Көліктік кәсіпорындардың суды ластау түрлері
Автомобиль көлігі бөліп шығаратын зиянды заттар ауаға, су қоймаларына, топыраққа түсіп планетамыздың биосферасына кері әсер етеді. Қазіргі кезде автомобиль қозғалтқышында 1 килограм бензин жанғанда 3 килограм атмосфералық оттегі шығындалады. Әрбір автомобиль ауаға сағат сайын 60 м3 газ, ал жүк машинасы 120 м3 газ бөліп шығарады. Бұл заттар тірі ағызалар үшін өте қауіпты болып келеді. Солардың ішіндегі көпшілігі автомобильді пайдалану мен өндірудегі құрамында органикалық және органикалық емес заттар, хлоридтер, қалдықтар бар улы және улы емес компоненттерді бөліп шығаратын газдар, мұнай өнімдері, шаңдар. Міне осылай қозғалыс көлемінің өсуіне байланысты қоршаған ортада зиянды компоненттер үнемі жинақталып, әсері артады. Автомобиль жанармайының жану өнімі жер беті қабатына жинақталып елді мекеннің барлық территориясына таралады және адамдардың тыныс алу ағзасына түседі.
Пайдаланылған газдар құрамында улы заттардың аз болуын қамтамасыз ету өте қиын мәселе болып табылады. Оны шешу үшін өндірістік пайдалану қызметтердің және жол қозғалысын реттеу қызметтерінің біріккен күштерін жұмылдыру керек.
Ластауды азайтудың бастапқы маңызы қозғалтқыштың техникалық жағдайы болып табылады. Күрделі жөнделген қозғалтқыш отынды аз шығындайды және де сапасымен ауаның ластану дәрежесін төмендеуге әсер етеді. Алайда басты назар жанармай аппаратурасы мен қосу жүйесінің дұрыс жұмыс атқаруына бағытталуы керек.
Қазіргі кезде қозғалтқыштарды жетілдірудегі зерттеу және тәжірибелік жұмыстар мынадай бағыттарда жүргізілуде: жану жүйесін жақсарту, қозғалтқыш цилиндріне жанармайдың өту процесін өзгерту, қосымша жабдықтарды орнату, өндірілген газдар құрамындағы зиянды бөлшектерді азайту. Осы қатынаста жұмысының жоғары тұрақтылығымен ерекшеленетін және оталдыру оттығының аса күшті дәрежесін қамтамасыз ететін электронды оталдыруды пайдалану елеулі өзгерістер береді.
Улануды азайтудың тәсілдерін 4 негізгі топтарға бөлуге болады: конструкциясын, жұмыс процесін, өндіріс технологиясын және іштен жану қозғалтқыштарын арнайы реттеу және олардың жүйелерін өзгерту; жанар-жағар майдың басқа түрін пайдалану немесе жанар-жағар майдың физика-химиялық қасиеттерін өзгерту; пайдаланылған газдарды улы компоненттерден тазарту; қозғалтқыштарды аз уландыратын қондырғылармен ауыстыру.
Жоғарыда көрсетілген құрылымдық өзгерістердің барлығының жақсы қасиеттерін ескере отырып, олардың мәселені түбегейлі шешпейтінін мойындау қажет. Сондықтан өндірілген газдардың улылығын сейілтетін әр түрлі нейтрализаторларды пайдалану маңызды болып табылады.
Нейтрализатор дегеніміз өндірілген газдардың улылығын төмендету үшін шала жанған өнімді түгелдей жағуға және азот қышқылдарын, құрамдас элементі азот пен оттегіні бөлуге арналған шағын құрал. Нейтрализатордың термиялық, каталитикалық, сұйық, механикалық және құрама түрлерін атап көрсетуге болады. Термореакторда көміртек тотықтары көмірқышқыл газына айналу процесі, сондай - ақ цилиндрдегі жанбаған көмірсутектердің және альдегидтердің жану процесі жүреді. Тотығу реакциясы 500-6000С жүреді және көмірсутегіні екі есе, ал көміртек тотығын 2-3 есе төмендетеді.
Көліктің табиғи ресурстарды иррационалды пайдалануда, қоршаған ортаны қорғаудың мәселелерінің барлық аспектілеріне тікелей байланыстылығы бар, өйткені бұл сала автомобильдер паркі, локомотивтер, кемелер, ұшақтар арқылы, автокөліктік кәсіпорындар, деполар, порттар және тағы басқалары арқылы қоршаған ортаға тікелей әсер етеді [1].
Қазір қоршаған ортаның жағдайы қанағаттанғысыз болып отыр, әрi ауаның, топырақтың және судың ластануы халық денсаулығына керi әсер тигiзуде. Бұл факторларды өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың және ластанған ағын сулардың шоғырлана жиналуы едәуiр күшейте түсуде. Елде ескiрген технологиялардың болуы, яғни ластайтын заттарды қоршаған ортаға тастаудың жақын арада азаймайтынын болжауға негiз болады. Ел өңiрлерiндегi табиғи ресурстар аса тиiмсiз пайдаланылуда. Өндiрiстiң және тұтынудың қалдықтары, оның iшiнде қауiптi және радиоактивтi қалдықтарды игерудiң жүйесi жасалмаған, тұрмыстық қалдықтарды жинау, сақтау, кәдеге жарату мен қайта өңдеу жүйесiнiң жетiлмеуi табиғи ортаның ластануына әкеледi.
Осыған байланысты қалдықтар өндiрiсi мен оларды пайдалану мониторингiн жүзеге асыру, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды көмудiң әсерiн бағалау қажет. Ресурс-энергия сақтау технологиясын белсендi түрде енгiзу, қалдықтарды қайта өңдеу және пайдалану жөнiндегi қызметтi ынталандыру қажет. Шикiзат пен қалдықтарды кешендi пайдаланудың тұйық технологиялық циклін жасауда бәсекеге қабiлеттi өнiмдi өндiруге, бағалы компоненттердi кәдеге жаратуға, әрi онымен бiр мезгiлде қоршаған ортаға түсетiн салмақты азайтуға мүмкiндiк бередi.
Сонымен қатар республикадағы барлық су объектiлерiнiң сапалық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Су объектiлерiне өндiрiстiң мұнай-химия, машина жасау салалары мен түстi металлургия кәсiпорындарынан шығарылған шайынды сулармен бiрге негiзгi ластанулар құйылады. Сонымен қатар барлық көлік түрлері әр түрлі дәрежеде су бассейндерінің ластануын тудырады. Ағын суларында әдеттегідей, мұнай және оның туындылары, фенолдар, қышқылдар, сілтілер, металдар тұздары және басқадай зиянды және уытты заттар бар. Көлік құралдарының және көліктік кәсіпорындардың көпшілік түрлері үшін су ресурстарын ұтымды пайдалану қажет, яғни ағын суларын тазалау және жинау; ластанған сулардың келіп қосылуын тоқтатуға және азайтуға бағытталған құралдар және құрылыстардың конструкциясын, құрылымын жетілдіру; территорияда жанармайдың және басқа шикізаттардың төгілуіне рұқсат бермеу мақсатымен көліктік кәсіпорындардың жұмысын жетілдіру.
Су ресурстарын қорғау және тиiмдi пайдалану үшiн:
- шетелдiк және отандық озық технологияларды пайдалану, ластанған суларды тазарту, сулардың тартылуын, қоқыстануы мен ластануын болдырмау жөнiндегi тәжiрибенi пайдалану;
- қолдағы шаруашылық күшiн, кадрларды, жобалау және ғылыми әзiрлемелердi пайдалану;
- суды пайдалану аясында суды пайдаланудың шығынын азайту қажет.
Тағы бір мәселе, көлікке арналған ғимараттарға, құрылыстарға жер ресурстары көбірек бөлінеді. Сондықтан жер ресурстарын ұтымды пайдалану маңызды мәселе болып табылады. Ол мыналарға саяды:
- жер құнарлылығын сақтау;
- көлікке арналған ғимараттардың, құрылыстардың ықпал етуі кезінде жерді ұтымды пайдалану;
- қатты қалдықтарды пайдаға асыру;
- көлікке арналған құрылыстардың ықпал етуімен бұзылған жерлерді қайтадан қалпына келтіру;
- жердің көліктен шыққан пайдаланылған газдың зиянды компоненттерімен, ластанған сулармен, қоқыстармен және басқадай қалдықтармен ластануын қысқарту.
Бұл мәселелерді жүзеге асыру өте үлкен күш пен қаржы талап етеді. Бәрімізге белгілі, елімізде табиғатты сақтау жұмыстарын жоспарлаудың маңызы орасан, өйткені табиғи ресурстарды өндіру және экспортқа шығару экономикамыздың негізі.
Қазір мемлекеттiң экологиялық саясаты өндiрiстi экологияландыруға бағытталған. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, қоғамның барабар қажетiне орай, табиғатты пайдалану процесiн реттеу үшiн, өндiрiстiң өсуi кезiнде қалдықтарды шығару, тастау және жиналу деңгейiн тұрақтандыру қажет әрi қарай осы шарттарды сақтай отырып, қоршаған орта объектiлерiн қалпына келтiру жөнiндегi нақты шараларды дәйектi түрде жүзеге асыру қажет. Бұл қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамасын халықаралық талаптарға сәйкес келтiрудi сөзсiз талап етедi [2].
Экономика мен экологияның ортақ мүдделерiн барынша жақындата түсу үшiн экспорттық саясатты өзгерту, жоғарғы технологиялық өндiрiстердi дамыту, табиғи ресурстарды мейлiнше аз пайдаланатын, қоршаған ортаға мейлiнше аз залал келтiретiн өндiрiстердi құру қажет. Қоршаған ортаны басқару жүйесi ИСО сериясы 14000 пайдалану табиғатты қорғау заңнамасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандыруға, өнеркәсiп кәсiпорындарының экологиялық мiндеттемелерiн орындауға, нәтижесiнде импорт пен экспорт өнiмдерi бойынша көптеген мәселелерді шешуде маңызы зор.
Жоғары технологиялы өнiмдерге, тауарларға, қызмет көрсетулерге бағытталған экономикалық даму қоршаған ортаға салмақтың аз түсуiн қамтамасыз етедi. Сондықтан экологиялық мәселелерді шешу, әсіресе халық шаруашылығын әрі қарай дамытудың жаңа, ғылыми-техникалық прогресстің алдыңғы қатарлы жетістіктер кезеңінде экологиялық білімді жетілдіруге, қоғамның экологиялық мәдениетіне және әрбір азаматтың бойында қоршаған ортаға жауапкершілік сезімі мен патриотизмнің қалыптасуына тікелей байланысты.
Бұл тұрғыда жоғарғы оқу орындарында болашақ көлік мамандарының экологиялық білімін арттыру күрделі мәселе болып табылады. Негізгі салмақ жоғары оқу орындарындағы оқытушы қауымына түспек. Студенттерге экологиялық білім, тәлім-тәрбие беру үшін мамандықтар бойынша жүргізетін пәніне тәуелсіз, барлық оқытушылардың, барлық кафедралардың міндеті. Осы мәселе бойынша кафедрааралық семинар өткізу, әдістемелік семинар жоспарына студенттерге экологиялық тәрбие беру әдістемесі және практикасы бойынша тақырыптар енгізу қажет.
Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді`.
Ал болашақ инженер мамандардың алдында жауапты, өндірістік және көліктік-коммуникациялық дамудың жаңа экологиялық таза моделіне өту мәселесі тұр.
Экологиялық білім беруге деген қажеттілік адамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты. Қоршаған ортаның сапасы адамның негізгі құқығының бірі - денсаулықты және дамудың негізгі мақсатын анықтайды. Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру, табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін анықтау үшін, адамның одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін мінез-құлқының арнайы әлеуметтік-табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет.
Экологиялық білім беру дегенде әр адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігі қалыптасуға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру және даму процестерін түсінеміз. Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу. Табиғи ортаға және адамның денсаулығына зиянды әсер етуімен байланысты адамдардың барлығының қажетті деңгейде экологиялық дайындығы міндетті түрде болуы керек [4]. Бір бірімен байланысты экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесін экологизациялауды бөліп көрсетуге болады. Экологиялық білім беру деп әртүрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғат пен антропогенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары туралы арнайы білім беру.
Экологиялық білім беру жүйесіне қойылатын негізгі талаптар:
- студенттерге қоршаған орта туралы ауқымды, нақты білім беру;
- олардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру;
- экологиялық немқұрайлықты болдырмау;
- олардың экологиялық сауаттылығын арттыру.
Қоршаған орта мәселелерін білім беру екі бағытты қамтиды:
- іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін сауатты мамандар дайындау және әртүрлі пәндердің мазмұнын экологияландыру;
- жағымсыз экологиялық құбылыстарды болдырмау мақсатында көпшілік пікір қалыптастыру.
Білім беру жүйесін экологизациялау - экологиялық ұғымдарды, принциптер мен көзқарасты басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әртүрлі салалардың мамандарын дайындау. Бұл тұрғыда студенттерге инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің теориялық, танымдық қабілетін қалыптастыру қажет, яғни:
- инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің теориялық негізін айқындау;
- инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің түрлерін жетілдіру;
- инновациялық оқыту технологиясы арқылы үздіксіз экологиялық білім берудің моделін жасау;
- педагогикалық эксперимент арқылы экологиялық білім беруде инновациялық оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігін дәлеледеу.
Жалпы оқу үрдісінің логикасы қарапайымнан күрделіге қарай, экологиялық тұрғыда сабақтастырылуы керек. Қоршаған орта мәселелеріне сын көзбен қарап, оны сақтауда жауапкершілікке тәрбиелеу - ең маңызды міндеттің бірі. Экологиялық білімнің тиімділігі жүйелілік тәсілге негізделіп, үздіксіз жүйеге айналғанда ғана табысқа жетеді.
Судың сапасы -- судың халық шаруашылығында пайдаланылу мақсаттарын (ауыз су ретінде ішуге, тамақ, қағаз, тоқыма, былғары өнеркәсіптерінің техникалықкалық су ретінде, ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға және т.б.) ескере отырып, оның физикалық, химиялық және бактериологиялық көрсеткіштеріне қойылатын талаптар жиынтығы.[[1]] Судың сапасы - судың сапа көрсеткіштерінің адамдардың қажеттеріне немесе технологиялық талаптарга сай келу дәрежесі. Олар ауыз сумен жабдықтау, тынығу, балық шаруашылығының мүқтаждары, ирригация, әр түрлі өнімдер өндіру секілді максаттарда пайдаланылатын су үшін белгіленетін нормативтік талаптар түрінде білдіріледі. Тікелей адам тұтынатын судың сапасы және табиғи суқоймалардағы судың сапасы болып сараланады. Соңғылары сапробтылык (қоректік затгектердің, организмдер топтамаларының болуы, судың мөлдірлігі) дәрежесі бойынша бағаланады. Мысалы, олигосапробтық суқоймалар, әдетте, таза не аз ласталған деп есептеледі, қоректік заттектер аз, мөлдір болады, ал эвтотрофтық суқоймалар барынша ластанған, қоректік заттектері мол және лай болады.
Судың сапасын бағалау суды пайдалану түрінен қарап жүргізіледі. Тәжірибелік көзқарастан, оларға қойылатын жеке талаптарына сәйкес, суды пайдаланудың келесі түрлерін ажыратады: орталықтанған сумен қамтамасыздандырудағы ауыз суы үшін, орталықтанбаған (жергілікті) сумен қамтамасыздандырудағы (құдықтардың, бұлақтардың) ауыз суы үшін.
Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажетіне пайдаланылатын су келесі гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қажет:
1. органолептикалық қасиеттері жағымды, мөлдір, түссіз болуы және суға тән емес ешқандай бөгде дәм мен иістің болмауы;
2. адам ағзасына зиянды әсерлерді беру қабілеті бар тұздар мен уытты заттардың шамадан артық мөлшерде болмауы;
3. патогенді қоздырғыштардың, гельминттердің жұмыртқалары және личинкаларының болмауы.
Орталықтанған сумен қамтамасыздандыру жүйесіндегі ауыз судың сапасына қойылатын талаптар санитарлық ережелер нормативті құжатында берілген. Осы стандартқа сәйкес ауыз су эпидемиологялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттері болуы керек. Судың эпидемиологялық тұрғыдан қауіпсіздігі оның № 2 кестеде берілген микробиологиялық көрсеткіштеріне сәйкестігімен анықталады. Қазіргі уақытта жердің беткі қабатындағы су көздерін пайдаланушы су құбырының су тарату желісіндегі судың вирустармен ластануын бағалау үшін колифагтарды анықтау қабылданған. Олардың көрсеткіші болып 100 мл судағы түйін құраушы бірліктердің (ТҚБ) саны қабылданған. Олар ауыз суда болмауы қажет. Ауыз суда патогенді микроорганизмдер және гельминттер мүлдем болмауы тиісті. Олардың болуы сумен қамтамасыздандыру жүйесінде маңызды ақаулардың барын және ауыз су құбырының канализация коллекторымен немесе өнеркәсптік су жүйесімен тікелей байланысының барын көрсетеді.
Ластанған суды тазалау әдістері
Лас суды тазартуға төмендегідей әдістер қолданылады: механикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық әдістер.
Механикалық әдіс
Механикалық әдіс, лас судың құрамындағы күрделі минералды заттарды, ерітілмейтін қоспаларды ұстау үшін қолданылады. Жалпы механикалық әдіс сирек қолданылады. Өндірістік лас суды тазартуда жеке қолданылуы мүмкін, ал көбінесе басқа әдістердің алдында қолданылады.
Механикалық әдістерге төмендегідей қондырғылар мен ғимараттар жатады: қабылдау камерасы, кереге, құмұстағыштар, тұндырғыштар.
Су тұндырудың жұмыс істеу қабілетін көтеру үшін төмендегідей әдістер және қондырғылар қолданылады. Олар лас суды жай аэрациялау, биокоагуляторлар, табиғи аэрациялау бар мөлдіреткіштер, мөлдіреткіш-шіріткіштер, екі қабатты тұндырғыштар, флотаторлар, мұнай ұстағыштар, май ұстағыштар. Тұндырғыштардың тұндыру эффектісі 60%, органикалық заттарды ұстау эффектісі - 10 15% -тен аспайды.
Биологиялық әдіс
Биологиялық әдіс - лас судың құрамындағы органикалық және коллоидты қоспаларды тазарту үшін қолданылады.
Лас суды биологиялық тазалау әдісінің екі түрі бар: табиғи және жасанды.
Табиғи биологиялық әдістің құрамында қолданылатын ғимараттар: сүзу алаңдары, суландыру алаңдары, биологиялық тоғандар, циркуляциясы бар тотықтырғыш каналдар. Жасанды биологиялық әдістердің құрамында қолданылатын ғимараттар: аэротанктер және биофильтрлер, олардың әртүрлі моделдері.
Биологиялық әдіспект тазарған лас судың ОБҚ көрсеткіші 15-20 мг л болуы тиіс, мұны толық тазарту әдісі дейді, ал егерде ОБК, көрсеткіші 20-25 мг л болса, толық емес тазарту деп аталады.
Негізінде биологиялық әдіспект тазартқанда тазарту дәрежесі 90-95% -ке жетуі мүмкін.
Химиялық әдіс
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz