Көркем өнер, мүсіндеу


Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
«Қазақ тілі қазақ әдебиеті»
кафедрасы
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
«Көркем өнер, мүсіндеу»
Орындаған: Жұмағалиева А. Ө.
5 КДО топ студенті
Тексерген: Маденова Т. Ө.
Орал 2012
Жоспар
1. Көркем өнер, мүсіндеу
2. Мүсіндеудің жанрлары
3. Ересектер тобындағы мүсіндеу сабағы.
1. Көркем өнер, мүсіндеу
Мүсіндеме, мүсін, скульптура (лат. sculptura, seuplo - шекимін, қашаймын) - бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеме туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік, аумақтық) құралады. Мүсіндеме қатты немесе пластик. материалдардан жасалады, негізінен адамды (кейде жан-жануарды) бейнелейді. Мүсіндеме тарихы ертеден бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде жауынгерлерді, балалы ананы бейнелейтін тас мүсіндер кеңінен тараса, біздің заманымыздан бұрын 8 - 2 ғасырларда дамыған “Аң стилі” ежелгі Мүсіндеменің көрнекті мысалы бола алады. Көктегі күш пен жердегі билеушілердің құдіретін бейнелеу үшін жасалынған Мүсіндеме ежелгі дәуірдегі өркениеттердің (Грекия, Рим, Ассирия, Вавилон) ажырамас бөлігіне айналды. Көлемдері өте үлкен, тылсым күшті сипаттаған және ғұрыптық бағыттағы Мүсіндеме тек құдай мен билеушілердің, жеке тұлғалардың, аңыздық кейіпкерлердің (Мирон, Скопас, Геркулес, Циклоп, тағы басқа) бейнесін жасауға бағытталды. Орта ғасырлардағы Мүсіндеменің негізгі бағыттары шіркеулерді, ғибадатханаларды көркемдеуге (Құдай ана ғибадатханасы, Париж; Буддистік шіркеулер, Үндістан) арналды. Қайта өркендеу дәуірінде, Мүсіндеме адамзаттың ерлікке, еркіндікке деген ұмтылысын, тұлғалық қасиеттерін, табиғат сұлулығын бейнеледі. Донателло, Микеланджело, Гужон, Пилон, тағы басқа туындылары соңғы орта ғасырларда және жаңа дәуірде Еуропаның көптеген қала-қамалдарының іші-сыртын көркемдеу үшін кеңінен қолданылды. 18 - 19 ғасырларда Мүсіндеме адам бейнелері мен ескерткіш тұрғызу бағытында дамыды. Оның құрамында, классик., примитивизм, кубизм (П. Пикассо), конструктивизм (Н. Певзнер), сюрреализм, абстракционизм, тағы басқа бағыттағы Мүсіндеме бар. Қазақстан жеріндегі Мүсіндеменің пайда болу тарихы 3000 жылға созылады. Ол палеолит дәуірінде пайда болып, сақтар мен Түрік қағанаты тұсында кеңінен дамыды. Ата-баба рухына сену, жер, су, от иелеріне табыну (Көк Тәңірі, Жер-Су иесі, өмай ана, балбал тас, тағы басқа) және исламдық сенім (құлпытас, қойтас; кесенедегі бейнелер) Мүсіндеменің көптүрлілігіне әкеліп соқты. Кеңес дәуіріндегі Мүсіндеме өкілдерінің (Б. Төлеков, Е. Сергебаев, Х. Наурызбаев, Б. Төленов, Т. Досмағамбетов, тағы басқа) еңбектері халық батырлары, еңбек ерлері және соғыс ардагерлерін бейнелеуге арналса, соңғы кезеңдегі Мүсіндеме бағыты әлемдік құндылықтар мен жергілікті салт-дәстүр ерекшеліктерімен ұштаса отырып дамып келеді (Е. Рахмадиев, Н. Далбай, Ш. Төлешев) . Сонымен қатар Мүсіндеме әлемдік техника жетістіктерін, өткен мен бүгінгінің өзара үндестігін және дүниежүзіндегі Мүсіндеме саласындағы жетістіктерді бейнелеуге және халық мақтанышы: ақындар, батырлар, қоғам қайраткерлері мүсіндерін сомдауға бағытталған (Кенесары мүсіні, Астана, 2001; Мұқағали Мақатаев, Алматы, 2003; Әл-Фараби мүсіні; ҚазҰУ қалашығы, 2004, тағы басқа) .
2. Мүсіндеудің жанрлары
Мүсіндеменің тақырыптық басты жанрлары: портрет, тарихи және тұрмыстық мүсіндер, символик. және аллегор. тұлғалар, анималистік мүсіндер. Мүсіндеменің ерекшелігі көп жағдайда жасау техникасы мен пайдаланатын материалдарына (тас, металл, саз, балауыз, ағаш, гипс, тағы басқа) байланысты. Мүсіндеме мазмұнына қарай: монументтік-декоративті, қондырғылы немесе шағын пішінді болып екіге бөлінеді. Өңдеу тәсілдері: ою, құю, шеку, тағы басқа болып келеді. Мүсіндеме негізінен 2 түрге бөлінеді: жұмыр (мүсінді жан-жағынан түгел көрсету) және рельефті (тегіс заттың бетіне бедер түсіру) . Рельефті бедермен ойылып жасалған күрделі композициядағы мүсіндерді тек монументтік туындыларда ғана қолданады (мыс., Қазақстан Жазушылар одағы үйіндегі “Кітап бейнесі” атты монументтік мүсін) . Шағын пішінді Мүсіндеменің әрқайсысы бір-бірімен мазмұндық жағынан тығыз байланыста болғанымен олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады. Архитектуралық және табиғи ортамен байланысты монументтік Мүсіндеме (ескерткіштер, монументтер, мемориалды құрылыстар) идеялық мазмұнының мәні мен көлеміне қарай ерекшеленеді. Монументтік-декоративті Мүсіндеме архитектуралық құрылыс пен кешендерде (атланттар, кариатидалар, фриздер, фронтондық, бақ-саяжайлық мүсіндер) қала көшелері мен алаңдарда, тағы басқа мекеме ғимараттарының алды мен интерьерлерінде орналасқан. Архитектурамен тікелей байланысы жоқ қондырғылы Мүсіндеменің көлемі түпнұсқаға сай немесе одан кішілеу болып келеді. Олар негізінен тұрғын үйді көркемдеуге, мұражайлар мен көрмелерге қоюға арналады. Мұндайда ол Мүсіндеменің пластик. мүмкіндігін, көлемін, жанрының ерекшелігін ескеріп, көбінесе декоративтік-сән және қолөнері түрінде қолданады
3. Ересектер тобындағы мүсіндеу сабағы.
Тақырыбы: «Ертегі балығын мүсіндеу»
Сабақтың мақсаты: Балаларға балық туралы жан-жақты түсінік беру, тіршілік ортасымен таныстыру, ермексазды алақан арасына салып домалақтау, жаншу, жалпақтау, есу тәсілдерін меңгертіп үйретуді жалғастыру. Мүсіндеуде саусақ қимыл-қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру, бірнеше бөліктен тұратын заттарды бір-біріне біріктіруді, пішінді бұзбай, ұқыпты орындауға үйрету мақсаты көзделеді.
Көрнекіліктер: аквариумдағы балықтар, бос аквариум, балықтардың суреттері, ермексаз, тақтайша, сүрткіш, үлгі мүсін, кескіш, үнтаспа.
Әдіс- тәсілдер: әңгіме, түсіндіру, сұрақ-жауап, өлеңдер.
Сөздік жұмыс: балық, алтын, балдыр, ұлу, аквариум.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: балалар, біздің бүгінгі мүсіндеу сабағымыз ерекше болмақ. Өйткені біз жәй балық емес, ертегідегі біздің тілегімізді орындай алатын балықты мүсіндейміз. Ол үшін біз балықтар туралы жан-жақты мәлімет алайық. Балықтар қайда тіршілік етеді?
Балалар: балықтар суда тіршілік етеді, сусыз өмір сүре алмайды.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, балалар, енді балық туралы тақпақтарды есімізге түсірейік.
Табиғаттың бұйрығы,
Ол балықтың жүйрігі.
Құйрығы оның сияқты,
Қарлығаштың құйрығы.
Айқайлама, ұрыспа,
Тіпті ақырын тыныста.
Сазан нағыз сақ балық,
Жоламайды дыбысқа.
Қармақ салсаң сазанға,
Бар өзенге азанда.
Оңайлықпен сазанның
Түскісі жоқ қазанға.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz