруға бейімделген және арық малды вагонға артуға рұқсат берілмейді. Тасу құжаттары болмаса, онда малдар артуға жалпы жіберілмейді.
Малды 2- білікті вагонға мынадай есеп бойынша артады: ірі қара мал-ересек-8-12, жас мал 12-14, тірілей салмағы 120 кг бұзаулар 18-20, қой және ешкі 40-50 бас. Салмағы 30-60 кг шошқа 30-40, 60-80 кг 25-30, 80-100кг-22-25, 100-150кг 14-24, 150 кг жоғары 10-14 бас. Жылқылар саны 8 ден аспауы керек. Төрт білікті вагонға артылғанда, жоғары көрсетілген сандар 2 есе көбейеді.
Ірі қараны вагондарға екі тәсілмен жайғастырады: ұзыннан және көлденеңінен. Ұзындығынан жайғастырғанда - малды екі қатарға қойып, бастарын екі есік арасындағы алаңшаға қаратады. Алаңша жүретін жол болып есептелінеді. Көлденең жайғастырғанда малдың басы ұзын қабырғаға қарап тұрады. Қай тәсілмен жайғастырылса да, малдар біртіндеп жатып дем алуын ескерген жөн. Ұзындығынан жайғастыру малдың шайқалысын азайтып, олардың жараланбауын қамтамасыз етеді және де азықтандыру, суару, қарау жұмыстарын жеңілдетеді. Малдар жаңа жағдайға тез үйреніп жерсінеді, азықты жақсы жеп, олардың қоңдылығы төмендемеуіне әсерін тигізеді. Алайда, бұлай жайғастырғанда бір вагонға 2 мал кем сияды. Бір вагонға әртүрлі малды артуға болмайды. Сонымен қатар, бір вагонға бір қатарға бұқа мен сиырды, қошқар мен аналық қойды қоюға рұқсат берілмейді. Егерде оларды бір вагонда тасу жағдайы болып қалса, онда бірінен - бірін тақтаймен арасын бөледі.
Малды азықтандыру үшін жолсеріктер азықты мына есеппен алады: ірі қараның 1 ц тірілей салмағына 4, 5 кг пішен, қой және ешкіге 5, 5 кг пішен, шошқаға 2, 5 кг құрама жем.
Орташа алғанда бір рет суару үшін, бір басқа шаққанда ірі қараға 10-15 л, жас малға 8-12 л шошқа, қой және ешкіге 1, 5-2 л су керек.
Келіп жеткеннен кейін, вагоннан малды түсіру орнына әкелгеннен бастап, 6 сағаттан аспауы керек. Ең бірінші сау, сосын ауырған (ондайлар болса) малдарды түсіреді. Бір малды түсіру үшін 30 минут уақыт бөлінеді. Азықтың қалдығын ет комбинатына табыс етеді, ал басқа саймандар шаруашылыққа қайтарылуы тиіс.
1. 4 Малды су қатынасы арқылы тасымалдау
Малдарды алдын ала жолға дайындау керек. Ал ендігі бұл жерде аса мұқият болу керек. Әрбір нәрсеге назар аударып кемшіліктерді жою керек. Себебі бұл тасымалдау жолы құрлықта тасымалдау жолынан өзгеше боылп табылады. Жылқыларды мұндай тасымалдау жолында тасымалдау нормативке сәйкес болуы керек.
Ұзақ жолға кеме жолмен тасымалдау қауіпті. Оның себептері: Азық пен судың таусылуы; Ауа райының бұзылып штурмдыққа жолығуы. Тасымалдау үшін арнайы малдарды тасымалдауға арналған кеме алынады. Оны іші кең, ешбір ақаусыз болуы шарт. Бір күндік жолға жеткілікті азық пен су, құрал жабдықтарын, кемеде арнайы жылқыларды орналастыратын борттар болуы керек. Және де тасымалдау кезінде бірнеше жұмысшылар, басқарушы кісі және мал дәрігері қоса жолға шығуы керек.
1. 5. Малды айдау арқылы жеткізу
Көбіне ірі қара және ұсақ малды жақын араға апарады: жақын ет комбинатына, теміржол стансасына, су пристанына. Айдайтын малды жасына және қоңына қарай топтайды. Табындық құжат толтырылып, малдәрігерлік куәлік беріледі.
Айдайтын жолды облыстық қызметкерлер анықтайды, мұнда шаруашылықтардың жұқпалы аурудан сау екені еске алынады. Жол бойы бірінен-біріне дейін, 6-7 км қашықтықта жайылым және суат болуы керек. Егерде жайылым болмаса, малды қысқы азықпен қамтамасыз етеді. Табынның шамасы - ірі қара мал 250 бас, ал қой және ешкі 100 басқа дейін. Жолдық қоңын жақсы ұстау және тірі салмағын төмендетпеу үшін -сиыр тобына бұқаны, ал қой тобына қошқарды қосып айдайды. Бірінші күні ірі қараны айдау жылдамдығы тәулігіне 10 км, қой және ешкі 6-8 км дейін. Сосын мал үйренгеннен соң 5-6 км, қосып отырады. Егерде жайылым және суат болмаса ірі қараның айдау жылдамдығы 25-30, қой және ешкі 20 шақырымға дейін.
Күн тәртібі: айдауды таңертеңгі жарықтан бастайды, 3-4 шақырым жүріп, 2-3 сағат демалыс, тағы 5-6 км. Сағат 12-15 арасында дем алу, тағы айдау. Жолда мал сою деген болмайды, әсіресе жұқпалы ауру болғанда. Дегенмен, мал өлейін деп тұрса және оны жеткізуге шама келмейтін болса, сояды. Еске алатын жағдай, сою жолдан 100 м қашықтықта жүргізіледі. Ұшаны және ішек-қарындарын жауып, малдәрігерлік пунктіге қарауға жеткізеді.
1. 6 Тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
Жануарларды автокөлік құралымен қандай да бір жұқпалы дерт бойынша қолайсыз аумақтар арқылы тасымалдау кезінде, бағыттарды тиісті мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау органдары жергілікті атқарушы органдармен:
- ауданаралық және қала маңындағы тасымалдар кезінде - ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторымен;
- ауданаралық тасымалдар кезінде - облыстардың ветеринарлық-санитарлық органдарымен;
- облысаралық және халықаралық тасымалдар кезінде - ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді.
Жануарларды жерден мамандандырылған автокөлік құралына тиеу үшін артқы трап есік пайдаланылады. Басында бірінші бөлікті тиеу жүргізіледі.
Жануарларды қозғалыс бағыты бойынша бастарымен алға қарай орналастырады, шанақтың алдыңғы қабырғасындағы сақиналарға байлайды, осыдан кейін бірінші қоршау жабылады. Содан кейін екінші бөлік тиеледі және тағы сол сияқты.
Жануарларды жерден мамандандырылған емес автокөлік құралдарына тиеу жиналмалы көпіршелер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте жүк жөнелтуші шектегіш ағаштарды автокөлік құралдың шанағынан алдын ала алады, жануарларды кіргізеді және қозғалыс бағыты бойынша қояды, алдыңғы көлденең ағашқа қысқа байлайды, артқы ернеуді жабады және автокөлік құралдарға шектегіш ағаштарды орнатады. Жануарларды автокөлік құралдарына тиеу тәсілдерін, оларды орналастыруды, сондай-ақ жануарларды бір автокөлік құралмен тасымалдау нормаларын жүк жөнелтуші тасымалдау шарттарын, (автокөлік құралының үлгісін, жануарлардың түрі мен жасын, тасымалдау алыстығын, жыл мезгілін, жол төсемінің жай-күйін және тағы басқа), автокөлік құралының жүк көтергіштігі мен сыйымдылығын толығырақ пайдалануды және тасымалданатын жануарлар және автокөлік құралының сақталуын қамтамасыз етуді ескере отырып белгілейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz