Кітаптарды халықаралық стандартты нөмірлеу


Жоспар
I. Кіріспе
2. Қазақстан Республикасында кітапхана ісі саласында қолданылатын стандарттар және олардың түрлері
2. 1. Стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар және олардың қызметтері
2. 2. Ақпарат, кітапхана жəне баспа ісі (СИБИД) бойынша мемлекетаралық стандарттар жүйесі
3. Кітапхана ісі саласында қолданылатын стандарттар және олардың қолданылу аясы
3. 1. Кітапханалық-ақпараттық қызмет саласында қолданылатын терминдері мен анықтамаларын біріздендіретін стандарттар
3. 2. Кітапханалық - ақпараттық және баспа процестерін біріздендіретін технологиялық стандарттар
3. 3. Кітапханалық - ақпараттық қызметтерді есепке алуды реттейтін стандарттар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кітапханалық-ақпарат өнімі мен қызметтерін дамыту жəне жетілдіру, пайдаланушыларға жоғары сапалы қызмет ету, нарықтық экономика жағдайларында тұтынушылардың қажеттіліктеріне сай келетін бəсекеге қабілетті қызметтер көрсету - кітапханалардың негізгі міндеттеріне жатады. Осы міндеттерді шешу арқылы Қазақстандағы кітапханалар өнім мен қызметтердің сапасын басқару, олардың жұмыс істеуіндегі сапалы параметрлерге баға берудің өлшемдерін əзірлеу немесе кітапханалық-ақпараттық өнім мен қызметтер саласындағы барған сайын шешуші факторға айналып келе жатқан сапа менеджменті жүйесіндегі өлшемдерді əзірлеу қажеттілігін сезіне түсуде. Мұнда кітапхана ісі саласындағы стандарттау мəселесі елеулі рөл атқарады. Бүгінде, құқықтық реттеудің, кітапханалық-ақпараттық үдерістерді басқару мен жоспарлаудың басты құралдарының бірі болып табылатын стандарттар кітапханалардағы қызмет көрсетуді тиімді дамытуға жəрдемдеседі, ел ішінде де, сондай-ақ халықаралық ауқымдарда да кітапхана жүйелеріндегі барлық буындардың өзара байланыстары мен ынтымақтастығын кеңейтудің ұйымдастыру-техникалық, технологиялық арқауы соларға негізделеді. Кітапханалардағы технологиялық үдерістерді стандарттауды басқару құқықтық білімнің болуымен, əзірлемені ұйымдастыру-ақпараттық қамтамасыз етуді жəне стандарттауды таратуды көздейді. ҚР Стандарттау туралы Заңнамасы ҚР Конституциясына, ҚР “Техникалық реттеу туралы” Заңына жəне басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне негізделеді. Мемлекеттік орган ретіндегі ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрлігі халықаралық стандарттарға бірыңғацластыру жəне сəйкестікке келтіру мақсаттарында, кітапханалардың жұмысында қолдану үшін стандарттардың тізбесін белгілейді. Халықаралық ұйымдардың, мəселен, ИФЛА-ның мүшелері болып табылатын кітапханалар, шартқа сəйкес өз қызметінде ИФЛА ұйымыы бекіткен стандарттарды қолдана алады. Қазақстанда ұлттық стандарттар ретінде сондай-ақ 1992 жылы 13 наурызда Мəскеу қаласында қол қойылған Стандарттау, метрология жəне сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімге сəйкес қолданылатын “ГОСТ” абривиатурасымен Тəуелсіз Мемлекеттер Достығы (ТМД) елдерінің де мемлекетаралық стандарттары пайдаланылады. Осы келісімге сəйкес Стандарттау, метрология жəне сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылды. Кеңестің құрамына Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыстан Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Тəжікстан Республикасының, Түркменстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының стандарттау бойынша ұлттық органдары кіреді. [1, 3-4 б. ]
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында: « Барлық негізгі мамандық бойынша заманауи стандарттар әзірлеу қажет. Бұл стандарттарда жұмыс берушілер мен бизнесмендер еңбеккерлердің білімі, қабілеті мен құзыретінің қандай болуы қажеттігін нақты белгілейді. Кәсіби стандарттардың талаптарын ескеріп, білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу қажет немесе қазіргі бағдарламаларды жаңарту керек» - деп аталған [2] . Кітапхана ісінің талаптарға сай стандарттары ақпарат, библиография, кітапхана және баспа ісі бойынша қабылданады. Стандарттарды жасаудағы ең бастысы 2 жағдайды атап өтуіміз керек: кітапханалардың бірдеңгейде жұмыс істеуін қамтамасыз ету және шет ел əдебиеттерін Қазақстан кітапханасы қорына өткізу үшін қиындықтар тудырмай стандартқа сай түрде тапсыру. Қазақстан стандарттары ТМД елдері кітапхана ісі стандарттарына жүгінеді. Республикада қолдапылып жүрген стандарттың жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді:
Біріншіден, заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтық денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді.
Үшіншіден, стандарттың жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді.
Кітапхана ісі саласындағы стандарттаудың негізгі мақсаты - мәдениеттің кіші саласы ретінде кітапхана ісінде бірыңғай жүйелік білім берудің жұмыс істеу тиімділігін арттыру, сондай-ақ, стандарттар арқылы осы жүйелік білім берудің қатаң белгіленген функцияларын оңтайландыру. Кітапханалық стандарттың мәндік сипаттамаларына мыналар жатады: құжаттың нормативтік-техникалық түрі, баламаларға жол бермеу, өзара іс-қимыл жасайтын объектілер арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу қабілеті, көптеген ұйымдар үшін сапа оңтайлылығы, сандық және сапалық сипаттамалардың тұрақтылығы, бірнеше рет қолдану, іс-әрекеттің ауқымдылығы, енгізудің жеделдігі, мемлекеттік органдардың реттеушілік, жиынтық экономикалық тиімділіктері. Кітапханалық - ақпараттық қызмет саласындағы қазіргі заманғы стандарттар жүйесі үш топтан тұрады. Біріншісі, кітапханалық-ақпараттық саладағы барлық стандарттардың едәуір бөлігін кітапханалық-ақпараттық қызмет қолданылатын терминдердің анықтамасы мен жалпы ұғымдарын біріздендіретін стандарттар құрайды. Ақпараттық - кітапханалық қызмет, библиография, ақпаратты іздеу және тарату, ақпараттық-іздестіру тілдері, каталогтау, қорды толықтыру, электрондық басылымдар және өзге де кітапхана ісі саласының негізгі ұғымдар қазіргі уақытта терминологиялық стандарттаумен қамтылған. Келесі бір тобын кітапханалық - ақпараттық және баспа процестерін біріздендіретін технологиялық стандарттар құрайды:
- жалпы құжаттардың, сондай-ақ құжаттардың жекелеген түрлерінің библиографиялық сипаттамасы;
- құжаттарды рефераттау және аннотациялау;
- каталогтар мен картотекалар үшін карточкаларды қалыптастыру;
- құжаттардың жекелеген түрлерін ресімдеу;
- әр түрлі құжаттарды сақтау және консервациялау;
- айдарларды жүргізу;
- библиографиялық мәліметтермен алмасу.
Үшінші топ-кітапхана-ақпараттық қызметтердің жұмысын есепке алуды реттейтін стандарттар. Бұл стандарттар қормен, абоненттермен және оқырмандармен жұмысты есепке алу жағдайларын қарастырады.
Ақпарат, кітапхана жəне баспа ісі (СИБИД) бойынша мемлекетаралық стандарттар жүйесінде ГОСТ 7. 55-99 “Ақпарат, кітапхана жəне баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Негізгі ережелері” негіз қалаушы құжат болып табылады, ол осы ережелерді қолдану, таралу саласы мен құрамын, сондай-ақ мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жəне жоспарлау тəртібін белгілейді. Стандарттар жүйесі мемлекетаралық деңгейде қолданылады, сондықтан ГОСТ -деп аталады. ТМД елдерінде біріңғай дәрежеде сақталуы керек. Ал негізі ISO- дан алынады. Қолданылуына қарай стандарттар мемлекеттік, республикалық және салалық болып бөлінеді. Мемлекеттік стандарттардың барлығы 7-санынан басталады да, одан соң реттік саны мен бекітілген жылы көрсетіледі. [3]
СИБИД құрылғанына 30 жылдан асты. Жүйеге енетін стандарттар, олардың халықаралық мəртебесін ескеру арқылы өз кезегімен жаңартылып отырады. СИБИД мемлекетаралық мүддеге лайық ақпаратты жинауға, өңдеуге, ұсынуға, есебін жүргізуге, сақтауға, іздестіру мен таратуға қатысты бірыңғай нормаларды, ережелер мен қойылатын талаптарды көздейді жəне төмендегілерді қамтамасыз етеді:
- ҒТА органдардың, кітапханалардың, баспалар мен Келісімге қатысатын мемлекеттердің экономикасын ғылыми-техникалық ақпаратпен жəне құжаттамамен ақпараттық қамсыздандыру бойынша жарияланымдар шығаратын ұйымдардың өзара ықпалдастығы;
- ғылыми-техникалық ақпараттың толықтылығы мен салыстырылымдылығы;
- мемлекеттердің құжаттамалық қорларының сақталуы жəне оларды тиімді пайдалану;
- ғылыми-техникалық ақпараттың автоматтандырылған жүйелерінің үйлесімділігі;
- ғылыми-техникалық ақпарат, кітапхана жəне баспа ісі саласында халықаралық нормалар мен ережелер енгізу. [4]
Ақпарат, кітапханатану және баспа ісі жөніндегі стандарттар жүйесі» (Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу- СИБИД) - бұл стандарттарда барлық ақпарат, библиография және баспа ісіне байланысты басылымдардың шығарылым мағлұматтарын, басылымдардың библиографиялық жазбаларын, кітапханалық жүйеде орналастыру, электронды басылымдардың мағлұматтарын орналастыру қаралып, реттеледі.
Стандарттау саласындағы органдар мен қызмет атқаратын мекемелернегізгі іс-әрекеттерді стандарттау саласындағы жұмыстарды немесе белгіленген функцияларды атқаратын мекемелер, бірлестіктер және олардың бөлімшелері. Стандарттау саласындағы органдардың негізгі функциясыстандарттау жұмыс тарын басқару. Қазақстанда стандарттау саласындағы ұлттық органның функциясын атқаратын стандарттау саласындағы іс-қимылдарды басқару органы«Техникалық реттеу және метрология комитеті». Комитетстандарттау саласында мына функцияларды атқарады:
- Мемлекеттік стандарттарды және ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді.
- Техникалық реттеу саласындағы техникалық стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады.
- Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді.
- Мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды.
- Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу төртібін белгілейді.
- Стандарттау жөніндегі мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады. Техникалық реттеу және метрологиялық комитеті өзінің функциясын тікелей және өзі құрған органдар арңылы атқарады. Стандарттау саласында қызмет атқаратын мекемелербелгіленген басқару деңгейінде стандарттау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылған мекемелер мен бөлімшелер. Олардың қатарына ғылыми-зерттеу институттары және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер жатады.
- Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін экономика салаларында құрылады. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың өкілдері кіреді.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзыретіне мыналар кіреді:
- бекітіліп берілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі үсыныстарды дайындау;
- Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпаратжіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және оларға енгізілетін өзгерістерді өзірлеуге, оларға сараптама жасауға белгіленген тәртіппен қатысу;
- Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау. [5]
Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым ұлттық стандарттау органдарының әлемдiк федерациясы ретiнде БҰҰ-ның шешiмiмен 1947 жылы құрамына 25 ұлттық ұйымдар енiп, Лондонда құрылған. Оның атын таңдаған кезде грек сөзiнен шыққан ISOS - "тең" деген сөздi пайдалануға келiсiлген. Сондықтан бұл ұйым барлық елдердiң тiлiнде қысқа аты ISO (ИСО) болып аталынады. Бұл Үкiметтiк емес ұйымның қызмет саласы бүкiл стандарттау жағын, электротехника менэлектроникадан басқасын, қамтиды. Бұл екi сала Халықаралық электротехникалық комиссияның құзырына жатады (МЭК) . Стандарттаудан басқа ИСО стандарттау мәселелерiмен де айналысады. ИСО-ның негiзгi мақсаты стандарттаудың және қызметтердiң ұштасқан түрiн бүкiл дүние жүзiнде дамуын ынталандыру. Бұл iс-әрекет тауарлармен, қызметтермен халықаралық алмасу процесiнiң және интеллектуалдық меншiктiң, ғылыми-техникалық, технологиялық және экономикалық салаларының қызметтерiнiң дамуын қамтамасыз етедi. ИСО-ның қызметiнiң тәжiрибелiк нәтижесi деп әр түрлi салалардың халықаралық стандарттарын қабылдауды және жариялауды дайындау арқылы халықаралық келiсiмге келудi айтады. Оларды әзiрлеу кезiнде ИСО барлық мүдделi жақтардың күтетiн мақсаттарын ескередi - өнiм (қызмет) өндiрушiлердiң, тұтынушылардың, ғылыми-техникалық өкiметтiк және қоғамдық ұйымдардың. Бүгiнде ИСО-ның жұмысына дүние жүзiнiң елдерiнiң 146-сының ұлттық стандарттау ұйымдарымен қатысады, оның iшiнде 94 ИСО-ның мүшесi, 37-корреспондент мүшесi және 15 - қол қойған мүшелерi (2003 жыл бойынша) . ИСО-ның мүшелерi ИСО-ның кез келген техникалық комитетiнiң жұмысына қатыса алады, стандарт жобасы бойынша дауыс беруге құқылы, ИСО-ның Кеңесiнiң мүшелiгiне сайланады және Бас ассамблеяның отырыстарына қатысады. ИСО-ның корреспондент - мүшелерi ондай белсендi жұмыс жүргiзбейдi, бiрақ әзiрленiп жатқан стандарттар туралы толық ақпарат ала алады. Корреспондент - мүшесi болып негiзiнен дамып келе жатқан елдердiң ұйымдары болады. ИСО-ның қол қойған мүшелерi жарнасын төлейдi және халықаралық стандарттау туралы ақпарат алып отырады. "Қол қойған мүше" категориясы дамып келе жатқан елдер үшiн енгiзiлген. Қазақстан 1994 жылдан берi өзiнiң стандарттау, метрология және сертификаттау Комитетiмен ИСО-ның толық мүшесi. [6]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz