Сервистік программалар және желілік операциялық жүйе


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Операциялық жүйенің даму тарихы . . . 4

1. 1 Операциялық жүйе туралы түсінік . . . 4

1. 2 Амалдық жүйе . . . 5

2 Операциялық жүйенің түрлері . . . 7

2. 1 Сервистік программалар және желілік операциялық жүйе . . . 8

2. 2 Windows объектілі - бағытталған бөлігі . . . 9

Қорытынды . . . 10

Қолданылған әдебиеттер . . . 11

КІРІСПЕ

Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix.

Операциялық жүйенің айырмашылықтарының бірі:

  1. Бірнеше бағдарламаны бір уақытта жегуге мүмкін етеді.
  2. Бағдарлама жазуды оңайлатады, себебі бағдарламаның жабдықтарды басқару қажеті пайда болмайды. Бұкіл жабдық пен бағдарламалардың өзара әрекеттесуін Операциялық жүйе басқарады. Бұған қоса бағдарламаға жабдық пен басқа бағдарламалармен әрекеттесуге жоғары деңгейлі тілдесуді қамтамасыз етеді.

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) - компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар - тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің қалған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.

1 Операциялық жүйенің даму тарихы

ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ - лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың Операциялық жүйелерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы - Ethernet, 1985 - Token Ring, 80ж. аяғында - FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды. . Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты.

Компьютерде орын алатын әр әрекет, артта өтетін қызмет болсын, бағдарлама болсын, үдіріс ретінде өтеді. Компьютер фон Нейман құрылымына негізделген жағдайда, процессор бір мезетте тек бір процесті өндей алады. MS-DOS секілді ескі жүйелерде бұл тосқауылды айналып өту үшін еш амал жоқ болғандығынан, бұларда бір мезгілде тек бір үдіріс қана өте алатын.

Ал осы заманғы Операциялық жүйелер болса, тіпті жалғыз процессорде де бір мезетте бірнеше үдіріс (бірнеше тапсырманы) орындауды мүмкін етеді.

  1. Операциялық жүйе туралы түсінік

Операциялық жүйе, қыс. ОЖ - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Операциялық жүйе - компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі - программалардың бір - бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т. б. . Яғни ОЖ - машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ - ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды. Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МS (РС) DOS, Windows 95, Windows NT, OS/2, UNIX жатады, Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық - бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МS DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады. Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.

ОЖ негізгі мақсаты - программалардың бір - бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттігін қамтамасыз ету, ЭЕМ -нің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әртүрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағзға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру т. б. ОЖ -нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ -нің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ -нің командалық тілі пайдаланады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген әртүрлі әрекеттерді орындайды.

Microsoft корпорациясының ОЖ даярлау жолындағы келесі елеуліқадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады . Осылайша Windows 95, Windows 98, және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.

Бұдан былай Windows жүйесі деген сөзді Windows 3. 1х (кез-келген сан) және Windows 95 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.

  1. Амалдық жүйе

Амалдық жүйе (АЖ) - бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. АЖ бағдарламалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушымен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және тағы басқа. Амалдық жүйе болмаса, қазіргі заманғы компьютерлердің жабдықтары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық, сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады. Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілі қандай екенінің, оның оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі - пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу (интерфейс) деп те аталады. Дербес компьютерлерде тілдесу әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.


2 Операциялық жүйенің түрлері

Операциялық жүйелер әдетте сіз сатып алып жатқан компьютерге алдын-ала орнатылып қояды. Көптеген адам компьютерді орнатылып қойылған операциялық жүйемен бірге сатып ала салады, бірақ егер қаласа басқасын қоя алады.
Компьютерге арналған үш ең танымал операциялық жүйе бар: Microsoft Windows, Apple Mac Os X және Linux.

танымал операциялық жүйелер

Заманауи операциялық жүйелер Қолданушының Графикалық Интерфейсін (ҚГФ, ағыл. GUI - Grafical user interface) пайдаланады. GUI қолданушыға графикалық сурет түрінде дисплейде көрсетілген экрандағы батырмаларды (иконка, батырмалар, белгілер, меню) тышқан, пернетақта мен джойстик арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Яғни компьютерде тышқан, пернетақта және т. б. арқылы оңай жұмыс істеуге болады.

Әр операциялық жүйенің GUI-інің сырт бейнесі әртүрлі, сондықтан егер сіз басқа операциялық жүйеге көшетін болсаңыз, онда жаңа таныс емес операциялық жүйеге біраз уақыт үйрену қажет болады. Дегенмен олардың әрқайсы пайдалануға барынша ыңғайлы етіп жасақталған.

GUI графикалық интерфейсі болмай тұрған кезде, компьютерлер командалық жол интерфейсіне ие болатын. Бұл дегеніміз, қолданушы экранға бір мәтін шығару үшін компьютерге команда жазып отыратын болған.

Microsoft Windows - Microsoft компаниясы Windows операциялық жүйесін 1980-жылдарың ортасында жасап шығарды. Содан бері Windows-тің көптеген нұсқалары шықты, бірақ олардың ішінде ең танымалы - Windows 10 (2015 жылы шығарылған), Windows 8 (2012), Windows 7 (2009), Windows Vista (2007), мен Windows XP (2001) . Windows көптеген жаңа компьютерлерге алдын-ала орнатылып қойылады және де әлемдегі ең көп таралған операциялық жүйе болып саналады.
Егер сіз Windows операциялық жүйеңізді соңғы нұсқасына жаңартқыңыз келсе, онда Windows-тың соңғы шыққан Home Premium, Professional және Ultimate сияқтыларының бірін таңдай аласыз. Бірақ орнатпас бұрын қайсы сізге оңтайлы болатынын зерттеп алыңыз.

Apple Mac OS X - Mac OS Apple компаниясы жасап шығарған операциялық жүйелер тізбегінен тұрады. Ол Macintosh немесе Mac жаңа компьютерлеріне алдын ала орнатылған болады. Бұл операциялық жүйенің соңғы нұсқалары OS X деп танымал. Нақтылап айтқанда Yosetime (2014 жылы шығарылған), Mavericks (2013), Mountine Lion (2012), Lion (2011), және Show Leopard (2009) . Сонымен қатар Mac OS X Server деген де бар, ол серверлермен жұмыс істеуге арналған.
StatCounter Global Stats мәліметіне сүйенсек, 2014 жылдың қыркүйек айының дерегі бойынша Mac OS X қолданушылары операциялық жүйелер нарығының 9, 5%-ын құрайды. Бұл Windows қолданушыларының пайызынан әлдеқайда төмен (90%-ға дейін) . Бұның бір себебі Apple компьютерлерінің тым қымбаттылығында.

Linux - бастапқы коды ашық операциялық жүйелер жиыны. Бұл дегеніміз, олар модификациялана (өзгере) алады және кез келген адам оны әлем бойынша тарата алады дегенді білдіреді. Бұл оны Windows сияқты басқа ОЖ-ден қатты ерекшелейді. Өйткені Windows-ті құрастырушысы ғана (Microsoft) өзгерте және тарата алады. Линукстың артықшылығы, оның тегін екенінде және оның таңдауға мүмкіндік болатын бірнеше нұсқасы болады. Әр нұсқаның сырт бейнесі өзгеше болады, және олардың ең танымалы Ubuntu, Mint пен Fedora.
Linux 1991 жылы Linux-тің негізін қалаған Линус Торвальдстің құрметіне аталған.
StatCounter Global Stats жалпы статистикалар мәліметінше, 2014 жылдың қыркүйек айының дерегі бойынша, Linux қолданушылары операциялық жүйелер нарығының 2%-ын құрайды. Алайда, баптауларының жеңілдігі мен икемділігінің арқасында көптеген серверлер Linux-та жұмыс істейді.

Мобильді құрылғыларға арналған операциялық жүйелер - жоғарыда айтып өткен барлық операциялық жүйелер үстел үстілік және ноутбук сияқты портативті компьютерлерге арналған. Телефон, смартфон, планшеттік компьютерлер мен МР3-плеерлер сияқты мобильді құрылғыларға арналып жасалған операциялық жүйелер бар, мысалы, Apple, IOS, Windows Phone және Google Android. Суреттен IPad-та жұмыс істейтін Apple, IOS-ты көре аласыз.
Әрине, функционалдылығы жағынан олар компьютерлік операциялық жүйелерден әлдеқайда төмен, бірақ олар көптеген негізгі тапсырмаларды орындай алады. Мысалы, фильмдер қарау, интернетте веб-парақшаларды ашу, қосымшаларды, ойындарды іске қосу және т. б.

2. 1 Сервистік программалар және желілік операциялық жүйе

Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т. б. ), ғылыми мөселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows7 операциялық жүйесі жайлы
Компьютердің программалық жабдықтамалары операциялық жүйе тарихы, қызметі және түрлері
Операциялық жүйелер жайлы
Программалық жабдықталу
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері) жайлы ақпарат
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері) жайлы
Операциялық жүйелердің түрлері
Операциалық жүйелердің файлдық жүйесі
Операциялық жүйелер,дамуы және түрлері
Желілік программалық құралдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz