Қазақстан біздің ортақ мекеніміз



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ

ЭССЕ
Тақырыбы: Қазақстан біздің ортақ мекеніміз

Орындаған: 301103а топ студенті Айткулова Жанслу
Сагидуллиевна
Тексерген: Ергалиева Г.А

Орал 2014

Қазақстан біздің ортақ мекеніміз
Қазақстан - ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
Еліміз Егемендік алған жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған, кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды.
25-қазан- Республика күні, яғни Республикамыздың, егеменді еліміздің Тәуелсіздік туралы Декларация қабылдаған күні. Осы мерекеге, тарихи оқиғаға орай, Қазақстанның Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы он бес жыл бойы Қазақстанды таны сериясы бойынша Атамекен, Берік болсын тәуелсіздік тұғыры, шайқалмасын елдігімнің тұнығы, Қазақстанды таны (1,2), Екі дүние есігі, Ұлы жібек жолы және т.б. еліміздің Егемендігіне, Отан тарихына арналған әдістемелік құралдарды шарыққа шығаруда. Бұл әдістемелер республикадағы кітапханашылар қауымына, балалар оқуының жетекшілері арасында да үлкен сұранысқа ие. Қазақстан Республикасының 15 жылдығына орай кітапхана ұсынып отырған Туған елім, тірегім атты әдістемелік құрал осы тамаша серияның заңды жалғасы іспеттес. Еліміздің егемендік жылдары қол жеткен табыстары, тарихтағы өзгерістер, Отанымыздың тар жол тайғақ кешу жылдарының жаңа қырларын танытатын құралымызда Қазақстан туралы тың тақырыптар мен жаңа әдебиеттер бойынша сұрыпталған жұмыс түрлері берілген.Отан... Атамекен... Атажұрт...Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан - асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз - ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс - жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың - шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар - Қазақстан Республикасы еді.Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір - бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай- талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан Ұлы Жібек жолының керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының түкпірінде орналасқан. Қазақстан батыста, солтүстік - батыста және солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте, оңтүстік-батыста Орта Азия республикалары Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, оңтүстік-шығыста және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы - 13034км. Қазақстан аумағының көлемі - 2 млн. 714,9 мың шаршы км. Оған Батыс Еуропаның Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері түгел сыйып кетер еді. Міне, қазақ даласы - кең байтақ! Қазақстан жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Этнос” туралы ұғым
Қазақстан ортақ мекеніміз
«Қазақстан – 2050» стратегиясы
ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Ауылдың тарихы, ауылдың өркендеуіне үлес қосқан азаматтар
ТӨЛЕ БИДІҢ ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ
Жердің жаралу гипотезалары
Тәрбие технологиясын-тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі
Данышпан Абайдың шығармашылық мұрасы
Мәңгілік ел және Рухани жаңғыру бағдарламалары - жаңа Қазақстанның философиясы. Еуразияшылдық
Пәндер