ЕРІН ҮНДЕСТІГІ ЗАҢЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ САҚТАЛУ МӘСЕЛЕСІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ОӘЖ 811.512.122
АВИЛХАН Х., ТУРГУМБАЕВА Н.К.
ҚАЕУ, Өскемен қаласы

ЕРІН ҮНДЕСТІГІ ЗАҢЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ САҚТАЛУ МӘСЕЛЕСІ

Қазіргі қазақ тілінде ерін үндестігі сақталғанба, байырғы қазақ
тіліндегі ерін үндестігінің қаймағын бұзбай қалай қалпында қалдырамыз деген
сауалдар қазақ тілі жанашырларының көкейін тескен өзекті мәселе ретінде
шешімін таба алмай келеді.
Ерін үндестігінің сингормонизм заңдарының бір тармағы екені
белгілі. Қазақ тіл білімінің негізін қалаған ғалымдар А.Байтұрсынұлы,
Х.Досмұхамедұлы еңбектерінде сингармонизм зандылығына ерекше мән берілген.
Өз кезінде Х.Досмұхамедұлы "Қазақ-қырғыз тілдерінде сингармонизм заңына
көнбейтін сөз, сөз өзгерісі жоқ. Сингармонизм тілімізді үйренуге, үйретуге
жеңілдетіп тұр, жаңа сөздер тудырып, сөздер қосып, адастырмайтын қарақшы
даңғыл жол болып тұр",- деп анықтап кетеді [1, 85].
Сонау көне түркілер заманынан бері тілімізде мұндай заңдылықтардың
болғанын дәлелдейтін тұжырымды ойдың иесі - зерттеуші В.А Богородицкий.
Ғалым түрлі түркі тілдерінің сөз формаларындағы сингармонизм заңдылықтарын
тұжырымдап шықты. Ол түркі тілдеріне тән сегіз дауысты дыбысқа (о – ö, u –
ü, a – äe, y(ы)-i) негізделген сегіз тордан тұратын кесте жасады да,
көлденең төрт қатарына түбір буынындағы төрт ерін дауыстыны, яғни о – ö
(жуан), u – ü (жіңішке); аффикстік вокализмнің екі типіне сәйкес кестені
тігінен екіге бөліп, еріндік: a – äe (ашық), y-i (қысаң) дыбыстарын
орналастырды[2].
Сөйтіп сингармонизм түркі тілдеріндегі, оның ішінде қазақ тіліндегі
күрделі құбылыс ретінде сөздің просодикалық белгісі, ол сөздің кұрамындағы
дыбыстардың бәрін қамтиды, соның нәтижесінде дыбыстардың басы бірігіп,
бүтін бір сөзге айналады, ол тек сингармонизм арқылы ғана дұрыс айтылады,
сингармонизм арқылы ғана дұрыс танылады [2].
Сингормонизімдегі елеулі мәселенің бірі - ерін үндестігі. Ерін
үндестігі жайлы мәліметтер беретін академик І. Кеңесбаевтың 1954 жылы жарық
көрген Қазіргі қазақ тілі деп аталатын еңбегінің фонетика тарауында былай
делінген: Әдеби тілде (жазу нормасын еске алғанда) ерін үндестігі тіпті
еленбейді десе де болады. Осыған қарағанда ерін үндестігінің қазақ әдеби
тілі үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды [3, 283 б.]. Ал келесі
бетте былай жазылған: Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да ерін
үндестігі байқалады. Ерін үндестігінің күші үш буыннан аспайды: әсіресе екі
буынды сөзде ерін дауыстысымен келген алғашқы буынның еріндік ықпалы анық
сезіліп тұрады: үшінші буында солғындау сезіледі, мысалы: өнер-өнөр,бөлме-
бөлмө,төсек-төсөк,құндыз-құндұз,сүй ек-сүйөк,жүзді-жіздү,ада-гүде-ада-
гүдө,күміс-күмүз,сөне-сөнө,бүйрек-б үйрөк,төлеу-төлөу,күндері-күндөрү,к үлте-
күлтө,түсім-түсүм,мұрын-мұрұн,жұлын -жұлұн,тұлым-тұлұм,көрсету-гөрсөту, бөшке-
бөшкө және т.б [3, 284 б.]. Осы қағида фонетика оқулығының кейінгі
басылымдарында да өзгеріссіз қайталанып жүр.
Рабиға Сыздық та ерін үндестігі туралы өз зерттеуінде былай дейді:
Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ, ү, у, о, ө дыбыстары және
екі дауыстының ортасында келген у дыбысы (тауық, бауыр) сияқты сөздерде
келесі буындағы ы, і дыбыстарын өзгертіп, ұ, ү- лерге жуықтатып естіртеді.
Мысалы: кү- ліп, құ- лын, бү- гін, о- рын болып айтылады. Еріндік
дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындарда біртіндеп әлсірей береді.
Мысалы: күмістің деген сөздің екінші буыны ү- ге ұқсап, соған жуық айтылса,
үшінші буынында і- ге күмүсті деп жуықтау айтылады.
Қазіргі қазақ тілі білімінде Ә. Жүнісбек, М. Жүсіпұлы (сингармониялық
теорияны қалыптастырушылар), Ж. Әбуов, С. Мырзабековтің зерттеулерінде ерін
үндестігінің қазіргі қазақ тілінің жүйесіндегі қызметі, сөз бойындағы
таралу шегі анықталды. Ә. Жүнісбеков өз зерттеулерінде ерін дауыстыларының
жасалу жолдарын инструменттік талдау арқылы дәлелдеп, нақты тұжырымдарды
жаңаша қырынан түсіңдірді. Ғалымның пікірінше, үндестіктің екі түрі
фонологиялық та, фонетикалық та тұрғыдан тең құбылыстар. Сондықтан олар
бүтін жүйенің құрамды бөліктері болып саналады [2,82].
Ерін үндестігі құбылысы қазақ тіл білімінде де өз дәрежесінде зерттеу
еншісіне ие болмады. І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев сынды ғалымдар өз еңбектерінде
ерін үндестігіне қысқаша тоқтала келе: "Ерін үндестігі (лабиалдық аттракция
немесе лабиалды сингармонизм) қазақ тілінде езу үндестігіне қарағаңда өте
сирек кездеседі. Қазақтардың ауызекі тілінде аздап болса да ерін үндестігі
байқалады [3], сөздің бірінші буынында ерін дауыстысының (о, ө, ұ, ү)
біреуі келетін болса, одан соңғы екінші кейде үшінші (өте сирек) буындағы
езу "е, ы, і" дауыстылары кейде сөйлеуде "ө, ұ, ү" ерін дауыстыларымен
үндеседі – комбинаторлық түрде алмасып айтылады", -деп оған себеп кезінде
түркі тіл білімінде қалыптасқан қазақ тіліңдегі ерін үндестігі қырғыз және
алтай тілдеріңдегідей аса маңызы жоқ делінген пікір үстем болғаңдығыңда
еді. Әрі түркі тілдерінің кейбіріңде әлсіз байқалатын ерін үндестігін желеу
етіп, түркі тіл біліміндегі бұл құбылыс кейін пайда болған деген пікір
қалыптасты. Еріндіктерді бас буыннан басқасында келмейді, бас буыннан
басқасын сүймейді деп жазуда шектеген А. Байтұрсынұлы екені белгілі. Бұған
қарағанда, олар бас буыннан басқа буында айтылмайтын сияқты.
Ерін үндестігін аңғарып, айқындау үшін орыс тілді зерттеушілердің қазақ
тілі жөніндегі еңбектерін екшеп, зерделеу керек болды.
Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ тілінде ерін үндестігі мықты болғанын ірі
түркологтар В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский т.б ғалымдардың еңбектерінен
жақсы көруге болады.
Академик В.В. Радлов Опыт словаря тюркских наречий деп аталатын
еңбегінде қазақ (кітапта қырғыз деп берілген) сөздерін мол қамтыған.
Фонетика тұрғысынан сөздіктің бір артықшылығы - сөздер орыс алфавиті
негізінде жазылған. Ал араб алфавитімен жазылған сөздерден әсіресе ерін
үндестігін айқындау мүлдем қиын. Түркі сөздерінің дыбыстық жүйесін дұрыс
беруді мақсат еткен В.В. Радлов қазақ сөздерін: бөлтүрүк, дүрүлдө, тоқшұлұқ
түрінде жазған.
Қазақ тілінің грамматикасын жазған профессор П.М. Мелиоранский қазақ
сөздерін төрөлөр, төрөлөрдүң, төрөлөргө, төрөлөрдө, төрөлөрдөн, төрөлөрдө,
төрөлөрдөй деп септеп, жүдөгөй, жүдөгөймүн, жүдөгөйсүң, жүдөгөйсүз деп
жіктейді. Оның айтуынша, ерін үндестігі қазақ, қырғыз тілдерінде ұқсас, тек
қазақ тілінде о дыбысы бірінші буында ғана айтылады.
В.В. Радлов та, П.М. Мелиоранский де: Сонда Тарғын сөйлөйдү, сөйлөгөндө
бүй дейді деп келеді. Ал бұлардың түсінігінде, жазуында (дәл мәселеге
байланысты) білместік бар деу қисынсыз. Себебі жазуды дамытамыз деп жүріп,
тіліміздегі осы бір жарасымдылықты құнсыз етіп алғанымыз рас.
Ерін үндестігі қазіргі түркі тілдерінің біріңде мүлдем кездеспесе,
екіншілерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын үйретудің жолдары
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Жалпы түркі тілінің басты ерекшеліктері
Дауыссыз дыбыстар емлесі
Дыбыс үндестігі
ФИО ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілі фонетикасы
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІН ОҚЫТУ
Дыбыстар бойынша талдау
Пәндер