Құқық шығармашылығының қағидалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Құқық шығармашылығының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Құқық шығармашылығыныңқағидалары ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ САТЫЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ..8
2.1Заң шығару бастамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2 Жобаны талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3 Заңды қабылдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.4 Заңды жариялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Құқық шығармашылық қоғамдық қатынастардың өзгермелілігі мен даму сипатының қарқындығына қарай мемлекет оларды реттеу мақсатында жаңа құқық нормаларын қабылдайды, өзгертеді және күшін жойып отырады. Құқықты жан - жақты жетілдіріп, жаңарған қоғамдық қатынастарға сәйкестендіру, толықтырып, өзгерту құқық шығармашылықтың негізін құрайды. Құқық шығармашылық қызыметі арнайы бекітілген тәртіп негізінде жүзеге асырылатын, өзіндік сатылары бар кешенді үрдіс болып табылады. Құқық шығармашылық жүзеге асырылу барысында заңдылық, жариялық, ғылыми негізделгендік, кәсібилік, ашықтық, жүйелік сияқты негізгі қағидалар басшылыққа алынады.
Құқық шығармашылық бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталаған жай ғана шығара салу емес, бұл қоғамның құқықтық өмірінде әлбетте екінші рольді ойнамайтын бір ғана өту сатысын қамтымайтын өте күрделі процесс болып табылады.
Мемлекет қалыптасқан уақыттан бастап, ең аз да болса тәртіпті орнату үшін, осы әлемнің мықтылары құқық жасап, халықтың талаптарын қанағаттандыру үшін өз қызметінде тиімді нәтижеге жетуге тырысқан. Тап қазір құқық шығармашылық басты орындарының бірін алады. Бұл нақ осы құқық шығармашылықтың құқыққа өмір беруімен туындатуымен, қалыптастырумен, оны рәсімдеумен қоғамға есік ашқызыумен байланысты. Құқық шығармашылық құқық өмірінің бастапқы кезеңі ретінде қызмет етеді және құқықтың қозғаласына әсер ететін құқықтық, саяси, экономикалық арнайы импульстарды алады. Сондықтан да партияның, мемлекеттің, қоғамның саяси бағытын білдіруі ретінде құқықтық актілер жасауға мүмкіндік беретін құқық шығармашылыққа үлкен қоғамдық қызығушылық түсінікті. Осылай, бұл тақырып зерттеу үшін актуальді, өйткені :
- сот органдары құқық шығармашылық қызметке қатысу мәселесі зерттеу үшін қызықты, ҚР- да сот органдары құқық шығармашылық қызметке қатыспайтынына қарамастан, тәжіребиеде соттық түсініктемелер мен нұсқаулықтардың үлкен маңызы бар;
- құқық шығармашылықтың үлкен маңызы бар өйткені,мұндай қызметтің нәтижелері (заңнама)қоғамдық қатынастарды тікелей реттейді, ал бұл мемлекеттің нормативтік құқықтық актілер базасын жетілдіру қажеттігін туғызады;
- құқық шығармашылық қызмет - нәтижесі мемлекеттің заңнамалық базасын қалыптастыру болып табылатын аса күрделі процесс, сондықтан құқық шығармашылықты зерттеу мемлекет пен құқықтың кез - келген даму кезеңінде маңызды және актуальді;
- қазіргі мемлекеттің әрекет ету қағидалары демократиялық қабылдау, ал салдары ретінде қабылданған құптауға және қисынды жүйелеуді талап етеді.

Құқық шығармашылық процесс бірнеше кезеңдер арқыылы жүзеге асырылады:
1.Заң шығару ынтасы құқық шығарушы органға нормаативтік актіні шығару туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасы ұсынылады. Заң шығару құқығына ие субьектілер шеңбері заңнамада қатаң түрде анықталған.
2.Заң шығару жобасын талқылау бұл кезең құжатты қажетті сапаға жеткізу, қарама қайшылықтарды, түсініксіз мәселелерді және т.б жою үшін қажет. Ерекше маңызды заң жобаалары жалпы халықтық талқылауға ұсынылады.
3 .Заңды қабылдау.
4. Қабылданған актінің мазмұнын көпшілікке жеткізу, яғни заңды жариялау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Заң шығару процесінің және оның қызметінің мәселелерін тиімді шешу жолдарын қарастыру. Заңды талқылау, қабылдау және жариялау.
Курстық жұмыстың міндеттері: Құқық шығармашылықтың мәні және оның функцияларын анықтау
-құқық шығармашылық қызметі қағидаларын бір- біріненен ажырату- әлемдік тәжірбедегі құқық шығармашылықтың қызметін ерекшеліктерін көрсету.

1.Құқық шығармашылығының мазмұны

1.1Құқық шығармашылығының түсінігі

Құқық шығармашылық - мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларды қабылдау, өзгерту және жоюмен байланысты қызыметі.Құқық шығармашылығы тек мемлекетке тиесілі қызымет болып табылады, себебі барлық нормалары мемлекет атынан қабылданады және олардың жүзеге асырылуын қадағалау да мемлекетке жүктеледі.Құқық шығармашылық субьектілері ретінде тиісті өкілеттіліктерге ие мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес құрылымдар. Құқық шығармашылық анағұрлым кең мағынаны білдіретін құқық қалыптастыру процесінің құрамдас бөлігі.Құқықты қалыптастыру дегеніміз құқықты қалыптастырудың табиғи - тарихи процесі. Бұл процес барысында құқықтық ақиқатқа талдау жасалып, баға беріледі. Құқықты құру процесссі әлеуметтік организм қойнауында жүріп жатады, ал мемлекет қоғамда қалыптасқан құқықтық талаптарға сай дайындауы керек. Сондықтан кеййбір авторлардың құқық шығармашылықты құқықтық құру процесіндегі ақырғы кезең деуі дұрысқа жатпайды.
Профессор С.С.Алксеев негіздеме түрінде былай дейді:
Құқық шығармашылық принцпті түрде, сол уақытта босатылады, қашан қоғам дамуындағы талаптар белгіленеді, тікелей - әлеуметтік құқық қалыптасса құқықтық жаңалықтардың қажеттігі шегіне жетсе, тек осы негізде ғана құқық құру процесіне міндетті органдар кіріседі.
Құқықшығармашылық түсінігі қоғамның еркін, заңға айналдырудағы қызымттердің барлық түрлерін жолдарын қамтиды:
а) мемлекеттік органдармен нормативтік актыылерді қабылдау;
б) референдум арқылы тікелей халықпен ақылдасу;
в) құқық нормаларына сай әртүрлі келісімдер жасау;
г) мемлекеттік емес ұйымдардың шығарған әдеттері мен нормаларына санкция беру;
ғ) заңды прецендеттерді құру.
Юриспруденцияда көптеген құқықтық шығармашылық принцпттері шығарылған, олардың ішінен бөліп көрсетуге болады:
а) демократизм
б) заңдылық
в) гуманизм
ғ) ғылымилығы
д) профессинализм
е) бағдарламалықтығы
Құқықтық шығармашылық қызыметі әр уақытта әр түрлі заңды процедураны көрсетеді, яғни құқықтық шығармашылық қызыметін істегендігі құқықпен реттелген бірізділік, олар белгілі құқықтық шығармашылық нәтиже. Құқық шығармашылық қызмет конституция, заңдар және регламентпен белгіленген көлемде жүзеге асады. Құқық шығармашылық жаңа құқық нормасын қабылдаумен өзгерістер мен түзетулер енгізу арқылы ескі заңдарды жетілдірумен сипатталады.
Құқықтық шығармашылық процедурасы жеткілікті түрде қиын және қызыметі ұзаққа жалғанады және оның өзіінің кезеңдері бар, яғни бұл процесстердің арасындағы кезеңдер шешуші нақтылы мақсаттар.

1.2Құқық шығармашылығының қағидалары

Құқық шығармашылыққа келесідей қағидалар тән:
- ғылымилық нормативтік актілерді дайындау процесінде әлеуметтік - экономикалық, саяси және өзге де жағдайларды, қоғам дамуының обьективтік қажеттіктерін зерттеу маңызды.
- кәсібилік - мұндай қызыметпен құзіретті тұлғалар - заңгерлер экономистер және т.б айналысуы тиіс.
- заңдылық - бұл қызымет Конституцияның және басқа да заңдардың негізінде және шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс.
- демократиялық - азаматтардың бұл процеске қатысу дәрежесін, қоғамдағы процедуралық нормалар мен институттардың даму деңгейін сыйпаттайды.
- жариялық - құқықшығармашылық процестің көпшілік қауым үшінашықтығын білдіреді.
Құқық шығармашылықтың қағидалары - құқықтық нормаларды қабылдаумен , жоюмен немесе ауыстырумен байланысты қызыметтің негізгі идеялары, басшылыққа алатын бастамалары, түпкі ережелері, құқық шығарушы органдар үшін бағыт - бағдар.
Құқық шығармашылық - мазұмыны бойынша құбылыс, жүріс түрыстың жалпы ережелерін қалыптастыру жөніндегі күрделі қызымет.
Субьектілеріне қарай құқық шығармашылық келесідей түрге бөлінеді:
1) халықтық референдум ( мемлекет және қоғам өмірінің аса маңызды мәселелері бойынша бүкіл халықтық дауыс беру) барысындағы тікелей құқық шығармашылығы.
2) мемлекеттік органдардың құқық шығармашылығы ( мысалы, парламенттің, үкіметтің)
3) жекелеген лауазымды тұлғалардың құқық шығармашылығы ( мысалы, президенттің, министірдің)
4) жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқық шығармашылығы.
5) локальді құқық шығармашылық ( мысалы, кәсіп орындар, мекемелер)
Құқық шығармашылығының түрлері:
-референдум
-заң шығарушылық
-өкілеттік берілген құқық шығрмашылық
- заңға сәйкес құқық шығармашылық.
Норма шығармашылықтың өзіне тән қағидалары: Әділеттік, демократизм, заңдылық, теңдік, достық, бостандық. Міне осы қағидалар дұрыс дамыса, мемлекеттің жақсы жұмыс жасауының сипаттамасы. Бұл қағидаларды бұзуға жол бермеу керек.
Маңызыдылығына қарай құқық шығармашылық келесідей түрге бөлінеді:
1) заң шығарушылық - күрделі процедура бойынша жоғарғы заң күшіне ие нормативтік актілер ( заңдар) шығаратын жоғары өкілдік органдарының (парламенттердің) құқық шығармашылығы;
2) өкілеттік берілген құқық шығармашылық - парламенттің тапсырмасы бойынша атқарушы билік органдарының, ең алдымен , үкіметтің норма шығарушылық қызыметі. Бұл қызымет өкілдік органның құзыретіне кіретін нормативтік актілердің белгілі бір мәселелеріне қатысты жедел шешім қабылдаумен байланысты;
3) заңға сәйкес құқық шығармашылық кезінде құқықтық нормаларды жоғарғы өкілдік органдарға жатпайтын құрлымдар қабылдап, күшіне енгізеді ( президент, үкімет, министірлітер, ведмостовалар, жергілікті өзін - өзі басқару органдары, губернаторлар, әкімшілік басшылар, кәсіпорын, мекеме, ұйым жетекшілері) Бүкіл құқықтық нормаларды заң шығару деңгейінде қабылдау міндет емес. Бірқатар жағдайларда құқықтық нормаларды заңға сәйкес актілер деңгейінде, нормативтік шарттар және өзге де нысандарда қабылдау тімді болып табылады.
Заңға сәйкес құқық шығармашылық мейілінше жедел және икемді болуымен , формальдықтың аз болуымен, оны жүзеге асыратын субьектілердің біліктілігімен сипатталады. Сондай - ақ заңға сәйкес құқық шығармашылыққа қоғам үшін жабық болу және нормативтік актілердің шамадан тыс көп болуы тән. Құық шығармашылық қызымет Конституцияда, регламенттерде, жарлықтарда бекітілген іс жүргізушілік нормалар мен процедуралардың шеңберінде жүзеге асырылады. Құқық шығармашылық жаңа құқықтық нормаларды қабылдаудан немесе ескі құқықтық нормаларды жоюдан не өзертулер мен толықтырулар енгізі арқылы жетілдіруден көрініс табады.
Құқық шығармашылық келесідей белгілермен сипатталады:
Ол белсенді, шығармашылық , мемлекеттік қызымет болып табылады;
Оның басты өнімі - ең алдымен нормативтік актілерде сонымен қатар, нормативтік шарттарда, құқықтық әдеттерде, құқықтық прецеденттерде көрініс табатын құқықтық нормалар;
Ол қоғамды басқарудың аса маңызщды құралы; құқық шығармашылық барысында қоғамның даму стратегиясы қалыптасып, жүріс - тұрыс ережелері қабылданады;
Құқық шығармашылықтың деңгейі мен мәдениеті, тиісінше, қабылданатын нормативтік актілердің сапасы - қоғамның өркениеттілігі мен демократтиялығының көрсеткіші. Құқықты қалыптастыруды анықтайтын негізгі факторлар қоғам өмірінің материалдық жағдайлары, кәсіпкерліктің еркіндігі арқылы ортақ меншік нысандарының тең құқылы болуын белгілеу болып табылады.
Құқық шығармашылығының кәсіп қойлық қағидасы құқық шығармашылығының сапасымен, құқық шығармашылығы шешімін қабылдау жолдарының, тетігінің тиімділігімен тікелей байланысты. Мұндай қызыметке заң жобасын жасау жөнінде кәсіптік білімі мен тәжірбиесі баржетік мамандар (заңгерлер, саясаттанушылар т.б) қатысулары тиісті. Құқық шығармашылығынң кәсіпқойлығы Парламент депутаттарының құқықтық сауаттылғының жоғары деңгейін қалыптастыру, құқық шығармашылығының тиімділігін көрсететін өдшемдерді ғылыми жетілдіру және тағыда басқа амалдар арқылы қамтамасыз етілмек. Құқық шығармашылығының келесі қағидасы құқық шығарушы процесінің ғылыми сапасынскөтері қағидасы. Бұл үшін қоғамның саяси, экономикалық, мәдени әлеуметтік жүйелерін жан- жақты зерттеп, олардың ғылыми тұрғыдан талаптарын анықтап, қорытынды тұжыырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бағыттарын белгілеу қажет.
Құқық шығармашылықтың негізгі қағидалары:
1.Демократизм мен жариялық- шығармашылық процесіне қалың бұқара, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, еңбек ұжымдары, саяси партиялар, ақпарат, заңгерлер, ғалымдар қатысып, өздерінің пікірлерін айтып, ұсыныстарын береді.
2.Заңды кәсіпқойлық-мемлекеттің заң шығармашылық органдарының кәсіпқойлық саласын көтеру, оның жұмысына заңгерлерді, ғалымдарды, социологтарды, политологтарды т.б. тәжірибелі азаматтарды қатыстыру.
3.Құқық шығармашылықтағы заңдылық-жаңа қабылданатын нормалар Конституцияның талаптарына сәйкес өмірге келуі қажет. Егерде мемлекеттің ең жоғарғы өкілетті органдары Конституцияға нұқсан келтірсе, ол мемлекеттен жақсылық күтуге болмайды.
4.Құқық шығармашылық процесінің ғылыми сапасын көтеру-бұл үшін қоғамның саяси-экономикалық, мәдени -әлеуметтік жүйелерін жан-жақты зерттеп, олардың ғылыми тұрғыдан талаптарын анықтап, қорытынды тұжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бағыттарын белгілеу. Ол ғылыми тұжырымдарды тәжірибеден, тексерістен өткізіп алу керек.

2.Құқық шығармашылығының сатылары

2.2 Заң шығару бастамалары

Заң шығару процесі - құқық шығару процесінің басты құрамдас бөлігі, оның өзегі. Заң - заң шығару органымен немесе референдумде ерекше тәртіпте қабылданатын, халықтың еркін білдіретін, жоғарғы заң күшіне ие және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заң шығару процесі - құқық шығару процесінің басты құрамдас бөлігі, оның өзегі. Заңдарды қабылдаудың сапасына қарап, жалпы құқық шығару процесі туралы қорытынды жасауға болады. Заңдарға қоса, заңға сәйкес актілер, құқықтық әдеттер, нормативтік шарттар және құқықтық прецеденттер де құқық шығармашылықтың өнімі болып табылады.
Заңның белгілері:
1) тек заң шығару органымен немесе референдумде қабылданады;
2) дайындау және шығару тәртібі конституцияда және парламент палаталарының регламенттерінде бекітіледі;
3) жоғары заң күшіне ие; барлық заңға сәйкес актілер оған сәйкес келуі және қарама - қайшы болмауы тиіс;
4) халықтың еркі мен мүдделерін білдіру тиіс;
5) аса маңызды және елеулі қоғамдық қатынастарды реттейді;
Дәл осы белгілер арқылы заң өзге нормативтік актілер жүйесінде ерекше орынға және үстем сипатқа ие. Заңды қабылдаған орган ғана оны өзгерте немесе жоя алады және бұл процес қатаң белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Заңдарды түрлі негіз бойыншы жіктеуге болады:
- Заңды күшіне қарай( конституция, конституциялық заң, заң)
-Заң шығару субьектілеріне қарай( референдумде немесе заң шығару органымен қабылданған)
-Құқықтық реттеу пәніне қарай (конституциялық, әкімшілік,азаматтық,қылымыстық)
- Әрекет ету мерзіміне қарай ( тұрақты және уақытша)
- Мазұмынына қарай ( экономикалық, бюджеттік, әлеуметтік, саяси және т.б)
- Жүйелеу дәрежесіне қарай ( қарапайым және кондификацияланған)
- Реттеу көлеміне қарай ( жалпы және арнайы)
Заңға сәйкес актілер - құқықтық нормалардан тұратын заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданатын актілер. Заң шығару күрделі процесс және ол келесідей сатылардан тұрады:
1) заң шығару бастамасы - Конституцияда бекітілген белгілі бір субьектілердің заң шығару органына заң және тиісті заң жобасын шығару туралы ұсыныс жасау құқықғы. Заң шығару бастамасы құқығы заң шығару органының ұсыныс пен заң жобасын қарау міндетін тудырады, алайда заңды қабылдау немесе оны кері қайтару заң шығарушының еркінде. Әдетте заң шығару бастамасы Президентке, Үкіметке, Парламент депутаттарына тиісті болады.
2) заң жобасын талқылау - заң жобасын енгізген субьект белгілі бір субьектілердің заң шығару органында тыңдаудан басталатын маңызды саты. Бұл саты құжаттың сапасын жоғарғы деңгейге көтеру, қарама - қайшылықтарды, олқылықтарды және өзгеде кемшілітерді жою үшін қажет.
3) заңды қабылдау - дауыс берудің екі механизімінің көмегімен жүзеге асырылатын саты. Бұл кезде заң шығару органы заңды қабылдап, президент оған қол қояды.
4) заңды жариялау - заң шығарудың қорытынды сатысы. Мысалы Ресей Федерациясында федералдық заңдар РФ президенті оларға қол қойған соң жеті күн ішінде ресми түрде жариялануы тиіс, ал жарияланбаған заңдар қолданысқа енгізілмейді.
Қазіргі заманғы өркениетті мемлекеттердің заң шығару қызыметі төменде көрсетілген жеті қағида негізінде жүзеге асырылады:
1) заңдылық - нормативтік актілер тиісті заң шығарушы органның құзырына жатқызылуы және елдің конституциясын, заңдары мен жоғары заң күшінің басқа да актілерін сақтауы керек. Федералды мемлекетке федерация мен оның мүшелері болып табылатын субъектілер арасындағы құзыреттілікті бөлу қатаң бақылау қажет. Легитимділік қағидаты сондай-ақ қабылданған актілердің нысанын заң шығару процедурасы үшін жаңа нормативтік-құқықтық шешімдерді қабылдау мен жариялауды дайындаудың белгіленген тәртібін қатаң сақтауды білдіреді.
2) гуманизм - бұл принцип адамның рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау үшін заң шығарушы актінің бағытын болжайды.
3) жариялық - мұның мәнісі құқық шығармашылқытың барлық процесінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ашық, еркін әрі іскерліпен талқылау.
4) ғылыми сипаты - актілердің ғылыми негізділігін, ғылыми қызыметкерлердің көзқарастары мен ой- пікірлерін социологиялық мәлеметтерін есепке алуын, құқық нормаларынң іс - әрекетінің зардаптарын болжау - аталған принцптің өзегі. Заң шығару қоғамдық дамудың толғағы жеткен қажеттіктеріне ,оның обьективті заңдылықтарына барынша сай келуге, ғылыми жағынан негізделген болуға , ғылым мен техниканың жетістіктерін ескеріп пайдалануға теориялық талдамаларына негізделуге тиіс.
5) кәсібилік, яғни заң жобалығын дайындау мен қабылдау кезінде маманның қажетті заң және жалпы біліктілігі мен қабілеттілігі.
6) жобаларды дайндаудағы ұқыптылық және мұқияттылық. Заң дайындау қызыметінде шетелдік және отандық тәжірбиені, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің нәтижелерін, әр түрлі анықтамаларды баяндамалық жазбаларды және өзге материалдарды барынша пайдалану маңызды.
7) деркезділік - құқықтық актілерді дайындау мен қабылдауға қажетті уақытты дұрыс анықтау, қоғамдық қатынастарды реттеудің пісіп- жетілгендік деңгейін есепке алу деген сөз.
Парламентте жүзеге асырылатын заңшығарушылық процесс мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы - халықтың еркі қалыптасуын білдіреді және заңшығару қызметінің сатылары арқылы көрініс табады. Біздің Республикамыздың Парламентіндегі заңшығарушылық процессі Конституция (61,62 баптары), 1995 жылы 16 қазанда қабылданған.
Заң шығару процесінің шегін белгілейтін келесі бір ғалымдар - Д.Доков және С.Кучера. Олар заң шығару процесі заң шығарушы органнан тыс жасалатын және заң жобасын Парламентке енгізуге негіз жасайтын әрекеттерді қамтитындығын көрсете отырып, мысалға: бұрыңғы Чехословакияның заң әдебиеттерінде заң шығару процесін төрт фазаға бөлуге болатындығы туралы пікірлер келтіреді. Ол фразалар:
1. қоғамдық қатынасты талдау;
2. заң шығару қызметінің мақсаты мен мазмұнын анықтау;
3. осы мақсаттар мен мазмұнға сай келетін құқықтық нормаларды жасау және қалыптастыру;
4. қоғамның шынайы дамуымен және құқықтық сананың дамуымен салыстыру кезінде жаңа құқықтық норманың тиімділігін және ұқсастығын тексеру.
С.Кучераның Чехословакияға қатысты заң шығару процесінің төрт сатысын көрсетуі тіпті оның мәніне сай келмейді. Себебі, оның көрсетіп отырған заң шығару процесінің фразалары заң шығарушы органның заң жобасы жұмысынан бөлек, тек оған дейінгі жасалатын әрекеттерді, яғни заң жобасын оқып-білу мен дайындауды ғана көздейді. Олай болса, бұл пікірді толық емес, негізсіз деп тұжырымдауға болар.
Заң шығару процесі Парламентке дейін болатын іс-қимылдардан бастау алады, заң жобасымен жұмыс жөніндегі Парламентке дейінгі және парламенттік кезеңдегі қызметтерді өз шеңберіне кіргізеді. Қысқаша алғанда - олар жинақы түрде заң жобасын негіздеу, жасау, Мәжіліске енгізу, қабылдау және қол қойып жариялау жөніндегі әрекет-қызметтер. Қазақстандық ғалымдарды бірі - Ю.В.Мальцев заң шығару процесін тек кең тұрғыда ғана түсіндіре отырып, оның алғашқы кезеңдері ретінде заңдарды жасауға негіз болатын процестерді, заңи реттелуге деген қажеттіктерді ашуды, реттеу сипаты мен бағытын ұсынады. Сонымен қатар ол заң шығару процесін құрайтын әрекеттерді сатыларға топтай отырып, заң шығару процесінің үш кезеңін белгілейді. Біздің заң шығару процесін кең мағынада түсіндіретін анықтауымыз тиісті автордың пікірімен бірдей деуге болады. Сондықтан, Ю.В. Мальцевтің заң шығару процесінің шегін ашатын қызметтерін кең мағынада заң шығару процесінің шекарасына кіргізе отырып, оның ұсынатын келесідей кезеңдерін тек қана мақұлдаймыз. Аталмыш автор ұсынатын заң шығару процесінің бірінші кезеңі - жобаға дейінгі кезең. Бұл кезең заң актісінің жобасын дайындау туралы шешімді қабылдауға себеп болған қызметті қамтиды. Бұл кезең мынадай әрекеттерден тұрады:
а) өзекті жағдайларды зерттеу, белгілі бір қоғамдық қатынастың құқықтық реттелуінің объективтік қажеттіліктерін тану, мәселенің жеке және бірнеше адамның санасында көрінуін айқындау, зерттеу, әртүрлі әлеуметтік топтардың мақсаттары мен мүдделерін зерттеу;
б) объективтік және субъективтік факторларды бағалау, нақты болжалған жағдайларда әртүрлі әлеуметтік факторлардың әрекеттерінің әсер ету және бағыттылық күшін анықтау;
в) құқықтық реттеудің пәні, мақсаттары мен бағыттарының шектерін анықтау;
г) өзекті жағдайлардың оң және теріс кезеңдерін ашу, құқықтық реттеудің әртүрлі варианттарында сол кезеңдердің дамуын болжамдау, жетілген құқықтық амалдарды таңдап алу;
д) құқықтық реттеудің мақсаттары мен бағыттарына сәйкес келетін жүріс-тұрыстың жетілген үлгілерін қалыптастыру;
е) заңның идеяларын қалыптастыру және оның жобасы бойынша жұмыстың қажеттілігін негіздеу.
Екінші кезең - жобалы кезең. Бұл кезең заңның жобасын жасау туралы ресми шешім қабылдағаннан бастап, құқық шығарушы органның қарауына заң жобасын енгізумен аяқталатын қызметтерді қамтиды. Ол бірнеше сатылардан өтеді:
а) заң жобасын жасау туралы шешім қабылдау;
б) жобаны дайындау;
в) жобаны талқылау;
г) жобаны келістіру;
д) жобаны пысықтау.
Үшінші кезең - құқық шығармашылығы шешімін қалыптастыру кезеңі. Бұл кезең заң актісін шығару жөніндегі әрекеттерді - жобаны құқық шығарушы органда талқылауға енгізгеннен, жариялағанға дейінгі әрекеттерді қамтиды. Бұл кезең бірнеше сатыдан тұрады:
а) жобаны құқық шығарушы органның қарауына енгізу;
б) жобаны комитеттерде қарау;
в) заң жобасын пленарлық отырыста талқылау және мәні бойынша шешім қабылдау;
г) заң жобасын бекіту;
д) заң актісін жариялау.
Парламентке дейінгі кезеңдер Конституцияда, Парламент туралы заңда бекітілмеген. Заң жобасын Мәжіліске енгізгенге дейінгі әрекеттердің конституциялық реттелмеуі олардың маңыздылығын ерекше көрсетуге кедергі болмайды. Заң актісін Парламентте қарау және қабылдауға дейінгі кезеңдер расында да маңызы жағынан Парламент шеңберінде атқарылатын әрекеттерден кем соқпайды және күрделі әрекеттерді қамтиды. Себебі, дәл осы кезеңдерде болашақта заң нысанын алатын құқықтық реттелудің пәні анықталады, заң актісінің жобасының идеялары, тұжырымдамасы қалыптасады, реттелуді қажет ететін қоғамдық қатынастарды зерттеу жұмыстары жүргізіледі, заңның мәтіні жасалады, анықталған қатынасты құқықтық реттеудің ең орынды жетік жолдары анықталады. Нақ осы кезеңде заңның сапасы қалыптасады. Бұдан байқайтынымыз, заң шығарушы органға дейін, нақты айтсақ заң шығару бастамасы құқығының жүзеге асуына дейінгі әрекеттер де асқан білімділік пен жауаптылықты қажет етеді.
Негізінен, заң шығару процесінің сатыларына қатысты ғалымдардың пікірлері бір жерден шығады. Олардың бәрі де заң шығару процесін заң шығару бастамашылығы құқығынан бастап, заңды жариялаумен аяқтайды. Әрине, олардың жеке пікірлерінде кемшіліктер де, өзгешеліктер де болуы мүмкін.
Әдетте, ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңның 3 тарауының мазмұны мен құрылымы қос палаталы Парламенттің заң шығару процесін келесідей көлемді сатыларға бөлуге болатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
1. заң шығару бастамашылығы;
2. заң жобасын Мәжілісте қарау;
3. заң жобасын Сенатта қарау;
4. ҚР Президентіне қол қою үшін заңды ұсыну;
5. қол қою және заңды жариялау.
Парламенттің заң шығару практикасы оның үш түрлі заңды қабылдау мүмкіндігін қарастыратындықтан, бұл сатылар Парламенттің конституциялық және жай заңдар шығару процесіне ғана қатысты. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылдау процесі өзгешелеу, ол оның алдыңғы заңдар секілді алдымен Мәжілісте, кейін Сенатта өз кезектілігімен қарау арқылы емес, палаталардың бірлескен отырыста қаралатындығына байланысты. Олай болса, ҚР Парламентінің заң (конституциялық және жай заң) шығару процесін аталғандай бес сатыға, ал Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң шығару процесін төрт сатыға (заң шығару бастамашылығы; заң жобасын палаталардың бірлескен отырысында қарап, қабылдау; ҚР Президентіне қол қою үшін заңды ұсыну; қол қою жән заңды жариялау) тиянақтауға болады. Заң шығару процесінің бұл сатылары - процедуралық әрекеттердің дербес кезеңі, тиісті нормативтік актіні жасауға бағытталған өзара тығыз байланысты әрекеттердің ұйымдық бөлшектенген кестесі болып табылады.
Қазақстанда заң шығарудың бірнеше жолы бекітілгендіктен, біз қарастырып отырған заң шығару процесінің шегі туралы пікірлер тек Парламенттің ғана заң шығару процесіне қатысты. Республика Конституциясының 49 бабының 1 бөлімінде көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган. Бұл норма оның бірден-бір заң шығаратын орган болып табылатындығын бекітпейді. 53 бапта (4 тармақ) анықталғандай Қазақстан Республикасы Президенті және республикалық референдум туралы заңға сәйкес халық референдум арқылы заңдар шығаруы мүмкін. Олай болса, жоғарыда көрсеткен заң шығару процесінің түсінігі мен шегі туралы пікірлер тек Парламенттің заң шығару қызметіне байланысты. Тиісінше, заң шығару процесінің парламентке дейінгі және парламенттік кезеңдері, сатылары Президенттің және референдум арқылы халықтың заң шығармашылығына жатпайды. Президенттің және халықтың заң шығару қызметінің процедуралық жағын анықтау бөлек мақалада қарастырылады.
Заң шығарумен мемлекеттің жоғарғы заң шығарушы органы айналысады. Халықпен сайланған өкілдік орган арнайы Конституциямен белгіленген тәртәпте заңдарды қабылдайды. Праламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтән,мыналарға:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық және мемлекеттік - құқықтық. Құбылыстардың негізгі түсінігі
Тұрғылықты халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуы қай кезеңнің болмасын негізгі мәселесі
Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері
ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Құқық шығармашылығының негізгі қағидалары
Нормативтік - құқықтық актілер түсінігі
Шығармашылық құқық
Құқық шығармашылығы туралы
Құқық шығармашылығының түсінігі
Пәндер