Нормативтік шарттар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1.ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 5
1.1. Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi, мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...7
2. НОРМАТИВТI ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТIЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңды күшiнiң уақыты,кеңiстiгi және адамдарды қамтуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...22

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы: "Құқықтың қайнар көздері".
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыс қазіргі заманда құқықтың қайнар көздері туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми көзқарастарға байланысты ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды қалыптастырады. Құқықтың қайнар көздері туралы негізгі бағытта тарихи тұрғыдан қарасақ бірнеше ой - пікірлер туындатады. Соның барлығы бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда. Бұл заң нормаларын бекітудің сыртқы көрінісі, нысаны әдісі. Құқықтың қайнар көздері құқық нормаларының ресми нысаны. Жалпы айтсақ, құқықтың қайнар көздері дегеніміз өзі нақтылы заң істерін шешуге қажетті құқықтық норманы табу үшін белгілі бір актіге жүгінуді қажет ететін құжаттар жиынтығы.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Заң құқықтың қайнар көзі ретінде оқу өзектілігін жоғалтпай қазіргі таңда теориялық және тәжірибелік тұрғыда ерекше зерттеліп жатқан ғылыми зерттеулердің бағыты болып табылады. Себебі мұның барлығы объективті факторларға, яғни соның ішінде маңызды болып табыл - атын Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесінің қайта құрылуы, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ететін әсерлі механизімдердің және мемлекеттің қағидаларын нақты бекітілуіне байланысты. Құқықтың қайнар көзі туралы сөз болғанда, оның пайда болуы мен әрекеті туралы факторларға көңіл аударылады. Сол арқылы нормативтік белгілердің өмірге келудегі негізгі процестерін және мемлекет белгілеген бәріне бірдей тәртіп жолын түсіндіруге болады. Қысқаша айтқанда құқықтың қайнар көздері заңды істерді шешудегі тәжірибеден нені басшылыққа алатынымызды анықтауға қажет. Құқықтың қайнар көздері туралы мәселе құқық теориясы ғы - лымында басты орын алады және құқық түсінуде басты орынға ие. Жалпы құ - қықтың қайнар көздерінің өзектілігі ретінде құқықтық әдет - ғұрыпты, соттық прецедентті, нормативтік-құқықтық актілерді, нормативтік шарттарды қарас - тырамыз.
Әдет - ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет - ғұрып нормаларды қолдану жөнінде басым түрде бір пікір жоқ. Әдет - ғұрып нормасы адамдардың қарым - қатынасында көп жылдар бойы пайдаланып, өмірде жан - жақты тексеру, тәжірибе арқылы қалыптасты.
Соттық прецедент. Бұл нақты іс бойынша қабылданатын, құқықтық норма күшіне ие және ұқсас істеді шешу барысында басшылыққа алынатын сот немесе әкімшілік шешім. Соттық прецедентті құқытың қайнар көзі ретінде тану соттың құқық шығарушылық функциясын тануды білдіреді.
Нормативтік шарттар. Бұл қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады. Референдумда қабылданған нормативтік актілер заңның бір түрі.Сондықтан бұл актілер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі.
Нормативтік-құқықтық акт. Бұл мемлекеттік органның қабылдап бекіткен актілері. Қоғамдағы қарым - қатынастардың басым көпшілігін осы нормативтік актілер арқылы реттеліп, баскарылады. Нормативтік актілер қоғамның салалық қатынастарын реттеп, басқаратын нормалар жиынтығы. Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын қоғамның халықтық мүде-мақсатын іс жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші құрал.
Курстық жұмыстың мақсаты. Құқықтың қайнар көздерінің мәнін, түсінігін жан жақты ашып көрсету. Нормативтік-құқықтық актілерді құқықтың қайнар көздері ретінде зерттеу, түрлерін анықтау және қазіргі кездегі жетілдіру мәселелерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo құқықтың қайнар көздерін зерттеу, ұғымын ашу;
oo құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне жалпылама сипаттама беру;
oo нормативтік-құқықтық актілердің түсінігін зерттеу және түрлерін
құқықтың қайнар көздері ретінде қарастыру;
oo нормативтік-құқықтық актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және
адамдарды қамтуын талқылау;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.

1 ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ

1.1 Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, мәні

Мемлекет билік жүргізу барысында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларынан қабылдайды. Құқықтың қайнар көздеріне құқық жасаушылық барысында қабылданған, бекітілген нормативтік-құқықтық шешімдер кіреді. Заң әдебиеттерінде құқықтың қайнар көздеріне екі мағынада айқындап, түсінік береді. Біріншісі материалдық, екіншісі формальдық. Материалдық мағынада алып қарағанда құқықтың қайнар көздері қалыптасқан материалдық жағдайлардың жиынтығынан туындайтын мемлекеттің құқық жасау барысындағы қызметі. Бұл жерде материалдық жағдайлар құқықты тікелей қалыптастырмайды, керісінше, құқықтың қайнар көздері материалдық мағынада мемлекеттік билік болып қабылданады. Қазіргі уақытта құқықтың қайнар көздерін материалдық мағынада қабылдау, оны мойындау өте сирек кездеседі.
Құқықтың қайнар көздерін формальдық мағынада алып қарағанда мемлекеттік биліктің мінез - құлық ережелерін бәріне бірдей екендігін құқық нормалары арқылы бекіту. Бірақ, қазіргі құқықтық мемлекет құру барысында құқықтың қайнар көздерін тек ғана мемлекеттік - биліктік қызметтің нәтижесінде болатын көрініс деп танымай, керісінше, әдет - ғұрыптарды мойындау құқықтың жаңа көздерін қалыптастыруда. Қазіргі кезде нарықтық қатынастардың заңдары құқықтық қатынастардың субъектілері іскерлік қатынастарды орнату сияқты көріністерді заң талаптары бекітпеген позитивтік әдеттік құқық деп бағалауға құлшыныс таныту көрінісі байқалады.
Мемлекет және құқық теориясында құқықтың қайнар көздеріне талдау жасап, баға бергенде ең алдымен халықтың мүддесі қалай заңнан шешімін табады? Құқық нормалары қалай бекітіледі? - деген сұрақтарға нақтылы жауап беруі тиіс. Халықтың еркі, тілек-талаптары, қажетті мүдделері құқықтық нормаға айналу үшін бұл көріністер объективтендірулері тиіс. Оған дейін тек идея жүзінде болады, құқықтық норма санатына ие емес. Құқықтық идеяның құқық нормаларына айналуы үшін мемлекеттің ерекше шешімі керек. Тек содан кейін ғана идея құқық нормаларына айналады. [ 1, 108-109 б ].
Құқықтың қайнар көздерi - деп мемлекеттің қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау үшін қабылдаған және бекіткен нормативтік шешімдердің біртұтастықтағы жиынтығын айтады. Құқықтың қайнар көздерiне ресми сипат көрiнiсi тән, олар мемлекетпен танылады және құрамындағы нормаларға мемлекеттен қолдау көрсетiледi. Құқықтың қайнар көздеріне тек қана мемлекеттік органдардың жоққа шығарылғанға дейін қолданылатын, құқық нормасы бар, бәріне бірдей міндетті мінез - құқық ережелері, бекітілген нормативтік құқықтық кесімдер жатады. Ал, құқық негізінде қабылданатын дара шешімдер бір ғана оқиға, сәттерге пайдаланылады.
Құқық нормаларының сыртқы көрінісін құқықтың қайнар көздері деп атайды.
Құқықтың қайнар көздері - бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру.
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қамтамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:
1)Құқық шығармашылық жолы арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемле - кетпен шығарады.
2)Санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекеттік органдар бегілі бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді. [ 2, 62 б ].
Құқықтың түрлі нысандарын талдамастан бұрын, ең алдымен, құқық нысаны, құқықтық нысан және құқықтың қайнар көзі ұғымдарының арақатынасын қарастырып өткен дұрыс.
Әдебиетте құқықтың қайнар көзі және құқық нысаны ұғымдарының арақатынасына қатысты екі негізгі көзқарас бар:
а) бірінші көзқарасқа сәйкес, аталған ұғымдар бір мағынаны білдіреді;
ә) екінші көзқарасқа сәйкес, құқықтың қайнар көзі ұғымы құқық нысаны ұғымына қарағанда әлдеқайда ауқымды.
Құқықтың қайнар көзі ұғымы құқық нысаны ұғымына қарағанда әлдеқайда ауқымды деген көзқарас бүгінгі таңда ғылыми ортада үстемдік етуде. Шын мәнінде, егер қайнар көз ұғымын кез келген құбылыстың негізі, түп-тамыры және себебі ретінде қарастыратын болсақ, құқықтық құбылыстардың негізін құрайтын құқықтың қайнар көзі ретінде үш факторды түсінуге болады:
1) материалдық мағынадағы қайнар көз (қоғам өмірінің материалдық жағдайлары, меншік нысандары, адамдардың мүдделері мен қажеттіліктері және т.б.);
2) идеологиялық мағынадағы қайнар көз (түрлі құқықтық ілімдер мен доктриналар, құқықтық сана және т.б.).
3) формальды-құқықтық мағынадағы қайнар көз құқық нысанын білді - реді. [ 3, 308-309 б ].
Құқықтың қайнар көздерінің белгі-нышандары, ерекшеліктері:
1) Қоғамның экономикалық базисына сәйкес қалыптасатын мүдде-мақсатты іске асыратын нормалар;
2) Халықтың саяси, әлеуметтік, мәдениеттік мақсаттарын іске асыратын нормалар.
3) Бостандықты, теңдікті, әділеттікті қорғайтын нормалар.
4) Заңдылықты, тәртіпті қатаң қорғайтын нормалар.
Құқықтың өмір сүруін, жасалуы мен өзгеріске ұшырауын тануға бағытталған мемлекет еркінің көрінісін құқықтың қайнар көздері деп түсінеміз.
Құқықтың қайнар көздері деген заңды ұғымды бірнеше ғасырлар бойы әлемдегі барлық мемлекеттер қолданып келеді. Құқықтың мақмұнының негізгі мәні мемлекеттік билікті іске асыру үшін, оны уақытында, сапалы орындау үшін қоғамның әр саласында сан қырлы нормативтік актілер қабылданып жатады. Бұл нормалар мемлекеттік билікке қоса, қоғамның мүдде-мақсатын, саясатын іске асырып отырады. Құқықтың қайнар көздерінің алдында осы күрделі үш мәселенің тұрғанын барлық халық біледі.
Сондықтан құқықтық нормаларды адамдардың, заңды тұлғалардың басым көпшілігі ерікті түрде орындайды. [ 4, 118 б ].

1.2 Құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне сипаттама

Құқықтың қайнар көздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер, соттық прецеденттер, нормативтік шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.
Құқықтық әдеттер - ұзақ уақыт бойы қолданудың нәтижесінде дағдыға айналған, адамдардың санасында көрініс табатын, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, құқықтық салдар тудыратын және тарихи тұрғыдан қалыптасқан жүріс - тұрыс ережелері. Әдет құқығы - құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде пайда болған алғашқы құқық нысаны.
Соттық прецедент - нақты іс бойынша қабылданатын, құқықтық норма күшіне ие және ұқсас істеді шешу барысында басшылыққа алынатын сот немесе әкімшілік шешім. Соттық прецеденттің шыққан елі - Англия. Қазіргі кезде сот прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Ұлыбритания, Канада мемлекет-терінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Прецедентті құқытың қайнар көзі ретінде тану соттың құқық шығарушылық функциясын тануды білдіреді.
Нормативтік шарттар - екі немесе көп жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, құқық шығарушы субъектілердің арасындағы келісімнің нәтижесінде жаңа құқықтық норманы тудыратын шарт.
Қазіргі заманғы жағдайда нормативтік шарттардың қоғамдағы рөлі күннен күнге өсуде. Олар конституциялық, еңбек, азаматтық, әкімшілік және басқа да құқық салаларында кеңінен таралған. Нормативтік шартты дұрыс түсіну үшін оны жәй шарттан ажыратып білу керек.
Нормативтік шарттар жай шарттар сияқты нақты бір жағдайларға және тек бір рет қана қолданылмайды. Егер екі фирма қандай да бір мәміле асайтын болса, олар жаңа құқықтық норма шығармайды(мұндай норма азматтық заңнамада алдын ала бектіліп қояды). Ал нормативтік шартты бекітуші тұлғалар жүріс - тұрыстың жаңа ережесін, жаңа құқықтыө норманы жасайды және сол арқылы құқық шығармашылық субъектілері болып табылады. Нормативтік актілерге қарағанда нормативтік шарттар тең құқықлы субъектілердің ортақ мүддесіне қатысты келісімнің нәтижесі болып табылады.
Нормативтік-құқықтық акт (НҚА) - мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтық нәр алатын бастауы - Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төм - ен - конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі - жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшаларды рес - публикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жәй заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспай - тын мерзімге заң шығару өкілеттілігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағындағы міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Қазақстан құқығының құрамды бөлшегі болып табылады. Қазақстан республикасының Жоғарғы соты да құзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы. [ 5, 101-102 б ].

2 Нормативтiк құқықтық актiлер

2.1 Нормативтiк-құқықтық актiлердің түсінігі, түрлері

Нормативтік-құқықтық акт - уәкілетті орган қабылдайтын және құқықтық нормалардан, яғни, жалпы сипатқа ие, тұрақты түрде әрекет ететін, ұзақ уақыт бойы қолдануға арналған ережелерден тұратын құқықтық акт.
Нормативтік актілерді норма шығару құзіретіне ие органдар қатаң белгіленген нысанда қабылдайды. Нормативтік акт құқықтық тұрғыдан маңыз - ды ақпаратты таратушы ресми құжат болып табылады.
Нормаивтік акт құқықтық актілер жүйесінде ерекше орынға ие. Оны құқықты қолдану және түсіндіру актілерінен ажырата білген дұрыс.
Заңды күшіне қарай нормативтік актілер екі үлкен топқа бөлінеді: заңдар және заңға сәйкес актілер. [ 3, 311 - 312 б ].
Заң - бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тəртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие жəне маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Заңға сəйкес актілер - бұл заң нормаларынан құралған, заң-дардың негізінде жəне оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады:
1) Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен өкімдер;
2) Парламенттің құзіреті шегінде қаабылданған қаулылар мен өкімдер;
3) мемлекеттік аумақтық жəне жергілікті органдардың (өкілдік органдар мен əкімшілік органдар) актілері - мемлекеттік билік пен басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайды жəне осы аумақта өмір сүріп жатқан барлық тұлғаларға таралады;
4) ведомстволық актілер - белгілі бір органның құзіреті шегінде қабылданады жəне осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады.
Нормативтік-құқықтық актілер бөлінеді:
1) негізгі
2) туынды
Нормативтік-құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік- құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік-құқықтық бұйрықтары;
7) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік-құқықтық шешімдері.
Нормативтік-құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:
1) регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық акт;
2) ереже - қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік-құқықтық акт;
3) қағида - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік-құқықтық акт;
4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей - тегжейлі көрсететін нормативтік-құқықтық акт.
Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілер туралы заңына сәйкес мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Нормативтік-құқықтық акт - референдумда қабылданған немесе мем - лекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
2) Нормативтік-құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жария - лау - Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік-құқықтық актілерді баспа басылымында жарияланады.
3) Нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мониторингі - Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай - күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі.
4) Нормативтік-құқықтық актінің деңгейі - нормативтік-құқықтық актінің нормативтік-құқықтық актілер сатысындағы өзінің заң күшіне қарай алатын орны.
5) Нормативтік-құқықтық актіні ресми жариялау - нормативтік-құқықтық актінің толық мәтінін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшін жариялау болып табылады.
Туынды түрлердегi нормативтiк-құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiр тұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк-құқықтық актiнiң нормативтiк-құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен анықталады. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай - ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.
Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданыл - атын құқықтық актілер нормативтік-құқықтық актілер болып табылмайды.
Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк-құқықтық актiлердiң заң күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:
1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар;
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасының Кодекстерi;
3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк Жарлықтары;
5) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
7) Министрлердiң нормативтiк бұйрықтары; мемлекеттiк комитеттердiң нормативтiк қаулылары; өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк бұйрықтары, қаулылары;
8) Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімшіліктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс. Әкiмшiлiк - аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк шешiмдерi, әкімшіліктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясы - мен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулы - лары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және барлық өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келмеуі керек. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
Бір деңгейдегі нормативтік-құқықтық актілердің нормаларында қайшы - лықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, сондай - ақ жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауды жобалаудың ерекшелiктерiн осы органдардың әрқайсысы айқындайды.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi органдар өз бастамашылығымен немесе жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың тапсырмалары бойынша дайындайды. Өзге де барлық мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен адамдар нормативтiк құқықтық актiлер дайындау жөнiнде ұсыныс жасауға немесе мұндай актiлердiң бастамашылық жобаларын уәкiлеттi органдардың қарауына беруге құқылы. Уәкiлеттi органдар оларды өздерi дайындайтын жобалар үшiн негiз ретiнде қабылдауы немесе олардың одан әрi дайындалуын және жобалардың қабылдануын жөнсiз деп тануы мүмкiн.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы;
2) Актiнiң нысанына нұсқау; Қазақстан Республикасының Конституция - лық заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығы; Кодекс; Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республи -касы Парламентiнiң қаулысы; Сенаттың қаулысы; Мәжiлiстiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; Министрдiң бұйрығы; Мемлекеттiк комитеттiң қаулысы; Мәслихаттың шешiмi; Әкiмнiң шешiмi; осы заңда немесе өзге де заңдарда көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң басқа бiр атауы;
3) Осы нормативтiк құқықтық акт реттейтiн iстi бiлдiретiн тақырып;
4) Нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен күнi;
5) Нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;
6) Тиiстi нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлдiк берiлген адамның қолы;
7) Нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiн тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету;
8) Елтаңбалы мөр.
Нормативтік-құқықтық актінің баптары жекелеген құқық нормаларын қамтитын тармақтарға, ал тармақтар тармақшаларға бөлінуі мүмкін.
Баптардың, тармақтар мен тармақшалардың ішінде бөліктер құқықтың қисынды аяқталған, абзацтармен бөлінген жекелеген нормалары болуы мүмкін.
Мәтіннің мағыналық жағынан тұтастығы бар, бірінші жолда азат жолмен бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі, бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанд абзац деп саналады. Абзацтар (бөліктің бірінші және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелі үтірмен аяқталады.
Нормативтiк құқықтық актiнiң баптары - жекелеген құқық нормалары бар тармақтарға, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық қатынастардың объектілері
Халықаралық стандарт халықар
Құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
Құқық нормасының түсінігі
Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың халықаралық құқықтық негіздері
Құқықтық норма туралы
Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну
Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстары
Кондитерлік бұйымдарды стандарттау
Құқықтық норма түсінігін игеру
Пәндер