Орта Азия халықтарының философиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Орта Азия халықтарының философиясы»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.

1. Орта Азия халыктарының философиясы

Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Европа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тарауына байланысты, «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушылар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық филососияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздың 2 ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жинақтап, кейін апологетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері : Юстин Мученик, Тициан, Тертуллаин Квинт Септимий Флоренс, т. б. Олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпы адамзаталдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды және ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнын басатын христиандық діни-философиялық жасауға бар күштерін салды.

Патристика ( pater - әке ) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады(3-6 ғ. ғ. ) Негізгі өкілдері:Климент Александрийский, Амровсий, Августин Блаженный, т. б. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі-христиан дінінң артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудіңжанды билеуге құқықтығы. Ол-аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып тағы басқа оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған.

Ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі Еуропа тарихында Рим империясының күйреуініен бастап Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600-700жылдайуақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Еуропа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия, т. б. ) феолдалдық қарым-қатынсатар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осы жағдайда философия өзінің барлық ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналғанды.

Ортағасырлық философтар екі топқа бөлінді: реалистер, номиналистер:

а) жалпы ұғымдар (универсалийлер) жеке заттардан тәуелсіз, олардан бұрын пайда болған, бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдай деді. ( Фома Аквинский 1225-1112 ж. ж. ) ;

б) жалпы ұғымдар өздігінше дербес өмір сүре алмайды. Тек нақты, жеке заттар ғана шын өмір сүреді, содықтан олар алғашқы ( Росцелин 1050-1112 ж. ж. )

Орта ғасырлық Шығыста 8-9 ғасырларда Батыс Еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен

дәрежеде қалып қойған кезде араб тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды. Ол ислам дінің пайда болуымен де байланысты болды.

Феодализм дәуірінде ортағасырлық өркениеттің бір ошағы болған Орта Азияда әл-Хорезми ( 9 ғ. ), әл-Фараби ( 870-950 ж. Шамасы), әл-Бируни ( 973-1037 ж. шамасы ), Ибн Сина ( Авиценна, 980-1037 ж. шамасы), Омар Хайям ( 1040-1123) сияқты өз заманының ғұлама ғалымдары, ірі философ, ойшылдары өмір сүрді.

9-10 ғ. Орта Азия халықтары араб халифатының үстемдігінен құтылып, жергілікті феодалдық мемлекеттер пайда болған. Осы кезде мұнда жаратылыстану ғылымдары айтарлықтай күшті дамыды.

Хорезмдік математик, астроном әрі географ әл-Хорезми үнді, грек және араб жерлерінде математикины дамыта отырып, ғылымның жаңа саласы-алгебраны бірінші болып жасады. Оның «Астрономиялық таблицалар», «Күн сағаты жайлы трактаттар», «Жердің келбеті», т. б. шығармалары латын тіліне аударылып, Шығыс пен Батыс математикасы мен астрономиясының қалыптасып, дамуында үлкен рөл атқарды.

Қазақ жерінен, оның ішінде Отырар қаласынан шыққан атақты математик әрі философ Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат-Түрки-Аристотельден кейінгі « Екінші ұстаз » атанған данышпан ойшылдың толық есімі осындай. Ол Сырдарияның Арысқа құятын тұсындағы көне Отырар қаласында ( арабша Фараб ) әскербасы әмір қызметшісінің отбасында дүниеге келген. Ортрғасырлық көптенген ойшылдар сияқты ол да дүниенің бастапқы жаратушысы құдай деп білді. Әл-Фарабидің пікірінше, материалдық дүние алты табиғи денеден немесе элементтерден ( қарапайым элементтерден, минералдардан, өсімдіктерден, жануарлардан, адамдардан және әлемдік денелерден ) тұрады. Әл-Фараби өз заманында мәлім бол. ан ғылым салаларынан әрі қарай дамытып, 160 шамасында трактат жазған. Негізгі шығармалары: «Математикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», «Логикалық трактаттар», «Этикалық трактаттары» және т. б.

Жалпы алғанда, әл-Фараби -Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы, ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алды. Оның рухани мұрасы өзінің ұлы ізбасарлары Ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т. б. Суалмайтын қайнар блоды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Философиялық көзқарастары
Шығыс жекпе жектерінде аяқпен тебу түрлерінің жарыс кезінде қолдану ерекшеліктері
Араб – мұсылман білімі және қазақ қоғамы
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН. ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны Ж.Баласағұн туралы зерттеулер
ТҮРІК ДӘУІРІНДЕГІ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТТІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы
Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы болмыс мәселесі
Ортағасырлық Ислам философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz