Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі - жеке түлғаның саяси мәртебесі мен саяси мәдениеті, саяси кәсібилігінен туындайтын саяси қатынастарға, саяси үрдіске ықпал ету шарасы, деңгейі. М.Вебер саясаттың үш түрін жіктейді. Және оған қатысуына байланысты саясаткер-тұлғаның үш түрін көрсетеді. "Жағдайға байланысты, кездейсоқ" саясат - саяси қатысудың түрі, бұл жағдайда жеке тұлға өз еркін ара-кідік, тіптен саяси акциялардың маз-мұны, сипаты мен бағыты туралы ойланбай жүзеге асырады. "Қосымша" сая-сат адаммен қажет және мұқтаж болған жағдайда басқа қызметімен қатар жүзе-ге асырылады. Саясатпен "қосымша" айналысатын адамдар үшін саяси қызмет басты болып есептелмейді. Кәсіби саясат бұл жеке тұлғаның кәсібі болып табылады. Кәсіби-саясаткер - саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті талдаушы, билік технологиялары бойынша маман. Жоғарыда көрсетілген жағдайлардағы саясатта жеке тұлғаның қатысуынан оның рөлі анықталады.

Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны, кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады.
Осындай бір немесе бернеше әлеуметтік белгілерімен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, орыстар, немістер, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қала адамдары, ой еңбегімен шұғылданатындар және т.б.
Адам саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай да болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.
Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттар арасында тығыз байланыс орнайды.
Саясатпен кәсіби айналыспайтын орташа адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені , ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарынөз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек.Сонымен қатар ол саяси ойындардың ережелері мен тетіктерінен хабары болуы керек.
Саясаттың басты элементін оның субъектілері, яғни, ең алдымен, жеке адамдарды құрайды. Сондықтан біз саясаттың, жалпы қандай да болмасын саяси іс-қимылдың адами өлшемін баса көрсетуге тырысамыз. Расында, оның басқа да субъектілерінің бәрі де (әлеуметтік топтар, қабаттар, таптар, саяси институттар, партиялар және т.б.) саяси мүдделері, мақсаттары, құндылықтары, идеялары және т.б. арқылы біріккен жекелеген адамдардан тұратыны анық. Түптің түбінде адам соның игілігі үшін жасалатын жататын барлық саяси үдерістердің белсенді бастамасы болып табылады. Ұлы Аристотельдің: Адам - саяси жануар! дейтін белгілі нақыл сөзі осы жағдаяттың бүкіл саяси өмірі, саясатқа байланыстының бәрі адамдармен, адамдардың мәнін дәлме-дәл бейнелейді. Саяси оқиғалар мен үдерістердің барлығы, қоғамның қандай да бір формада қатысуымен жасалады. Сондықтан саясат пен қоғамдағы адамның рухани-әлеуметтік даму дәрежесі арасында белгілі бір тәуелділіктің бар болатыны сөзсіз
Қоғамның саяси өмірі дербес ойлап әрі дербес іс-әрекет жасауға қабілетті, әлеуметтік тұрғыда пісіп жетілген адамдардың жеткілікті санының болуын қалайды. Дәл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы ақпараттық саясат туралы түсінік
Саясат тарихы
Саяси психологияның дамуы
Саясат тарихы туралы ақпарат
Саяси психология туралы
Саяси әлеуметтену
Саяси психологияның зерттеу обьектілері, әдістемелік базасы
Саяси психология
Саяси психология саясаттану мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы
«Саяси психология» пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Пәндер