Оқушылардың маңызды оқу жұмыстарын және нәтижелерін бағалауға көңіл аудару


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны: Кіріспе
3
Мазмұны: 1.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының математика сабағында қолданылуының орнының теориялық аспектілері
6
Мазмұны: 1. 1
Жаратылыстану-ғылыми, психологиялық және дидактикалық-әдістемелік аспектілерде қалыптастырушы бағалау туралы түсінік. .
6
Мазмұны: 1. 2
Қалыптастырушы бағалауды оқу үрдісінде қолданудың техникалары . . .
112
Мазмұны: 1. 3
Оқытушының көз қарасымен геометрия пәнін меңгеру барысында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының сабақтағы рөлі . . .
222
Мазмұны: 2.
«Үшбұрыш» тақырыбына арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жинағы
Мазмұны: 2. 1
«Үшбұрыш» тақырыбына арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жинағы . . .
Мазмұны: 2. 2
Апро Апробация . . .
Мазмұны: 2. 3
Эксперимент нәтижелері . . .
Мазмұны: Қорытынды
Мазмұны: Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны: Қосымшалар

Кіріспе

Қазіргі заман талабы білім беру барысында өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын және өзіне жоғары талаптар қоя білетін жаңашыл ұстаз болуды қажет етіп отыр. Жаңашыл ұстаз - оқушылардың білімін бағалап қана қоймай оқушының алға жылжуын қадағалауды, оқушыны үйрету барысында бағалауды және оқушының үйренуіне бағытталған бағалар қоюдың қажеттігін де түсіне білуі тиіс. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылғы 31 қаңтар Қазақстан халқына жолдауындағы төртінші басымдықта: «Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту. Бірінші. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет» деп нақты көрсетіп кеткені баршамызға аян [1] . Ал 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатта: Қазақстандық жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыны дамыту, оның оқуға қызығушылығы мен мотивациясын арттыруға бағытталады. Әрбір оқушы мен оның ата-анасына бағалаудың түсінікті, айқын және өлшемді критерилерін орнатқан жағдайда оған қол жеткізуге болады [2] . Оқу жетістігін бағалау - бұл білім алушының кері байланыс арқылы білім беру үдерісін реттейтін және түзететін оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған нақты қол жеткізген нәтижесінің дәрежесін белгілейтін үдеріс. Бағалау ұғымы - оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған болса бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін - өзі бақылау арқылы білімін анықтайды. Қалыптастырушы бағалау - оқушының сабақтағы жұмыс үрдісінде білімі мен дағдысының дәрежесін анықтау. Ол оқушыларға білім алудың мақсаты мен міндеттеріне қаншалықты жеткені, жаңа тақырып меңгеру кезінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқаны туралы түсінік береді. Қалыптастырушы бағалау әр сабақта және күнделікті оқыту үдерісінің бір бөлігі. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

Зерттеу обьектісі ­- «үшбұрыштар» бөлімінің шеңберінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жасақтаудың теориялық аспектілері, «үшбұрыштар» бөлімінің шеңберінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын оқу үрдісінде қолданудың ерекшеліктері. Зерттеу пәні - «үшбұрыштар» бөлімінің шеңберінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жасақтаудың ерекшеліктерін зерттеу, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларды оқу үрдісінде қолдану техникаларына талдау жасау процесстері. Зерттеудің жетекші болжамы - «үшбұрыштар» бөлімінің шеңберінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жасақтау білім беру сапасын арттыруға өз септігін тигізері сөзсіз. З ерттеудің мақсаты - 7 сынып геометриясының «Үшбұрыштар» бөлімінің шеңберінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жасақтау түсінігін толық зерттеу, оны оқу үрдісінде қолдану техникаларының түрлері мен ерекшеліктерінің мәнін ашып көрсету. Зерттеудің міндеттері - 7 сынып геометриясының «Үшбұрыштар» бөлімінің шеңберінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жасақтаудың теориялық аспектілерінің рөлін айқындау, «Үшбұрыш» тақырыбына арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жинақтау техникаларына талдау жасау және сипаттама беру. Зерттеудің өзектілігі - «Үшбұрыштар» бөлімінің шеңберінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жасақтаудың ерекшеліктері - оқушылардың оқу барысындағы ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін аналитикалық құралдар мен әдістерді қолданудан көрініс табады. Мұндай бағалаудың нәтижелерін оқу және оқытуды жақсарту бойынша ұсынымдар шығаруда қолдануға болады. Зерттеу әдісі - тақырып шеңберінде қарастырылған мәселелерге байланысты зерттеулерге ғылыми-теориялық талдау жасау әдісі, алынған нәтижелерді өңдеу, жинақтау әдісі және теориялық анализ жасау әдістері қолданылды. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері - қалыптастырушы бағалау техникаларын реттейтін нормативтік құжаттар (Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы; Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы «2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» туралы әдістемелік нұсқау хат; Қазақстан Республикасы «Білім және ғылым министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 258 Қаулысы) . Зерттеу базасы - «Үшбұрыш» тақырыбына арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жинағы. Зерттеудің практикалық маңызы - «Үшбұрыш» тақырыбына арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын оқу процессінде қолдану және оларды жинақтаудың ғылыми-әдістемелік жолдары анықталды. Зерттеу мәселесіне баға беру - қазіргі таңда Қазақстанның білім беру ұйымдарында 7 сынып геометриясының «Үшбұрыштар» бөлімінің шеңберінде қалыптастырушы бағалау тапсырмалары оқу үрдісінде қолданылуда. Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер мен қосымшалар тізімінен тұрады, жалпы саны 60 бет. Кіріспеде зерттеуге алынған тақырыптың өзектілігі, зерттеу обьектісі мен пәні, мақсаты мен міндеттері, жетекші идеясы, зерттеу әдісі баяндалады. Бірінші бөлімнің атауы - қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының математика сабағында қолданылу орнының теориялық аспектілері. Бұл бөлімде жаратылыстану-ғылыми, психологиялық және дидактикалық-әдістемелік аспектілердегі қалыптастырушы бағалау туралы түсінік, қалыптастырушы бағалауды оқу үрдісінде қолданудың техникалары, геометрия пәнін меңгеру барысында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының сабақтағы рөліне оқытушының көз қарасы туралы баяндалады. Екінші бөлімнің атауы - «Үшбұрыш» тақырыбына арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жинағы. Бұл бөлімде «Үшбұрыш» тақырыбына арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жинағы және апробация мен эксперимент нәтижелері туралы айтылады. Қорытындыда зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары жасалып, зерттелген мәселе бойынша зерттеу перспективасы тұжырымдалады.

1 Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының математика сабағында қолданылуының орнының теориялық аспектілері

1. 1 Жаратылыстану-ғылыми, психологиялық және дидактикалық-әдістемелік аспектілерде қалыптастырушы бағалау туралы түсінік

Біз жаңа өркениет даму бағдарының куәсі болып табыламыз. Заманауи жағдайда білім беру үрдісінде өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары басталған, жаһандану мәселелерін ескермей қалу мүмкін емес. Жаһандану тек физикалық сипатты қамтып қана қоймай, мемлекетаралық, хұлтаралық шекараларды жоятын, ақпараттық кеңістікті де қамтиды. 21 ғасыр шындығында сәтті әрекет ете алатын тұлғаны біз, жаһандану дәуірінің мұғалімдері өсіре аламыз. Зерттеулер көрсеткендей, өз бетімен оқу процессі жүргізілген сыныптарда жаңа стратегиялар мен жаңа заттарды көргілері келетін (Garrison, 1997), мәселелерді интеллектуалдық сұрақ ретінде қабылдап, білім алу процессінен ләззат алатын оқушылардың жаңа үлгісі пайда болады (Taylor, 1995) . Тэйлор оқушылар бұндай жағдайда тұрақты, тәуелсіз, мақсатты және өз бетімен білім алуға ынталы болатынын анықтады.

Бұл қасиеттердің барлығы балашақтағы сәтті қызметке керек 21 ғасыр дағдыларын қолдайды.

Бұл бағалау жүйесіндегі өзгерістерге жол ашты. Бұндай білім беру үлгісінде дәстүрлі «бағалау» жүйесі бірқатар қиындықтарды тудырады. Бұл «Шығармашылық ойлауды ынталандыру үшін оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту» құжатында көрсетілген. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін (Қазақстан Республикасы «Білім және ғылым министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 258 Қаулысы) қайта ойластырусыз мүмкін емес [3] .

Оқушылардың жетістіктерін бағалауда білім берудің жағымсыз тұстарын жоятын, білім беру процессін дараландыруға септігін тигізетін, оқушылардың оқу ынтасы мен өз бетінше (дербес) білім алуын арттыратын тәсіл сұранысқа ие. Оқушылар білім алу процессінде сапалы нәтижелерге жетуі үшін, заманауи бағағалау болу керек:

. білім беру процессінің барлық қатысушыларына түсінікті;

. икемді;

. көпқұралды;

. психологиялық тұрғыдан жайлы;

. көпқұрамды. Мұғалім оқушылардың оқу жетістіктерін тиімді бағалау үшін әртүрлі бағалау тәсілдерін шебер қолдана алуы керек: диагностикалық, қалыптастырушы, жиынтық.

Сонау 20 ғасырдың отызыншы жылдарында ғалымдар бағалау үрдісінің өзектілігіне назар аударған болатын. Б. Г Ананьевтің «Педагогикалық бағалаудың психологиясы» атты түбегейлі еңбегінде педагогикалық психологияның ең маңызды бағыттары анықталған - бұл мектептегі бағалау үрдісі. Бағалау тек педагогикалық және психологиялық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік және құқықтық мағынаға ие болады. Қазіргі таңда әлеуметтік көрініс тізімді бастайды. Зерттеушілермен дәлелденгендей, кез келген үрдісті басқаруда кері байланыссыз тиімділік болмайды [4] .

Математика сабақтарында (жаратылыстану бағытындағы сабақтарда) оқушыларды бақылап және алынған нәтижелерді талдау барысында, оқушылар бағалау жүйесімен қанағаттанбайды деген шешімге келдік, себебі:

- Мұғалім баға шығару кезінде әрбір оқушының жетістіктерін емес, жалпы сыныптың орташа білім деңгейіне бағдарланады;

- Оқушыларға шығарылған бағалар, білім беру бағдарламасының арнайы бөлімдері бойынша, нақты біліктіліктері, дағдылары, білімдері туралы көрініс бермейді, ал бұл әрбір оқушының дербес оқу бағдарын анытқауға мүмкіндік туғызбайды;

- Білім беру барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел кері байланыс болмайды, ал бұл оқушылардың білім алу ынтасының жоғарылануына септігін тигізбейді.

Демек, бұл кезеңдегі мұғалімнің мақсаты, оқушының дұрыс бағалануына көмек көрсету. Констуктивисттік теория мұғалімнің нақты оқушыға назар аударуын талап етеді. Мұғалімдер өз қызметінде бұл мәселені шешу барысында келесі бағалау принциптерін ұстанулары қажет:

Маңыздылық. Оқушылардың маңызды оқу жұмыстарын және нәтижелерін бағалауға көңіл аудару.

Баламалылық. Оқу нәтижелері мен мақсатына білім, дағды, құндылық, біліктілікті бағалаудың сәйкес келуін бақылау. Нақты бағалау өлшемдерін дұрыс әзірлеуді жүзеге асыру. Бағалау өлшемі бағаны оқушыға қысым көрсету құралы ретінде пайдалануға жол бермейді.

Біріктірілген. Бағалауды оқу процессінің арнайы ойластырылған, жоспарланған бөлігі ретінде жүзеге асыру.

Ашықтық. Оқушыларға жұмысты орындамас бұрын, бағалау өлшемдері мен тәсілдері туралы айту. Оқушылар бағалау өлшемдерін дайындауға қатысулары мүмкін.

Қолжетімділік. Білім беру процессінің барлық қатысушылары үшін бағалау әдістерінің, тәсілдерінің, мақсаттарының қарапайым және анық түріне бағытталуы.

Жүйелілік. Бағалауды бірізді, жүйелі орындауды жүзеге асыру.

Мейірімділік. Мұғалім мен оқушы арасындағы жетістіктерді арттыруға бағытталған, серіктестік қатынастарды орнатуға жағдай жасау.

Мектептің заманауи дамуы кезеңінде, білім берудің басқы мақсаты оқушыны дамыту болып табылатын, бағалау әсер етудің, өзгерістің, білім беру мен дамыту шегі ретінде көрініс табады.

Тек мұғалімдердің барлығы бірдей бағалау қағидаларын ұстанған кезде ғана жағымды нәтижелерге қол жеткізуге болады. Қалыптастырушы және жиынтықты бағалауды қолдану оқушының пәнді түпкілікті түсінуі үшін маңызды деп есептейміз. Бұл бағалаудағы бар мәселелерді жоюға ықпалын тигізетін түйінді факторлар болып табылады. Ал жаратылыстану ғылымдары үшін өлшемді (межелі) бағалауды қолдану тиімді, себебі өз бетімен мәлімет іздеп оны зерттеуге бағытталған жұмыс саны көп қарастырылған [4 ; 25 б. ] .

Өлшемді бағалауды қолданудағы өз тәжірибемізді байыта отырып, оқушылардың оқу жетістігін бағалауда мақсатты және кең қолданылуы туралы қорытынды жасай аламыз: - оқушының жұмысы өзге оқушылармен емес, бағалаудың үлгілісімен, өлшемімен салыстырылады, ал бұл баламалылық факторы болып табылады; - өлшемдер оқушыларға алдын ала белгілі, көбінесе олардың қатысуымен жасалынады, яғни оқушылар бағалау үрдісіне қатыстырылған; - оқушы өз бағасын, өзінің жетістік дәрежесін анықтай алатындай нақты баға шығару алгоритмі әзірленеді.

Оқушылардың білімдерін бағалайтын біріккен жүйені құру үшін бес балды жүйе кризисінен өту, мұғалімнен заманауи бағалау жүйесінде терең білімді және тыңғылықты күнделікті еңбекті талап етеді.

«Осыған дейін жасалынғанның барлығын, одан да жақсы етуге болады» Генри Форд [5 ; 34б. ] . Білім беру мазмұнында соңғы жылдары көптеген сапалы өзгерістер орын алуда. Әрине бұл бағалау жүйесіне де әсер етпей қоймады. Дәстүрлі білімдегі «белгілеп» бағалау көптеген кемшіліктерге ие:

  • оқушының оқуындағы жетістіктерді сырттай, мұғалім және мектеп тарапынан бағалау болып табылады;
  • бағалау барысында оқушының өздігінен қалыптасуына толық мүмкіндік бермейді;
  • аз мәліметті болып табылады. Критерийлері анық көрсетілмегендіктен нақты білім деңгейін көрсете алмайды;
  • көбінесе баланы "жазалау" мақсатында қолданылып кетеді немесе бала мен оның ата-анасына "қысым көрсету" құралы болып та кетіп жататыны анық. т. с. с

Оқыту барысындағы теріс әсерлерді жою мақсатында оқушылардың жетістіктерін бағалау бүгінгі таңда қажетті болып табылады.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқушыларды бағалауда Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі қолданылып келеді. Білім берудің кіріктірілген бағдарламасына енетін пәндер бойынша оқушының жетістіктерін бағалаудың бірнеше түрін қамтиды. Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделінде бағалаудың үш түрі қолданылады: қалыптастырушы бағалау, ішкі жиынтық бағалау және сыртқы жиынтық бағалау.

Қалыптастырушы бағалау осы жоғарыда айтылған мәселелерді жою мақсатында құрастырылған бағалау десе де болады.

Қалыптастырушы бағалау тоқсан ішінде кездесетін іріктелген оқу мақсаттарына негізделіп жасалған. Бұл оқу мақсаттары пән бойынша білімін жан-жақты көрсете алуына мүмкіндік береді. Мұғалім оқушының қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізетінін айқындай алады. Қалыптастырушы бағалау сабақ үстінде үнемі жүргізіледі. Оқушыға баға қойылмайды, «жетті» немесе «талпынды» деп мақсатқа жетелейді. Мұғалім оқушыға «жетті » деген шешім шығару үшін, оқу мақсаттарына жету үшін жетістік критерийлерін қолдана алады. Мысалы : 8 сынып физика пәнінде q=It формуласын білу және қолдану деген оқу мақсаты бар. Осы оқу мақсатында « жетті» алу үшін оқушы мына критерийлерді орындауы қажет: q=It формуласын біледі, өлшем бірліктерін дұрыс айналдыра алады, қажетті шаманы өрнектеп қорыта алады.

Бағалау барысында біз үнемі оқушыны емес оның жұмысын бағалап жатқанымызды есте ұстауымыз қажет, демек жұмысты тексеру барысында оның кемшіліктерін емес оң тұстарына көбірек мән беруіміз қажет.

Бағалау (ағылш assessment size=1500g «өлшемін анықтау, көбінесе салықтың» оның алдында sed/sit - «отыру» (судьяның жанында отырып мәліметтер бойынша көмектесу) ) - дегенді білдіреді. Оқыту нәтижесінде оқушылардың нені білетініне және түсінетініне көз жеткізу үшін әр түрлі мәліметтерге терең талдау жүргізу процесі болып табылады. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты оқыту барысында мұғалім мен оқушы қызметіне жөндеулер енгізу болып табылады. Жөндеулер мұғалім мен оқушы бірлесе оқытуды жақсарту үшін ендіріледі [6 ; 31 б. ] . Қалыптастырушы бағалау мұғалімге оқушының оқу мақсаттарына жету процесін бақылауға, оқу процесіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, ал оқушыға - өзінің білімі үшін жауапты екенін сезінуге итермелейді. Қалыптастырушы бағалау күнделікті, әр сабақта, ауызша, жазбаша, жоба қорғау түрінде т. с. с қолданылады. Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны.

Мұғалім бұл бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді сурет түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың сәйкес тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына ықпал ете алады. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.

Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдылары.

2013-2014 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінде үш тілді саясатына сәйкес географияны барлық сыныптарда қазақ тілінде оқыту енгізілген болатын. Осыған дейін өзіндік көзқарасы, дүниетанымы, ойы өзге тілде болып келген оқушы үшін қазақ тілінде географиялық білімді қабылдау, оны талдап, жүйелеу үлкен қиындық тудырады [7 ; 4 б. ] . Тек қана тілді игеру барысында қиындықтарға тап болып жататын оқушылар үшін пәнді өзге тілде түсініп кету көп күш-жігерді талап ететіні мәлім. Бұл тек оқушы үшін емес пән мұғалімі үшін де жан-жақты ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Сондықтан да қалыптастырушы бағалауда мұғалім жұмысты қадамдап жоспарлап, табысқа жету алгоритмін құра білуі керек. Қадамдап жоспарлау кезінде оқу материалының аралық деңгейін анықтау мақсатында, бағдарламалық материалды қайталауда әрі қорытындылауда төменде берілген қалыптастырушы бағалау техникасын орынды жоспарлап, қолданған жөн.

Бағалаудың жаңа жүйесінде жиынтық бағалаумен қатар қалыптастырушы немесе Қалыптастырушы бағалау қолданылады. Жиынтық бағалаудың немесе Оқыту үшін бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест, емтихан т. б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау немесе оқу үшін бағалау күнделікті әр сабақта жүргізіліп тұрады. Оқу үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Аталған бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау қолдану арқылы мұғалім мен білім алушы арасындағы кері байланыс жүзеге асады. Осының нәтижесінде білім алушы өзін бақылап, өзінің әрекет-тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек.

Қалыптастырушы бағалаудың бір түрі - өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.

Өзара бағалау білім алушыларға бір-біріне кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.

Өзін-өзі бағалауда білім алушы тапсырманы орындауда нені жасау қажет? Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме? Тапсырманы толығымен жеке өзі орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме? Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды? деген сұрақтарға жауап іздейді. Тәжірибеде жиі қолданыстағы өзін-өзі бағалау техникаларына сипаттама беру жөн.

Сұрақ қою әдісі. Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суммативті бағалау құрылымы
Оқудың оқытудың мақсаттарын айқындау
Мектепте оқушылардың білім сапасын мониторингілеудің ғылыми әдістемелік мәселелері
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде
Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы
Окыту сапасын бағалау объектілері
Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау әдістемесін теориялық зерттеу
Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының білімі, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру жолдарын теориялық тұрғыда негіздеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz