Бастауыш мектепте қолданылатын оқу бағдарламалық өнімдер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Бастауыш мектепте қолданылатын оқу бағдарламалық өнімдер . . . 7

1. 1 Бастауыш мектептегі оқу бағдарламалық өнімдерге шолу . . . 7 1. 2 Математика пәні бойынша қолданылатын оқу бағдарламалық өнімдерге талдау . . . 161. 3 Smart технологиясының бастауыш мектептерде қолданылуының ерекшеліктері . . . 26

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 34

Кіріспе

Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру, оқу, жазу, санау, қарым-қатынас ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту, » - дей келіп, оқытудың жаңа мазмұны, тиімді әдістемелер мен оқыту технологиялары мәселелерін жетілдіру, жаңарту міндетін қояды. Білім беру саласында оқу жоспарлары мен бағдарламаларының ұлттық мазмұнына, құрылымына назар аударылып, оның ұйымдастырылуын қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуына сәйкес жетілдіру үрдісі жүріп жатыр. Білім беру Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына, “Қазақстан-2030” стратегиясына, “Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасына”, “Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына”, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу үрдісінің мазмұны мен әдіснамасының, құрылымының өзгеруіне ықпал етіп отыр [1] . Мұндай өзгеріс бастауыш мектептен бастап, оқушының қоғам талабына сай біліммен қарулануына, қазіргі заманда әлемдік білім беру кеңістігіне көтерілуіне жол ашады. Бұл білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген: оқу үрдісі өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға бағытталады. Ал, ол оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық жэне денсаулық сақтайтын технологияларын енгізу, білім беру бағдарламаларына сәйкес электрондық оқу басылымдарымен қамтамасыз ету, оқытуды ұйымдастыру қағидаттарын және оқушының білім-білікті, 3 дағдыны енжар “алушы” рөлін танымдық үрдістің белсенді субъектісіне өзгерту арқылы жүзеге аспақ. Қазіргі кезде ғылым мен практика жетістіктері негізінде танымдық әрекетті қалыптастыру мен дамытуға бағытталған білім беру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру мәселелері мен дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін бастауыш мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Ақпараттық қоғамда компьютерлік сауаттылықсыз және белгілі бір мәселелерді шешу үшін ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалану қабілетінсіз қазіргі ғылым, мәдениет, өндіріс, басқа да салаларда адамның шығармашылық істерін жүзеге асыру мүмкін емес.

Білім берудің негізі бастауыш мектепте қаланады. Ол туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: “Бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау жэне дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық түрғыдан таныта білуге, мінез-құлықтың мэдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды”, - деп жазылған [2] . Қазіргі уақытта тәуелсіз Қазақстанда бастауыш білім жалпы орта білім беретін мектептің 1-4 сыныптарын қамтыса, 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш саты 1-5 сыныптарды қамтымақ. Оқыту 5-6 жастан басталады. Сондықтан жоғарыдағы педагог-психолог ғалымдардың еңбектерін оқып зерделегенде, танымдық әрекетті бастауыш сыныпта қалыптастыру қажеттігі мен маңыздылығы бастауыш мектеп жасында бала зейінінің дамуы, ұшқыр да, шапшаң қабылдау, ашық ойлау, есте сақтау жолымен жүретіні көрінеді. Оқушының танымдық әрекеті деп оқылатын пән туралы теориялық білім алуға жэне есеп шығарудың жалпы амалдарын игеруге бағытталған оқу-танымдық жұмысы түсініледі. Оқу әрекеті қабылдау, ойлау, зейін, қиялдау сияқты психикалық үрдістердің дамуына әсер етеді. Ойлау әрекетінің міндетті құрама бөлігіне анализ, синтез, жалпылау, нақтылау, абстрактылау, салыстыру жатады. Бұл үрдістердің жетілмеуі тұтастай қарағанда оқушының ақыл-ой дамуын тежейді. Сондықтан оқушылардың тек қисынды ойлауын ғана емес, бейнелік ойлауын дамыту қажет, ол оқушыға жалпыланған білімді меңгеруге мүмкіндік береді. Бүл жерде бірдей жастағы балалардың жалпы ортақ қасиеттері туралы айтылғанымен, оның өзі әрбір оқушының сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас арқылы сипатталатын тұлға екеніне сүйенуден шығады.

Білім беру жүйесінде оқу бағдарламалық өнімдерді пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Оқу бағдарламалық өнімдерді пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі - пәндік білім, екіншісі - компьютерлік білім. Оқу бағдарламалық өнімдерді пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Оқу бағдарламалық өнімдерге оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек-сигналдар арқылы оқыту, т. с. с. Оқу бағдарламалық өнім арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың - шығармашылық жетістіктің негізгі көзі болып табылады.

Оқу материалдарын ұтымды игеруде оқу бағдарламалық өнімдердің атқаратын ролі зор. Оқу бағдарламалық өнімдерде теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдар графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.

Оқу бағдарламалық өнімдер дайындаудың педагогикалық ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Оқу бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады. Оқу бағдарламалық өнімді құрастырған кезде оның мәтіндік ақпараттан көрі графиктік ақпараты көбірек қамтылуы керек, себебі ол оқушының ақпаратты тез әрі көрнекі түрде қабылдауына жағдай жасайды.

Бастауыш сынып оқушысы үшін көз алдында кескінделіп тұрған заттарды санау арқылы есеп шығару, мысал орындау, т. с. с оның ой-қиялын дамытып, жүйелі ойлауға үйренеді. Білім беру саласында оқу білім өнімдерін пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады. Оқу бағдарламалық өнімнің кейбір элементтерін дәстүрлі оқулықпен салыстыратын болсақ, мынадай қорытынды жасауға болады:

  • Оқу бағдарламалық өнімде мәтіндік ақпарат қысқа және тұжырымды болады. Бұл оқушының оқу материалын шапшаң меңгеруіне көмектеседі. Сонымен қатар, мұнда әріптердің түсін, типін өзгерте отырып, яғни виртуалды бейнелей отырып, маңызды тірек сөздерді айқын көрсетуге болады. Мұны кәдімгі оқулықта көрсету қиын, онда тек қисық, асты сызылған, қоюланған әріптермен белгіленуі мүмкін;
  • Оқу бағдарламалық өнім өте көп көрнекі материалдар қамтылады.

Бұл көрнекіліктің дидактикалық мәнін ашады. Бастауыш сынып оқушылары қимыл мен қозғалыс арқылы берілген түсініктерді қызығушылықпен қабылдайды. Мұндай көрнекіліктің бәрін оқулықта беру мүмкін болмайды;

  • Кәдімгі оқулықта тіптен берілмейтін бейнематериалдардың берілуі оқу бағдарламалық өнімдердің шоқтығын тағы да биікке көтереді. ЮНЕСКО мәлеметтері бойынша, оқушылар аудиоақпараттың 12 %-ын, көрген ақпараттың 25%-ын, ал аудиовизуалды ақпараттың 65%-ын қабылдайды. Олай болса, компьютерлердің мультимедиалық жабдықтарын пайдалана отырып жасақталған оқу бағдарламалық өнім оқушының оқу материалын жақсы меңгеруіне жол ашады;
  • Оқу бағдарламалық өнім кәдімгі оқулықта берілуі қиын гиперсілтемелі ұғымдарды қамти алады. Ол материалдың кей сұрақтарды тез ашып, оқуға мүмкіндік береді;
  • Кәдімгі оқулықта кітап беттерін белгілеу арқылы қайталай отырып, материалды толық түсіну мүмкін болса, оқу бағдарламалық өнімдерде келесі беттерге көшу әлдеқайда шапшаң жүреді. Қорыта келгенде оқу бағдарламалық өнімді пайдаланудың жолдары сабақтың ұйымдастыру кезеңінен басқа кезеңдерге қолдануға болатынын айтқым келеді. Әсіресе жаңа сабақты түсіндіру кезінде пайдаланса мұғалімге үлкен көмекші құрал болар еді. Әр тарауды өткен кезден кейін оқушылардың білімін тексеру үшін де пайдалану, балалардың есте сақтау қабілеттерін жақсартатынына сенемін.

Зерттеу обьектісі ­- бастауыш мектепте қолданылатын оқу бағдарламалық өнімдерді, математика сабақтарында қолданылатын оқу бағдарламалық өнімдерді және Smart технологиясының бастауыш мектептерде қолдану процесстері.

Зерттеу пәні - бастауыш мектепте қолданылатын оқу бағдарламалық өнімдер түсінігі, математика пәні бойынша қолданылатын оқу бағдарламалық өнімдердің түрлері және Smart технологиясының бастауыш мектептерде қолданылуының ерекшеліктері.

Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып сабақтарында оқу бағдарламалық өнімдерді қолдану ұғымын толық зерттеу, математика пәні бойынша қолданылатын оқу бағдарламалық өнімдердің түрлері мен ерекшеліктерінің мәнін ашып көрсету, Smart технологиясының бастауыш мектептерде қолданылуының рөлін айқындау.

Зерттеудің міндеттері: бастауыш мектепте қолданылатын оқу бағдарламалық өнімдер ұғымын түсіндіру, математика пәні бойынша қолданылатын оқу бағдарламалық өнімдердің түрлері мен ерекшеліктеріне талдау жасау, бастауыш мектептерде қолданылатын Smart технологияларына сипаттама беру.

Өзектілігі: оқу бағдарламалық өнімді пайдалану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі, мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеруі, оқушының пәнге қызығушылығы, білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, бағалау, практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады. Оқу бағдарламалық өнімдерді қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде оқу бағдарламалық өнімдерді сабаққа пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеуге алынған тақырыптың өзектілігі, зерттеу жұмысының обьектісі, пәні және мақсаты мен міндеттері баяндалады. Қорытындыда зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары жаслып, зерттелген мәселе бойынша зерттеу перспективасы тұжырымдалады.

1 Бастауыш мектепте қолданылатын оқу бағдарламалық өнімдер

1. 1 Бастауыш мектептегі оқу бағдарламалық өнімдерге шолу

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған байланысты ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияны меңгерту болатын [1] . Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Білім беру үрдісінде оқу бағдарламалық өнімдерді қолдану - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Оқу бағдарламалық өнімдердің, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді
Мұғалімдердің өз пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндауы, оқулықты пайдалануы қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында қызықты да тартымды етіп, бейнелі түрде түсіндіруге арналып жасалған бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Білім берудің кез-келген саласында оқу бағдарламалық өнімін пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде оқу бағдарламалық өнімдерді сабаққа пайдалануды - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Кез келген сабақта оқу бағдарламалық өнімді пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды. Әр сабаққа арналған бейне көрініс және оқу бағдарламалық өнім сыныпқа сабақ бергенде өте тиімді, мұғалім көп ізденбей дайын сабақтарды өз жұмысында пайдалануға толық мүмкіншілігі бар. Оқу бағдарламалық өнім дегеніміз - мультимедиялық оқулық, сондықтан әрине, электрондық оқулықтың құрылымы сапалы және жаңа деңгейде болуы тиіс. Оқу бағдарламалық өнім сонымен қатар, оқушының уақытын да үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге көп ықпал етеді. Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі балалардың жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне - материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені оқушы оқу бағдарламалық өніммен жеке жұмыс жасайды. Ал бұның мұғалімге көмегіне келер болсақ, оқу материалы түгелдей көркемделген [7; 15] . Мұғалімге көрнекі дидактикалық құралдарды даярлау қажет емес. Көркемделуі кәсіби деңгейде орындалған. Оқу бағдарламалық өнімдер дыбысталған, оларда оқушының жауаптары елеусіз қалмайтын шынайы қарым-қатынастың элементтері бар. Оқушы мәтінді оқып қана қоймай, сонымен қатар тапсырмаларды орындай және сұрақтарға жауап бере отырып оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болады. Тақырыпты меңгермеген балалар болмайды. Олар әр түрлі жағдайға байланысты: ­ - бірнеше сабақты жіберіп алуы; - жаңа материалды тыңдамай, түсінбей қалуы; - бірдей ойды түсінбей қалуы, осының барлығы жиналып қала береді. Оқу бағдарламалық өнімдер мұндай қарама-қайшылықтарды жоққа шығарады, олар оқушыға оқу материалына жугінуін қаншалықты қажет етсе, соншалықты мүмкіндік береді. Ол бір тапсырманы, оның ең жақсы нәтижесіне жеткенше орындауы мүмкін. Оқу бағдарламалық өнімді қолдану барысында қолдану барысында кемшін тұстары да кездеспей қоймайды. Олар: психологиялық- педагогикалық талаптардың, пәнаралық байланыстардың, оқушының жеке ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын және оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмей қалуы.

Сабақтың қызықты және тиімді өтуі мұғалім мен оқушылардың бірігіп жұмыстануына байланысты екені жасырын емес. Әрбір сабақ ­- бұл әрдайым және міндетті түрде болатын қарым-қатынас үрдісі. Танымдық үрдісті әрдайым мұғалім басқарады. Нақ өзі ғана жұмыс процессін құрастырады: мақсат қояды, оқушылардың оқу барысындағы әрекеттерін ұйымдастырады, оларды әрекет етуге ынталандырады, осы іс-әрекеттерді түзеп отырады, қорытынды нәтижеге дейін жеткізеді. Қарым қатынас сипаты мұғалім мен оқушы арасында мүлде қарама қайшы қарым қатынас стилін құруы мүмкін. Бір педагогикалық ұжым арасында мұғалімдердің оқушыларға және өзінің жұмысына деген түрлі қарым қатынас сипаттары көп кездеседі. Бір мұғалім оқушының онымен кездесуін күткенін, оның сабақтарын асыға күткенін және сол үміттің ақталғанын армандайды. Сол себепті, көп тәжірибелі бола тұра мұғалім әрбір сабаққа дайындалады және сыныпқа кірген сайын қобалжуды сезінеді. Бұл оның оқушыларға деген сыйлы және құнды қарым қатынасы жайлы айтады. Басқа бір мұғалім сабақта өзінің ерекше логикасымен, дәлелдемелерімен, сөзімен және тақырыпты жетік меңгергендігімен таңқалдырып, бірақ оқушылардың жұмысынан тек теріс тұстарды іздеп отырады: олар еріншек, үйде сабақтарын нашар оқиды және жауап берген кезде қателеседі. Бұндай ахуал оқушының оқуға қызығушылығын сөндіріп, ішкі жан дүниесінде қиын процесстерді оятады. Кейбір оқушыларда бұндай қарым қатынас қорқыныш, қорқақтық сезімін оятады. Ал басқа бір оқушыларда ашушаңдық, мұғалімге, сабаққа, мүмкін оқуға, жалпы мектепке деген ашық жеккөрініш, шамданған сарын, мұғалімді тепе теңдіктен шығаруға ұмтылыс әрекеті пайда болады. Бұндай ахуалда болып жатқан үрдістерді оң деп санай алмаймыз, олар оқуға деген қызығушылыққа кері әрекет етеді. Оқушымен біріккен жұмыста мұғалім ­­- субьект, ал оқушы ­ - обьект болып табылады. Дегенмен, егер мұғалім оқушылардың жұмысын әрдайым қатал басқарып отырса, ол оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мақсатына жетпес еді. Оқушы өзінің танымдық жұмысында тек обьект ретінде ғана бола алмайды. Оқу оның белсенді позициясына байланысты. Ал жалпы оқу барысы егер, мұғалім мен оқушылар арасындағы субьектаралық қарым қатынасқа құралған болса, әрдайым жемісті нәтижелер береді. Сол себепті білім алуда оқушының танымдық позициясын қалыптастыру ­- бүкіл оқу процессінің басты міндеті [8; 25] . Бұл жағдайда мұғалімге әрдайым оқу бағдарламалық өнімдер көмекке келеді. Оқу бағдарламалық өнімдер - бұл мақсатқа бағытталған, мұғалім мен оқушылардың арасында дамуға оңтайлы жағдай орнататын субьектаралық ара қатынас тәсілдері. Оқу бағдарламалық өнімдердің мағынасын анықтайтын түйінді түсінік болып «өзара әрекеттестік» танылады. Педагогикалық өзара әрекеттестік мұғалім мен оқушының біріккен жұмыс процессін білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу материалының логикалық құрылымы
Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ҰСЫНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері
Бастауыш сынып математикасында ақпараттық-коммуникативті технологияны қолдану
Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру
Мектеп ұстаздардың қағаз жұмысының автоматтандырылуы және ішкі жүйесінің реттелуін қызмет жасайтын веб парақша құру
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz