Delphi ортасының интерфейсі. Оқиға және оқиғаны өңдеу процедурасы
I КІРІСПЕ
II Негізгі бөлім. DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ
2.1 Delphi бағдарламалау жүйесі
2.2 Бағдарламалау ортасының сипаттамасы
2.3 Форма терезесі
2.4 Компоненттер
2.5 Delphi оқиғалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.6 Оқиға және оқиғаны өңдеу процедурасы
2.7 Анықтама жүйесі
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Бағдарламамен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету "жылдам жасау" ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады.
Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, Web - парақшалары және тағы басқа. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі - Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену , түсіну және логикалық ойлауға өте қарапайым , әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды. Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды. Delphi - де шамамен 500 - ге жуық дайын компоненттер бар. Delphi-де программа құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді.
Delphi - бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен "клиент-сервер " архитектурасында, InternetIntranet, сонымен қатар локальді машиналар және " файл-серверлік " архитектурасында жұмыс істейді.
Delphi тілі объектілі - бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. Delphi-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын кәсіби өндеуде өзінді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.
Delphi 7 ерекшелігі: көптеген Delphi 7-да құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады.
Дыбыс, сурет, тексттік және цифрлық типтермен берілген информацияларды беру және оқыту, алу үшін арналған техникалық жабдықтардың әрі қарай дамуы.
Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi 7-дан өздерінің есептерін шешу үшін идеал көмекші құрал тапты. Delphi 7-дің VisualBasic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы делінеді.
Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі ол - көмекші жүйесінінің күштілігі. Delphi 7-да басқа да қазіргі программалау ортасы сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Бағдарлама құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақытты үнемдеуді білдіреді.
Delphi 7 қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.
Жылдам жасау RAD - жүйесінде "Rapid Application Development" жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дереккөз жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі. NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады. Delphi программасы арқылы көптеген программа жасалды мысалы, Total Commander, Skype, The Bat!, PopTray, FeedDemon.,MySQL Tools, IBExpert.Altium Designer,Light Alloy, The KMPlayer, Aimp, FastStone Image Viewer, FuturixImager тағы басқа бағдарламалар жасалды.
Заман талабына сай зерттеу жұмыстарының жеткіліктілігіне қарамастан информатиканы оқыту барысында оқушының жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеуге бейімділігін қалыптастыратын, алған мәліметтерін жинақтап, сәйкес тұжырымдар жасап, шешім қабылдай алатындай деңгейге жеткізетін әдістерді қолдану қажеттілігі орын алып отыр.
II Негізгі бөлім.
2.1 Delphi бағдарламалау жүйесі
Delрһі объектті-бағытталған ортасы, жаңарған нұсқаларының шығу кезеңдері.
Delрһі Pascal тілі арқылы пайда болды. Алғаш рет Pascal тілі туралы техникалық есеп 1970 жылдың қарашасында Швейцария федералдық техникалық институтында ЕТН (Eidgenoessische Technische Hochschule) жасалды. Acta Infomatika журналының бірінші санында тіл туралы есеп басылған күн, яғни 1971 жылдың басы Pascal тілінің арнайы туылған күні деп есептелінеді. Тілдің авторы Швейцариялык. профессор Никлаус Вирт болып саналады. Pascal тілінің кеңінен таралуында Borland компаниясы үлкен роль атқарды. Ол Turbo Pascal версиясын құрды.
Pascal 3.0 версиясында құралған графикамен жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болды. Pascal 4.0 версиясында модулдер пайда болды. Pascal 5.5 версиясында объекттермен жұмыс істеу мүмкіндігі қосылды.
Pascal 7.0 версиясы атауын өзгертіп Borland Pascal 7.0 деп аталынды. Delphi интегралданған ортасының пайда болуынан тіл Object Pascal деп аталынды, Delphi 7 Studio шығысымен Object Pascal тілі тағы да атауын Delphi тіліне (Delphi Language) өзгертті.
Delphi бағдарламалау тілінің бірінші нұсқасы 1995 жылы мамыр айында ұсынылды. Ол 16 разрядты Windows 3.1 басқаруымен жұмыс жасайтын еді. Бұл модель Тurbo Pascal - дың тікелей жалғастырушысы ретінде танылды. Бірақ Тurbo Pascal - мен салыстырғанда төмендегідей қосымшалар мен өзгерістер енгізілді.
Ашық массивтер және олардың айнымалы ұзындықтағы
массивті ішкі бағдарламаға конструкторлары енгізілді. Result айнымалысы функцияның ішінде енгізілді және функция қайтарылымы ескермейтіндей мүмкіндіктер қосылды.
Қайтарылатын функция мәні шектелмейтін болды. Қарастырылмаған жағдайлар үшін өңдейтін механизм енгізілді. Delphi -дің екінші нұскасы одан кейінгі нұсқалары сияқты. Ол 32 разрядты басқаруымен жұмыс жасайды. Онда төмендегідей ерекшеліктер қарастырылды:
16 биттік символдар, олардан құрылған жолдарға жұмыс жасау
үшін мүмкіндік.
8 биттік еркін ұзындықты жолдар үшін жаңа формат енгізілді.Variant, Currency жаңа типтер енгізілді. Table мәліметтерді таблицалық теруде сүзгілеу механизмі енгізілді.
Delphi-дің үшінші нұсқасы 1997 жылы маусым айында дүниеге келді. Оның негізгі жаңалықтары:
Компоненттерді қайта қолдану барысында жеңілдетілген
пакеттер механизмі қолданылды.
Бағдарлама жазу барысында әр оператор тұсына нұсқаушы
жұмыс жасайтын болды. Компоненттің шаблонына көмекші енгізілді. СОМ, ActiveX. OLEnterprice, Corba технологиялары қарастырылды.
Delphi-дің төртінші нұсқасы 1998 жылы шілде айында жарыққа шықты. Оның негізгі өзгешелігі төменгі мүмкіндіктермен сипатталады.
Тілдегі өзгерістер динамикалық массивтер, ішкі бағдарламаның
параметрлері, int 64, геаl 48 жаңа типтері енгізілді кодтық редактордағы өзгеріс. Drag & Dock құралдар панель технологиясы.
Мәліметтер базасымен жұмыс жасауының жақсартылуы. Delphi -дің бесінші нұсқасы 1999 жылы қыркүйек айында жарыққа шықты. Delphi -ді қосымшаларды жылдам, әрі тез құру ортасы деп айтады. Бұл - визуалды бағдарламалау технологиясы. Қолданушы өзінің болашақ бағдарламасын әрлеп, безендіріп, жұмыстың нәтижесін бағдарламаны жүргізуден бұрын көре алады. Жоғарыда айтып өткендей Delphi-дің негізі болып Object Pascal объектті-бағдарлы бағдарламалау тілі табылады. Оның негізінде әлемге әйгілі және жалпыға түсінікті Pascal тілі жатыр. Сондықтан Delphi -ді тез үйрену үшін әрине осы тілді білу қажет. Delphi -де әрбір терезелік жоба бір бағдарлама мәтінінен және кемінде бір модуль терезесінен тұрады. Яғни бағдарлама дискіде жобаның тақырып қатарындағы атаумен және *.dpr кеңеюімен сақталады. Delphi-де жұмыс жасаушылар деңгейі.
Delphi екі түрде дайындалған: біріншісі - күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар үшін (Delphi Client-Server) және екіншісі-қалған программалаушылар үшін (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, қысқартылған түрі. Ол тек маман программалаушылар емес, барлық Delphi - мен жұмыс істеушілерге арналған. Әдетте пайдаланылатыны екінші түр.
Delphi-ді Паскаль программалау тілімен жұмыс істеген адамдардың меңгеруі көп қиындық келтірмейді. Бірақ мұнда программалауды үйрену үшін обьект, оқиға, қасиет түсініктерімен еркін танысып, онда компоненттерді пайдалану жәнс түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.
Ең бірінші кезекте Delphi корпоративтік ақпараттық жүйесіндегі кәсіпқой-бағдарламашыларға арналған. Бұл жерде түсіндіре кететін жайт: кейбір бағдарламалар қарапайым қосымшаларды дайындауда өте жақсы жұмыс істейді, бірақ қолданушы қандай да бір күрделі жұмысты жасау кезінде көрінбейтін қиындықтарға тап болады. Сол бағдарламада біршама уақыт өткенде ғана байқалатын өзіне тән жасырын шектеулер болады. Delphi-гe мұндай шектеулер тән емес. Бұған жақсы дәлел - Delphi -дің өзі Delphi-де жасалынған. Сондықтан Delphi тек кәсіпқой-бағдарламашыларға ғана, арналмаған. Ол мұғалімдерге, дәрігерлерге, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына, бизнесмендерге арналған. Delphi ортасы кез-келген Windows 95, 98, 2000, NТ версиясының 32 разрядтық операциялық жүйесінде жұмыс істейді. Бұл ортаны оқып үйрену бір жағынан оңай болса, екінші жағынан өте қиын. Delphi бағдарламалауды практикада үйренуді көп талап етеді. Delphi-ді оқып үйренудегі себепші ол қандай да бір бағдарламалау тілін білу немесе бағдарлама жаза білу болып табылады. Яғни Раscal бағдарламалау тілін білу, өйткені Delphi -дің бағдарлама мәтіні Object Pascal тілінде жазылады. Синтаксис, модуль принциптері, процедуралар, функциялар барлығы негізге алынған.
"Қолданушының Delphi-ді үйреніп білуі үшін қанша уақыт керек" деген сұраққа жауап: кез-келген Pascal-ді білетін бағдарламашы практика жүзінде Delphi-ді үйреніп алады.
Алфавит және тіл сөздігі. Delphi тілінің алфавитіне келесі символдар кіреді:
Латын алфавитінің үлкен және кіші әріптері, бос орын, сонымен қатар 0-ден 9-ға дейінгі сандардан тұратын ASCII символдарының жинағы Алфавит символдарының жалғасуы, бос орынмен бөлінбесе сөз құрайды. Delphi-де бағдарламада сөздер қолданылады. Тіл сөзі бөлгіштер арқылы бөлінеді. Бөлгіштер қатарына бос орын, қатар соңындағы символ, түсіндірме және басқа символдар кіреді. Delphi тілінің барлық сөздерін үш үлкен топқа бөлуге болады:
1. тіркелген сөздер; (reserved words);
2. директивалар; (directives);
3. идентификаторлар; (identifies);
Тіркелген сөздер - бұл Delphi тіліне тіркелген, қосылған сөздер. Бұлар нақты тұжырымды жәнс күрделі жазылулы. Бұл сөздерді бағдарламашы идентификатор ретіндс қолдана алмайды. Жоғарыда көрсетілген тіркелген сөздерден басқа Delphi тілінде private, protected, public, published және automated сөздері бар. Бұл сөздер интерфейс бөлігінің шекарасында тіркелген болып саналады. Басқа жағдайларда директивалар ретінде қарастырылады.
Директивалар - бұлар Delphi тілінде арнайы мәнге ие сөздер. Тіркелген сөздерден айырмашылығы бағдарламашы сөзді идентификатор ретінде пайдалана алады.Тіл компиляторы әрқашан бұндай идентификаторларды директивалардан ажырата алады.
Идентификаторлар бұл сөздер тұрақтыны белгілеу, айныманы, өрісті, типті, қасиетін, процедура, функция, бағдарлама, модуль, кітапхана және пакеттерді белгілеу үшін пайдаланылады. Бұл сөздерге алдын-ала анықталған сөздер (мысалы: рі, cos), және бағдарламашы арқылы құрылған сөздер жатады. Идентификаторлар келесі ережелер арқылы құрылады: идентификаторлар ұзындығы 255 символдан аспау керек; идентификаторлар құрамында әріп, сан және төменгі сызықша белгісі " _" бола алады; идентификаторлар әрқашан әріптен немесе төменгі сызықшадан басталуы және бос орын болмауы тиіс.
Компилятор әріп тіркемесіне сезімтал емес, сондықтан төменгі идентификаторлардың айырмашылығы жоқ: MyLabel, Mylabel, mylabel; әрбір екі идентификаторлардың арасында кемінде бір бөлгіш қатысуы керек.
Delphi тілінде бағдарлама мәтіні жолдардан және бұлар бір немесе бірнеше сөзден тұрады. Delphi тілінде бағдарлама:
бағдарлама тақырыбынан (Program heading);
Uses бөлімінен;
сипаттау блогынан және орындалуынан ;
Бағдарлама тақырыбы бағдарламаның басында орналасады және ол бағдарламаның атын анықтау үшін қажет.
Ескерту: Pascal стандартты тілінің бағдарлама тақырыбы құрамында енгізу-шығару параметрі де орналаса алады. Ал Delphi компиляторы бұл параметрлерді қабылдамайды. Оны көрсетуге де, корсетпеуге де болады. Бағдарлама жұмысына еш әсер етпейді.
Жоғарыда берілген бағдарламадағы Модулдер (Units) тізімін Uses бөлімі құрайды.
Uses
Forms,
Unit1 in Unit1.pas {Form1};
Модуль бағдарламаның әртүрлі элементтерін құрамына жазуға арналған. Олар: айнымалылар, тұрақтылар, қосалқы бағдарламалар және басқалар. Әрбір модуль жеке файлде pas. кеңейтілуімен жазылады. Файл аты модуль атымен сәйкес келуі керек. Сипаттау блогы және орындалуы - сипаттау бөлімінен және орындау бөлімінен тұрады. Бағдарлама элементтерін сипаттау бірінші бөлімінде, ал екінші бөлімінде орындалуға тиіс операторлар орналасады. Әдетте сипаттау болімі мыналардан:
метканы хабарлау;
тұрақтыны хабарлау;
типтерді сипаттау;
айнымалыларды хабарлау;
процедуралар мен функцияларды сипаттау;
Жай берілгендер типі.
Берілгендердің жәй типі - бұл өзінде басқа берілгендер типі болмайтын тип. Бұл типтерге жататындар:
бүтін (integer);
нақты (Real);
логикалық (Bollean);
символдық (Сһаг);
Барлық осы типтер, нақтыдан өзгесі, реттелген берілгендер типіне жатады. Реттелген берілгендер типіне келесі функциялар:
Low(x) - х айнымалысының қабылдайтын ең кіші минималды мәні. X (төменгі диапазон мәні);
High(x) - айнымалысының қабылдайтын максималды мәні. X (жоғарғы диапазон мәні);
Ord(х)- х айнымалысының реттелген нөмір мәні;
Ргеd(х) - х айнымалысының алдыңғы мәні;
Succ(х) - х айнымалысының келесі мәні.
Delphi 7 ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған программаланған ортасының терезесі пайда болады: негізгі терезе, проектілеу ортасы код редакторы және объектілер инспекторы.
Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы (Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Delphi 7 ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Delphi 7 -ны жабамыз.
Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу режимінде ашық тұр сонда [Running] сөзі қосылып жазылады.
Мәзір жолағы бағдарламаны басқарудағы, медиаойнатқыш құруға керекті командалардан тұрады. Құрал-саймандар тақтасындағы түймелер мәзірдегі белгілі бір командаға сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та немесе Standard құрал-саймандартақтасынан Open кнопкасын бассақ та бір нәтижеге әкеледі. Құрал саймандар тақтасындағы пернелер көмекші түсіндірмелермен (подсказка) жабдықталған. Егер тышқан курсорын пернеқасына жақындатсақ онда көмекші түсіндірме шығады. Қолданушы құралсаймандар тақтасының орналасуын, көрініп немесе көрінбей тұруын Customize диалогтық терезесі арқылы өз қалауынша өзгерте алады және оларды тышқан курсоры арқылы жылжытуына болады. Customize терезесіндегі құрал-саймандар тақтасының үлгісінен тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады.
Компоненттер палитрасындағы компоненттерарқылы программа құрылады. Компоненттер Delphi программасының негізгі элементтері болып табылады. Олар арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға көмек береді. Ең бірінші Delphi-ді жүктегенде Standard палитрасы ашық тұрады. Қолданушы өз қалауынша , компонеттер палитрасының орналасуын реттеуге болады. Осы өзгерістердің барлығын PaletteProperties терезесінде жүзеге асырылады. Бұл терезені 2 жолменшақыруғаболады.
Палитраның кез-келген жерінен тышқанның оң жақ пернесін басып Properties мәзірін таңдау.
2.2 Бағдарламалау ортасының сипаттамасы
Delphi - дің интегралданған ортасын құру бағдарламалауға деген қызығушылық күн сайын өсуде. Бұл Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық Delphi - бұл Windows операция жүйесіндегі жұмыстарға Интегралданған ортаны жасау (Integrated Development Environment-IDE, құрал панелі, кескін редакторы, Windows іске қосу. Бағдарлама мәзірінің көмегімен Delphi 1-сурет. Delphi 7 жасаудың интегралданған ортасы. Негізгі терезесінің жоғарғы бөлігінен, сіздер бас мәзір жолағын көріп Интерфейстің құрамына төрт терезе кіреді:
1. Негізгі терезе (Project 1. dpr);
2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector);
3. Формалар құрастырушысының терезесі (Form 1. dfm);
4. Программа кодының терезесі (Unit 1. pas).
Delphi бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана Форма терезесінен Unit кодына және одан кері өту Сол жақтағы терезе Browser деп аталады және бұл терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi. Бұл терезеде Delphi-дің негізгі меню жүйесі, пиктограммалық-командалық батырмалар мен белгісі объектінің екпінділігін көрсетеді. Форма (терезе) құрастырушысының терезесі Форма құрастырушысының немесе форманың терезесі - болашақ программаның Windows ортасындағы жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәл айтсақ Windows стандартты терезені үлкейтукішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршалған шегінен тұрады.
Экрандағы Delphi көрінісі өзгешелеу (1.1-сурет). Экранда бір терезенің орнына 5 терезе пайда болады:
Басты терезе (Delphi 7);
Стартты форма терезесі (Form 1);
Объектілер қасиеттері редакторының терезесі (Object Inspector) (объектілер инспекторы);
Объектілер тізімін қарау терезесі (Object TreeView) объектілер бұтағын құру);
Код редакторы терезесі (Unit 1. pas).
Код редакторының терезесі стартты форма терезесімен толық жабылып тұр.
2.1-сурет. Delphi ортасының интерфейсі
Borland Delphi бағдарламалау жүйесі бірнеше рет жаңарып, қолданушыларға бірнеше жаңартылған нобайларды ұсынды. Жүйенің соңғы нобайында (4,5 нобайлары) қосымшаның үш деңгейлі құрылымдық нәтижелеуші бағдарламаларды өңдеу тәсілдерінің жинағы қамтылған. Borland Delphi бағдарламалау жүйесі берілген құрылымның серверлік, сондай-ақ клиенттік бөлімін өзгертуге мүмкіндік береді. Онда COMDCOM технологияларын (Mic. Win. Типті ОЖ көп тараған), сонымен бірге CPBCA технологиясын (тек қосымшаның клиенттік бөлімін өңдегенде ғана) қолдануға болады.
Басты терезеде меню командалары, инструменттер панелі және компоненттер палитрасы орналасқан. Ескере кетсек бағдарламалық жасақтаманың жүйелік бағдарламалық жасақтама және қолданбалы бағдарлмалық жасақтама болып екіге бөлінеді. Жүйелік бағдарламалық жасақтамаға - барлық операциялық жүйелер кірсе, ал қалған бағдарламалар қолданбалы бағдарламалық жасақтамаға жатады. Қолданбалы бағдарламалар қысқаша қосымшалар деп аталады.
Object Inspector терезесі - объектілер қасиеттерінің мәндерін редакциялауға арналаған. Визуальды жобалау терминологиясында объект дегеніміз, бұл - сұхбаттық терезе және басқару элементтері (енгізу, шығару өрісі, командалық батырмалар, ауыстырып-қосқыштар және тағы басқалар).
Объект қасиеттері - объект түрін сипаттайтын, орналасу жағдайларын көрсететін сипаттамалар.
Мысалы, width - форма енінің өлшемі;
Height - форма биіктігінің өлшемі;
Top және left - форманың экранға орналасуы;
Caption - тақырып аты.
Код редакторы терезесінде форма терезесін бір шетке ысырып қойып, бағдарлама мәтінін жаза беруге болады. Жаңа жобамен жұмысты бастауда код редакторы терезесі Delphi бағдарламасының үлгісін (шаблонын) қабылдайды.
Delphi мүмкіндіктерін және визуальды жобалау технологиясын көрсету үшін спортшының белгілі бір аралықты жүгіріп өту жылдамдығын есептейтін бағдарлама құрастырамыз.
Жаңа бағдарламамен жұмысты бұрын Delphi-ді жүктеңіз. Егер сіз ол ортада жұмыс істеп отырған болсаңыз және сізде басқа жоба таңдалған болса, онда File (файл) менюінен NewAplication (құруқосымша) командасын таңдаңыз.
Негізгі терезе құрылатын бағдарламаның жобаларын басқаратын негізгі қызметтерді атқарады. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Delphi ортасының бас мәзірі, пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан.
Басты мәзір деп Delphi терезесінің жоғарғы жағында орналасқан мәтін жолын айтады. Басты мәзір командалары арқылы жобаларды жасауға, ашуға, басуға, сақтауға болады; белгілі бір аймақты алмасу буферіне қиып алу, көшірмесін алу, кірістіру іспетті стандартты операциялар орындалады, бұл бағдарлама фрагменттеріне ғана емес, кез келген объектіге де қолданылады; процедурадағы, модульдегі немесе бүтін жобадағы мәтін фрагментін іздеуге; бағдарламаны тексеріп, орындауға және т.б. әрекеттер орындауға болады
New items - обьектілерді таңдау.
Open - алдын-ала бар файлды ашу.
Save (Ctrl+S) - белсенді құжатты сақтау.
Save All (Shift+Ctrl+S) - жобаның барлық файлдарын сақтау.
Open Project (Ctrl+F11) - бағдарламаның алдын-ала құрылған жобасын шақыру.
Add file to Project (Shift+F11) - жобаға файл қосу.
Remove file from Project - жобадан файлды жою.
Help contents - анықтаманы іске қосу.
Vіew Unіt (Ctrl+F12) - тізімнен модуль таңдау.
Vіew Form (Shift+F12) - тізімнен форма таңдау.
Toggle Form Unit (F12) - форма терезесінен бағдарлама коды терезесіне және кері алмасу.
New Form - жаңа форма құрады және оны жобаға қосады.
Run (F9) - бағдарламаны тексереді және орындайды.
Pause - дұрыс орындалмаған бағдарламаға үзіліс жасау.
Trace Іnto (F7) - шақырылған қосалғы бағдарламаларға қадам бойынша ену.
Step over (F8) - шақырылған қосалғы бағдарламалардың жұмысын елемей қадам бойынша ену.
Пиктографиялық тетіктер орналасқан саймандар тақтасының конфигурациясын өзгерту үшін негізгі мәзірден VіewToolbarsCustomіze командасын немесе саймандар тақтасының контексті мәзірінен Customіze командасын таңдаймыз.
Бұл терезеде пиктографиялық тетіктердің орналасуын алмастыруға, жоюға, қосуға, жасыруға, көрсетуге болады. Toolbars жапсырмасы саймандар тақтасымен жылдам орындалатын тетіктерді басқаруға арналған. Commands жапсырмасы тетіктерді таңдауға және оларды саймандар тақтасына орналастыру мүмкіндігін береді.
2.3 Форма терезесі
Delphi-де жаңа жобамен жұмыс жасау стартты форманы құрудан басталады.
Бағдарламаны өңдеу кезеңіндегі сұхбаттық терезе форма деп аталады.
Форманың және оның компонентерінің қасиеттік мәндерін өзгерту және қарау үшін Object Inspector терезесі қолданылады.
Форма қасиеттері:
Name - форма аты.
Caption - тақырып мәтіні.
Width - форма ені.
Height - форма биіктігі.
Top - форманың жоғарғы шекарасынан экранның жоғары шекарасына дейінгі арақашықтық.
Left - форманың сол жақ шекарасынан экранның сол жақ шекарасына дейінгі қашықтық.
BorderStyle - шекара түрі (қарапайым, жіңішке болуы да, шекараның болмауы да мүмкін).
BorderIcons - терезені басқару батырмасы.
Icon - сұхбаттық терезенің бас жағындағы жүйелік менюді шығару батырмасын белгілейтін белгі.
Color - өң түсі.
Font - қаріп.
Форма көлемін меңзерді (курсорды) қойып, тінтуірді (мышь) жылжыту арқылы өзгертуге де болады.
Форма құру үшін, алдымен қасиет мәнін Caption (тақырып) өзгертуге тура келеді. Біздің мысалызда Form1 мәтінін жүгіру жылдамдығына ауыстыру қажет. Ол үшін Object Inspector терезісіндегі Caption жолына жолына тінтуір батырмасын әкеп шерту керек, нәтижесінде 7-ші суреттегідеймеңзер сызығы пайда болып, жүгіру жылдамдығына мәтін енгізуге және қасиет мәндерін анықтауға болады. Бұл қасиеттерге 250 және 330 мәндерін меншіктейміз.
Ескеріп кетсем экрандағы форманың орналасу тәртібі мен өлшемі және тағы да басқа басқару элементтері өлшемдері пиксель, яғни экранда нүкте түрінде көрсетіледі.
Форма - бұл қарапайым терезе. Сондықтан оның көлемін басқа терезелердей тінтуір батырмасын басу арқылы шекарасынан ұстап алып жылжытып немесе орнын ауыстырып өзгерте аламыз. Өзгертіп болысымен автоматты түрде Height және Width қасиеттері мәндерінің өзгеріп шыға келгенін байқаймыз. Олар форманың орнатылған өлшеміне сәйкес болмақ. Бағдарлманы жүктегеннен кейінгі экрандағы сұхбаттық терезенің орналасуы форманың өңделгеннен кейінгі жағдайына сәйкес келеді, бұл Top мәнінің қасиетімен (экранның жоғарғы шекарасынан шегініс) және Left (экранның сол жақ шекарасынан шегініс) қасиетімен анықталады. Бұл қасиеттердің мәндерін сонымен қатар форма терезесін тінтуірдің көмегімен ауыстыру арқылы беруге де болады.
Кейбір қасиеттерді таңдағанда, мысалы: BorderStyle, қасиеттің ағымдағы мәнінің оң жағында тізімді ашатын белгі пайда болады. Мұндай қасиеттер мәндерін тізімнен таңдау жолымен беруге болады. Кейбір қасиеттері күрделі болады, яғни олардың қасиеттері басқа мәндер жиынтығының қасиетттерімен анықталады. Күрделі қасиет мәндерінің аттарының алдында + белгісі тұрады, бұл белгіні басқан кезде қасиеттерді анықтайтын тізім ашылады.
Мысалы: BorderIcons қасиеті бағдарламамен жұмыс кезінде терезелерді қандай пернелердің басқаратынын анықтайды. Егер biMaximize қасиетіне False мәнін меншіктесек, онда бағдарлама жұмысы кезінде ашу (жаю) батырмасы терезе басында көрінбейтін болады.
Кейбір қасиеттер мәндерінің қатарынан үш нүктелі командалық батырмаларды көруге болады. Бұл деген сөз, қасиеттер мәндерін беру үшін қосымша сұхбаттық терезелерді пайдалануға болады деген ұғым.
1.1-кестеде өңделетін бағдарламаға сәйкес өзгертуге болатын форма қасиеттері берілген. Қалған қасиеттер өзгеріссіз қалдырылған және кестеде келтірілмеген.
2.1-кесте. Форма қасиеті
Қасиеті
Мәні
Caption
Height
Width
BorderStyle
BorderIcons. biMinimize
BorderIcons. biMaximize
Font.Size
Жүгіру жылдамдығы
250
330
BsSingle
False
False
10
Кестеде келтірілген кейбір қасиеттердің атауларында нүкте қойылған, бұл нақтылау қасиеттерінің мәнін беруді білдіреді. Басты формаға сәйкес қасиеттер мәндері орнатылып болғаннан кейін, ол мынадай түрге ие болады.
2.4 Компоненттер
Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, программист формалар терезесінде орналастыра алатын қандай да бір басқару элементін түсінеміз. Компоненттер тақтасы негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан және қажетті компоненттерді жылдам іздеуді қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар компоненттердің көмегімен бағдарламаның сұлбасы жасалады, жалпы жағдайда экранда көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі және тағы басқа.
Жүгіру жылдамдығын есептеу бағдарламасына қолданушы мынадай бастапқы деректерді енгізу керек: арақашықтық ұзындығы және уақыт. Мұндай бағдарламаларда деректер кілтжиыннан редакциялау өрісіне енгізіледі: сондықтан да Edit редакциялау өрісінің компонентін формаға қою қажет.
Көп пайдаланылатын компоненттер Standard салымында орналасқан.
Формаға компонент қосу үшін компоненттер палитрасын сол компонентті таңдап, оның пиктограммасында тінтуірдің сол жақ пернесін басамыз. Әрмен қарай тінтуір көрсеткіш (указатель мыши) форманың сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырып, тағы бір рет шерту керек. Нәтижесінде формада стандартты өлшемді компонент пайда болады.
Компонент өлшемін формаға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz