Мемлекеттің түсінігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Мемлекеттің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2 МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 Мемлекеттің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Мемлекет аумағы, халқы, жария билік ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Мемлекет егемендігі және саясатты жүргізудегі материалдық құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.4 Құқықтық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста мемлекет ұғымы, оның пайда болу негізгі теориялары және мемлекет белгілері қарастырылатын болады.
Жұмыстың өзектілігі. Адамзат қоғамының қалыптасуының ,ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық.Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның, әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үдірстерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізу, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық бүкіл заңдар жүйесі түбегейлі жаңаруға ұшырады. Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, түр-пішіні, қызметтері өзгерді. Президенттік басқару енгізіліп, мемлекеттің әлеуметтік, демократиялық, құқықтық, зайырлы, экологиялық сипаттары күшейді. Адам мен азаматтың құқықтың, заңның қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролін нығайтуға нақты жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық, ұлтаралық, діни келсім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде.Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекетке қатысты анықтамалар өте көп, мемлекетке әр қырынан талдау жасап, өзіндік тұжырым жасай отырып беріоген анықтамаларды саяси және құқықтық ілімдер тарихы бойынша оқулықтардан көптеп кездестіреміз. Мысалы:
В.И.Лениннің анықтамасы бойынша, мемлекет дегеніміз, біп таптың екінші тапты қанау машинасы, ол үстем таптың өзге таптарға қатысты үстемдігін қамтамасыз ету үшін құрылады.
Фридрих Ницше бойынша, мемлекет толыққанды құбыжықтардың ішіндегі ең суық қандысы. Мемлекет барлық тілде жақсылық пен жамандық жайлы өтірік айтады, оның айтатыны тек өтірік, оның қолындағының барлығы ұрлықпен келген. [8, 16 б. ]
Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет - қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.
Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін корғайтын мемлекет ұйымдастырды. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысанды. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады. Мысалы, кұл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінін диктатурасы болса, оның нысаны -- шексіз монархия.
Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі орынды деп атауға болады.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты - мемлекеттің анықтамасына жан-жақты тоқталып оның белгілерін ашып көрсету.
Жұмыстың негізгі міндеті.
-мемлекеттің түсінігін анықтау;
-мемлекеттің түсінігін саралау кезіндегі әдістамалық негіздерді зерттеу;
-мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның функцияларына тоқталу;
-мемлекеттің әлеуметтік мақсатын қарастыру;
-мемлекет белгілерін анықтау;
-басқару нысанына тоқталу;
Курстық жұмыстың құрылымы. кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ

0.1 Мемлекеттің түсінігі

Мемлекет -- белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Мемлекет - бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси - аумақтық, егеменді ұйымы. [6, 54 б. ]
Мемлекет оны рулық қауымның әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік беретін мынадай негізгі белгілермен сипатталады:
1. Бұқаралық биліктің болуы.
2.Тұрғындарды аумақтық (территориялық) бөлу.
3.Салық жүйесі.
4. Егемендік.
5. Құқық.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі болып табылады. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен бағынушылықтың саяси - бұқаралық қатынасы. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді:
1. Бұқаралық (көпшілік ) билік.
2. Аппараттық билік.
3. Легитимдік (заңды деп танылған) билік.
Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні - бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін анықтайтын негізгілердің біреуі.
Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер:
- таптық;
- жалпы әлеуметтік.
Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде туындаған мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.
мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс
, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады. [1, 68 б. ]
Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Унитарлық (лат. unitas -- біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.
Федерация (лат. foederatio -- одақ, бірлестік) -- белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:
1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;
2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін
алым-салық белгілейді және жинайды;
6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.
7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.
Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі.
Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон " Мемлекет дегеніміз адамдардың азаматтық борышын өтеу үшін бірігуі" деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель " Мемлекет дегеніміз адамдардың пайдалы игілік үшін бірігуі" деп түсіндірді. [2, 71 б. ]

0.2 Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориясы

Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі үкімет деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда халық, ел, қоғам сөздеріне сәйкес.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:
Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.
Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.
Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.
Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.
Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.
Қорыта келе, мемлекет деп - белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.
Мемлекеттің мынадай белгілері болады:
1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т.с.с. пайда болды.
2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т.б. құралдар қажет болады.
3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол - ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.
4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.
5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.
6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды.
Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді.
Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен - тологиялық теория ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі өкілі Августин (554-450) және Фома Аквинский (1225-1274жж) болып табылады. Оның негізгі мынандай постулаттық бар, мемлекеттің айнымайтындығы және қасиеттілігі, барлық билік құдайшылық бастаушылардан шықты, оны ешкім де шайқала алмады. Осы теорияға сәйкес барлық мемлекеттер басшылары өздерінің биліктерін құдайдың ерік-жігерін орындаушылар ретінде жүзеге асырады. Патриархалық теориялар мемлекет отбасының өсіп - өркендеуінің пайда болады да түсіндіріледі. Оның өкілдерінде ежелгі грек философы Аристотель б.д.д. 384-322 жж сонымен бірге орыс социологы Михайловский (1842-1904жж) жатады. Мемлекеттілік құрылысының орнына келеді. Алғашқы қауымдық теңдік пен шешеннің қоғамдық формасы өз-өңірін ескереді де қашан әлеуметтік қабаттарда бөліне бастайды. Ұжымдық өндірістік қатынастар қалыптан тыс шығады. Оның еңбек бөлінісі келеді, тайпалық құрлым қиындай түседі. Модан келіп әлеуметтік құрылымдарды бөлу дами бастады. Мемлекетт қоғамының ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ішкі эволюцияда мемлекет қоғамды басқару үшін қажет ұйым ретінде, билік ету механизмі ретінде жұмыс жүргізді. Мемлекеттік биліктің өзіндік белгілері жалпыға бірдейлік және (барлық) әмбебаттық болып табылады. Жалпыға бірдейлік бар аумақтық және бар тұрғындарға таратылудан , ал әмбебаптық ортқ мүдделерді қорының кез келген мәселелерді шешу мүмкіндігінен көрінеді. Бұқаралық билік мемлекеттік орындарды жүзеге асады және мемлекеттік билік ретінде іс-әрекет жүргізіді. Оны мен аппаратын құрайтын адамдардың ерекше санына жүргізе арттырады.
Құқық мемлекет сияқты қоғам дамуының белгілі бір кезеңдегі өнімі болып табылады. Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың пайда болуы бір әлеуметтік топ үшін нысардарға иелік ету және пайдалану белгілі бір әлеуметтік топ үшін нысандарға иелік ету және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Жалпылардың көмегі арқылы аталған әлеуметтік әлеуметтік топтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүделері жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен нағыз байланысты. Мемлекет белгілі бір кезеңде осы маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді. Сонымен, бірге құқықтық жаңа нормаларын анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Құқық нормасы мемлекетпен рұхсат етілмей немесе белгіленеге жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыру барысындағы міндетті немесе мүмкін құран ретінде шартты түрде бекітемінжалпыға бірдей міндетті мінез-құлықтардың ережесі. [8, 12 б. ]
Құқық қаблеттілігі деген құқыққа және міндетке не болу қаблеттілігі, ал әскет қаблеттілігі деген олар жүзеге асыру қаблеттілігі. Құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгерілуі және нақтылануы заңдық жағдайлармен заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы. өзгерілуі және тоқтатылуын байланыстырады.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.
Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында кайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, еділеттілікті, тендікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория -- XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч.Тард, Л.И. Петражицкий. Коғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі -- бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Коғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму
заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы -- XIX ғ. қалыптаскдн пікір. Өкілдері: Л. Гум-плович, К. Каутский, Е.. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады -- деп түсіндіреді.
Материалистік теория -- мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен қққықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды. [4, 38 б. ]
Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен жетістіктері бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда болуын, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін -- тарихи материалистік теория. Бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды-қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол дұрыс.
Кемшілігі -- мемлекет пен құқықгы тек экономикалық базис пен шектеуі, жалпы теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктер.
Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп, тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм, интерпационализм, гуманизм.
Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы -- халық болып табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі -- мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.
Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты аспектілері қүқықта бейнеленіп көрсетіледі.
Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің материалдық жағдайы өзгергек сайын құқықта өзгеріп отырады. Қазіргі уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты зандардың да тиісінше өзгеріске үшырап, толық-тырылып отыруы занды құбылыс. Қоғамдық катынастардың бұдан кейінгі дамуында да құқықтың ролі арта түсуі керек.
Конституциялық құқық дегеніміз -- Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық құрылысының негіздерін құрайтын қоғамдық катынастарды, мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасын, принциптерін, сайлау жүйесінің негіздерін халықтың колындағы мемлекетгік билікті іске асыру тетіктерін реттейтін және белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Конституция деген сөздің латыннан аудармасы "жарғы", "заң" деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған. Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып, осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтык нормативтік келсімдерден мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
- қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;
- құқықтың негізгі бастауы болып табылады;
- ең жоғарғы заңдылық күші бар;
- оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
- тұрақтылығы.
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кірген одақтас республикалар егемен, тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді.
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады.
Азаматтық заңдармен реттелетін катынастардың субъектілеріне: жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтың, бөліністер жатады. [6, 58 б. ]
Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс.
Заңды тұлға жарғысында: ұйымның түрі, атауы, тұрған жері; басшының өкілеттілігі, басқару және бақылау органдары, құрылу тәртібі мен олардың құзыреті, жұмыс режимі; ұйым мүлкінің құралу және табысты бөлу тәртібі; ұйымды қайта құру және оның қызметін тоқтату ережелері көрсетіледі. Жарғыда заңға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.Тағы да бір маңызды мәселе, кіші кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын заңды тұлға өз қызметін, ҚР Үкіметінің 1998 жылдың қыркүйегінің 28 жұлдызында № 928 қаулысымен бекітілген Жарғы үлгісінің негізінде жүргізе алады.
Заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 17 сәуіріндегі заң күші бар "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Жарлығымен реттеледі.
Мемлекеттік тіркеу құрылып жатқан заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын заңға сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып, тіркеу куәлігін берілуін, заңды тұлғалар туралы мәліметттерді бірыңғай Мемлекеттік рестрге енгізуді қамтиды. Мемлекеттік тіркеуге, құрылу мақсатына, өз қызметінің түрі мен сипатына, қатысушыларының құрамына қарамастан Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық заңды тұлғалар жатады. Олардың филиалдары мен өкілдіктері, заңды тұлға құқығы берілмей-ақ есептік тіркеуге алынады.
Мемлекеттік қауіпсіздікті, құқық тәртібін қамтамасыз етуді, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен сату істері мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады.
Лицензия дегеніміз шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілі бір іс-әрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретін рұқсат. Лицензиялар беру тәртібін, жоғарыда айтылған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Лицензиялау туралы" заң күші бар Жарлығымен реттеледі.
Міндеттемелік құқық. Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге және тағы осылар сияқты әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Міндеттемеде оның әр тарабы-несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады, яғни үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады.
Міндеттеме қабылдаудың мақсаты - борышкерді өз міндетін уақтылы және сапалы орындауға тарту. Міндеттеме көбінесе оның орындалуымен аяқталады, ал орындалмаған жағдайда қарызды қарызбен жабады, екі жақ келіседі, заңды тұлғаларды жояды.
Міндеттемелердің пайда болу негіздері. Міндеттемелер әртүрлі негізде туындайды. Бұл негіздер заңда көрсетілген, сондай-ақ заңда көрсетілмесе де, азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарды және міндеттерді тудыратын әрекеттерінен пайда болады.
Пайда болу негіздері: заңда көрсетілген негіздер; заңда көрсетілмесе де, бірақ оған кайшы келмейтін келісімдер; әкімшілік актілер; жаңалықтар ашу, өнер табыстар, ұтымды ұсыныстар жасау, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасау нәтижесінде; басқа адамға зиян келтіру салдары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болмаса да, адамның қаржысы есебінен мүлік иелену немесе жинау салдары; заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
Шарттың құқықтық институт ретінде қалыптасуы және шарттық құқық нормаларының дамуы сауда айналымының дамуымен етене байланысып жатыр. Шарт зат алмасудың негізгі құқықтық нысаны болып табылады, яғни тауар бір меншік иесінен екіншісіне ауысып отырады.
Қолтаңбалар мен мөрлері бар қағазды шарт деп түсіну, аңғалдық болар еді. Ол дұрыс емес.
Шарт дегеніміз тараптардың арасында туындайтын өзара міндеттемелер жүйесі екенін түсінбеушілік көпшілікті тығырыққа тіреп жүр. Шарт талаптары тең қарастырылмаған қандай шаралар қолданса да қиындық туып, орындалмаған күйде қалуы мүмкін. Ойластырылмаған, ретсіз міндеттемелер жиынтығы пайдалы істерден гөрі көп қиындықтарға душар етеді әрі әр тарап өзін қысым көруші ретінде қабылдап, екінші тарап айыпты деп санайтын дау-шарлардың көзі болады. Ал бұл жағдай шынтуайтына келгенде, шарт жасау кезінде оның талаптарын дайындауға шала-шарпы, үстірт қарағандықтан болған нәтиже деп қарау керек.
Барлық дамыған елдерде шарт міндеттемелік құқықтың негізгі институты болып табылады. Еуропа елдерінде - қатысушылармен белгілі құқықтар мен міндеттер белгіленетін келісім, ағылшын-американ заңы бойынша бір тарап басқа тұлғаға қатысты қабылдайтын уәде немесе кепілдік ретінде қарастырылады. Мұндай уәдеден құкықтық салдар туғызу үшін оны басқа тарап қабылдайтын болуы тиіс. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы бөлімі) 378 - бабында "екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнату, өзгерту және тоқтату туралы келісімі шарт болып танылады" деп айтылған. Сонымен, шарт-оның тараптарының арасындағы дербес еркінің актісі, бірнеше құжатпен бекітілген болса да, өзара келісімі болып табылады. Шарттың атқаратып қызметі, мақсаты - құқықтар мен міндеттерді орнату, өзгерту немесе тоқтату. [5, 78 б. ]

1 МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІ

0.1 Мемлекеттің даму тарихы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжрибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.
Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың -- қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы кұрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшы- лықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.
Мемлекеттің дамуы -- мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен құқық теория негізі
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Сайлау жүйесінің түсінігі және түрлері
Мемлекеттің құрылым нысаны
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Құқықтық мемлекет құрылуы және түсінігі
Пәндер