ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ТМД КІТАПХАНАЛАРЫ, БАТЫС ЕУРОПА КІТАПХАНАЛАРЫМЕН САЛЫСТЫРУ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ 3 : ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ТМД КІТАПХАНАЛАРЫ, БАТЫС ЕУРОПА КІТАПХАНАЛАРЫМЕН САЛЫСТЫРУ
Орындағандар: Камалбекова Нуржанат, Отарбай Шахризада, Жақия Саяжан, Рахметолла Әсел, Зульфайдар Арайлым

Жоспар
Кіріспе
1-тарау. ТМД кітапханалары және олардың бір-бірінен айырмашылықтары
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
Өзбекстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
Тәжікстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
2-тарау. Батыс Еуропа кітапханаларының кітап қорларының ерекшеліктері
2.1. Франция Ұлттық кітапханасы
2.2. Британ кітапхананасы
2.3. Лондон кітапханасы
3-тарау. Университет кітапханалары және баспалары
3.1. Әл-Фараби ғылыми кітапханасы
3.2. Кембридж университетінің кітапханасы
3.3. Қазақ университеті баспасы
3.4. Кембридж университеті" баспасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Кез келген мәдениеттілік дәрежесінің өлшеуіші секілді анықтауыш сөздер бар. Мәселен, алмандар (немістер) халықтың мәдени деңгейін су мен сабынды пайдалану мөлшерімен есептеуге болады дейді екен. Өздерінің тарихи даму ерекшелігіне сәйкес әрбір ұлт мәдениеттілік дегеннің баламасын түрліше пайымдауы табиғи нәрсе. Ал ғасырлар бойында білімге шөліркеген қазақ ұлтының қасиет тұтар ең үлкен қазынасы - кітап, кітапхана десек, ағат кетпейміз.
Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады.
Жаңа мыңжылдықта кітапханалардың қайта жанданып, өзгеруінің арқасында мәдени мекемелер арасында жоғары дәрежеге ие болады. Қазақстанда да кітапхана ісі тәуелсіздік алған уақыттан бері жаңаша бағытта алға жылжу үстінде. Халықтың білім бұлағы болып саналатын кітапханалар жаңа талапқа сай жұмыс істей бастады. Мысалы, ҚазақстандаXX ғасырдағы кітапхана қызметкерлері барлық жұмыстарын техникасыз атқарып, тек қолда бар ақпараттарды пайдаланса, XXI ғасырда кітапхана қызметкерлерінің заман ағымына орай ой-өрістері кеңейіп, тек өз жерінде ғана емес шет мемлекеттердегі ақпараттармен алмаса алатын, оқырмандарының сауалдарына жан-жақты, кең көлемде жауап бере алатын жағдайға жетті. Әсіресе, оқырмандардың электронды кітапханалардың мәліметтер базасын, әлемдегі ірі ақпарат орталықтарының каталогтарын, жеке электронды коллекцияларды оқып-білуіне де мүмкіндік туды. Сондай - ақ, жұртшылықтың, оқулықтардың, кітаптардың, энциклопедиялардың, CD-Rom-дағы, интерактивті оқу курстарының электронды басылымдарын қарауына кітапхана мүмкіндік жасап, заман талабына сай жұмыс атқарып жатыр. Осы орайда әлем кітапханалары,оның ішінде ТМД елдерінің және Батыс Еуропа мемлекеттерінің ірі кітапханаларының тәжірибелерін, өткен- кеткен тарихын, кітап қоры мен елдегі кітапхана ісі саласының даму сатыларын оқып-үйрену, қажетімізге жарату артық болмайды.

ТМД елдерінің кітапханалары
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы. 1910 жылғы 31 желтоқсанда Верный қалалық думасының шешімімен кітапхана-оқу залының ашылуы кітапхананың негізі қаланған күні болып есептеледі. 1931 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚАКСР) Орталық Атқару Комитеті Президиумының 1931 жылғы 12 наурыздағы ҚАКСР Мемлекеттік көпшілік кітапханасын ашу туралы Қаулысына сәйкес Кітапхана Қазақ ССР-нің Мемлекеттік көпшілік кітапханасы болып қайта құрылды. 1931 жылғы 5 мамырдан бастап оқырмандарға қызмет көрсете бастады. 1937 жылы ақпанда кітапханаға ұлы орыс ақыны А.С. Пушкиннің есімін мәңгі есте қалдыру үшін және қайтыс болуына 100 жыл толуына байланысты ақынның есімі берілді. 1991 жылы кітапханаға Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің Қазақ КСР Ұлттық кітапханасы туралы 09.12.1991 ж. N775 Қаулысы негізінде Ұлттық дәрежесі беріліп, ерекше құнды мәдениет объектісі ретінде мемлекеттік және қоғамдық маңызға ие болды. Ұлттық кітапхана: республика кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығы; Қазақстан баспа басылымдарының міндетті данасының депозитарийі; ҚР Білім және ғылым министрлігі Бақылау комитетінің барлық ғылым салалары негізінде Қазақстанда қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың депозитарийі; ТМД елдері авторефераттарының депозитарийі; 1993 жылдан бері ЮНЕСКО-ның ғылыми диссертацияларының және басылымдарының депозитарийі; 2005 жылдан Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылған әдебиеттердің депозитарийі; 2012 жылдан Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы басылымдарының депозитарийі. Кітапхананың алғашқы директоры - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосов. Ол кітапхана қызметінің негізгі міндеті ретінде Қазақстан туралы және қазақ тіліндегі барлық баспа басылымдарын жинақтау туралы мәселе көтерді. Кітапхана осы кезден бастап бүгінгі күнге дейін қазақ халқының және Қазақстанның басқа халықтарының жазба мәдениетін жинақтап, сақтаушы мемлекеттік ұлттық кітап қоймасы қызметін атқарып келеді. Кітап қоры 6,7 млн. астам сақтау бірлігінен тұрады. Оқырмандардың жыл сайынғы келім саны - 1 млн. астам, кітап берілімі - 2 млн. данаға жуық. Оларға 1,5 мың орындық арнайы 14 оқу залы қызмет көрсетеді. Кітапхана сайты www.nlrk.kz кітапханадағы электрондық каталогтарға және ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мақсатымен ұйымдастырылған бірыңғай ақпараттық жүйе болып табылады. Веб-сайтқа жыл сайынғы виртуальды келушілер саны - 1,6 млн. астам.
ҚР Ұлттық кітапханасы Кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелердің халықаралық федерациясына (IFLA, 1992), Ұлттық кітапханалар директорларының конференциясына (CDNL, 1992) және Еуразия Кітапханалық Ассамблеясы коммерциялық емес серіктестігіне (БАЕ, 1993) мүше. 2002 жылдан ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра бағдарламасы бойынша Қазақстандық ұлттық комитетін басқарады, 2008 жылдан - IFLAРАС (Сақтау және консервация) негізгі бағдарламасының аймақтық орталығы болып табылады.
Кітапхананың стратегиялық басымдықтары: :: кітап қорын толықтыру және олардың сақталымын қамтамасыз ету; :: сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету; :: жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту; :: республикалық және халықаралық кітапханалық-ақпараттық жобаларды іске асыру.
Кітапхана ғимараты 1970 жылы арнайы жобамен салынған. ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №119 бұйрығымен бекітілген Республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің Мемлекеттік тізіміне енгізілген.
Кітапхана қорында әлем халықтарының әр тілдерінде 5 831 812 сақтау бірлігін құрайтын әмбебап жалпыұлттық әдебиеттер жинағы сақталады. Қор жыл сайын 100 мың данаға толықтырылып отырады. Күн сайын кітапханаға 3 мыңға жуық оқырман қатынайды. Оқырмандарға 1 жылда 2 миллионнан аса құжат беріледі. Оқырмандарға 15 оқу залы қызмет көрсетеді (жалпы және 14 мамандандырылған). Олар 1500 адамға бір мезгілде қатар қызмет көрсетуге есептелген.
Халыкаралық бағдарламалар
Әлемдік сандық кітапхана жобасы. ҚР Ұлттық кітапханасы және АҚШ Конгресінің кітапханасы 2009 жылы өзара ынтымақтастық және Ғаламторда әлемнің әртүрлі елдерінің мәдениеті жайлы көптілдік форматтағы көлемі ауқымды материалдарға тегін қолжеткізу мүмкіндігі үшін Әлемдік сандық кітапхананы дамыту жөнінде Келісім жасасты. Әлемдік сандық кітапхананың негізгі мақсаты - халықаралық және мәдениетаралық түсіністікке ықпал ету, Ғаламтордың мәдени мазмұнын кеңейту және түрлендіру, мұғалімдер, ғалымдар және қызығушылық танытушы барлық азаматтарға ақпараттық ресурстарды жеткізу, мемлекетішілік және мемлекетаралық сандық технологиядағы үзілісті қысқарту үшін серіктес-мекемелер арасындағы мүмкіндіктер көлемін ұлғайту.
Либнет жобасы. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен ЛИБНЕТ Ұлттық кітапханалық-ақпараттық орталығы автономдық коммерциялық емес ұйым Ресей кітапханаларының жиынтық каталогы мерзімді электрондық басылымына жеңілдікпен жазылу шартын жасасты. ҚР ҰК ЛИБНЕТ-тің web-серверінде httр:www. nilc. рu. мекенжайы бойынша орнатылған Ресей кітапханаларының салыстырмалы каталогы мерзімді электронды басылымының ақпараттық өнімдерін сатып алады. Жазбаларды пайдалану ҚР ҰК-на келіп түскен Ресей басылымдарының эталонды библиографиялық жазбаларын құрастыру; ҚР ҰК-ның басылымдарды каталогтауға жұмсалатын қаржылық шығындар жиынтығын РКЖК библиографиялық жазбаларын пайдалану есебінен қысқарту сияқты мәселелерді шешеді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы - мемлекеттердің кітапханаралық абонемент және құжаттарды жеткізу жүйесі. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Кітапханааралық абонемент және құжаттарды жеткізудің ұлттық орталығы қызметін атқарады. ТМД-ға қатысушы - мемлекеттердің Экономикалық кеңесінің 2005 жыл-ғы 11 наурыздағы шешімімен (Мәскеу қ.) 1998 жылғы 11 қыркүйекте ТМД-ға қатысушы - мемлекеттердің ашық ғылыми-техникалық ақпараттарына еркін қолжетімділік және осы ақпараттармен алмасу тәртібі туралы Келісім негізінде құрылған Кітапханааралық абонемент және құжаттарды жеткізу жүйесі туралы Ереже және 1999 жылғы 13 қаңтардағы ТМД-ға қатысушы - мемлекеттердің Кітапханааралық абонемент жүйесін құру туралы Келісім қабылданды. Кітапханааралық абонемент және құжаттарды жеткізу жүйесі - жүйе құрамына кіретін кітапханалар мен ақпарат ұйымдарының кітапханалары қорында сақтаулы құжаттарды кедергісіз ұсыну және алуды қамтамасыз ету, олардың ғылыми, техникалық және мәдени әлеуетін дамыту мақсатында құрылды.
Кез келген кітапхана қолындағы ең маңызды әрі ең Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қоры екені белгілі. ҚР Ұлттық кітапханасындағы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қоры 30 мыңнан астам құжаттан тұрады. Оның ішінде 1000-нан астамы қолжазбалар (қазақ, орыс, шығыс тілдерінде), қазақ кітаптарының топтамасы, Қазақстан жайлы еңбектер, Қазақстанның алғашқы мерзімді басылымдары, шығыс баспа кітаптары, орыс кітаптары, Европаның көне баспа кітаптары, микрофильмдер, кітаптардың электрондық көшірмелері болып табылады. Қорда сақталған қолжазбалардың ішінде куфа жазуымен жазылған Құран (ХII ғ.), Фирдоусидің шағатай тіліндегі Шахнамесі (1721-1723жж.), ЮНЕСКО-ның Әлем жады бағдарламасының Халықаралық тізіміне енгізілген Қ.А.Ясауи мен С.Бақырғанидың жазба мұралары аса құнды деп саналады. Сирек кездесетін баспа кітаптар қатарында қазақ әдебиеті классиктерінің, қазақ ағартушыларының көзі тірісінде жарық көрген еңбектері бар. Шығыс халықтары кітаптарының топтамасы 2 мыңға жуық. Қорда Қазақстанның алғашқы мерзімді басылымдары - Туркестанские областные ведомости (1879-1917 жж.), Қазақ (1913-1918 жж.), Еңбекші қазақ (1923-1932 жж.), және т.б. газеттер мен Айқап (1911-1917 жж.), Абай (1918 ж.), Шолпан (1922 ж.) т.б. журналдар сақталған. [1]
Алишер Науаи атындағы Өзбекстанның Ұлттық кітапханасы - Өзбекстан Республикасындағы қолжазбалардың, баспа басылымдарының және полиграфияның көркем туындыларының ең ірі қоймасы. Әлемдегі ең үлкен Қолжазба және баспа еңбектерінің өзбек тілінде жиналысы. Кітапхана және библиография саласындағы жетекші ғылыми орталық. Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қарауында. Өзбекстан астанасы -- Ташкент қаласындағы "Маърифат маркази" монументалдық сәулет кешенінің бір бөлігі болып табылады, онда ұлттық кітапхана мен симпозиумдар сарайы орналасқан. Ұлттық кітапханаға Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтың Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруды жетілдіру туралы" 2002 жылғы 20 ақпандағы № УП-3029 Жарлығы және Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Әлішер Навои атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасын құру туралы" 2002 жылғы 12 сәуірдегі № 123 Қаулысы негізінде берілді. "Әлішер Науаи атындағы Өзбекстанның Ұлттық кітапханасы" мемлекеттік мекемесі аясында екі ірі астаналық кітап қоры -- Әлішер Навои атындағы Өзбекстан Республикасының мемлекеттік кітапханасы және республикалық ғылыми-техникалық кітапхана біріктірілді. 1867 жылдың тамызында алғаш рет Түркістан генерал-губернаторының отаршылдық әкімшілігінде Ташкентте жалпыға ортақ кітапхана құру туралы идея айтылды. Негізгі қор Түркістанның және оған іргелес облыстардың географиясы мен мәдениетін көрсететін материалдармен жасақталуы тиіс деп болжалды.
Түркістан Генерал-губернаторы және Түркістан әскери округі әскерлерінің қолбасшысы орыс генерал Константин Кауфман (1818-1882) Өзбек территорияларын отарлауды жүзеге асырған Ташкентте көпшілікке ортақ кітапхана құру идеясын мақұлдады және оны ұйымдастыруға қаржы қаражатын бөлуге бұйрық берді.
1867 жылдан бастап -- кітаптар және басқа материалдар қорын қалыптастыру бойынша алғашқы жұмыс үшін белгілі ресейлік библиограф В. И. Межов тартылды. Генерал-губернатор В. И. Межовтың тапсырмасы бойынша Түркістан өлкесі туралы материалдар жинауға бірден кіріскен. Кейіннен в. И. Межов жинаған және жүйеленген материалдар көп томдық "Туркестанский сборник"басылымының негізіне алынды. Кітапхана 1870 жылы "Ташкент көпшілік кітапханасы" ретінде "Түркістан өлкесінде"деп аталатын Ресей империясының отарлық әкімшілігінің басшысы-генерал -- губернатордың өкімімен құрылды. Кітапхана Ресей империясының халық ағарту Министрлігінің, Ресей Ғылым Академиясының, Санкт-Петербургтің көпшілік кітапханасының, Орыс Географиялық қоғамының, Ресей армиясының Бас штабының қорларынан өтеусіз сәлемдемелер жолымен құрылды. Көбінесе бұл өз қорларынан көшірме-басылымдар болды. Мамыр айында Ташкенттегі көпшілік кітапханасының кітап қоры шамамен 2 200 томды немесе 1200 атауды құрады. Жеке тұлғалар кітапхана қорына өз кітаптарын құрбан етті.
Кітапхана дамуының басым бағыты Түркістан өлкесінің және онымен көршілес елдердің тарихына арналған басылымдар жинағы болды. ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығында кітапхана қорында сақтауда -- 16 мыңнан астам дана кітаптар мен мерзімді басылымдар болды. Фонд көлемі 10 млн бірлік , оқырмандар саны 20 000 жеке оқырман билетімен.
Сирек кітаптар бөлімінің қорында Түркістан қаласында өзбек тілінде басылып шыққан алғашқы газеттер жинақталған:
"Түркістан вилоятининг газети" (1870-1917))
"Тиджор" (1907))
"Тұран" (1919))
"Садои Туркестон" (1914))
"Иштракиун" (1917) және басқалар.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Өзбекстан туралы әр түрлі мәліметтерді табуға болатын орыс тілінде:
"Туркестанские ведомости" (1870-1917)
"Самарқанд" (1904-1907))
Кітапхана қорларындағы ең ескі баспа басылымы -- Француз авторы Б. Эрбелоның "Шығыс кітапханасы" кітабы 1697 жылы Парижде француз тілінде шығарылған Шығыс туралы барлық білімнің өзіндік еуропалық энциклопедиясы.
XXI ғасырдың басында өзбек және орыс тілдерінде ретроспективті ғылыми-көмекші көрсеткіштер шығарылды:
"Өзбекстан Тарихы
"Хамза Хакимзаде Ниязи
"Хамид Әлімджан
"Ташкент тарихы" және басқалар. [2]

Тәжікстан Ұлттық кітапханасы-Тәжікстан Республикасы Халықтарының мәдени мұрасының аса құнды объектісі болып табылатын Тәжікстанның басты ұлттық кітап қоймасы. Күзет және пайдалану ерекше режимінде болады. Ұлттық кітапхана мемлекеттік мәдениет мекемесі, ғылым мен мәдениет мұрасының ұлттық қоймасы, ұлттық мерзімді баспасөз мұрағаты, республикалық маңызы бар ғылыми - зерттеу ақпараттық-мәдени орталығы болып табылады. Кітапхана 1933 жылдың қаңтар айында қалалық кітапхана базасында, Сталинабад қаласында, Тәжік КСР-да құрылды.
1934 жыл - кітапхана тәжік-парсы әдебиетінің классигі Абулкасим Фирдоусидің атымен аталды;
1946 жыл-кітапхана қоры 1,5 млн дананы құрады;
1954 жыл-республикалық мемлекеттік кітапхана. А. Фирдоуси қазіргі заманғы сәулет элементтерімен үйлескен дәстүрлі тәжік стилінде салынған жаңа ғимаратқа көшті. (Сәулетшілер С. Л. Анисимов; мүсінші Е. А. Татаринова, инженер Е. Л. Барсукова). Жаңа кітапхананың оқу залдары бір уақытта 400 оқырманға қызмет көрсете алды;
1993 жыл-республикалық мемлекеттік кітапхананың атын өзгерту. А. Фирдоуси атындағы Ұлттық кітапханаға А. Фирдоуси;
1993 жыл-кітапхана жанында Иранның мәдениет орталығының ашылуы, оның қазіргі уақытта 23 мыңнан астам кітабы бар;
1999 жыл-кітапхананың Еуроазиялық кітапхана Ассамблеясына мүшелігі ;
2001 жыл-ТМД кітапханааралық абонементінің ұлттық орталығын құру;
2003 жыл - Тәжікстан Республикасы Парламентінің "кітапхана қызметі туралы" заңды қабылдауы, онда Тәжікстан Ұлттық кітапханасының қызметі анықталды;
2005 жыл - Тәжікстан Республикасы Үкіметінің "2006-2015 жылдарға арналған Тәжікстан Ұлттық кітапханасын дамыту бағдарламасын" бекітуі ;
2010 жыл - ұлттық кітапхана қорында 3 млн. 30 мыңнан астам кітап пен басқа да басылымдар сақталған, соның ішінде Орта ғасырдағы белгілі ғалымдар мен әдебиетшілердің: Рудаки, Фирдоуси, Ибн Сины, Саади және т. б. бірегей қолжазбалар (2200-ден астам атау).
2012 жыл - Тәжікстан Ұлттық кітапханасының жаңа ғимаратын пайдалануға беру.
дары-кітапхана жанында АҚШ, ҚХР және Германияның мәдениет орталықтарының ашылуы. Тәжікстан Ұлттық кітапханасының жаңа ғимараты Душанбе қаласында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның қатысуымен 2012 жылдың 20 наурызында ашылды. Жаңа тоғыз қабатты ғимарат ашылған кітап түрінде салынған және қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға жауап береді (ғимарат ұзындығы 167 м, биіктігі 52 м, жалпы ауданы 45 мың м2). Оның көлемі бойынша ол Орта Азия елдеріндегі ең ірі кітапхана болып табылады. Ғимараттың орталық қасбетінің жанында өлке тарихының атақты батырларының, тәжік халқының ғылым және әдебиет қайраткерлерінің 22 мүсіні орналасқан. Кітапханада 25 оқу залы бар, олар 274 автоматтандырылған жұмыс орындары бар, 3 көрме залы: ежелгі қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптарды көрсету үшін; ғылым мен білім салалары бойынша кітаптар көрмесі үшін галереялар; жаңа әдебиеттер көрмелік зал; көпшілік іс-шаралар, конференциялар мен симпозиумдар өткізу үшін 9 үй-жай (1100 орындық) бар. Кітапхана жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға мүмкіндік беретін заманауи техникамен жабдықталған. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсету саласында ақпараттық технологияларды енгізудің бастамашысы болды. Электрондық каталог, электрондық кітапхана құрылды, кітапхана ресурстарына қол жеткізу қамтамасыз етілді, қызмет көрсетуді сапалы жаңа деңгейге көтерген басқа да инновациялық жобалар іске асырылды. Ғимараттың микроклиматы жаздың ыстық күндерінде оқырмандардың өздерін жайлы сезінуіне мүмкіндік береді. Тәжікстанның Ұлттық кітапханасының жаңа ғимаратының ашылуы қарсаңында республика жұртшылығының шақыруы бойынша кітаптар жинау ұйымдастырылып, оған мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен халық белсене қатысты. Нәтижесінде 3 млн.астам кітап пен басқа да баспа басылымдары жиналды. Қазіргі уақытта кітапхана қорында 6 млн. данадан астам кітап, газет, журнал және т. б. баспа басылымдары, аудиовизуалды және электронды материалдар бар. Жылына 200 мың дана құжат беріледі, қызмет көрсету күніне 30-дан 250-ге дейінгі оқырмандарды құрайды, сондай-ақ, оқырмандар саны жылына 100 мыңнан асады. [3]

Батыс Еуропа кітапханалары

Франция Ұлттық кітапханасы (фр. Bibliothèque Nationale - немесе BNF) - Еуропадағы ең ежелгі кітапханалардың бірі. Қорының көлемі жағынан әлемнің алып кітапханалары қатарында, анығында, жетінші орын иеленеді. 1368 жылы негізі қаланған корольдік кітапхана Франция королі Карл V-тің кезінде (1348-1380 ж.ж.) Лувр музейінде қызмет көрсете бастаған.
1988 жылы Францияның экс-президенті Франсуа Миттеран (1981-1955) кітапханаларды реформалау бағдарламасына қолдау білдіреді. Соған сәйкес, негізгі қор Париждің XIII округіндегі заманауи үлгідегі зәулім ғимаратқа көшірілді. Бұл кезеңде кітапханадағы баспа өнімдерінің саны 9 миллионнан астам болған. бюджет = Euro254 млн
Франция Ұлттық кітапханасы симметрия пішініне негізделген. Жоба латынның L әрпі формасындағы төрт бұрышты мұнаралар көмегімен жасалған. Мұнаралар бір-біріне қарама-қарсы қарап, ашық тұрған кітапты көз алдыңа әкеледі. Осы ашық кітаптар ішінде кітапхана залдары және алып эспланадалар бар. Эспланада - таңғажайып гүлзармен көмкерілген көпшілікке ашық қолжетімді айдынды алаң, ол оқуға әрі кездесуге арналған. Жоба - адамзаттың асыл ойы мен шығармашылығының айнасы. Бұл жабдықтардың артықшылығы - кітаптарды сақтауға қолайлы жағдай жасалатындығы, сондай-ақ күнделікті пайдаланушының жанға жайлы жағдайды сезінуі, тиімді мониторинг пен басқару жүйесінің болуы.
Бұл кітапхана 1793 жылғы дерекке сай дүниежүзі бойынша ең алғашқы ақысыз қоғамдық кіапхана болып саналады. Мемлекеттік мекеме ретіндегі Франция Ұлттық кітапханасының міндеті - Францияда жарияланған материалдар көшірмелерінің коллекциясын жасақтау. Заңға сәйкес, баспа өнімдері осында сақталуы тиіс әрі олар қоғам үшін қолжетімді болу керек. Француз Ұлттық кітапханасы 2010 жылы сегіз миллион еуроға белгілі италиялық жанкешті жазушы Джакомо Джироламо Казанованың жазбаларын сатып алды. Мұны неміс баспагерлері 200 жыл бойы сақтап келген. Француз суретшілері XIX ғасырда өмір сүрген қазақ халқының мәдени-тарихи генотипін, салт-дәстүрін, ұлттық нақышын айқын бейнелей білген. Бұл көшірмелер Франция Ұлттық кітапханасының суреттер бөлімінде сақталған. Өкінішке орай, түпнұсқаларының қай жерде сақталғанын анықтау мүмкін болмады. Кітапханада 2651 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 2500 адам -- толық күн. Қор көлемі 31 млн бірлік (14 млн кітаптар), оқырмандар саны жылына 1,3 млн. Кітаптарды сканерлеу технологиясын әлемдегі ең алғашқы кітапханалардың бірі болып қолданған да осы кітапхана. Цифрланған кітаптарды ғаламторға мына мекен-жай бойынша орналастырды gallica.bnf.fr . 2011 жылдың сәуір айында "Галлика" онлайн-кітапханасы оқырмандарға 1 400 000-ға жуық цифрланған құжаттарды ұсынды. Кітапхана, сондай-ақ, Quaero зерттеу жобасына қатысады. [4]
Британ кітапханасы - Ұлыбританияның ұлттық кітапханасы. Британ мұражайының кітапханасын біріктіру және онда жинақтарды құру туралы заң 1972 жылы Парламентпен қабылданды, сол заңнан кейін Лондондағы жаңа кітапхана ғимараты 1973 жылдың 1 шілдесінде ашылды. Қазіргі таңда бұл кітапхана Конгресс кітапханасынан кейінгі әлемдегі екінші үлкен кітапхана болып табылады. Кітапхана өзінің қазіргі атауы мен "Ұлттық кітапхана" статусын 1972 жылғы Британ кітапханалары туралы Заң қабылданғаннан кейін алған болатын. Осы Заңға сәйкес Британ мұражайы, Ұлттық орталық патенттік бюро (1916 жылы негізі қаланған) , Британ ұлттық библиографиясының кеңесі, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат бюросы осы кітапханаға біріктірілді. Британ кітапханасын мемлекет қаржыландырады, сондай-ақ ақылы қызметтерден, қайырымдылық пен демеушілерден қосымша қаражат алады. Кітапхана кеңесі 8-ден 13 адамға дейін тұрады, олардың біреуі арнайы тағайындалады, ал басқа басқарма мүшелерін министр тағайындайды.[5,346 б.]
Британ кітапханасы басқаруды оңтайландыру үшін әлемде алғашқылардың бірі болып (1985 жылы) ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау, негізінде жұмыс бағыты анықтады.
Британ кітапханасының үш филиалы бар:
1. Британ кітапханасы, Әулие Панкрас станциясының маңындағы ғимарат. Мұнда құрылысы 1997 жылы басталған және 1999 жылы аяқталған жаңа ғимаратта негізгі кітап қоры бар;
2. Лондондағы газет кітапханасы, Лондондағы газет кітапханасы бүкіл әлемнің 50 мыңнан астам газеті мен журналдарының жинағын қамтиды;
3. Ұлыбританиядағы және шетелдегі басқа қалалардағы оқырмандардан (жылына 4 млн тапсырыс) абонементтерге тапсырыс беру және брондауды қарастыратын кітапхана қызметінің филиалы Бостон СПА-ның Йоркшир қаласындағы британдық кітапхана.
Кітапхана қорын пайдалану тегін, жасына,жынысына қарамастан шектеусіз, алайда ағымдағы тәжірибеге сәйкес басқа кітапханалардың пайдаланушылары ретінде тіркелген 18 жасқа дейінгі оқырмандар оқу залына жіберілмейді. Ғылыми зерттеулермен айналысатын оқырмандар британдық кітапхананың жинақтарында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кітапханалық картаны алады.[6]
Кітап қоры. Кітапханада барлығы 150 миллион сақтау бірлігі бар. 2012 жылғы 31 наурыздағы статистика бойынша, кітапхананың каталогтарында 109,6 млн. жазбалар болды, оның ішінде: 66,3 млн патент; 14,3 миллион кітап; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
ЦИФРЛЫҚ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ
Қазақ КСР ғылым академиясының орталық ғылыми кітапханасы
Ғылымның негізі - кітапта
Қазақстан Республикасы кітапхана оқырмандарға Интернет жүйені қолдануы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғашқы 1991-1999 жылдарында еліміздің кітапхана саласы
Қазақстан Республикасының кітапхана ісін автоматтандыру
Библиографиялық жұмысты ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорларының зерттеулеріне шолу жасай отырып, оның технологиялық мүмкіндіктері мен зерттеу бағдарламаларын кішігірім кітапханаларда пайдалану жағдайларының қажеттілігі мен пайдалылығы
Мектеп кітапханасында ақпараттық технология және оны қолдану
Пәндер