Баланың туу туралы куәлігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КІріспе

Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдіруші адам (патронат тәрбиеші) мен
қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы тәрбиелеуге беру
туралы шарт патронаттың туындау негіздері болып табылады.
Патронат туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап бағу, тәрбиелеу және
білім беру жағдайларын, патронат тәрбиешінің құқықтары мен міндеттерін,
патронат тәрбиешіге қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттерін,
сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері салдарлары көзделуі тиіс.
Бала патронат тәрбиешіге аталған шартпен белгіленген мерзімге
тәрбиелеуге беріледі.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына
тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп
аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле
бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік-өнегелік
нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық
және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық
дәстүрлермен әдет-ғұрыптарға сүйенеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы
асырап бағу, тәрбиелеу және білім беру жағдайларын, патронат тәрбиешінің
құқықтары мен міндеттерін, патронат тәрбиешіге қатысты қорғаншы және
қамқоршы органдардың міндеттерін, сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу
негіздері салдарлары көзделуі тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты: патронат тәрбиешілер мен олардың құқықтары
мен міндеттерінің ерекшеліктерін ашу, сонымен қатар Қазақстандағы заңдық
негіздерін ашу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- патронат тәрбиешілердің ерекшеліктерін көрсету;
- патронат тәрбиешілер олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу;
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.

І тарау. Қорғаншылық пен қамқоршылық туралы жалпы түсінік
1.1 Қорғаншылық пен қамқоршылық ұғымы

Қорғаншылық және қамқоршылық әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке
қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік
емес құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін де белгіленеді. Қорғаншылық
14 жасқа толмаған, сонымен бірге психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл-
есінің кемдігінен сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған балаларға,
ал қамқоршылық 14 жастан 18 жасқа толмаған балаларға спирттік ішімдіктерге
немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан соттың шешімімен әрекет
қабілеттілігі шектеулі деп тануы салдарынан соттың шешімімен әрекет
қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарға белгіленеді.
Қорғаншы және қамқоршы органдар ретінде жергілікті атқарушы органдар
болып табылады. Аудандық және қалалық атқарушы органдар қорғаншылық пен
қамқоршылық бойынша өз функцияларын құзіретті білім беру, халықты
әлеуметтік қорғау және емдеу, кенттік, селолық, ауылдық атқарушы органдар
арқылы дербес жүзеге асырады. Аталмыш органдар баланың және оны тәрбиелеуге
үміткер адамның тұрмыс жағдайларына зерттеу жүргізуге және зерттеу актісін
сотқа табыс етуге міндетті. Қорғаншылықты тағайындау қорғаншылық және
қамқоршылық органдарымен жүзеге асырылады. Қорғаншылық функцияларын
азаматтар, тәрбиелік, емдеу, білім беру және басқа да балалар
мекемелерімен, сонымен бірге қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асыра
алады.
Қорғаншы мен қамқоршы ретінде кәмелетке толған адамдар бола алады. Ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтер бар мекемелердің
лауазымды адамдарды және өзге де азаматтар олар туралы қорғаншы және
қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерін хабарлауға міндетті. Ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруды қорғаншы мен
қамқоршы органдардан басқа заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыра алмайды.
Қорғаншы және қамқоршы орган осындай мәліметтер алған күннен бастап үш
күн ішінде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргізуге және ата-аналарының
немесе оның туыстарының қамөорлығы жоқ екендігі фактісі анықталған кезде
баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен
мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу және
басқа да мекемелердің басшылары, баланы отбасы тәрбиесіне беру мүмкін
екендігі болған күннен бастап жеті күн ішінде бұл туралы осы мекеменің
тұрған жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органдарына хабарлауы міндетті.
Егер баланы отбасына тәрбиелеуге беруге мүмкіндігі болмаған кезде
орталықтандырылған есепке алу үшін және кейіннен баланы Қазақстан
Республикасы аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының
отбасына тәрбиелеуге орналастыруға бөліністің білім беру басқармасының
органына жібереді. [ІІ: 1; 33-34бб.]
Балаларды орталықтандырған есепке алуды ұйымдастыру тәртібін Қазақстан
Республикасы Үкіметі белгілейді. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балалар асырап алынып, отбасында тәрбиеленуге, қорғаншылыққа немесе
патронат шарты бойынша, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде, жетім балаларға
немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық
үлгідегі мекемелерге берілуі тиіс. Баланың мүддесіне сай оны орналастыру
кезінде оның этникалық шығу тегі, белгілі бір дінге және мәдениетке
жататындығы, ана тілі, тәрбие мен білім берудегі сабақтастықты қамтамасыз
ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге
орналастырылғанға дейін балаларға қорғаншылық міндеттерін атқару қорғаншы
және қамқоршы органдарға уақытша жүктеледі. Қорғаншы мен қамқоршының
келісімімен олар тағайындалады. Осындай тағайындалуда баланың келісімі
ескеріледі. Ата-аналардың келісімімен олардың қайтып келуіне дейінгі
белгілі бір мерзімге қорғаншылық тағайындалады. Қорғаншы мен қамқоршылар
міндетті түрде баламен бірге тұруы қажет. Бұл ереже 16 жасқа толған балалар
үшін қолданылмауы мүмкін. Қорғаншы мен қамқоршы органдар балаға бөлек
тұруға рұқсат береді. Қамқоршының және кәмелетке томаған баланың бөлек
тұруы соңғысының тәрбиелеу процесіне қатты әсер бермеуі тиіс. Қамқоршылар
тиісті органдардың келісімімен балаларды балалар мекемесіне орналастырулары
мүмкін.
Асырап алу, қамқоршылық және патронат ерекше жауапкершілік пен маңызды
шешуді талап ететін қарым-қатынас түрлері. Баланы қамқоршылыққа және
қорғаншылыққа алу туралы шешімді қабылдай отырып тек моральдық қана емес,
сонымен қатар заңдық тұрғыдан да дайын болу қажет. Неке және ерлі-
зайыптылық туралы кодекске сәйкес заңды қатынастардың түрлері мыналар болуы
мүмкін: асырап алу, қамқоршылық, қорғаншылық немесе патронаттық
тәрбие.Қамқоршылық пен қорғаншылық жалпы көп жағдайда мүліктік құқықтарды
анықтайды, алайда бұл қамқоршы немесе қорғаншы қамқорлыққа алынатынға
қамқор болмауы керек дегенді білдірмейді.
Асырап алудан қамқорлық пен қорғаншылықтың басты айырмашылығы оларды
белгілеу қажеттілігінің туындауы, әрекет қабілеттілігін және жасын шектеу
болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл өзінің жасы мен денсаулығына
байланысты өздігінен өмір сүре алмайтын, өзінің құқықтарын қорғай немесе
мүлікке басшылық жасай алмайтындарға
көмек. [ІІІ: 3; www.resurs.kzcatal ogzakon; Қорғаншылық пен қамқоршы- лық
ұғымы;]
1.2 Қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеу негіздері мен тәртіптері

Қорғаншы және қамқоршы органдар баланы патронаттық тәрбиешiлерге
тәрбиелеуге беру кезiнде оның этникалық шыққан тегiн, белгілi бiр дiнге
және мәдениетке қатысын, ана тiлiн ескере отырып, баланың мүддесiн
басшылыққа алады. Баланы (балаларды) шарт бойынша патронаттық тәрбиешiлерге
беру үшiн алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органмен келiсiм
бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдар
жүзеге асырады. Ағайындыларды, олардың мүдделерiне жауап беретiн
жағдайларды қоспағанда, ажыратуға жол берілмейдi. Баланы (балаларды)
патронаттық тәрбиешiлерге беру оның пiкiрi ескерiле отырып, ал он жасқа
толған баланы (балаларды) беру тек оның келiсiмiмен жүзеге асырылады.
Патронаттық тәрбиешiлердiң қамқорлығына ата-анасының қамқорлығынан
айрылған және жеке адамдардың қорғаншылығында (қамқорлығында) емес балалар
алынады.
Патронаттық тәрбиешiлерге қорғаншылыққа және қамқорлыққа берiлген әрбiр
балаға мекеменiң әкiмшілiгi немесе бiлiм бөлiмдерi мынадай құжаттарды:
1. тууы туралы куәлiгiн;
2. денсаулық жағдайы туралы дәрiгерлiк анықтама мен баланың даму
тарихының көшiрмесiн;
3. бiлiмi туралы құжатты;
4. ата-анасы туралы құжаттарды (қайтыс болуы туралы куәлiк, сот үкiмi
немесе шешiмi, ата-анасының науқасы немесе iздестiрiлуi туралы анықтама
және баланың ата-анасының қамқорлығынан айрылғандығын растайтын басқа да
құжаттар);
5. зейнетақы алатын балаларға зейнетақылық кiтапшаны, соттың алимент
өндiрiп алу жөнiндегi шешiмiнiң көшiрмесiн;
6. аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және олардың тұратын жерлерi туралы
анықтаманы ұсынады. [ІІ: 2; 87-88бб.]
Патронаттық тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) алиментке,
зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын,
сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану
құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй заңдарына
сәйкес оған тұрғын үй-жай берiлуге құқығы болады. Патронаттық тәрбиешiлерге
берiлген бала (балалар) "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес өзге де құқықтарға ие болады.
Егер бұл баланың мүдделеріне қайшы келмесе, қамқоршы немесе қорғаншы
оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін. Басқаларға қарағанда жақын
туысқандарының қамқоршы немесе қорғаншы болуға басым құқығы бар.
Қамқоршылықты әдетте әжелер, аталар, кәмелетке толған ағалар мен әпкелер,
кейде балалардың ағалары мен тәтелері қабылдайды. Бірақ қамқоршылыққа
сырттағы адам да алуы мүмкін.
Қамқоршылар және қорғаншылар болып, төмендегілерді қоспағанда кәмелетке
толған адамдар ғана бола алады:
- сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе әрекеті шектелген
адамдар;
- ата-ана құқығы сотпен шектелген немесе ата-ана құқығынан сотпен
айырылған адамдар;
- оған Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген міндеттерді тиісті
емес орындағаны үшін немесе қамқоршының міндеттерінен шеттетілгендер;
- егер асырап алу сотпен жойылса, бұрынғы асырап алушылар;
- денсаулық жағдайы бойынша қамқоршы немесе қорғаншының міндеттерін
жүзеге асыра алмайтын адамдар.
Балаға қамқоршы немесе қорғаншыны тағайындауда қамқоршы немесе
қорғаншының адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қамқоршы немесе
қорғаншы міндеттерін орындау қабілеттілігі, ықтимал қамқоршы немесе
қорғаншы және бала арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ егер бұл мүмкін
болса баланың өзінің тілегі ескеріледі. Қамқорлықтағы кәмелетке
толмағандардың қамқоршылары және қорғаншылары олармен бірге тұруға
міндетті. 16 жасқа толған қамқорлықтағылармен жеке тұруға қамқорлық немесе
қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыратын органның рұқсатымен рұқсат
етіледі. Қамқоршы немесе қорғаншы болып тағайындалудың басым құқығына ерлі-
зайыптының бірі, ата-анасы, туысқандары немесе қамқорлыққа алынушыға жақын
басқа да адамдар ие. [ІІ: 3; 45-46бб.]
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
асыралуға, тәрбиеленуге, олардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына
ерекше мұқтаж. Дәл осы себептен қайырымдылық, қамқоршылық және қорғаншылық
белгіленеді. Қамқоршылық пен қорғаншылық мүліктік және мүліктік емес
құқықтар мен мүдделерді көбірек білдірсе, онда патронаттық тәрбие үлкен
қызығушылық танытуды білдіреді.
Қамқорлық және қорғаншылық есебінде тұрған және ауруханада, балалар
үйінде, баспанада болатын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз
қалғандар үшін қамқоршы немесе қорғаншы болуға болады. Әдетте немесе
қорғаншы болып ата-анасынан айрылған және тастанды баланың қамқоршысы
туыстары болады: әжелері, аталары, тәтелері және т.б.. Бірақ бұл
қамқорлыққа қандас емес баланы ала алмайды деген сөз емес. Азаматтық
Кодекстің 125-бабына сәйкес, өз міндеттерін ақысыз орындаса да,
қамқорлығындағыларды өз қаржысы есебінен асырауға міндетті емес.
Қамқорлықтағы адамды асырау қамқорлықтағы алатын еңбекақы, алименттер,
зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің есебінен, сондай-ақ оған
тиісті мүлік есебінен жүзеге асырылады. Қамқорлықтағыны асырап алуға
жеткілікті қаржы болмағанда қамқоршылық және қорғаншылық органдары оны
асырап алуға жәрдемақы тағайындайды. Жәрдемақыны онлайн төлеуге өтініш беру
және жәрдемақыны тағайындау туралы толық ақпаратты осы жерден білуге
болады. [І: 2; 60-61бб.]
Қамқоршылар немесе қорғаншылар өз қамқорлығындағыларға қамқор болуға
міндеттілігіне байланысты, егер оның асырау бойынша міндеттері болса немесе
оны орындамаса, өз қамқорлығындағылардың ата-анасына (ата-анасының біріне)
алименттерді төлеу туралы талаптарды қою құқығы ғана емес, міндеті де бар.
Қамқоршылар және қорғаншылар, патронаттық тәрбиешілер
қамқорлығындағының мүлкіне, оларға төленетін алименттерге, зейнетақыға,
жәрдемақыға және қамқорлықтағыларды асырауға төленетін өзге де әлеуметтік
төлемдерге үміткер бола алмайды. Оларды балаларды тәрбиелеуге және асырауға
ғана жұмсауға болады. Мысалы, баланы дамытуда пайдасы болатын компьютер,
музыкалық құрал немесе басқа да нәрселерді сатып ала алады.
Асырап алудан қамқорлық пен қорғаншылықтың басты айырмашылығы оларды
белгілеу қажеттілігінің туындауы, әрекет қабілеттілігін және жасын шектеу
болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл өзінің жасы мен денсаулығына
байланысты өздігінен өмір сүре алмайтын, өзінің құқықтарын қорғай немесе
мүлікке басшылық жасай алмайтындарға көмек. [ІІ: 4; 51-52бб.]
Кім қамқоршы немесе қорғаншы бола алады? Егер бұл баланың мүдделеріне
қайшы келмесе, қамқоршы немесе қорғаншы оның келісімімен ғана тағайындалуы
мүмкін. Басқаларға қарағанда жақын туысқандарының қамқоршы немесе қорғаншы
болуға басым құқығы бар. Қамқоршылықты әдетте әжелер, аталар, кәмелетке
толған ағалар мен әпкелер, кейде – балалардың ағалары мен тәтелері
қабылдайды. Бірақ қамқоршылыққа сырттағы адам да алуы мүмкін. Қамқоршылар
және қорғаншылар болып, төмендегілерді қоспағанда кәмелетке толған адамдар
ғана бола алады: сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе әрекеті
шектелген адамдар, ата-ана құқығы сотпен шектелген немесе ата-ана құқығынан
сотпен айырылған адамдар, оған Қазақстан Респуликасының заңымен жүктелген
міндеттерді тиісті емес орындағаны үшін немесе қамқоршының міндеттерінен
шеттетілгендер, егер асырап алу сотпен жойылса, бұрынғы асырап алушылар,
денсаулық жағдайы бойынша қамқоршы немесе қорғаншының міндеттерін жүзеге
асыра алмайтын адамдар.
Балаға қамқоршы немесе қорғаншыны тағайындауда қамқоршы немесе
қорғаншының адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қамқоршы немесе
қорғаншы міндеттерін орындау қабілеттілігі, ықтимал қамқоршы немесе
қорғаншы және бала арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ егер бұл мүмкін
болса баланың өзінің тілегі ескеріледі. [ІІІ: 4; www.adilet.minjust.kz;
Қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеу негіздері;]

ІІ тарау. Қорғаншылық пен қамқоршылықтың құқықтық жағдайы
2.1 Қорғаншылық пен қамқоршылықты болдырмау тәртібі

Қорғаншылық пен қамқоршылық кең мағынада кәмелетке толмаған және әрекет
қабілеттігі жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттігін толықтыру, құқылары мен
заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Ал нақты мағынада ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балалардың әрекетке қабілеттігін
толықтыру, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және тәрбиелеу әдісі болып
қарастырылады. Қорғаншылық пен қамқоршылықтың тағайындалу негіздері:
- кәмелетке толмаған баланың ата-анасының қайтыс болуы;
- Ата-анасының ата-ана құқықтарынан айырылуы;
- Ата-анасының ата-ана құқықтарының шектелуі;
- Ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы;
- Ата-анасының сырқаттылығы;
- Ата-анасының ұзақ уақыт болмауы;
- Ата-анасының балаларын тәрбиелеуден неме олардың құқықтары мен
мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу
және басқа да осыған ұқсас мекелерден өз балаларын алудан бас тартуы.
Сондай-ақ ата-аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайларда. Қорғаншы
және қамқоршы органдар ата-аналарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халыққа қызмет көрсету орталығының деректер қорын жобалау
Ресейдің туристік формальділігі
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру
Бала әкесінің арызы негізінде әке болуды анықтауды тіркеу
Тууды тіркеу тәртібі мен мерзімдері
Бала асырап алудың нормалары
Қазақстан Республикасындағы туған баланы өлтіру мәселесі
Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері
Баланы асырап алу
Бала асырап алу заңдары
Пәндер