Протопласт туындылары


ПРОТОПЛАСТ ТУЫНДЫЛАРЫ
ЦИТОПЛАЗМА
Цитоплазма мембраналардың тұратын клетканың құрамды бөлігі. Оның құрылысын жұқа (4-10нм), біршама тығыз белоктардан және фосфолиптерден тұратын биологиялық мембраналар түзеді. Биологиялық мембраналардың негізін липидтер құрайды. Липиттердің молекулалары белгілі бір жүйеде орналасқан, яғни клетканың қабықшасына екі қабат болып перпендикуляр орналасқан.
Плазмалемма және тонопласт. Плазмалемма цитоплазманы клетканың қабықшасынан клетканың қабықшасынан бөліп тұратын мембрана. Ол әдетте клетка қабықшасына тығыз жабысып тұрады. Кейде плазмалемма түкті болып келеді, немесе терең қатпарлар түзеді. Плазмалемма клетканың сыртқы ортамен зат алмасуын реттейді, сонымен бірге заттардың синтезделуіне қатысады .
Гиалоплазма. Гиалоплазма каллиодтық ерітінді түріндегі тұтас сұйықтық, оның ішінде органелдер болады. Гиалоплазмада ферменттер және нуклейн қышқылдары болады. Гиалоплазма белсенді (активті) түрде қозғалуға қабілетті. Егер клетканың ортасында бір ғана вакуоль болса, онда гиалоплазма клетка қабықшасының ұзына бойымен бір бағытта айналып қозғалады. Ал вакуольдер бірнешеу болса онда гиалоплазма орталық вакуольді кесіп өтетін цитоплазманың сілемдерінің бойымен әртүрлі бағытта шашырап (стручатый) қозғалады. Гиалоплазманың қозғалу жылдамдығы температураға, жарықтың қарқындылығына, оттегімен қамтамасыз етілуіне және басқа да факторларға байланысты болады. Қозғалған кезде гиалоплазма өзімен бірге келтіреді.
Эндоплазматикалық ретикулум (Эндоплазматикалық тор) . Ол мембраналармен қоршалған, бір-бірімен байланысқан субмикроскопиялық каналдар мен цистерналардың системасы. Ретикулумның (тордың) екі формасы болады - гранулярлы (кедір - бұдырлы) және агранулярлы (жылтыр) .
Гранулярлы эндоплазматикалық тордың үстінде ұсақ түйіршіктері - рибосомалары болады. Гранулярлы эндоплазматикалық тор клеткада өте маңызды қызметтер атқарады: ферменттерді синтездейді, клетка ішіндегі заттарды тасымалдайды, жақын жатқан клеткалармен байланысты қамтамасыз етеді (плазмодесмалар арқылы), жаңа мембраналардың, вакуольдердің және кейбір органелдердің пайда болуын қамтамасыз етеді.
Рибосомдар. Рибосомдар диаметр3 20 нм. - дай гиалоплазмада болатын, немесе эндоплазматикалық тордың мембранасының үстіне бекініп тұратын түйіршіктер. Олар митохондиарлардан да, пластидтерден де табылған. Рибосомдар белоктан және рибонуклейн қышқылынан (РНК) тұрады, мембраналық структурасы болмайды. Рибосомның атқаратын қызметі белокты синтездеу, яғни тірі материаны өзі жасап шығару болып табылады. Бұл процесс топтасып орналасқан және бір-бірімен и РНК-ның жіп тәрізді малекулалармен байланысқан рибосомаларда жүреді . ондай топтарды (группаларды) полисомалар деп атайды. Рибосомаларды ядрода пайда болады да айтады.
Гольджи аппараты. Диктиосомалардан және гольджи көпіршіктерінен тұрады. Диктиосома 5-7 жалпақ цистернадан тұратын агранулярлы мембраналармен қоршалған жиынтық. Цистернаның диаметрі 1 мкм. -дей, ал қалыңдығы 20-40 нм-нан аспайды.
Цистерналар бір-бірімен түіспейді. Гольджи көпіршіктері цистернаның шеттерінен бөлініп шығып, гиалоплазманың барлық жеріне таралады.
Диктиосомада полисахаридтер синтезделіп иналады және сыртқа шығарып отырады. Гольджи көпіршігі оларды сол күйінде тамысалдап плазмалеммаға жеткізеді. Көпіршіктердің мембраналары плазмалеммаға сыртында қалып отырады және олар клетканың қабықшасына қосыла алады. Гольджи көпіршігі сондай-ақ тонопластқа да қосыла алады.
Сферосомалар. Дөңгелек сырты жылтыр диаметірі 0, 5-1 мкм. болатын денешік, ол өсімдік майларының синтезделетін және жиналатын орталығы. Олар эндоплазматикалық тордың шеттерінен бөлініп шығады. Сферосомалардың сыртында орналасқан мембраналары май тамшыларының жиналуына байланысты редукцияға ұшырайды, сөйтіп одан тек сыртқы қабат ған қалады.
Лизосомалар. Размері 0, 5-2 мкм. Болаттын, сыртында бір қабат мембранасы бар көпіршіктер. Олардың белоктарды, липидтерді полисахаридтерді және басқада органикалық қосылыстарды ыдырататын ферменттері болады. сферосомалар секілді оларода эндоплазматикалық тордың жепшелерінен (тяждарынан) пайда болады. олардың атқаратын қызметі - жекелеген органелдерді немесе цитоплазманың келетканы жаңартуға қажетті бөліктерін (локальный автолиз) ыдыратып бұзу болып табылады.
Митохондриялар. Митозхондрияның формасы алуан түрлі болады, дөңгелек, сопақша, целиндр тәрізді, гантель тәрізді, бұтақтанып тармақталған және т. б. олардың ұзындығы 2-5 мкм. (цилиндр тәрізді формаларының ұзындығы 7 мкм. ) болады, ал көлденеңі 0, 3-1 мкм. -ден аспайды. Митохондриялардың сфртфнда 2 қабат мембранасы болады. Ішкі қабатынан тарақ тәрізді немесе түтік тәрізді митохондрияның қуысына өтетін өскінді пайда болады. Оларды кристалар деп атайды.
Пластидтер . Тек өсімдіктерде ғана болады. Бұл органойдтардың сыртында 2 қабат мембранасы болады. Түсіне қарай пластидтерді 3-ке бөледі: көк түсті - хлоропластар; сары - қызғыш, қызыл түсті - хломопластар; түссіз - лейкопластар.
Хлопластарда жасыл пигмент хлорофилл, сонымен қатар каратиноидтар тобына жататын пигменттерден каротин (қызғыш түсті) және ксантофилл (сары түсті) болады. Хлоропластардың негізгі қызметі тікелей хлорофиллмен байланысты. Дәлірек айтқанда органикалық емес заттардан күннің энергиясының қатысуымен органикалық заттарды синтездеу (фотосинтез) болып табылады. Сондықтанда хлоропластар өсімдіктің тек күннің жарығы түсетін, жер бетіндегі органдарының клеткаларында ғана болады. Өсімдіктердің түсінің жасыл болуы хлоропластарға тікелей байланысты болады.
Лейкопластар . Лейкопластарда пигменттер болмайды. Мөлшері жағынан олар хлоропластардан кіші және белгілі формалары болмайды. Лейкопластар көпшілігінде өсімдіктің, күннің жарығы түспейтін ұлпаларының және огандарының клеткаларында - тамырларында, түйнектерінде, дәндерінде және басқаларда кездеседі.
Лейкопластардың ішкі мембрамалық системасы хлоропластарға қарағанда нашар жетілген. Стромасында ДНК - ның, рибосомалардың, пластоглобулдердің молекулалары болады.
Ядро
Ядро тек цитоплазмалық ортада өмір сүре алады. Ол тұқым қуалаушылық мәліметтерін сақтайтын және түзетін орын болып саналады. Ядро осы клетканың және осы организмнің белгілерін бүтіндей дерлік айқындайды. Сонымен бірге зат алмасу процесін басқаратын және цитоплазманың органелдерінің қызметін бақылайтын орталық. Егер клеткадан ядроны алып тастар болсақ, онда ол клетка көп кешікпей өледі.
Әдетте клеткада 1 ядро болады, бірақ балдырлардың кейбір түрлерінде және саңырауқұлақтарда көп ядролы клеткалар болдады. Бактериямен көк-жасыл балдырлардың толық қалыптасқан ядросы болмайды, бәрақ оның құрамына кіретін заттар олардың цитоплазмасында болады. Яғни ядро шашыраңқы жағдайда болады.
Ядро қабықшасы. Ядроның ішіндегі заттарды цитоплазмадан бөліп тұрады. Ядроның қабықшасы екі қабат мембранадан тұрады, олардың арасында перинуклеарлық кеңістік деп аталатын қуыс болады.
Мембрананың қалыңдығы 10 нм, ал перинуклеарлық кеңістіктің қалыңдығы тұрақты болмайды (өзгеріп отырдады) . Қабықшаның жалпы қалыңдығы 60-80 нм тең. Қабықшаның ішкі мембранасы агранулялы болып келеді, ал сыртқы мембранасына рибосомалар бекінеді. Құрылысы және химиялық құрамы жағынан ядро қабықшасы эндоплазматикалық торға (ретикулум) жақын, оның сыртқы мембранасынан, тіптен цитоплазманың торына өтетін өсінділер түзіледі.
Нуклеоплазма. Бұл ішінде хромосомдар және ядрошықтар орналасқан коллоидты ерітінді. Нуклеоплазманың құрамына әр түрлі ферменттер, нуклеин қышқылдары кіреді. Ол ядроның органелдерінің арасындағы байланыстарды ғана реттеп қоймайды, сонымен бірге олар арқылы өтетін заттарды тасымалдайды.
Хромосомдар. Бұл тек электронды микроскоппен көрінетін, өте жіңішке (10 нм) жіп тәрізді құрылымдар. Ядро бөлінген кезде олар спираль тәрізді ширатылады, нәтижесінде қысқарып жуандайды және оптикалық микроскоппен көрінеді. Хромосомдар көптеген бояғыш заттарды бойына сіңіруге және белсенді түрде боялуға қабілетті болып келеді.
Ядрошық. Ол диаметірі 1-3 мкм болатын сфера тәрізді денешік. Ол негізінен белоктан және РНК-дан тұрады. РНК-ның молекуласы, ДНК-ның молекуласы секілді нуклеопротеидтердің тізьегі болып табылады. Бірақ РНК-ның нуклеотидінде дезоксирибозаның орнында рибоза, ал тиминнің орнында урацил болады. РНК-ның молекуласының, ДНК-ның молекуласынан айырмашылығы сол, ол нуклеодиттердің бір ғана тізбегінен тұрады. Ядрошық әдетте хромосомның 2-ші реттік тартылған бөлінген байланыста болады. Сондықтанды бұл бөлікті ядрошықты ұйымдастырушы (түзуші) деп атайды, онда рибосомдық РНК-ның матрицалық синтезі түзіледі. Содан соң рибосомдық РНК белокпен қосылады. Нәтижесінде түйіршіктері пайда болады. Бұл түйіршіктер рибосомның бастамасы болып табылады, олар алдымен нуклеоплазмаға, содан соң ядро қабықшасының поралары арқылы цитоплазмаға өтеді, осы жерде олардың толық қалыптауы аяқталады. Ядрода 1 немесе бірнеше ядрошық болуы мүмкін.
ЯДРОНЫҢ ЖӘНЕ КЛЕТКАНЫҢ БӨЛІНУІ
Эволюциялық процесстің барысында ядро шамасы хромосомалардың нуклеотидтерден жетілуіне байланысты пайда болса керек. Сөйтіп ол келешегінде цитоплазмадан мембранасы арқылы бөлінеді. Бірақта онтогенез процесінің барысында ядро тек ядродан пайда болады.
Ядроның бөлінуі барлық уақытта клетканың бөлінуімен аяқталады. Бөліну процесінің тууына себепкер болатын нәрселер алуан түрлі болады: 1) ядро мен цитоплазманың көлемінің дұрыс қалыптасқан тепе-теңдігінің бұзылуы, кейде цитоплазманың көлемінің ұлғаятындығы сонша, ядро клеткада жүретін тіршілік процестерін реттеп отыру мүмкіндігінен айырылады; 2) клетканың көлемімен клетка қабықшасының жалпы көлемінің тепе-теңдігінің бұзылуы; 3) әртүрлі стимуляторлардың әсері (гормондардың, клетканың дыраған өнімдерінің және т. б. ) .
Клетканың бөлінуінің үш түрлі жолы бар: митоз, амитоз, мейоз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz