Қиялдың түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. 1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы . . . 3

ІІ Негізгі бөлім . . . 6

2. 1. Қиялдың түрлері . . . 6

2. 2. Қиялдың даралық айырмашылықтары . . . 12

2. 3. Баланың қиялының дамуын зерттеген ғалымдар . . . 19

2. 4. Баланың қиялын дамыту ерекшеліктері . . . 22

ІІІ Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33

Кіріспе

Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соны, жаңа елестер мен идеялар тудырады. Осындай жаңа, соны бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз. Қиял - тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял - адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің, түрлері сияқты шындыкты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, накты образ-дарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес. Ондай процестер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады. Сонымен, қиял дегеніміз - бізді қоршаған сьгртқы дүниедегі заттар мен кұбылыстардың образдарын жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға ғана тән психикалық процесс.

Адам қиялына меншікті бірсыпыра ерекшеліктерді мынадай етіп топтастырып көрсетуге болады: а) әрбір адамның қиялы оның жеке басының кызығуы мен ерекшелігіне, алдына қойған мақсат-мүддесіне байланысты болып отырады. Мысалы, жаңадан машина жасауды ой-ластырып жүрген инженердің белгілі тетіктерді жетілдіру үшін оларды жасап шығарудың әдіс-тәсілдерін қарастыруын, емтихан тапсырайын деп жүрген студенттін іс-әрекетін, шөл далада сусап келе жатқан жолаушының қиялын салыстыра отырып, олардың әрқайсысының мүдде-мақсатын айкындауға болады. ә) Қиялдың мазмұн-мәнісі, түр-сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім дәрежесі мен өмір тәжірибесіне, дара басының ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, өмір-тіршілігінде көріп білгені мен көкейге түйгені кеп білімдар адамнын, қиялы мен жеткіншек жастың киялын бір мөлшермен салыстырып қарауға болмайды. б) Қиял адамнын, барлық психикалық құбылыстарымен тығыз ұштасып жатады. Мысалы, мақсат еткен мүдделі ісін жүзеге асыру үшін адам оның әр түрлі жолдарын іздестіреді. Бұл қиялмен тығыз байланысты. Адамның ерік-жігері, қайраты оның жоспарлаған мүдделі ісін жүзеге асыруынан қөрінеді. Қиялда ойлау процесі ерекше орын алады. Осы ретте, кенес психологі А. В. Брушлинский қиялды ойлаудың ерекше бір түрі деп санайды. Бұл пікірді қостаушылар қазіргі уақытта да кездесіп жүр. Өйткені, ойлау белсенділігі адамды шығармашылық істер мен әркилы әрекеттерге жетелейді.

Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

  1. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің, машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады.
  2. Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды.
  3. Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. “Жаратылыстың құшағында, - деп жазады М. Жұмабаев, - меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайдан далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең боуға тиісті”.
  4. Қиял - адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. өйткені ойлау белсенділігі адамда шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен өте тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда өзіндік мәселені шешудік өзіндік ерекшелігі болады. Қиял мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау мен тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді.
  5. Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу - адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі таным түсінігі әр түрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді қызметке ит-ермелейді, творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүкіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің құрылымы, өмір салтының қалыптасуы мұнсыз мүмкін емес. Адам саласының жануар психикасынан басты айырмашылығы адам да ойлаумен қатар қиял әрекетінің болғандығында.

Физиолог И. М. Сеченевтың қиялка байланысты пікіріне сүйенсек, адамның басына оның есінде орын тепкен элементтерден кұралмаған бірде-бір ойдың келуі мүмкін емес.

Ол тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың өзін бұл ережеден шығарып тастауға болмайды деген пікір айтқан еді. в) Адамның қиялы еңбек процесінде іс-әрекет үстінде дамып отырады. Мұндағы шарттар саналы мақсат, болашақты болжай білу, оны өңдеп елестете алу.

Адам қиялына тән мұндай қасиеттер оның психикасын жануарлар психикасынан өзгешелеп тұрады.

Басқа психикалық процестер мен қатар қиял да ми қызметінің нәтижесі. Егер де естің физиологиялық негізі уақытша нерв байланыстарынан басталып, кейінірек оны жаңғырту болса, қиялдағы нерв байланыстарының жүйесі бытырап, тарайды да қайтадан жаңа жүйелерге бірігіп, қосылады. Осылай болудың негізгі шарты: адамның қажеттіліктерінің әсерінен ми қыртысында күшті қозу ошағының пайда болуы. Қиялдың сезіммен тығыз байланыстылығы, оның пайда болуына мидың тереңгі бөлімдерінің де әсері бар екендігін көрсетеді. Адам ағзасының мидың периферия бөлімдерінің қызметі қиялда пайда болатын бейнелерді өзгертіп отырады. Орта ғасырда нервтері бұзылған адамдарда Иса пайғамбардың аяқ-қолын байлап тастағанын елестетіп, қатты қайғырып, ойлағанның салдарынан олардың алақанында, табанында жаралар, қанталаған ісіктер пайда болған. Мұндай көріністі стигмат дейді, яғни жара белгісі деген ұғым. Тіпті сау адамдардың өздері өте сезімтал болып, бір зат туралы қатты ойласа күйзеліске ұшырайды. Мысалы, атақты француз жазушысы және ойшылы Вольтер Варфоломей түнінде ауыратын болған (бұл түні католик дініндегі француздар өздеріне бауырлас протестанттарды қырғынға ұшыратқан) .

Сондай-ақ беделді адамның сөзін дұрыс түсінбеу де адамды күйіндіріп, күйзелтіп ауруға соқтырады. Дәрігердің шала ойлап қойған диагнозы сау адамның өзін уайымдатып, ақыры сол ауруды қозғайды. Педагоктік жұмыста да дидактогения деген нерв ауруы кездеседі. Мұғалімнің ойламай айтқан сөзі кейде нерв жүйкесі нәзік оқушыларды қатты күйзеліске ұшыратады. Мысалы, 10-сынып оқушысы Назерке отбасы жағдайымен мектеп ауыстырып, жаңа мұғалімдерден сабақ алады. Бірде орыс тілі сабағында мұғалім үйге берілген тапсырманы одан сұрайды. Ол жақсылап жауап береді. Бірақ, мұғалім оған мынадай зілді сөздер айтады: “Сөйлеуің жаман емес көрінеді, ао жазба жұмысында сынап көреміз”. Осы сөздер оқушының есінен кетпей қояды. Соның салдарынан өткізілген диктантты үлкен қрқынышпен жазып, көп қате жібереді. Одан әрі жазба жұмысы сабақтарында ол осындай күйзелісте болып, ауыратын болған. Осыған орай қазақтың мақалы “таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді” деген тегін айтылмаған. Осындай мақалдар орыс және басқа халықтарда кездеседі. Олардың жалпы тәжірибесі “сөздің алып күш екенін, сондықтан да оеы орынды пайдалану керектігін ескертеді”. Міне, осы халық педагогикасының қағидасы мұғалім-ұстаздардың есінде әрдайым сақталу керек.

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Қиялдың түрлері.

Қайта жасау қиялы мен шыгармашылық қиял. Өзіндік ерекшеліктері мен олардан туындайтын себептерге орай, қиял ырықсыз, ырықты болып екіге бөлінеді. Психологиялық әдебиеттерде ырыксыз қиялды пассив қиял, ырықты киялды актив қиял деп те атай береді.

Ырықсыз қиял адамның алдына максат қоймай-ақ, басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдың бұл түрі төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы-ояу кезде де ырықсыз қиялдар өздігінен туындап жатады. Пассиз (әлсіз) киялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Көрген түстің қисынсыз шым-шытырық болатыны да - осы ырықсыздықтан. Мұндай қиялдардың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де байлатанысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әнгіме айтып отырғанда, оның басынан кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағылып өтіп жатуы. Осы екі мысалдың бірінші жағдайында - қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес- қиялдың пассив түрі.

Қиялдың саналы әрі жемісті түрі - ырықты қиял. Бұл - адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын әрекетінен де анық байқалады. Ұшқыш, дәрігер, ғарышкер, мұғалім т. б. болып ойнауларына қарап, олардың ырықты қиялдарын аңғаруға болады. Өйткені, ырықты қиял еңбектену процесінде дамып, әрбір адамның іс-әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдын-ала көз алдарына елестетеді. Оларды орындауға, қимыл-әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді. Ырықты қиял түрлерін топтап қарастырудың жолдары бар. Олар - қайта жасау қиялы және жасампаздық қиял.

Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртып елестететін сөздік тітіркендіргіштерге байланысты туындайды. Мұндай қиялдың пайда болуында сөздік тітіркендіргіш қызметін әр түрлі суреттер мен сызулар, сызбалар мен кестелер, ноталар атқарады. Ал бұл қиялдың психологиялық құрылысын іздестіріп көретін болсак, ол - екінші сигналдық тітіркендіргіштерді бірінші сигналдық бейнелерге айналдыру. Мысалы, мұхитты көрмеген адам басқа біреудің сол мұхитты суреттеп жазғанымен таныса отырып, оның ұшы-қиырсыз бейнесін киялдайды. Қайта жасау қиялындағы мақсат жаңа, соны бейнелер жасау емес, табиғаттағы заттарды адамның өзі тікелей қабылдамаса да, сол қалпында қайта елестету болып табылады.

Қайта жасау киялы - адамның ой-өрісін дамытып отыратын психикалық процесс. Қиялдың бұл түрінің тәлім-тәрбие ісінде ерекше маңызы бар. Мысалы, оқырмандар Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Дәркембайдың бейнесі арқылы кедей шаруалар мен жатақтардың тұрмыс халін көз алдарына елестетіп, пайымы кең, ақыл-парасаты терең кісілердің оқымаған адамдардың арасынан да жиі кездескендігіне көз жеткізеді. Мектепте оқытылатын жеке пәндердің де қайта жасау қиялын дамытуда мәні зор. Геометрия, сызу сабақтарында сызба суреттердің мәнісі әрбір машина тетіктері, олардың қызметі, жүмыс принципі арқылы түсіндіріледі.

Қайта жасау қиялы адамның барлық қызметі мен іс-әрекетіне қатысты. Өйткені, әрбір адам өзі істеген жұмының нәтижесі мен пайдасын күнілгері көз алдына келтіріп, қиялы арқылы оларға шолу жасайды. Қайта жасау қиялы адамның білімі мен бұрынғы тәжірибелеріне сүйенеді. Сөйтіп, қиялдың бұл түрі аркылы пайда болатын елестер алға қойған максат пен тілекке сай екшеледі, бұ-рынғы қабылданған процестерді болмыстағы ындықпен жақындатады.

Балалардың қайта жасау қиялын дамытып, нәтижелі іс-әрекеттеріне күшті әсер ететін жайт - олардың алдына белгілі практикалық міндеттерді қоюы. Айталық, заттың суретін салу немесе түрлі материалдардан сол заттардың бейнесін жасау т. б. Мұндай істер балаларды сөзбен айтылған объектілерді, нақты нәрселерді ұсақ-түйегімен қоса түгел елестетуге баулиды.

Қиялдың ең жоғары түрі - жасампаздық қиял . Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар жасалады. Шығармашылық жасампаздық қиял кайта жасау қиялы сияқты нақты суреттер мен шартты бейнелергe сүйенеді. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындылар - қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш. Жасампаздық қиял - коғамдық мәні бар жаңа, соны өнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалык процесс. Машиналардың жаңа түрлерін ойлап табу, бұрынғы машиналарды реконструкциялау, мал тұқымын асылдандыру, өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын өсіріп шығару, ғылымда, өнер мен әдебиетте, кұрылыс пен халык шаруашылығының басқа салаларында жаңалык ашу - мұның бәрі де шығармашылық қиялға жатады. Мұндағы процеске тек киял ғана емес, тұрақты зейін, әр түрлі ойлау әрекеттері, ерік процестері т. б. әрекеттер де қатысады. Дегенмен, ырықты қиял жетекші рөл атқарып, адамның барлық процестері мен істеріне жол сілтейді.

Шығармашылық дегеніміз іс-әрекет нәтижесінде жаңадан бірінші рет жасалған, қоғамдық пайдасы бар заттар. Мұндай іс-әрекеттің қайнар бұлағы болып қоғамның осы әлде басқа заттарға деген мұқтаждығы жатады. Бұл мұқтаждық шығармашылық идеяның, шығармашылық мақсаттың пайда болуына себеп болады. Идея әлде мақсат бастапқыда түсініксіз көмескі түрде болады. Осыған орай идеяны, мақсатты ойластыру кезеңі басталады. Бұо процес барысында жаңа идея анықтала түседі, кейде оны басқаға өзгертуі де мүмкін.

Ал идеяны анықтағаннан кейін соны басшылыққа алып, белгілі деректерді, материалдарды зерттеп, шығармашылық өңдеуден өткізеді. Сөйтіп шығармашылық мақсатты орындау жұмысы басталады. Осының бәрі адамның дене және рухани күшін сарқа жұмсауды қажет ететін, шабытты еңбек болып табылады.

Шығармашылық кезінде адамның ақыл-ой, эмоциялық, еріктік психикалық әрекеттері барынша жоғары деңгейде өтеді. Шығармашылықтың елеулі жақтары - беріле әуестену және талпыну.

Шығармашылық шешім үш сатыдан тұрады:

  1. Дайындық жұмысы, проблемаларды күн тәртібіне қою, гипотезаны жасау, зерттеудің методикасы мен тәсілдерін жасау, деректі материалдарды қарастыру;
  2. Зерттеудің өзі, оған байланысты жасаған гипотезаны тексеру;
  3. Алған нәтижелерді қорыту, талдау.

Осы сатылардың қайсысы болмасын қажырлы, табанды еңбекті талап етеді. Мәселен, К. Маркстің “Капитал” атты еңбегі ұлы ойшылдың бүкіл өмірінің жемісі. Онда жүздеген әдебиет түп-нұсқасы, статистикалық есеп, тарихи мағлұматтар жинастырылып, талданып, қорытынды жасалған. Әрине, өмірдің әр саласындағы шығармашылық еңбектің өзіне тән ерекшеліктері болады. Мәселен, көркемдік шығармашылықтың негізгі міндеттері өмірді аса маңызды көріністері арқылы көрсету. Әдебиетте типтік бейне жасау үшін жазушы өмір мәселесін жинақтайды, қоғамдық өмір құбылыстарын байқайды, адамның ішкі жан дүниесін білуге талпынады. М. Горький әдеби бейне жасау үшін тікелей әсер алу қажеттігін атай отырып, жазушы жұмысында байқағыштық қасиеттің мәнін баса айтты. Ол бір жұмысшының, дүкеншінің портретін суреттеу үшін жүздеген дүкеншіге, жұмысшыға үңілу керектігіне көңіл аударды.

Шығармашылық мәселені шешу, оны дөп басу адамның толықтай жасайтын ой қызметінің нәтижесі. Орыстың атақты суретшісі Репин шабыт азапты еңбек үшін берілетін сыйлық деп жазған. П. И. Чайковский “Шабыт - жалқауларға жоламайтын, оның есігін ашпайтын қонақ”, деді. Шабытты күй шығармашылыққа барынша беріліп, құмартып, қажымай-талмай еңбек жасаған адамда ғана пайда болады. Шабытты күй ой мен дене қозғалыстарының жеңілдігімен, тебіреністердің тереңдігімен сипатталады.

Шығармашылық қиял арқылы жасалатын жаңа туындылар мен өнімдер әрқилы жорамалдар жасап, көп ізденуді талап етеді. Алға қойған міндеттерді шешуде көпке дейін нәтиже шықпай, іздеген образ жасалмайды, зат тетіктері үйлеспейді. Шығармашылық қиялдану үстінде адамның іздегені күтпеген жерден, кенеттен тууы да мүмкін. Адам басында көптен бері жүрген мәселенің кенеттен, күтпеген жерден шешімін табуы, оған тиісті жауап алынуы психологияда интуициялық процесс деп аталады. «Интуиция» латын сөзі - шуғылданып қарау деген мағынаны білдіреді. Кертартпа психологтар интуицияға «іштен жарқырау» не «құдыреттің күшімен тану» деген анықтама береді.

Дегенмен, бұл шындыкка жанаспайды. Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсак, дүниені интуиция арқылы танып білу - ми қабығының белгілі түрде атқаратын қызметі. Бұл мәселені ғылыми-табиғи негізде дәлелдеп берген - И. П. Павлов зерттеулері. Ол «Ми алқабы көлемінің белгілі дәрежеде тежеліп жатқан орталықтарында да синтездеу процесі жүріп жатады. Кезінде мұндай әрекет адамға сезілмесе де, оның болып өткені - ақиқат. Сондықтан қолайлы бір жағдай туа қалса, қайдан келгені белгісіз сияқты болып, даяр күйінде ол шыға келуі мүмкін» деген болатын. Ғылыми жаңалықтарды, келелі мәселелер мен істерді шешуге керекті жаңа байланыстар адам өзінің руханн куатын сол проблемалар төңірегіне шоғырландырғанда ғана туады. Міне, осындай жағдайда адамда шабыт пайда болады. Шабыт билеген адам әрқашан да жемісті нәтижеге жетпек. Осы орайда, ғылым тарихынан бірнеше мысалдар келтірейік:

Ерте заманда өмір сүрген ғалым Архимед заттардың салмағын ажыратып білуді үйіндегі астауға шомылып жатканда ашады. Сөйтіп, «таптым» - «эврика» деп айқайлап, көшеге жалаңаш жүгіріп шығады. Ал ағылшын инженері Дж. Уатт жаңа машина жасап шығаруды қиялдап жүргенде, пештің үстіндегі шәйнек қақпағының қайнаған судың буынан діріл қағып, орнынан қозғалғанын аңғарып қалады да, «бұл не деген күш!» деп таңданады. Осыдан кейін Дж. Уатт бу машинасын ойлап тапты деген сөз бар.

Кибернетика ғылымының негізін қалаушылардың бірі, атақты американдық оқымысты Н. Винер электрондық-есептеу машинасын Адам миының қызметіне негіздей отырып ойлап тапқан. Жалпы алғанда, ғылым мен техника, өнep мен білім жаңалықтарының ашылуы адамның шығармашылық қиялының жемісі болып та-былады. Сондай-ақ, әрқилы құрал-саймандардың да адамның әр алуан іс-әрекеттері нәтижесінде жасалғаны белгілі. Мәселен, тырма - қолдың бес саусағының бірігіп әрекет жасауының, ожау екі қолды қосып сұйықтықты ішудің жемici деуге болады.

К. Э. Циалковский: менің ғарышқа сапар шегу талабым фан-тастикалық шығармаларды окуынан пайда болды. Ынта соңынан ақыл-ой әрекеті туды. Егер ғылым тарапынан көмек келмегенде, тек

ақыл-ой еш нәтиже бермеген болар еді, - дейді.

Қазақ халқының ертедегі қиялы да ұшқыш кілем, таусоғар, көлтауысар, желаяқ тәрізді басқа да кереметтер жөнінде қиял-ғажайып ертегілер туғызды. Сол арман-тілектің көпшілігі бүгінде нақты шындыққа айналып отыр. Қазіргі таңда ел қажеттілігін, мұқтаждығын өтеп отырған пойыздар мен автокөліктер, үшақ типтерінің сан алуан түрі - адамның жасампаздық және шығармашылық қиялының жемісі.

Шығармашылық қиялдың көркем әдебиет пен өнер саласында да алатын орны айрықша.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пассив қиялдың айкын көрінісі адам жоқ объектілерді қабылдайтын галлюцинация болып табылады, Қиялдагы образды қайта жасау механизмі
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының даму үдерісі
Қиялдың дамуы
Қиял туралы түсінік
Қиял анықтамасы
Қиялдың даралық айырмашылықтары
Қиял процесі
Қиялдың ерекше түрі - арман
Танымдық процестердің бірі – қиял жөнінде түсінік
Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz