Балалардың әрекеті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
І-Тарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақша учаскесіндегі өсімдіктермен таныстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіндегі өсімдіктермен таныстыру маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ІІ-Тарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1. Тәрбиешінің балаларға өсімдік туралы түсіндіруге бағытталған тәрбие жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2. Тәжірибелік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:
Балаларға жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыруды айқын, анық, қисынды, нақты құрылған жоспар бойынша жүргізу керек. Мұндай ауқымды педагогикалық мүмкіндік тек балабақша маңындағы оқу-тәжірибе учаскесінде іске асырылады. Балабақша жанындағы учаскедегі жұмыстардың балалар үшін тәрбиелік маңызы зор. Өсімдіктерді күтіп баптау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде балалар бойында қоршаған тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, еңбекке деген дағды қалыптасады. Олар әдемілікті бағалап, түсіне білуді үйренеді. Сонымен қоса балалар кейбір мамандықтар туралы практикалық түсінік алады. Балалардың ұйымдасып еңбек етуі, олардың ортақ іске деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге көмектеседі. Балабақша маңындағы учаскеде жұмыс істеу процесінде биология ғылымының тәжірибемен байланысы айқындалып. Таза ауада жұмыс істеу балалардың денесін шынықтырады. Бұл оқу құралында өсімдіктерді сипаттаумен қатар гүлзарлар, газондар, рабаткілер, бардюрлердің құрылым-схемалары, әр түрлі көгалдандыру типіне қатысты өсімдіктер тізімі, тағы сол сиякты анықтағыш материалдар косымша беріліп отыр. Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған басты міндеттер: халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азык-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету, мал шаруашылығына тиісті жем-шөп қорын жасау болып табылады. Оқу құралында негізгі дақылдардың биологиялық, морфологиядлық ерешеліктері, айрықша белгілері бойынша ажырату кілті, өсіру технологиясы туралы мағлұмат береді. Тұрғылықты жердің, саябақтардың, балабақша маңайындағы учаскелердің жасыл желегін ағаштекті өсімдіктер құрайды. Осы ағаштекті өсімдіктерді әсем мүсіндерге келтіріп сәндеу бөлімдеріндегі жұмыстардың оқушылар үшін тәрбиелік маңызы зор. Өсімдіктерді күтіп баптау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оқушылар бойында қоршаған тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, еңбекке деген дағды қалыптасады.
Олар әдемілікті бағалап, түсіне білуді үйренеді.
Бұл ұсынылып отырған құралда ағаштардың табиғи сәнділігін, олардың крона құрылыстары, жапырақтардың әртүрлілігі, гүлдер мен жемістердің түрлі түстілігі көрсетілген. Сондай-ақ бұл жұмыста жасанды түрде де өзгерту және өсімдіктерді мүсіндік мақсатта пайдалану да көрсетілген.
Тұрылықты жердің, балабақша маңындағы учаскелердің жасыл желегін көп жылдық ағаштар құрайды, олар ауаның шаңдануы және ластануына төзімді. Сондықтан оларды саябақтар мен орман-бауларын жасауда көп пайдалану керек. Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінін саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Зерттеудің мақсаты: Балабақша жасына дейінгі балалаға өсімдік әлемімен таныстыру.

Зерттеудің нысаны: Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбие беру мәселесі.
Зерттеу пәні: Коршаған ортамен таныстыру және экология
Зерттеудің болжамы: Табиғаттың ғажайып өсімдіктерімен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін нақты айқындап алу;
- мақсатына жетудегі қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді алдын- ала анықтау;
- балалардың дербес, еркін, шығармашылықпен әрекет етуіне толық жағдай жасау;
- әрбір тәрбие ісінің баланың жағымды мінез - құлқын, адамдық қасиеттерін қалаптастыратындай ықпалды болуын кадағалау;
- тақырыпқа сәйкес мазмұнды ашып, жаңа білім дағдыларын меңгерту;
- жаңа материалдар негізгі аса көңіл бөлінетін тәрбие саласына байланысты беріліп, басқа тәрбие жұмыстарын бекіту, толықтыру, қайталау, еске т үсіру мақсатында қолдану;
- әр түрлі іс- әрекеттер барысында тәрбиешінің басшылығы баланың ойлауына, қабілетіне, дербестігіне, шығармашылықпен әрекет етуіне толық мүмкіндік жасау;
- апта бойындағы тәрбие жұмысының нәтижесі жинақталып, халық педагогикасы негізінде әрбір жұма күндері түрлі жолдармен қорытындыланып отыруы қажет.
- тәрбие жұмысының мазмұны күнделікті іс- әрекет барысында серуенде, күннің екінші жартысындағы жұмыстарда және кешкі жұмыстарда жалғастырылып, тиянақталады (шағып топпен, дарынды балалармен жұмыс ескеріледі).

Зерттеу көздері: Балаларды өсімдіктерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Зерттеудің міндеті: Зерттеудің теориялық негізі ретінде мектеп жасына дейінгі балалаға өсімдік әлемімен таныстыру.

І- Тарау.
1.1.Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақша учаскесіндегі өсімдіктермен таныстыру.
Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге болады.Баланың табиғаттағы әсемдік пен сұлулықты танып, ұғынып және оны ажыратып рухани әспеттеп қабылдай білуі эстетика лық тәрбиемен сабақтас құбылыс. Көріктілік пен көркемдікті халқымыз ежелден - ақ қастерлеп сұлулыққа сұқтанбағанның көзі шықсын деп тегін айтпа-ған. Олай болса, бүгінгі мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие берудің мақсаты тұлғаның әсемдік жөніндегі қабілетін жетілдіріп, өмірдегі және табиғаттағы сұлулықты сезіне білуге қалыптастыру болып шығады. Балалардың табиғаттағы, адамдардың іс-әрекетіндегі, қарым - қатынасындағы әсемдікті түйсініп, әсерленуі тұлғаның эстетикалық сезіміне тәуелді. Табиғаттағы құбылыстарды танып, одан ләззат алып рахаттану балаланың эстетикалық түйсінуі мен біліміне қатысты болғандықтан оның әсері мен ықпалы адамның арман мұратына қозғау салып, түрлі әрекеттерге баруына ұйытқы болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы, олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғымы, эстетикалық талғам негіздері қаланады. Балалардың мұндай балабақша қабырғасында табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту барысында және жоғары сыныптарда биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ.

Сонымен қатар, М.Жұмабаев баланың эстетикалық қабылдауын дамыту үшін оның зейінін бағыттап отыру қажеттігі туралы былай дейді: Табиғатта сұлулықтың неше түрінің бәрі бар. Бала бұлақтың былдырын, судың сылдырын , жымыңдаған жұлдыздарды, түрлі-түсті кемпірқосақты көрсін, жаратылыс сұлу. Бала сол жаратылыстың құшағында болсын, сонда оның сұлулық сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың зейінін аудара білуі керек. Мектеп жасына дейінгі балаларға өсімдік әлемі арқылы эстетикалық тәрбие беру мәселесі нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдарда қатаң қадағалауда болуы қажет. Қоғамның дамуының қай кезеңінде болмасын, табиғат баланың дүниетанымын дамыту құралы ретінде орын алып, оған рекше көңіл бөлінген. Елбасымыз Н.Назарбаев Қазіргі заманғы педагог кадрларды даярлау біз үшін білім беруді дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Біз мұғалімдер біліктілігін арттыру, олардың кәсіби өсуі үшін ынталандырулар жасау және мұғалім кәсібінің қоғамдағы беделін арттыру жөнінде кешенді шаралар қабылдау жолымен келеміз дейді. Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында тәрбиеші мектепке дейінгі балаларды жан жақты, қазіргі жаңа технологиялар арқылы бағдарлап бағыт беріп, мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойын, қабылдауын, зейінін дамыту педагогтардың, яғни тәрбиешілердің қолында.
Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы, олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғымын, эстетикалық талғам негіздері қаланады. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара тығыз байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсаты да етеледі.

Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-күтіп жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді, сондай-ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді. К. Д. Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. 5-6 жастағы балалар табиғат және ондағы көптеген заттар, құбылыстар жайлы мағлүматтардан хабардар болады. Жыл мезгілдеріне сәйкес күз, қыс, көктем, жаз күзде жапырақтар сарғаятыны, құстардың жылы жаққа ұшатыны, тұманды, жаңбырлы күндердің көп болатыны т.б. бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды. Күз дегенде жапырақтар сарғайып түседі -- деген ойдың пайда болуы оларды күнделікті өмірмен тығыз байланыстырады. Себебі, күзде баланың таза ауада жапырақтармен ойнайтын кезі аз емес. Бес жастағы бала жылдың төрт мезгілін бір-бірінен ерекшеленетінін толық айтып бере алмайды. Бірақ, күзден кейін қыс, көктемнен кейін жаз келетінін біледі. Сонымен қатар бала күнделікті көріп жүрген қой-ешкі, сиыр мен жылқы сияқты үй жануарларын, хайуанаттар әлемінен көрген ит, қасқыр, түлкі, сияқты аңдар мен құстарды таниды. Олар жайлы өзіндік ой- түйсіктері болады. Мысалы: кірпі қыста ұйықтайды, жазда орманда жүреді, оның үстіндегі тікеніне қандай зат түсетін болса жапырақтар, жидектер т.б. сонымен қоректенеді- деген сияқты. Бес жастағы бала табиғаттағы шындық пен ертегідегі жағдайларды бір-бірімен шатастырады да, оларда мынадай ойлар тууы мүмкін.

Мысалы, аю бармағын жалайды, аю жылыну үшін ағаштың діңіне тығылады. Шындығында аюдың, кірпі, борсық т.б. жануарлардың қыста ұйықтауының өзіндік биологиялық мәні бар. Балаларда табиғаттағы заттарды бір-бірімен салыстыру, олардың бір-бірінен қандай айырмашалығы бар, осы жайлы өзіндік ойлар туа бастайды. Бес - алты жасар балаларда табиғаттағы заттардың, жануарлардың, өсімдіктердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары арқылы ерекшеленетінін ғалымдарымыздың мынадай тұжырымдары анықтай түседі. Мысалы, "жануарлардың пішіні, түр-түсі, сыртқы жамылғысы т.б, арқылы салыстырады. Бұл жастағы бала мысық пен кірпіні былай салыстырады: кірпінің терісі инелер, мысықта тері, ал тері кірпінің бауырында ғана болады, мысықта мүлде инелер болмайды және т.б. Бала осы сөздермен мысық пен кірпінің ерекшелігін толық сипаттадым деп ойлайды, ал шын мәніндегі ой-түсік кейін келе қалыптасып, жетіле береді. Осыған сәйкес , Өсімдіктер әлемі тақырыбын өткенде, балаларды балабақша ауласындағы ағаштармен, гүлдермен, шөптермен таныстырып, олардың жылдың әр мезгіліне сай өзгеріп отыратындығын түсіндіріп өткен жөн. Мысалы, 5-6 жастағы балаға қыста ағаштардың жапырақтары түсіп, қураған сияқты болып көрінеді, бірақ ол ағашта қыста да тіршілік үзілмейтінін айтып түсіндіру керек. Ерте көктемде ағаштың 2-3 бұтағын кесіп, топта суға салып қою арқылы одан бүршік өсіп шығатынын, демек қыста да өсу процесі тоқталмайтынына балалардың көздерін жеткізуге болады.
Бала өсімдікке қамкорлыққа, жануарларды күтуге, табиғи ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиешінің күнделікті тікелей басшылығымен тәрбиеленеді, сондықтан тәрбиешінің күнделікті іс-қимылын бала бақылай отырып қайталайды тәрбиешінің өсімдіктерге су құйып, жануарларды тамақтандыру т.б.
Педагогикалық процесті ұйымдастырудың мазмұны мен принципі балабақшадағы тәрбие жұмысының бағдарламасында балаларды жылдың төрт мезгілімен жеке-жеке таныстыру керектігі көрсетілген. Себебі әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес, қайталанбас құбылыстар олардың ой-пікірін ұштап, жетілдіріп, сыры мен мәнісін сезінуге жетелеуі қажет. Табиғаттың мезгіл бойынша өзгеретін сан алуан құбылыстарын білгісі келген мақсатта балалардың тарапынан бірнеше сұрақтар қойылады. Мәселен, неге құстар күз мезгілінде ұшып кетеді?, Қар неге ериді? Мұз неден пайда болады? т.б. Мұндай сұрақтар баланың логикалық ойлау қабілетінің, сөз қорының дамуына мүмкіндік береді.
Балабақшада тәрбиеленетін бала жыл мезгілдерін бір-бірінен толық ажыратып, әр мезгілдің өзіне тән құбылысын ерекше атап беру қабілетіне ие болуы тиіс. Жылдың әр мезгіліне тән құбылыстар кейде барлық маусымда болуы мүмкін, оны балаларға қалай түсіндіруге болады, соған тоқталсак, мысалы, жаңбыр көктемде де, жазда да, күзде де? жауады. Бірақ әр мезгілдің жаңбырының өзіндік ерекшелігі бар, жаздағы жаңбыр ірі, тез жауып өтеді, жылы; күздегі суық, ұзақ жауады; көктемдегі -- найзағайлы, суық, ұзақ жауады, кейде соңынан кемпірқосақ көрінеді. Бағдарлама бойынша бес- алты жасар баланың табиғатқа дұрыс көзқарасын қалыптастыру педагогикалық іс-әрекетке байланысты, соның барысында іске асады.
Жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты табиғи ортаның өзгеруіне толық көз жеткізу үшін ғалымдарымыз мынадай әдіс-тәсіл қолданған. Төрт мезгілде де балаларды бір табиғи ортаға өзен жағасына алып барған. Бұдан балалардың осы ортаның әр мезгілде қандай өзгерісте болатынына көздері жеткен. Тәжірибе бойынша балаларға әр мезгілді 3-ке бөліп басы, ортасы, соңы түсіндіру немесе саяхатта мақсатты серуендер арқылы көз жеткізу оларға үлкен әсер қалдырады. Саяхатқа бармас бұрын тәрбиешінің жоспары болуы тиіс.
Онда саяхаттың мақсаты, тәрбиелік мәні, қандай сұрақтар қойылуы тиіс, қандай әңгіме-жұмбақ айтуға болады, бұның алдындағы саяхаттан қандай ерекшелігі бар, осыларды мейлінше қамту қажет бала жасының өсуіне байланысты тәрбие жұмысының мазмұны да күрделене беруі тиіс. Табиғатқа серуен кезінде, түрлі дидактикалық қимылды ойындар ойнату, бірігіп пайдалы еңбек ету, қызықты әңгімелер айтып беру, балалардың әңгімесін тындай білу -- осының бәрі тәрбиешінің жеке басының шеберлігіне байланысты. [11. 34] Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты -- табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі жөне өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, елжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашка өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиын, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру. Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалык, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халыктық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді.

Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата-аналар, мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. Алтын күз, Құстар күні, Табиғатты сүйеміз, т.б. ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтің ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз:
А. балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлықка алуға баулу.
Ә. балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру. Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой- өрісін кеңейтіп, осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыру өте маңызды. Бұл топтағы балаларда ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму денгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипат алады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептәуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді.

Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады, осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы, білуге құлшынысы, байқап- көре білуі, логикалық ойлауы, табиғатқа эстетикалык тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді. Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп, оның ішінде күнбағысқа т.б. өсімдіктерге тоқтала, оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар - топырақ, ылғал, күннің нұры, жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады, құстар жұмыртқалайды, балапан басып шығарады, оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі. Балалардың жабайы хайуандар қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі. Балалардың өлі табиғаттағы, өсімдіктердің құстар мен аңдардың тіршілігіндегі күзгі өзгерістері туралы нақты түсініктерін кеңейту, балаларға бұрыннан таныс кейбір құбылыстар мен ауа райының жағдайы және өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі арасындағы байланыстың реттілігін анықтап күз ұғымының мәнісін айқындап, қорытындылауға бағыттау. Балалардың жансыз табиғаттағы, құстардың хайуандардың өмірінде бірте-бірте болатын өзгерістер: жапырақтардың түсуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі жайындағы ұғымдарын бекіту. Күзде балабақша егістігіндегі көкөніс жинау, қазып алу, ауланы тазарту жапырақтарды жинап бір жерге үю) т.б. жұмыстарға көмектесіп, пайдалы еңбекке араластырылады, әңгімелесулерде күз туралы түсініктері нақтылана толықтырылып бекітіледі, диафилъмдер көрсетіледі.

Тәрбиеші балаларды әдемі гүлмен, жағымды иісімен қызықтыратын шөптесін өсімдіктермен таныстырады. Ойлау қабілетін дамыту үшін өсімдіктерді атағанда кейбір өсімдіктердің атауларына және олардың ерекшелігіне назар аударған дұрыс, мысалы: жолжелкен -- жол бойында өседі, шырмауық -- басқа шөптерге оралып, шырмалып өседі, т.б. Сондай-ақ табиғаттағы жаз құбылыстары, ерекшеліктері туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытып, толықтыру, өсімдіктерді күту, жануарларға қамқорлық жөніндегі адам еңбегіне тоқталу.
Серуен, экскурсия кезінде жаздың әр кезеңінде гүлдейтін өсімдіктердің, жемістердің пісуін, құстардың көбеюін бақылау. Гүлдерді жинау, шоқгүлдер тобын жасау арқылы топ бөлмелерді безендіру. Табиғат бұрышында балалар бөлме ішінде өсімдіктерді суарып, гүлдердің түбін қопсытады, сондай-ақ аквариумды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу үрдісінде тәрбие формаларын қолдану
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру
Сюжеттік-рөлдік ойынның мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Ересектер тобында сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша бағыттары
Мектепке дейінгі балалардың құрастыру шығармашылығының білім дағдыларын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктері
Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Баланың дамуына ойынның ерекшелігі
Пәндер