Қосымша білім беру институтының сайты
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Қосымша білім беру институтының сайты түсінігі және классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 1.1 Қосымша білім беру институтының сайты түсінігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .6 1.2 Қосымша білім беру институтының сайты классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .101.3 Web дизайн - сайтты дайындаудағы алғашқы қадам ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 14
2 Қосымша білім беру институтының сайтын жобалау және оны Интернетке орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17 2.1 Web-сайтты әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14 2.2 Сайтты жобалау және орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21 2.3 Сайтты алға жылжыту және қолдау көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Кіріспе
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы Заңында: білім беру жүйесінің басты міндет - оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау деп атап көсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір білім беру ұйымының алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияны меңгерту болатын [1]. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция қарсаңында Қазақстанды үшінші жаңғырту, 2050 жылға қарай елімізді әлемнің ең дамыған 30 алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына қосу мақсатында бес басымдықты ілгерілету және Нұрлы жол бағдарламасы мен 100 нақты қадам Ұлт жоспары базасына арналған экономикалық өсімнің жаңа моделін құру туралы тапсырма жүктелді [2]. Елбасы өз Жолдауында атап өткендей, цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ-саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауы тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты ғылыми-техникалық инновацияларды қолдау, оларды әлеуметтік-экономикалық өмірімізге тезірек енгізуде жаңа биіктікке және жеңіске ұмтылуымыз қажет. Білім беруде Қазақстан қатынас құру, АҚТ-ды пайдалану бойынша әлемде 75-орынды алады, 66%. 2009 жылы қарашада ICT-Marketing тәуелсіз зерттеу бірлестігі жыл сайынғы Интернет-дәрісхана зерттеуін жүргізді. Оның нәтижесі көрсеткендей, 2009 жылдың соңында Қазақстандағы Интернетті пайдаланушылардың саны 3,16 млн. адамды немесе республика тұрғындарының 19,8%-ын құрады. Осы кезде 10 үй шаруашылығының 8-і Мегалайн арқылы ауқымды желіге қосылады. Қазақстандағы нарыққа қатысушылардың Интернетті пайдаланушылар санын бағалауға қатысты айтатын болсақ, онда ол берілген мәліметтермен біршама теңеседі. 2010 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы PROFIT Online Интернет-бірлестігіндегі интернет-дәрісханада 4,3 млн. пайдаланушы бар деп бағаланады. Бүгінгі күнде батыс елдеріндегі Интернетке шектеусіз қатынас құратындардың тарифін біздікімен салыстыруға келеді және айына 30 - 40 долларға жуықты құрайды. Алайда, осы баға үшін батыстық пайдаланушы секундына 1 Мб-ға дейін және оданда артықтақ жылдамдық алады, ал бізде Интернетке мұндай қатынас құруды Мегалайн арқылы тек Алматы мен Астана қалаларында ғана ұсынады. Қазақстанда 7576 күндізгі жалпы білім беретін мектеп (2486,3 мың бала) әрекет етеді. Интернет желісіне 98% қалалық және 97% ауылдық мектеп қосылған [3]. Алайда, мектептерді АҚТ құралдарымен техникалық жабдықтандыруға қарамастан, оқу орындарын бағдарламалық педагогикалық құралдармен жарақтандыру және оларды дайындау, АҚТ-дың мектеп мәдениеті мен білім беру практикасына ықпалы әлі де жеткілікті түрде үлкен емес. Қазіргі уақытта үйлесімсіз және жүйесіз дамып жатқан білім беруді ақпараттандырудың үш бағытының үйлесімді дамуын қамтамасыз ету қажет, атап айтқанда: электрондық мазмұндық негізделген контент, электрондық білім беру ресурстарын жеткізу мен ұсыну үшін компьютерлік желілермен жасақтау, электрондық білім беру ресурстарын енгізетін және күтетін оқытушылар мен қызметкерлерді дайындау. Егерде ақпараттық білім беруді тек компьютердің саны мен желілердің өткізгіштік қабілетін арттыру ғана емес, білім беру парадигмасын алмастыру, ақпаратпен жұмыс істеудің жаңа технологиясының пайда болуы және оны меңгеру деп түсінетін болсақ, онда қосымша білім беру институтының сыртқы білім беру өзіндік таныстырылымының жаңа формасы пайда болады және оны өзіне енгізеді. Әрине, сайт білім беру мекемесінің ақпараттық өкілеттілігінің жалғыз формасы емес, буклеттер, ақпараттық анықтамалар және басқалар да бар, дегенмен сауатты жобалау, дайындау және мазмұндық қолдау кезінде қосымша білім беру институтының сайты жеткілікті түрде сырттай өзі туралы сол мәліметтерді хабарлауға дайын және алуан түрлі әрі көп аспектілі ақпаратты жинақтауға қабілетті қуатты құрал бола алады. Ол үшін ол сауатты әзірленетін болуы тиістігіне назар аударамыз. Ал жақсы әзірленген қосымша білім беру институтының сайтының мәселесі - бұл міндеттердің тұтас кешенін шешу. Сонымен, қосымша білім беру институтының сайты салмақты, қызықты, пікір-сайыс тудыратын немесе тіпті сотқар бола алатынын және бөлек жеке емес міндетті шешуі тиістігін, ал қосымша білім беру институтының іс-әрекетін барлық жағынан тиімді арттыратын құрал бола алатынын А.В.Хуторский айрықша атап көрсетеді. Оның негізгі дайындамалары оқу орнының тек бір ғана бағыты, мысалы, ақпапраттық емес, біртұтас педагогикалық тұжырымдамасы болуы тиіс [5;12-13]. Зерттеу обьектісі - - қосымша білім беру институтының сайтын дайындау түсінігі, қосымша білім беру институтының сайты классификациясы және сайтты жобалау мен Интернетке орналастыру түсініктері. Зерттеу пәні - қосымша білім беру сайттарын жобалау, тестілеу және Интернетке орналастырып, алға қарай жылжыту процесстері. Зерттеудің мақсаты: қосымша білім беру институтының сайтын дайындау, қосымша білім беру институтының сайты классификациясы және сайтты жобалау мен Интернетке орналастыру түсініктерін толық зерттеу және түрлері мен ерекшеліктерінің мәнін ашып көрсету.
Зерттеудің міндеттері: қосымша білім беру институтының сайттары және классификация түрлері мен ерекшеліктеріне талдау жасау, сайтты жобалау мен Интернетке орналастыру процесстеріне сипаттама беру. Өзектілігі: қосымша білім беру институтының Интернет желісіндегі сайты - салыстырмалы түрде педагогикалық негіздерін дайындауды керек ететін жаңа білімдік құрал. Cайттарды жасау ақпараттың логикалық реттелуіне ықпалын тигізеді. Соның ішінде, білім беру сайттарын жасаудың негізгі мақсаты - бірыңғай білім беру ақпараттық кеңістігінде білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру болып табылады. Бұл жүйені жасау барысында білім беру сапасын арттыруға көптеген мүмкіндіктер туады. Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеуге алынған тақырыптың өзектілігі, зерттеу жұмысының обьектісі, пәні және мақсаты мен міндеттері баяндалады. Қорытындыда зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары жаслып, зерттелген мәселе бойынша зерттеу перспективасы тұжырымдалады.
1 Қосымша білім беру институтының сайты түсінігі және классификациясы
1.1 Қосымша білім беру институтының сайты түсінігі
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру қоғамды ақпараттандыру процесінің бір бөлігіндей, білім беру саласын әдіснамамен, технологиямен, практикалық дайындамалармен және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағдарланған қазіргі заманғы ақпараттық технологияны тиімді пайдаланумен жасақтау процесіндей қарастырылады. Білім беру саласындағы ақпараттандыру қоғамдық қызметтің басқа бағыттарындағы ақпараттандыруды басып озуы тиіс, өйткені, атап айтқанда, мұнда барлық қоғамды ақпараттандырудың әлеуметтік, психологиялық, жалпы мәдени, кәсіптік алғышарттары қаланады. Ақпараттық-қатынастық технологиялар (АҚТ) оқытудың бар жүйесіне біршама қондырғы болмаған шарт кезінде ғана білім беруді ақпараттандыру қажетті әлеуметтік және экономикалық ықпал бере алады, ал табиғи түрде оған кірігеді. АҚТ-дың мүмкіндігі педагогикалық технологияларды байытады, оқытушылардың ғылыми-әдістемелік іс-әрекеттеріне мүмкіндік туғызады және басқару міндетін шешуді жеңілдетеді. Ал білім беру жүйесінде жинақталған тәжірибелер, білімдер, салт-дәстүрлер ғаламдық ақыл-ойды қалыптастыру туралы айтуға рұқсат бере отырып, Интернеттің жергілікті желісінен ақпараттық кеңістіктің мазмұндық, жалпы мәдени құрамдарын толықтырады [2]. Білім беру процессіне ақпараттық-қатынастық технологияларды енгізу және тәжірибені талдау электрондық оқулық басылымдар мен Интернет-ресурстарды тек толтырып қана қоймай, сондай-ақ пән мұғалімдеріне сабақтарда жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістеріне рұқсат ететін ерекше ортада оқытудың жүзеге асатынын көрсетеді. Оқу орнының Интернет желісіндегі сайты - салыстырмалы түрде педагогикалық негіздерін дайындауды керек ететін жаңа білімдік құрал. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына байланысты қосымша білім беру институтының іс-әрекетінде білім беру сайттарының рөлі артады. Білім беру сайтының мазмұнынан, ұйымдастыру құрылымынан және жұмыс істеуінен тек қана қосымша білім беру институтының сыртқы әлеммен өзара әрекеттестігінің табысы ғана емес, оқу орнының ішінде болатын білім беру процестерінен де байланысты болады. Дегенмен сайт көбінесе технологиялық мәселедей қарастырылды, алайда іс тек технологиямен ғана шектелмейтінін түсіну керек. Қосымша білім беру институтының сайтын дайындаудың мәселелері - бұл үлкен дәрежедегі контенттік мәселелер. Қосымша білім беру институтының сайты техникалық мән-мағынада кез келген басқалардан ерекшеленбейді.
Интернеттегі қосымша білім беру институтының ресурстарын талдау қосымша білім беру институтының сайттарының бастамашылары және негізгі дайындаушылары білім беру ұйымының оқушылары болып саналатындығын көрсетеді, және табиғи түрде, олар дайындаған сайттар білім беру мекемесінің алдында тұрған мақсаттың барлығы іске асырмаған, біржақты болып шығады. Бұлай болу заңды, өйткені оқушыға, тіпті web-дизайн саласындағы оның жоғары дайындық деңгейінің бар болуы кезінде де, сапалы білім беру Интернет ресурсын әзірлеуге қажетті басқа салалардағы білімі жетіспейді. Сондықтан жұмыс тобының құрамына міндетті түрде қосымша білім беру институтының сайты бағыттылығының мүмкін болатын деформациясын түзетуге білімі мен тәжірибесі жететін педагогтар кіруі қажет. Тек бір жұмыс тобының күшімен ғана сайтты оқу-әдістемелік материалдармен толтыру мүмкін емес. Сондықтан қосымша білім беру институтының педагогтарын сайтты дайындаушылармен ынтымақтастыққа тарту аса өзекті мәселе. Жеке мәселе - қосымша білім беру институтының сайтында ақпаратты беру ерекшелігі: тәжірибе көрсеткендей, білім беру ұйымының сайттарындағы мәтіндердің көпшілігі адамға түсініксіз, білім беруге тікелей қатысы жоқ, қызықты емес, шамадан артық білім беру терминологиясымен жүктелген, яғни білім беру ұйымының сайтының мазмұнын қалыптастыруда айқын пиар-стратегия жоқ. Бұл жеке салмақты мәселе. Қосымша білім беру институтының сайтын дайындау - бұл өзінің мән-мағынасы бойынша кешенді мәселе, оны бір мезгілде екі аспектіде қарастыру керек - басқарушылық және технологиялық. Мұнда басқарушылық мәселе маңызды: өйткені сайт қосымша білім беру институтының барлық жағынан, барлық күрделігін алуан түрлі бейнелейтін өзіне тән айна болуы тиіс. Одан басқа, сайтты дайындау бойынша жұмыс істеу бірқатар ұйымдастыру мәселелерін шешуді талап етеді. Технологиялық, ақпараттық құраушысы да маңызды: өйткені сайт - бұл ерекше мәселелердің тұтас кешені, егерде теңеуді пайдаланатын болсақ, онда бұл біздің білім беруіміздің тек енді ғана меңгерген жаңа тіл және қосымша білім беру институтының сайтын дайындау процесінде мәселенің осы екі дөңгелегі үзіліссіз бірлікте - форма мен мазмұн секілді бар болады. Сайт (ағыл. сөзі, Site - орын; мәндес сөздері - веб торап, веб сайт, ресурс) - бұл өз адресі (URL), өз иесі бар және біртұтас бүтін секілді қабылданатын веб-беттерден тұратын Интернеттегі орын. Веб-бет (ағыл. сөзі - web-page) - бұл (URL) адреспен бірмәнді анықталатын Интернеттің логикалық бірлігі. Ол суреттерді, скриптерді, форматталған мәтінді, дыбысты, бейнені басқа веб-беттерге немнесе Интернет ресурстарына сілтемелерді енгізе алады. Сонымен, веб-сайт - бұл дайындаудың ортақ мәнері бар болуы және өзара біртұтас тақырыппен байланыста болуы тиіс веб-беттер тобы. Әр түрлі сайттардың арасында айқын шектеу жоқ, өйткені құрылымы және ақпаратты беру тәсілі бойынша олардың алуан түрлілігі аса үлкен.
Негізінен сайттарды топқа бөлуге рұқсат енетін жалпы айырмашылықтарды келтіруге болады. Б.П.Сайков веб-сайттардың келесідей бөлінуін ұсынады:
* статистика, тегі әр түрлі тізімдер, тізбелер, анықтамалар және б. ақпараттық сайттар;
* қоғамдық пікірді өзгерту немесе халықтың әлеуметтік белсенділігін қолдау үшін пайдаланылатын үгіт сайттары (саяси партиялардың сайты, әр түрлі қоғамдық ұйымдардың және т.б. сайты);
* әуен, ойындар, анекдоттор, басқатырғыштар, сондай-ақ жаңалықтар мен ойын-сауық индустриясы туралы басқа ақпарат ұсынатын ойын-сауықтар сайты;
* сату үшін тауарлар туралы жарнамалары мен басқа да мәліметтері бар коммерциялық сайттар;
* репетиторлік көмек және т.б. ұсынатын әр түрлі деңгейдегі білім беретін мекемелер туралы мағлұматтары бар білім беру сайттары;
* қашықтықтан білім беру сайттары;
* жергілікті, аймақтық, халықаралық маңызы бар оқиғалар туралы хабарлайтын жаңалықтар сайты (жорналдың, газеттердің баспалық нұсқасымен немесе теледидарлық хабарлармен байланысты бола алады);
* дербес сайттар - сапар кәртішкесі, фотоальбомдар және нақты адам туралы басқа дербес ақпарат [6;59-63].
Сайтты дайындау процесін келесі кезеңдерге бөлуге болады:
* ынталы топты қалыптастыру; сайттармен танысу және оларды талдау;
* сайттың тұжырымдамасын дайындау, қойылатын мақсаттарды анықтау;
* сайттың құрылымын, сайт бөлімдерінің саны мен бағыттылығын анықтау;
* сайттың мәнерін, дизайнын дайындау;
* сайттың жергілікті көшірмесін қажетті материалдармен толтыру;
* жергілікті көшірмені тестілеу;
* сайтты серверге орналастыру, серверлік нұсқаны тестілеу;
* сайтты іздестіру жүйелеріне, тақырыптық каталогтарға тіркеу;
* сайтты өткізу.
Ынталы топты қалыптастыру процессін іс жүзінде қалыпқа келтіру, яғни мұндай топты құруға әкелетін қадамдардың тізбегін көрсету мүмкін емес. Бірақ міндетті шарттардың бірі болып топ құрамына ең кемінде компьютерлік технологиямен жақсы таныс бір педагогтың кіруі саналады. Бар сайттармен таныса отырып, өз сайтыңды дайындау кезінде сайттардың дизайнына, бөлімдердің құрылымына, тақырыптық бағыттылыққа назар аудару қажет. Мақалаға, сіздің көзқарасыңыз тұрғысынан, сол немесе басқа қосымша білім беру ұйымының сайттарында орындалған барлық қызықты идеялар мен шешімдерді алуға болады.
Тұжырымдаманы дайындау кезінде осы ақпараттық ресурсты әзірлеуде қандай мақсаттар қойылатынын, сондай-ақ сайтты дайындау мен қолдау үшін қандай құралдарды пайдалануға болатынын нақты анықтау қажет. Web-ресурсқа жай қатынаудан басқа, қосымша білім беру ұйымының сайтын орналастыру ұйғарылатын web-сервер қандай мүмкіндіктер ұсынатынын анықтау қажет. Мұндай қызметке сценарийлердің әр түрлі тілдерін қолдау, мәліметтер базасына қатынас құру, форумдарды, қонақ кітаптарды қолдау жатады. Жоғарыда аталғандарды жеке-жеке талдап, қойылған мақсаттарды анықтау және түзету енгізу қажет. Осы кезеңде қойылған мақсаттар өресінен шыға отырып, болашақ сайт құрылымының жобалық нұсқасын дайындау қажет. Дайындаманың келесі кезеңінде сайттың көптеген беттерінің дайындалуына сәйкес болатын сайттың базалық мәнерін таңдау қажет. Сайттың мәнерін таңдау қосымша білім беру ұйымының бағдарына сәйкес болуы тиіс. Бұл процесс бейресми, шығармашылық, сол немесе басқа жағдайда қандай нақты мәнерді пайдаланудың нақты рецепті жоқ және бола алмайды. Осы кезеңде, ең болмағанда кеңесу деңгейінде, динайзер-кәсіпқой маманды тартуды қалайды. Таңдалынған мәнер негізінде бетті қалыптастырудың ортақ элементтерін қосатын сайттың дизайнын дайындау, үлгіні дайындау іске асырылады. Біртұтас тіректі пайдалана отырып, ақырында сайттың беттері әзірленетін болады. Әдетте мұндай үлгілердің бірнешеуі әзірленеді, өйткені әр түрлі бөлімдердің дизайндары, ақпаратты орналастыру схемалары әр түрлі болады, кейде айтарлықтай өзгеше болады. Одан әрі сайттың құрылымын қағазға бөлшектеп дайындау, үлгіні дайындау және сайт бойынша бағыттау іске асырылады. Қосымша білім беру ұйымының сайты ұйымның іс-әрекеті, оқу орнының жұмыс істеу әлеуеті мен жағдайлары, қосымша білім беру ұйымының мәселелері мен даму бағыты туралы бар мәліметтерді шоғырландырады. Білім беру мекемелерінің сайтын тиімді дайындау басшыдан бастай отырып және техникалық рәсімдеуге жауап беретін маманмен аяқтай отырып, әр түрлі деңгейдің атқарушылар қомандасының үйлестірілген әрекеттері ұйғарылатыны маңызды екендігін ұмытпау керек.
1.2 Сайттар классификациясы
Cайттарды қолдану Қазақстанның жаңашыл білім жүйесіне айтарлықтай əсерін тигізеді. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейтесті мəселе ретінде күн тəртібінен түспей отырғандығы мəлім. Оқу үрдісінде білім беру сайттарын пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Қосымша білім беру институтының Интернет желісіндегі сайты - салыстырмалы түрде педагогикалық негіздерін дайындауды керек ететін жаңа білімдік құрал. Cайттарды жасау ақпараттың логикалық реттелуіне ықпалын тигізеді. Соның ішінде, білім беру сайттарын жасаудың негізгі мақсаты - бірыңғай білім беру ақпараттық кеңістігінде білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру болып табылады. Бұл жүйені жасау барысында білім беру сапасын арттыруға көптеген мүмкіндіктер туады. Сайттарды қолдану Қазақстанның жаңашыл білім жүйесіне айтарлықтай əсерін тигізеді. Білім беретін сайттар білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) үшін тиімді құрал болса, əсіресе біртұтас ақпараттық-танымдық кеңістікте (БАТК) олардың рөлі арта түседі. Біртұтас ақпараттың білім беру кеңістігінің (БАББК) пайда болуы - ақпараттық мəдениетті, ақпаратты жіберу мен өңдеуде АКТ-ны қолдана білуде, себебі АКТ кез келген қызмет құрылымын өзгертіп қана қоймай, жаңа ынтымақтасқан қызмет түрлерінің туындауына алып келеді. Біртұтас ақпараттың білім беру кеңістігіне өтудің себептері мен қажеттілігі: 1) Білім беру процесінде АКТ-ның кең қолданылуы; 2) Компьютер негізінде білім беру қажеттілігінің туындауы; 3) Қажетті білім беретін ақпаратты тез əрі сапалы ұсыну; 4) Білім алушылар арасында өзара қарым-қатынастың тез орындалуын қамтамасыз ету. Білім беру веб-сайты ұғымы өзіне білім жəне веб-сайт деген екі терминді қамтиды. Білім беру сайтына мынадай анықтама беруімізге болады: Білім беру Веб сайты (ББВС) қайталама үлгімен жасалынған Web беттердің қолжетімділігі, қоғам, мемлекет, тұлға қызығушылығын қанағаттандыратын ортақ мақсаттағы оқыту мен тəрбиелеу процесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ белгілі бір мазмұнға біріктірілген, білім алушылардың аттестациялауға немесе білім деңгейлеріне қол жеткізу мүмкіндігімен қатар жүретін, ортақ біртұтас серверде топтастырылуын айтамыз [14;86-89]. Сайттар классификациясын қарастырайық. Олардың топталуы: А) Сервис қолжетімділігіне байланысты: - Ашық - барлық сервистер барлық қолданушылар мен сайтқа енушілер үшін қолжетімді. - Жартылай ашық - ену үшін алдымен тіркелу қажетті (əдетте ақысыз). - Жабық - ұйымдардың (корпоративті сайттар) қызметтік жəне жеке тұлғалардың толықтай жабық сайттары.
Мұндай сайттар санаулы қолданушыларға ғана арналған. Жаңа қолданушылар үшін инвайттар (шақырулар) арқылы ғана жүргізіледі. Б) Физикалық орналасуына байланысты: - Интернет желісінде жалпыға қолжетімді сайттар; - Интернет портал - көп компонентті дамытылған құрылым (портал), жекелеген ұйымдардың жетілдірілген функцияларынан құралған сайттар. Ақпараттық ресурстар: - Тақырыптық сайт - қандай да бір тақырып бойынша шағын тақырыптық спецификациялық ақпаратты ұсынатын сайт. - Тақырыптық портал - анықталған тематика бойынша ақпаратты ұсынатын өте үлкен веб-ресурс. Порталдар тематикалық сайттарға өте ұқсас, сондай-ақ құрамында қолданушылармен іс-əрекет жүргізетін қосымша құралдары бар жəне портал аясында ғана (форумдар, чаттар) қарым-қатынас жасай алады. Сайт жəне портал ұғымдарын синонимдік мағынада жиі естуге болады, алайда ол екеуінің мағынасы да атқарар қызметі де екі түрлі. Сайт та, портал да бір ғана доменмен біріктірілген Интернеттегі беттердің жиынтығын ұсынады. Портал - сайттың бір түрі. Қарапайым сайт түрлерінен порталдың басты ерекшелігі - оның функционалдығында. Портал құрамына жаңалықтар, блогтар, таныстырулар мен магазин жəне галереялар бір мезетте ене алады. Құрамында ондаған жəне одан да көп сервистерден құралған сайтты портал деп атауға болады [10;78-80]. Ғылыми əдебиет көздерін талдау негізінде білім сайтын жасау кезінде білім сайтының құрылымына қойылатын келесі талаптарды анықтадық: 1) сайттың құрылымы түсінікті, логикалық, пайдаланушыларға ыңғайлы болуы тиіс. 2) сайттың құрылымы: - ақпараттық; - коммуникациялық; - персоналдық; - навигациялық; - статистикалық; - лингвистикалық сервистерді қамтуы тиіс. 3) сайт құрылымының сипаттамасы: - білім сайтының құрылымдық моделін; - сайт құрылымының мəтіндік сипаттамасы; - сайт картасын қамтуы тиіс. Білім беру сайттарын функционалдық элементтерінің міндеттеріне қарай техникалық тапсырмаларды ескере отырып былайша жасалады: - Ақпараттық сервистер. Оларға жоғары оқу орындарының визиткасы, бөлімшелер, профессор-оқытушылар құрамы, ресми құжаттар, талапкерлерге арналған ақпарат, ғылыми қызмет, кітапхана, білім ресурстары, қашықтан оқыту туралы ақпарат, халықаралық қызмет, жаңалық лентасы жəне хабарламалар, пайдалы сілтемелер, жарияланымдар, т.б. (мұражай, мəдениет үйі, спорт, шығармашылық, ауа-райы); - Коммуникативтік сервистер - форум, чат, дербес беттер, сауалнамалар, қонақ кітабы; - Персоналдандыру сервистері - пайдаланушыны тіркеу, web беттердің редакторы, ақпаратты авторлық редакциялау мүмкіндігі; - Навигациялық сервистер - іздеу жүйесі, сайт картасы; - Статистикалық сервистер - сайттың əр түрлі бөлімдеріне статистиканың шығу құралдары;
- Лингвистикалық сервистер - ағылшын, немісше сайт нұсқасы. Желілік курстың мазмұны төмендегі негізгі принциптер бойынша дайындалуы тиіс: Ғылымдылық принципі: білім сайтын жасауға қойылатын негізгі психологиялық-педагогикалық талаптардың бірі, ол оқу материалдары мазмұнының спецификациясын есепке алумен түсіндіріледі. Мазмұны ғылыми білімнің қазіргі жағдайын нақты көрсетуі тиіс. Ғылымдылық принципі виртуалдық модельдердің табиғи прототиптерге сəйкестігінің сақталуын талап етеді. Көрнекілік принципі - мазмұнын көрнекі көрсету үшін білім сайтында мультимедиа құралдарының мүмкіндіктерін барынша көп пайдалану. Дидактикалық мақсаттылық принципі - ақпаратты ұсыну формасы, оқу материалының мазмұны жəне компьютерді пайдалана отырып оны зерттеудің дидактикалық міндеттері мен тəсілдерінің арасында сəйкестік болу керек. Желілік курстың əрбір жекелеген модулі аяқталған, бірегей болуы тиіс. Ұғымдар жүйесін тарау ішіндегі жекелеген бөліктерге бөлуге болмайды, ол оқушылардың білімді меңгерудегі жүйесіздігіне, оқу материалын меңгеруде логиканың болмауына, күрделі ұғымдардың дамуының тұтастығының бұзылуына əкеп соқтыруы мүмкін. Білімді біріктіру жəне саралау принципі, ғылыми жаратылыстың мазмұнының жалпы ғылыми ұғымдар жүйесі мен басқа курстардың мазмұны мен байланысын қарастырады. Желілік курс мазмұны пəнаралық байланыстың орнығуын қарастыруы тиіс. Дəлелділік принципі қызығушылықты арттыруға ықпал ететін əр түрлі инновациялық ресурстарды, оқылатын пəн жəне таңдалған мамандыққа мотивті арттыруды қарастырады. Кəсіби бағыттылық принципі бітіртетін кафедраның маманды арнайы, жалпы кəсіби жəне ақпараттық даярлау бойынша желілік курстың стратегиясын жасауды қарастырады. Ақпаратты ұсынудың интерактивтік принципі ғылыми жаратылыс пəндерін оқытуда, əсіресе, ақпаратты визуалды ұсыну жəне интерактивтік жоғары деңгейіне тəн процестер, құбылыстар мен заңдылықтарды компьютерлік моделдеудің маңызы зор. Мультимедиалық принципін іске асырудың маңызы зор, өйткені оқушылардың шаршауын азайтуға (іс-əрекетті бір анализатордан ақпаратты екіншісіне ауыстыру арқылы), оқушыға мəтіннен бір мезгіл демалта отырып, оның көру қабілетіне де оң əсер етуге мүмкіндік береді. Виртуалдандыру принципі табиғи ортада оқушылардың қатысу эффектісін мультимедиа құралдарын пайдалану кезінде жүзеге асыруды қарастырады [18;102-105]. Қорыта келе, сайттарды ұйымдастыру көп еңбектенуді, ақпараттың нақты, сапалы болғанын қадағалауды қажет етеді. Сайт құрылымының өзіндік моделі, мəтіндік сипаттамасы жəне сайт картасын қамтуы тиіс. Əрбір сайт функционалдық элементтерінің міндеттеріне қарай техникалық тапсырмаларды ескере отырып жасалады.
Қосымша білім беру институтының сайты құрылымының нұсқалары: 1. Білім беру мекемесі туралы ақпарат (Басты). Білім беру ұйымы туралы жалпы ақпарат. Білім беру ұйымының нормативтік-құқықтық базасы. Білім беру ұйымының ашық есебі. 2. Жаңалықтар. Бөлімде білім беру ұйымының тыныс-тіршілігі және тұтастай барлық облыстық білім беру жүйесі туралы қысқаша ақпарат бар болады. 3. Білім беру мекемесінің іс-әрекеті. 4. Үйымдастыру іс-әрекеті: біліктілікті арттыру; АҚТ саласындағы біліктілікті арттыру; педагогикалық кадрларды аттестаттау. 5.Ұйымдастыру-әдістемелік іс-әрекет (конференциялар, семинарлар, мәжілістер, жарыстар, олимпиадалар, жобалар және т.б..). 6. Бұйрықтар. 7. Нұсқаулық-әдістемелік және ақпараттық хаттар. 8. Әдістемелік ұсыныстар. 9. Оқу-әдістемелік материалдар. 10. Элективтік курстар. 11. Цифрлық білім беру ресурстарының жинағы. 12. Білім беру жүйесін ақпараттандыру (төлқұжат, өзектілік, мақсат, міндеттер, нәтижелер). 13. Біліктілікті арттырудың қашықтық курстары. 14. Біздің жетістіктеріміз. 15. Мектептің спорттық өмірі. 16. Интерактивтік күнделік. 17. Оқушыларға. 18. Мүғалімдерге. 19. Ата-аналарға. 20. Блогтар (мектептер директорына, мұғалімдердікі, сыныптық)., 21. Бітірушілерге. 22. Сұрақтар мен жауаптар ("Ыстық желі"). 23. Форум. 24. Чат. 25. Хабарландырулар. 26. Қонақ кітабі. 27. Байланыстар. 28. Сайт авторы. 29. Басқа материалдарға, сайттарға және б. сілтемелер.
1.3 Web дизайн - сайтты дайындаудағы алғашқы қадам
Кез-келген технология, шығармашылық үрдіс белгілі ережелер мен заңдылықтарға бағынатыны белгілі. Web-сайт та инженерлі-көркем шешімдер кешені ретінде белгілі бір заңдылықтар шеберінде дамиды. Төменде келтірілген ережелер олардың объективті приоритетіне байланысты, маңызлылығана орай келтірілген. Кез-келген Web-ресурсты қалыптастыру және жоспарлау үрдісі кезінде басты критерийді ескерген жөн. Ол веб-беттерді жасау кезінде болашақ пайдаланушыларға неғұрлым ыңғайлы жағдайлар жасау. Яғни сіздің ресурсыңыздың мазмұнымен танысу үшін пайдаланушылардың талғамы бойынша жұмыс істейсіз. Бұдан web-дизайн бойынша жағдайларды стандартизациялау алгоритмдерінің белгілі бір қажеттіліктері туындайды, демек бұл қажеттіліктер сіздің потенциалды аудиторияңызды қанағаттандыру арқылы оларға сіз қалыптастырған сайт мазмұнымен максималды ыңғайлы мүмкіндіктер тудыру. [13;45-47] Алайда, тәжірибе жүзінде осы тектес әмбебап шешімдерді жүзеге асыру ақпараттық ағынның жылдам дамуы салдарынан қиынға соғуы да мүмкін. Осы ситуациядан шығудың бір тәсілі қолданушылық жүйенің минималды параметрлеріне сай бейімдеу болып табылады. Осындай тәсіл барлық қолданушылардың көзқарасы бойынша демократиялық сипатта: әлсіздеу мониторлары мен видеокартасы бар ескірген компьютерлердің қожайындарында сіздің ресурсыңызбен танысу үрдісі барысында қиындықтар туындамайды, ал дамыған компьютерлердің қожайындары белгілі бір проблемаларға ұшырамайды. Осыдан бірінші ереже бастау алады, бұл ереже әр веб-дизайнердің көкейінде болуы қажет. Қазіргі интернетте кәсіби сайт 640x480 экран рұқсатымен 256 түстік палитрасымен сәйкес келу деген заңдылық бар. Бұдан қарапайым ереже пайда болады. Ескерту: компьютерде html-документ 800x600 нүстелі рұқсатымен 640x480 нүктеге бапталған компьютерде болса, пайдаланушы үшін браузердің төменге бөлігіндегі терезені көруге қиындықтар туындайды. 256 түстік палитраны қолдану кезінде web-бет дұрыс көрінуі үшін құжат құрамына графикалық элементтерді косу кезінде GIF форматындағы файлдарды немесе JPEG форматындағы суреттерді қолданған жөн [10;67-68] Әрине, болашақ web-беттің бастапқы шаблонын дайындаудан кейін жоғарыдағы талаптарға сай кейінгі жұмыстарды жүзеге асыру қажет. Ол үшін браузерге бетті жүктегеннен кейін қолданыстағы түстің палитра мен экрандық кеңейтуді Windows баптауларында өзгерту керек. Содан кейін тышқанның оң пернесімен Жұмыс үстелінің аумағындағы жарлықтардан бос кез-келген жерге басу керек және Қасиеттер мәзіріндегі Диалогты терезенің Баптауларына көшу қажет. Түстік палитра мен Экран аумағы бөлімдеріндегі баптауларды таңдап, тышқанмен Қабылдау пернесіне басу керек, содан кейін экрандық параметрлермен Windows-тің қайта жүктеуінсіз келісесіз. Келесі ереже Web-беттің сіздің потенциалды пайдалаушыларыңызбен қарау барысындағы белгісіз бағдарламалық қамсыздандырылумен байланысты. Яғни, бұл браузерлерге байланысты. Статистикалық мәліметтерге байланысты Интернет қолданушылардың арасындағы кең қолданыстағы браузерлер қатарында сан алуан версиялы Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator бар, ал қалғандары төменгі деңгейде таратылған. Белгілі болғандай, Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator HTML-кодтың әртүрлі алгоритмдік өңдеулерін қолданып, бір элементтің өзі екі браузерлерде әртүрлі түрде қолданылуы да мүмкін. Кейбір бастаушы Web-дизайнерлердің арасында аталған бағдарламалар негізінде беттерді бірдей көріністе көрсету мүмкін емес деген пікір қалыптасқан. Бірақ бұл мүлдем олай емес: Netscape және Explorer арасындағы айырмашылықтар сандық бағалай мен сараптамаға байланысты, сонымен қатар көптеген алгоритмдер түрлері бар болғандықтан бұны жүзеге асыру мүмкін. Web-бет Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator-да біркелкі көрінуі керек. Әрине, болашақ web-беттің шаблоны жасалынғаннан кейін бұл html-құжаттың көрініс табуын екі браузерде де тексеру қажет [10;55-77] Пайдаланушылардың көпшілігі Интернетке шығу үшін dial-up ақырын жылдамдықты байланыс линияларына модемнің көмегімен қолданатыны жасырын емес. Осы жағдайда , әрине, мәліметтерді беру және алу жылдамдығы төмендеп, интернет пайдаланушыларға ыңғайсыздықтарды туындатады. Осы арқылы web-дизайнгің келесі ережесі қалыптасады. Web-сайттың барлық беттері мен ондағы графиккалық және интерактивті элементтер көлем бойынша минималды болуы керек. Бұған сайтты жасау барысында арнайы графикалық компрессорларды қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Келесі заңдылық - сайт бойынша навигацияның болуы. Қолданушыда сіздің ресурсыңыздың бір бөлімінен екінші бөліміне көшу кезінде ешқандай қиындықтар пайда болмауы қажет. Ол сіздің жобаңыздың логикалық құрылымын анық көрсетуі керек, және мүмкіндігінше кез-келген уақытта оның барлық компоненттеріне қол жеткізу мүкіндігі болуы керек. Web-бет сіздің сайтыңыздың барлық бөлімдерін қамтитын навигациялық элементтерді еш қиындықтарсыз көрсетуі керек. Олардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz