Мектепке дейінгі баланың қабылдауы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1. Қабылдау.Мектепке дейінгі баланың қабылдауы. 5
1.1. Қабылдау ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қабылдаудың кейбір ерекшелектері. 9
2. Мектепке дейінгі баланың қабылдауын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...14
2.1. Бақылау 24
2.2. Кеңістікте және уақытты қабылдау 28
2.3. Жеке адамның қасиеттері ретіндегі қабылдаудың ерекшеліктері 31
Корытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34

КІРІСПЕ
Қабылдау - сезім органдарына тура әсер ету арқылы құбылыс, жағдай, заттарды тұтастай бейнелу. Психолог А. Едігенованың айтуы бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін. Қабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін анализденген затты синтездеу керек. Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады. Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды. Қабылдаудың түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді.
Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп - дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады. Мектепке дейінгі балалардың қабылдауындағы өзекті белгілер: 1.Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.
2.Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз. 3.Қабылдаудың таңдамалылығы. Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады. 4.Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты. Уақытша түрі - адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады.
Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді. Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі. Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп - заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау.


1. Қабылдау.Мектепке дейінгі балалардың қабылдауын дамыту.
1.1.Қабылдау ұғымы.

Түйсіктердің арқасында үлкен ми сыңарларынан заттардың жеке сапалары (түс, дыбыс, қаттылығы т.б) бейнеленеді. Бірақ адам айналасындағы дүниедегі әрбір затта немесе құбылыста әр түрлі сапалар мен қасиеттердің тұтас комплексі болады. Оларды дұрыс бейнелеу үшін анализаторлар беретін жеке түйсіктер ми қыртысында бірігеді, сөйтіп адамда заттың немесе құбылыстың тұтас бір бейнесі жасалады.
Белгілі бір кезде сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың бейнеленуіндегі псхикалық процесс қабылдау деп аталады. Түйсікке қарағанда қабылдау - шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы.
Қабылдаудың физиологиялық негізі - үлкен ми сынарлары қыртысындағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар, мұнда сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың синтезі (бірігуі) жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше анализаторлардың келісімді іс-әрекеті, организімнің тітркендіргіштердің тұтас комплексіне жауап риакциясы жүзеге асады. Мысалы біз раушан гүлін қабылдағанда сонымен қатар оның әдемі формасы, тамаша түсін көреміз, гүлдің сүйкімді исін иіскеп кеудемізге жұтамыз, абайлап гүлге қол тигізіп, оның жапырақтарының т.б нәзік жұмсақ екенін сипап сезінеміз. Міне осы жеке түйсіктердің бәрі мидың қыртысында қосылып, біртұтас комплекс болып бірігеді. Оның үстіне біз бұл заттың раушан гүлі екенін білеміз, яғни мұнда ес процестері де орын алады. Гүлдің иісі бізді рақатандырады, сүйкімді сезім туғызады. Ақырында қабылдау процесіне ойлау да кіреді: біз мұның раушан гүлінің қай сортына жататына ойланамыз, бастапқы қарапайым қорытынды жасалады.
Қабылдауда қай анализатордың басым болуына байланысты көру, есту, иіс, сипай сезу және кинестетикалық қабылдаулар болып айрылады.
Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз.
Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп - дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады. Уақыт дегеніміз - дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан, екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның орнын басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең. Адамдардың адамды қабылдауы адам өмірінде үлкен роль атқарады. Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігін айтуға болады.
Қабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін анализденген затты синтездеу керек. Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады. Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды. Қабылдаудың түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді. Қабылдау - сезім органдарына тура әсер ету арқылы құбылыс, жағдай, заттарды тұтастай бейнелу.
Баланың қабылдауын дамытудағы психологиялық жұмысында келесі қасиеттерге назар аудару қажет.
1) Қабылдаудың заттылығы - шынайы өмірдің объетіліоері мен құбылыстарын түйсік жинақтығын түрінде емес, жеке заттар түрінде бейнелеу қабілеттілігі.
2) Тұтастық - заттардың қасиеттері мен жеке сапасының ақпаратының әртүрлі түйсінудің түрі ретінде алынған заттың тұтастай бейнесінің бейнеленуі. Түйсіктердің өзара шартты рефлекторлы байланыстарының негізінде пайда болады.
3) Құрылымдық - салыстырмалы және тұтастай қарапайым құрылымға әсер етуші стимулдардың бірлесуі. Қабылдау проекция және түйсіктер саны емес.
4) Мағаналығы - қабылданып отырған зат немесе құбылыс қамағана беретін қабылдаудың қасиеті.
5) Таңдамалық немесе белсенділік - бір объектілердің басқалардан бөліп қарастыру, осылайша қабылдау белсенділігін арттырады.
6) Қабылдау көлемі - бір фиксация кезеңінде мүмкін болатын объектілерді қабылдау көлемі.
7) Қабылдау нақтылығы - пайда болған бейненің қабылданып отырған объектінің қасиеттеріне сәйкес келуі.
8) Қабылдау толықтығы - пайда болған образдың қабылданып отырған объектінің ерекшеліктеріне сәйкес келуі.
Ойлана отырып талдау қабілеттілігі - сөзді логикалық ойлауды дамытудағы критерилердің бірі. Тұжырымдап ойлау баллада бір ойдың екінші ойға ағымдауынан, бір тұжырымдан екінші тұжырымға ауысуы, уақытта жағдайлардың қарама қайшылықсыз бөлуі болып табылады. Мысалы, балаға Косағын тап ойыннында бейненің қабылданып отырған объектінің қасиеттеріне сәйкес келуі қабылдау нақтылығы дамытады.


Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт. Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды. Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.

2. Қабылдаудың кейбір ерекшелектері.

Қабылдау - адамның іс - әрекетіне тығыз байланысты активті процесс. Егер біз салынған суреттің қасында тыпыр етпестен тұрып, оны қарап сүйсінсек те, бәрібір қандай да бір оймен шұғылданамыз, әйтпесе ешнәрсе біле алмас едік, қарап тұрған затымызды айтарлықтай көре де алмаған болар едік.
Әдетте біздің санаулы қабылдауымыз пассивты сырттай қарау емес, нақты танымдық сипаты бар міндетті шешу болу табылады. Мұны ерекше перцептивтік іс-әрекет деуге болады.
Кез келген обьектіні қабылдау әдетте оны қоршаған фонда жүзеге асады. Сабақ басталады мұғалім бүкіл класқа, парталарда отырған көп балаларға қарайды делік. Біраз уақыттан кейін ол бұл ондаға балалардың ішіне бір баланы бөліп алып соны қадағалап қарайды. Бұл оқушы мұғалім қабылдауының объектісі болады да, қалған бүкіл класс сол объектінің фоны болады.
Қабылдаудың таңдап алынуы міне осындай, мұнда біздің анализаторымызға келіп түсетін көпдеген қоздырғыштардың ішінен бұл ретте біз өзіміз зейін аударғанымызды ғаны қабылдаймыз. Зейін әдетте өзімізге қандайда болса бір маңызы барға ықылас қойғанымызға ауады және адамның психикалық өмірінің жалпы мазмұнына, оның ішіне өткендегі тәжірибеге байланысты болады.
Қабылдаудың өткендегі тәжірибеге байланысты болуын апперцепсия деп атайды. Әр түрлі мамандықтағы адамдар бір заттың өзін әр түрлі қабылдайды. Мысалы, даладан жұлып алынған гүлге қарап, суретші ондағы бояулардың түрлеріне көңіл аударады: ботаник гүлге өсімдіктердің бір классының өкілі ретінде қарайды: агронном оған жем - шөпке қатысы тұғысынан қарайды.
Қабылдау процесіде біз әдетте заттың элементтерін біртұтастыққа біріктіреміз.
Мұнда көбінесе олардың орналасуының бір-біріне жақындығы маңыз алмайды, белгілі бір затқа қатысы маңыз алады. Біз қатар тұрған ағаштан жасаған екі аяқты көріп тұрмыз екен делік ол екеуі де бір материалдан жасалған және бір бояумен сырланған. Бірақ та біз оларды біртұтастыққа біріктірмейміз, қайта оларды біреуі столдың аяғы екіншісі оның қасында тұрған столдың аяғы деп ойша айырам. Біздің бұлай ететін себебіміз - бұл заттарды білеміз және оларды қабылдауға ойланып қараймыз.
Егер біз терезеден алыстан көрініп тұрған телеграф бағаналарына қарасақ, олардың біздің көз торымызда бейнеленуі кішкентай, біздің алдымызда жатқан кішкентай қарындаштың бейнеленуінен едәуір кіші. Бағана мен қарындашты қандай қашықтықтан көрсек те біз біріншісін әрқашан да үлкен етіп, екіншісін кішкене етіп қабылдаймыз. Біздің қабылдауымыздың салыстырмалы түрде константтылығы яғни тұрақтылығы міне осында көрінеді.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:
1. Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту [1, 33-35 б.].
В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады [10, 79 б.]. Т. Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең - қиялдың тез дамитын уақыты [8]. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта):
1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір затты көре бастауы);
2. Екінші кезең - қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы;
3. Үшінші кезең - ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;
4. Төртінші кезең - бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы). О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті - ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі.
Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік Мені қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады. Е.Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті:
1. Көрнекілікке сүйену;
2. Өткен тәжірибесін қолдану;
3. Ерекше ішкі позицияны қолдану.
Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын анықтап, зерттеуге мән берілді [5, 6, 15]. Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял - қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі. С.Л. Рубинштейннің айтуынша Қиял - бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу деп түсіндіреді. Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді [4]. Атақты психолог Л.С. Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді. Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады: Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді. Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар. Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы - ой - пікірден оның іске асуына байланысты. Сонымен, қорыта айтқанда, біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз.
6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы - баланың айналадағы әлемді танып-білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі [4, 41 б.].

2. Мектепке дейінгі баланың қабылдауын дамыту.
2.1.Бақылау.

Жоспарлы түрде жүйелі, белгілі бір мақсатпен жасалатын қабылдауды бақылау деп айтамыз. Мұның адам өмірінде зор маңызы бар. Бақылай білу жақсы хабардар болуға, заттарды неғұрлым дәл қабылдауға, адамдардың сыртқы ерекшеліктерін және ішкі психикалық қасиеттерін байқай отырып, оларды жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі қоршаған дүниенің бізге жасайтын әсерін ілтипатқа алуға, дұрыс іс-әрекет жасауға жағдай туғызады.
Кез келген адам бақылай біле бермейді. Мына шарттар орындаласа ғана бақылауды дұрыс ұйымдастыруға болады.
а) бақылаудың міндеттерін түсіну қажет. Егер бір адамға нені бақылу керек екенін түсіндірместен Бақыла! десе ол бақылау жұмысын жүргізе алмайды;
б) бақылаушыға бақыланатын зат туралы алдын ала білу керек болады. Ешбір хабарымыз жоқ нәрсені бақылау өте қиынға соғады;
в) бақылау жүйелі жоспарлы болуды керек етеді. Бақыланатын обьектіні қалай болса солай қарай беруден көріне қажетті нәтиже шықпайды;
г) бақылауды жеткілікті түрде терең, толық етіп жүргізу керек. Бақыланатын объектінде елеулі маңызы бар нәрселерді байқай білу керек, оны дұрыс түсіну маңызы бар егжей-тегжейлеріне назар аудара қарау қажет.
Қабылдау процесі адамның сезім мүшесіне байланысты. Олар көру, есту, иіскеу, дәм, тері, кинестезиялық қабылдаулар деп жіктеледі. Жалпы қабылдау процесінде бұлар күрделі, жоғары сатыда бір-бірімен өзара байланысып жатады. Опера, лекция, баяндама тыңдарында адам көру, есту арқылы қабылдайды. Ол екеуінің байланысын, өзара бір-біріне әсер етуі - табиғи заңдылық. Сөйлеушінің өзін, оның қалпы мен сырт келбетін көру тыңдауды жеңілдетеді, сөйлеушінің қимыл мәнерін жеңіл ұғынуға мүмкіншілік туғызады.
Қабылдаудың мақсатты және мақсатсыз түрі болады. Мақсатты қабылдауда адам алдын-ала объектіні қабылдау мақсатын қояды, оны жоспарлап алады. Бұлай қабылдағанда адам жай ғана көргеніне мәз болмай, қабылданып отырған объектіні тереңірек аңғаруға тырысады: тесірейе қарап, мұқият тыңдап, ынтамен ұғынуды мақсат етеді. Мақсатсыз қабылдау сыртқы итермеші себептерге байланысты. Ондай факторларға қабылданатын заттың кеңістікте өзіне жақын орналасуы, тітіркендіргіштердің күші, олардың кенеттен әсер етуі, қарама-қарсы жағдайлары сияқтыларды жатқызуға болады. Қабылдаудың бұл түрі адамның зейінін кездейсоқ объектіні қабылдап алуға бағыттайды.
Зейін адамның қайсыбір бір немесе бірнеше тітіркендіргішті адамның нерв системасына минут сайын әсер ететін тітіркендіргіштер тасқынынан бөліп алып, сол тітіркендіргіштерге (олардың тұтас бір комплексіне) көңіл қоя білуінен көрінеді. Мұндай сараланған тітіркендіргіш басты доминанта жағдайында болып, адамның миының қыртысында нервтік қозудың неғұрлым күшті ошағын - доминантаны құрайды.
Бұл орайда қалған тітіркендіргіштердің (сыртқы да, ішкі де) бәрінің әрекеті тежеледі. Олар адамның санасына жетпейді де, адам оларды байқамайды. Мәселен, балалардың жұмысын бақылай отырып, мұғалім көрші бөлмедегі сөздерді естімейді, өзінің үйдегі шаруасының қамын ұмытады, өзінің шаршағанын аңғармайды. Алдағы уақытта жасайтын баяндамасын ден қоя дайындаған кезде адам тамақ ішпегенін ұмытып кетеді, тіпті қарнының ашқанын да сезбейді. Бірақ уақыт өткеннен кейін, нервтік қозудың басты ошағы сөнген кезде, адам шаршап, оның зейінінің бағытталғандығы ауытқи береді. Ол өз жұмысынан алаңдай бастайды да, қайсыбір жаңа тітіркендіргіш ерекше күш алып, доминантаның орнын басады.
Зейіннің орнықтылығы. Бастауыш мектеп оқушыларында бір доминантаның сақталу уақыты да, яғни зейіннің орнықтылығы да көп болмайды.
Балалардың қызықты әрі өздеріне ұғымды әңгімені ұзақ уақыт, барынша зейінмен тыңдай алатыны мұғалімдердің барлығына мәлім. Мұндай доминантаның сақталуының ұзақтығы баланың зейінінің орнықтылығынан байқалады. Бірақ сонымен бірге мұғалімдерге мектептің кішкентай оқушыларының тез алаңдағыштығы туралы білім қажет.
Балалардың алаңдағыштығына мұғалім кінәлі болатыны өте жиі кездеседі. Егер ол сабақты бір сарынды және іш пыстыратындай етіп жүргізетін болса, егер балаларға орындауға жұмыстың бұрыннан таныс және өте оңай түрлерін тапсыратын болса, егер оларды бос отырғызып қоятын болса немесе тек жаттанды атқарушылық амалдарды талап ететін тапсырмалар беретін болса,- ол бала зейінің алаңдағыштығының пайда болуына жағдай жасамай қоймайды. Балалардың іштері пысады да, олар басқа бір тартымды нәрсе іздейді (сөйлеседі, қағаз жазады, тентектік жасайды).
Егер мұғалім әбігерленіп немесе абыржып тұрса, егер ол қара басының қиыншылықтарына, қуанышты не ауыртпалықты толғаныстарына деген барлық реакцияларын жеткілікті дәрежеде тежей алмай келсе, егер ол сабақтарын өткізу мен өз жұмысына жете ден қойып тұрмаса - оқушылар мұны сол сәтте-ақ сезеді. Мәселен, бірінші сыныпта оқу сабақтарында у-шу болып кетуі өте жиі кездеседі, балалар алаңдайды, бұл әбден түсінікті. Өйткені оқушылардың көбі басқа балалардың не оқығандығын тыңдап қана отырады, оның үстіне оқып отырғандарының мазмұны бәріне жақсы белгілі болады, ал даярлығы жақсы көптеген балалар бұл тапсырылған әңгімені ғана емес, бүкіл оқу кітабын бастан аяқ баяғыда өздері оқып шыққан. Сондықтан мұндай жағдайда балалар ұстамды бола алмайды.
Балалардың қабылдау ерекшеліктері.
Қабылдай және байқай білуді қалыптастырудың жолы тіптен әртүрлі болуы ықтимал.
Барлық зерттеушілер төмендегі негізгі жайларды бірауыздан мақұлдайды:
1. Баланы қабылдауға арнайы үйретпесе, онсыз ол ең кішкентайларға тән (біріктірушілік, дәлсіздік) қабылдау ерекшелігін ұзақ уақытқа сақтап қалады.
2. Бұл үйрету негізгі екі процесті: анализ бен жалпылауды жетілдіруге бағытталынуы қажет. Баланың даму дәрежесіне, мұғалімнің өзінің қойған мақсатына, оқытуға таңдап алынған мазмұнға байланысты, анализдің бағыты мен жіктелінуі өзгеріп отырады.
3. Балалардың жасы неғұрлым кіші болса, олардың практикалық ісі соғұрлым үлкен рол атқарады. Егер балалар қабылдаған затты қандай бір болмасын практикалық істі орындау жолымен істеуге тура келсе, онда оқытудың мұндай түрі ерекше дұрыс нәтижесін береді.
4. Қабылдауға үйретуде сөзді кірістірудің зор рөлі бар. Сөз, біріншіден, қабылданып отырған заттың және оның бөлшектерінің атауын, элементтерін, белгілерін білуге пайдаланылатын құрал ретінде қолданылады. Сонымен бірге жаңа зат бұрын белгілі қандай да объектілер категориясына жатады.
Екіншіден, сөз қабылданған затты сипаттау үшін қолданылады. Осының нәтижесінде мұғалім, сондай-ақ оқушылар да қабылданған заттың құрылысын, белгілерін, олардың тұрған қалпын оның ортақ белгілері мен жеке ерекшеліктерін баса көрсетеді. Мұндай жүйелі сипаттау, сондай-ақ балаларды қабылдап отырған объектіні тиімді талдап қараудың тәсіліне үйртеу болып та табылады.
Үшіншіден, мұғалім бір затты арнайы қабылдауға бағыттағанда сұрақтар беріп, балаларды жауап іздеуге, ойлануға итермелейді. Балалар осылайша берілген байланысты бөліп қарайды, жеке оқиғаны белгілі бір ортақ категория ретінде қайталайды.
Сөз тағы басқа ойлау операцияларын іске асыру үшін, ең алдымен салыстыру үшін қолданылады. Заттарды, суреттерді, үшбұрыштарды, төртбұрыштарды және т.б. салыстыруда көрініс береді.

Төртіншіден, сөз байқаудың қорытындыларын шығару жаңа немесе бұрыннан белгілі заттардың ортақ белгілерін мен айрмашылықтарын анықтау құралы болып табылады. Оқушы сөз арқылы өзі қабылдаған зат туралы пікірін білдіреді, қорытындылар жасайды.
Балаларды қабылдауға үйрету әдетте байқағыштық мәдениетін қалыптастыруға айналады. Мұғалім оқып үйретілуге тиісті объектілерді алдын-ала жоспарлайды, бұл үшін әр түрлі мазмұндар оқушылардың іс-әрекеттерінің формалары мен кең түрлерін пайдаланады: саяхат, мектеп ауласындағы жұмыс, көрмелерге бару және т.б.
Балалар үшін қайсыбір нәрсеге ұзақ уақыт зейін қоюдың қаншалық қиын екенін бірден ұғыну үшін, жоғары нерв қызметінің кішкентай балаларға тән ерекшеліктерін еске түсірудің өзі жеткілікті. Балалар неғұрлым жас болса, қоздырғыш процестер оларда тежегіш процестер болмаса, доминанта пайда болады. Ал осы тежегіш процестер болмаса, доминанта пайда бола да алмайды, сақтала да алмайды. Мұның үстіне нервтік қозудың баланың миының қыртысында нақ сол тежегіш процестердің әлсіздігінен ми қыртысы бойынша кеңінен жайылу тенденциясы болады. Сондықтан балаларда нервтік қозудың күшті де орнықты ошағын жасау едәуір қиыншылықтармен байланысты.
Зейіннің келіп шығуының үш себебі (қайнар көзі) болады, зейіннің үш түрін сипаттайтындар да осылар.
1. Қайсыбір күшті, ерекше, қатты, күтпеген тітіркендіргіш зейін қойдырады. Күтпеген жерден шыққан айғай, ашық терезеден ұшып кірген көбелек, қарсы бөлмедегі күлкі, кіріп келген адам - мұндай тітіркендіргіштердің бәрі балаларда қозудың басты ошағының орнын өктем түрде алып, қалған әсерлердің бәрін ығыстырады да, олар бағынышты жағдайға түсіп қалады. Міне, 1 сыныптың оқушылары математикалық мысалдарды шығаруда еңбектеніп отыр дейік: кенеттен дәлізде еденнің қатты дүрсілдеп, біреудің жүгіріп, қарқылдап күлгені естілді... Оқушылардың зейіні тез арада жұмыстан ауытқып, көңіл қоюлары бұзылды...
Балалар мұғалімнің не айтып тұрғанын тіпті естімейді де. Оның сөздері оқушылардың санасына жетпейді, қозу туғызбайды да, қабылданбайды. Тітіркендіргіштің күші, жаңалығы, әдеттегіден ерекшелігі туғызған зейін ықтиярсыз зейін деп аталады.
2. Бір нәрсеге зейін қою адамның өзінің қалауымен, оның еркінің күш жұмсауымен бола алады. Ол адамның өзінің қалауымен, оның еркінің күш жұмсауымен бола алады. Ол адамның қажет бірдеңеге мұқият боу үшін қайсыбір қиыншылықтарды жеңуіне тура келген кезде келіп шығады. Мұғалім кешкісін балалардың жазба жұмыстарын тексеруге отырады. Ол шаршаған, үйдегі шаруаларының да қамы көп, оның үстіне телевизордан қызықты фильм көрсетіп жатыр, бірақ оның дәптерлерді тексеруді керек, қатені байқамай қалмау үшін мұқият болу керек, сондықтан ол басқа тітіркендіргіштердің бәрінің әсерін саналы түрде тежеп, жұмысқа зейін қояды. Мұндай зейін ықтиярлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың құрастыру процесіндегі қабылдау ерекшелігін зерттеу жұмысы
Мектеп жасына дейінгі баланың қабылдау түрлері мен қасиеттері
Балаларда нәрсе өлшемін қабылдаудың физиологиялық механизмі
Мектепке дейінгі ақыл ойы кем балалармен жүргізілетін ерте түзету жұмыстары
«Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауды дамытуға арналған психологиялық әдістеме қолдану мүмкіндіктері»
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық сипаттама
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін қабылдауындағы психологиялық ерекшеліктер.
Қабылдаудың формалары және жеке даралық ерекшеліктері
Сенсорлық тәрбиенің әдістемесі
Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері
Пәндер