Абай Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ,Топай.
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, Ісің адал болса Өскенбайға бар,арам болса Ералыға бар" деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден - Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан - Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан - Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған кәрі әжесі" Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы' тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди', Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы Приходская школаға" да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.

Абай Құнанбайұлы
(22.08.1845 қазіргі Семей обл., Абай ауд. - 05.07.1904)
Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим. Абай ислам дінінің қағидаларын барынша құрметтейтін діни отбасында өсіп, тәрбие алды. Оның әкесі Құнанбай қажы тобықты руының өте ықпалды, орыс тілін жақсы білген биі болды. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерімен қарым -- қатынас жасап тұрды. Ол шыққан тегі сұлтан әулетінен болмаса да Қарқаралы округында алғашқы аға сұлтандардың бірі болып сайланды. Ғұмырының аяқ кезінде Меккеге қажылыққа барып қайтты. Меккеде Құнанбай қажы салдырған Тәбия қонақүйі әлі бар. Қажылықтан қайтып оралған Кұнанбай Бұл дүниелік істерден біржола қол үзеді. Ақынның бабасы Әскенбай Қазақстанның Солтүстік -- шығыс аймағындағы әділетті де ықпалды қазақ билерінің бірі болатын. Оның қалдырған данышпандық сөздері мен ғибаратты өсиеттері аз емес. Биге қазақтардың алыс жатқан руларының адамдары да шағым айта келіп, жүгінетін. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да атақты би әрі батыр болған.
Абай әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, сосын Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқып білім алады. Ол бала жасынан кітапқа құмар болды, араб -- парсы және көне түркі әдебиетінің үлгілерімен танысты. Абай қазақтардың дәстүрлі әдет -- ғұрып заңы мен ислам дінінің қағидаларын терең меңгерді. Онымен білім жарыстырудан молдалардың өздері қауіптенетін. Абай халық ауыз әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде -- ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады. Абай бала кезінде ширақ, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас, -- дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы Ескітам деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол Ескітам медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы Приходская школаға да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 -- 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.

Саясаткер Абай.
1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті. Бүл казақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықгы канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген заңынада үқсамайтын, езгеше кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен өйел мөселелер-не арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді. 1890ж. Байғұлақ, Күнту деген кісілер бас таған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға карсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындағы жанжалға, Абай өміріне қастандық жасауға әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатка жазған хатында айғақты деректермен дәлелдеп береді. (Абай. Эн-циклопедия. А., 1995,49-бет). Ел баскару қызметінде барын-ша әділ болып, халық камын ойлаған, тура биде туған жок, принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған.
Абай үш өйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан-Ақылбай, Әбді-рахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші өйелі Әйгерімнен -- Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл, Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан -- ұрпақ, көрген жоқ.Абай өлең жазуды 10 жасында (Кім екен деп келіп ем түйе қуған...) бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері -Йузи-рәушән, екіншісі -- Физули, Шөмси. Өлеңдерін кағаз бетіне 80-жылдардың ортасында түсіре бастайды. Сап, сап, көңілім, Шәріпке, Абыралыға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаевтың Қазақстан тарихында алатын орны
Абай Құнанбаев. Қара сөздер
Абай Құнанбайұлы туралы мәліметтер
Ұлы ағартушы Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев өмірбаяны
Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары
Абай Құнанбайұлы
Жүрегімнің түбіне терең бойла..
Абайды білу парыз ойлы жасқа
Абай Құнанбаев – реалистiк, гуманистiк жаңа әдебиеттiң негiзiн қалаушы
Пәндер