Бала психикасының дамуын стратегиялық зерттеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Баланың психикалық дамуын зеттеудің теориялық негізі . . . 5

1. 1 Балалық шақтың тарихи талдауы . . . 5

1. 2 Бала психикасының дамуын стратегиялық зерттеу . . . 8

2 Баланы психологиялық - педагогикалық тұрғыда еңбекке даярлау ерекшеліктері . . . 14

2. 1 Баланы еңбекке тәрбиелеуде ата-ананың рөлі . . . 14

2. 2 Еңбек құндылықтарын қалыптастырудағы отбасы мен оқу орының атқаратын рөлі . . . 17

2. 3 Оқушыларды психологиялық - педагогикалық тұрғыда еңбекке даярлау әдістемесі . . . 21

Қорытынды . . . 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, - деп жазады А. С. Макаренко - Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым-қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар - осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар». Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды [1] . Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу. Тәрбие жұмысын жүргізу - қиын да күрделі іс. «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлаудан басталады. Себебі, ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды» деген қазақтың белгілі ағартушы педагогі Ыбырай Алтынсариннің ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлін айрықша атап көрсеткен бұл сөзі бүгінде өз мән-маңызын әлі күнге дейін жойған жоқ. Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйде балаларды жазу сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты әңгімелер айтып беру сияқты істермен қоса оларды бір мезгіл үй шаруасымен айналыстырып отырса, бала үшін оның маңызы зор. Бұл ретте бала біріншіден білімге құштар болса, екіншіден ол еңбекке дағдыланады. Ал еңбек пен білім егіз екенін естен шығармауымыз керек. Жас жеткіншекке жанұяда дұрыс тәрбие берілсе, болашақта одан үлкен нәтиже күтуге болады. Дұрыс тәрбие алған бала ата-анасын қуантып отырады. Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек. Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен жастарға оқу білім беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Сондықтан да Елбасымыз XXI ғасырды білім жарысы ғасыры деп атап отыр. Тәрбиенің мақсаты пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы адамды тәрбиелеу. Бүгінгі күні біз - әлем халқы, бір кісідей жаңа дәуір, жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдыққа аяқ басып отырмыз. Шәкәрімнің: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді»- деген сөзі бар. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді. Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады [2] . Зерттеу обьектісі ­- баланың жеке басы мен азаматтығын қалыптастыруда еңбектің рөліне анықтама, сипаттама беру процесстері. Зерттеу пәні - бала психикасының дамуын стратегиялық зерттеу түсінігі, еңбек құндылықтарын қалыптастырудағы отбасы мен оқу орнының атқаратын рөлінің ерекшеліктері. Зерттеудің мақсаты: баланың жеке басы мен азаматтығын қалыптастыруда еңбектің рөлі ұғымын толық зерттеу, олардың түрлері мен ерекшеліктерінің мәнін ашып көрсету. Зерттеудің міндеттері: бала психикасының дамуын стратегиялық зерттеу ұғымын түсіндіру, баланың жеке басы мен азаматтығын қалыптастыруда еңбектің рөліне талдау жасау, сипаттама беру. Өзектілігі: Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншекті еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Отбасындағы тәрбиенің ең дұрысы - баланы еңбекке баулу. Ол - адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды: отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелелері арасындағы қарым-қатынаста әдеп-инабат, адалдық пен ақпейілдік үстем бола алады. Зерттеу құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, ол екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеуге алынған тақырыптың өзектілігі, зерттеу жұмысының обьектісі, пәні және мақсаты мен міндеттері баяндалады. Қорытындыда зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары жаслып, зерттелген мәселе бойынша зерттеу перспективасы тұжырымдалады.

1 Баланың психикалық дамуын зеттеудің теориялық негізі

1. 1 Балалық шақтың тарихи талдауы

Балалық шақтың дамуын зерттейтін көптеген ғалымдардың ойы: «Балалық шақ - даму, өзгеру, оқытудың кезеңі», - дейді. В. Штерн, Ш. Пиаже, И. А. Соколянский, Д. Б. Эльконин бала психологиясын зерттеуде көптеген құпиялық бар екенін айтады. Д. Б. Эльконин балалық шақты екі аспектіде қарастырады [2] . Балалық шақты зерттеу тарихы өте күрделі. Себебі, бұл салада бақылау, тәжірибн өткізу, тексеру мүмкін емес. Этнографтардың мәлімдеуі бойынша, археологиялық қазба байлықтарында балалар ойыншықтары, балаларға байланысты мәліметтер аз кездеседі. Теория экспериментальды фактілерге әсерін тигізеді. Балалық шақ туралы тарихи теориялық сұрақтарды П. П. Белинский, Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин еңбектерінен кездестіруге болады. Л. С. Выготский бойынша бала психикасының дамуы табиғаттың, ағзаның пісіп жетілу заңдылығына бағынбайды. Таптық қоғамда балалық шақтың дамуы топтық сипатқа ие. Сондықтан ол мәңгілік балалық жоқ, тарихи балалық ғана болады дейді. XIX ғ. Әдебиеттерінде пролетариаттың, шпруаның балалық шақтары жоқ делінген. Ф. Энгельс ағылшын шаруаларының жағдайын зерттеу барысында оларда балалық шақ деген түсініктің ерте жойылатынын зерттеуінде көрсетеді. Балалар 5 жастан бастап жұмыс істеген, олардың жұмыс уақыты 14-16 сағатқа созылған. Тек ХIX ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басынан бастап баланың құқығын қорғау туралы заң шығарылды. ЮНЕСКО 1989 жылы «Бала құқығы туралы конвенцияны» жариялады. Көптеген құқықтық факторлар француз демографы, тарихшы Филипп Ариес есімімен байланысты болып, оның зерттеулері классикалық атқа ие болды. Оның бейнелеу өнеріндегі зерттеулері XIII ғасырға дейін суретшілер бала тақырыбын қарастырмағанын дәлелдейді. «Бала» деген сөздің мағынасы да бүгінгідей мағынағы ие болмады, Германияда бұл сөздің синонимі тіпті «ақымақ» деген сөзге сай болды [3] . Балалық шақтың кезеңі өтпелі, тез, құнсыз болды. Ф. Ариестің есептеуінше, бұл кезеңнің дұрыс бағаланбай, құнсыз болуы сол кездегі демографилық жағдайға, балалар өлімінің көптігіне байланысты. Балалаық шақты ерекше кезең деп оған көңіл аудару XVI ғасырда өлген балалардың суреттерін бейнелеуден басталды деп есептеуге болады. Бала өлімі орны толмас өкініш деп бағаланды. Ал XVII ғасырдан бастап тірі балалардың бейнелері де салына бастады. Бұл ірі, танымал, бай немесе патша отбасы балаларының балалық шақтағы бейнелері. Сонымен Ф. Ариестің айтуынша, балалық шаққа көңіл аудару ХIII ғасырда, ал оның дамуын ХIV- ХVI ғасырдағы бейнелеу өнерінен байқауға болады. Орта ғасырдағы балаға жаялық кезеңінен кейін, бірден ересек адамның киімін кигізген. Ересек адамның киімі әлеуметтік жағдайға байланысты ерекшеленеді. Тек ХVI-ХVII ғасырларда ғана балаларға арналған арнайы киімдер пайда болды. 2-4 жастағы балалар киімінде айырмашылықтар болмады. Ер баланы ересек адамнан айыру үшін оған қыз баланың киімін кигізген. Ал шаруа отбасында ер бала мен қыз бала киімі бірдей болды. Ф. Ариес бала киімі эволюциясының үш беталысын (тенденция) көрсетеді: 1) Феминизация - ер баланың киімі әйел адамның бөлшектерін қайталайды. 2) Архаизация - баланың киімі ересек адамның киімінің үлгілеріне қарағанда кештеу дамиды ( ұл балалардың қысқа шорты үлгісі осылайша пайда болған) . 3) Ақсүйектің балаларына шауалар киімін пайдалану. Ф. Ариес бала киіміне назар аудару қоғамның балаға деген ерекше ықыласын көрсетеді дейді. Адам өмірін деференциациялау әлеуметтік институттардың әсерінен болады. Қоғамның дамуы балаға деген көзқарасты біртіндеп өзгертті. ХVII ғасырдағы педагогтардың мақсаты баланы тек жақсы көру, көңілін аулау ғана емес, оны әр түрлі білім-ғылымға оқыту, үйрету болды. Бала тәртібін түзету үшін ХVI-ХVII ғасырларда бала психологиясында көптеген ғылыми мәтіндер, түсіндірмелер пайда болды. Балалық шақ ғылыми пән ретінде. Балалар психологиясы салыстырмалы психологияның саласы ретінде XIX ғасырдың аяғында пайда болды. Оның негізін неміс ғалымы Вильгельм Прейердің «Душа ребенка» («Бала жаны») атты еңбегіне байланысты болды. В. Прейер өз ұлының іс-әрекетіне, тәртібіне бақылау жасау барысында баланың зейінін, моторикасының, тілін және т. б. дамуын бақылайды. В. Прейер тұңғыш рет инторспективті дамудан обьективті зерттеуге көшті. Бала психологиясының дамуына XIX ғ. аяғында өнеркәсіптің дамуы, қоғамдағы жаңа жағдайға байланысты өзгерістер, жаңа мектептердің пайда болуы, т. б. әсерін тигізді. Балалар психологиясын Дж. Уотсон, В. Штерн, К. Бюллер, К. Коффка, К. Левин, А. Валлон, Е. Шпрангер, А. П. Лурия, А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин т. б. ғалымдар зерттеді. Зерттеу обьектісі бір (яғни, психикалық даму) бола тұра, генетикалық және балалар психологиясы психологиялық ғылымның екі түрлі саласын қарастырды. Генетикалық психология - психикалық процестің пайда болу, даму проблемасы мен шұғылданады. Ол психикалық процесс қалай болады дегенді зерттейді. Психикалық поцестің қалыптасуын экспериментальды түрде алғаш зерттеген Л. С. Выготский. Сонымен қатар, генетикалық психологимен Л. С. Выготскийден басқа Ж. Пиаже, П. Я. Гальперин шұғылданды. Олардың теориялары жалпы генетикалық психология негізінде жүргізілді. Ж. Пиаженнің «Психология интеллектісі» деген еңбегінде бала туралы емес, интеллект қарастырылған. Балалар психологиясының басқа психологиялардан айырмашылығы, ол талдаудың ерекше бөлшегі - жас даму кезеңін зерттеумен сипатталады. Л. С. Выготскийдің айтуынша, жас кезеңі бала дамуының тұйықталған, өзінің құрылысы мен динамикасы бар цикл. Жас кезеңінің ұзақтығы оның ішкі мазмұнының ерекшелігімен сипатталады. Хронологиялық жас пен психологиялық жас кейде бір-біріне сәйкес келмеуі мүмкін. Хронологиялық немесе төлқұжат кезеңі - есеп беру координатасы. Балалар психологиясы - бала дамуының кезеңдері туралы ғылым. Балалар психологиясының өкілдері: Л. С. Выготский, А. Валлон, Д. Б. Эльконин, З. Фрейд т. б. Баланың психикалық дамуының ерекшеліктері. Даму дегеніміз не? Оның мінездемесі қандай? Обьект өзгеруі мүмкін, бірақ дамымайды. Даму - жаңаның пайда болуы, жаңа процестер, жаңа құрылым, яғни жаңа сапалық өзгерістер дегенді білдіреді. Х. Вернер мен Л. С. Выготский даму ерекшеліктерінің белгілерін атап көрсетті. Олар: дефференциация, бұрынғыны бір элементпен бөлшектеу, жаңа белгінің пайда болуы, дамуыдың өзінде жаңа элементтің пайда болуы және т. б. Л. С. Выготский даму типтерін былай бөледі: преформалы және преформалы емес даму. Преформалы тип бойынша басында белгіленген құбылыстардың жетілу қорытынды нәтижесі бекітіледі де, ағзаның нәтижесі көрсетіледі. Мысалы, эмбрионалды даму жатады. Преформалы емес тип дамудың кең тараған түрі. Дамудың бұл түрін алдын ала анықтау мүмкін емес. Оған жердің, ғаламшардың дамуы, қоғамның дамуы, психикасы әр түрлі деңгейде болады.

1. 2 Бала психикасының дамуын стратегиялық зерттеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалык дамудын теориялары
Балалардың психикалық даму белгілері
Әскери педагогика құрылымы
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамыту
Балалар психология пәні
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Бастауыш мектепте тұлға - аралық қатынасты қалыптастыру тәжірибелері
Балалар психологиясы
Маугли балалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz