Сұйықтық ішінде əсер ететін күштер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1 Гидравлика пәні 2 Гидравлика пәнінің қысқаша даму тарихы
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Гидравлика (гр. hydraulicos, hydor -- су, aulos -- түтік) -- сүйықтықтардың қозғалысын және тепе-теңдік зандарын зерттеу мен оларды іс жүзінде пайдалану тәсілдерімен шұғылданатын ғылым саласы. Гидравлика тұтқырлығы аз, сығылмайтын сұйықтықтарды зерттейді. Қысымы мен тығыздығы тұрақты газдарға да гидравликаның негізгі зандарын қолдануға болады. Гидравлика сұйықтықтың қозғалыс және тепе-тендік зандылықтарын анықтайтын теориялық гидравлика және ол зандарды инженерлік мақсаттарға қолданатын іс жүзінде пайдаланылатын гидравлика болып бөлінеді. Сұйықтықтың тепе-теңдік заңдылықтарын зерттейтін гидравлика саласы гидростатика және олардың қозғалыс заңдылықтарын зерттейтін саласы гидродинамика деп аталады. Гидростатика ыдыс қабырғасына, құбырға, бөгетке, көпір тіреулеріне т.б. сұйықтыққа батырылған денеге әсер ететін сұйықтық қысымын зерттеу және денелердің жүзу шарттарын қарастырумен шұғылданады. Сүйықтықтың қозғалысын зерттеуде гидравлика гидродинамиканың Д. Бернулли есімімен аталатын және үздіксіздік тендеулеріне сүйенеді. Гидравлика сұйықтықтар қозғалысы кезінде туатын гидравликалық кедергілерді мұқият талдай отырып, сұйықтық (мұнай, газ, жанармай және т.б.) ағатын құбырлардың мөлшерін (көлденең қимасын), олардан өтетін сұйықтық шамасын анықтау мәселелерімен де айналысады. Сонымен қатар гидравлика ашық арналардағы (канал, өзен жоне т.б.) су ағысының жылдамдығын, су өтімін зерттейді. Гидравликаның негізгі зандары гидротехника, мелиорация, жылумен және газбен жабдықтау, канализация, гидроэнергетика, су көлігі салаларында пайдаланылады. Сұйықтық пен газдарды тасымалдау және оларды әр түрлі мақсаттарға пайдалануға гидравликаның іс жүзінде маңызы зор. Гидравлика, бұл зерттеулер теориялық пән болып табылады Сұрақтар, ауқымдағы сұйықтық механикалық қозғалыс байланысты және техногендік орталар. Сұйық (және газ) ретінде қарастырылады бастап үздіксіз және бөлінбейтін жеке орган, ол жиі гидравлика ретінде қарастырылады Қабылданған қандай үздіксіз БАҚ-деп аталатын механика бөлімдеріне бірі арнайы дене орган сұйықтықты қолданады. Осы себепті, жиі гидравлика үшін сұйық және газ механикасы және гидромеханики деп аталатын, оның ғылыми-зерттеу пәні тепе-теңдік және сұйықтардың және газдардың қозғалысын негізгі заңдары болып табылады. Классикалық механика, гидравлика ортақ компоненттерін анықтауға болады бөлшектер: тепе-теңдік сұйықтық заңдар зерттейді. Гидростатика; кинематика, қозғалатын сұйықтық және гидродинамика негізгі элементтерін сипаттайды, ол зерттеулер негізгі сұйықтық қозғалыс заңдары және оның қозғалысының себептерін көрсетеді.

II Негізгі бөлім
1.Гидравлика пәні

Гидравлика жəне гидрология пəні, қысқаша тарихи шолу. Гидравлика - сұйықтық заттардын тепе-тендік қалпын жəне қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым. Гидравлика сөзі гректің hudor- су жəне aulos - құбыр деген сөзінен құралып, құбырдағы су немесе судың құбырмен жылжуы деген мағынаны білдіреді. Гидравлика гидростатика жəне гидродинамика деп екіге бөлінеді.Гидростатика - сұйықтықтың тепе-тендік қалпын тексерсе, гидродинамика судың қозғалыс заңдарын зерттейді. Гидрология - гидросфераны оған қоса мұхитты, теңізді, көлдерді, жер асты жəне жер үсті суларды, қарлар мен атмосферадағы ылғалды сонымен қатар олардың қасиеттерін ондағы өтіп жатқан құбылыстарды жəне олардын даму барысын
атмосферамен, литосфера жəне биосферамен байланысты қарастырып зерттейтін ғылым.
Гидрология құрлықтық гидрология жəне мұхиттық гидрология болып екіге бөлінеді. Əртүрлі инженерлік есептерді гидроэнергетикада, гидротехникадағы көпір құрлыстардағы, автомобиль жолдардағы жəне темір жолдарындағы есептерді шешумен айналысатын гидрология бөлігін инженерлік гидрология дейміз. Гидрометрия - су объектілеріндегі жүргізілеті нөлшеу жəне бақылау жұмыстарының əртүрлі тəсілдерін қарастыратын иженерлік гидрология бөлігін айтады.
Пəнге қысқаша тарихы. Гидравлика ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі. Бізге белгілі ерте заманда ғылыми жұмыс болып біздің дəуірімізге дейін 250 жылдай бұрын жазылған Архимедтің суда жүзуші денелер туралы деген трактаты саналды. Ал екінші ғылыми жұмысы болып Ленеордо да Винчи (1452-1519) жазған жүзу теориясын жəне сұйықтың тесік арқылы ағуын, судың каналдар мен өзендердегі ағыс қозғалысын зерттегенеңбектері жатады.
1612 ж Галилео Галилей (1564-1642) судағы заттар туралы трактатын жазды. Ал 1650 ж Паскаль сұйықтыққа зерттеу жүргізген. 1686 ж Ньютон сұйықтықтың ішкі үйкеліс күші туралы заңын шығарды. Ал Россия ғалымдары Даниил Бернулли (1700-1782), М.В.Ломоносов (1711-1765), Леонард Эйлер (1707-1783) Д.И.Менделеев 1880 жылы табиғаттағы сұйықтық қозғалысының екі түрлі режим барын анықтады. Осы режимдерді өте толық түсіндірген О.Рейнольдс болды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Темір жəне автомобиль жолдарына көпір жəне тоннель салу жұмыстарындағы гидравлика жəне гидрология пəнінің маңызы Гидравлика жəне инженерлік гидрологияны білу сапалы құрылыс жүргізудің жəне сенімді пайдаланудың негізі болып табылады. Көпір
өтімдері мен су өткізу ғимараттары өте күрделі жəне қымбат объектілерге жатады. Олардың дұрыс жұмыс істеуі көліктік үздіксіз жүруін қамтамасыз етеді. Судың жол жиегіне, су өткізу ғимараттарына жəне көпірге əсер беруі оның дұрыс қалыпты жұмыс істеуіне кері əсерін тигізеді. Статистикаға сүйенсек əр бір шақырым жол сайын əр түрлі су ғимараттары кездеседі екен. Осы пəнді толығымен игерген келешек инженер су ағымына өлшем жүргізуді, зертеу жасауды, ғимараттарға əр түрлі есеп жүргізуді үйренеді. Темір жəне автомобиль жолдар бойында су өткізгіш ғимараттар, жол құбыры, кіші жəне орта көпірлер, үлкен көпірлер көптеп кездеседі. Осындағы əр түрлі құбылыстарды гидравлика жəне гидрология зерттейді. жасалады.
Сұйықтық жəне оның физикалық қасиеттері. Сұйықтық ішінде əсер ететін күштер. Газдармен қатты денелердің арасындағы дененің аралық күйін сұйықтық деп аталады.


2 Гидравлика пәнінің қысқаша даму тарихы

Температура төмен кезде сұйықтықтың қасиеттері қатты дененің қасиеттеріндей болады. Сұйықтықтың негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электро ортадан тепкіш сорапты қондырғының жіктелуі
ГИДРАВЛИКАЛЫҚ ЖЕТЕКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ
Сұйықтың динамикалық түтқырлығы
Сұйықтың тұтқырлығын анықтау
Дисперсті жүйелердің классификациясы жəне табиғаты
АЖЫРАМАЙТЫН ҚОСЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ
Жылу алмасу аппараттары
Ортадан тепкіш сораптардың есептік көрсеткіштері
Мұнайды өңдеу технологиялары
ЖАЛҒАУШЫ МУФТАЛАР ЖӘНЕ ҚҰРАМДАС БІЛІКТЕРДІҢ ҚҰРАСТЫРУЫ
Пәндер