ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ ЖШС-і

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
ПӘНІ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ

Орындаған: М.К.Нұрлыбаева
Ғылыми жетекшісі: Л.Ө.Дүйсалиева

Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Исатаева Г.С.
қолы
________________________2018ж.

Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і

Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Азаматтық құқық пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________
Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Дүйсалиева Л.Ө.
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-4
І ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Авторлық құқықтың субъектісі 5-10
1.2 Авторлық құқықтың объектісі 10-13
ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ
2.1 Авторлық құқықты қорғау 14-19
2.2 Авторлық лицензиялық шарт, туындыны пайдалану шарттарының
түрлері 19-22
ҚОРЫТЫНДЫ 23-24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25-26
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ
Авторлық құқық дегеніміз - ең алдымен бұл құқықтық термин. Біз оны авторлардың өздерінің әдеби және көркем туындыларына қатысты құқығын сипаттау үшін қолданамыз. Авторлық құқық туындының біршама түрін қамтиды: кітап, музыка, сурет, мүсіндік туынды, фильмнен бастап компьютерлік бағдарлама, мәліметтер базасы, жарнама, карталар мен техникалық сызбаларға дейін.
Курстық жұмыстың өзектілігі: біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-бабында: Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады деп айқын тұжырымдалған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқпау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асырылуын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие.
Осы орайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достасығы елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып ел Президенті Н.Ә.Назарбаев бекіткен Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының заңына дүниежүзілік санаткерлік, меншік саласының аса білгір сарапшылары мен мамандары зор құрметпен қарауы -- қазақстандықтар үшін айрықша мәртебе екендігін мақтаныш сезіммен айтқан жөн. Біз қоғам өміріндегі, сондай-ақ ғылымның, әдебиеттің және өнердің барлық саласындағы қозғаушы күш - шын мәніндегі шығармышылық екенін түсінуге және жан-тәнімізбен сезінуге тиіспіз. Осы салаға деген көзқарасымыз арқылы қоғамның өркениеттілік деңгейі сипатталады. Осыған сәйкес санаткерлік еңбектің баршасының негізі авторлық тұлғаға тәуелді екенін атап өткен жөн.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының авторлық құқық мәселесін қарастыра отырып, тақырыпты ашу.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылды:
- авторлық құқықтар туралы мәліметтер жинақтай отырып, тақырыпты ашу;
- авторлық құқықтың түрлерін анықтау;
- авторлық құқықтың принциптерін және негізгі категорияларын анықтау.
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық жаңарудың жаңа сатысына қадам жасауда. Ұлттық экономикамыздың дамуындағы осы кезеңнің негізгі міндеттері Елбасының 2006-жылдың 18-ші қаңтарындағы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы халыққа жолдауында айқындалған. Онда, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл -- жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика деп атап өтілген. Бұл маңыздылық, халық шаруашылығы салаларының инновациялық жүйеге бағдарланып, дамуын талап ететіні сөзсіз.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.

І ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Авторлық құқықтың субъектісі

Авторлық құқық түсінігінде авторға тиесілі шығармашылық еңбек нәтижесінде пайда болган ғылыми, мәдени және әдеби өнертабыстар, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар жатады.
Авторлық құқық және авторлық құқык объектілері бірнеше категорияларға бөлінеді:
Мүліктік және мүліктік емес авторлық құқықтар. Айрықша және айрықша емес авторлық құқықтар. Өнер туындыға айрықша құқығы бар адамдар оны жеке-дара қолдануға құқылы және басқа адамдардың өнертабысты қолдануына тиым сала алады. Өнертабыстың авторы, өз құқығын үшінші тұлғаға бермесе (айрықша қүқыктарын беру туралы авторлық келісім-шарт жасамаса), айрықша құқыққа ие болады.
Өнертуындыға айрықша емес құқығы бар тұлғаға және осындай әдіспен аталған өнертуындыны қолдану үшін рұқсат алған басқа да тұлғаларға, өнертуындыға айрықша құқығы бар тұлғамен бірдей қолдануына қүқығы бар. Егер шартта өзгеше көзделмесе, авторлық келісім-шартпен берілген құқықтар айрықша емес деп саналады.
Мүліктік емес авторлық құқық ол жеке құқық болғандықтан, онымен мүліктік құқық сияқты: сатуға, сатып-алуға, сыйлауға, мүралық етуге жасауға болмайды. [II: 1; 34-35бб.]
Авторлық құқық зияткерлік меншікті қорғайтын нысанның бірі, ғылым, мәдениет және өнер туындыларын жасаудағы жэне қолданудағы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
Авторлық құқық автордың бүкіл ғұмырында және автор қайтыс болғаннан кейін 70 жыл көлемінде сақталады. Авторлық құқығы, атына құқығы, автордың атағын қорғау құқығы мерзімсіз сақталады. Қазақстан азаматтарымен жасалған өнер туындыларының авторлық құқығы, олардың қайда тіркелгендігі немесе тіпті тіркелмегендігінен тәуілсіз, мәдени және әдеби өнер туындыларын қорғауға байланысты Берн конвенциясының қатысушылары болатын барлық елде қорғалады.
Авторлық құқық объектілері бағытының қадіріне және бейнелеу нысанынан тәуелсіз ғылым, әдебиет және мәдениет туындылары болып есептеледі.
Сонымен қатар, авторлық құқық объектілерін нақты белгілері болатынын атап кеткен жөн. [II: 2; 54-55бб.]
Авторлық құқық объектісінің бірінші белгісі - бұл оның жасалуының шығармашылық мінезі, және екінші белгісі - бұл ойын білдірудің объективті нысаны. Бұл дегеніміз, авторлық құқық объектісі автордың шығармашылық еңбегінің нәтижесі болу тиіс, және материалдық жеткізушіде тіркелуі керек (жазбаша нысанда, бейнелеу нысанында, дыбыс немесе бейне жазбаларда, көлемді-кеңістік нысанында), сондай-ақ авторлық құқық көпшілік алдында орындалған ауызша формада болуы мүмкін.
Авторлық құқықты қорғау белгісінің болмауы, авторлық құқықтың қорғалмайтынын білдірмейді, себебі, авторлық кұқық туындының пайда болған кезінен басталып және авторлық құқықты қорғау үшін туындының тіркелгендігі немесе басқада бір формальдықтың қажеті жоқтығын білдіреді.
Авторлық құқықтың қорғау белгілері бар немесе жоқтығы туындыны лицензиялауға әсер етпейді.
Авторлық құқық субъектілері болып туындыға қатысты субъективтік авторлық құқық тиесілі тұлға болып табылады. Субъективті авторлық құқық Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, мұрагерлер және басқа да құқық мирасқорлары болуы мүмкін. Субъективтік құқық - адамның не ұйымның заңға сәйкес ой-пікірін білдіру және іс-әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі. Субъективтік құқықтың бастапқы алғышарты құқық қабілеттілігі (құқық иелену қабілеті) болып табылады. Субъективтік құқық абстрактілік және нақты түрге, сондай-ақ абсолюттік және қатыстылық түрге де бөлінеді. Нақты субъективтік құқықтар құқық нормасына сәйкес құқықтық фактіден туындайды. Қатыстылық құқығы (шарттан, зиян келтіруден, т.б. құқықтық фактіден туындайтын құқық) белгілі бір тұлғалардан нақты бір әрекетті жүзеге асыруды талап етуге заңды мүмкіндік береді. Абсолюттік нақты құқық өз әрекетін іске асыру еркіндігі мен ол әрекетке ешкімнің бөгет болмауын талап етушілікті білдіреді. Абстрактілі субъективтік құқыққа адам мен азаматтың табиғи және ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары жатады. Бұлар құқық субъектілігінің мазмұнын ашады және тұлғаның халықарық құқық пен конституция кепілдік беретін жалпы құқықтық мәртебесін құрайды. Мұндай құқықтар мен бостандықтар әркімге тумысынан тиесілі. Мәселен, нақты бір мүлікке меншіктену өкілеттігін иеленуіне-иеленбеуіне қарамастан адамда меншіктенуге деген абстрактілі құқығы болады; сотпен қорғануға деген абстрактілі субъективтік құқық бұзушылық кезінде пайда болмайды, ол абстрактілі мүмкіндік ретінде бұрыннан бар. Адамның абсолюттік құқықтары (өмір сүру, адамдық қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық, бостандығы мен жеке бастың қорғалуы, меншік, сайлау және сайлану құқығы) қоғамда өз орнын табуға бағытталған ұмтылысы. Абсолюттік құқық индивидтің заң шегіндегі еркін әлеуметтік белсенділік аясын білдіреді және оған өзге адамның да, мемлекеттің де араласуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасы Авторлық құқық туралы заңының 16-шы бабы (Мүліктік құқықтар) былай деп бекіткен, Туынды авторының немесе авторлық құқықтардың өзге иесінің сол туындыны кез келген нысанды және кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік (айырықша) құқығы бар.
Сол баптың екінші тармағында Автордың туындыны пайдалануға айырықша құқықтары төменгі әрекеттерді жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын білдіреді:
1) туындыны қайта шығару (қайта шығару құқығы);
2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдіспен тарату; сату, жалға өткізу, көпшілікке уақытша пайдалануға беру және басқалар (тарату құқығы);
3) тарату мақсатында туынды даналары, соның ішінде автордың немесе авторлық құқықтардың өзге иесінің рұқсатымен дайындалған даналарын импорттау (импортқа әкелу құқығы);
4) туындыны жария көрсету (жария көрсету құқығы);
5) туындыны жария орындау (жария орындау құқығы);
6) туындыны жария хабарлау (туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау), соның ішінде эфирде немесе кабель арқылы хабарлау (жария хабарлау құқығы);
7) жалпы жұрттың назарына арнап эфирде алғашқы және (немесе) кейінгі хабарлауды қоса алғанда туындыны эфирде хабарлау (эфирде жариялау құқығы);
8) жалпы жұрттың назарына арнап кабель арқылы алғашқы және (немесе) кейінгі хабарлауды қоса алғанда туындыны кабель арқылы хабарлау (кабель арқылы хабарлау құқығы);
9) туындыны аудару (аудару құқығы);
10) туындыны қайта жасау, музыкалық әуендеу немесе басқаша түрде қайта өңдеу (өңдеу құқығы) құқықтарын білдіреді деп көрсетілген.
1928-жылы авторлық құқық негізінің 7-бабында Мүліктік пайда алу құқығы барлық белгілері бойынша абсолютті құқық ретінде құралған. Оның мазмұнын құқық иесінің өз әрекеттері құраған. Бір уақытта осы норма мазмұны басқа тұлғаларға қатысты сол әрекеттерді жүзеге асыруларына тыйым салудан тұрған, яғни, туындыны пайдаланудан мүліктік пайда алуға әрекеттер.
Автордың мүліктік емес жеке құқықтарының арасындағы бірінші және негізгісі ол туындының авторы болып танылу құқығы. Авторлық құқық туындының белгілі бір тұлғаға тиістілігін объективті факт ретінде белгілейді және туынды мен оның жасаушысы арасындағы ақиқатты байланысты қорғайды. [II: 3; 76-77бб.]
Берндік конвенцияның 6-бабында авторлық құқықты туындыға өзінің авторлығын тануды талап ету құқығы деп көрсеткен.
1991-жылға дейін әрекет еткен заңда, авторлық құқық тікелей бекітілмеген. Бірақ заңи әдебиеттерде автордың бұл құқығының бар болуы бұрыннан көрсетілген болатын, тек оны бегілеуге қатысты ортақ пікір болмаған еді.
Авторлық құқықтың субъектілері ретінде тек қана Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, шетелдік және азаматтығы жоқ адамдар да бола алады. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматының туындысы оның жарияланғанға немесе объективті нысанда орналасқан жеріне байланыссыз қорғалатын болса, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың туындылары:
а) Қазақстан Республикасы территориясында жарияланған немесе Қазақстан Республикасында белгілі бір объективті нысанға ие болса;
б) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қорғалатын болса ғана, Қазақстан Республикасы территориясында қорғалуға жатады. [II: 4; 61-62бб.]
Қазіргі таңда қоғамдық қатынастарды жан - жақты және кез келген салада реттейді. Соның ішінде авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды құқықтық қорғау деп осы құқықтарды қалпына келтіруге бағытталған және олардың бұзылуын тануды түсінуге болады. Қазіргі таңда азаматтық заңнамада авторлық жән сабақтас құқықтарды қорғау әдістері, түрлері, нысандары мен құралдары туралы нақты тәртіптер қарастырылған. Өкінішке орай, құқық нормасындағы тәртіптер іс жүзінде орындалып жата бермейді. Оның себебі елдегі құқықтық тәртіптің төменгі дәрежелері және авторлардың өздерінің құқықтары туралы білмеуі, сонымен қатар сол құқықтарды қорғаудың құралдарымен таныс болмауы болып табылады. Алайда, бұл салада қазіргі таңда білікті мамандар аз, сондықтан авторлардың құқықтарын қорғау туралы бағытты ешкім насихаттамайды. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының территориясында авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы күрт төмендеп кетті. Ол елде жекеше баспа, дыбысжазба студиялары, бейнезалдар, бұқаралық ақпарат құралдарының күрт өсуімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік радиостанциялар мен телеарналар да өрескел құқықбұзушылықтар жасайды. Оған себеп ретінде авторлардың сыйақыларын бюджетте ақша жоқ деген себеппен төлемеу болып табылады. Әсіресе, шетел азаматтары мен ұйымдардың құқықтары өте жиі бұзылып жатады. Өкінішке орай, бұл жағдайларға құқық қорғау органдары тиісті назар аудармайды. [II: 5; 40-41бб.]
Ғылыми, әдеби және көркемдік туындыларының авторлары, сабақтас құқықтардың авторлары, олардың мұрагерлері және басқа құқық мирасқорлары авторлық және сабақтас құқықты қорғаудың субъектісі бола алады. Автор тірі кезінде тек өзі немесе заңды өкілі ғана бұзылған немесе даулы құқықты қорғауға құқығы бар. Қос авторлықта кез келген автор немесе авторладың біреу туындыны қорғау құқығына ие. Егер қос авторлар туындыға байланысты құқықтық қорғауды жүзеге асыруды бір ғана авторға тапсырған болса, сол автор барлық авторлардың атынан әрекет жасайды. [III: 1; http:lekcia.com; Авторлық құқықтың субъектісі]

1.2 Авторлық құқықтың объектісі

Авторлық құқық объектілері болып табылатын туындылар:
1) әдеби туындылар;
2) драма және музыкалық драмалық туындылар;
3) сценарий туындылары;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар;
6) дыбыс-бейнежазу туындылары (кино-теле және бейнефильмдер, диафильмдер және басқа кино және телетуындылар);
7) мүсіндеме, кескіндеме, гарфика және бейнелеу өнерінің басқа да туындылары;
8) қолданбалы онер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнері туындылары;
10) суретке түсіру туындылары көне суретке түсіруге орайлас әдістермен жасалған туындылар;
11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендірулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;
12) Электрондық Есептеуіш Машинасына арналған бағдарламалар;
13) өзге де туындылар.
Авторлық құқық объектілеріне мыналар да жатады:
- туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйіндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларының өңдеулері);
- жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының іріктелуі және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын басқа да құрама туындылар.
Туынды және құрама шығармалар, өздерінің негізге алынған немесе өздеріне енген туындылардың авторлық құқық объектілері болу-болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.
Авторлық құқық туындысы бола алмайтын туындылар
Авторлық құқық дегеніміз- автордың жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтары, ал сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымының мүлiктiк құқықтары және орындаушының жеке мүлiктiк емес құқықтары. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай туындайды. Мыналар авторлық құқық туындысы бола алмайтын туындылар:
1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот сипатындағы және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
2) мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);
3) халық шығармашылығы туындылары;
4) оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.
Туынды жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған жағдайда (автордың бүркеншiк аты оның өзi екенiне күмән туғызбайтын жағдайды қоспағанда), туындыда есiмi немесе атауы көрсетiлген баспагер өзге дәлелдер болмаған кезде осы Заңға сәйкес автордың өкiлi болып табылады және оның өкiл ретiнде автордың құқығын қорғауға, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл ереже сондай туындының авторы өзiнiң кiм екенiн ашқанша және өзiнiң авторлығын мәлiмдегенше қолданыла бередi.
Жеке және тәуелді болып туындылар екіге бөлінеді. Туындыны қызметтік деп танудың негізгі белгісі туынды авторы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарының, яғни еңбек заңнамасымен, ұжымдық шартпен, келісімдермен, еңбек шартымен көзделген еңбек жағдайларын жұмыс беруші қамтамасыз еткен жағдайда қызметтік міндеттерін (белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыстар) қызметкердің ақылы түрде өзі орындауы туралы және қызметкердің ішкі еңбек тәртібі қағидаларына бағынуы жөнінде қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісімге негізделген қатынастардың бар болуы болып табылады. Сонымен, қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын (қызметтік туынды) орындау тәртібімен жасалған ғылым, әдебиет және өнер туындысына берілетін авторлық құқық нысандарына 1996-жылдың 10-маусымындағы №6 Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасы заңының 14-бабы (әрі қарай - Заң) арналған. Осы Заңға сәйкес мұндай туындыға жеке мүліктік емес құқықтар оның авторына, ал мүліктік құқықтар автордың жұмыс берушісіне тиесілі болып табылады. Сонымен бірге еңбек қатынастарының тараптары айрықша мүліктік құқықтардың кімге тиесілі екендігін шартта өзгеше белгілеулеріне құқылы. Сөйтіп автор мен жұмыс берушінің арасында арнайы өзгеше келісілмесе, қызметтік туындыны пайдалануға айрықша мүліктік құқықтың иегері жұмыс беруші болып табылады. Бұл жағдайда авторға өзінің қызметтік туындысын өз бетімен пайдалануға мүмкіндігі болу үшін жұмыс берушісінен алдын ала рұқсат алуы қажет. Мұндай рұқсат авторлық құқықты (айрықша немесе айрықша емес) беру жөніндегі шарт түрінде болады және ол автор-қызметкер келісімсіз қызметтік туындыны пайдалануға құқылы бола алмайтын және үшінші тұлғаның пайдалануына рұқсат бере алмайтын болатын авторлық шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуы тиіс. Жұмыс беруші қызметтік туындыға мүліктік құқықтарды туындының жасалуы себепті ие болады, себебі туындыны қандай да бір міндетті тіркеу(соның ішінде мемлекеттік тіркеу) және оған құқықтар заңмен көзделмеген (бұлай тіркелуге заңмен тыйым салынбаған, демек-рұқсат етіледі). Қызметтік туындыны қолданудың әр түрі үшін берілетін авторлық сыйақының мөлшері және оның төлену тәртібі автор мен жұмыс берушінің арасындағы шарт арқылы анықталады. Мұның мәні мынада: еңбекақы мен еңбек туралы заңнама және еңбек шартымен көзделген өзге де төлемдерден(материалдық көмек, сыйлықақы т.б.) басқа жұмыс беруші қызметкермен алдын ала келіскен мөлшер мен тәртіпте қызметтік туындыларын пайдаланғаны үшін авторға қаламақы төлеуге міндетті. Бұл роялти (қызметтік туындыны пайдаланғаны үшін жұмыс беруші алған табыс сомасының пайызы), нақты бір сома немесе сол не өзге жағдайға байланысты авторлық сыйақыны есептеу тәртібі болуы мүмкін. Шартта біржолғы немесе бөліп төленетін авторлық сыйақының белгіленген сомасын көрсеткенде тараптар қызметтік туындының ең көп таралымын (рұқсат етілетін қайта шығару саны) белгілеуге міндетті. Олай болмаған жағдайда қаламақының белгіленген сомасы туралы келісім заңсыз болып табылады, бұл қатынастардың барлық жүйесіне қауіп төндіреді. [III; 2; www.zan.zanmedia.kz; Авторлық құқықтың объектісі]
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқықтар
Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар жалпы сипаты мен негіздері
Интелектуалды меншік
Авторлық құқықтың обьектісі мен субьектісі
Авторлық құқық туралы ақпарат
Авторлық құқық
Авторлық құқықтың түсінігі
Авторлық құқықтың объектілері
Авторлық және сабақтас құқық
Авторлық құқық туралы
Пәндер