Әкімшілік интернет ресурсын әзірлеудің алғышарттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Әкімшілік интернет ресурсының құқықтық реттелу негіздері ... ... ... ... ... 6 1.1 Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидалары және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 1.2 Мемлекеттiк органдар интернет-ресурстарының мазмұнына және пайдалану қолайлылығына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2 Әкімшілік интернет ресурсын әзірлеудің алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... 16 2.1 Әкімшілік интернет ресурсының ерекшелктері мен оны дайындау құралда-ры ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 122 .2 Интернет ресурстың дизайн элементтері мен негізгі ережелері ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция қарсаңында Қазақстанды үшінші жаңғырту, 2050 жылға қарай елімізді әлемнің ең дамыған 30 алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына қосу мақсатында бес басымдықты ілгерілету және Нұрлы жол бағдарламасы мен 100 нақты қадам Ұлт жоспары базасына арналған экономикалық өсімнің жаңа моделін құру туралы тапсырма жүктелді [1]. Елбасы өз Жолдауында атап өткендей, цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ-саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауы тиіс. Жаңа индустриялар қалыптасты- рудың маңызды шарты ғылыми-техникалық инновацияларды қолдау, оларды әлеуметтік-экономикалық өмірімізге тезірек енгізуде жаңа биіктікке және жеңіске ұмтылуымыз қажет. Қазақстан Республикасы Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше назарды мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға аудару қажеттігін көрсетіп, мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" веб порталы арқылы өтініштерді электрондық нысанда ұсыну азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшу тапсырылған болатын [2]. Интернет ресурстарын құрудағы басты мақсат - тұрғындарға аса қажетті, сұранысы жоғары мемлекеттік қыз - мет - тердің қолжетімділігін арттыру және тұрғындардың уақытын үнемдеу. Қызмет көрсетудің жеделдігі арқасында, азаматтар кез келген уақытта интернет арқылы қажетті анықтама қағаздарына тапсырыс беріп, қажетті мәліметтерін жылдам ала алады. Мысалы, бүгінде электронды әкімдік арқылы мем - ле - кет - тік тұрғын үй қорынан тұр - ғын - үйге немесе жеке тұрғын үй қоры - нан жергілікті орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, 18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайын - дау, - балабақшаға балаларды кезекке қою немесе мектепке дейінгі бала - лар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу сынды бас-аяғы 19 мемлекеттік қызмет түрін алуға болады. Аталмыш жобаның жаңа мүмкiндiктерi: - тұрғындардың компьютерлiк сауаттылығын арттыру ; - белсендi интернет-тұтынушылар санын көбейту; - азаматтар мен компанияларға мемлекеттiк қызмет алуға мүмкiндiк беру; - мемлекеттiк мекемелердiң үдерiстерiн автоматтандыру, мемлекеттiк органдар мен мекемелердегi қызметкерлер жұмысының жариялылығын арттыру. Курстық жұмыста Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор ауылдық округі әкімшілігінің интернет ресурсын дайындау тақырыбы баяндалады.
Доссор ауылдық округ әкімдігі - Атырау облысы, Мақат ауданында-ғы әкімшілік бірлік. Құрамына Доссор кенті кіреді. Орталығы - Доссор ауылдық округі. 2009 жылғы санақ бойынша Доссор ауылдық округінде 11470 адам тұрады. Іргесі 1911 жылы Жайық - Жем өңірінде ашылған тұңғыш мұнай кенін игеру негізінде қаланған. Доссорда 1911 жылы тұрғын үйлер көптеп салына бастады. "Орал - Каспий" қоғамы қазіргі кенттің солтүстігіне, "Ағайынды Нобельдер" қоғамы солтүстік-батысына, "Қосалқы кәсіпорындар жолдастығы" оңтүстігіне, "Ембі - Каспий" қоғамы шығыс бетке құрылыс жұмыстарын жүргізді. Осы құрылыстардың шет жақтарында қазақ жұмысшыларының жертөлесі мен жеркепелері көбейе бастады, олар кейін "Қазақ ауылы" деген атқа ие болды. Кенттегі көзге түсер ғимараттардың барлығы осы арада шығарылған кірпіштен салынды. Доссордың ұлғаюына 1926 жылы салынған Гурьев (қазіргі Атырау) Доссор тар табанды және 1940 жылы тұрғызылған Гурьев - Қандыағаш кең табанды темір жолдарының салынуы игі ықпал жасады [4; 156-158]. Мұнда "Ембімұнай" бірлестігіндегі мұнай өндіретін ірі орталықтардың бірі "Доссормұнай" мұнай өндіру кәсіпшілігі, оның басқармасы, автомобиль жөндеу зауыты, Атырау мұнай барлау экспедициясының механикалық шеберханасы, "Ембімұнай" бірлестігінің құрылыс-монтаж басқармасы, жол-құрылыс және тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар, орта мектеп және мектеп-интернат, сегіз жылдық мектеп, кәсіптік-техникалық училище, музыка мектебі, аурухана, туберкулез және тері аурулары диспансерлері, клуб, демалыс бағы бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен сор арасындағы өткелге салынған автомобиль және темір жолдары арқылы байланысады . Зерттеу обьектісі - - Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор ауылдық округі әкімшілігінің интернет ресурсын дайындау ерекшеліктері, әкімшілік ресурстарның құқық реттелу негіздері. Зерттеу пәні - Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор ауылдық округі әкімшілігінің интернет ресурсын дайындау процесстері. Зерттеудің мақсаты: Доссор ауылдық округі әкімшілігінің интернет ресурсын дайындау және интернет ресурстың құқықтық реттелу ерекшеліктерінің мәнін ашып көрсету. Зерттеудің міндеттері: әкімшілік интернет ресурсын дайындау құралдарына талдау жасау, Интернет ресурстың дизайн элементтері мен негізгі ережелеріне сипаттама беру. Өзектілігі: Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор ауылдық округі әкімшілігінің интернет ресурсының округ тұрғындарына: тұрғындардың компьютерлiк сауаттылығын арттыру; белсендi интернет-тұтынушылар санын көбейту; азаматтар мен компанияларға мемлекеттiк қызмет алуға мүмкiндiк беру; мемлекеттiк мекемелердiң үдерiстерiн автоматтандыру; мемлекеттiк органдар мен мекемелердегi қызметкерлер жұмысының жариялылығын арттыру тәрізді берер жаңа мүмкіндіктері көп.
Әкімшілігінің интернет ресурстарын дайындаудағы басты мақсат - тұрғындарға аса қажетті, сұранысы жоғары мемлекеттік қыз - мет - тердің қолжетімділігін арттыру және тұрғындардың уақытын үнемдеу болып табылады. Қызмет көрсетудің жеделдігі арқасында, азаматтар кез келген уақытта интернет арқылы қажетті анықтама қағаздарына тапсырыс беріп, қажетті мәліметтерін жылдам ала алады. Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеуге алынған тақырыптың өзектілігі, зерттеу жұмысының обьектісі, пәні және мақсаты мен міндеттері баяндалады. Қорытындыда зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары жасалып, зерттелген мәселе бойынша зерттеу перспективасы тұжырымдалады.

1 Әкімшілік интернет ресурсының құқықтық реттелу негіздері
1.1 Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидалары
Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидалары "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7 бабының 15 тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын (бұдан әрі - интернет-ресурс) ақпараттық толықтырудың қағидаларын айқындайды. Осы Қағидалардың қолдануы орталық және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға таралады. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) интернет-ресурс - Интернетте жұмыс істеп тұрған және аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған, бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар, көрінетін мәтіндік, графикалық, аудиовизуальдік немесе басқа да түрдегі электрондық ақпараттық ресурс; 2) қол жеткізу шектелген ақпарат - мемлекеттік құпияларға, жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат; 3) мемлекеттік органдар бірінші басшыларының блог-платформасы - мемлекеттік органдар бірінші басшыларының азаматтардың сауалына және оларға жауаптарын жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, "электрондық үкімет" веб-порталының кешені; 4) серпінді ақпарат - мемлекеттік органның ағымдағы қызметін көрсететін уақытша сипаттағы ақпарат (перспективалық даму, өзекті оқиғалар, басым бағыттар); 5) статикалық ақпарат - мемлекеттік органның ішкі және сыртқы қызметін бейнелейтін, тұрақты (анықтамалық) сипатқа ие ақпарат (нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік органның құрылымы, ережесі, бюджеттің игерілуі бойынша ақпарат) [3]. Атқарушы орталық органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурстарында электрондық ақпараттық ресурстарды орналастырған кезде орталық атқарушы органның негізгі интернет-ресурсының мазмұнын қайталауға жол берілмейді. Облыстардың аудандық маңызы бар қаланың, аудандарының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар орталық атқарушы органдар доменге бағынысты аймақта өзінің интернет-ресурсы болады.

Облыстардың, аудандарының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес жауабын орналастырумен басшыларға өтініш беру мүмкіндігін азаматтарға беру үшін мемлекеттік органдар бірінші басшыларының ресми блог-платформасында (blogs.egov.kz) жергілікті атқарушы органдардың әкімінің блогы болады [3]. Мемлекеттік органның интернет-ресурсының ақпараттық көздері тиісті құрылымдық бөлімшелерімен әзірленген және ұсынылған материалдарды құрайды. Мемлекеттік органдар интернет ресурстарында орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар серпінді және статикалық ақпараттарға бөлінеді. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы статикалық ақпарат қажеттілігіне қарай жаңартылады. Серпінді ақпарат жаңалық хабарламалдардан басқасы, жаңа ақпарат түсуіне қарай жаңартылады, бірақ үш жұмыс күнінен кем болмауы керек. Жаңалық хабарламалар күн сайын орналастырылады. Жаңалық хабарламаларды орналастыру кезінде жаңалық хабарламалардың тақырыбы мемлекеттік орган қызметі саласына сай қамтамасыз етіледі. Жаңалық хабарламалар мәнін ашатын, қысқа және барынша нақты сөйлемдерден қалыптастырылады. Жаңалық мәтінінде оқиғаның күні, болған орны, мағынасы, нәтижесі туралы ақпараттың болуы қамтамасыз етіледі. Интернет-ресурс Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына арналған Интернет желідегі қазақстандық сегменттің домендік аймағында тіркелуге жатады. Мемлекеттік орган домендік атауға құқығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органның интернет-ресурсы gov.kz және мем.қаз домендік аймақтарында ұқсас болып табылады. Мемлекеттік органның интернет-ресурсының домендік атауы нақты мемлекеттік органмен ассоцияланатын, жазуға және айтуға қарапайым есте сақталатын қысқа аттардан, немесе мемлекеттік органның қысқартылған атауынан тұруы керек. gov.kz домендік аймағында атау мемлекеттік органның атауы бойынша немесе ағылшынша қысқартылған атауы бойынша, ал мем.қаз домендік аймағында - мемлекеттік тілде қалыптастырылады [3].
Мемлекеттік орган интернет-ресурсының құрылымы және орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың құрамы (ақпарат түрі мен мазмұны): Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран. Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы жолдауы;
2) Елбасының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары;
3) Елбасының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асырудың нәтижелері; 4) Мемлекеттік органдар басшыларының дербес блогы (вебкүнделік);
5) Мемлекеттік қызмет, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының ережелері туралы позитивті имиджді қалыптастыру және нығайту туралы ақпарат;
6) Сыбайлас жемқорлық іс-қимылына қарсы қабылданатын шаралар туралы ақпарат.
Норма шығару қызметі: 1) Мемлекеттік органмен шығарылған нормативтік-құқықтық актілер;
2)Нормативтік-құқықтық актілер жобаларының мәтіндері.
3)Нормативтік құқықтық актілер жобаларын талқылау функционалының болуы. Мемлекеттік органның ағымдағы қызметі туралы ақпарат: 1) Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары;
2) Стратегиялық жоспарды орындау туралы есептер;
3) Орындаушысы мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік бағдарла-малар (салалық бағдарламалар, аумақты дамыту бағдарламалары);
4) Мемлекеттік бағдарламаларды (құзыреті шегінде) салалық бағдарла- маларды, аумақты дамыту бағдарламаларын орындау туралы есептер;
5) Мемлекеттік органның құзыретіне қатысты бөлігінде саланы дамытудың жай-күйі мен серпінін сипаттайтын статистикалық деректер мен көрсеткіштер; 6) Мемлекеттік органның қызметі туралы ақпараттық сипаттағы талдамалық баяндамалар мен шолулар;
7) Халықаралық шарттарды, ведомствоаралық шарттарды және халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын (қызметіне мемлекеттік орган қатысатын халықаралық ұйымдардың тізбесі; мемлекеттік органның басшысымен жасасылған (қол қойылған) халықаралық шарттар мен келісімдердің тізбесі және мәтіндері) (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшн толтыру міндетті) іске асыруда мемлекеттік органның қатысуы туралы мәлімет. Халықпен жұмыс жасау: 1) Мемлекеттік органның азаматтарды қабылдау және олардың өтінішін қарау тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықты актілер;
2) Азаматтарды қабылдау кестесі;
3) Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері жөніндегі ақпаратты алу мүмкіндігі олар арқылы берілетін уәкілетті тұлғалардың байланыс телефондары;
4) Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін шолулар (түскен өтініштер және оларды қараудың нәтижелері туралы толық ақпарат);
5) Өтініштер қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерді жауапты тұлғалардың байланыс деректерін көрсете отырып шағынудың тәртібі;
6) Кері байланыс функциялары (Сұрақ-жауап, онлайн-қабылдау);
7) өту сілтемесін орналастырумен электрондық үкімет порталы арқылы электрондық өтініштер беру мүмкіндігі туралы ақпарат;
8) Азаматтардың қабылдау кестесіне сәйкес online қабылдауға жазылу мүмкіндігімен мемлекеттік орган басшысының және оның орынбасарларының электрондық қабылдауы;
9) blogs.egov.kz блог-тұғырнамасында басшының ресми блогына өтудің бар болуы. Ақпараттық қолдау: 1) Жаңалықтардың өзекті тізбегі (жаңалықтар мұрағатын құрумен);
2) Мемлекеттік орган ресми оқиғаларының күнтізбесі;
3) Мемлекеттік органның, оның ведомствоға бағынысты жәненемесе аумақтық бөлімшелері саласының бірі қалмастан бәріне түгел қатысты тікелей ақпараттық сипаттағы басқадай материалдар және мемлекеттік орган бірінші басшыларының ресми мәлімдемелерінің және сөз сөйлеулерінің мәтіндері;
4) Мемлекеттік орган жүргізуіндегі жалпы пайдалану, деректер қорын, тізілімдер, тіркелімдер ақпараттық жүйелерінің тізбесі. Сілтемесіне өтуін орналастырумен, оларды пайдалану тәртібі туралы және ақпараттық жүйелердің мақсаты туралы қысқаша ақпарат;
5) Пайдалы сілтемелер (үкімет интернет-ресурстары, "электрондық үкімет" веб-порталы, заңнама деректер қоры);
6) Бастапқы бетінде рұқсат беру және мемлекеттік қызмет көрсетуде, заңнамадағы өзгерту бөлігінде интернет-ресурстағы соңғы жаңартулар туралы пайдаланушыларына хабардар ететін, айдардың бар болуы;
7) Әдістемелік және консультациялық қолдау (мемлекеттің органның құзыреті шегінде)
Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшу жөніндегі тұжырымдамасы шеңберіндегі мемлекеттік органның қызметі: 1) "Жасыл экономикаға" көшу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы-ның заңнамалық актілері (не ресми интернет-ресурста НҚА сілтемесі);
2) "Жасыл экономикаға" Қазақстан Республикасының көшуі бойынша шара-ларды іске асыруы жөніндегі мемлекеттік орган қызметі туралы ақпарат (өз құзыреті шегінде) (мәтінде оқитынтүрде ұсынылады, негіздемелері бойынша мемлекеттік органдар үшін пайдаланылады) [3].


1.2 Мемлекеттiк органдар интернет-ресурстарының мазмұнына қойылатын талаптар
Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарының мазмұнына қойылатын талаптары "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7 бабының 15 тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарының мазмұнына қойылатын талаптарын айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады: 1) балама мәтін - тек мәтінді көрсететін құрылғыларды пайдаланған кезде мәтіндік емес веб-контенттің мазмұнын және функциясын түсінуге мүмкіндік беретін мәтін;
2) веб-контент - электрондық ақпараттық ресурстың мәтіндік, мәтіндік емес немесе медиа мазмұны; 3) графиктік "тақырыпша" - компанияның немесе интернет-ресурстың суретін орналастырумен (фотографиялары, логотипі, суреті бөлігінде) атауы орналастырылатын, графикалық файлы; 4) интернет-ресурс - Интернетте жұмыс істеп тұрған және аппараттық-бағддарламалық кешенде орналастырылған, бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар, көрінетін мәтіндік, графикалық, аудиовизуальдік немесе басқа да түрдегі электрондық ақпараттық ресурс; 5) интернет-ресурстың мобилді нұсқасы - домендік атауы бар ОМО және ЖАО интернет-ресурсының жеке нұсқасы, және мобилді браузерлер (Safari, Google chrome, Internet Explorer Edge) арнайы мобилді құрылғылар (смартфондар, планшеттер) үшін қарауға арналған арнаулы дизайнымен, контентін оңтайландырумен және пайдаланушылық интерфейсімен әзірленген, ОМО және ЖАО интернет-ресурсы. 6) килобайт - ақпараттың өлшем бірілігі; 7) қол жеткізу шектелген ақпарат - мемлекеттік құпияларға, жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат; 8) скринридер - мәтінін оқитын "экранды оқушы", бағдарлама. 9) тег - интернет-ресурстың веб-бетіндегі мәтіннің көрінісін өзгертетін HTML тілінің элементі; 10) флэш-заставки - бұл 300 килобайттан аспайтын қысқаша анимациялық опред фильмі; 11) dpi - офсеттік тәсілмен басып шығару үшін суретіне рұқсаты; 12) Html - Интернет желіде құжаттарды белгілеудің стандарттық тілі; 13) on-line - активтік қосылу жай-күйі; 14) pixel (px) - растворлық графиктегі екі өлшемді цифрлық суретінің ең кіші логикалық элементі; 15) SMIL - интерактивтік мультимедиялық тұсау кесерлерді құру үшін белгілеу тілі;
16) WebContentAccessibilityGuidelines (бұдан әрі - WCAG.2.0) - әртүрлі пайдаланушылардың барынша қалың тобы үшін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді веб-контентті құрудың қазіргі заманғы ережелері мен қағидаттарын сипаттайтын веб-контентке қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқалық [3]. Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарын оңтайлы ұйымдастыру үшін пайдаланушыға ыңғалы болуына бағытталған. Интернет-ресурстарының басты парақтары графикалық бөлігін, навигациялық мәзірді, контенттік облысты, сайттың картасын құрайды. Интернет-ресурстарының бірыңғай құрылымын қалыптастыру мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының парақтары құрылымына бірыңғай әдіспен анықталады. Графикалық бөлігі жарияланатын осы контентке қатысты сурет түрінде ұсынылады және мағыналық жүктемесі болады. Интернет-ресурста орналастырылатын ақпарат ағымдағы уақыт сәтіне сәйкес келеді. Интернет-ресурсының мобилді нұсқасында интернет-ресурстың негізгі нұсқасына сілтемесі іске асырылады. Интернет-ресурста және ондағы барлық электрондық ақпараттық ресурстар пайдаланушыларға бірдейлестіру рәсімдерін өткізусіз қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Электрондық ақпараттық ресурстар іздестіру мүмкіндігін және веб-шолушы құралдарымен мәтін үзіндісін көшіруді қамтамасыз ететін гипермәтіндік нысанда ұсынылады. Нормативтік құқықтық және өзге де актілер, актілер жобалары, сот қаулылары, баяндамалар, есептер, шарттар, шолулар, болжамдар, хаттамалар, қорытындылар, статистикалық ақпарат, нысандар үлгілері және өзге де гипермәтіндік нысанға қосымша құжаттар интернет-ресурсында пайдаланушылардың техникалық құралдарында оларды сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін нысандағы файлдар түрінде ұсынылады. Нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурста олардың түпнұсқаларының суреттерінен сканерленген сурет түрінде графикалық нысанда қосымша орналастырылады. Интернет-ресурстағ ы нормативтік құқықтық актілер олардың түрі, тақырыбы, орны және қабылданған күні, тіркелген нөмірі, тұлғаның қолы, немесе уәкілетті тұлғалардың қолы қойылатын нормативтік құқықтық актілердің күні, уақыты және тіркелген нөмірі ұсынылады және уақытылы жаңартылады. Интернет-ресурстың парағында орналастыру кезінде нормативтік құқықтық базалары және мазмұндық бөлімдері арасында қарамақайшылық сілтемелері пайдаланылады. Ұсынылатын мұрағаттық деректердің ұзақтығы үш жылдан кем болмайды [3]. Мемлекеттік органның басшысы, басшысының орынбасары, аумақтық органдардың құрылымдық бөлімшелері, шетелдік өкілдіктері, ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары; консультациялық және кеңесші органдардың басшылары мен мүшелері, сол және өзге де жұмыс учаскесіне жауапты мемлекеттік органның өзге жұмысшыларының тегін, атын, әкесінің атын толық түрде көрсету қажет.
Мемлекеттік органның факстарының, телефон нөмірлерін көрсеткенде, оларды қала (облыс, район) кодтары көрсетіледі. Мемлекеттік органның интернет-ресурсында пошталық мекен жайды көрсеткен кезде, пошталық индесі көрсетіледі. Ақпаратты көрсеткен кезде, ақпараттың орналастырған күні мен уақытын, сондай-ақ ақпараттың соңғы өзгертілген күні мен уақытын анықтау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Интернет-ресурстың басты парағының дизайны көлемі бойынша графикалық элементтермен артық жүктеуге жол берілмейді және: веб-парақты жүктемелеудің жоғары жылдамдығын; ресми интернет-ресурстың графикалық бөлігін әрлеуде графиктерді және анимациялық құралдарды (флеш) минималды қолданылуын қамтамасыз ету қажет. Интернет-ресурсының нұсқасы тікелей және еркін ашылады. Интернет-ресурстың тілі өзгертілген кезде сол қаралудағы парақ ашылады. Графикалық бөлігі графикалық "тақырыпша", баннерлерден және бірнеше ірі емес тақырыптық суреттен тұрады. Графикалық "тақырыпша", экрандық терезенің төрттен бір бөлігінен артық емес және көлемі 100х100 px-ден аспайтын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын суретінен тұрады. Мемлекеттік органның логотипін (ол болған жағдайда) орналастырған кезде логотип көлемі мемлекеттік елтаңба көлемінен аспайды. Графикалық "тақырыпшада" мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсы болып табылатындығын көрсететін нұсқаудан тұрады. Баннерлер бір көлемде және тұрақты және уақытша сипатта орналастырылады. Интернет-ресурс тың навигациялық мәзірі интернет-ресурстың негізгі бөлімдеріне жылдам өтуін қамтамасыз етеді, жетістікте интернет-ресурстың кез келген парағына қолжетімділікке үштен аса емес өтуін талап етеді. Навигациялық элементтері интернет-ресурсының барлық парақшаларында белгілі бір жерде орналасады. Интернет-ресурсының құрылымы және ашылған парақтың осы құрылымдағы орны туралы пайдаланушыға көрнекі ақпарат беріледі. Навигацияның бірдей элементтері бірыңғай стильде болады. Интернет-ресурсының бас парағының контенттік облысы мыналарды құрайды: нысандағы жаңалық: күні, тақырыбы, қысқаша мазмұны; қысқаша байланыс ақпараты - мемлекеттік органның пошталық мекен-жайы, телефоны және e-mail; іздеу жолы - интернет-ресурс бойынша толық мәтіндік іздеуге арналған; тілді таңдау жолы - қазақша\орысша\ағылшынша; интернет-ресурсқа кірушілерді есептеуіш. Бас парақшаға сілтемесі интернет-ресурстың кез келген парақшасында қолжетімді болып табылады. Парақтардағы тақырыптар мен қолтаңбалар осы парақтағы мазмұнды (міндетті), ағымдағы бөлімінің атауын және көрсетілген құжатты сипаттайды. Тақырыптарды курсивпен жазу, мәтін астын сызуға болмайды, өйткені мұны пайдаланушы сілтемеге нұсқау деп түсінуі мүмкін. Интернет-ресурсының шаблоны анықтығы 72 dpi-дан артық емес суретті жылдам жүктеу үшін оңтайландырылады. Интернет-ресурсының жүктелетін бір стандартты парақшасының көлемі орташа алғанда 170 килобайттан аспайды. Графикалық суреттер 30 килобайттан аспайды.
Флэш-көркем суретті көлемі 300 килобайттан аспайды. Ақпараттық метариалдарды орналастыру кезінде WCAG.2.0 - есепке ала отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділік нормаларының орындалуы сақталуы қажет. Нашар көретін және көзі көрмейтін адамдар үшін интернет-ресурстың қолжетімділігі нашар көретін және көзі көрмейтін адамдар үшін интернет-ресурсының баламалы нұсқасын құру жолымен қамтамасыз етуге болады. Интернет-ресурстың осы нұсқасына өту үшін бас парақта гиперсілтемені орналастыру қажет. Нашар көретін және көзі көрмейтін адамдар үшін интернет-ресурстың балама нұсқасы болмаған жағдайда интернет-ресурста WCAG 2,0 талаптарының орындалуын қамтамасыз ету. Нашар көретін және көзі көрмейтін адамдарға интернет-ресурстың толықтай қолжетімділігі үшін барлық негізгі ақпарат онда мәтін түрінде көрсетілуі тиіс. Интернет-ресурсында ақпаратты спамнан қорғау үшін графикалық код пайдаланылған жағдайда көзі көрмейтін пайдаланушылар үшін баламалы дыбыстық кодты орналастыру қажет. Интернет-ресурсында on-line режімде толтыру үшін арналған электрондық нысан орналастырылған кезінде, пайдаланушының ақпаратты қате енгізген кезіндегі жіберілген қате туралы автоматты мәтіндік хабарламасы көзделуі қажет. Графикалық файлдар суретті түсіндіретін мәтінмен сүйемелденеді, интернет-ресурсының парақтарында графикалық ақпарат орналастырылған кезде оны барлық пайдаланушылардың түсінуі үшін баламалы қолтаңба тегін қолдануы қажет. Интернет-ресурсында flash-сурет орналастырған кезде, бұл объектілер жоқ параққа өту мүмкіндігін көздеу қажет. Интернет-ресурсында оны қабылдауды қиындататын және ақпаратты бұрмалайтын фондық сурет пайдаланылмайды. Нашар көретін адамдарға интернет-ресурсының оқылуын арттыру үшін мәтін немесе фонға қатынасы бойынша мәтін және суреттің қанықтылығы коэффициенті 4,5:1 кем емес. Мемлекеттік орган интернет-ресурсының бас папғында орналастыру кезінде горизанталды айналдыруға бармай-ақ веб контентті немесе интернет-ресурстың функционалдығын (титрді және мәтіннің көрсетілуін болдырмай-ақ) жоғалтпай-ақ шрифтің өзгерту мүмкіндігін ұсыну қажет. Интернет-ресурста ақпаратты орналастыру кезінде SMIL қолданумен аудио-видео контент үшін сәйкес синхрондалған титрлар беріледі. Интернет-ресурст а ақпаратты орналастыру кезінде скринридермен оқу үшін видео-контентке мәтіндік сипаттамасы көзделуі керек. Интернет-ресурстың бас парағынан ағымдағы ашылған параққа дейінгі бөлімдері бойынша ілеспе жолды құрайтын навигациялық тізбегін пайдаланылады. Интернет-ресурсының парақшасында үлкен көлемдегі мәтіндік ақпаратты орналастырған кезде, парақшаның әр-түрлі бөлімдеріне ішкі сілтемелер қолданылады. Пайдаланушыға парақша басына қайтып келуге мүмкіндік беретін, парақшаның әр бөлімінде "Жоғарыға қайтып келу" сілтемесі болады. Интернет-ресурста үш секундтан аса автоматты түрде ойналатын веб-контент үшін тоқтау, үзіліс немесе дыбысты ажырату тетіктері қамтамасыз етіледі. Интернет-ресурсының парақтары экранның жылтылдауы 2 Гц-тен жоғары және 55 Гц-тен төмен жүргізілмеуі нұсқасында жасалады. Жылжитын, жылтылдайтын, айналатын, автоматты түрде жаңаратын элементтер үшін аялдатуға, тоқтатуға, жасыруға немесе кез келген автоматты ақпараттың жаңару жиілігін өзгертуге; элементтердің қозғалысынжарқылдауынайналуын тоқтатуға немесе жасыруға мүмкіндік беретін тетігі пайдаланушыға беріледі. Интернет-ресурста жедел клавиштердің толық жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі [3]. Мемлекеттік органның интернет-ресурсын пайдалану қолайлылығына талаптары: Интернет желісіндегі интернет-ресурстың қолжетімділігі: мемлекеттік органның қабылданған толық және қысқаша атауы бойынша google, yandex, mail.ru іздеу жүйелерінде интернет-ресурстың қолжетімділігі. Интернет-ресурст ағы ақпаратқа қолжетімділігі: 1) Firefox, Internet Explorer, Google Chrome, Opera, Safari браузерлер, сондай-ақ Android, Windows Phone, iOS браузерлер үшін интернет-ресурс құрылымы мен дұрыс ақпаратын көрсету; 2) Навигациялық қолжетімділігі (интернет-ресурсқа шығуы 3 тен аспауымен, навигацияның мәзірін пайдалана отырып, бастапқы бетінен бастап, кез келген құжат немесе ақпарат қолжетімді болуы тиіс); 3) Интернет-ресурстың әрбір парағында негізгі навигациялық мәзірі, бастапқы парағына сілтемесі, сайт картасы, іздеу түрлері бар болуы; 4) Интернет-ресурстың иерархиялық құрылымында пайдаланушының тұрған жерін көрсететін, навигациялық тізбегінің бар болуы; 5) Сайт картасының бар болуы; 6) Ақпаратты іздеуге қолжетімділігі: іздеу жолында 20 дан кем емес символдарды енгізу;интернет-ресурста орнатылған, барлық мәтіндік ақпарат бойынша мәтіндік іздеудің бар болуы; интернет-ресурс бойынша кеңейтілген іздеу функцияларының бар болуы; жеке парағында іздеудің нәтижелерін шығару (бұл ретте іздеу сұрау салу іздеу жолында қалуы тиіс); Ақпарат форматына қолжетімділігі: ақпаратты әр-түрлі форматтарда орналастыру: мәтіннің еркін фрагментін іздеу және көшірмелеу мүмкіндігі сақталғаннан кейін, өткізетін және пайдаланушының техникалық құралдарында оны сақталу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, гипермәтіндік және мәтінде оқылатын нысанда. Бұл ретте мәтінінің коды UTF-8 форматында; мәтіні rtf, txt, HTML,XML форматтарында; мұрағаттық файлдары- zip форматында болуы тиіс жүктеу үшін қолжетімді форматтарын және көлемдерін, құжаттарын көрсету; арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатпай-ақ, интернет-ресурста орналастырылған, ақпаратқа қолжеткізуді қамтамасыз ету; авторландырусыз, интернет-ресурста орналастырылған, ақпаратқа қолжеткізуді қамтамасыз ету; Көлемді құжаттар бойынша навигациясы: түсінігі бойынша бөлігінде ақпаратты үлкен блогтарға бөлу; құжаттың нормативтік құқықтық актілер мәтінінде кіші сілтемелерінің (якорлерін) әр-түрлі бөлімдерінің болуы; ақпаратты орналастырылған күні мен уақытын, сондай-ақ ақпаратты соңғы өзгертудің күні мен уақытын көрсету; Гипермәтіндік сілтемелеріне қолжетімділік: активтік емес сілтемелері және пайдаланылмайтын беттеріне сілтемемелері жоқ; басқа тілдік нұсқаының сілтемесі бойынша тиісті парағына өту мүмкіндігі (интернет-ресурстың тілін өзгерту кезінде қаралатын сол парағы ашылуы тиіс); сыртқы интернет-ресурсқа гиперсілтемені орналастыру кезінде веб-шолушының және жаңа терезесінде (салымында) сыртқы интернет-ресурстың тиісті беті ашылуы және бұл туралы пайдаланушыны хабарлау. Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында "графикалық "тақырыпша" көрсетуі бар болуы көрсету; Интернет-ресурса интернет-ресурстың (суретінің болмауы) басты парағына тікелей қолжеткізуді қамтамасыз ету. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігі: 1) Мағыналы жүктемені артатын мәтіндік емес медиа веб-контент үшін балламалы мәтіннің бар болуы; 2) Үш секундтан аса автоматты нысанда ойнатылатын веб-контент үшін тоқтау, пауза немесе музыканы ажырату тетігінің бар болуы; 3) Үш секундтан аса жарқылдақты қамтитын жылжымалы, жыпылықтайтын, айналатын веб-контентті автоматты нысанда тоқтату бойынша тетігінің бар болуы; 4) Интерфейстің белсенді құраушын бір уақытта бөлумен пернатақтаның көмегімен веб-контенттің барлық функционалдығын басқару мүмкіндігінің бар болуы; 5) Веб-беттің басына қайтып келуге пайдаланушыға мүмкіндік беретін "Жоғарға" сілтемесінің бар болуы мәтіндік ақпарат үлкен көлемі интернет-ресурстың веб-бетіне орналасқан кезде веб-беттің негізгі қамтылуына өту сілтемелерінің әрбір веб-бетте бар болуы; 6) Пайдаланушының ақпаратын енгізген кезде анықталған қате туралы мәтіндік хабарламаның бар болуы (формаларды толтырған кезде); 7) 4,5:1 кем емес фонға қатынасы бойынша мәтіннің мәтін кереғарлығы деңгейін сақтау; 8) Горизанталды айналдыруға бармай-ақ веб контентті немесе интернет-ресурстың функционалдығын (титрді және мәтіннің көрсетілуін болдырмай-ақ) жоғалтпай-ақ 200% дейін шрифтің көлемін өзгерту мүмкіндігі; Интерактивтік байланыс құралдарының бар болуы: 1) Сұраныстарды жолдау үшін кері байланыс формасының бар болуы; 2) Анонстарды, және жаңалықтарды, мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу туралы хабарламаларды беру үшін RSS - арнасының бар болуы; 3) Мемлекеттік органның интернет-ресурсына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен, сұрауларын талдау негізінде (FAQ) қалыптастырылған, "Жиі сұралатын сұраныстар" бөлімінің бар болуы; 4) Ағылшын тіліндегі нұсқасының бар болуы.

2 Әкімшілік интернет ресурсын әзірлеудің алғышарттары
2.1 Әкімшілік интернет ресурсының ерекшелктері мен оны дайындау құралдары
Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор ауылдық округі әкімшілігінің интернет ресурсын жасамас бұрын ең алдымен әкімшіліктің жергілікті желісі және Интернет желісі арқылы қолдануға болатын веб-сайт жобасының құрылымдық схемасын әзірлеу керек болды. Интернет ресурс келесі ерекшеліктерге ие болуы керек: 1) Икемді яғни, құрылым жүйесін басқаратын әкімшілік үшін ыңғайлы; 2) Интернет ресурс мазмұнының эмоциялық-құндылығын күшейту үшін дыбыс және графикалық обьектілерді кірістіру мүмкіндігі; 3) Қолданушылар үшін интернет ресурстың кез-келген бетін қазаз бетіне басып шығару мүмкіндігі; 4) Интернет ресурсты қолданушылар үшін өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, қысқа уақыт аралығында сұрақтарына жауап ала алатын арнайы форумның болуы. Алайда, жобалаудың басты мақсаты - интернет ресурсын басқаратын жүйену құру болатын. Ол интернет ресурсқа өзгертулерді еркін енгізуге және техникалық мамандардан тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Доссор ауылдық округінің интернет ресурсының міндеттері мен бағыты: 1) мемлекеттік қызметтің корпоративтік мәдениетін дамыту құралын жасау; 2) әртүрлі ведомстволардың мемлекеттік қызметшілері арасында тікелей байланысты орнатуға көмектесу; 3) ведомстволар ішінде және мемлекеттік органдар арасында білім алмасу, нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы мен өнімділігін арттыру; Әкімшілік интернет ресурсы мынадай ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл қолдайды: ЭҚАБЖ, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы веб-порталы АЖ, ҚР МО КО, БЭПЖ, Әділет - ҚР нормативтік құқықтық актілерінің деректер қоры, Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімі және Бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттамалардың депозитарийлері АЖ, Архитектуралық портал - Ақпараттандыру саласында- ғы білім базасы, Е-қызмет ЫАЖ, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Корпоративтік порталының Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің қосалқы жүйесі [5; 24-27]. ЭҚАБЖ - Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі. Мемлекеттік органдардың іс қағаздарын жүргізу тиімділігі мен айқындылығын мемлекеттік органдардың құжаттамалық қамтамасыз етуінің ведомстволық және ведомствоаралық технологиялық процестерін бірегейлендіру арқылы арттыру:
* Электрондық құжаттарды жеткізу уақытын қысқарту;
* Құжаттарды тіркеу және іздеуге уақытты қысқарту;
* Қазақстан Республикасы іс қағаздарын жүргізу бизнес-процестерін тәртіпке келтіру;
* Электрондық құжаттарды жеткізу кепілділігі (хат жіберушіге жеткізу туралы электрондық хабарлама жіберу). БЭПЖ - Бірыңғай электрондық пошта жүйесі мемлекеттік органның 70 мыңнан астам қызметкерін біріктіреді. БЭПЖ республикамыздағы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің тиімді ақпарат алмасу механизмі ретінде құрылған Мемлекеттік органдардың Интранет-порталы платформасының құрамдас бөлігі болып табылады. Жаңа поштаның интерфейсі әлемге танымал Google, Mail секілді пошталық клиенттердегідей өте ыңғайлы әрі қарапайым, ал мемлекеттік органдар арасындағы хат алмасулар қауіпсіз желі арқылы жүзеге асырылады [7;104-105]. Е-қызмет ЫАЖ - Е-қызмет персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі персоналды басқарудың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі және ҚР мемлекеттік қызметінің кадрлық әлеуеті болатын, Қазақстан ҚР қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және мемлекеттік органдардың персоналын басқару қызметінің басты мәселелерін шешуге арналған, сонымен қатар персоналды басқару процесстерін дамыту мен жетілдіру жүйесі болып табылады. Е-қызмет жүйесінде жұмыс істеу персоналды басқару қызметінің жұмысының өнімділігін арттыруға, жеке деректер, ұйымдастыру бойынша мәліметтер (кадрлық есепке алу), кәсіби және жеке бас құзіреті жайлы мәліметтер, білімі, біліктілігі, кәсіби тәжірибесі, аттестаттау және бағалау нәтижелері, марапаттау және әкімшілікпен тәртіптік жаза туралы мәліметтері, мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы сот және құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша жаңартылған ақпараттарды алу кезінде уақыттық және еңбек шығынын азайтуға мүмкіндік береді [7; 103-104].
Әкімшілік интернет ресурсының қосымша қызметтері:
* Бірыңғай электрондық пошта;
* Сандарттар деректер қоры;
* Құжаттар кітапханасы деректер қоры;
* Заңнама деректер қоры;
* Қазақша-орысша-ағылшынша сөздік;
* Хабарландыру тақтасы;
* Міндеттерді жоспарлау мүмкіндігі бар күнтізбе;
* Жаңалықтар лентасы түріндегі хабарлаушы;
* Жылдам хабар алмасу;
* ҚР мемлекеттік органдарының анықтамалығы;
* Сауалнама жүргізу әлеуметтік сауалнамалар;
* Форум.

Интернет ресурстың әкімшілік бөлігінде: жаңа қолданушылар туралы ақпарат, сайттың жөндеу бөлімі, форумды әкімшіліктендіру мүмкіндігі, форум бойынша статистика шығару мүмкіндігі, қолданушылардың аккаунттарын (сервердің мәлімет базасында сақталатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосымша білім беру институтының сайты
Дизайн кезеңдері
Қазақстан Республикасы саласының осы заманғы жай-күйiн талдау, проблемалар
Корпоративтік сайттың құрылымы
Танысу сайттары
Мұрағаттардың құжаттарымен жұмыс жасауды автоматтандырылған іздестіру жүйесін пайдалану
1993 жылғы Конституцияның қабылдану себептері
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы ақпарат
Busfor автобусқа билет брондау мобильді қосымшасы
1С бағдарламасын әлеуметтік мессенджерлермен байланыстыру
Пәндер