Мектеп жасына дейінгі баланың сезімі мен эмоциясының өзгеруі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
І Мектеп жасына дейінгі баланың сезімі мен эмоциаларының дамуы.
1.1Баланың сана-сезімінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Мектеп жасына дейінгі баланың сезімі мен эмоцияларының даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды көңіл-күйі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ІІ Мектеп жасына дейінгі баланың сезімі мен эмоциясының өзгеруі
2.1Мектеп жасына дейінгі баланың дамуында сезім мен эмоцияның алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциясына әлеуметтік факторлардың әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
КІРІСПЕ
Ғылым тілінде адам бойындағы түрлі психикалық құбылыстарды сезім деп атайды. Күн-делікті тұрмыс-тіршілік-те ақыл-парасат иесі-нің бойында кездесетін сезімдер әрқилы. Олар-дың ең бастылары: то-рығу мен жайдарылану, ашығу мен тоқмейілсу, шөлдеу мен шаршау, ауырсыну мен рахат-тану, сырқаттану мен сауығу, ұнату мен жеккөру, шошу мен ұялу, таңдану мен тамсану және т.б. Сезімдердің ұзақтығы мен қарқыны, деңгейі мен сипаты, табиғаты мен мазмұныда сан алуан. Оның бір сәттік тебіреністен күнделікті құштарлық-қа, үстірт эмоциядан терең де тұрақты се-зімге де ұласуы ғажап емес. Эмоция да адамның айналасындағы өмір шындығына және өз басына деген қарым-қатынасы болып табылады. Және оның жүзе-ге асуына сезімдей әсер етеді. Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғым-дарының өзіндік айыр-машылықтары бар. Психолог Қ.Жарықбаевтың пікірінше: Эмоция адамның түрлі орга-никалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, ситуациялы көңіл-күйлері, адам қуанғаннан, қамыққан-нан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі. Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқала-тын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете алады. Сезімдер - адамдар-дың бір-бірімен қарымқатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын процесс. Достық, адал-дық сезімдері адамдарда бірден қалыптаса қоймайтындығы бел-гілі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді бай-қалмайды. Тұрақты, те-рең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі. Адамның сезім мүшелері тіршілік иелері - адамдар мен жан-жануар-лардың ағзасында ішкі және сыртқы ортаның сан алуан әсерлерін қабылдайтын, оны мидың сезімтал орталық-тарына жеткізетін тал-дағыштардың шеткі бөлімі бар. Мұны - рецепторлар деп атайды. Олар денеге әсер етуші тітіркендіргіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейім. Олар өздерінің орналасу орнына сәйкес экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді, дейді ғалымдар. Экстерорецепторлар - қоршаған ортадан келетін тітіркендіргіш әсер-лерді (дәм, иіс, жанасу сезімі, көру, есту) қабылдаушы. Интерорецептор-лар - ішкі органдарда, қан және лимфа тамыр-ларындағы қабырғалар- да орналасқан, осы органдардағы тітіркеніс-терді қабылдаушы.
Олар: ішкі органдардағы барорецепторлар мен олардың кілегейлі қабықта-рындағы бос сезімтал рецепторлар, тамырлар қабырғаларындағы аншорецепторлар, тірекқимыл аппараты орган-дарындағы, проприорецепторлар. Тірек-қимыл аппараты дегеніміз - сүйек бұлшық ет, буын. Тәрбиенің құдіреттілігі -ол жеке тұлғаның жанды қайнар бұлағынан байқалады
К.ДУшинский
Қазіргі психологиялық-педогогикалық теорияда м.ж д.баланың жағымды эмоцияларын дамыту тек кәсіби мамандыққа ғана байланысты емес ол,тәрбиешінің жеке дербес қасиеттеріне де байланысты деп тұжырымдаған. Мектепке дейінгі ерте жас шамасындағы балаларға ерекше қарым-қатынастар талап етіледі Олар өте мейiрiмдi, нәзік, өте сенгiш келеді.Сондықтан бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу , жараламай тәрбиелеу өте маңызды.
Топта балаларға жақсы және жайлы болу қажет.
Ерте жас шамасындағыың сәбиді тәрбиелеуде ешкім де анасын алмастыра алмайтыны туралы ұмытпау керек. Сондықтан, ұстаз-психолог оларды ананың тұлғасындай жұмыс iстей білу керек.. Мысалы, шығармашылық жұмыстарды сәбимен бірге анасына көрсету үшiн iстеу.Ата-ананың сенімділігі арта түсіпбалаға деген анасынан басқа да сүйіспеншіліктер оятады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
І Мектеп жасына дейінгі баланың сезім мен эмоциаларының дамуы.
1.1Баланың сана-сезімінің қалыптасуы.
Мектепке дейінгі шақта мінез-құлық мотивтері дамуының бір жағы сол мотивтерді түсінудің жоғарлауы екенін біз көрдік. Бала өз қылықтарының түрткі күштері мен салдары жөнінде көбірек ойлай бастайтын болады. Бұл мектеп жасына дейінгі баланың сана - сезімінің дамуына, өзінің кім және қандай қасиеттерге ие екенін, төңіректегі адамдардың бұған деген қарым-қатынасын, ол қарым-қатынастардың неден туатынын түсінгенде ғана мүмкін болады. Сана- сезім айқын өзін-өзі бағалауынан, яғни бала өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін, өзінің сапалары мен мүмкіндіктерін қалай бағалауынан көрінеді.
Сана-сезім дамуының алғышарты тіпті ерте сәбилік шақтың соңында өтетін баланың өзін-өзі басқа адамдардан бөлуі. Бірақ, бала мектеп жасына ілінісімен- ақ өзі туралы, өзінің қасиеттері жөніндегі ештеңе білмей, тек өзінің өмірінде бар екенін ғана түсінеді. Үлкендер сияқты болғысы келген кішкене балдырған өзінің шынайы мүмкіндіктерін ескере білмейді. Бұл үш жастығы дағдарыс кезеңінде мүлде айқын көрінеді.
Үлкендер мақұлдаған барлық жақсы қасеттерді көбіне түсінбей-ақ өз басына жай таңа салатын мектепке дейінгі кішкентайларда әлі өзі жөнінде ешбір негізделген дұрыс пікір болмайды. Өзін ұқыптымын деп санайтын бір баланың бұл нені білдіреді деп сұрағанда, ол: Мен қорықпаймын, - деп жауап берді. Өздерінің ұқыптылығын мақтан ететін кейбір балалар бұл сұраққа Білмеймін, - деп жауап қатты.
Өзіне-өзі дұрыс баға беруді үйрену үшін бала алдымен өзге адамдарды, сырттай қарап тұрып, бақылай білуі керек. Ал мұның бірден бола қоймайтынын біз білеміз. Бұл кезеңде бала өзінің құрдастарына баға бергенде, олар жөнінде үлкендер айтқан пікірді жай ғана қайталайды. Өзін-өзі бағалауда да осылай болады.(Мен жақсымын, өйткені апам солай дейді).
Баланың өзге адамдарды, олардың қылықтары мен қасиеттерін өздерінше бағалау бастапқыда оның осы адамдарға деген қарым - қатынасына байланысты. Бұл әсіресе, әңгімелер мен ертегілердің кейіпкерлерін бағалаудан көрінеді. Жақсы, ұнамды кейіпкердің кез келген қылығы жақсы, ал жаман кейіперлер қылығы жаман бағаланады. Бірақ біртіндеп кейіпкерлердің қылықтары мен қасиеттерін бағалау оларға деген жалпы көзқарастан бөлектенеді, осы қылықтар мен қасиеттер жағдайды және оның мәнін түсінудің негізінде құрыла бастайды.
Үйшік деген ертегіні тыңдағаннан кейін сұрақтарға жауап береді: Аюдың қылығы жақсы ма, жаман ба? - Жаман. - Ол неге жаман? - Өйткені ол үйшікті қиратып тастады. - Аю саған ұнай ма, жоқ па? - Ұнайды. Мен аюларда ұнатамын. Мінез-құлық нормалары мен ережелерін меңгерген сайын, олар баланың өзге адамдарды бағалауда пайдаланатын өлшемдері бола береді. Бірақ бұл өлшемдерді өзіне қолдану анағұрлым қиынырақ болады. Баланы өзіне тартып, белгілі бір қылық көрсетуге итермелеуші толғаныстар оған көрсетілген қылықтардың шын мәнін бүркейді, оларды әділ бағалауға мүмкіндік бермейді. Мұндай бағалау тек өз қылықтарын, қасиеттерін басқалардың мүмкіндіктерімен, қылықтарымен, сапаларымен салыстыру ғана мүмкін болады. Өзін өзгелермен салыстыра білуді бала мектепке дейінгі үлкен жаста меңгереді, бұл өзін-өзі дұрыс бағалаудың негізі болып табылады.
Мектепке дейінгі ересектер өз басының жақсы жақтары мен кемшіліктерін толықтай дұрыс ұғына біледі, төңіректегілер тарапынан өздеріне қарым- қатынасты да ескереді. Адамның жеке басының бұдан арғы дамуы, мінез-құлық номаларын саналы игеру, жағымды үлгілерге еліктеу үшін мұның зор мәні бар. Сонымен бірге бала төңірегіндегілердің оның қалай да бір қылықтарымен қасиеттеріне көзқарасын әдейілеп пайдалануға қабілеттенеді. Бұл жастағы балалар, әдетте, қыңырлық мінез-құлық нормаларын бұзу екендігін тамаша ұғынады және қыңырлықты саналы түрде өз айтқанына көнетін үлендерге ғана көрсетеді. Бала анасымен қарым-қатынаста анасының сүйіспеншілігі мен елжіреуін туғызатын рольде ойнайды, өзінің балалық мінездерін баса көрсетеді де, осы арқылы барлық жақсылыққа ие болады.
Ерте сәбилік шақтағы секілді мектепке дейінгі шақта да сезім балалар өмірінің барлық жағында үстем болады, оған реңк және мәнерлік береді. Кішкене бала өзінің толғаныстарын меңгеруді әлі білмейді, ол үнемі дерлік өзін тартып әкеткен сезімдердің шырмауында қалып отырады.
Үлкен адаммен салыстырғанда бала сезімінің сыртқы бейнесі неғұрлым қызу, тікелей еріксіз сипатта. Баланың сезімі жылдам әрі айқын тұтынады да сонша тез сөнеді, қызу шаттық артынша - ақ жылаумен алмасады.
Бала толғаныстарының ең күшті және басты көзі - баланың басқа адамдармен, үлкендермен, балармен өзара қарым - қатынастары. Төңірегіндегі адамдар балаға еркелете қараса, оның праволарын танып, оған назар аударса, бала эмоциялық рахаттылықты, сенімділікті, қамқорлықты сезінеді, әдетте мұндай жағдайларда балада сергек, шат көңіл күй басым болады.
Эмоциялық рахаттылық баланың жеке басының әдеттегіше дамуына, жағымды қасиеттерінің, басқа адамдарға тілектестік қарым - қатынастарының төселуіне себепші болады. Маңайдағы адамдардың балаға қатысты мінез - құлқы балада түрліше сезімдер - қуаныш, реніш, т. б. тудырады. Бала бір жағынан еркелетуге, мақтауға, екінші жағынан өзіне жасалған ренішке, көрсетілген әділетсіздікке қатты толғанады.
Мектепке дейінгі балаларда жақын адамдарына, алдымен ата - аналарына, аға - інілеріне, апа - қарындастарына деген махаббат, мейірімділік сезімі болады, оларға көбіне қамқорлық, аяушылық білдіреді.
Өзге адамдарға деген сүйіспеншілік пен мейірімділік баланың көзқарасы бойынша оларды ренжітушілерге қарсы тұратын қаһармен және ызамен байланысты. Бала түсінбестен жақсы көрген адамының орнына өзін қояды, осы адам басынан кешірген қайғыға немесе әділетсіздікке өз басына түскен ауыртпашылықтай толғанады.
Сонымен бірге басқа балаға ( тіпті жақсы көретін аға - інісі, апа - қарындасы болса да), мектеп жасына дейінгі баланың шамалауынша, баса назар аударылса, бұл оның қызғаныш сезімін тудырады.
Басқа адамдарға қатысты пайда болатын сезімді бала көркем шығармалардың, оның ішінде ертегілердің, әңгімелердің кейіпкерлеріне де аударады: Қызыл Телпектің душар болған бақытсыздығына жаны ашығанда, шынында, болған оқиғаға қайғырып тебіренгендей болады. Бір оқиғаның өзін бірнеше рет тыңдауы мүмкін, алайда одан туатын сезімі солғындамайды, керісінше күшейе түседі: баланың ертегіге үйреніп кететіні соншалық, ол тіпті ондағы кейіпкерлерді өзінің жақын адамдары мен туыстарындай қабылдайды. Әңгімелер мен ертегілерді тыңдағанда мектеп жасына дейінгі балаларда ең айқын байқалатын сезім - бақытсыздыққа тап болғандардың бәрін есіркейді.
Жағымды кейіпкерлерге бала ерекше аяушылық білдіреді, бірақ ол кейде тым ауыр жағдайға ұшыраған жауызды да аяйды. Бала көбіне жағымсыз кейіпкерлердің қылықтарына қатты ашуланады, өзінің сүйікті кейіпкерлерін одан қорғауға тырысады.
Ертегіні тыңдаған кездегі балада пайда болатын сезімдер оны жалаң тыңдаушыдан оқиғаның белсенді қатысушысына айналдырады. Болғалы тұрған оқиғалардан жаны түршіккен бала қорыққанынан кітапты жабуды және әрі қарай оқымауды немесе кітаптың қорқынышты жерін, өз түсінігі бойынша, жарамды әңгімемен алмастыруды талап етеді. Мұнда көбіне бала өзін қаһармандардың орнына қояды.
Мектеп жасына дейінгі балалар ертегілерге берілген суреттерді қарай отырып көбіне оқиғалардың барысына тікелей араласуға тырысады, жағымсыз іс- әрекеттер істейтін адамдар немесе сүйікті кейіпкерге қатер төндіруші жағдайлар бейнеленген суреттерді бояп немесе тырнап өшіріп қояды. Бір төрт жасар қыз Прометей бейнеленген суреттен бұғауға салған шынжырды өшіріп, оны азат етті.
Өзге адамдармен қарым - қатынас, олардың қылықтары - мектепке дейінгі бала сезімдерінің, әрине, бірден - бір емес, бірақ басты көзі. Баланың қуаныш, мейірімділік, есіркеу, таңдану, ашулану т. б. жан толғаныстары жануарларға, өсімдіктерге, ойыншықтарға және табиғат құбылыстарына байланысты да пайда болуы мүмкін. Адамзат іс-әрекеттерімен және толғаныстарымен таныса отырып, мектепке дейінгі бала заттарды тануға бейім келеді. Ол үзілген гүлді, сынған ағашты аяйды, серуендеуге кедергі істеген жаңбырға қатты ашуланады, өзіне тиіп кеткен тасқа ызаланады.
Бала сезімдерінің ішінде қатты қорқыныш толғанысы ерекше орын алады. Қорқыныштың тууы көбінесе үлкендердің теріс тәрбиесі мен қисынсыз мінез - қылықтарының салдарына байланысты. Өз түсініктері тұрғысынан алғанда, балаға қатер төндіреді деп есептелетін болмашы себептен үлкендердің торыға бастауы тым әдеттегі жағдайлардан саналады. Үлкендердің мұндай мінез - құлқы баланы қатты қобалжу мен қорқыныш күйіне әкеледі. Мысалы, дұрыс көзқарас нәтижесінде із - түссіз өте шығуы мүмкін өмірдің бір көрінісін үлкендер қорқынышты оқиғаға айналдырса, мұның салдары ауыр болуы мүмкін. Балаға қорқыныш үлкендердің қорыққанын көруден де ұялады. Міне, осылайша бала күннің күркіреуінен, тышқаннан, қараңғылықтан қорқа бастайды. Кейбір адамдар балалардың айтқанды тыңдауы үшін оларды қорқытуды жөн деп санайды (Бері кел, келмесең, өзіңді анау апай жетектеп әкетеді, Тыңдамайтын болсаң, анау отырған ағай портфеліне салып әкетеді!).
Қорқыныш толғанысы кейде үлкендердің ықпалынсыз пайда болады. Бала өздігінше бір нәрсеге кезіккенде оны таңдану мен әуестенуден басқа қатты қобалжу күйі де пайда болады. Қорқынышты туғызатын себептердің біріне таныс адам жүзінің кереметтей кетуі жатады: бетіне перде жабу, басына тымақ кию т. б. Өзгеше, белгісіз жағдайлар баланы жиі өте қатты қобалжытады, Бұл жөнінен алғанда қараңғылықтан қорқу әдеттегі жағдай. Қараңғылықтан қорқуды көбінесе оның таныс дүниелерді көрсетпей қоюымен түсіндіруге болады, бұл кезде шамалы ғана шуыл өзгеше болып есептеледі. Егер бала қараңғыда бір рет қорықса, кейін қараңғылықтын өзі баланы қорқытатын болады.
Қорқынышты басынан жиі кешіру баланың жалпы бой қуаты мен психикалық күйіне ықпалын тигізеді, сондықтан үлкендер баланы еркіндік пен батырлық сезімінде тәрбиелеп, оны қолдап отыруы қажет.
Қорқыныштың бұл түрінен басқалар үшін қорқу бүтіндей өзгеше болады. Мұнда баланың өзіне сүйікті адамдар қорқынышын басынан өткізеді. Қорқыныштың мұндай түрі есіркеудің ерекше формасы болып саналады. Балада есіркеудің пайда болуы ренішке ортақтасу қабілетінің дами бастағанын көрсетеді.
Үш - төрт жастағы баланың сезімдері айқын болғанымен әлі тым өкінішті және тұрақсыз болады. Мысалы, анда - санда лап ете қалатын баланың анасына деген махаббаты, оны анасын құшақтап бетінен сүюге жетелейді, бірақ бұл әлі анасын қуандырып оған сезімін беретін қылықтардың тұрақты көзі бола алмайды. Баланың басқа тіпті өте сүйкімді көретін адамдарға қатысты, ұзақ уақыт есіркеу мен қамқорлық білдіруге әлі де қабілеті жетпейді. Мұнда ересек адамның ролін орындау, ауру адамды күту мүмкіндігі ауру анасына деген мейірімділіктің орнын алады.
Мектепке дейінгі кішкентайлар мен естиярлардың өз үйі ішінен тысқары құрдастарына қатысты сезімі бүтіндей алғанда әдетте онша ұзақ болмайды. Балабақшасындағы балалардың достық белгілерін байқау көбінесе бір баланың өзі жағдайларға байланысты кезекпе - кезек бірнеше баламен достасатынын көрсетті. Мұндай достық құрдасына деген берік қарым - қатынасқа емес, онымен бірге ойнайтындыққа немесе стол жанында бірге отыратындыққа негізделген.
Мектепке дейінгі балалық шақта баланың сезімі едәуір дәрежеде тереңдей және нығая түседі.Мектепке дейінгі ересектердің жақын адамдардың мазасыздық пен күйініштен қорғауға бағытталған шынайы қамқорлықтың белгілерін бақылауға болады.
Мектепке дейінгі ересектерге тән жағдай оның құрдастарының тұрақты достығы, алайда ауыспалы достасудың да көптеген жағдайлары сақталады. Балалар арасындағы достықта негізгі мән сыртқы жағдайға берілмейді, олардың бірін - бірі ұнатуына, құрдасының қандай да бір қасиеттеріне, оның білімі мен іскерлігі жағымды көзқарас алады.
Мектепке дейінгі балалық шақта сезімдердің дамуындағы басты бағыттардың бірі - баланың ақыл - ойының дамуына байланысты келетін саналығының арта түсуі. Бала қоршаған дүниені танып, өз қылықтарының салдарымен танысып, ненің жақсы және ненің жаман екенін түсіне бастайды.
Кішкентайлар жануарларға көбіне сезімсіз, тіпті қатал келеді деп саналатын кең тараған пікір бар. Шынында, кейде баланың жануарға селсоқ қарауы біздерді жанға батарлықтай таңырқатады. Баланың шыбынды соғып өлтіргенін, қоңызды аяғымен таптағанын, көбелектің қанаттарын жұлғанын, бала мысықтың тамағын қысқанын көреміз. Бұл кейбір жағдайларда көрінетін жануарларға деген жанашуға, қайғыруға бүтіндей қарама - қарсы әсер қалдырады. Әйтсе де көптеген жағдайлардағы селсостық, қаталдық сияқты көріністердің бәрі баланың түсініспеушілігін көрсетеді. Барлық зат атаулының ішіне үңілуді тілейтін баланың әуесқойлығы, ақыры немен тынарын білмейтін нағыз бейқамсыздығымен ұштаса отырып, біздер мейірімсіздік, қаталдық ретінде бағалайтын көріністерге әкеліп соғады.
Жағдайды түсінуге байланысты бала сезімдерінің өзгеруін мектепке дейінгі жастағы күлдіргі сезімнің даму мысалынан жақсы көруге болады. Баланың бұл сезімі өмірдегі үйреншікті жағдайлардың барысын бұзушы, күтпеген жағдайларға тап келгенде пайда болады. Мектепке дейінгі кішкентайлардың күлу сезімі көңілді күлкіден пайда болады. Бұл сезім Петрушканың күлкілі қимылдарын көруден, керісінше айтылған сөздерді естуден, адамның сырт көрінісі киімдегі үйлесімсіздікті ( мысалы, ересек адамның басындағы баланың бас киімі ) табудан пайда болады. Балалар өздері әзілдейді, заттарға басқаша ат береді, бет - әлпетін қисаңдатады, сөздерді теріс қарата сөйлейді. Мектепке дейінгі ересек жастағылар күлу сезімін анағұрлым күрделі жағдайлардан табады, адамдардың мінез - құлқындағы сәйкессіздікті, олардың білімі мен шеберлігіндегі олқылықтар байқалады. Олар түлкінің алдауына түскен қасқырдың ақымақтығына, аңғырт түкбілмеске, оқытушы - қорқытушыға тағы - тағы осындайларға күледі. Балардың әзілдерінде астыртын мән пайда бола бастайды, әңгімелесушінің шындыққа сәйкеспейтін жауабын ұстап алуға тырысады. Алты жасар Асқардың анасынан сұрағаны: Қасық суға бата ма? - Әрине, - Ал ағаш қасық ше?
Мектепке дейінгі балалық шақта заттардан, табиғат құбылыстарынан, өнер шығармаларынан балада пайда болатын әдейілік сезімінің дамуы да осыған ұқас жолдан өтеді. Үш - төрттегі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін әдемі зат болып ашық бояулы жалтыраған ойыншық, бойға қонымды костюмше тағы басқалар саналады. Мектепке дейінгі үлкен жасқа жеткенде бала әдемілікті ырғақтылықтан, бояулармен жүргізілген сызықтардың үйлесімділігінен, музыка әуенінің дамуынан, бидің мәнерлігінен таба бастайды.
Мектепке дейінгі ересек жастағылар да әсерлі толғанысты табиғат құбылыстарының, көріністерінің мерекелік шерулердің әдемілігі тудырады. Бала неғұрлым төңіректегіні жақсы бағдарлай білсе, соғұрлым көркемдік сезімін туғызушы себептер де жан - жақты және күрделі бола бастайды.
Сезімнің ақылға қонымдылығының дамуы адамдарға, заттарға, оқиғаларға қатысты сезімдерді ғана емес, баланың өз мінез - құлқымен байланысты сезімдерді де қамтиды. Үш жастағы баланың өзіне үлкендердің мақтағаны сүйкімді, ал ұялтқаны ренішті. Мінез - құлқыны үлкендердің берген бағасына байланысты баланың мақтаныш және ұялу сезімдері пайда болатынын біз білеміз. Бірақ бұл толғаныстар әлі қылықтардың өзіне емес, оларға үлкендердің берген бағасына қатысты. Мектепке дейінгі балалық шақта пайда болатын мінез - құлық қағидалары мен ережелерін меңгеру, балада өзіне баға берудің қалыптасуы осы қағидаларды орындау мен орындамаудың өзі баланы толғандыра бастауға қуаныш пен мақтаныш немесе керісінше бала оңаша болып, оны қылығы жөнінде ешкім ештеңе білмейтін жағдайларда да оның өзінде күйініш пен ұяттың тууына әкеп соғады.
Мектепке дейінгі балаық шақта бала сезімінің сыртқы белгілері де айтарлықтай өзгереді. Біріншіден бала біртіндеп белгілі дәрежеге дейін қызу батыл сезімдері көрсетуді тежей білуге үйренеді. Үш жастағыларға қарағанда мектеп жасына дейінгі бес - алты жасар бала көз жасын тия біледі, қорыққандық белгі білдірмейді, тағы басқа осындайлар, екіншіден, ол көз тастау, күлімсіреу, ымдау, ишарат, кейін қозғалыс, дауыс ырғағының көмегі арқылы толғаныстың жұрт арасында қабылданған аса нәзік нышандарын бейнелеу үшін сезімдер тілін меңгереді.
Сезімдерді батылырақ көрсету (жылау, күлкі, айғай) мидың тума әрекеттерінің жұмысымен байланысты болғанымен, олар тек нәрестелік шақта ғана ырықсыз сипатта болады. Кейінірек келе оларды басқара біледі, қажет болған жағдайда оларды тежеп қоймай төңіректегілерді өз толғаныстары жөнінде хабарлап оларға ықпал ету үшін саналы түрде де қолдана біледі. Адамдар сезімдерін көрсету үшін қолданатын нәзігірек мәнерлі сезімдердің барлық байлығына келер болсақ, олардың шығу тегі қоғамдық сипатта болады және балаларды еліктеу арқылы меңгереді.
1.2 Мектеп жасына дейінгі баланың сезімі мен эмоцияларының даму ерекшеліктері.
Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ,олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап ,нығайтуды, дамуында ауытқуы, бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды және оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырды.Зерттеу мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындығын қалыптастыру үшін танымдылық процесстерін дамыту.Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға, олардың отбасына көмек ретінде зерттеу жұмысын жазуды жөн көрдік. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын біз алдымызға мынадый болжам қойдық - балалардың танымдық процестерін дамытуда міндеті болып табылады. Процестерінің дамуы, қоршаған ортаның баламен қарым-қатынасына байланысты.Егер зерттеу мақсаты болжам мақсатқа жету жолында мынандай міндеттерді алдымызға қойдық.
- мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
- мектеп жасына дейінгі балаларда танымдық процестерінің денгейлерінің диагностикасы.
- баланы мектепке дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданудың психологиялық мүнкіндіктерін айқындау.
Зерттеу әдістер-танымдық процестерді зерттеуге арналған стандартты әдістер комплексі.
- түрлі әңгіме әдістерін қолдану.
- шағын тестік тапсырмалар
Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлға дамуының психологиялық - физиологиялық жағдайлары. Мектепке дейінгі балалық шақта (үштеп жеті жасқа дейін) организімнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшықтың еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі.
Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формалары игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері. Мектептегі оқудың басталуы - бала өміріндегі әлеуметтік психологиялық жағынана да, физиологиялық жағынан да қиын әрі жауапкершілігі мол кезең. Бұл адам өміріндегі және іс-әрекетіндегі жаңа жағдай болып табылады. Сонымен қатар жаңа қарым-қатынастар жаңа міндеттердің тоғысуы болып табылады. Баланың бұл кезде бар өмірі өзгеріске түседі. Мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қоятыны белгілі. Ол оқушының азын-уалақ алған білімі талаптарды орындауға мүмкіншілік бермейді. Осындан келеді де, оқушылардың мүмкіндіктерімен мектептің қойлатын талаптары арасында қарама - қайшылықтар туады. Себебі оқу басталғанан жүктеменің көлемі өседі Балабақша ұйымдарында мектепке дайында.Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы. Мектеп жасына дейігі балалардың танымдық процестерін дамытуға арналған эксперементті ұйымдастыру жолдары. П.П.Блонский өзінің педалогиялық-бағдарлану концепциясында баланың үлгермеушілігі, мектептегі сәтсіздіктерін оның жүріс-тұрыстарынан емес, әуелі семья жағдайына, әлуметтік экономикалық мәселелерінен қарау керек деп тұжырымдаған. Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе баланың ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әркет жасап үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай жасайтын адам болу керек. Қандай адамзат баласы болмасын баланың әлеуметтік жағдайына бейімдейтін, үйрететін ата-анасы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамыту үшін өткізілген эксперементалдық жұмыс. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, олардың жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруда оқу-зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор.Танымдық іс-әрекеттің шығармашылыққа ұмтылу арқылы сипатталады.
Өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық ізденімпаздықты қажет етеді .Зерттеу жұмыстары оқу үдірісімен қатар жүре отырып ,оқушының танымдық біліктерінің дамуына негіз болады.Әсіресе ,бұл жұмыстарда әр оқушының жеке мүмкіндіктері мен қасиеттері айқындалады. Балалардын ойлауын сезімін,еркін зерттеу керек болса,бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады.Мысалы,өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса,сол ойын үстіндегі балалардың психологиялық ерекшеліктері жазылып,кейін оған мұқият талдау жасалынады.Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі,балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп,жалпыланып қана қоймай,ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған. Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді.Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт. Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды. Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше.
Даму барысы:
1. Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту
А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін. В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады.
Т. Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең - қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта):
1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір затты көре бастауы);
2. Екінші кезең - қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы;
3. Үшінші кезең - ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;
4. Төртінші кезең - бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы).
О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті - ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік Мені қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады. Е.Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті:
1. Көрнекілікке сүйену;
2. Өткен тәжірибесін қолдану;
3. Ерекше ішкі позицияны қолдану.
Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын анықтап, зерттеуге мән берілді
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял - қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі.
С.Л. Рубинштейннің айтуынша Қиял - бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу деп түсіндіреді. Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді. Атақты психолог Л.С. Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді.Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. В.С. Мухина теориясы бойынша өзінің бастамалары жағынан баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайтын сананың белгілер функциясымен байланысты. Белгілер функциясын дамытудың бір желісі заттарды басқа баламалармен және олардың бейнелеулерімен алмастырудан тілдік, математикалық және басқа белгілерді пайдалануға, ойлаудың логикалық формаларын меңгеруге әкеледі. Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды қиял арқылы толықтыру мен алмастыру мүмкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған түсініктердің материалынан жаңа бейнелер құруға жетелейді.Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай. Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады.Сондай-ақ мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды. В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады.
Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды .Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады. Д.Б.Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады .Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz