Бұйрық және оның түрлері


Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
«Қазақ тілі қазақ әдебиеті»
кафедрасы
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
«Бұйрық және оның түрлері»
Орындаған: Жұмағалиева А. Ө.
5 КДО топ студенті
Тексерген: Нурмұқашева М. С.
Орал 2012
Жоспар
Кіріспе
1. Бұйрық - басқару актісі.
2. Бұйрық жобасы
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ коммерциялық, коммерциялық емес құрылымдардың қызметінде қолданылады. Құқықтық болмысына қарай Бұйрық басқарудың нормативтік және индивидуалдық актілері болып бөлінеді. Нормативтік акт ретінде Бұйрық бірнеше мәрте қолдануға арналған әрі белгіленген ахуал шегінде барша адамның орындауы міндетті болып саналатын жалпылама сипаттағы мінез-құлық қағидаларын мазмұндайды.
Сот бұйрығы сот талқысын өткізбей-ақ, жауапкерді, арыз берушіні шақырмай-ақ, олардың түсініктерін тыңдамай-ақ беріледі. Егер белгіленген мерзім ішінде жауапкерден қарсылық түспесе, судья өндіріп алушыға соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді.
Өндіріп алушының өтініші бойынша сот бұйрығы сотпен тікелей орындалу үшін жіберілуі мүмкін. Сот бұйрығының көшірмесі сот өндірісінде қалады.
Бұйрықтық өндірісті қозғау. Өндіріс арыз беруші деп аталатын несие берушінің, яғни мүдделі тұлғаның бастамасымен қозғалады. Арыз берушінің талабы бағытталған субъект - борышкер деп аталады.
1. Бұйрық - басқару актісі.
Бұйрықтың өзі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның, идараның (к-ттің), сондай-ақ, Президентке, Бас прокурорға есеп беретін мемл. органның басшылары шығаратын нормативтік-құқықтық актіге (мыс., бұйрықпен бекітілетін Жүктерді тасымалдау ережесі, Паспорт жүйесі туралы ережені қолданудың тәртібі жөніндегі нұсқаухат, т. б. ) және мемл. орган басшысы, коммерциялық, коммерциялық емес ұйым жетекшісі, әскери бөлімше командирі шығаратын нормативтік актіге (мыс., Ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, Ұйымның құрылымдық бөлімшелері туралы ереже, т. б. ) жіктеледі. Ал, индивидуалдық акт ретіндегі Бұйрық құқық жосындарын қолдану әрекеті болып саналады әрі жекеше сипаттағы мәселенің шешімін табу үшін шығарылады (мыс., әлеум. жәрдемақы тағайындау, қызмет орнынан алып тастау, кезекті еңбек демалысын беру, т. б. туралы) . Оны атқарушы және билік жүргізуші органдардың, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдардың, т. б. басшылары шығара алады. Идарааралық сипаты немесе азаматтардың құқылары мен бостандықтарына, міндеттеріне қатысы бар Бұйрықтар Әділет мин-нде тіркеліп, ҚР “Нормативтік құқықтық актілер туралы” заңының 6-, 7- тарауларына сәйкес ресми түрде жарияланғаннан кейін ғана күшіне енеді; [1]
Шаруашылық істер жөніндегі сот коллегиясының не төреші соттың шешімдерін орындау үшін сот беретін атқарушы құжат. [2]
Көне түркі қағанаттары мен тайпалық одақтарындағы лауазым. Жазба деректер бойынша, ертеде ханның жекелеген әскери топтарының басшыларын, кейде құпия тапсырмаларды орындайтын ханның өкілдері мен сарай маңындағыларды осылай атаған. П. Мелиоранскийдің пікірінше, бұл сөз бұйрық қылған адам, басқарушы деген мағынада қолданылған. Қазіргі түркі тілдерінде өзінің ескі мағынасында “бұйрық беру” ұғымын білдіреді. Бұйрық сөзі “Күлтегін” жазуы мәтінінің екі жерінде кездеседі. Көне ұйғыр мемлекетінің уәзірі Мэйду “Ду-ду Бұйрұн” (Бұйрық тұтық) деп аталған. 12 - 13 ғ-ларда Найман мемлекетінде Бұйрық қызметінің елеулі өзгерістерге ұшырағаны белгілі. Рашид әд-Диннің “Олардың (наймандардың) патшаларының аты “Күшлік хан” немесе “Бұйрық хан” болды. “Күшлік хан” сөзінің мағынасы - “күшті” және “ұлы мемлекет қайраткері”, “Бұйрықтың” мағынасы - “бұйрық беруші”, соған қарамастан, олардың әрқайсысының өз әке-шешелері қойған басқаша аттары бар” деп жазуына қарағанда, сол кезде Бұйрық сөзі тікелей патшаға ғана байланысты лауазымға айналған
2. Бұйрық жобасы
Бұйрық жобасының дайындығына келесі сатылар жатады:
- сұрақтың мәніне қарау; осы сұрақ бойынша басылған заң шығарушы актілермен және басқа құжаттармен танысу, мекеменің ақпаратты-анықтамалық құжаттарын қайта қарау (анықтамалар, есептер, хаттар) ;
- құжаттың мәтінін дайындау;
- мәтіннің келісімдігі;
- бұйрыққа қол қою;
- орындаушылардың есіне.
Бұйрықтың мәтіні екі бұйрық беруші және анықтаушы бөліктен тұрады.
Анықтаушы бөлігінде деректер баяндалады, бұйрық шығару үшін қандай себебі мен мақсаты бар екендігі айқындалады. Егер, бұйрықтың негізіне мемлекеттік ұйымдар құжаты тиісті болса, онда құжаттың аты, авторы, уақыты, күні, нөмірі, бас әрпі, сөзі көрсетілуі тиіс. Анықтаушы бөлімнің жоқ болуы да мүмкін.
Бұйрық беруші бөлігі БҰЙЫРАМЫН сөзімен басталады, табулятордың нольдік жағдайында (сол жақтан) бас әріптермен жазылады.
Бұйырушы пунктер мынадай жүйеде (нобайда) жасалынады:
- орындаушы, атқарушы (қызметкердің аты, фамилиясы, аты-жөні немесе құрылымдық бөлім, мекеме) ;
- іс-әрекет;
- уақыт, берілетін мерзім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz