Қазақ КСР ғылым академиясының орталық ғылыми кітапханасы
Кіріспе
Қоғамның ырғақты дамуы үшін қажетті алғышарттар сан-алуан. Оған экономиканың ұйымдастырылуы, қоғамдық қатынастар, саяси құрылым, геосаяси жағдай, демократия мен заңдылықтың сақталуы, табиғи-климаттық ерекшеліктер, мәдени-ағарту мекемелерінің қалыптасуы - бәрі тікелей әсер етеді. Осынау алғышарттар ішінде мәдени-ағарту мекемелерінің ішіндегі кітапханалардың алар орны айрықша. Халқымыздың рухани, мәдени ой-санасының қалыптасуы мен дамуында кітапхананың атқарар рөлі ерекше. Кітап білім байлығы ғана емес, рухты оятатын, ой-сананы өсіретін қымбат қазына, кітапхана сол қазынаның алтын діңгегі. Қазақтың белгілі ақыны Өтебай Тұрманжанов: "Кітап - көп ақылдың құйылған көлі. Ол көпке таралғанда ғана көптің бойына сіңіп, игілігіне жұмсағанда ғана мүддесіне жетеді", - деп жазса, ал XIV ғасырдағы итальян ақыны кітаптың халық арасына таралғандығына құндылыққа ие болатынына көңіл бөледі. "Кітаптарды дәл бір түрмедегідей жабық ұстауға болмайды, олар кітапханадан зердеге (ес) сөзсіз көшіп отыруға тиіс", -дейді италиялық ақын - Ф. Петрарка. Осы құндылықтардың жиналған төрі - кітапхана. Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. Халықтың білім бұлағы болып саналатын кітапханалар жаңа талапқа сай жұмыс істей бастады. Мысалы, ҚазақстандаXX ғасырдағы кітапхана қызметкерлері барлық жұмыстарын техникасыз атқарып, тек қолда бар ақпараттарды пайдаланса, XXI ғасырда кітапхана қызметкерлерінің заман ағымына орай ой-өрістері кеңейіп, тек өз жерінде ғана емес шет мемлекеттердегі ақпараттармен алмаса алатын, оқырмандарының сауалдарына жан-жақты, кең көлемде жауап бере алатын жағдайға жетті. Әсіресе, оқырмандардың электронды кітапханалардың мәліметтер базасын, әлемдегі ірі ақпарат орталықтарының каталогтарын, жеке электронды коллекцияларды оқып-білуіне де мүмкіндік туды. Сондай - ақ, жұртшылықтың, оқулықтардың, кітаптардың, энциклопедиялардың, CD-Rom-дағы, интерактивті оқу курстарының электронды басылымдарын қарауына кітапхана мүмкіндік жасап, заман талабына сай жұмыс атқарып жатыр. XX ғасырда жаңадан кітапхана қызметкерлері іріктеле бастаса, ал XXI ғасырда кітапхана қызметкерлерін даярлайтын оқу бағыттары пайда болды. XXI ғасыр, кітапханалар мен кітапханашылар үшін түлеу, жаңғыру ғасыры болады. Кітапханалардың қалыптасуы, кітапхана қызметкерлерін дайындау, олардың әлеуметтік ахуалы XX ғасыр басында қазақ қоғамының өтпелі кезеңінде болды, оның таңдаулы үлгілерінің, ізденістері мен тәжірибесінің Қазақстандағы бүгінгі мәдени процестер үшін де маңызы бар.
Кітапханалар әрқашанда қоғамдағы ең талап етілген мекемелердің бірі болған және бола береді. Тек қана Жетісу өңірі емес, бүкіл Түркістан өңірінің ірі әкімшілік және мәдени орталығы болған Верный қаласында да ХХ ғасырдың басында алғашқы мәдени-ағарту мекемелері пайда болуы елдегі мәдени өмірдің дамуына зор үлесін қосты.
Жетісу облысының мекемесінде 1867-1868 жылдары 2 кластық училище және 12 ауыл мектептері болды. 1868 жылдың екінші жартысынан кітапханалар жұмыс істей бастайды. ХХ ғасырдың басында Верный қаласында бірнеше кітапханалар болды, олардың өз жеке кітап қорлары болған. Олар мұғалім семинариясында, ерлер және әйелдер гимназиясында, әскери госпитальдарда, қалалық ауруханаларда, мектептерде болады. 1886 жылғы 15 наурыздағы Жетісу облыстық ақпарат беттерінде Жетісу облысының әскери губернаторының мақаласы жарық көреді. Ол: Жалпы Орта Азия мемлекеті бойынша Түркістан иелігі жайында зерттелген ғылыми жұмысқа қажетті кітаптарды тек Ташкенттегі кітапханадан ғана табуға болады. Басқа уезд, облыстық кітапханаларда жалпы Түркістанға келген саяхатшылар үшін де өлке жайында маңызды деректер жоқ. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмай, алдын алу үшін Верный қаласында кітапхана құрып ондағы жинақталған кітап қоры Орталық Азия мемлекетіне қатысты болуы тиіс, деп жазады. Осындай талаптарға орай 1898 жылы Жетісу облыстық статистикалық комитеті жанынан кітапхана ашылады. Жетісу облыстық статистикалық комитеті және оның мүшелері кітапхана арқылы үлкен қоғамдық және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізді. Кітапхананың ашылуы - Верный, Жетісу қалалары жалпы барлық Қазақстан үшін мәдениет тарихында ең маңызды бет болады. Кітапхана қорына жүйелі түрде Жетісу өлкесіне, оның табиғат байлықтарына арналған әдебиеттер толықтырылып отырады. СОСК кітапханасының өзегі - Кульджинск кеңсесі жанында орналасқан Орталық Азия кітапханасының кітаптары болған. 1871-1881 жылғы аралықтағы орыс-қытай соғысы кезінде, 1879 жылы Кульджинск кеңсесінің кітапханасы 1878 жылы Жетісу облыстық статистикалық комитеті болып құрылған Жетісу облыстық басқармасына сақтауға өткізілінеді, кейіннен 1887 жылғы жер сілкінісінен кейін көптеген кітаптары жоғалып кетеді. Жетісу облыстық статистикалық комитеті жанындағы кітапхананы ұйымдастырушылар қалған кітаптарды тек сақтап қана қоймай, одан әрі толықтыруға барлық мүмкіндіктерін жасайды. Олар әр-түрлі ғылыми-мәдени орталықтарға және Ресейге комитет кітапханасын толықтыруға өтініштер жазып жіберіп отырады. Осындай Жетісу облыстық статистикалық комитеті мүшелерінің жүргізген жұмыстары барысында кітапхана қоры жылдан-жылға көбейе бастайды. Кітапханаға түсіп жатқан кітаптар тек университет кітапханаларымен қатар, басқарма және қоғамдық мекемелерден және жәрдем берушілерден жинақталды. Жәрдем берушілер:
1. Ботаникалық бақ императорынан - 53,
2. Санкт-Петербург университетінің шет тілдері факультетінен - 23,
3. Николаев атындағы физика обсерваториясынан - 17
4. Профессор В.В. Сапожниковтан-2
5. Доктор М. Фридрихсен -1-у болды.
Мерзімді басылымдарды Жетісу облыстық статистикалық комитетінің кітапханасы ғылыми қоғамдардан және Ресейдің жоғары оқу орындарынан: Орыс географиялық қоғамы, Түркістан, Орынбор, және Семей қоғамдары, Қазан, Харьков, Киев униврситеттерінен алады.1905 жылғы Жетісу облыстық статистикалық комитетінің есебі бойынша кітап сатып алуға 30 сом 62 тиын жұмсаған. Оның ішінде: Кожевниковтың Тарихи-жаратылыстану коллекциясын құрастыруға басшылық, Ресей құстары және т.б. Сонымен қатар 162 сом 30 тиынға 45 томнан 82 томға дейін, кітапханада бар 45 томға жалғастырылып Брокгауз және Эфронның энциклопедиялық сөздігі болды. 1906-1907 жылдар ішінде кітапханаға 714 кітаптар түскен. Жетісу облыстық статистикалық комитетінің кітапханасы жылдан-жылға өсе түсті. Егер 1902 жылғы қаңтар бойынша кітапхана қорында 1.435 тақырыпта дана кітаптар, 2.693 түптелінген кітаптар болса, 1906 жылғы қаңтарда кітапхана қорында 2.321 тақырыпта дана кітаптар және 3 681 түптелінген кітаптар болды. Сонымен соңғы төрт жыл ішінде кітапхана қоры 876 тақырып дана және 988 түптелінген кітаппен толықтырылады. 1912 жылғы қаңтар айы бойынша кітапхананың кітап қоры 6 000 құраса, оның 3.500 тақырыптық даналарды құраған, ал, кітапхана қоры өскен сайын, оларды орналастыру мүмкін болмаған. Жетісу облыстық статистикалық комитеті мүшелері кітапхана қорын сақтау үшін шенеулік Сапожниковтің 6 бөлмелі үйін жалға жылына 300 сомға алады. Бірақ та бір жалға алған жерден екінші жалға алған жерге көшуде көптеген кітаптар белгісіз себептерден жоғалып жатады.
Жетісу облыстық статистикалық комитеті мүшелері жинақталған бағалы байлықты сақтау барысында Ресейдің ішкі істер министрлігіне кітапханаға жаңадан мекеме құрылысын бастауға рұқсат етуге өтініш жазады. Бұл өтініштің жауабы 1908-1913 жылдар аралығына дейін созылады. 1911 жылғы 8 ақпанда Ресей қаржы министрлігінің орынбасары Покровский әскери министрлікке жазған хатында: Қауіпті жерге құрылыс жүргізу, оған бағалы коллекцияларды және кітапхананы орналастыру мүмкін емес. Верный қаласында жер сілкінісі кезінде талқандалған ғимарат өте қауіпті орында болғандықтан құрылыс жүргізу өте орынсыз, деп жауап жазады. Кітапхана қорын Жетісу облыстық статистикалық комитеті мүшелері, Жетісу өлкесіне қатысты зерттеумен шұғылданатындар ғана қолданып басқа оқырмандардың кітапханадағы басқа кітаптарды қолдануға рұқсат етілмейді. Осыған байланысты Верный қалалық басқармасы Жетісу облыстық губернаторының алдына 1910 жылдың екінші жартысынан бастап Верный қаласында жергілікті тұрғындар арасында мәдени-ағарту қызметін өткізетін қоғамдық кітапхана ашу қажеттілігі туындап отырғанын және оның жанынан оқу залын ашып оған қалалық кітапхана деп аталуын ұсынады. 1911 жылғы 26 ақпанда қалалық басқарма Я.С. Щепкиннің басшылығымен Верный қалалық кітапхана комитетінің мәжілісі өтеді. Мәжілісте комитет, Л.Н. Толстойдың өліміне байланысты қалалық кітапхана ашып, оған жазушының есімін беруге шешім қабылдап, ашылу күнін 6 наурыз, сағат 12-ге белгілейді. Кітапхананың ашылуына дейін Қалалық кітапхананың және оқу залының пайдалану ережесі құрылады. Ереже бірнеше пункттерден тұрды:
1.Верный қалалық кітапхана қорында барлық салалар бойынша әдебиеттер және мерзімді басылымдар жинақталған.
2. Кітапхана қорын Верный қаласының барлық тұрғындары пайдалана алады.
3. Қалалық кітапхана кітаптарын ақылы пайдалану айына тағайындалады. Түптелген 2 кітапты алу 1 ретке - 15 тиын, 3кітап - 20 тиын, 4 кітап - 25 тиын. Бағалы кітаптар үйге берілмейді.
4. Кітаптар үйге екі аптаға ал, ағымдағы мерзімді басылымдар бір аптаға ғана беріледі.
5. 8 күннен өтіп ұсталынған бағасы 5 сомдық кітапқа 1 күнге 5 тиын айып тағайындалып, 5 сомнан жоғары кітаптарға 10 тиын айып салынып отырды.
6. Верный қалалық кітапханасы жанынан қаланың барлық тұрғындары ақысыз кітаптарды, мерзімді басылымдарды пайдалана алатын оқу залы болады.
Л.Н. Толстой атындағы Верный қалалық кітапханасындағы кітап қоры арнаулы дүкендерден сатып алудан, жеке адамдардың жәрдем көрсетуінен, әртүрлі ғылыми және басқа ұйымдардан айырбас жасаудан толықтырылды. 1912 жылдары кітапханада 6000 томды құрайтын 3500 тақырыпта кітап қоры және Жетісу өлкесіне арналған ғылыми еңбектер, сирек кездесетін кітаптар болды. Кітапхана Қопал көшесінің (қазіргі Д.А.Қонаев көшесі) мұражай жанында орналасты. 1914 жылғы тексеріс кезінде кітапхананың кітап қорынан К.Маркс, А.Серафимов, Б.Тана, П.Кропаткина шығармалары шығарылды. Осы кезде патшалық құрылыс өлкеге революциялық әдебиеттердің енуіне қарсы күреседі. Кітапхана Жетісу қаласының ғылым және мәдениеттің орталығы болды. Осы кезге дейін кітапхана меңгерушісі Б.Пономаревтің құрастыруымен жасалған каталог 1913-1915 жылдардағы қордағы кітаптардың мазмұнын талдауға мүмкіндік береді. Кітапханадағы кітап қоры 4,590 дана кітаптар және журналдардың 50 пайызы көркем шығармалар және балалар әдебиеті, 28 пайызы журналдар, 10 пайызы дін әдебиеті, тек 12 пайызы әр салалар бойынша жинақталған әдебиеттермен толықтырылады.
ХХ ғасырдың басында Жетісу облысының уездік орталықтарында Қопалда, Аягөзде, кітапханалар ашыла бастайды. 1900 жылы Лепсинскіде ақысыз кітапхана-оқу үйі ашылады. Верный қаласында тұрғылықты мұсылман халқына білім беру және ағарту мақсатында рухани-өнегелі қанағаттануына басқарушылардың рұқсатымен ұйымдастырушылар 1907 жылыақылы және ақысыз мұсылман оқу залын ашты. Бас кезінде санаулы ғана кітап болса, уақыт өткен сайын басқармалардың күш салуының арқасында 1913 жыл аяғында кітап саны қазақ тілінде 920 дана, орыс тілінде 734 дана, қазақ тілінде газеттер 7, журналдар 12-ге дейін, орыс тілінде газеттер 5, журналдар 2 данаға дейін өсті. Алдыңғы жылдары оқу залын 2500 қазақ оқырманы, 1500 орыс оқырманы қолданса, соңғы жылдары қазақтар 7000 адамға және орыстар 4000 адамға өскен. Әрине, білімге деген ерекше ұмтылыстың кеңеюі қуанышты еді. Өсіп жатқан қымбатшылыққа қарамай халықтың рухани аштықты жеңуге ұмтылуы мұсылман кітапханаларының көптеп ашылуына кедергі болмады. Кітапхана-оқу залының ашылуы және қамтамасыз етілуі қойылымдардан, концерттерден өз еркімен жәрдем берушілерден түскен қаржыға ашылып қамтамасыз етіліп отырды. Жиналған қаржылар бір-бірін бүтіндеуге әрең жетіп отырған. 1913 жылдары жарналардан түскен 125 сом жылдық жарықтандыруға ғана емес, ал оның арасында кітап және қазіргі заман басылымдарды жаздыртып алу, тұрған мекемені жылытуға, кітапханашы еңбегіне, күзетшіге, ғимараттың тазалығын сақтауға адам жалдауға жетпеді. Верный мұсылман кітапхана оқу үйі басқармасының председателі - З.Т.Тазитдинов 1913 жылғы 25 қарашада Верный қалалық думасына, мұсылман кітапхана-оқу залына жыл сайын жәрдем ақша бөліп тұруына өтініш білдірді. Өтінішпен қоса 1907 жылы 27 қаңтар айында құрған Верный мұсылман кітапхана-оқу залының ережесін жіберді. Верный мұсылман кітапхана-оқу залы Верный қалалық қоғамымен құрылды және төмендегідей мақсаттан тұрады:
- Тұрмысы төмен мұсылмандарға кітапты тегін пайдалануға мүмкіндік беру, ал қалған мұсылмандарға аз ғана көлемде ақылы кітап, журнал, газеттерді, арнаулы басқа басылымдары қолдануға мүмкіншілік тудыру;
- Кітапхана-оқу залы екі бөлімнен тұрады: ақылы кітапхана-оқу залы, ақысыз кітапхана-оқу залы. Екі бөлімде бір ғимаратта орналасқан, бірақ әр қабатта, жеке бөлмелерде. Екеуіне бір Верный мұсылман кітапхана-оқу залы атауы берілген.
Кітапхана-оқу залының қаражаты:
- ұйымдастырушылар және жарна төлеушілерден,
- қалалық басқарма мекемелерінен,
- жеке адамдар мен әр-түрлі мекемелерден,
- қойылымдардан, концерттерден,
- лекциялардан, ыстық шай сатумен, жаз уақыттарында қымыз сатудан түскен қаржымен қамтамасыз етіледі.
Кітапхана-оқу залынын басқарылуы:
1. Кітапхана-оқу залының жұмысы кітапхана кеңесінің мүшелерімен басқарылады. Мүшелікке кіретіндер бірден 50 сом немесе жыл сайын 5 сом жарна төлеуге міндетті. Кітапхана-оқу залы мүшелігіне алғашқы құрушылардан, кітапхана кеңесімен қабылданды;
2. Кітапхана-оқу залын меңгерушілікке оның мүшелері жыл сайын өз орталарынан қамқоршыны сайлайды;
3. Кітапхана-оқу залы қамқоршысы үкіметтің алдында кітапхана-оқу залының белгіленген ережесіне және үкіметтің жарлықтарын бақылауға жауапты болады;
4. Кеңес мүшелерінің құрамы кітапхана-оқу залының отырыстарында анықталады;
5. Түсіп жатқан барлық қаржы көмектер кітапхананың мұқтаждығына немесе қаланың басқа бөлімдерінде оқу залын ашуға жұмсалынады;
6. Кітапхана-оқу залына кеткен шығын есептерінің тәртібі кеңес мүшелерімен анықталады;
7. Жыл сайын кітапхана істері мен есептерін тексеру үшін оның мүшелері өз орталарынан сенімге кірген адамды сайлайды;
8. Кітапхана-оқу залының кітапханашысы кеңестің тағайындауымен оның мүшелерінің отырыстарында анықталады және жұмыстан шығарылады;
9. Кітапханашы кеңес мүшесінің ішінде есептелінеді және оның іс-қағаздарын басшылыққа ала отырып оның инвентарлық кітабы және басқа кітаптарын жүргізе отырып жыл сайын кітапхана-оқу залы қызметінің есебін жасайды;
10. Кітапханашының жасаған есебі кітапхана-оқу залы мүшелерінің отырыстарында талқыланады;
11. Кітапты жаздыртуға қаржыны табу, оның тізімін құру, кітапхана-оқу залының кеңесінің міндетіне кіреді;
12. Кітапхана-оқу залында кітап оқу кеңестің белгіленген бір уақыты бойынша аптасына бір рет ашылады. Кеңес сонымен бірге кітапты үйге беру күні мен уақытын тағайындайды;
13. Кітапхана-оқу залы кеңесінің тәртібі және уставындағы өзгерістер мен толықтырулары облыстағы іскери губернаторға ұсынылады [1,29-36 бб.].
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының тарихы
1910 жылғы 31 желтоқсанда Верный қалалық думасының шешімімен кітапхана-оқу залының ашылуы кітапхананың негізі қаланған күні болып есептеледі. 1931 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚАКСР) Орталық Атқару Комитеті Президиумының 1931 жылғы 12 наурыздағы ҚАКСР Мемлекеттік көпшілік кітапханасын ашу туралы Қаулысына сәйкес Кітапхана Қазақ ССР-нің Мемлекеттік көпшілік кітапханасы болып қайта құрылды. 1931 жылғы 5 мамырдан бастап оқырмандарға қызмет көрсете бастады. 1937 жылы ақпанда кітапханаға ұлы орыс ақыны А.С. Пушкиннің есімін мәңгі есте қалдыру үшін және қайтыс болуына 100 жыл толуына байланысты ақынның есімі берілді. 60-шы жылдардың соңы мен 70-ші жылдардың басында кітап шығарудағы, кітап таратудағы және кітапханаларды кітаппен жабдықтаудағы жағдай елеулі өзгеріске ұшырады. Халықтың білім деңгейінің артуы, үй кітапханаларының саны мен көлемінің күрт өсуі, оқырмандар қажеттіліктерінің саралануы кітап дүрлікпесі мен кітап тапшылығы туындатты. Қазақстанның әмбебап және салалық кітапханаларында барлық салалар бойынша үлкен кітап қорлары жинақтаған. Бұларда 58 миллионнан аса баспа шығармалары жиналды. Кітап коллекциясының үлкен бөлігі әмбебап ғылыми кітапханаларда жинақталды, солардың ішінде бірінші кезекте Қазақ КСР А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасында кітап қорының көлемі қарқынды өсті. Қазақ КСР А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапханасы қорын қалыптастырудағы ерекшеліктері ұлттық баспа өнімінің барынша толық жиынтығын, сондай-ақ республиканың табиғи-экономикалық және мәдениет саласындағы орыс және қазақ тілдеріндегі баспа шығармаларын жинаумен белгіленді. А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапхана қорын толықтыру көздері: ЦНКБ (Москва қ-сы) бөлетін баспа өнімдерінің ақылы міндетті данасы; Қазақ КСР баспа өнімдернің тегін міндетті данасы; социалистік елдердің патенттерін сипаттайтын тегін дана. Кітапхана басқа да толықтыру көздерін пайдаланды, олар: Кітапхана коллекторы, Кітап почтасы арқылы республикадағы барлық қалалардың кітап дүкендері, Одақтық баспа бөлімшесі арқылы жазылу, ведомстволық және шағын таралымды басылымдар алу, одақтас республикалардың ірі кітапханаларымен айырбас жасау және халықаралық кітап айырбасы [2,34-35 бб.].
Елдегі бүкіл баспа өнімі баспа шығармаларының міндетті данасына енді. Мемлекеттік кітап қорын толықтыру КСРО Ленин атындағы Мемлекеттік кітапхананың, Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасының негізгі қорларын толықтыру мен одақтас республикалардың мемлекеттік республикалық кітапханаларының отандық баспа шығармаларының бірыңғай жоспары ережесінің негізінде жүргізіледі [3,140 б.].
Толықтыру жоспары түсімдер легінің сандық және сапалық межелерін белгілеп, басылымдарды іріктеу процесінде басты бағдар болуы арқылы толықтырудың қажетті тұрақтылығын жасап отырды. Кітапхана қорын толықтыру жоспарын белгілеуге, кітапхананың мәртебесі мен әдебиеттердің сипатына қарай, баспа басылымдары түрлерінің салалық бөліктерін сақтау кітапханалар арасындағы жауапкершілікті бөлу қажеттілігіне қағидаттық негіз болды. Құжат елдегі аса ірі әмбебап кітапханалардың қорларында, соларды ұтымды қайталау мақсатымен жиналатын отандық баспа шығармаларының сандық данасын реттеді.
А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапхана қоры көлемі жағынан жылдан-жылға ұлғая түскені жөніндегі орнықты үрдіс мына серпіннен байқалады:
1965 ж. - 2 223 995 дана,
1975 ж.- 3 292 515 дана,
1980 ж.- 4 294 765 дана,
1985 ж. - 4 086 624 дана,
1990 ж. - 4 804 209 дана.
1885 жылы қор көлемінің азаюы 1981 жылы 763 929 дана патентті Республикалық ғылыми-техникалық кітапханаға беру-мен байанысты. Егер қор көлемінің өсу қарқыны туралы айтатын болсақ, онда 1980-1985 жылдарда ведомстволық басылымдар түсімінің азаюы есебінен төмендеуі байқалады, яғни кітапхана қорды патенттермен толықтыруды доғарды. А.С. Пушкинатындағы Мемлекеттік кітапхана 1983 жылдан қоғамдық ғылымдар мен экономика жөніндегі диссертациялардың микроафиштерімен толықтырыла бастады. 1970-ші жылдар көпшілік кітапханалар қорын кең ауқымда реттеумен, толықтыруды үйлестірумен және қорларды кейіннен іріктірумен сипатталады.
1971 жылы Қазақстандағы ірі ғылыми кітапханалардың қорларын толықтыруды үйлестіру туралы мәселе туындады. Мемлекеттік кітапхана және орталық салалық кітапханалардың қорларын, отандық, сондай-ақ шетелдік басылымдармен толықтыруды үйлестіруді ретке келтіру қажет болды. Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия үлкен жұмыс жүргізіп, ҚазКСР Мемлекеттік кітапхана Алматы қаласындағы ірі кітапханалармен толықтыруды үйлестіру туралы Ережені әзірледі.
Кітапхана қоры көптеген жаңа басылымдармен ұдайы толықтырылып отырды. Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың, әдебиет пен өнердің жетістіктері туралы кітаптарды жинақтау белсенді жүргізілді. Мысалы, 1973 жылы Мемлекеттік кітапхана қорына 178 000 дана жаңа басылым түсті, солардың ішінде кітаптар - 81 452, журналдар - 27247, жалғасты басылымдар -3189. Түсімдердің жалпы санының 24,5% - қоғамдық-саяси әдебиеттер, 16,8 % - жаратылыстану әдебиеттері, 26,4 % - техникалық әдебиеттер, 8,2% - көркем әдебиеттер құрады. Кітапхана қорын толықтыру заманының өзекті мәселелері мен КОКП идеологиялық насихатына әрдайым жауап берді. Мысалы, 1973 жылы кітапханада РСДРП II съезінің 70-жылдығына арналған басылымдарды, КОКП XXIV съезінің міндеттерін орындауға ұйытқы болатын кітаптарды, Кеңестік Қазақстанның халық шаруашылығы, ғылым мен білім салаларындағы жетістіктері туралы өлкетану әдебиетін толығымен сатып алды.
70- ші жылдардың соңы 80- ші жылдардың бас кезіне қарай А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапхана қорының көлемі 3,9 млн. баспа бірлігін құрады. Жыл сайынғы түсімдер 165,0 мың бірліктегі данаға дейін өсті. Ақылы міндетті дана бойынша түсімдер 30,0 мың данаға жетті. 1987 жылғы 30 қазанда КСРО Министрлер кеңесінің Баспа өнімдерінің бақылау және міндетті даналарын жіберу тәртібін ары қарай жетілдіру туралы № 1228 қаулысы шықты. Қаулы нәтижесінде Қазақ КСР А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапханасы 1988 жылдан Москвадағы Бүкілодақтық Кітап палатасынан (БКП) баспа өнімдерінің тегін міндетті данасын ала бастады.
1988 жылы кітапхана отандық және шетелдік басылымдардың 165 670 данасын алды, ол жоспарда белгіленген 38 670 данадан көп. Жоспардың артық орындалуына тегін бақылау дана алу нәтижесінде қол жетті. Бүкілодақтық Кітап палатасынан барлығы 44 708 дана алынды, соның ішінде кітаптар -15839 дана, журналдар - 7240 дана, шет тілдердегі әдебиет -1259, соның ішінде кітаптар - 490, журналдар - 595 дана. Сонымен келтірілген деректер көрсеткендей, А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапхана қоры тегін бақылау данасының есебінен салалық әдебиеттермен толықтырылған. Кітапханалардағы кітап қорларын маңызды тақырыптағы
және жоғары сұраныстағы әдебиеттермен толықтыру көздерінің бірі - республикалық және бүкілодақтық арнайы Кітапхана сериясын шығару болды. КСРО Мәдениет министрлігі мен КСРОминистрлер Кеңесінің жанындағы баспа жөніндегі комитет көпшілік кітапханалар қорының нақты тізімі мен осы кітаптарды шығарудың перспективалық жоспарын жасау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, кітапханалар үшін кітап шығару мемлекеттік сипат алды және 1973 жылы бүкілодақтық кітапхана сериясымен шығару іске асты. Кітапхана сериясы бойынша жұмыс жүргізілген жылдары белгілі бір тәртіп орнады, оны одақтық, сондай-ақ республикалық Мәдениет министрліктері мен Мембаспакомитеті реттеуші құжаттармен белгіледі. Мысалы, Қазақ КСР Мәдениет жөніндегі Мемлекеттік комитеті мен Мемлекеттік баспа комитетінің 17.03. 89 жылғы Кітаптармен қамтамасыз етудің жай-күйі және оны жақсарту шаралары туралы № 53 қаулысы осындай құжаттардың бірі болды. Қазақ КСР А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасының негізгі қоры-республиканың аса ірі кітап сақтау қоймасы. Кітапхана Қазақстанның ғылыми және мәдени құндылығын көрсететін құрамы бойынша жұмыс, кітапхананың кітаппен жұмыс істейтін барлық бөлімшелерінің ойдағыдай жұмысын қамтамасыз етеді. 1959-1960 жылдарда негізгі қордан 16 607 дана ескірген кітап есептен шығарылды. 1960 жылы оқырмандар қатынауларының саны 181000, кітап беру - 606632 баспа бірлігі болды. Оқырмандармен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz