Ядролық сынақтар хронологиясы


МАЗМҰНЫ
- Қазақстандықтар үшін ядролық сынақтардың зардаптары…. …
- Ядролық сынақтар хронологиясы………. .
- Невада - Семей.
- Семей полигонынан кейінгі өмір………. . . .
Кіріспе
Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн. га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған, т. б. полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдермен салыстырсақ, Ресейде - 225, АҚШ-та - 1032, Қазақстанда - 500-ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үңдістан және Пәкістаңда сыналғанын білгеніміз жөн. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр (Ресей) мен Лобнор (Қытай) Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.
Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында колданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихыңдағы бұл қасіреттің ізі бүгінге дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500-ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті болар.
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды.
I Негізгі бөлім
- Қазақстандықтар үшін ядролық сынақтардың зардаптары
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына « Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында : «Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Бұл - еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр» деп атап өтті [1] .
2009 жылы 19 маусымда Қазақстан Республикасы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдығын және Семей ядролық полигонындағы сынақтар тоқтатылуының 20 жылдығын атап өтті. Халықпен бірге осы күнді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өтті. Полковничий аралында Семей полигонындағы «Өлімнен күшті» атты ядролық сынақ құрбандарына арналған мемориал бар, сол жерде полигонның жабылуының 18 жылдығына арналған және Қазақстан аумағындағы ядролық соғыстың аяқталуына арналған халықаралық митинг өтті.
«20 жыл бұрын осында, Семей жерінде әлемдегі аса ірі полигондардың бірінде соңғы ядролық жарылыс болып өтті. Ядролық сынақтарды тоқтатуға «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы белсенді жәрдемдесті. Шынайы бүкілхалықтық күш-жігердің нәтижесінде 1989 жылы Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11-ін тоқтата алдық. Біздің жерімізде барлығы 456 ядролық сынақ өткізілсе, олардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2, 5 мың есе артық еді. Біздің халқымызға келтірілген орны толмас залалды әлі күнге дейін сезінудеміз. Барлық қиындықтарға қарамастан, мемлекет ешқашан өз азаматтарын олардың проблемаларымен бетпе-бет қалдырған емес. Осы мақсаттарға 34 миллиард теңгеге жуық қаржы көзделген. Бұл қаржы Шығыс Қазақстан облысында онкологиялық аурулар бойынша медициналық кластерді құруға жұмсалады.
Семей полигонының төңірегіндегі экологиялық апатқа ұшыраған аймақ қана 300 мыңнан астам шаршы шақырымды алып жатыр. Қазақстанның Германия аумағына барабар аумағының оннан бірі бөлігі уланған, құла дүзге айналып, жүздеген ядролық жарылыстар оған жазылмастай жарақат салды.
Жуырда Солтүстік Кореяның ядролық сынақ өткізуі, Иран ядролық бағдарламасы төңірегіндегі қарама-қайшылықтар, екі ядролық державаның - Үндістан мен Пәкістанның көп жылдардан бергі қарсы тұрушылығы - осының бәрі бүгінде әлемдік тепе-теңдіктің қандайлық шетін болып отырғанын тағы да көрсетіп берді. Өз әріптестерімен бірлесіп, Қазақстан алдағы кезде де ядролық қарусыз дүние жолындағы жаһандық қозғалыс қаруға бар күш қуатын жұмсайтын болады.
29 тамызды, осыдан 18 жыл бұрын ядролық полигон жабылған күнді Жаппай қырып-жою қаруынан бас тартудың Бүкіләлемдік күні деп жариялау бастамасы назар аударуға тұрарлық. Біз бұл ұсынысты Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауына ендіруге әзірміз» - деп атап көрсетті Н. Ә. Назарбаев [1] .
Семей ядролық сынақ полигонын құру туралы шешім 1947 жылы 21 тамызда қабылданған. Ядролық сынақ 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында өтті.
ҚР Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар үш облыс аумағында орналасқан, сынақ алаңы 18500 км., периметрі шамамен 600 км алып жатыр.
Бұрынғы Семей облысы бойынша полигон алаңы 10 000 км жерді алып жатыр.
1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонындағы ресми деректерге сәйкес 456 ядролық сынақ, соның ішінде 8-і - ауада, 30-ы - жердің үстінде және 340-ы - жер астында болды. Қоршаған ортаға атмосферада сыналған және 1949-1962 жылдар аралығында жүргізілген ядролық сынақтар орасан шығын әкелді.
Семей полигонынан басқа, Батыс Қазақстан және Атырау облысы шекарасында Нарын өңірінде 3 сынақ полигоны болды: Азғыр атом полигоны, Мемлекеттік Жазғы-сынақ орталығы және Мемлекеттік орталық полигоны (соңғы екеуі Ресей кешеніндегі Капустин Ярға тиесілі, қазіргі уақытта да қолданыста) . Осы полигондар аумағында 29 ядролық жарылыс жүргізілді (18 жер асты, 11 атмосфералық) . Зерттеулер мақсатында тағы да 10 ядролық жарылыс жүргізілді: 6 - Қарашығанақта, 3 - Маңғыстау облысында және 1- Ақтөбе облысында.
1966-1979 жж. аралығында Азғыр атом полигонында 10 алаңда 17 ядролық жарылыс жүргізілді. Жарылыстар нәтижесінде жалпы көлемі 1, 2 млн. м болатын 9 жер асты жолағы және диаметрі 600 метр бір жасанды көл пайда болды. Бірінші жарылыс 300 тұрғыны бар Азғыр кентінен 1, 5 км жерде 165 метр тереңдікте жүргізілді. Жарылыс ұңғымасынан 20 күн бойы қосынды радиоактивтілігі 190 мың Ku болатын газ шықты.
Келесі жарылыстар кезінде газ шығарындысы 11 айға дейін жалғасты.
Полигон 80-жылдардың өзінде де жабық болатын. Алайда Азғыр полигоны аймағындағы радиациялық ахуал тұрақты емес, ластануы жеткілікті биік.
Ядролық жарылыстардан кейін қалған жер асты қуыстары қатты ластанған биологиялық қауіпті радиоактивті заттарды сақтау үшін «зираттар» ретінде пайдаланылады. Олардың кейбіреуі су деңгей жиектерінен тұз ерітіндісімен толтырылды және осы уақытқа дейін өз радиоактивтілігін сақтайды. Бұл ретте ластанған топырақ көлемі 24000 м құрайды.
Капустин Яр ракеталық-ғарыштық полигон Ресейде Астрахан облысында орналасқан және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарына жазғы сынақ полигоны түрінде енеді, бұл 3 млн. га астам жерді алып жатыр. Атмосферада 11 ядролық жарылыс жүргізілді, 24000 зенитті-басқарылатын ракета іске қосылды және жарылды, 177 қару үлгісі сыналды. Әрқайсысының массасы 50 тонна болатын СС-20 типтес 619 ракета жер үсті жою барысында атмосфераға улылығы жоғары шамамен 30 мың тонна заттар шығарылған.
Радиациялық және улы ластануға мына аудан аумақтары ұшырады: Қызылқоға, Қаратөбе, Тайпақ. Орда және Жаңақала аудандарының тұрғындары және табиғат кешені бірнеше жылдар бойы Азғыр және Тайсойған полигондарының қиылысқан әсерлеріне ұшырады (жер үсті ядролық жарылыстар әсері және алыстығы орташа лақтырылатын ракеталардың гептил шлейфтері) . Сағыз өзенінде және Миялы кентіндегі құдық суларының ауыр металдармен ластануы ШРК асып кетеді: таллий бойынша - мың рет, кадмий - 20 есе, қорғасын - 10 есе, мыс - 10-15 есе артық, фтор - 1, 5-4 есе артық [3] .
Никель, қалайы, мырыш, кобальт, күміс, қорғасынның өсімдіктердегі құрамы сындарлы деңгейден асып кетеді.
Радиациялық ластану - иондаушы сәуле шығару әсерін тудыратын физикалық ластану түрлерінің бірі, оның көздері осындай сәуле шығару құрылғылары немесе радиоактивтілікті меңгерген кейбір химиялық заттар болуы мүмкін, яғни осы химиялық элементтердің атомдық ядроларының қабілеттілігі, иондаушы сәуле шығаруды шығара отырып, олардың изотоптарының өздігінен еркін ыдырауы мүмкін.
Қазіргі уақытта мамандардың ұйғарымы бойынша Қазақстан аумағындағы радиоактивті ластанудың жалпы деңгейі Чернобыль АЭС апаты нәтижесінде зардап шеккен аумақтарға қарағанда 1, 5 есе жоғары.
Жер үсті ядролық жарылыстары ауада жарылған жарылыстарға қарағанда үлкен әсерін тигізді.
Атмосфералық сынақтар нәтижесінде радиоактивті материалдың бір бөлігі сынақ алаңынан алыс емес жерге түседі, қандай да бір бөлігі атмосфераның, төменгі қабатында кідіріп қалады да желмен бірге ұшады, үлкен ара қашықтыққа орналасады. Ауада орташа алғанда бір ай шамасында бола отырып, радиоактивті заттар осы орын ауыстырулар кезінде жерге біртіндеп түседі. Алайда радиоактивті заттардың бір бөлігі атмосфераға шығарылады (10-15 км биіктікте жатқан атмосфераның қабаты), сол жерде көптеген айларға дейін қалып қояды, жер шарының барлық бетіне баяу түсіп, шашырап тарайды.
Радиоактивті шөгінділер бірнеше жүздеген әр түрлі радионуклидті қамтиды, алайда олардың көпшілігі жылдам ериді.
Қазіргі кезде Ұлттық ядролық орталық деректері бойынша Семей полигонында жер асты ядролық жарылыстар кезінде бөлу өнімдерін шоғырлаумен және оларды топырақ бетіне еріген қар суларымен және көшкін суларымен шығарумен байланысты аумақтың ластануының екінші реттік әсерлері байқалуда.
18. 12. 1992 жылғы азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңда полигонның қызмет ету нәтижесінде радиациялық әсерге 1, 2 млн. адам ұшырады. Олардың бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысында - 1, 1 млн., 0, 048 млн. - Қарағанды облысында және 0, 052 млн. - Павлодар облысында тұрады.
Семей өңірі полигонның әсерін сипаттайтын аурулар мен денсаулық жағдайының негізгі көрсеткіштері бойынша аймақтағы қолайсыз аудандардың бірі болып қалуда. 1989 жылдан бастап тұрғындардың денсаулық жағдайына кешенді зерттеу жүргізіліп келеді, Семей қаласында радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ ашылды және Курчатов қаласында емдеу-диагностикалық орталығы ашылды.
Полигон аумағында Ұлттық ядролық орталығы мекемелерімен радиоэкологиялық ахуалды нақтылау және оның тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілді. Бұл материалдар БҰҰ 53 Ассамблеясы резолюция және ССЯП өңіріндегі тұрғындарды сауықтыру жобасын даярлау кезінде пайдаланылды.
ССЯП ядролық сынақты сынау нәтижесінде Қазақстан халқының денсаулығына залал келтірген шығындарды бағалау жүйесі түпкілікті әлі шешілген жоқ. Сәулеленудің қосынды дозасына және сәулеленуге ұшыраған контингент санын негізге ала отырып, аурудың жекелеген нозологиялық түрлеріне және демографиялық ахуалға әсер етудің мүмкін көрсеткіштерін талдау арқылы халық денсаулығына жүргізілген ядролық сынақтардың келеңсіз әсерінің қатерін бағалауға мүмкіндік беретін әдістеме бар.
1992 жылдың мамырында 52605 орындалған есептелген эквивалентті дозалық жүктемелер және ҚР Экология және биоресурстар министрлігі ұйымдастырған комиссия қабылдаған негізде Семей өңірінің 711 елді мекенінде сәулеленудің тиімді дозасы 0, 10 бэр тең жылдық нормадан асып түсті. Максимум тиімді доза 448 бэрден асып түсті [2] .
Республикалық СЭС есептеулері бойынша ССЯП өңірінде атмосферадан сынақ мерзімі ішінде тұрғындардың алған ұжымдық дозасы шамамен 100 мың адамды құрайды, ал бұл 100 мыңдаған адам өмірін қиды.
Бұдан басқа, сәулеленудің шағын дозасы алшақ әсерлерді тудырады, жеке индивидумда тексеру мүмкін емес, бірақ ұжымдық доза бойынша олардың шығаруын жобалауға болады. Болжамдалған әсерлер ретінде бүгінгі күні қатерлі ісіктер және іштен туа біткен аурулар танылған. Шағын доза иммунитет жүйесіне қысым түсіреді, халықтың сәулеленуге ұшыраған тобының және оның ұрпақтарының иммунитетін азайтуға, барлық патогенді факторлардың әрекет етуіне, ауруға шалдығуына келеді. Бұл барлық нозологиялық пішіндер және демографиялық көрсеткіштердің нашарлауы бойынша ауру түрлерінің өсуіне әкеледі.
Шығыс Қазақстан облысының Абай, Абыралы, Бесқарағай және Жаңа семей аудандары тұрғындарында қан аздығы жағдайының жоғары жиілігі белгіленген. Қан аздылыққа көбінесе кішкене сәби балалар, соның ішінде жасы үшке дейінгі сәбилер барынша жиі ұшырайды.
Семей өңірінде жүйкенің тозуы және басқа психикалық ауру түрлерінің жиілігі тым жоғары.
Азғыр кентінің тұрғындары арасында орташа облыстықпен салыстырғанда ауру түрлері жоғары: туберкулез бойынша - 608 есе артық, эндокринді ауру - 19 есе, асқазан жарасы ауруы - 16 есе жоғары. Өмір сүру ұзақтығы өте қысқа, ауру санының жалпы өсімі өршу үстінде.
- Ядролық сынақтар хронологиясы
1949 жылдың 29 тамызы таңғы сағат 7. 00-де "Тәжірибелік алаң" сынақ алаңында "РДС-1" алғашқы кеңестік атом бомбасы сынақтан өткізілді.
Жарылыс қуаты - 22 килотонна. Атом бомбасы "арнайы реактивті қозғалтқыш" деп көрсетілді.
Кеңестік атом бомбасының "әкесі" саналатын Игорь Курчатов 1949-1955 жылдар аралығында Семей полигонында жүргізілген сынақтарға жетекшілік етті.
1951 жылдың 18 қазаны Ядролық авиабомбаны тастау арқылы алғашқы сынақ жүргізілді.
1953 жылдың 12 тамызы КСРО-дағы ең қуатты жерүсті ядролық жарылыс. Сутек бомбасы алғаш рет сыналды. Жарылыстың тротилдік эквиваленті - 400 килотонна.
1953 жылдың 23 тамызы алғаш рет қуаты 28 килотонна болатын тактикалық атом бомбасы сынақтан өтті.
1955 жылдың 22 қарашасы әуе жарылысы. Екі сатылы термоядролық бомба сыналды. Қуаты - 1 600 килотонна. Сынақты Андрей Сахаров пен Юлий Харитон жетекшілік еткен ғалымдар тобы өткізді.
1965 жылдың 15 қаңтары Шаған және Ащысу өзендерінің қосылған жерінде жасанды су қоймасын жасау мақсатында ұңғымада жүргізілген алғашқы өнеркәсіптік жарылыс.
1989 жылдың 19 қазаны Семей полигонындағы соңғы жарылыс.
1965 жылдың 15 қаңтарында Семей полигоны аумағында Шаған мен Ащысу өзендері тоғысқан жерде алғашқы өнеркәсіптік жарылыс жасалды. Кеңес Одағы АҚШ-тың ізін ала ядролық қаруды бейбіт мақсатта пайдалануды көздеген еді. Бұл көл қуаты 140 килотонна термоядролық жарылыс нәтижесінде пайда болған.
Атом көлінің диаметрі - 400 метр, тереңдігі - 100 метр. Топырақ шығару үшін жасалған алғашқы жарылыс Атом көлі маңындағы 5-6 шақырым жердің ластануына әкеп соқты.
- Невада - Семей
"Бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың денсаулығы, Жер бетіндегі тіршілік атаулысы үшін ядролық полигондарды жабуды талап етеміз!"- Олжас Сүлейменов, 1989 жыл
1989 жылдың 26 ақпанында қазақ ақыны әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов бастаған халықаралық ядролық қаруға қарсы "Невада-Семей" қозғалысы құрылды. Белсенділердің мақсаты дүниежүзі бойынша полигондарда сынақ өткізуді тоқтатып, планетаны ядролық қарудан тазарту болды.
"Невада-Семей" құрылардың алдында қазақстандық полигонда радиоактивті газдар ауаға таралған еді. 1989 жылы 12 ақпанда болған жарылыстан кейін Курчатов маңындағы Шаған ауылында газ атқылағаны байқалды. Пайда болған радиоактивті бұлт 30 мың адамтұратын аумақты шарпыды. Кейін бұрын-соңды да газдың дәл осылай таралғаны белгілі болды.
Семей партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев атынан Мәскеуге телеграмма жіберілді. Ол қазақ жерінде сынақ жүргізуді тоқтатуды талап етті.
1989 жылы 19 қазанда болған кезекті жарылыс туралы ТАСС агенттігі жазды. Қазақстандықтар әрі қарай үнсіз қала алмады. ҚазКСР жоғарғы кеңесінің депутаты болған Сүлейменов 1989 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласындағы Жазушылар Одағы ғимаратының маңында мыңдаған адамға үндеу жолдап, биліктен жантүршігерлік сынақтарды тоқтатуды талап етті.
Жарты жылдан соң 19 қазанда Семей полигонында соңғы жарылыс болып, бұл жерде мәңгілік тыныштық орнады.
«Мен Семей қаласына жақын маңда, Шүлбі кентінде тұрдым. Әр жарылыстан кейін шкафтар "жүріп", ыдыс-аяқ құлап, аспалы шамдар билей жөнелетін. Әйелім балаларды алып, көшеге жүгіріп шығатын. Үй "билеп жатады". Семейдің әр отбасында осындай жағдай қайталанды.
Күндердің бір күнінде бұл тоқтауы тиіс еді. Ананың бастан кешкен азабын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Менің жұбайымның көзіндегі қорқыныш пен үрейді көру керек еді» - Сұлтан Қартоев "Невада - Семей" қозғалысының вице-президенті.
Сұлтан Қартоев мүгедек болған полигон құрбандарын көрген кездерін есіне алды. Күн сайын әйелінің көзіндегі қорқынышты көріп келген ол Олжас Сүлейменовтің қозғалыстың бір мүшесі болу туралы шақыртуын бірден қабылдайды.
Белсенділер "Невада-Семей" қозғалысының құрылғанына екі апта толған шақта екі миллионға жуық адамның қолын жинады.
Қарсылық акциялары, ереуілдер, шерулер Қазақстанда ғана емес, Ресей, АҚШ және Жапония елдерінде өтті. 1989 жылы антиядролық қозғалыс жоспарланған 18 жарылыстың 11-іне жол бермеді. Қарағандының 130 мың шахтері полигон жабылмаған жағдайда ереуілге шығатынын айтты. Олардың шешімін Семей, Павлодар, Жезқазған және Өскемендегі жұмысшылар қолдады.
Қазақстандықтар асыға күткен Семей полигонына қатысты соңғы нүктені мемлекеттің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қойды.
1991 жылдың басында Қазақстанда жаппай қырып-жою қаруы көп болды:
Континентаралық баллистикалық зымырандарға арналған 1216 ядролық оқтұмсық пен ауыр бомбардирлер үшін ядролық зарядтар.
1991 жылы КСРО басшылығының келісімінсіз полигонды жабу мәселесі талқыланған парламент сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтты. 1991 жылы 29 тамызда Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды. Әлем тарихында тұңғыш рет мемлекет өз еркімен ядролық қарудан бас тартты[4] .
- Семей полигонынан кейінгі өмір
1992 жылы Лиссабонда Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь сыртқы істер министрлері мен АҚШ мемлекеттік хатшысы стратегиялық қаруды шектеу және қысқарту туралы кеңестік-америкалық келісімнің тараптардың жауапкершілігін нақтылайтын хаттамасына қол қойды. Бұрынғы Семей сынақ полигоны кешенінің базасында Ұлттық ядролық орталық құрылды.
1993 жылы Қазақстанның жоғарғы кеңесі ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылуды қолдап дауыс берді.
1994 жылы Қазақстан Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) мүшесі болды.
1995 жылдың мамыр айында Қазақстан аумағынан ядролық қарулар шығарылып, зымыран қондырғылары жойылды. Бұрынғы Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды.
1996 жылы Қазақстан ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісімнің қатысушысы болды.
2000 жылы Семей полигонындағы ядролық сынаққа арналған соңғы ұңғыма жойылды.
2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында Қазақстанның 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау жөніндегі резолюциясы қабылданды.
2012 жылы - "АТОМ" (The ATOM Project) жобасы іске қосылды, оның мақсаты - ядролық қару сынақтарын тоқтату үшін әлем халқын бірігуге үндеу.
Полигон аумағының радиоактивті ластануы негізінен атмосферада жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан болды. Бүгінде полигонда екі із анық көрініп тұр - 1951 жылы 24 қыркүйекте күші 37 килотоннаға жететін және 1953 жылы 12 тамызда 400 килотонна күшке ие жарылыс болды.
Олар жерүсті сынақтар жүргізілген "Сынақ алаңынан" басталып, Қайнар елді мекені (1951 жылғы сынақ) мен Саржал ауылына дейінгі (бірінші термоядролық сынақ) жерді қамтиды. Оның аумағы шамамен полигон территориясының 10%-ын құрайды. Тағы 10%-ы - шаруашылыққа берілмейтін сынақ алаңдары.
Ұлттық ядролық орталықтың мәліметіне сүйенсек, полигонның жалпы аумағының 56, 8%-ы кешенді экологиялық тексерістен өткен. Орталық ғалымдары полигонның 9 863, 2 км2 аумағы адамдар мен қоршаған орта үшін қауіпті емес деген қорытындыға келді. Бұл жерлердің көп бөлігін шаруашылықта пайдалануға болады.
Сынақтың салдарын жою мақсатында "Сынақ алаңы" және "Дегелең" жерлерінің мейлінше ластанған учаскелерінде топырақ құнарлығын қалпына келтіру жұмыстары басталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz