Инженер еңбегіндегі зейіннің ролі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Зейін туралы жалпы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Зейіннің физиологиялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Зейіннің құрылымы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3Сыртқы және ішкі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ІІ Ұжымдық, топтық, даралық зейін түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Зейіннің негізгі қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Зейінділік және адам зейінінің типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Инженер еңбегіндегі зейіннің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Кіріспе
Қазақ әдетте біреудің білік - бітіміне, мінез - болмысына, хам - қарекетіне, ақыл - парасатына, адамды тыңдай біліп, зейініне риза болса: Апырай, бұл бір текті, зейінді жан екен ғой! - деп сүйінеді. Демек, зейінді жан дегеніміз үлкен ұғымды береді. Ал керісінше сөзі мен ісінің дәйегі жоқ, өзін жұрттың бәрінен ақылды санайтын, қубереке, арзан қылықты адамға айтары сол бір зейінсіз немені қойшы деп, бір - ақ ауыз сөзбен - ақ өз пікірін түйіндеп тастайды. Меніңше, сөз мәнін ұғатын адамға бұдан артық жаза болмаса керек. Расында да атқарған қызметіңе, үстіңдегі үлде мен бүлдеңе, байлығыңа тәуелді болмайтын, бағынбайтын бұл ұғымдар адамның көкірек көзінің таразысы емес пе. Жұмыстың өзектілігі. Жалпы зейін туралы туралы ұғымдар әр ғалымның зерттеулерінде әркелкі келеді.Сондықтан зейіннің негізгі қасиеттері, ғалымдардың әртүрлі пікірлері іргелі ізденістің нысанына әбден лайық. Зерттеу нысаны (объектісі) ретінде Қ. Жарықбаевтың Жалпы психологиясы мен Жантану негіздері, Сәбет Бап - бабаның Жалпы психологиясы, Р. Немовтың Психологиясы, Ә. Алдамұратовтың Жалпы психологиясы, Г. Алексеевтің Профессия - конструктор, Тәжібаевтың Психология сияқты кітаптардағы ғалымдардың ой - түйіндері алынды. Зерттеудің мақсаты. Жұмыстың негізгі мақсаты, мүмкіндігімше, ғалымдардың зейін туралы пікірлерін, зейінді зерттеудегі еңбектерін, оны дамытудағы қосқан үлесін айқындау, ортақ түйін жасау.Сондай - ақ, қоғамдағы, адам болмысындағы зейіннің үлкен орын алуы.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
І Зейін туралы жалпы ұғым
Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсетететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Зейін өздігінен жеке - дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс - әрекетіне, таным процестеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын, бағытын көрсетеді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт - объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т.б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады . Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.
Адамға тән әрекеттің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский (1824 - 1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл е сікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды.
0.1 Зейіннің физиологиялық негізі.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И .П .Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. И .П .Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежел у процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен ііске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесс болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы). Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875 - 1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.
Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған (Доминанта - латынның доминанс деген сөзі, қазақша үстемдік ету деген мағынада). Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді.
Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейілінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың Қозудың оптимальдық алабы дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды оптимальдық жағдай жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап - ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі.
Бұл жөнінде И.П.Павлов былай дейді: Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді.
Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығн айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндіреді.
1.2 Зейіннің құрылымы мен түрлері
Зейін адамның еркіне қарай ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үш түрге бөлінеді. Ырықсыз зейіннің психологиялық әдебиеттерде бірнеше синонимі бар.Кейбір зерттеулерде ол пассивті зейін, енді бір құралдарда эмоциялық зейін деп аталады. Бұл екі түрлі атау да мәні жағынан ырықсыз зейіннің ерекшелігін көрсетеді.Пассивті зейін нәрсеге бағытталған сананы шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет емес екендігін білдіреді. Ал ырықсыз зейінді эмоциялық деп атау зейіннің объектісі және соған байланысты көңіл - күй мен эмоциялар, қызығулар, мақсат-мүдде арасындағы арақатынастың мәнісін білдіреді. Сонымен, ырықсыз зейін деп сананың белгілі объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Сан қилы тітіркендірдіргіштер ішінен зейінді өзіне еріксіз аударады. Мысалы, сөреде қатар тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көз тартады. Мұның себебі - қызыл түстің көзге әсер ету коэффициентінің күшті екендігінде. Осы орайда, мәнерсіз бірқалыпты айтылған сөз басқалардың назарын өзіне жөнді аудара алмайды. Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін өзіне еріксіз тартып алады. Кез - келген тітіркендіргіштің адам зейінін өзіне аударуы оның әсерлілігігіне байланысты. Сондай - ақ, тітіркендіргіштердің жаңалығы да ырықсыз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автомашина, не қабырға газетінің жаңа нөмірін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекі құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы - ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі. Адамның таным әрекетінде көңіл - күйге қатты әсер етеін нәрселер де ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыстар, хош иісті өсімдіктер мен нәрселер. Адамды таңдандырып, сүйсіндіретін нәрселер де зейінді өзіне еріксіз аударады. Көркемөнер туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып, танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі.
Ырықсыз зейіннің тұрақты болуы адамның ықылас - ынтасы мен қызығуының артуына байланысты.
Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайларсебеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.); заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т. б.);
ә ) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді. Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік - жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін ерікті немесе активті зейін деп те аталады. Мұндай атаулардың бәрі сананың белгілі объектіге шоғырлауындағы адамның шешуші рөлін көрсетеді. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Машина жүргізуші шофер, есеп шығарушы бухгалтер, тәжірибе жүргізуші ғалым алдын - ала мақсатын белгілеп, оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағыттайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже шығара алмас еді. Адамның күрделі мәселелерді шешуі, орфографиялық ережелерді қолданып жазба жұмыстарын дұрыс орындауы, жаңа терминдер мен шетел тілін меңгеруі - мұның бәрі де ырықты зейін арқылы іске асады.
Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады:
1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс - әрекетке тікелей кірісу қажет.
2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
3) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
4) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (ай-қайшу, тарсыл - күрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
5) Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс - әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін емес. Оқушы алғашқыда қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейіннің пайда бола бастағаны.
Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты - адамның психикалық күйі. Шаршап - шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады. Адамның сырқаты, жан қинайтын бөгде ойлар т.б. ырықты зейіннің сапасын нашарлатады. Ырықты зейінді күшейту үшін сөз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты тұрақтандыруға болады. Әрқилы жағдайларда жұмыс істей білу мен адамның әдеттері де ырықты зейіннің тұрақты болуына ықпал етеді.
Үйреншікті зейін - зейіннің ерекше түрі. Атынан көрініп тұрғанындай, ол ырықты зейіннен кейін жасалады. Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай - ақ орындалатын зейін. Сонымен, үйреншікті зейін дегеніміз - қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы.Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қызығу негізінде қалыптасады. Бірақ бұл нәрсенің қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатына сәйкес мүдделі әрекетіне байланысты. Мұндағы маңызды нәрсе - істің нәтижесі. Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайда болуы - әркімнің өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену әдеттерінің жемісі. Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін аса қиналмай - ақ, ойнап - күліп жүріп тындыра береді. Мұндай жағдайларда ырықты зейін үйреншікті зейінге оңай ауысады. Ондайда адам шаршағанын да байқамай қалады. Зейіннің жоғарыда қарастырылған үш түрі де бір - бірімен тығыз байланысты. Адамның іс - әрекетінде зейін түрлері алма - кезек өзгеріп, бір - біріне ауысып отырады. Ұстаздар оқу - тәрбие істерінде оқушы зейінін сабаққа бағдарлаумен ғана шектеліп қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік саналарын қалыптастыруға баса көңіл бөледі. Қандай нәрсеге болса үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс - әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Зейіннің қай түрі болмасын іс - әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.
1.3 Сыртқы және ішкі зейін түрлері.
Объектісінің орналасу жағдайына орай, зейін сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Зейінді меңгеру мен оның кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене әрекетін меңгеріп, реттеуге бағытталған. Мұны перцептивті зейін деп те атайды. Ішкі зейін - сананың ішкі іс - әрекетке, ішкі дүниеге бағытталуы. Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән. Ол жануарларда болмайды. Өйткені, олар өз жан дүниесінің сырын шолып біле алмайды. Сыртқы және ішкі зейіндер бірін - бірі тежеп отырады. Себебі, сананы сыртқы әрі ішкі құбылыстарға бір мезгілде бағдарлау қиын. Ішкі зейіннің объектілері: сезімдер, елестер, ойлар.Бұлар адамның сыртқы қимылдары, ернінің жыбырлауы, жеке сөздерді айтып қалу, дене мүшелерінің түрлі қимыл - қозғалыстары арқылы байқалады. Ішкі зейіндер - сана мен өзіндік сананың дамуы үшін қажетті шарт. Онсыз адам болашақ қимыл - қозғалыстарын, олардың нәтижесін болжай алмайды. Ойлай білу, ой арқылы әрекет жасау ішкі зейіннің жетілуімен байланысты. Ішкі зейін қалыптаспайынша, адамның ақыл - ой, эстетикалық жағынан дамуы мүмкін емес. Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін өткенді бағалау мен бастан кешкендерге, көрсетілген қылықтарға зейін аударып, талдау жасау саналы әрекетті жетілдіре түседі.
ІІ Ұжымдық, топтық, даралық зейін түрлері.
Ұжымдық зейін - бір сыныптағы барлық оқушының зейінін белгілі бір іс - әрекет түріне жұмылдыру. Мұндай әрекетке мұғалімнің сабақ өтуі жатады. Бүкіл сыныптың зейінін ұзақ мерзім бойы бірқалыпты ұстау мүмкін емес. Бірен - саран оқушының зейіні басқа нәрсеге ауып кетуі де мүмкін. Мақсатты іске ұмтылған ұжым ішінде зейіні ауытқитындар да кездеседі. Мұндай жағдайда жетекшінің не ұстаз - тәрбиешілердің іс - тәжірибелері ерекше рөл атқарады. Топтық зейін - бір ұжым ішіндегі жеке топтар зейінінің шоғырлануы. Топтық зейін сыныпта, лабороториялық тәжірибелер мен өзара тексеру жүргізгенде қажет. Бұл - зейінді ұйымдастырудың оқушы үшін де, мұғалім үшін де қиын түрі. Өйткені, топтар жұмыс үстінде бірін - бірі алаңдатады. Осындай кедергіні жеңу үшін олардың тапсырманы мұқият орындап шығуларына жете көңіл аударып, оны әрбір кезеңге бөліп жоспарлау керек болады. Даралық зейін өз міндетін орындауға әр адамның санасын бағдарлап, зейінін шоғырландырады. Бұл - зейіннің кісі өзі оқығанда, есеп шығарғанда қолдануға тиісті аса қажетті түрі.
2.1 Зейіннің негізгі қасиеттері
Зейін мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:
а) көлемі;
б) бөлінуі;
в) шоғырлануы;
г) тұрақтылығы;
д) ауысуы;
Зейіннің көлемі - адамның бір көргенде - ақ қабылдаған нәрселерінің саны. Зейін көлемін анықтау үшін тахистоскоп аспабы қолданылады. Зейін көлемін анықтау үшін уақыттың 110 секунд ішінде 10 - 12 нәрседен тұратын сандар, әріптер не түрлі кескіндер жиынтығы көрсетіледі. Осы уақыт ішінде көріп қабылдау әбден жеткілікті, бірақ, көріеген барлық кескіндерді саналы түрде бейнелеуге уақыт аздау. Сыналушы адам тек бірнеше нәрсенің ғана атын анықтап, өзгелерін жөнді байқай алмайды. Ал көріп тұрған барлық нәрселерді саналы бейнелеу үшін әжептәуір уақыт керек. Ересек адам зейіннің көлемі өзара байланыссыз 4 - 6 нәрсеге тең. Егер әріптерден мағыналы сөз құрастырсақ, онда көретін әріптердің саны едәуір көбейеді. Бірақ бұл жағдайда сөздің өзі тұтасқан бір объект болады да, сынаушы кісі қалғанын, дұрыс жазылмағанын аңғара алмайды. Нәрселерді топтастыпу арқылы зейіннің көлемін ұлғайту топтың жеке қасиеттерін байқап, аңғара білуге кедергі болмауы керек. Нәрселерді топтастыру және оның бөлшектеріне назар аудару, таным процестерінің дамуымен тығыз байланысты болуы қабылдаудағы блік пен бүтіннің, ал ойлаудағы жалпы мен жекенің арақатысынан айқын көрінеді. Физиологиялық тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғайту мидағы оптимальдық қозуы бар алапты кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесіне бірігуі болып табылады.
Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді кең зейін дейді де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді. Зейіннің тар, көлемдісі де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме істен дұрыс нәтиже шығара алуында. Адамның мамандығы, айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей қоймайды. Мәселен, өне бойы сағат механизмімен шұқшия жұмыс істеп отыратын мастердің зейін көлемі айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс істейтін ғалымның зейіні де осы іспеттес келеді. Зейін көлемін арттыру үшін мұғалім балаларды комплекс заттарды байқай алуға, оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс. Көрнекі құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Зейіннің бөлінуі деп адамның кез - келген іс - әрекеті үстінде зейіннің бір мезгілде бірнеше объектіге бағытталуын айтады. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалына есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндайда бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады. Іс - әрекетке процесінде зейін бір - ақ нәрсегеауады. Себебі, оның физиологиялық негізі - ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті өмірдегі іс - әрекетінде адам өзінің зейінін бөле бөлуде жетілдіріп, тәрбиелеуі қажет. Мысалы, жас ұстаз өз зейіінін бірнеше объектіге бөле алмағандықтан, сыныптағы оқушыларды жекелеп көре алмайды. Сабақ айтып тұрып, қате жіберуі де, оқушылар жауабындағы қателерді байқамай қалуы да мүмкін. Мұғалім назары негізінен өзі айтып тұрған материалға ғана ауады. Өз алдында отырған кейбір оқушылардың тәртіп бұзып отырғанын да байқамайды. Дегенмен, ұстаздық тәжірибесі біртіндеп жетіле түскендіктен, оның оқу материалын меңгеруі мен түсіндіруі жеңілдейді, зейінінің оған бөлінуі де ширап, сыныпты толық меңгеретін болады. Әрбір нәрсеге зейін аудару іс - әрекет үстінде дамып, бірте - бірте адамның жеке басының маңызды сапасына айналады.
Зейінді екі объектіге бірдей бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер болу және мұндай объекті бір - біріне байланысты болуы шарт. Зейінді бөдудің физиологиялық негіздері жөнінде И. П. Павлов былай дейді:
... біз бір іспен, бір оймен айналыса жүріп, өзіміз әдеттеніп кеткен тағы басқа бір істі істей жүреміз, яғни сыртқы тежелу механизмі бойынша, ми сыңарларының тежелудегі бөлімдерімен, қызмет істейміз, өйткені біздің басты ісімізбен байланысты ми сыңарларының пункті бұл кезде қатты қозуда болады . Зейіннің шоғырлануы - адам санасының белілі бір объектіге айрықша бағытталуы. Зейіннің шоғырлануы оның көлемімен, бөлінуімен де тығыз байланысты. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса шоғырлану соғұрлым күшті болады. Іс - әрекетті дәл және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz